Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1
ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................
1.1 Мемлекеттің
инновациялық саясатының мәні мен қағидасы......................
1.2 Ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары....................
2 ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА
ТАЛДАУ........................
2.1 ҚР кәсіпорындарында
инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз
етудегі мәселелер.....................
2.2
ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының
орындалынуына талдау........................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
3.1
Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык
даму бағдарламасы бойынша жобалары......................
3.2 Қазақстан
Республикасындағы индустриалды-инновациялық
Стратегияның іске асыру жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында елдің индустриалдық-инновациялық дамуының нәтижелері мен бағыт-бағдары анық көрінеді:
«2010 жылғы қаңтардағы халыққа Жолдауымда мен Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жарияладым.
Оның жүзеге асуының бірінші жылының нақты нәтижелері бар.
Біз 152 кәсіпорынды қолданысқа бердік, 24 мыңға жуық қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.
Ел бойынша барлығы сегіз жүз әртүрлі өндіріс ошақтары құрылды.
Біз химия және жеңіл өнеркәсіптің белсенді түрде қалпына келуі және дамуы процесін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде секіріс жасадық.
2014 жылға дейін 8,1 триллион соммаға 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бірінші индустриалдық бесжылдықтың бірінші жылының басты қорытындысы – бұл экономиканың нақты секторы есебінен экономикалық өсуде күрделі құрылымдық өзгерістердің басталуы».
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті – Қазақстандағы индустриалды -инновациялық дамуын талдау және Стратегияны іске асырудың жолдары мен мәселелерін анықтау арқылы төмендегі міндеттерді белгілейді:
- инновация ұғымын экономикалық категория ретінде зерделеу;
- индустриалды-инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
- инновациялық дамуды жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
- ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің басымдылықтарын анықтау болып табылады.
Зерттеу пәні – Қазақстан экономикасының индустриалды- инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеу объектісі – Ұлттық экономикадағы интеллектуалды адам ресурстарын жетілдіру қорлары, тұрғындарының ғылыми әлеуеті, кәсіпорындар мен қоғамдар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салалары.
Зерттеу
жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден,
үш тараудан, тұжырымдардан, қолданылған
әдебиеттер тізімі, кестелерден тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
Кез-келген
қоғамдағы мемлекеттің
Қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілуімен бірге оның дамуы, экономика субъектілері арасындағы шаруашылық байланыстардың күрделенуі, қоғамдық өмірдің кейбір сфераларының маңызының артуы және интеграциялық процестердің күшеюі нәтижесінде мемлекет қызметтері толықтырылады, нақтыланады және жаңа қызметтер пайда болады. Соңғысының қатарына экономистер жатқызады:
- өте дәлдікпен қалыптастырылған өнеркәсіп саясатын жүргізу;
- қазіргі заманғы технологиялар жасау мен енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру, жекелеген аймақтар мен сфералардың дамуын ынталандыру;
- ел шекарасын анықтау және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру көбінесе әртүрлі мемлекеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Дамыған рыноктық экономикада макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуге, оның техника-технологиялық базасын дамытуға ықпал ететін қызметтер басты болады әрі жиі қолданылады. Ал6 экономикасы өтпелі елдерде ескі жүйені рыноктық жүйеге жедел қайта құруға мүмкіндік беретін қызметтер басты болады. Сондықтан әр ел мемлекеттік реттеуге қатысты әртүрлі ұстанымдарды қалыптастырады, әртүрлі ағымдық және стратегиялық мақсаттар қояды, оларға жетудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданады.
Экономикаға мемлекеттік ықпал ету ауқымы туралы мәліметті келесі көрсеткіштер береді. Жиі қолданылатын көрсеткіш- бюджет және бюджеттік емес қорлар арқылы бөлінетін ЖІӨ-нің үлесі. 90 жылдардың басында Жапония мен АҚШ-та бұл үлес 35-40% болған, Германия, Франция, Италия, Канада елдерінде- 50%-дан жоғары болса, ал Швецияда- 60%-дан жоғары үлес жоғары болған сайын мемлекеттің экономиканы реттеу ауқымы да жоғары болады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
- ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;
- экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
- ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
- Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония елдерде бұл көрсеткіш – 0,22 - 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4 -0,6; Канада мен Қытайда – 0,8 - 1,2 киловатт сағатты құрайды.
Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға, өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясатты қарқынды жүргізуге тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Осы
мәселелерді шешу қызметі
- өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру
мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды
және ол даму барысында
І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.
Күтілетін нәтижелер:
Әлемдік тәжірибе
Мәселелерді шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.
Экономиканы мемлекеттік
Қорытындылай келе, елімізде индустриялы-инновациялық дамуды жетілдіру үшін төмендегідей шараларды атқарылуы қажет:
- елдегі инновациялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
- индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.
Сол
себепті экономика салаларын
жаһандану үдерісіне
1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
Рыноктық экономиканың мәнді сипатының бірі бәсеке екені белгілі. Рыноктық шаруашылықты дамытудың маңызды тәсілі, қоғамдық өндірісті реттеудің негізгі тетігі ретінде бәсекенің рыноктық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін экономикалық артықшылықтары бар.
Бәсеке - тауарлар мен қызметтерді өндіру және өткізудің аса қолайлы жағдайлары үшін шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық бақталастықтың антогонистік нысаны. Әрбір кәсіпкердің мақсаты - пайданы мейілінше жоғарылату болғандықтан, олардың әрқайсысы өзінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің көлемін ұлғайтуға ұмтылады. Ал өндірісті ұлғайту сол тауарға (қызметке) деген қажеттілікке, сұранысқа тәуелді. Кәсіпкерлер тұтынушы үшін өзара экономикалық күреске түседі, өзін өндіру мен өткізудің аса қолайлы жағдайларымен қамтамасыз етуге тырысады, бәсекелесіне қарағанда өз тауарының бағасын төмендету үшін шығындарды төмендетіп, өндірісі көлемін арттырады, сол арқылы тауарларына деген сұранысты жоғарылатады. Бірақ та, бағаны одан ары төмендету ұсыныстың қысқаруына әкеледі. Егер сұраныс ұсыныстан жоғары болса, онда тұтынушылар бір-бірімен бәсекеге түседі. Тапшы тауарды сатып алу үшін кейбір тұтынушылар басқаларға қарағанда жоғары баға ұсынуы мүмкін. Баға өседі және бұл ұсыныстың артуын ынталандырады. Ұсыныстың өсуі өзіне сәйкес көлемдегі сұранысқа теңескенге дейін жалғасып, тепе-теңдік баға қалыптасады. Сұраныстың немесе ұсыныстың кез-келген өзгерісі бағаның өзгеруі арқылы басқа жаңа тепе-теңдіктің қалыптасуына әкеледі. Басқаша айтқанда, бәсеке рыноктық тепе-теңдікке жетудің, белгілі бір қоғамдық үйлесімділікті қамтамасыз етудің тәсілі болып табылады.
Шаруашылық
жүйесінде бәсекенің болуы
Бәсекенің экономикалық басты артықшылықтары:
- Қоғамдық тұрғыда бәсекелік күрес арқылы шектеулі ресурстардың аса тиімді бөлінуі жүзеге асады, өйткені сұранысы бар тауарлар ғана өндіріледі, яғни не, қанша өндіру мәселесі шешіледі. Бұл жағдай Парето бойынша тиімділік деп аталынады (италияндық экономист әрі әлеуметтанушы ВильФредо Паретоның атымен байланысты), өйткені ол ең алғаш «жетілген бәсекенің ресурстарды тиімді бөлу» жағдайын қалыптастырған болатын. Егер кез-келген басқаның әл-ауқатын төмендетпейінше, ешкімнің әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес болса, онда ресурстар Парето бойынша оңтайлы бөлінген деп есептеледі.
- Бәсеке кәсіпкерді өз өндірісін үнемі жетілдіруге, өнім сапасына кері әсер етпейтіндей төмен баға қоя отырып, өнім бірлігіне жұмсалынатын шығындарды азайтуға мәжбүр етеді. Ал бұл төмен бағаға сұранысты өсіру арқылы жауап беретін тұтынушыларға қолайлы. Тұтынушылардың сұранысы үшін күресте кәсіпкер шығындарды төмендетудің жолдарын жиі-жиі іздестіруге, шектеулі ресурстарды қолайлы пайдаланудың жаңа комбинацияларын есептеуге мәжбүр. Осыған қоса, өмір сүру үшін күресте ол тек сапалы өнім шығаруға, қоғамдағы барлық стандарттарды сақтауға, тұтынушылардың өзгеріп отыратын талаптары мен артықшылық беруіне сәйкес игіліктер мен қызметтердің сұрыпталымын жаңартумен айналысуға мәжбүр. Бұл, сөзсіз, жалпы өндірістің тиімділігін жоғарылатады.
- Шығындарды төмендетудің жаңа тәсілдерін іздестіру ауқымын ұлғайта отырып, кәсіпкерлер жаңа, өнімділігі жоғары техника мен технологияларды, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалануға және рыноктағы өз үлесін нығайтуға ұмтылады. Оған тек қана ғылыми- техникалық инновациялар арқылы жетуге болады. Бұл да, нақты кәсіпкерге ғана емес, қоғамға да тиімді.
- Қоғам үшін бәсекенің елеулі маңызды нәтижесінің бірі- тұтынушылар үшін күресте өз фирмасының беделі және адал, әділетті бизнесмен абыройының кәсіпкерлерді толғандыруы. Ол үшін өз тауарлары мен қызметтерінің сапасына ғана емес, сервистік қызмет көрсетуге, сонымен қатар өз фирмасының имиджінің сыртқы көріну нысанына да көп көңіл бөлуге тура келеді. Өз пайдасын ойлап қана қоймай, сонымен бірге халықтың белгілі бір тобына бағаны төмендету, тұрақты сатып алушылары үшін сый-ақы және жеңілдіктер беру, қайырымдылықпен айналысу және т.б. арқылы тұтынушылар үшін белгілі бір шығын шегуге дайын болуы тиіс.
Мұның
барлығы қоғамда қолайлы
Жаһандану нәтижесіндегі ел экономикасының бәсекеге жарамдылығы әлемдік табысты бөлуге қатысу мүмкіндігінің міндетті шарты болып табылады, ал, бәсекеге жарамдылықтың негізі сапа және төмен баға болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы кезінде елдердің ашық экномикалық (айталық, Қытай, Америка Құрама Штатымен экономикалық байланысы) трансұлттануы жүзеге асырылады. Әлемдік шаруашылықта табыс көлемі Қазақстанда онық экономикалық бәсекеге жарамдылығына және де өнім сапасымен төмен бағаға әсер етеді. Әлемдік табыс елдердің ашық экономикасына, трансұлттануына өзінің үлкен үлесін қосады.
Жаһандану
жағдайындағы экономикада сапаның
атқарар қызметін төмендегі модуль
арқылы сипаттадық (1- сурет).
1-
сурет Жаһандану жағдайында экономиканың
бәсекеге жарамдылығын құру моделі
Бәсекелестіктің қатал жағдайы технологияны жаңартуға, жаңа өнім жасау уақытын қысқартуға, сапа және сенімділік мәселесінің маңызының артуына әкеледі . Нәтижесінде ғылымға шығын артуда. Мысалы: ғылым және жоба жасауға шығын ЖІӨ-ге қатысты АҚШ, Германия, Жапонияда 3%, Ұлыбритания және Францияда 2%, ТМД-да 1% құрады. 2000жылы Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарына ЖІӨ-ге қатысты 0,2% болды.
Салалардың ғаламдануы және
Ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің ең саналы концепциясы – ол өнімділік. Бәсекелестік – бұл динамикалық процесс. Ресей экономикасын АҚШ және ЕО рыноктық деп танығанмен, бәсекеге қабілетсіз болды. Дүниежүзілік экономикалық форумда 2002 жылы Ресей бәсекеге қабілетті деп танылған 75 елдің ішінен 74-ші орынды иеленді. Ресей орта мерзімдік (2003-2005жж.) жаңартылған әлеуметтік экономикалық стратегиясын жасады. Басты мақсаты: «ұзақ мерзімді өсу динамикасына ие, халықтың өмір деңгейін көтере алатын, өндіріс аппаратын, тиімді қайта өндіру және модернизациялайтын, мемлекеттің қауіпсіздігі мен бәсеке қабілеттілігін нығайтатын Ресей экономикасының моделін құру».
Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін факторлар кезеңінен инновация кезеңіне көшті. Жапонияда тиімді даму нәтижесінде бәсекеге қабілетті бір сала екінші сала дамуын арттырды, нәтижесінде сұраныс деңгейі өсіп, тиімді қызмет көрсетуші салалар қатары көбейді. Жапония халқының әл-ауқаты өсіп, сыртқы қарыздары төленуде. Бірақ, соған қарамастан Жапонияда АҚШ, Германия және Ұлыбритания елдеріндегідей экономикалық даму жылдамдығы төмендеуде. Бұл ел өз даму қарқынын ұстап қалуға барынша талпынуда.
Өткізілген зерттеулер көрсеткендей, қазір отандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруді ұйымдастыруда инновацияның ролі жоғары екендігі анық. Бұл үшін Қазақстанда негізгі объективті алғышарттар жасалған. Ғылыми ұйымдармен жасалған зерттеулер құрылымында қолданбалы зерттеулер үлесі 50%, ғылыми–техникалық өндіріс – 30% асады. Мемлекет инновациялық қызметтің дамуына қажетті жағдай жасауда.
Бүгінгі
күні инновацияны дұрыс пайдалану ертеңгі
күнгі дамыған экономика екенін дамыған
Батыс елдерінің тәжірибесі дәлелдеп
отыр. Осыны дұрыс аңғарған отандық фирмалар
мен кәсіпорындар инновацияны жетілдіру,
дамыту және дұрыс пайдалану нәтижесінде
ертеңгі күні табысқа жетпек.
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.
Қазақстанда
экономиканы дамытудың
Кесте 1 Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін факторлардың салыстырмалы сипаттамасы
| Оң факторлар | Теріс факторлар |
| бай
табиғи ресурстар;
бос өндiргiш қуаттардың болуы; салыстырмалы түрде дамыған ғылыми-техникалық әлеует; технологиялық жағдайлардың қатарында технологиялық баяндамалардың болуы; жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк- техникалық қызметшi; жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс күші; елдiң екi құрлықтықтың тоғысында географиялық орналасуы; инженерлiк-техникалық кадрларды даярлаудың қалыптасқан жүйесi. инновациялық қызметтi жеткiлiксiз нормативтiк құқықтық реттеу; жаңаформациядағыбасқарушылық |
экономиканың
шикiзаттық
бағытталуы; дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті технологиялар салаларының шектелуi; iшкi қаржы ресурстарының тапшылығы; инновациялық қызметтiң инфра-құрылымының дамымағандығы; өндiргiш күштердi керi индустрия- лансыздандыру материалдық-техникалық базаның жарақтануы; техникалық жағынан әлсiз өндiргiш күштердi бөлудегi теңсiздiк; ғылыми-техникалық қызметтi ком -мерциялау үшiн тетiктер мен нақты экономикалық ынталандырудың жоқтығы; өндiрiстiң жоғары технологиялық салаларының қатарында техникалық және өндiрiстiк кадрлардың жоқтығы; ішкi
рыноктың мардымсыз |
Қазақстан үшiн,
жоғары дамыған шет елдердiң
"Yстемелеу" инновациясы - жаңа
өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық
әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк
ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін
пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік
мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне
толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың
барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.
"Қарыз алу" инновациясы - бұрын
Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну
өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру.
Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар
құру мен франчайзингті дамыту жағдайында
неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.
"Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.
Қазақстан үшiн жақын болашақтағы неғұрлым қолайлы стратегия "үстемелеу" және "қарыз алу" инновациялары, сондай-ақ олардың ұштастырылуы болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдаланумен бiрге, ғылым мен техниканың аралас және жаңа салаларында отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
2
сурет Қазақстанда инновациялық өнімдердің
көлемі
Қазіргі экономикалық жағдайлардағы әлемдік қауымдастықтың дамудың жаңа сапалы сатысына көшуі инновациялық және инвестициялық үдерістердің бесенділігінің артуымен байланысты. Еркін бәсекелестік механизмі – дамыған нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс проблемаларын шешуде; дегенмен әлемдік тәжірибеде белгілі ғылыми-инновациялық сфералардағы көптеген индустриалды елдер нарықтық қатынастарға мемлекеттің арала-суын көріп отырмыз. Инновациялық негіздегі қазақстандық дамудың жаңа формалары мен әдістерін табу қажеттілігі туындап отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің артуы инновациялық үдерістердің белсенділігінің артуымен тығыз байланысты: өндіріске жаңа технологияладың ендірілуі, оның ішінде ресурстарды үнемдейтін және ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік аналогтармен табысты бәсекелесе алатын үздік тұтынушылық қасиеттері бар инновациялық өнімдердің шығарылуын кеңейту болып табылады.
Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық әлеует - кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекеттің көркеюінің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда көшбасшы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекегеқабіліеттігін жоғарылатады.

- Қазақстандағы ипотекалық несиелеу
- Қазақстандағы касипкерлік ерекшеліктері
- Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес
- Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері
- Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары
- Қазақстандағы жұмыссыздықтың жағдайы
- Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері
- Қазақстандағы инвестициялық қызмет
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
- Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны
- Қазақстандағы инвестицияның рөлі