Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Жоспар: 

Кіріспе...........................................................................................................3-4

  1. тарау. Кәсіпкерлік мәні,мазмұны және оның түрлері.
    1. Кәсіпкерлік мәні мен түрлері........................................................5

Кәсіпкерлікке қажет экономиканың әлеуметтік және құқықтық жағдайлары ....................................................................................................8

    1. Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі.........................................9

2-тарау.  Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау.

   2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау және оны  дамыту............................................................................................................13

    2. 2. Шағын кәсіпкерлікті  қолдаумен  қорғаудың 

инфрақұрылымын  пайдаланудың  тиімділігін арттыру..................20

    2.3. Қазақстандағы  шағын кәсіпкерлік мәселелері,оның  шешілу жолдары....................................................................................................23

    2.4.Шағын  кәсіпкерлікті салықты төмендету  оны ынталандыру........................................................................................... 26

3-тарау.  Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.

    3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті  басқару..........................................30

    3.2. Шағын  кәсіпорындардың дамуын басқару...............................33

   3.3.Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу...................................................35

Қорытынды...................................................................................................38

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................39

Қосымша 
 
 
 
 
 

Кіріспе. 

   Қазақстан Республикасының нарықтың экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып,табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес,сонымен бірге коммерциялық, финанс,ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

  Қазіргі  Қазақстан экономикасы жағдайында  нарыққа өтумен байланысты көптеген  өрескел қателіктер,асығыстықтар  орын алуда. Экономика үлкен тоқырау үстінде. Оның басты себептерінің бірі нарықтық экономика жағдайында  жұмыс істейтін білікті, өз ісін жете меңгерген кәсіпкерлер тобы өте аз. Сондықтан осы курстық жұмысымда кәсәпкерлік істі  ұйымдастыруда дамытуда,шешу жолдарында көптеген мәліметтер жинап оларға тоқталдым.

   Курстық жұмысымда 3- бөлім қаралған.Бірінші  бөлімде кә-сіпкерлік мәні,мазмұны  және оның түрлері. Ал екінші  бөлімінде ҚР-ғы кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдаумен оның дамуына  тоқталсақ, үшінші бөлімінде Қазақстандағы  кәсіпкерлікті басқару жөнінде ашып жазылған.

    Нарықты экономикаға өту шартындағы  жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы  әрқашанда өзекті мәселе болып  табылады. Ал мақсатына келетін  болсақ бұл тақырыпты тереңнен  ашып, және кәсіпкерліктің қалыптасуына  толық тоқталып өту болып табылады. Осындай мақсат қойғаннан кейін осы тақырыптың мәнін ашу барысында мынадай міндеттер орындалған:

  • Қазақстандағы кәсіпкерліктің басқаруына тоқталу;
  • Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік мәселелері,оның шешу жолдарын баяндау;
  • Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен даму жағдайын зерделеу;
  • Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісін айқындау;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-тарау.  Кәсіпкерлік мәні, мазмұны және оның  түрлері.

1.1. Кәсіпкерлік мәні  мен түрлері.

 Кәсіпкерлік  екі мағынада пайдаланылады:

    1. белгілі бір істің түрі;
    2. сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық топ;

  Кәсіпкерлік  дегеніміз – белгілі бір істі  істей білу. Іс істеу – адамның  белсенділігі және іскерлігі.  Белсенділік және іскерлік –  адамның еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік деген ұғым негізінен өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

  Экономикалық  блсенділік – бұл барлық энергетикалық  процесс тауар өндірісімен айырбас  арқылы пайда табумен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан – жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

   Кәсіпкелік – ежелден келе  жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,қабілеті.Оның дамуы орта ғасырдан бастала-ды. Қазақстан кәсіпкерлері ерте заманнан бастау алып ке-леді.  Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кә-сіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр1 патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды. 1861 жылғы ре-формадан кейін темір жол құрылысы,ауыр өнеркәсіп сала-лары орын алды.

   Кәсіпкерлік субъектісі болып-жеке  адамда,сонымен бірге заңды тұлғалар,біріккен  серіптестік:арендалық ұжым,аш-ық  және жабық акционерлік қоғамдар,шаруашылық  ассо-циациялары,әртүрлі бірлестіктер(корпорациялар).

   Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

    • дербестік және тәуелсіздік;
    • экономикалық ынталылық;
    • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
    • жаңашылдық.

   Кәсіпкерлік түрлері:

    1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:өндірістік,коммерциялық,финанс және консультациялық.
    2. Мемлекеттік түрлері бойынша жеке меншік,мем-лекеттік,муниципалды,сонымен бірге қоғамдық құ-рылымдар меншігі.
    3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке ад-амның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
    4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-провалық және ұжымдық-экономикалық.

  Осылардың  ішінде ұжымдық-провалық кәсіпкерліктер.

    1. Серіктестер-бұл адамдардың бірлестігі,онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз ка-питандарын қосады және әрбір мүше өзінің капи-талымен жеке жауап береді. Олар:1)шексіз жа-уапкершілікті серіктестер;2)командитті(сенімге не-гізделген) серіктестер шектелген жауапкерші-ліктермен.

   Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен  бірігеді. Шектел-ген жауапкершілікті  қоғам мүшелері ұжымның міндетте-мелеріне жауап бермейді.

    1. Акционерлік қоғамдар :ашық және жабық түрде болады.

   Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық  формалары.

    1. Концерн-көп салалы акционерлік қоғам,әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
    2. Ассоциация-экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
    3. Консорциум-бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы,өте ірі жобаға инвестиция)біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
    4. Синдикат-бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
    5. Картол-тауар,қызмет көрсету бағасы,нарық аудандарын бөлу,өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
    6. Финанс-өнеркәсіп тобы-банк,сақтандыру,және сауда капиталының бірлестігі.

  Кәсіпкерлік  ісінің Қазақстандағы қазіргі  түрлеріне тоқ-талатын болсақ,қазір  Қазақстандағы мынадай ұжымдық-прованың  форма кәсіпкерліктер құрылуда.

    1. Шаруашылық серіктестік-толық серіктестік. Ол-ардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келі-сімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы,зияны пайдаға қарай бөлінеді. әрбір мүше өзінің табысына пайда қосып сонан салық төлейді.
    2. Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мү-шелері серіктес атанған іс жүргізушілер ішінен бі-реу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
    3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мү-шелері қоғамның міндеттеріне жауап бермейді,ал зиян тәуекелдеріне өздерінің үлестерімен жауап береді.
    4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам-қоғам міндет-темелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
    5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
    6. Өндірістік кооперативтер-ерікті түрде біріккен қоғамдар.
    7. Унитарлы кәсіпорын-коммерциялық мекеме,мен-шіктік құқығы жоқ. Унитарлы кәсіпорынның мү-ліктері бөлінбейді. Унитарлы кәсіпорын тек мем-лекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын болып есептеледі.

      1.2.Кәсіпкерлікке экономикалық,әлеуметтік  және про- валық жағдайлар.

  Кәсіпкерлікпен  айналысу үшін ең алдымен оған  экономи-калық жағдай керек. Олар:нарыққа  тауар,қызметтер ұсы-ну,тауарлардың,қызметтердің  алуан түрлері тұтынушы-лардағы ақша-қаражат көлемі,яғни олардың сатып алу қа-білеттілігі,жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық кемдігі,еңбек ақы қорының артық-кемдігі,қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек,т.б.

  Кәсіпкерлікпен  айналысу үшін нарықтық инфрақұрылымы болуы керек:банктар,шикізат,материал,құрал-жабдықтар сатушылар,тауарды тұтынушыларға дейін жеткізетін мекемелер,заң,бухгалтерлдік т.б.қызмет көрсеттетін ме-кемелер,еңбекке орналастыру агенттігі,оқу орындары, жарнама,көлік,сақтандыру,байланыс,ақпарат,т.б.мекемелері.

  Әлеуметтік  жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру,қалып-тастыру  үщін тұтынушыларда тауар сатып  аларлық қаражаты болуы,олардың  тауарға,қызметке деген талғамы,төлем  қабілеттілігі бар сұранысы болуы  шарт. Оған қоғамның рухани даму  дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді.

  Кәсіпкер  өз ісіне шын берілген және  одан қанағат алуы парыз. Ол  әлеуметтік мәселелерге белсенді  араласып,жағдай жасауы тиіс:денсаулық  сақтау,жұмыс орнын жасақтау,еңбек  ақы мөлшерін қадағалау т.б.

  Кәсіпкерлік  жасақтау және оны дамыту үшін кадрлар оқыту,білім дәрежесін,мамандығын көтеруге көңіл бөлу,кәсіпкерлер даярлауды тұрақты қадағалау.

  Провалық  жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік  істерді реттейтін болуы шарт. Оған мыналар жатады:Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі,салық туралы заңдар,кә-сіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар,шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар,меншікке провалық заңдар,т.б.

    1.3. Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі.

  Халық  шаруашылығының барлық салаларында  шағын кә-сіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономика-лық тиімді іс болып табылады. Ірі фирмаларда зор мате-риалдық,финанстық,еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап,өндірістің технологиялық жаңа әдіс-терін қолдана алады. Ал,екінші жағынан,соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін жұмыс салаларында пайда болады. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,тұтынушылардың сұранысына икемділігі,шағын мөлшерде өндірілуі. Шағын кәсіпорынға , өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.

  Шағын  және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономикалы жетілдіруге септігін тигізеді:бәсекелестік орта өркен-дейді,қосымша жұмыс орны пайда болады,тұтыну секторы ұлғаяды.

  Шағын  кәсіпорындардың дамуы нарықты  тауар және қызметтермен толықтырады,экспорттың  потенциалын арттырады,жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

  Шағын  уәсіпорын барлық халық шаруашылық  салаларында жұмыс істейді. Шағын  кәсіпорын өзінің шаруашылық  әрекетінде дербестік мүмкіндігі  бар:өндірген тауарын,салық төлемдерінен  қалған пайдасын пайдалана алады.

   Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты  жағдай-жоспарлау. Шағын кәсіпорын  өзінің жеке пайдасын арттыру  мақсатында және кәсіпорынның  өндірістік мүмкіндігіне қарай  сұраныс бар тауарлар шығару  мен қызметтер атқару үшін  өзінің әлеуметтік қашуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізіне тауар алушылармен және шикізат,материалдар сататын кәсіпорындармен, өн-діріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек.

  Кәсіпорынның  финанс ресурстары оның ұйымдастыру-провалық формаларына байланысты,пайдадан,амортизацияға шығарылған санадан,бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан,еңбек ұжымының мүшелерінің жарнамаларынан,пай-дадан түскен несиеден тұрады.

  Ақша  қаражаттарды сақтау үшін және  есеп алыры-су,кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша алады.

  Кәсіпорын  несие шарттары есеп айырысу  тәртібін орын-далмаған кәсіпорын  сотарқылы банкрот болып жарияланады.

  Жалпы  негізде,шағын кәсіпорын шет елдің  серіптестермен шарт жасап және  шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына,оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға құқылы.

  Шағын  кәсіпорын жұмысшыларына еңбек  ақы төлеу мөлшері,оның жүйесі,түрі дербес шешіледі. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілдік еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді. Еңбек жағдайы,қызметкерлердің әлеуметтік қорғау шарала-рын орындайды. өзінің қызметкерлеріне демалыс,қысқар-тылған жұмыс күні,т.б. жеңілдіктерді қолдана алады. Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына,еңбек қабілетіне кел-тірілген зиянды толықтыруға жауапты.

  Қазақстан  жағдайында нарықтық қатынастарға  көшумен байланысты басқа елдердің  тәжірибелерін қолдану қажет  болып отыр.

  Қазіргі  кезеңде шетел тәжірибелері негізінде  Қазақстанда,Ресейде қоладанылатын  кәсіпкерліктің кейбір экономика  провалық түрлерін қарайық.

  1. Консигнация-комиссия шартының бір түрі;

    Тауарды өткізумен байланысты кәсіпкерлік  сферада пайдланылады. Келісуші жақтардың мүліктік қатынастарын реттейтін,тауар иесінің тапсырмасы бойынша делдалға белгілі бір жағдайда тауар өткізу жөнінде консигнациялық шарт жасау. Шартта әдетте жөнелтілген тауар,оның лимиттік бағасы және сату уақыты көрсетіледі. Консигнатор тауарды өткізгенше өз қоймасында сақтауға,консигнанттың пайдасына сақтан-дыру міндетті.Сақталмаған тауарды сатушы иесіне қайырады,мүмкін консигнатордың өзі сатып алуы..

  1. Франчайзинг-кәсіпкерлік формасы АҚШ-та,Жапонияда, Батыс Еуропа елдерінде кең тараған. Бұл кәсіпорын-дардың нарықтағы ерекше өзара серіктестік қатынастары. Франчайнг бойынша қатынастар бұл ірі,әжептәуір тұрақты франчайзер деп аталатын форма,бизнесте экономикалық жағдайы жоқ шағын кәсіпорынға,белгілі бір уақыт аралығында,тұрақты жерде кәсіпкерлік іспен айналысуға қажет. Франчайзер қолданған жетілген технологиясы, “Ноу-Хау”,атағы әйгілі тауар маркілерін;франчайзердің қызметкерлерін оқыту,кеңес беру қызметтерін атқарады. Бизнестің қандай түрі болмасын,франчайзинг жағдайында серіктестер праволарын,мүмкіндіктерін беру туралы шарт жасайды. Франчайзердің көмегі және қолдауы шартта белгіленген ақылы іс болады. Бұл үлкен маңызы бар экономикалық қатынастар,әсіресе өтпелі экономика жағдайында .
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Тарау. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
 
  1. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлікті мемлекет-тік  қолдау және оны дамыту.

        Қазіргі жағдайда экономиканы  сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың  қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның себебі жалпы өндірістің  төмендеуі және ТМД елдерімен экономиканың қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге шағын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау орын ала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан-жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды.

        Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы,Жапонияда жыл сайын 2-3млрд.доллар бюджетте қаралады.

       Біздің Қазақстан жағдайында  мемлекеттік қолдау тек қана  пайдаға салынатын салық жеңілдігі  ғана. Егер шағын кәсіпорынның  материалдың бағасы жеткіліксіз болса,айналым қорына қаражаты жоқ болса,өндірілген өнімді өткізу жөнінде алдын ала жасақталған шарттар болмаса,ол  қалай өз аяғынан жүріп кете алады деген сұрау туады.

       Шағын бизнестің басты проблемасы-ол  несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын кәсіпорында жоқтың қасы,сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк,несие банктің бір бөлімі болуы керек.

       Шағын кәсіпорындар кадр даярлау,банктік  кредит алу және информациялық  қызметтерге мұқтаж. Шағын және  орта бизнес кәсіпорындарының  тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз  ету үшін олардың экономикалық  ортасын жақсартуға арналған  көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын,кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оны дамыту тұжырымдамаларын жасау керек. Себебі,кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін белгілі дәрежеде шешу шағын және орта бизнес салаларына бағытталған өнеркәсіптік саясаты өңдеп жүзеге асыруда жіберілген кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Тәсіпкерлікке қатысты мемлекеттің жүргізген саясаты көбіне оның тағдырын.

       Дамыған елдердің үкімет басшылары  кәсіпкерлік ныша-нының қай түрі  болмасын қалыпты жұмыс жасауын  қамтамасыз етуге тырысады және де көмек ретінде арнайы бағдарламалар құрады. Мұндай бағдарламалар нарықты экономикада өмір сүріп жатқан барлық елдерде кәсіпкерлік деңгейін жоғарлатуға және кездесетін қиыншылықтарға тосқауыл ретінде маңызды роль атқарады.

       Әр түрлі экономикасы дамыған өзге елдердегі шағын кәсіпкерлікті басқарудың ұйымдық құрылымының тәжірибесін жинақтай отырып,жалпы мемлекеттік қолдау шараларына кәсіпорындарды мемлекеттік әрекетінің қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылуы,әртүрлі оқыту курстары арқылы кәсіпкерлердің басқару деңгейін жоғарылату,құқықтың қызметтер көрсету,әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты қаржы көздерін іздестіру,сауда жәрмеңкелері мен көрмелер ұйымдастыру,маркетингтік қызметтер көрсетулер және т.б.жатады.  Сонымен  қатар нарықтың экономикада кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін кәсіпкерлікке қатысты заңдардың да ықпалы өте зор. Ал елімізде соңғы үш жылда мәжіліс 500-ден астам заң жобасын қараған және де ішінде 106 заңға,яғни 21,2%-на өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Ал кейбір заңдар,тіптен 90%-ға дейін өзгеріске ұшырап жатады. Сондықтан да ел басы кәсіпкерлік бойынша алғашқы мәселеге заңнаманың тұғырнаманы жетілдіру ісі жататындығын кәсіпкерлер форумында атап айтылған.

        Кәсіпкерлікке қатысты республика  шеңберінде қолданылатын заңдар,жарлықтар,ережелер де аз емес. Бірақ қаптаған заңдар кейде бір-біріне қарама-қайшылыққа ұшырасады  немесе қосымша өзгертулер мен толықтырулар арқылы оларды өзгертуде салады. Осы аталған заңдар,жарлықтар,ережелердің ықпалы кәсіпкерліктің өркендеуіне,дамуына қосатын үлесі туралы ауыз толтырып айта алмаймыз. Және де бұл заңдардың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Аза-маттық кодексіне сәйкес келеді. Тағы айта кететін бір жайт,кәсіпкерлікке көрсетілетін шаралардың басым көпшілігі тек заң шеңберінде ғана қалып қойған. Ол оның тәжірибеде жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сол себептен кәсіпкерлер әрекетінің ойдағыдай жүзеге асырылмауы орын алуда.

       Кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асырушылар іскерліктің қай түрімен  айналысса да еңбекқор,дарынды адамдардың қоғамда жоғары дәрежеде көрінуін мемлекетіміздің әлеуметтік даму мақсаттарының бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалынған қолдаулар мен жеңілдіктердің маңызы зор болады. Республикадағы,кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен оны дамыту жолдарына байланысты басты шаралар төмендегі бағыттарды қамту керек:

    • Кәсіпкерлікке қатысты қабылданған заңдар тізбегін бір жүйеге келтіру керек;
    • Кәсіпкерлердің өз құқықтарын қорғай алатындай дәрежеде олардың сауаттылығына көңіл бөлу керек;
    • Кәсіпкерлер менеджментке,маркетингке үйрету қажет;
    • Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың негізгі көзі инвестициялы ұйымдастыру қажет,атап айтсақ несиелік серіктестіктер санының өсуі салдарынан бос қаржы-қаражаттарды кәсіпкерлердің пайдала-нуына мүмкіндік туар еді.

    Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі бағдарлама)Қазақстан  Респу-ликасының Табиғи монополияларды реттеу,бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі  іске асы-ру  жөніндегі шаралар туралы”2000 жылғы 17 ақпандағы №344 жарлығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірледі.

       Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың мемле-кеттік бағдарламаларын  1992 және 2000 жылдардағы ке-зең ішінде  іске асыру Қазақстан Республикасында  жеке кәсіпкерліктің жасақталуы  мен қалыптасуына негіз қалады.

       Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақылығы салыс-тырмалы түрде аздаған инвестициялары  мен тәуекелінің неғұрлым аздығымен қысқа мерзім ішінде,бірінші кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегі жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

       Реформалардың бастапқы кезңінде заң жүзінде ұсыныл-ған мемлкеттік қолдау шаралары бүгін өз нәтижелерін беруде. Шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер  экономиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң үрдістер туралы мағлұмат береді.

       Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері берген есептердің деректеріне сүйенген 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген,ол-ардың ішінде жұмыс істейтіндер 329,1 мыңды,шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны-1,4млн.адамды құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері 1999 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 435,8млрд.тең-генің өнімін өндіріп,қызмет көрсетті,бюджетке 33,7млрд. теңге салық төлемдері түсті.

       Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6млрд.тең-генің өнімін өндірді және қызмет көрсетті,ол 1999 жылдың тиісті көрсеткіштерінен 1,2 есе артық. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда,бюджетке төленетін төлемді 1,4 есе көбейтті (2000 жылғы 1 қаңтарға 33,7млрд.теңге құраса,2001 жылғы 1 қаңтарға 45,8млрд.теңге құрады).

      2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  Қазақстанда 388,2мың шағын кәсіпкерлік  субъектісі тіркелген,олардың 353,6 мыңы жұмыс істейді.

       Шағын кәсіпкерліктегі үрдістерді  талдау экономиканың осы секторы дамуының серпінді-үдеелі сипаты бар екенін және әлеуметтік шиеленісті төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің негізі бола отырып,өзінің оң нәтижесін беріп отырғанын айғақтай-ды.  Сөйтіп,кәсіпкерлік сипат экономикаға барған сайын тиісті икемділік беріп оның дамуының шешуші факторы болып келеді. Шағын кәсіпкерлік жаңа кәсіпорындармен жұмыс орындары құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде,рынокта әр түрлі тауарлармен және қызмет көрсетумен молықтырып отыр.

       1998-2000 жылға дейінгі кезең ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіріп отырған өнімнің салалық құрылымындағы кейбір оң өзгерістерге қарамастан,сауда делдалдық қызмет шағын кәсіпкерлік қызметінің неғұрлым анық үстем түрі болып қалып отыр. Осы кезең ішінде сауда үлесі 72,8% -тен 55,7% -ке,яғни 17,1% -ке төмендеп отыр.

        Жаңа жұмыс орындарын құру,тауар  рыногын отандық   тауарлармен  және қызмет көрсетулермен молықтыру,  шаруашылық  жүргізуші субъектілердің  инновациялық белсенділігін арттыру  мақсатында шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту,дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай,арнайы мемлекеттік қолдау шараларынсыз мүмкін емес.

        Бағдарламаның бірінші кезектегі  шараларын іске асыру,ең алдымен  шағын кәсіпкерліктің дамын тежеп  отырған мынадай проблемаларды шешуге бағытталған:

      Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымның  жеткіліксіз дамуы;

      Қолданылып  жүрген заңдарды жергілікті деңгейде орындау тәртібінің әлсіздігі;

      Салық салу және салықтық тексеру жүйелерінің  тым күрделілігі;

      Негізгі қаражат алуға және айналым қаражатын молықтыру үшін несиелік ресурстарға қол жеткізудің шектелулігі;

      Экономиканың  нақты секторында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерін  іске қосылмаған, коммуналдық меншіктегі өндірістік үй жайларды сатып алу  тәртібінің күрделілігі және тым жоғарғы жалгерлік ақысы;

      Кадрларды даярлау және шағын кәсіпкерлікті  ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесінің  жоқтығы;

      Шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік құрылымдары-мен  өзара іс-қимыл жасаудың ұйымдық  проблема-лары.

  Шағын  кәсіпкерліктің дамуы жолындағы  әкімшілік тосқа-уылдары:

    Кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы  орта қалыптастыру бағыттарының  бірі болып кәсіпкерлік қызметті  ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы  мемлекеттік өкімет органдарының  актілерінен,іс-қимылдарынан және  әрекетсіздігінен туында-ған,әкімшілік  тосқауылдар ретінде белгіленетін кедергілерді жою болып табылады. Осы кедергілер көбінесе жергілікті жердегі атқарушы өкіметтің әрекетіне байланысты.

Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару