Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ......................................................................................................................3

 

1.   НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

1.1 Несие қажеттілігі және несие  қатынастарының пайда болуы..........................5

1.2 Несиенің мәні және қызметі.................................................................................8

1.3 Несие теориясы және оның дамуы .....................................................................9

 

2.   НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Несие формалары мен фукциясы.......................................................................13

2.2 Несие нысандары, олардың жіктелуі................................................................14

 

3. ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы  қиындықтардың орны...............................20

3.2 Қазақстандағы  несиелік қатынастарды  жетілдіру  жолдары.........................23

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Несие —  нарықтық экономиканың тірегі ретінде  экономикалық дамудың ажырамас элементін  білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен  қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Экономикалық  категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын  құру және оларды қайтару, пайыз төлеу  шартында белгілі бір мерзімге уақытша  пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Шаруашылық  буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне  және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының  жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады.

Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші  денгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол - "банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.

Коммерциялық  банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің  несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі  кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты  несие-қаржылық қызмет көрсету.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары  мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық  бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың  өзгеруі несиенің мазмұны мен  оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Коммерциялық  несие - ол тауар өндірушінің басқа  тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны  қарызға беруі. Банктік   иесие  -   ол   банкте   шоғырланған   қаражат қорынан  клиенттерге  кайтарым  мерзімін  белгілеп,   ақша түрінде берілетін несие.

Несиенің  түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық ныcандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

Несиенің  функцияларын қарастыру үшін келесідей  ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде  тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір  кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем  құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

Функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория  ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары  бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды  несиелік операциялардың ауыстыруы.

Сонымен, несиелік қатынастарды несиенің формалары, түрлері және функциялары сипаттайды және оның функциялары оның қызметтерін реттейді, яғни несиенің формаларын және функцияларын қарастыру осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – несиелік қатынаста  негізгі анықтамаларын беріп, оларды қарастыру.

Жоғарыда  айтылған мақсатқа байланысты курстық  жұмыстың төмендегідей міндеттері қойылады:

  • экономикалық категория ретінде несиенің мәнін және қажеттілігін анықтау;
  • несиенің формалары мен түрлерін қарастыру;
  • несиелік қатынастардың құрылымын анықтау;
  • несиенің функцияларын көрсету;
  • Қазақстан Республикасының неселік қатынастарының негізгі аспектілерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының несиелік қатынастарының проблемаларын көрсету.

Курстық жұмысты  жазған кезде банктік  ісі саласындағы  қазақстандық және шетелдік мамандардың  ғылыми еңбектері  мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік  нұсқаулар, периодты баспа материадары  және статистикалық материалдар  пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

 

    1.  Несие қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы

 

Несие –  ақша сияқты тарихи экономикалық категория  болып табылады. «Несие» деген  сөз, «қарыз», «кредит» деген «kredo»  – сенемін деген мағына беретін  латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде  әртүрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда  болған кезінен бастап қарапайым  формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде  болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздары өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне қөшті.

Несиенің  объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын кеңейтілген  өндірістің ерекшеліктерінен туындайды. Несие капитал түрлері үнемі  ауысып отырады. Меншіктің ақшалы түрі тауар түріне, тауарлы өндірісік  түрге, өндірісік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып отырады, яғни А – Т – Ө –  Т1 – А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші  кезеңінде  ақша өндіріс қорына(машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде – өндіріс  процесінде – дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға айналады. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай  ауыспалы айналымы тұрақты түрде  бөлек жеке кәсіпорында және жалпы  халық шаруашылығында үнемі жүріп  жатады. Капиталдың қозғалысы –  оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде  ақша қаржысының уақытша босатылып  және басқа шаруашылық жүргізуші  субъектілерде ақшаға деген қажеттіліктің  қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір  шаруашылық субъектісінде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының олпарда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық  өндіріс саласы үшін – өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым  саласы үшін – тауарлы және ақшалай  болуын талап етеді.

Өндіроісті  жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалаысының  процесінде. Негізгі қорлар өздерінің  құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге бірте-бірте  аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше  жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл  жағдайда негізгі құрал-жабдықтарды  ауыстыру және жөндеу үшін жұмсалатыны  себепті ақшалай қаражаттың уақытша  босатылуы қалыптасады. Бірақ, бұл  сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз  болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға деген қажеттілік туады. Яғни, ақшалай  қаражатты босату менн оған деген  қажеттілік айналым қорларын пайдалануда  да үнемі болып тұрады. Мысалы, дайын  өнімді сатудан түсетін түсім  ақша және шикізат, материалдарды сатып  алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босауы орын алады. Қосымша  ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым қорларының жеткіліксіздігінен(шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауаро айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т.б. туындауы мүмкін.

Қаражатқа деген  қажеттілік пен оның босауы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты  қызметі үшін қажет материалдық  және қаржылық ресурстарды нақты  байланыстыратын несиетың жәрдемімен ғана шешіледі.

Несиетің  объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен  ауыспалы айналымның бір қалыпты  еместігімен ғана түсіндірілмейді.

Несиетің  мүмкінділігін шындыққа айналдыру  үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары – несие беруші мен қарызға  алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық  жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен  несие алушының мүдделері  бір  жерден шықса, онда бұл жағдайда онда несие қажет болады. Несие келісімін  жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеке өзара  қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: «Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.

Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бірн жағынан, несиеке  ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда несиетік қарым-қатынастар туындайды.

Осылайша  экономикалық негіз бен(капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиетің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымнан туындайтын несиеке қажеттілік несиетің объективтіжүзеге асуын төлем  қаражаттарын жасау және жаңадан  пайда болған құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар  аудармай, оны толық дәруежеде  анықтамайды. Ақша эмиссиясының процесі (қолма-қол және қолма-қол ақшасыз) оқулықтың алдыңғы бөлімінде  анықтағанымдай, несие капиталының  бір көзі болып табылатын несие  операцияларының нәрижелері.

Түрліше несие  қарым-қатынасындағы мән маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.

Құндық қатынастың ерекше формасы ретінде несиетің пайда болуы шаруашылық жүргізуші  бір субъектіден босаған құн  шаруашылық келісімде қолданысқа түсіп, белгілі уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне әлі ене алмайтын кезде  ғана жүзеге асады. Несиеке байланысты бұл құн қосымша қаражатқа  уақытша қажеттілігі туып отырған  басқа субъектіге өтеді және қайта  өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиетік қатынастардың  пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар  иеленушілер арасындағы айырбас  ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу сияқты тауар  айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу  несиетік қатынастардан туындаған  экономикалық жеміс.

Несиетік  қатынастар пайда болатын және дамитын  нақты экономикалық негізде қаражат  айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиетік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын  болады.

Қарызға алушы  несиеті кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының  объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру  үшін алады.

Сонымен, несиетің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары  төмендегідей тізбектеледі:

  • Жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
  • Несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
  • Кредтиттік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы.

Несие  объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды  рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен  қарызға алушылардың арсындағы  қарым қатынасты білдіреді.

Оның көмегімен  мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен  бос (еркін) ақшалай қаражаттары  жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

 

        1.2 Несиенің мәні және қызметі

 

Несиенің  мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан  тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін  ашуы керек. Егер бір мәселеде несие  қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;

Несиенің  мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін  қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт  – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен  өзара әрекетке түсетін бірнеше  элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге  несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға  болмайды. Оларды бірге қарастырған  жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға  болады.

Несие беруші – несиелік  мәміленің қарыз  ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі  бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі  болуы немесе басқа біреуден қарызға  алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта  қарызға ақша ұсынатын негізгі несие  беруші – банк  болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға  уақытша пайдалану үшін несие  түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен  алған несиені тек қарызға  алушы ғана емес, сондай – ақ  соңғысы да меншік иесіне тартылған  ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие  беруші болса, екінші жағдайда – қарыз  алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы  – несиелік  қатынастар жағы, несие  алып, алған қарызды қайтаруға  міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа  уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға  ақша алушылар болып табылады. Қазіргі  заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер  мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған  қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны  ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық  көлемде төлейді.

Несиелік  мәміледе қарызға алушы несие  берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға  алушы мен несие беруші несие  қатынастарының толық құқықты жақтары  болып табылады. Олар міндетті түрде  қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен  қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде  қарама – қайшылықтың бірлігі

сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде  олар оның қарама – қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға  мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер  мен қарызға алушылардан басқа  несие қатынасы құрылымының элементі алыс – берістің объектісі –  құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік  өтелмеген құн – несиеленген  құн болып табылады.

Несиенің  қайтарылуы – уақытша пайдаланған  несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі  туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында  аяқталатын материалдық процестерге  негіделеді.

Алайда, бұл  тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай  қаражатты қайтаруға босаған  қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік  берген кезде ғана несиені қайтару  басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны  мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие  беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы  деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас  алғанда қайтарылудың жиынтығын  көрсетеді. Бұл жерде ол алынған  несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар  несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің  әлеуметтік – экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Несиеге толық  анықтама берейік. Несие – кеңейтілген  қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай  оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың  бос ақшалай  қаражаттардың жұмылдырылуын  қамтитын несие капиталының қозғалысы  себепті экномикалық қарым –  қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені  пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп  алуға саятын экномикалық санкция  қолдануға жеткілікті негіз болып  табылады. Несиенің қамтамасыз етілу  принципі несие келісімшартында  қарыз алушы өз мойнына алған  міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы  экномикалық тұрақсыздық кезеңінде  өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің  қайта бөлу қызметі, кез келген елдің  ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс  жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл  қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде  жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие  арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің  айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі  ақшалай қаражатгардың түсуі  мен жұмсалуы арасындағы уақытша  болатын алшақтық кей жағдайларда  қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың  барлық категориялары өздерінің  меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын  қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс  шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік  жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты  ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік  бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша  орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын  да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі  несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен  жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі  арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына  жене телем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың  шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие  өндіріске ғылыми технологияларды  жаңалық ретінде енгізу үшін де аса  қажет болып табылады. Себебі, ондай  шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

 

1.3 Несие теориясы және оның дамуы

 

Несиені зерттеу  барысында таным  әдісі ретінде  теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экномиканың  қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың  қайта айналымының және айналысының  Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы  несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша  экномикалық категория екендігін  түсінудің қуат көзі болып табылады.

Ғалымдар  бүгінгі таңда экномика ғылымының  алдында бір жағынан теориялық  талдау қорытындыларын белсендірек  жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екнін  айтуда.

Теоррияны тәжірибеден  оқшау қарыстырмау керек екені  түсінікті. Барлық теориялық проблеммалырдың  соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық  бірлік бар.

Экномикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.

Натуралистік  несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші  жартысында пайда болды. Бұл теорияның  негізін А. Смит пен Д. Рекардо  салды. Одан әрі оны француз экномистері  Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак – Куллах дамытты. Бұл теорияның  негізгі идеялары несие мәнінің  натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш  қоғамда бар материалдық құндылықтарды  бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие  объектісі заттай емес игіліктер  болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды  қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының  тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі  ауыспалы айналымын жете түсінбеуден  шығып отыр. Несие капиталының  мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.

Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын  несиенің қазіргі заманғы теориясының  қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс  процесінде қалыптасатын несие нақты  капиталды құрамайды, деп дұрыс  есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді  екенін дәлелді екенін дәлелдеді.

Несиенің  капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге  экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен  алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен  теңестіріледі. Бұл теорияның негізін

салушы, ағылшын  экономисі Дж. Лонның ойынша несие  елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді  делдалдар ретінде емес, капитал  жасаушылар деп қарастырады.

Бұл теорияның  қолданушылары а ғылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен  несиені сатып алу күшіне сай  байлық деп есептеді. Несие пайда  әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақ  олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды.Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.

1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық  жасампаздық теорияның абыройын  жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы  нәтижелері болмай қалған жоқ.  Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары  оларды дағдарыстарстың және  екінші дүниежүзілік соғыстың  зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің  принциптерін негіздеді: экономикаға  несие салымдарының инвестициясын  кеңейту жолымен несие пайызын  төмендетуге болады. Дж. Кейнстың  тұжырымдамасы бойынша айналымдағы  ақша жиынтығы пайызға, пайыз  – инвестицияға, инвестиция - өндіріске,  өндіріс – табысқа, табыс –  бағаға әсер етеді. Сондай –  ақ ол ақшаның белгілі бір  деңгейге дейін пайызға әсер  етпейтінін, ал инвестицияның пайызға  үнемі әсер етпейтінін мойындады.

Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған  елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ  – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының  жеке сараланым (сегмент) операцияларының  жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие  капиталы нарығына да тән.

Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі  деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.

Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары