Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Тақырыбы: «Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы»
Тексерген: Аменов А.Ж.
Орындаған студент: «Есеп және аудит – 104»
тобының студенті Сулейменова Г.С.
Орал 2012ж.
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
- Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
- Саяси партиялардын жіктелуі
- Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланға әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.
Жаңа тұрпаттағы
алғашқы саяси партиялар
1991 жылдан бастап,
қоғамдық бірлестіктердің
1. Қазақстан
Республикасында идеологиялық
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардық қызметін жүктеуге жол берілмейді, – деп жазылған.
Қазақстанда қоғамдық және саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:
– 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, клубтық құрылымның дамуы);
– 1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (көпұлтты және бірұлтты партиялардың, қозғалыстардың және ұйымдардың қалыптасуы);
– 1991 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның күйреуі, тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның өсуі және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы және тіркелуі);
– 1998 жыл мен
2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің
ары қарай дамуы, сайлау заңына өзгерістердің
енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси
– 2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты партиялық жүйе конфигурациясының өзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-қатынастарының жаңа форматы);
– 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі).
1990 жылдың басы
мен орта шенінде ұйым ретінде
тіркелген саяси партиялар
1998 жылы
басталған партиялардың және
қоғамдық қозғалыстардың
Партиялық жүйенің ары қарай дамуы үшін маңызды жайт парламентте партиялардың пропорционалдық өкілдерін енгізу туралы ұсыныс болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының Парламентінің 1998 жылғы 7 қазандағы елдің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларында іске асты. Аталған түзетулерге сәйкес, Парламенттің Мәжілісінде партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар үшін қосымша он орын берілді.1999 жылы өткен Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне сайлау депутаттық мандат үшін партияаралық бәсекелестіктің алғашқы тәжірибесіне айналды. Бұл жылғы Мәжіліс сайлауына тоғыз партия қатысты. 1999 жылдың қазанында партиялық тізім бойынша дауыс беру өткізіліп, сайлау қорытындысы бойынша Парламенттің төменгі палатасы - Мәжілістен 10 орынды «Отан», Коммунистік, Аграрлық, Азаматтық партиялары жеңіп алды.
Партиялық
жүйенің қалыптасуының және
2002 жылы
15 шілдеде Қазақстан
Депутаттық
мандатқа бәсекелестік үшін
2004 жылы парламенттік сайлауда саяси одақтардың стратегиясы алғаш рет заңды түрде жүзеге асты. Партиялық негізде сайлауалды блоктарды құру 2004 жылы сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілгенде заңдастырылды. Атап айтсақ, мұндай блок Орталық сайлау комиссиясында тіркелуі қажет болды, бір партия тек бір блок құрамында ғана бола алды, сайлау процесінде блок өзге саяси партиялар сияқты құқықтық иемденді.
Төрт партия сайлауға белсене қатысқан екі блокқа бірікті: Аграрлық және Азаматтық партиялары АИСТ (еңбеккерлердің аграрлы-индустриалды одағы) блогына, ал Қазақстанның Коммунистік партиясы мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясы – «Коммунистердің және ДВК оппозициялық халықтық одағына» бірікті.
Партиялық
тізім бойынша сайлау
2006 жылы саяси-партиялық кеңістік конфигурациясы айтарлықтай өзгерістерді басынан кешірді, бұл партиялардың бірігу процесіне байланысты болатын. Бағдарламаларының және саяси жарғыларының ұқсастығы себепті «Асар» партиясы, Аграрлық және Азаматтық партиялары билеуші «Нұр Отан» («Отан» партиясы атауын «Нұр Отан» ХДП –на өзгертті) партиясына бірікті.
2007 жылы 18 тамызда
Қазақстанда Мәжіліске
2007 жылғы мамыр айындағы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер партиялық жүйенің дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруда, яғни Конституциялық реформаларға сәйкес, мемлекеттегі саяси партиялардың рөлдері мен мәртебелері артуда.
- Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді."Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны береді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мушелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, кұл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жок болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX г. Екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық, революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік билiктің ұйымдастырылу түpi және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әpi кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың ролі одан әpi өcтi. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бipaқ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола калган жок. Онын ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап керсетті: 1) аристократиялық уйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Саяси
клубтардың аристократиялық
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысың тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің угіт- насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметі. с. с. саяси әсер етудің ең бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен,
керсетілген үш кезеңді
Бірінші
саяси көпшілік партия болып
1861 жылы Англияда либералдық
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Лa Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бip идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжеп тәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақ- саты — билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалиция- лық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын камтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастыра- ды, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына уйым- шылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бip идео- логиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практика- лық ic-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдар- ламалары мен жарғыларында айқындалады.
Саяси
жүйеде партиялар үлкен
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсет- кеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а)қоғамның ipi топтарының мақсат-мүлделерiн анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә)олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б)саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в)саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;
г)мемлекетте билік ушін күреске қатынасу және оның жұмы- сының бағдарламасын жасау;
д)мемлекеттік билікті icкe асыруга қатынасу;
е)қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж)жалпы қоғамды, яки оның белгілі бip бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
и)мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық, ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі
демократиялық қоғамдағы
Қоғамнын қай жігіне партияның ықпалы кушті журіп, олар- дан ұзак уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оган сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялык партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жата- тын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктеп қыз- меткерлер, зиялы қауым, ұсақ кісіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партия- лар ipi меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бip бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ipi партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жи- нады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.
Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бip идеология негізінде құралған адамдардң, epiкmi одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды ic жүзеге асыруга белсене катынасады.
- Саяси партиялардын жіктелуі.
Саяси партияларды жіктеп, жуйелеудің көптеген белгілеpi мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топ- тастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, ли- бералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына бас- ты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрық-
ша мән береді. .
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бipi француз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадр- лық және бұқаралық деп eкігe бөледі (оларды ұйымдық қалып- тасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бipaқ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Онын әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дың Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мушелік жарна төлeмeйдi. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың, республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т. 60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Лa Паломбара- нын көрсеткен eкi партиясынан баска әмбебап партиялар (уни- версалдык немесе сайлаушылар партиясы) деген ушінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда.
Саяси жуйедегі pөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты сая- си партияларды төрт түрге топтастырады:
1.Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады,өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістаннның ұлттық конгресс партиясы, бұрын- ғы СОКП.
2.Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты уміт- керлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жи- нау, үгіт жүргізу т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-таға республика- лы және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азмат "Мен демократиялық партияның мүшесімін"демейді, "Мен демократтар ушін дауыс беремін" дейді.
3.Пapламентік партия. Ол негізгі eкi қызметті атқарады: сай- лауга дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттер- де (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасымен укімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына карай емес, ортақ қөзқарас, ұқсас мүшелеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға "Жасылдар" партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды корғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға карсы козғалыстар жатады.
Саяси идеологиясына карай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.
1. Каммунистік партиялар мен солшыл радикалдық багыттғы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыкка алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам кұруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Кытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
2. Социа-демократиялық (немесе социалистік, леибористік) партиялар. Олар қазіргі капиталисте қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай үдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты кұндылыктары: бостандык, әділеттілік, ынтымактастык, тендік. Оған жататындар: Австриянын, Германияның, Швецияның социалдемократиялык партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т. б.
Казіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық мәдекиеттілік орнатпақта ойлары бар.
3. Буржуазиялық-демократилық партиялар. Олар XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады: коғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау аркылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жүмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын калайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдык партиясы және т.б.
4. Консервативтік партиялар. Нсгізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АКШ-тың республикалык партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританиянын консервативтік партиясы, т.т.
5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, баскаруда катаң орталыктандырылуды, адамның қүқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірак сол елдерде және т.б. жаңарған неофашист ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.
Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялык, реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Революциялық партиялар коғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік партиялар коғамда манызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізгі құрылысын сактап қалмақ. Консервативтік партиялар казіргі әлеуметгік өмірдің негізгі сипат, ерекшеліктерін түрақты сақтап қалмақ. Реакциялық партиялар — қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды көксеушілер.
Кандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партиялар баска партияларға төзімділікпен, түсіністікпен карайды, пікір аралығын жактайды. Идеологиялык факторға онша мән бермейді. Тоталитарлык партиялар, керісінше саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіресе идеологияланған, катаң тәртіпке негізделген бірпартиялық мүше құруға тырысады. Авторитарлык партиялар, әдетте, дамып келе жаткан елдерде пайда болады және отаршылыққа карсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен оз елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі.Әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға катысына карай саяси партиялар билеуші және оппозициялык(лат. «карсы кою» деген сөзінен шыккан)болып бөлінеді. Билеуші партиялардың колдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айкындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар баска партиялардың үстінен билікке не болады. Мұндай мүмкіндігі жок калған партиялар ез мүдделерін басқа жолмен корғайды. Олар бұл максатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұкаралық акпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір коғамдық пікір тудырып билеуші партияға сыртгай ыкпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, баска мемлекеттермен карым-катынастарға ездерінің көзкарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.
Жұмыс істеу жағдайына,
заңның рұксат етуіне
Партиялар жиылып, партиялық жүйені кұрады. Сондықтан оларды жіктеудіңде мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтыгын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдін тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халыктың бір ұлтты әлде көп үлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардын саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысыңда бірнеше саяси партиялардын әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл — адамзаттың коғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіңдік жағымды және жағымсыз жактары бар. Жағымды жағына жататындары — онда саяси мәселелер жан-жакты каралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жүмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партиялы тәртіпке шақырады. Билікбасына кездей-соқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар — өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы карсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылыктар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі танда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Ни-дерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

- Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы логистиканың дамуы
- Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі
- Қазақстандағы несиелік жүйе, оның құрылымы және даму болашағы
- Қазақстандағы несиелік жүйе, оның құрылымы және даму болашағы
- Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары
- Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат
- Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері
- Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру
- Қазақстандағы кедейшілік пен күресу жолдары
- Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану ерекшеліктері