Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары
Кіріспе.......................
- Жұмыссыздықтың
мәні, түрлері мен себептері.....................
.......................5 - Жұмыссыздық
деңгейі. Оукен заңы..........................
.......................5 - Жұмыссыздық
түрлері.......................
.............................. .................9
1.2.1. Уақытша жұмыссыздық...................
1.2.2. Құрылымдық жұмыссыздық...................
1.2.3. Циклдік жұмыссыздық...................
1.3. Жұмыссыздық ұзақтыгы және жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне
ықпалы........................
2. Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу
шаралары......................
2.1. Еңбек нарығы. Экономикалық тұрғыда белсенді халық................16
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздық...................
2.3. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы
күрес.........................
2.4. Жұмыспен қамту.........................
Қорытынды....................
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………
Кіріспе.
20 қыркүйек 2010 жылы Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясы өз жұмысын істеді. Оған 140-қа жүық елдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, сондай –ақ бірқатар мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысты. Өткен сессияның такырыбы – «Кедейшілік негізі - жұмыссыздықта».
БҰҰ Бас хатшының сөзіне
Ал Қазақстанның кедейшілікке, аштыққа және гендерлік теңсіздікке қарсы күресте қолға алып жатқан іс-шаралары жеткілікті. Еліміз БҰҰ-мен ынтамақтастық аясында әлемдік экономиканы басқарудың жаһандық механизмін қалыптастырып, кедейшілікті азайту ісінде елдер арасында интеграцияны дамыту есебінен әлеуметтік әділеттілікті қамтымасыз етуді жақтап келеді.
Демократиялық,
ашықтық және заңдылық қағидаттары
негізінде халықаралық қаржы
институттарын басқаруды
Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және казіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі.
Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.
Жұмыссыздықтың формалары:
- Жұмыссыздықтың кезендегі, жұмысқа үміткерлердің саны бар жұмыс орнынан көп болған жағдайда және өндірістің тоқырау жағдайында орын алады.
- Уақытша жұмыссыздық аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты орын ауыстыруы (жаңа тұраққа көшуі, жаңа мамандық алуы, оқуы, балаға қарауына байланысты және т.б.).
- Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс кушіне сұраныстың құрылымдық өзгерістеріне әкелетін өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орны бұрынғы қалыптасқан жұмыс күшіне сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.
Кез
келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам
үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік
сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі
бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде,
ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай,
өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде
жұмыстан айырылуды психологиялық
зақым ретінде бағалап, тек ең
жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын
стресс деңгейінде қаралады.
- Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері.
Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және казіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері – «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.
Қазіргі
жағдайда «монетарлық теория» өзі
туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтаушылар
жұмыссыздық себебін
Тұргындар дегенде қоғамнын басты құрамы - адамдар өмірінің жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үдерісте табиғи тарихи қалыптасуы түсініледі.
Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді - еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа кабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа кабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күштері) -қоғамдық өндіріске кipyгe дайын немесе кіріскен боөлігі. Еңбек ресурстарының
құрамында табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар – экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.
Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және еңбекке қосымша салалар бойынша бөлумен сипатталады.
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жөқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.
Жұмыссыздықтың формалары:
- Жұмыссыздықтың кезендегі, жұмысқа үміткерлердің саны бар жұмыс орнынан көп болған жағдайда және өндірістің тоқырау жағдайында орын алады.
- Уақытша жұмыссыздық аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты орын ауыстыруы (жаңа тұраққа көшуі, жаңа мамандық алуы, оқуы, балаға қарауына байланысты және т.б.).
- Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс кушіне сұраныстың құрылымдық өзгерістеріне әкелетін өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орны бұрынғы қалыптасқан жұмыс күшіне сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Нарықтық экономикадағы елде құрылымдық және уақытша жұмыссыздық болғанда ғана, жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі 5-7 пайызды құрайды. Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың пайда болуы кезінде толық жұмыспен қамтамасыз етілу бұзылады.
Жұмыссыздықтың көрсеткіштері:
- Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының пайызда көрсетілген жұмыс күшінің санына қатынасы.
- Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуы.
- Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.
Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатына байланысты сипатталада. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады – бүл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.
Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдар осы топқа кіреді. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезенің күтпейді.
Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖД = ________ . 100,
ЖК
мүндағы - ЖД – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздыр саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны.
Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкен түрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:
ЖҮ = ________ . 100,
мүндағы - ЖҮ – жасы үлкен түрғындар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны.
Бұл статистикалық көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.
Жұмыссыздық
қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның
өсуіне ықпал жасайды, сондықтан
еңбекке қабілетті адамдардың бір
бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды.сөйтіп
олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай
жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан
барып мемлекеттік бюджеттің
шығыс бөлігі өсе түседі. Кез-келген
жұмыссыздың деңгейімен байланыста
болатын экономикалық зиянды анықтау
үшін, әлемдік практикада Оукен
заңы қолданылады. Бұл заң американ
экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 жж.) есімімен
аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан
жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық
өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы
байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың
сандық деңгейі табиғи деңгейден 1 % -ға
асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5
% құрайды. Осы 2,5 санымыз
– Оукен коэффициенті
болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл
жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне
қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен
байланысты өнімнің абсолюттік зиянын
анықтауға көмектеседі.
1.2 Жұмыссыздық түрлері.
Экономикалық
әдебиеттерде кез келген қоғамдағы
жұмыссыздық құбылыстары
Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
Технологиялық
жұмыссыздық – адамдарды
Өнеркәсібі
дамыған елдердегі
1.2.1 Уақытша жұмыссыздық.
Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін тандау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмыска қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты).
Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына үсынатын «білімдері» бар деп есептелінеді.
Уақытша
жұмыссыздық міндетті және ерікті болып
бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық
жағдайға өз еркімен түседі, олар — өздерінің
төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы
жұмысқа ауыс-тырады. Бұл жұмысшылардың
өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек
ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру
дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы
нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.
1.2.2 Құрылымдық жұмыссыздық.
Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір маман-дықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады.
Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ecкipiп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" — "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.
Уақытша
және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы
айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда
"сатуға" болатын тәжірибе бар,
ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс
орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын
өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы
керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді,
ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді,
сондықтан ол қayіпті болып саналады.
1.2.3 Циклдік жұмыссыздық.
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезенде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды.
Циклдік жұмыссыздық – кез келген өоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы, тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады, ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына, адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына, әлуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады.
1.3 Жұмыссыздық
ұзақтыгы және жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне
ықпалы.
ҚР Үкіметімен бірнеше жыл бойы жүргізілген қатан монетарлық саясат табиғи нәтижеге - жұмыссыздықтың өcyі ece6iнен инфляцияны ауыздықтауға әкелді. ҚР-дағы жұмыссыздық жоғарыда айтылған барлық нысандарда көрінді:
- кезеңдік жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың нәтижесі
ретінде болды;
- уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге
жаппай көшуінің нәтижесінде болды;
- құрылымды жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың көп жыл
жабық болуының және нарықтық қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттігінің нәтижесінде болды.
Осы
нысандармен қатар
ҚР еңбек рыногындағы келесі проблемаларды бөліп қарастыруға болады:
- еліміздің әр түрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің біркелкі еместігі өседі;
- жұмыссыздықтың мерзімінің өсуінің ұзақтығы;
- жұмыспен қамтылудың әлеуметтік құрылымы өзгереді;
- екінші жұмыспен қамтылу өceдi;
- материалдық өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс icтейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларда көбейеді;
- жұмыссыздықтың қатары әйелдер мен жастардың құрамында көбейеді.
Адамдарға мамандығына және тілігіне жоғары дәрежеде сай келетін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді. Басқа жағынан, ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық – өзге құбылыс, себебі лайықты жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек еді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады. Осыдан, жұмыссыздық ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін.
Жұмыссыздықтың ұзақтығы туралы мәліметтердің мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін маңызды мәні бар. Егер мақсат жұмыссыздық деңгейін қысқарту болса, онда ұзақ мерзімді жұмыссыздық жалпы жұмыссыздық ұзақтылығына үлкен әсерін тигізеді. Алайда бұндай саясат өте дәл бағытталған, өйткені ұзақ мерзім бойы жұмыссыз отыратындар барлық жұмыссыздар арасында азшылықты құрайды. Жұмыссыз қалған адамдардың көп бөлігі жұмысты жеткілікті түрде тез табады.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі:
- жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің деңгейін төмендетеді;
- жұмыссыздық адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір сүру деңгейін төмендетуге, қылмыстың көбеюіне, елімнің өcyiне әкеледі;
- жұмыссыздықтың ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы жоғалады.
Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудің негізгі төрт бағытын бөліп алуға болады:
- жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік секторда жұмыс орындары санының көюеюі;
- жұмыс күштерін дайындау және қайта әзірлеу;
- жұмыс күшін жалдауға көмектесу;
- жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру.
Еңбек рыногының негізгі элементтері - еңбек биржасы болып табылады.
Еңбек
биржасы - жұмысшылар мен кәсіпкерлердің
арасында жұмыс күшін сату-сатып
алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты
жүзеге асыратын, сонымен біpre жұмыссыздықты
тіркейтін мекеме.
2. Қазақстандағы жұмыссыздық және жұмыссыздықпен күресу
шаралары.
2.1 Еңбек нарығы. Экономикалық тұрғыда
белсенді халық.
Еңбек нарығының жай-күйіне және оның қалыпты жұмыс істеуіне көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Қазақстанда еңбек нарығын-дағы жағдайға әсер ететін факторлар: экономиканың жаһандануы, халықаралық еңбек бөлірісі, шикізаттың әлемдік бағасының жағдаяты, халықаралық көші-қон (миграция), жасырын еңбек көші-қоны.
Ішкі-факторлар: тұрақты экономикалық осу, индустриялық-инновациялық даму, экономиканың қайта құрылымдануы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жасы бойынша экономикалық белсеңді халық, жұмыс күшінің білімі мен кәсіптік даярлығы, аймақтардағы еңбек нарығының жағдайы, жұмыс күшінің аумақтық, салалық, кәсіптік тұрғыдағы жұмылғыштығы.
Сыртқы факторлардың еңбек нарығына ықпалы Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануына байланысты және интеграциялық үдерістердің дамуына және республиканың Дүниежұзілік еңбек ұйымына кipyi-не қарай күшейеді.
Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазірге дейін Қазақстандағы еңбек нарығына айтарлықтай ықпал етіп отырған жоқ. Шикізатқа әлемдік баға жағдаяты экономикаға және элеуметтік аяның дамуына тұрақты ықпал етуде. Соңғы жылдары Қазақстанның еңбек нарығына көрші елдердің — Қырғызстан мен Өзбекстанның жасырын еңбек көші-қонының қысымы арта түсуде.
Соңғы жылдары үкімет әзірлеген құжаттарда ("Қазақстан Республикасында кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күресу жөніндегі 2000 — 02 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама", "Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003 — 05 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама", Әлеуметтік реформаларды одан әpi тереңдетудің 2005 — 07 жылдарға арналған бағдарламасы), сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларда елеулі шаралар көзделіп отыр, ұдайы экономиканың өcyi халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, жұмыссыздықты төмендетуге, адам ресурстарына инвестицияның өсуіне мүмкіндік жасауда. Қазіргі кезде егеменді Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдай және оның даму үрдісі халықтың экономикалық белсенділігі, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
Ел экономика-сындағы нарықтық реформалар нарықтық қатынастар аясында өзгерістер туғызды, жұмыс күшінің жұмыс істеуінің жаңа жағдайлары айқындалды. Экономиканың жоғары қарқынмен өсу жағдайында еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныстың көбеюіне, халықтың жұмыспен қамтылуының артуына алғышарттар жасады.

- Қазақстандағы жұмыссыздықтың жағдайы
- Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері
- Қазақстандағы инвестициялық қызмет
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны
- Қазақстандағы инвестицияның рөлі
- Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат
- Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары
- Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі
- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі
- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі