Қазақстандағы инвестицияның рөлі
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
Негізгі бөлім |
|
1.Инвестициялық жобаның теориялық негізі |
4 |
1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні |
4 |
1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы |
10 |
2.ҚР-да инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары |
14 |
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері |
14 |
2.2. Дамыған мемлекеттердегі инвестициялық жобаларды ҚР-да кешенді пайдалану |
21 |
Қорытынды |
25 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
28 |
Кіріспе
Еліміздің экономикадағы
өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық
жобаларды құру болып табылады. Президенттің
үстіміздегі жылдың ақпан айындағы
Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі
әлемдік конъюнктура нашарлаған
жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған
мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының,
әлеуметтік-кәсіпкерлік
Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді. Бұлардың барлығы инвестиция нарығын қалыптастыруға және талдауға барлық деңгейде жаңа тиімді тәсілдерді құруды талап етеді.Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.
Қазіргі кезде халықаралық
инвестицияларды импорттау бір
жағынан, республикадағы экономиканы
жандандырудың ең тиімді әрі жедел
жолдарының бірі, екінші жағынан, біздің
мемлекетіміздің мүддесіне жиі
қысым жасайтын инвесторларды тартуда
белгілі бір бақылау мен
Курстық жұмыстың мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Курстық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.
1.Инвестициялық жобаның теориялық негізі
1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
«Инвестиция» және «инвестициялық жоба» түсініктері өзара тығыз байланысты: атап айтқанда, кез келген инвестициялық жоба міндетті түрде инвестиция салуды қарастырады.
Инвестициялық жоба – алға қойылған мақсатқа (оң нәтижеге) қол жеткізуді сипаттайтын ой, іс, қызмет пен шаралардың жиынтығы, оны жүзеге асырудың кезектілігі мен осы шараларды сипаттайтын ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық, инженерлік-техникалық, экономикалық және қаржылық құжаттардың жүйесі.Инвестициялар секілді капитал салу объектілеріне байланысты инвестициялық жобалар да қаржылық және нақты инвестициялық жобаларға бөлінеді. Қаржылық инвестициялық жобалар қаржылық активтерге қаражат салуды көздесе, нақты инвестициялық жобалар материалдық өндіріске бағытталған ұзақ мерзімдік салымдармен байланысты.
Ешбір жоба мәңгілік емес, сол себепті оның басталу мен аяқталу сәттерінің болуы да міндетті. Инвестициялық жоба ойының пайда болуы мен оның аяқталуы арасындағы мерзім – жобаның өмірлік циклі деп аталады. Нақты инвестициялық жобалардың өмірлік циклі бірнеше кезеңді қамтиды: инвестициялау алдындағы кезең, инвестициялау кезеңі, жобаны пайдалану кезеңі және жобаның жойылу кезеңі.
Инвестициялау алдындағы
кезеңде инвестициялық ой, жоба қалыптастырылады,
оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері
талданады, жобаның техникалық–
Инвестициялау кезеңінде күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге, техника мен технология жеткізуге келісім–шарттар дайындалады, өндірістік қуатқа, өндірістік қорларға т.б. қажеттіліктерге инвестиция бөлінеді, құрылыс жұмыстарын жүргізу мен өндірістік қуаттарды іске қосу кестесі нақтыланады, шикізат пен материалдар жеткізуге келісім–шарттар жасалады, қажетті персонал таңдалады, өндірілетін өнімді өткізу бойынша келісім-шарттар дайындалады. Бұл кезеңнің шешуші міндеті – өндірістік қуат объектілерін бекітілген кестеге сәйкес іске қосу.
Жобаны пайдалану кезеңі – жобаның өмірлік циклінің ең ұзақ сатысы. Бұл кезеңде жоспарланған құрылыс жұмыстары қабылданып алынады, техника мен технологиялық жабдықтар іске қосылады. Осы кезең барысында жоспарланған нәтижелер қалыптасады, жобаны жүзеге асыруды жалғастыру не оны тоқтатудың мақсаттылығын анықтау үшін алынған нәтижелерге бағалау жүргізіледі. Инвестициялау алдындағы кезеңде жобаны жүзеге асырудың барлық сәттерін толықтай болжау мүмкін болмауына байланысты, осы кезеңде жобаға жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жобаны жүзеге асыру барысында ескірген құрал жабдықты айырбастау, өндірісті кеңейту, инновациялар енгізу жұмыстары жалғастырылады.
Жобаның өмірлік циклінің соңғы жобаның жойылу кезеңі де үлкен маңызға ие және ол міндетті түрде инвестициялық бағдарламаларда ескерілуі тиіс. Бұл кезең барысында негізгі үш міндет шешіледі. Біріншіден, аяқталған не тоқтатылған жобаның теріс салдарлары (негізінен, экологиялық сипаттағы салдарлар) жойылуы тиіс. Жобаның сипаты мен көлеміне қарай бұл міндетті шешу қомақты қаржылық шығынға алып келуі мүмкін, сол себепті ол шығындар мүмкіндігінше инвестициялау алдындағы кезеңде ескерілуі тиіс. Екіншіден, аяқталған жобамен байланысты болған айналыс капиталын, бос қалған өндірістік қуаттарды басқа бағытта пайдалануды шешу қажет. Үшіншіден, аяқталған жобаның нәтижесі мен жоспарланған нәтижеге салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Оның негізінде жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде орын алған позитивті және негативті жайттар, олардың себептері мен салдарлары анықталады.
Бізге белгілі болғандай,
инвестициялар тек қаржылық-
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс [3].
Жобаның тұжырымдалуы:Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаны дайындау
Жобаның бизнес-идеясы бірінші
тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе
теріс деген тиянақты шешім қабылдауға
болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек.
Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында
–коммерциялық, техникалық, қар
Жобаны сараптау
Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
Жобаны іске асыру
Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
> Қаржы және экономика > Инвестициялық жобалар
Инвестициялық жобалар
2009 жылы
«Қазақстан – Қытай»
мұнай құбыры құрылысы екінші
кезеңінің екінші кезегін іске
асыру аясында «ҚазТрансОйл»
АҚ Құмкөл – Қарақойын мұнай
құбырының 3-тіні және
2010 жылы мынадай инвестициялық жобалар жөніндегі іс-шаралар іске асырылды әрі іске асырылмақ:
Кеңқияқ – Құмкөл магистральды мұнай құбырын салу:
– Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл»
АҚ пен Қытайдың CNODC компаниясының
бірлескен кәсіпорны – «
Қазақстан мен Ресей президенттері
Нұрсұлтан Назарбаев пен
Осыған байланысты «ҚазТрансОйл»
АҚ пен «Транснефть» ААҚ келіссөздер
жүргізіп, нәтижесінде 2009 жылдың ІІ тоқсанында
мердігер ұйымдармен Атырау – Самара
учаскесін (Қазақстан учаскесі) кеңейту
жобасының техникалық-
Осы жобаның техникалық-
2010 жылдың 1-тоқсанында Қоғам Батуми мұнай терминалын (бұдан әрі – БМТ) және Батуми теңіз кемежайын (бұдан әрі – БТК) қоса алғанда BIHL компаниясы акциялары пакетінің 100%-ын сатып алды.
BIHL сатып алудағы стратегиялық
мақсат – көмірсутектерді
БМТ Каспий мұнайын экспортқа тасымалдау кезінде пайдаланылатын теңіз бекеті.
БМТ негізгі артықшылықтарының бірі – мұнай мен мұнай өнімдерінің 22 сортын дара-дара сақтау мүмкіндігінің болуы. «Теңіз» және «Қарашығанақ» кеніштерінде жеңіл мұнай өндірудің артуын, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық қайраңын игеруді ескерсек, мұнай сапасын сақтау және «Ақтау – Баку – Батуми» бағытымен мұнай тасымалдау мұнай сату саласының маңызды бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ БМТ Қара теңіздің
кавказдық жағалауындағы
БТК Қара теңіздің Грузия батыс
бөлігіндегі жағалауында
2011 жылдың нәтижесі бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің БМТ арқылы өтуі 6 млн. 116 мың тоннаны құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ терминалдың ағымдағы өндіру деңгейін және жаңғыртуды ұстап тұру үшін елеулі қаржы жұмсап отыр. 2011 жылы БМТ мен БТП дамуына құйылған қаржы 2 миллиардан астам теңгені құрды, бұл 2010 жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Қаржы қоршаған ортаға өндірістік объектілердің техногендік әсерін төмендетуге, өндірістік үдерістің тиімділігін көтеруге, кеңейтуге және жаңғыртуға жұмсалды. Атап айтқанда, БМТ-да мұнай мен мазут учаскелерінің №4 және №5 темір жол аспа құярлықтары үшін газ тұтқыр жүйесінің құрылғылары орнатылды, сұйыққоймалар парктерінің және мұнай айлақтарының газ тұтқыр жүйесін, көбікпен және сумен сөндіру жүйесін құрастыру, мұнай мен мазут учаскелерінің №5 аспақұярлығының сорап стансасын қайта құру, мұнай мен мазут учаскелерінің трансформатор қосалқы стансасын қайта құру, дизель учаскесінің мұнайұстағышын қайта құру, сұйыққоймаларға деңгей өлшеуіштер қондыру және т.с.с жұмыстар жүргізілді. БТП үшін жаңа жайластыру сүйретпесі алынып, іске қосылды, кемежайдағы «Альбатрос» СТ 07 краны жаңғыртылды, флот кемелеріне жөндеу жүргізілді, №8 айлақтың ішкі аймағында ашық қойма алаңдарын жасау жұмыстары жүргізіліп, №4 және №5 темір жолдар ұзартылды және №7 және 8 айлақта кран асты ішкі жолы салынды, арнайы техника мен жабдықтар және т.б.алынды.
Батуми мұнай терминалын одан әрі тиімді пайдалану мақсатында қазіргі таңда компанияда БМТ-ны дамыту іскерлік жоспары әзірленді, ол келешекте Қазақстанның үлкен мұнайын тасымалдау құқығы үшін күресте мұнай терминалын тиімді де пәрменді құралға айналдыру үшін кең көлемде жаңғыртуды көздейді.[4]
Қондырғыларды ауыстыру:Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
Шығындарды азайту:Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.[4]
Қызмет көрсету нарығын кеңейту:Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Кәсіпорынды кеңейту:Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.[5]
Критерий:Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.
Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
- саланың пісіп – жетілуі;
- кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.[5]
1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Әрбір кәсіпкер өзінің ісін
бастау кезінде қаржылық, материалдық,
еңбек және интеллектуалдық ресурстарда
қажеттілігін, оларды алу көздерін
анықтау керек, сонымен қатар, фирма
жұмысы ағымында сол ресурстарды
пайдалану тиімділігін дәл
Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасындағы ұлттық заң шығарудың дамуы банктік, көбінесе несиелік операцияларды одан әрі жетілдіруге бағытталған, нормаларды құруға әсерін тигізеді. Осыған байланысты отандық банктегі тәжірибеде несие операцияларының, инвестициялық қызмет жобасын несиелеу деп аталатын, жаңа түрін пайдалану тиімді болар еді. Жобаны несиелеу (ЖН) экономиканың нақты секторының жобаларындағы инвестицияларды ұйымдастырудың жаңа және кең таралған нышандары болып есептеледі.
Республикадағы инвестициялық
жобаларды несиелеуді кеңінен дамуына
біздің көзқарасымыз бойынша, айқын
мәселелердің қатары кедергі, олардан
мыналарды бөліп көрсетуге
Осыған байланысты, отандық
банктік тәжірибеге жаңа технологияларды
енгізу және жоба талдауының қазіргі
заман әдістері мен жабдықтарын
пайдалана білетін мамандарды дайындау,
жобаны несиелеудің жобалық
Одан басқа «Қазақстан
Республикасының үдемелі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің
Қазақстан халқына арналған Жолдауында
«Ағымдағы дамудың маңызды
Жалпы инвестициялық саясат
дегеніміз – халық
Елдегі инвестициялық
саясаттың даму деңгейін елдің әл-ауқатының
артуынан көруге болады. ХХ ғасырдың 90-шы
жылдарының басында отандық нарыққа
шетелдік инвесторларды тарту
Одан басқа рынокке өтпелі кезеңде өндірістік сектордағы төмен инвестициялық сұраныс негізгі қорлардың тозуын күшейтті. «2012 жылдың өзінде негізгі қорлардың тозу деңгейі жалпы халық шаруашылық бойынша 38,7%, оның ішінде өнеркәсіпте — 43,2%, электр энергетикасында — 19,1%, қара металлургияда — 47,9%, құрылыс материалдары өнеркәсібінде - 43,5% құрады». Осыдан жабдықтар мен технологиялар түріндегі капиталдың ескіруінің жоғары деңгейі, еңбек пен капиталдың төмен өнімділігі көзге түседі. Бұл мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыруда, инвестицияларды өндірістік күштерді қайта құрылымдаудың факторы ретінде қарастыруды алға қойды. Себебі қазіргі күнгі өндірістік күштер жүйесі бәсекеге қабілетті емес, қажетті өсу әлеуеті жоқ, бұл экономиканың шығындық сипатына, ғылыми-техникалық үдерістен кеш қалуға байланысты болды.
Инвестициялық сұраныс пен жиынтық сұраныстың төмендеуі мен құнсыздануы экономиканың тұрақсыздануына алып келді.[8]
Осы жағдайларда ескере отырып
алдағы уақытта Қазақстанның экономикалық
жүйесінде инвестициялық
Нәтижесінде шетелдік инвестициялау
көмегімен Қазақстанда
2.ҚР-да инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары.
2.1 Инвестициялық
жобалардың тиімділігін
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.

- Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат
- Қазақстандағы ипотекалық несиелеу
- Қазақстандағы касипкерлік ерекшеліктері
- Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес
- Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі
- Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары
- Қазақстандағы жұмыссыздықтың жағдайы
- Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері
- Қазақстандағы инвестициялық қызмет
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны