Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік нарықты тауарлармен және мен қызметтермен толтыруға, бәскелестікті кеңейтуге, салалық және аумақтық монополияны жеңуге көмектеседі.
Кәсіпкерліктің дамуы экономиканың құрылымдық қайта құрылуын белсендендіреді, нарықтық таңдауға кең еркіндік береді және қосымша жұмыс орындарын ашады, шығынның жылдам өтелуін қамтамасыз етеді, тұтынушылық сұраныстың өзгерісіне жедел икемделеді.
Сонымен қатар, Елбасының «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты» деп атап көрсетті. Осыдан кәсіпкерлік саласының еліміз үшін эконмиканың негізгі қозғаушы күші екендігін білеміз.
Қазіргі экономикалық даму теорияларында кәсіпкерлік қызмет соңғы орында емес, себебі шағын және орта кәсіпорындар экономикалық ахуалды жасқартуға зор әлеуетке ие. Осыған сәйкес бұл теориямен мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың оңтайлы және тиімді әдістерін табуы тиіс. Қазақстан мысалында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.
Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
- шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
- Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
- «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
- Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
- Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың таңдалуы, оның өзектілігі, мақсаты мен жұмыстың негізгі міндеттеріне негіздеме жасалынған.
Бірінші тарауда – «Кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері» кәсіпкерліктің даму тарихы, мазмұны, негізгі кезеңдері, түрлері мен қызметтері, кәсіпкерлік психологиясы, нарықтық экономикадағы орны, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибелері туралы баяндалған.
Екінші тарауда – «Қазақстандағы кәсіпкерліктің мәселелері және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» Қазақстандағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына талдама, кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттары, кәсіпкерлікті дамытуының өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламалары, шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары туралы баяндалған.
Қорытынды
бөлімінде елдегі, облыстағы шағын және
орта кәсіпкерліктің даму мүмкіндіктері
бойынша теориялық тұжырым және тәжірибелік
ұсыныс енгізілген.
I тарау. Кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері
- Кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы
Кәсіпкерлік теориясының негізін қалаушы XVIII ғасырда ең алғаш рет кәсіпкерді өзі шешім қабылдайтын және қиын жағдайларда өзінің қажеттілігін қанағаттандыра білетін тұлға ретінде қарастырған Ричард Кантильон (1680-1734) болып табылады. Бұл ғалым кәсіпкердің табысы – бұл тәуекелдің жемісі, өйткені болашақтағы пайдасы белгісіз бола тұрып, жалдаған жұмысшыларының жалақысын төлейді, белгілі бір бағамен тауарлар мен шикізаттарды сатып алады деп есептеді.
Катильон теориясына сәйкес, кәсіпкерлік – болашақты ойлап, іс-әрекеті қалыптасатын, табыс табуға деген үміті мен шығынға ұшырау қаупін ескере отырып, тәуекелге баратын тұлға. Осылайша, кәсіпкер тұрақсыз табыс таба отырып, өзінің қорқынышы мен теуекеліне жұмыс жасайды. Р.Катильон тұрақты табысқа ие мемлекеттік қызметшіден кәсіпкердің айырмашылығын айқындайды. Кәсіпкердің ең басты ерекшелігі – тәуекелге ұмтылуы және осы үшін табыс табуы. Осыдан кәсіпкерлік табыстың болашақ қиын жағдайлардан туатын тәуекел үшін төлем екендігін аңғарамыз.
Экономикалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит (1723-1790) «Халық байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегінде (1776) кәсіпкерді «тәуекелдік коммерциялық ойдың жүзеге асырушысы» ретінде сипаттаған. А.Смит кәсіпкер маңызды әлеуметтік қызметті – жинау қызметін атқарады деп есептеген. Кәсіпкер өзі қаражат салады, жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады және өз еңбегінің жемісін жейді.
А.Смит кәсіпкерлердің жеке мүддесі қоғамдық мүддемен ешқашан сәйкес келмейтіндігін айтқан, себебі өндіріс пен ұлттық байлықтың деңгейі неғұрлым жоғары болса табыс соғұрлым аз болады. Табыс деңгейі қоғамдық жағдайға кері әсерін тигізсе, онда кәсіпкерлер ортасы қоғамды жаңылдыруға ұмтылады. А.Смит кәсіпкерлікті ұйымдастыру кезіндегі тауар-бағалық саясатты құруда кең қолданылатын құн теориясын жасады. Оның концепциясы бойынша құннің екі мәні бар: кейде белгілі бір заттың пайдалы екендігін білдірсе, кейде сол заттың қасиеттеріне ие басқа да заттарды алу мүмкіндігі. Бірінші тұтынушылық құнды, екінші айырбас құнды білдіреді.
Атақты фрунцуз экономисі Жан-Батист Сэй (1767-1832), саяси экономика бойынша бірнеше жұмыстардың авторы, кәсіпкердің өнімді ойлап табуда белсенді ролін көрсетті. Басты назарды ол кәсіпкерлік қызмет негізінде өндірісті ұйымдастыру негізінде өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізу мүмкіндігі жатыр деп есептей отырып, өндірістік салаға бөлді. Ж.Б.Сэй үшін кәсіпкер – өндірістік бірлік шеңберінде адамдарды ұйымдастыратын адам. Ғалым кәсіпкерді өндіріс мен бөлу үдерісінің ортасына қойды. Кәсіпкердің табысы – оның мүмкіндігіне, талантына, өндірісті басқару мен ұйымдастыру бойынша еңбегіне деген сыйлық. Кәсіпкер тұлғаның ақылдылық, орындылық, тәртіпке деген махаббат, шыншылдық, адамдарды тану, қоршаған ортаны түсіну, қанағаттандыратын өнімнің маңыздылығы мен қажеттілігін бағалау қабілеттерін алға тартады. Сонымен қатар, кәсіпкер «өзінің есептерін дұрыс шығаруы және өндіріс шығындарын өнім сатылымда калай болатындығының құнымен салыстыра отырып санауы тиіс». [17, 50 б]
Неміс ғалымы, экономист және философ Макс Вебер (1864-1920) кәсіпкерлік қызметте ұтымдылықты көрді. Ол ұтымдылықты қызметтік тиімділік, жұмсалған қаражат пен күштерден ең жоғары пайда алу деп түсінді.
Кәсіпкерлік теориясына маңызды үлес қосқан Йоган Тюнен (1783-1850) және Г.Мангольд (1824-1868) – бұлар да неміс экономика мектебінен. Й.Тюнен ең алғаш рет тәуекелдің біржақты еместігіне назар ауадарды. Ол кәсіпкерлік табыстан инвестицияланған капиталға, басқару шығынына және сақтандыру сыйлығына пайыз төлеуді алып тастады. Ғалым кәсіпкерлік қызметтің уәжі кәсіпкердің ұту ықтималдығы шығынынан жоғары болады деп есептеді. Г.Мангольд тәуекелді уақыт факторына байланыстырады: тауарларды өндіру мен оларды жүзеге асыру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, мүмкін болатын шығындардың тәуекелі соғұрлым жоғары.
Кәсіпкерлік ұғымына жаңа көзқарас негізін австриялық экономист және әлеуметтанушы Йозеф Шумпетер (1883-19850) қалады. «Экономикалық даму теориясы» (1912) кітабында ол кәсіпкерліктің негізгі мәні өндіріс факторларының жаңа үйлесімін табу және қолдану, яғни жаңалықтарды жүзеге асыру деп санады.
Британ экономисі, Нобель сыйлығының иегері Фридман Хайек (1899-1991) тек бәсеке ғана кәсіпкерге жаңа өнім алуда, шикізаттың жаңа нарығында инновациямен айналысуға итермелейтіндігіне алғаш рет назар аударды.
Ал, Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болса кәсіпкерді сақтық, есептілік, жақсылыққа ұмтылуы, тәуелсіз, ұқыптылық тән шаруашылықтың жаңа әлеуметтік-психологиялық түрі ретінде сипаттады.
Г.Л.Багиев
пен А.Н.Асаул кәсіпкерлікті
- кәсіпкерлік – жаңашылық, төрешілдікке қарсы, арқашан басымдылыққа ие, инновацияға икемделген шаруашылық басқару стилі;
- кәсіпкерлік – нарықтық қатынастарды дамыту және қалыптастыру шартындағы қызметті жүзеге асыру және ұйымдастыру үдерісі;
- кәсіпкерлік – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттілігін қанаңаттандыру және пайда табу мақсантыда үздіксіз, әрдайым жаңаланып тұратын тауарлар мен қызметтер өндірісін жүзеге асыру, ұйымдастыру және жоспарлау үдерісі.
Осылайша, табысты кәсіпкерлік қызметтің негізі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
А. Шулустың пікірінше шағын
кәсіпорындар келесідей
1. жұмыс беруші;
2.
ғылыми техникалық прогресс
3. салық төлеуші;
4. нарықтық қатынастар.
Халықаралық еңбек бюросының қызметтері Ф. Нек шағын кәсіпорындардың дамуының оң факторлары мен мәселелерін, қиындықтарын көрсетті:
- Қазіргі және болашақтағы даму ірі және шағын өмір сүруге қабілетті;
- Ірі кәсіпорында өз өндірістерінің табысты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін шағын кәсіпорындарға мұқтаж;
- Шағын және орта кәсіпорындардың мамандануы олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді;
- Шағын және орта кәсіпорындар инновациямен жаңашылдықтың маңызды көзі бола алады;
- Шағын және орта бизнес кәсіпорындары техниканы, жұмыс күшін жоғары интенсивтілікпен үйлесімділікте пайдаланады және ірі кәсіпорындармен салыстырғанда аз капиталдылықты пайдаланып жұмыс бастылықты құрады;
- Шағын және орта кәсіпорындар әлеуметтік даму сұрақтарында әсіресе салалық аудандарда тұрақтылық пен өміршеңдікті қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады;
- Көптеген аудандар мен елдерде шағын және орта кәсіпорындар құруға және оларды басқаруға қабілеттілікті аудандар бар.
С.З. Жизнин және В.И. Крупнов шағын бизнестің тәжірибелік артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетеді. Тәжірибелік артықшылықтары:
- әрекеттерінің тәуелсіздігі;
- неғұрлым икемді және оперативті шешім қабылдау мүмкіндігі;
- жергілікті жағдайдың ерекшеліктеріне бейімделу;
- шағын бизнесті күшті ұнату;
- неғұрлым төмен операциялық шығындар;
- материалдық табысқа жету мүмкіндігі;
- ұзақ мерзімді пайда;
- бірнеше мамандықтарда біріктіру;
- ерекше немесе дербес рыноктағы артықшылық;
- кәсіпкерлік рух сақтау.
Тәжірибелік кемшіліктері:
- қызметкерлердің тартылу қиындығы;
- менеджерлердің мамандануының төмен деңгейі;
- жеке тұлғалық мәселелері;
- қаржылық қиындықтар;
- экономикалық өзгеістерге жоғары сезімталдылығы;
- міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылау қажеттілігі;
- эксперттік потенциалдың жеткіліксіздігі;
- ірі фирмалармен салыстырғанда оперативтік жетіспеушілік.
Кәсіпкерліктің мақсаты тауарлар мен қызметтер нарығына өндіріс пен жеткізу арқылы табыс алу. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:
- өзінің жеке пайдасы үшін тәуекелге бару,
- басымдылық, дербестілік;
- жаңашылдық.
Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан батыстық дәстүр тұрғысынан алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл-ой зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып табылады. Ал кәсіпкерлік қызмет бұл меншік қатынасының әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.
Кәсіпкерліктің қызметін дамыту түптеп келгенде тұрғындардың табыстарын, өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге де өз оң ықпалын тигізеді.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің дамуын осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп көсретілген. Бірінші кезең-алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылғңа дейінгі аралық , бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.
Екінші кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда социалистік тауарлы өндіріс, социалистік рынокты «Экономика-деген тұжырымдамалардың қала берді Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерге (Польша, Венгрия» жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептәуір социалистік өндіріс тәсіліне сай емес» деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі., сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке еңбек қызметі» туралы («Об индивидуальной трудовой деятельности») заңы шыққаннан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады . Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік негізінен социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына «жат әрекет» деп қарады. Және де оны социализмнің экономикалық әлеуметтік саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктерніне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарларм ен қызмтетерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік жақтамағандықтан ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен негізделген болады. Осының нәтижесінде жеке дара кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өзінің көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық қаржы мекемелері құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.
Төртінші кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады. [16, 107 б]
Қазақстандағы
экономикалық реформа кәсіпкерлік
қызметтің дамуына жаңа көкжиектер
мен олардың болашақтылығын ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық
мәні мен мақсаты рынокты
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің қазіргі анықтамасының әртүрлі көзқарасы бар. Көбінесе жалпыламасы – кәсіпкерлікті кең түрде, қоғамдық қайта өндірістегі (капитал, жер, еңбекпен қатар) арнайы фактор ретінде қарастыру, онда ол өндірісті - өтімдік факторларының жаңа тиімді комбинацияларын жасау арқылы қайта өндіру үрдістерінің қажетті динамикасын қамтамасыз етеді. Нақты формада, кәсіпкерлік – бұл қатерлі инновациялық іс-әрекетке негізделген шаруашылық жүйесі, оның мақсаты – кәсіпкерлік табыс көру және де қайта өндіру үрдісін, немесе оның жеке стадияларын (өндіру, тарату, алмасу және тұтыну) толық алып тұру болып табылады .
Кәсіпкерлік экономикалық феномен ретінде категориясынан тарлау, бірақ шаруашылық тәжірибесінде оларды жиі кездестіруге болады. Бірақ олар синонимдер де, теңдіктер емес, бірақ мағынасы жағынан жақын ұғымдар.
Бизнес кәсіпкерліктен гөрі кең мағынада, нарықтық экономикадағы барлық қатысушылар арасында болған қатынастарды алып кетеді, онда тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен бірге тұтынушылар, жалданбалы жұмыскерлер, мемлекеттік құрылымдар қатынасады .
Кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекеті – бизнестің динамикалық, элементі, бастамалы, өзіндік іс-әрекеті бар, өз қаупіне қарай және кіріс алу мақсатында, өз мүліктік жауапкершілігіне қарай, азаматтарды өнім өндіру бойынша бірлестіре отырып, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету іс -әрекетіне арналған.
Кәсіпкерліктің іс-әрекетінің философиясы
– ерікті индивидуализм, оның
негізгі белгісі - өзіндік күшінің
арқасында жеке өркендеуін
қамтамасыз ету, бірақ бұл
қоғам көзқарасына қарама- қайшы
емес. Біреулердің өркендеу
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылықты сапалы да жаңа тиімді типте жүргізу, оған прогрессивті әдіс – тәсілдер, нақты жеке меншіктің, өндіріс қожайынының жүргізу тәсілдері қажет. Сөйтіп, кәсіпкерлік, экономикалық категория, бизнес элементі, шаруашылық типі және өмір сүру дәрежесі ретінде бейнеледі .
Кәсіпкерлік – нарықтық шаруашылықтың бөлінбес белгісі, оның басты ерекшелігі – ерікті бәсеклестік . Кәсіпкерлік тарихы ежелден келе жатса да, оның қазіргі ұғымы капитализмнің орнығу және даму кезеңінде пайда болды, онда ерікті кәсіпкерлік өз өркендеуінің негізі мен басы болып табылады.
Кәсіпкерлік белсенділіктің мақсаты – нарыққа сұранысы бар және кәсіпкерлерге кіріс әкелетін тауарды өндіру. Пайда – бұл нарыққа тауарды өндіруде және шығаруда қабылдаған кәсіпкерлік шешімді жүзеге асыру нәтежесінде алынған ұтыстан табыстың көп болуы .
Бірақ пайданың болуы
кәсіпкерлікке ғана тән
емес, кез – келген басқа іскерлік
белсенділік формасына тән. Бұл байланыста
көңілді кәсіпкерлік пайда немесе
кәсіпкерлік табыс сияқты экономикалық
категорияға бөлу қажет. Инновациялық
іс - әрекеттегі табыс , яғни
өндірісті ұйымдастырудың жаңа
әдіс-тәсілдерін енгізуден кәсіпкерлік
табыс құралады. Кәсіпкерлік табыс дегеніміз
ең алдымен қосымша табыс, басқарудан
, артықшылықтан пайда болған табыс
, яғни кәсіпкердің табиғи
немесе ерекше талдау іскерлігіне
, сыртқы шарттарға байланысты
өндіріс факторларын жаңаша
комбинациялау .
- Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары мен қызметтері
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше формасы ретінде экономиканың мемлекеттік жағында да, жеке секторында да жүзеге аса алады. Осыған сәйкес:
а) мемлекеттік кәсіпкерлік;
б) жеке кәсіпкерлік пайда болды.
Мемлекеттік кәсіпкерлік – кәсіпорын, құрылтайшы етудің атынан экономикалық белсенділікті жүзеге асыру формасы болып табылады:
а ) өкілетті болатын мемлекеттік басқару органдары (іс - әрекеттегі заңдылықтарға сәйкес) мемлекеттік мүлікпен басқаруға (мемлекеттік кәсіпорын);
б) жергілікті өзін - өзі басқару органдары (муниципальді кәсіпорын). Кәсіпорынның бұл түрдегі жеке меншігі мемлекеттік бөлігінің немесе муниципальді мүліктің, бюджеттік қаражат бөліктерінің, басқа қаражат бөліктерінің сабақтасу формасы. Ондай кәсіпорындардың маңызды сипаты – олардың өз меншігіндегі бар міндеттеріне, яғни тек өз мүлкімен жауап беретін жағдайдың болуы. (Олардың міндетері бойынша мемлекет те жауап бермейді, мемлекет міндеттері бойынша олардың өзі жауап бермейді).
Жеке
кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын
заңды тұлға Қазақстан
Жеке кəсіпкерлік субъектілері:
-
шағын кəсіпкерлік
-
орта кəсіпкерлік
-
ірі кəсіпкерлік
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кəсіпкерлер жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын жəне жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Мыналарды:
-
есірткі заттарының, психотроптық
заттардың жəне
- акцизделетін өнімді өндіруді жəне (немесе) көтерме сатуды;
-
астық қабылдау пункттерінде
астық сақтау жөніндегі
- лотереялар өткізуді;
-
ойын жəне шоу-бизнес
-
сертификаттау, метрология
- мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр жəне жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу жəне сату жөніндегі қызметті;
-
радиоактивті материалдардың
- банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) жəне сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру
- агентінің қызметінен басқа);
- аудиторлық қызметті;
- бағалы қағаздар нарығындағы кəсіби қызметті жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын
-
кəсіпкерлік субъектілері
Шағын кəсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кəсіпкерлер жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын жəне жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кəсіпкерлік субъектілері болып табылады. [1, 10 б]
Дара кəсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кəсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Өзіндік кəсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға жəне (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кəсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кəсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кəсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.
Бірлескен кəсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кəсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға жəне (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. [24, 409 б]
Бірлескен кəсіпкерлік кезінде жеке кəсіпкерлікпен байланысты барлық мəмілелер бірлескен кəсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады жəне жүзеге асырылады.
4.
Бірлескен кəсіпкерліктің
1)
ерлі-зайыптылардың ортақ

- Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері
- Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру
- Қазақстандағы кедейшілік пен күресу жолдары
- Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану ерекшеліктері
- Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы
- Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы логистиканың дамуы
- Қазақстандағы инвестицияның рөлі
- Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат
- Қазақстандағы ипотекалық несиелеу
- Қазақстандағы касипкерлік ерекшеліктері
- Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес
- Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару