Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі. 2
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1.Жұмыссыздықтың
экономикалық-теориялық негізі........................
1.1.Жұмыссыздықтың
экономикалық мәні және
1.2.Жұмыссыздықтың
құрылымы және қызметі.........
1.3.Шетелде
жұмыссыздық мәселесінің
2.Қазақстан
Республикасында жұмыссыздықты талдау........................
2.1.Қазақстан
Республикасының еңбек
2.2.Қазақстан
Республикасының еңбек
3.Қазақстан
Республикасының жұмыссыздық мәселелерін
шешу жолдары.......................
3.1. Қазақстандағы
жұмыссыздықтың статистикалық
3.2. Жұмыссыздық
мәселелерін шешудегі
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. «Жұмыссыздықтың індетінің» қазіргі бұрқ ете түсуі «бар жұртты жарылқайтын қоғам» жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айырылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжынап көбеюіне душар етуде.
Жұмыссыздықтың тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер, ғана тартып қоймайды. Бүкіл жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады. Еңбекшілердің қалың тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімділік өрбіп, келешектен қорқып-үрку сезімі пайда болады.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін анықтайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жұмыссыздықтың экономикалық сұрақтары қарастырылады, еңбек нарығының мазмұнын аштым, еңбек нарығының құрылымы мен қызметін анықтадым. Және шетелдік дамыған мемлекеттердің іс-тәжірибесіне қарай отырып, олардың жұмыссыздықтың дамуы мен ерекшеліктерін қарастырдым.
Екінші бөлімде, Қазақстан
Курстық жұмыстың үшінші
1. Жұмыссыздықтың экономикалық-теориялық негізі.
1.1.Жұмыссыздықтың экономикалық
мәні және мазмұны
Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.
Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.
Р
И
Н
Ф Рн N
Л
Я
Ц
И Uн
Я жұмыссыздық деңгейі, %
%
Филлипс қисығы
Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Шетелдік мамандар жұмыссыздық себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықды екі топқа бөледі:
- Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
- Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:
- Бірінші бөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
- Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.
Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:
- Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-экономикалық факторларға бағынышты.
- Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына «еңбекке құқығын» қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.
Халықты
жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық
неге көп? Неліктен осылай болып отыр?
– дегенде, кейбір саяси мәселелердің
толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен
қамтамасыз етілуінің экономикалық
тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан
екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен
қамту қызметі адамдарды
Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жұмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Еңбек рыногі саясатының белсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылы қазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.
1.2 Жұмыссыздықтың құрылымы және қызметі.
Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Маусымдық
• Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық.
Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші
жұмысқа ауысуынан пайда болады.
Бұл экономикада тұрақты түрде
болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық
қамтамассыз ету арқылы, жұмыс
берудің структурасы жақсарту арқылы
жетуге болады
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен ендіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.
Жұмыссыздық пен өндірістен шығындар арасында Оукен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5%.
1.3.Шетелде
жұмыссыздық мәселесінің
Американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен.
Батыс Еуропада бұл көрсеткіш
Жапонияға қарағанда жоғары,
бірақ АҚШ – тағыдан төмен
бұл процесс, нарықтық
Нарық қатынастары дамыған көп
АҚШ конгресінің экономикалық
статистикалық комиссиясының
жүргізген зерттеулерінің
1. Жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;
2.Жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты жатқызады.
Дамыған шет елдерде жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі – ғылыми – техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғарғы еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 2000 жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде, өндірістік емес саласы АҚШ пен Жапонияда – 80-90 % ал Еуропада 100% құрады.
Дүние жүзінің әрбір
Сол сияқты мемлекеттердің егде адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. БҰҰ енгізген «экономикалық белсенді халық» санатына жалпы өндірістік және өндірістік емес саладағы еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар жиынтығын жатқызамыз. Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке қаблетті жастағылар, жұмыспен қамту қызметінің көмегімен немесе өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдар тобы да кіреді.
Экономикалық белсенді халық
арасында жұмыссыздық деңгейі
Украинада-8,8%; Ресейде-7,6%; АҚШ-та -6,7%; Батыс
Еуропа елдерінде 5%-дан (
Қазіргі таңда халықтың
АҚШ пен Канадада жұмыс
Соңғы жылдары дамыған
2.Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты талдау.
2.1
Қазақстан Республикасының
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуге теңгермеушілікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет жұмыспен қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтандырылған жоспар бойынша, өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын жасау, еңбек етуге қабілетті әр тұрғындардың санынан асып кетіп отырады, ал ол өз кезегінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, оларды өздерінің жұмыс күшін қолдануға тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске, өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсыздандырып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны кәсіби, халық өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын халге түсті. Ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы болып табылады.
Кәсіпорындардың жекешеленуі,
Қазақстанда өтпелі кезең
Республикамыздағы 2005 жылдардың
басындағы жұмыспен қамтылудың
жоғарғы деңгейі орнына
Қазіргі нақты жағдай еңбек нарығының барлық элементтерінің қайта жаңартудың қажеттілігін көрсетіп отыр, 2000 жылдың бірінші шілдесінен бастап, Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Нарыққа бейімделу ең алдымен еңбекпен қамтуды реттеу механизімдерінің ұйымдастыру құрылымдарының жетілдіруді қажет етеді. Сол себеппен 2000 жылы Қазақстанда еңбекпен қамту қызметі құрылды және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді қаржыландыру механизмі белгіленді. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіптік даярлау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджеттен тыс «Жұмыспен қамту қоры» құрылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру қызметкерлердің жұмыстан босауына әкеп соқты (негізінен – кәсіби даярлығы төмендер есебінен), кейіннен жекешеленген кәсіпорындарда өндіріс құрылымын өзгерту және жаңа функцияларының буындары пайда болуына байланысты жұмысшыларға деген сұраныс артты. Осы кезде шағын және орта бизнес саласында оң өзгерістер пайда болды, ірі банк және салааралық құрылым, холдингілік компаниялар ашу басталды. Бұл кадрлерге деген сұранысты арттырды. Жұмысшыларды қысқарту тенденциясының тұрақты басымдылық алуы жұмыспен қамтылу деңгейінің төменденуіне әкеп соқты. Жұмыссыз қалу айқындаушы факторға айналды. Бұл мемлекеттік емес сектордың жұмыспен қамту сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуда елеулі өзгерістерге себепкер болды.
Қазақстандағы жұмыссыздар арасында әйелдер басым (70%). Бұның себебі кәсіпорындардың штаттық қысқаруына және меншіктің нысаны өзгеруіне байланысты жұмыстан босаған қызметкерлер арасында әйелдер саны көп болуында. 1/3 жуығы білікті мамандар: қол еңбегімен айналыспайтын жұмысшылардың, мамандар мен басшы қызметкерлердің жұмыссыздардың 25,10 және 1% құрайды. Жұмыссыздардың 1/3 жуығының он жылдан асатын еңбек тәжірибесі бар.
Жұмысынан айырылған
Республика тұрғындарын
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2009 жылғы жұмысыздық көрсеткіштеріне талдау.
Статистика агенттігінің 2009 жылдың маусымындағы еліміздің еңбек нарығындағы жағдай туралы мәліметтеріне сәйкес еліміздің экономикасында 2009 жылдың маусымында 8 млн адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 39,7 мың адамға артып отыр. Жұмыспен қамтылғандардың 65,9 пайызы «жалдамалы жұмысшылар» қатарына жатады. Ал жұмыссыздар саны 559,2 мың адамға жетіп, оның еңбекке жарамды халық санындағы үлесі 6,6 пайызды құрады. Ресми түрде еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 92,8 мың адам тіркелген. Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары бойынша 2009 жылғы «жасырын жұмыссыздық» деңгейі – 1,1 пайыз.
Мамыр айында еліміздегі бір адамға шаққандағы номиналды еңбекақы 65 013 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда – 9,6 пайызға, айлық еңбекақының нақты өсімі 103,2 пайызға артқан.
Экономика салалары бойынша бұрынғысынша ең жоғарғы табыс қаржы саласында – 126,0 мың теңге (еліміздегі орташа деңгейден 1,9 есе артық). Келесі орындарда: тау-кен өндірісі – 114,3 мың теңге (1,8 есе), жылжымайтын мүлікпен айналысатындар саласы – 100,4 мың теңге (1,5 есе), құрылыс – 87,3 мың теңге (1,3 есе).
Ең төменгі еңбекақы бұрынғысынша балық аулау және өңдеу саласының еңбеккерлерінде – 33,0 теңге. Бұл орташа көрсеткіштен 49,2 пайызға кем.
Аймақтық көрсеткіштерге келсек, Атырау облысы жылдағыдай алдыңғы орында тұр. Ондағы орташа айлық көлемі – 125,8 мың теңге (еліміздегі орташа көрсеткіштен 1,9 есе артық).
Жамбыл облысында еңбекақы деңгейі 43,2 мың теңгені құрап (33,6 пайызға кем), еліміз бойынша ең төменгі орынды алып отыр.
БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша 2050 жылы алпыс жастан асқан әлем халқының саны миллиардқа жететін көрінеді. Демек, қарттар саны қазіргімен салыстырғанда екі есеге артады. Әлем халқының бұлайша тез қартаюының әлеуметтік-экономикалық салдары жақсы емес. Сондықтан да осыдан туындайтын әлемдік деңгейдегі мәселелерге байланысты алдын алу шараларын ұсынады. Оның ең бастысы еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, еңбек нарығына әйелдер мен зейнет жасындағы адамдарды мүмкіндігінше көп тартуға тура келетіндігі айтылады. Мысалы:
Мемлекет Ерлер Әйелдер
Ресей 60 55
Украина 60 55
Беларусь 60 55
Қазақстан 63 58
Қырғызстан 60 55
Өзбекстан 60 55
Молдова 65 60
Әзірбайжан 62 57
Армения 65 61,5
Түркменстан 65 60
Ал қазіргі кезде дүниежүзі бойынша зейнеткерлердің саны Жапонияда - 21, Италияда - 20 пайыз. Бұл халық санына шаққанда ең жоғары көрсеткіш. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 11 пайыз және зейнеткерлікке шығу жасы да достастық мемлекеттерімен салыстырғанда өте жоғары да, өте төмен де емес екен.
Енді жиырма бес жылдан кейін
дүниежүзінде халқының жасының қарттығы
бойынша бірінші орынға Германия шығуы
мүмкін және бұл көрсеткіш ел халқының
өмірінің ұзақтығымен емес, табиғи өсімінің
ең төмендігіне байланысты болып отыр.
Ал қазіргі кезде халқының өмірінің ұзақтығы
бойынша бірінші орында Жапония тұр. Германия
федералдық статистика ведомствосының
деректеріне қарағанда балалы болуға
мүмкіндігі бар отбасылардың үштен бірінің
өмірге ұрпақ әкелуге құлқы жоқ. Неміс
әйелдерінің көпшілігі балалы болу оның
қызмет бабында өсуіне, мансапты қызметкер
болуына кедергі болады деп санайды екен.
Неміс әйелдері ғана емес, кәрі құрлықтағы
әйелдердің көпшілігі де осындай көзқараста
көрінеді.
Ал, зейнетақы мөлшері бойынша қазақстандық
зейнеткерлердің жағдайы салыстыра қарағанда
біршама жақсы.

- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі
- Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары
- Қазақстандағы жұмыссыздықтың жағдайы
- Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері
- Қазақстандағы инвестициялық қызмет
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны
- Қазақстандағы ақша реформалары. 1922 жылғы ақша реформасы
- Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
- Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары
- Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі