Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері
Мазмұны:
- Еңбек
ақы...........................
.............................. ........................3,6 бет - Негізгі
қорлар........................
.............................. ...................7,11 бет - Тауарлы-материалдық запастар………………………712,18 бет
- Айналым капиталы………………………………………19,22 бет
- Ақша
қаражаттары……………………………………….22,
23 бет - Инвестициялық қызметтер……………………………...24,26 бет
1.Еңбекақы
есебі
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі; жұмыс уақытының шығындары, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәлел әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:
- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінен орындалуын еңбектің санымен сапасын бақылау;
- бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- шаруа жүргізуші субьектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу;
- белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Қ.Р – ның Еңбек туралы заңында 7-бөлім, 8-бап-а сәйкес қызметтердің мынадай құқысы бар:
1) қандай да бір кемсітушіліксіз (диским-я) еңбекке тең еңбекақы алуға.
2) қауіпсіздік және тазалық
3) кепілдік және өтемақы алуға;
Жұмыс берушінің құқықтары:
- қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материялдық және жауапкершілікті талап етуге;
- қызметкер келтірген зияны орнын тайыруға және т.б.
жұмыс берушінің міндеттері;
- Қ.Р-ның нормативтік құқықтық АКТ-де жеке еңбек келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің АКТ-де қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақытылы және толық төлеу.
- Еңбек туралы заңдағы, ұжымдарын келісім шарттары талаптарды сақтау;
- Нормалық құқықтық АКТ-де қарастырылған шарттармен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру;
- Қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін. Кәсіби ауруды ескерту және т.б.
Жеке еңбек келісім шартында ног тармақтар қамтылуы керек.
- еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмысты қауіпті және зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік беру және өтемақы төлеу;
- Жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі;
- Еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;
- өтемақы төлеу және кепілақы беру тәртібі және т.б.
Қызметін бірнеше жұмыс берушімен толық
емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке
еңбек келісімшартына отыруға құқы бар
Әрбір нормаларда Жұмыс қызметкерлерді қабылдау, босату және олардың қызметтерін ауыстыру сияқты жұмыстар атқарылады. Бұл жұмыстарды кадрлар бөлімінің инспекторы жұмыс асырады. ЖҚ-ді жұмысқа қабылдау барысында жұмысшымен жұмыс беруші арасында жеке еңбек келісімшарты жасалынады. Бұл келісім шартта жұмысшы қыз атқаратын қызмет осыларды, лауазымы, жұмыс мерзімі, демалыс мерзімі және 2 жақтың міндеттері құқықтары жауапкершіліктері көрсетіледі. Жеке еңбек келісімшарты жазбаша түрде 2-данадан толтырылады. Бұл құжатта қол қойылып, мөр соғылғанан кейін 1 данасы ЖҚ-дің қолына, 2 кәсіп орынға қалады.
ЖҚ-ді жұмысқа қабылдау барысында талап етілетін құжаттар;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- СТН (РНН)
- Жеке әлеуметтік код көшірмесі;
- Зейнетақы қоры келісімшартының көшірмесі;
- Білімі жөніндегі құжат көшірмесі;
- Еңбек кітапшасы:
- Қосымша құжаттар.
Жеке еңбек келісімшарты жасалғаннан
кейін жұмысшы қызметкерлерге жұмысқа
қабылданғандығы жөнінде бұйрық шығару.
Еңбекақы дегеніміз атқарылған қызмет немесе өндірілген өнім көлеміне тігілетін төлемақы
Еңбекақының 2 түрі бар: негізгі және қосымша
Еңбекақы нысандарының 2
түрі бар:
| Мерзімді | Кесімді |
- жай мерзімді 1. тура кесінді
- сыйақы мерзімді 2. сыйақылы мерзімді
Жай мерзімді белгілі бір мерзім ішінде атқарған қызметі үшін төленетін еңбекақы жүйесі.
Мерзімді сыйақылы – белгілі бір қызметтегі жетістіктері үшін төленетін еңбекақы жүйесі.
Тура кесімді - өндірілген өнімнің көлемі немесе атқарылған қызмет үшін төленетін еңбекақы жүйесі.
Сыйақылы кесінді – нормадан тыс өндірілген өнімі үшін немесе көрсеткен қызметі үшін төленетін еңбекақы жүйесі.
Үдемелі кесімді – норма бойынша өндірілген өнімге жай расценкамен, ал нормадан тыс өндірілген өнімге көтерілгені расценкамен төлейтін еңбекақы жүйесі.
Аккордты
- өндірілетін өнім көлемін немесе атқарылатын
қызмет мөлшерін, төленетін еңбекақы сомасын
және аяқталатын мерзімді алдын алса келісімшарт
арқылы анықтайтын еңбекақы жүйесі (көбінесе
құрылыс ұйымдарында).
- Қ.Р. заңдылықтарына сәйкес еңбекақыдан ұсталынатын шегерімдерге жатады:
- МЗҚ-на
- ЖТС 10%
- Кәсіподақ камитетіне (1%)
- әлеуметтік сақтандыру қорына
- сот ұйымдарының атқару парақтары бойынша (алимент 1 балаға 25%, 2б - 33% 3 және одан көп болса табысының 50%
- келісім бойынша банк несиесі;
- кәсіп орынға келтірген зияны үшін.
- Уақытында қайтарылмаған есеп беру сан т.б.
- Еңбекақы есебі бойынша алған құжаттар болып саналады.
- Жұмыс уақыты есебінің табелі
- Есеп ведоносі (бухгалтер)
- Төлем ведалисі (бух) «ескерту» графасында уақытында алынбаған еңбекақы санағы көрсетіледі, жұмысшының қатарына бұл графаға депоненттелді деп жазылып, депоненттелген еңбекақы ведонасында көшіріледі.
2.Кәсіпорынның
негізгі қорлары:
- НҚ-дың экономикалық маңызы, құрамы және құралдары;
- НҚ-дың тозуы және омартизация
- Н капиталды талдаудың бағыттары.
- Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құралы және құрылымы.
Негізгі қорлар дегеніміз – ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық – заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар. Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін н.қорлар - өндірістік н.қорлар деп, бейөндірістік сала жұмыс істейтін н.қорлар – бейөндірістік қорлар деп аталады. (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері)
Негізгі қорлар – Ұлттық байлықтың
маңызды бөлігі болып табылады және олардың
құрамы мен құралымын анықтау үшін негізгі
қорлардың сыныптамасын жасау қажет.
Негізгі
қорлардың сыныптамасы
| Топтардың аттары | Қолданылуы және қысқаша міндеттемесі |
| І ғимараттар | өндірістік архитектура және құрылыс обьектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар). |
| ІІ құрылысытар | өндірістік процесіне қызмет ететін техникалық атқаратын инженерлік құрылыс обьектілері (көпірлер, су, авто-в). |
| ІІІ жіберу құралдары | Энергия сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, газ жүйелері) |
| ІV күш машина мен құралдар | Генераторлар, электр, бөлшектер, бу машиналары, турбиналар |
| V | Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, пресс машиналар, терменикалық пештер). |
Н. Қорларды бағалаудың өндірістік процесінде айлар бойы қатысып, жазуына байланысты және уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты 1-түрі болады. Олар н.қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге, жинауға шығындардың жинағы.
Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жинағы.
Қалдық құны – н.қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Өндірістік немесе қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.
Қор
сыйымдылығы – бойынша н.өндірістік
қорлар құнының өндірілген және сатылған
өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық
көрсеткіш.
Негізгі қорлардың тозуы және амортизация.
Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың 2 түрі бар: табиғи және моральдық.
Табиғи қорлар дегеніміз қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу – жабдықтың техникалық прогресіне байланысты ескеріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың п.б. нәтижесінде пайдаланып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескеріп құнсызданады.
Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін олардың омартизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте – 1-ге төмендеу, сондай-ақ н.қорларды жаңарту үшін, қаражатты мақсат-тың, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте – бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты аморциялық аударымдар болып табылады.
Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды.
- Кәсіп орындар өздерінің н.қорлардың пайдалану мерзімі уақытынан бұрын өтіп кетпесі үшін оларды жөндеп отырады.
Жөндеу жұмыстары:
а) ағымдағы б) күрделі б.б.-ді
Ағымдағы жөндеу дегеніміз – негізгі қорлардың тозып, істен шыққан бөлігін ауыстыру немесе қалпына келтіру. Б.т. (майлау, сырлау т.б.)
Күрделі жөндеу дегеніміз – алдын ала жоспарланып, тозған негізгі қорладың бөлшектерін толығымен ауыстырып түгелдей жаңартуды айтады. Жөңдеу жұмыстары өз күшімен орындалса шаруашылық тәсіл деп аталады, ал егер арнайы ұйымдардың көмегімен орындалса мердігерлік әдіс болып саналады. Мердігерлік әдіс келісімшарт негізінде ж.о. жөндеуден өткен н.қорларды комиссия жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған обьектілерді қабылдау, тапсыру АКТ-ісі арқылы қабылдайды.
АКТ 2 данадан толтырылады.
- кәсіп орындарды
- жөндеу жүргізген ұйымға беріледі.
- Негізгі қорларды пайдалану барысында бірте – бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.
- Негізгі қорлардан белгілі бір уақыт өткеннен кейін қолдануға жарамай қалады да оның орнына жаңа н.қ –дар сатып алуға тура келеді. Н.қ.-ң тозуын табиғи және сапалық тозу деп 2-ге бөледі.
Табиғи тозу деп – жұмыс істеу барысында машиналармен құралдардың бөлшектерінің мүжіліп, қажалуы, ол үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлауын айтады.
Сапалық тозу деп – табиғи тозуға жетпей-ақ құнсызданып, ғылыми мен техниканың дамуына сәйкес келмейтін тозуды айтады. Негізгі қорлардын ішінде тозу дәрежесі анықталмайтын және амортизация есептелмейтін негізгі қорлар бар:
- жер
- кітапхана қорлары
- фильм қорлары
- музей мұрағаттары
- архитектураның және өнер ескерткіштері
- өнімді малдар
- негізгі қорларды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
Амортизация деп негізгі қорлардын бірте – бірте тозуына б/ты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын жаңа өнімге ауыстыруын айтады.
Амортизация лат/өтеу деен мағынаны білдіреді және белгілі бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Мұны амортизациялық аударын д.а.
Негізгі қорлар амортизациясын есептеу төмендегі әдістер арқылы жүргізіледі:
1. бір қалыпты (тура
жолды) есептеп шығару
әдісі – бұл әдіс бойынша әр жылда н.қорларға
есептелетін амортизациялық аударым е-сы
осы. Негізгі қорлардын барлық пайдалану
мерзімінде амортизацияланатын саласын
есеп беретін жоодардың санына бөлінгенге
тең.
Мысалы: Станоктың бастапқы құны
1 млн.тг, ал қалдық құны 100 мың.тг.
құрайды. Пайдалану мерзімі 5 жыл.
100 000 – 100 000 = 900 000 аморт құны
900 000 = 180 000 тг
5 жыл
Және: 100%= 20% 900 000 * 20%= 180 000
5
2. Құнды орындалған
жұмыстын көлеміне тепе
– тең мөлшерде есептен
шығару әдісі (өндірістік
әдіс) – бұл әдіс обьектінің пайдаланылған
уақытына емес оны пайдалану нәтижесіне
негізделген. Егер жоғарыдағы әдісте қарастырылғандай
станок 5 жыл ішінде 10 млн дана өкімді жасауға
негізделген болса онда ішінде 10 млн дана
өнімді жасауға негізделген болса онда
ол станокқа жыл сайын есептелген амортизациялық
аударым е-сы 1 дана өнімге тиісті амортизациялық
аударымды әр жылда осы станок арқылы
өндірілген өнім санына көбейту арқылы
табылады.
Бастапқы құн – қалдық құн * әр жылда өндірілетін өнім саны 1 өнімге
өндіруге тиісті өнім саны
Егер станок 1 жыл 3 млн
2-ші жылы 3 млн
3-ші жылы 2 млн
4-ші жылы 1 млн
5-ші жылы 1 млн өнім өндірсе,
онда әр жылда есептелетін
амортизациялық аударым
100 000 – 100 000г 0,09 тг амортизациялық ауданының мөлшері.
100 000
1 ж 3 000 000 х 0,09 = 270 000тг
2 ж 3 000 000 x 0.009 = 270 000тг
3 ж 20 00000 x 0.009 = 180 000тг
4 ж 100 000 x 0.009 = 90 000тг
5 ж 1 000 000 x 0.009 = 900 000тг
3. Қалдық құнының азайту әдісі. Бұл - әдіс бойынша амортизация есептеу бастапқы құнынан емес баланстық құнынан жүргізіледі. Бұл - әдіс н.қ.-дың алғашқы қолдану жылдарында амортизацияның көп бөлігін есептеуді қарастырады. Бұл - әдістің өзі 2-ге бөлінеді.
1. кумуметивтік әдіс – н.қ.-дың қызмет
ету мерзімінің қосындысы. Мысалы: станоктың
қызмет ету мерзімі 8 жыл. Бастапқы құны
250 000 тг
1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 = 36 кум.сан.
| Станок құны | Амортизациялық
нормасы |
Амортизациялық сомасы | ||
| жыл | ай | |||
| 1
2 3 4 5 6 7 8 |
250 000
250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 |
8/36
7/36 6/36 5/36 4/36 3/36 2/36 1/36 |
55555,6
48611 41667 34722 27777 20833 13889 6944 |
4629,6
4051 3472 2893,5 2314,8 1736 1157,1 579 |
2) Негізгі қорлардың
құнын екі еселенген
амортизация нормасын
қолданып есептеу. (жылдамдатып
есептеу) бұл - әдіс аз уақыт ішінде н.қ
– дың тозу сомасын есептеп жаңа жабдық
алуға ықпалын тигізеді. Амортизация сомасы
1 жылы бастапқы құнынан ал қалған дылдар
баланстық құнына есептеледі. Мысалы:
станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл бастапқы
құны 250 000 теңге амортизация нормасы
20%.
| Станок құны | Амортизациялық
нормасы |
Амортизациялық сомасы | ||
| жыл | ай | |||
| 1
2 3 4 5 |
250 000
150 000 90 000 54 000 32 400 |
40
40 40 40 40 |
100 000
160 000 36 000 21 600 12 960 |
8333
5000 3000 1800 1080 |
3.Тауарлы –материалдық
қорлардың ұғымы.
Тауарлы – материалдық қорлар – бұл:
- Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
- Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
- Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
- Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
- Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
- Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
- Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
- Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
- Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
- Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
- Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

- Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері
- Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру
- Қазақстандағы кедейшілік пен күресу жолдары
- Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану ерекшеліктері
- Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны
- Қазақстандағы инвестицияның рөлі
- Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат
- Қазақстандағы ипотекалық несиелеу
- Қазақстандағы касипкерлік ерекшеліктері
- Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес