Бағалы қағаздар. 7

КІРІСПЕ

 

Қазақстанның орталықтанған –  жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.

Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының  нарық қатынастары арқылы демократиялық  ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір  кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастарды өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен  «капитализм» деген екі жүйенің  бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы  үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие  институттары демократиялық негізінде  құралған қазіргі нарық – адамзат  дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен  қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете  алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.

Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік-экономикалық қажеттілікті де және тең бөлуді де, жалпы қоғамдық экономиканы жоспарлы түрде басқарып, меншікті тек «жалпыхалықтық»  меншік тұрғысынан қарап, халықтың қажеттілігін өтей алмады.

Нарық – күрделі, әрі жан-жақты  қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар  және көрсетілген қызмет нарығын  қамтысa, екінші жағынан қор жинау  нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік  нарығынан тұрады. Осы аталған  нарықтардың өзара байланысы  ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз  түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің  қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделенеді. Бұл бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында  маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары  және олардың реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 жылдардың басында құрала бастады.

90 жылдардың экономикалық тәжиребесі дәлеллдегеніндей шаруашы-лықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, затты капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындардың ақционерлік қоғамдар түрінде қайта құру  олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық сүбъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.Бұл елде инфляция қарқынын тудыруға кедергі болары анық. Мемлекеттік бағалы қағаздар жүйесі бүгінгі таңда дамып келе жатырған саланаң бірі болып табылады.

Осы күрделі құрылымдардың қызметің ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін  заңдар мен ережелер және мемлекеттік  органдар қажет.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып  экономиканың  реалды  секторына жұмсауды  қажет етеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құ-ру бүгінгі таңдағы ең қажет шара болып табылады. Себебі біз сол арқылы инфляцияға қарсы саясатты қатар жанама түрде жүргізіп отырамыз. Осы саланы дамыту қолдау қажет ететін басты мәселе. Оның қазіргі таңдағы жағ-дайына талдау жасау даму дәрежесінің қандай дәрежеде екеніне мүмкіндік береді.

Қурстық жұмыстың мақсаты- Мемлекеттік бағалы қағаздардың теориялық негіздеріне тоқтала отырып, оның бағалы қағаздармен салыстырғандағы бүгінгі таңдағы даму дәрежесіне талдау жасап, жетілдіру жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері келесілер болып табылады:

          -Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының теориялық негіздерін қарастыра отырып, оның түрлеріне тоқталу.

          -Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын қарастырып, оны мемлекеттік реттеуге тоқталу. Қазіргі таңдағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму дәрежесіне талдау жасау.

          -Бағалы қағаздар нарығының дамыту мәселелері мен жетілдіру жолдарын және ҚР-ның қор нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қарастыру.

 Курстық жұмыстың құрылымы жалпы кіріспеден негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.

Курстық жұмыстың объектісі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы болып табылады.

Курстық жұмыстың методологиялық негізі ретінде нормативтік заң актілері, оқулықтар және бұқаралық ақпарат материялдары мен интернет желісінен алынған материялдар қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

                     1. Бағалы қағаздар нарығының теориялық негіздері

           1.1. Мемлекеттік бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері

   Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушісі қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжат сертификат деп аталады .

Бағалы қағаздар бірнеше  түрлі болып жіктеледі:

-біріншіден, түсіретін кірісіне;

-екіншіден, эмитенттің сипатына;

-үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.

1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді.Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.

2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

─ Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарды да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

─ Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететің жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

─ Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Олардың өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.

─Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері

Кәсіпкерледің бағалы қағаздары  – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.Бағалы қағаздар қай жерде  сатылады деген сұраққа жауап  бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардын бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.  Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да, бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитентері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институтары және тағы басқалар [8,270-272б].

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі  топқа бөлінеді:

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздар;
  2. Корпоративтік бағалы қағаздар;

Бағалы қағаздар құрамында  мемлекет тарапынан, халықтан және заңи тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып табылады. Олар әртүрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық вексель-дер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашы-лық іс-әрекет ету мезгіліне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымды-лықтың сипатына, ұстаушыларына байланыстығында.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы  министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі  эмитенті болып табылады. МБҚ негізінен құжатсыз формада шығары-лады. Олар негізінен аукциондарда, саудада, ашық саудада және таратылу сияқты әртүрлі әдістермен орналастырылады. Жалпы алғанда МБҚ-ның са-тып алушылары кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резидент еместер де болуы мүмкін.

 



 

 

 

                    Республикалық        Мемлекеттік    Экономикалық   Бағалы қағаздар нарығы-

                        бюджет дефици-      бағдарлама       белсенділікті       ның барлық қатысушы-

                        негізде қалыптас-    қаржыланды-    реттеу.                 ларына сенімді және жо-         

                        тыру.                         ру.                                                   ғары ликвидті жинақта-

                                                                                                     лу ұсынылады.

        1-сызба. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мақсаты

Ескерту: Автормен   құрастырылған

 

Мемлекеттік бағалы қағаздармен  жасалатын операциялардың инвес-торлар  үшін тартымды түрі Қысқа мерзімді МЕККАМ сатып алу сату опера-циясы болып табылады. Ол ҚР-ның Қаржы министрлігі шығаратын 3,6 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді міндеттер. Міндеттеменің номиналды баға-сы 100 теңге болып табылады. Ол құжатсыз формада шығарылады және ҚР- ның Орталық депозиттарийнде есептеледі. [21]

Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен  ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы  төмен бағада орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында хабарланады.

 Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық волюталық міндеттемелер (МЕОКАВМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылы-ғын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шыға-рады және бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста болады.

Қазынашылық валюталық міндеттемелер  ұстаушыларға өтеу кезінде олардың  атаулы құнын алуға және төленетін  атаулы құнға пайызбен сыйақы алуға  құқық береді. Қазынашылық валюталық  міндеттеменің бастапқы құны 100 АҚШ долларына тең.

Қысқа мерзімді МЕКАВМ ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық валюталық міндеттер. 
Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 АҚШ доллары. Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозитарийінде  есептеледі. 
МЕКАВМ орналастыру және қолдану шарттары МЕККАМ-дың орналастыру және қолдану шарттарына сәйкес. Инвестор төлем жасалған күнгі Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес төлейді. Эмитент төлем жасалған күнгі Ұлттық банктiң курс бағамына сәйкес төлейді.

Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер(МЕИКАМ).

Индекстелген қазыналық  міндеттемелер қазына иесіне оның өтем барысында оған номиналды құнын  алуға және номиналды құнына пайызбен сыйақы алуға мүмкіндік береді. Инвесторлармен қазыналық индекстелген қазыналық  міндеттемелерге құйылған ақшаның  индексациясы индекстелген қазыналық  міндеттемелерді ұсынудың үш айлық  кезеңі аяқталған уақытта инфляция қарқыны белгіленген  ағымдағы мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі. Индекстелген қазыналық міндеттеменің номиналды құны – 1000 теңге. Индекстелген қазыналық міндеттемелер оның ұстаушылары арасында номиналды құнымен орналастырылады. Индекстел-ген қазыналық міндеттемелердің алғашқы шығарылымы бойынша аукционда белгіленген эмиссиясына сәйкес  кірістің шектеулі мөлшерін, индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған инвесторлардың ақшасының инфляциясының шығын компенсациясын  қосатын сыйақы мөлшерлемесімен белгіленеді. Кірістің шектеулі мөлшерлемесі сатып алушылардың ұсынысы бойынша аукциондық негізде олардың кірісінің ең төменгі мөлшерлемесінен бастап белгіленген эмиссияға қол жеткізуге дейінгі өтініштерінің қабылдануы арқылы белгіленеді. Қабылданған өтініштердің қанағаттандыры-луы аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің ең жоғары дәрежесіне сәйкес ортақ шектеулі кіріс мөлшерімен жүзеге асырылады. Қазыналық  міндеттемелердің орналасуы бойынша аукцион сәйкес эмиссия шарттары хабарланған сәтте басқа күн қарастырылмаса әдетте айына бір рет соңғы жұмыс күнінен бір күн бұрын жүргізіледі.

ҚР-ның Ұлттық Банк ноталары. ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейінгі ұсынысымен ҚР Ұлттық Банкімен белігеленеді. ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталардың орналасуы мен ұсынылу тізбегі МЕККАмдардың орналасуы мен ұсынылуы шарттарымен бірдей. Аукционнның өткізілу мерзімі және эмиссиялардың көлемі ҚР-ның Ұлттық Банкісімен реттеледі және аукцион шарттарында хабарланады. Олар ақша-кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бастап шығарылып келеді.

Ұлттық жинақ  облигациялары– 1 жылдық мерзіммен МЕККАМдар-дың 3 жылдық ұсыну мерзімінің кірісіне байланысты тоқсан сайынғы купондық мөлшерлеменің өзгерілуімен  ҚР қаржы министрлігімен белгілене-ді. Облигацияның номиналды құны -1000 теңге. Облигациялар құжатсыз формада  шығарылады. ҰЖО Меккамға және НОТқа қарағанда номиналды бағамда тоқсанына бір рет енгізіліп, купонмен төленеді. Барлық инвесторлар облигацияларды сатып алуға өтініш ұсыну арқылы Қаржы агенттіктері арқылы қол жеткізеді. Қаржы агенттіктері (ҰЖО-ны тарату бойынша эмитентпен басты келісім-шартқа қол қойған алғашқы дилерлер) субдепозитариялардың қызметін орындайды. Эмиссия көлемі және жазылу мерзімі ҚР Қаржы министрлігімен реттеледі және жазылу шарттарында хабарланады. Қазіргі таңда ҰЖО-ға жазылу тоқсанына бір рет өткізіледі. 

Айналыс мерзімі 7жыл және өтеу күні 2007 жылғы 11мамыр, бастап-қы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағазда-ры- Еурооблигациялар [16, 452-456 б].

 

  1- кесте. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаз түрлері

 

Түрі

Шығару мақсаты

Орналастыру тәсілі

Айналыс мерзімі

Номинал құны

Ұлттық банктің қысқа  мерзімді нотасы

Айналыстағы ақша массасын реттеу

Аукцион/сату

7 күннен 90 күнге дейін

100 теңге

Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы

Еркін өзгермелі валюта бағамы-на өтуге байла-нысты жинақ  зейнетақы қор-лардың активте-рін  қорғау

Ноталар портфелін жинақ зейнетақы қорларымен айырбастау

 

35 күн

 

 

100 АҚШ доллары

Арнайы валюталық мемлекеттік  облигациялар «АВМЕКАМ»

Жинақ зейнета-қы қорлардың  активтерін қорғау

Мемлекеттік облигациялар портфелін  жинақ зейнет ақы қорларымен айырбастау

 

5 жыл

 

100 АҚШ доллары

Мемлекеттің арнайы қазынашылық  міндеттемесі «МЕАКАМ»

Ұлттық банкке

Үкіметтің қарызын

 

Қайта рәсімдеу

 

10 жыл

 

1000 теңге

Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемесі «МЕКАВМ»

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

 

    Аукцион

 

3, 6, 9 және 12 ай

100 АҚШ доллары

 

 

Мемлекеттің индексацияланатын  қазынашылық міндеттемесі «МЕИКАМ»

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

 

Аукцион

 

3 ай не одан жоғары

 

1000 теңге

Мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемесі «МЕОКАМ»

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

 

Аукцион

 

2 және 3 жыл

 

1000 теңге

Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық

Міндеттемесі «МЕККАМ»

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

 

Аукцион

 

3, 6, 9 және 12 ай

 

100 теңге

Мемлекеттік ішкі зайымдық ұлттық жинақ облигациялар.

Республикалық

Бюджеттің ағ-ымдағы тапшы-лығын  қаржы-у

 

Жазылу жолымен

 

364 күн

 

1000 теңге

Ескерту: Мақыш С. Б. "Ақша айналысы және несие " оқу құралынан алынған





            

Мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығына қарай үш түрге  бөлінеді:

─Дисконттық , мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторлар-

ға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

         ─Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 – 4 ретке дейін төленеді.

─Аралас, яғни купон жене дисконт түрінде қатар табыс әкелетін баға-

лы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады [18,194-196 б].

 

 

  1.2  Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері

Мемлекеттік бағалы қағаздар- бұл мемлекеттің ішкі нарықтағы шығар-ған ұзақ мерзімді бағалы қағаздары болып табылады. Бағалы қағаздарды ай-налысқа шығару- эмиссия- бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелері-не  инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.

 Бағалы қағаздарды шығарып,  оны айналымға түсірушіні эмитент  деп атайды.

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына түрде  жүзеге асырылады:

Біріншіден, қоғам құрып, олардың  акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;

Екіншіден, қоғамның алғашқы  жарғылық капиталының көлемін жаңадан  акция шығарып өсіргенде;

Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің мемлекеттік органдардың  немесе жергілікті әкімшіліктердің  облигация және басқа қаржы міндеттемелерін  шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшы-лар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы  иемденуші инвестициялық институттар  әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға  сату тәртібін түсіндіретін эмиссия  проспектісін алдын-ала шуғаруы  тиіс. Оны ақпара құралдарында жариялау міндетті.

Эмисия проспектісінің бірінші  тарауында эмитент туралы жалпы  деректер, яғни эмитенттің аты мен  ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің  дұрыстығына жауапты адамның  аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында  инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық  саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша  жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында  бағалы қағаздарды шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында:

─Кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;

─Шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;

─Акция сатуды бастау және аяқтау күндері,

─Бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны;

─Бағалы қағаздарды сату түрі;

─Кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;

─Эмитенттің адресі мен телефоны бар.

Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы басқарушылардың  аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар  басқарушылардың қазіргі уақыттағы  жұмыс лауазымды  мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны, оның ішіндегі басқару органынан тыс жердегі қызмет туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы  бағалы қағаздардың бастапқы рыно-

гында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тап-

сыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының  кәсіби қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.

Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбінесе мемлекеттік бағалы қа-ғаздардың ( МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыш-тың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыандыруды қамтама-сыз ету мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндет-темелер мен ұлттық жинақ ақша облигациялық міндеттемелерін шығарады.

1994 жылдың бірінші жартысында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары-ның шығарылымы басталды [15, 370-375 б].

Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға  байланысты:

Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың  эмитенті – Қаржы Министрлігі;

Екіншіден, Ұлттық банк – оның қаржы  агенті, сонымен бірге мемлекеттік  бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар  мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын  анықтаушылар. Мемлекеттік бағалы қағаздар:

─Мемлекеттік қазыналық вексельдер;

─Мемлекеттік қазыналық облигациялар;

─Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;

─Жекеменшіктендіру купондары.

Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облига-цияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржны толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.

   Алғашқы мемлекеттік бағалы  қағаздар үш айлық қазынашылық  міндет-мелер- МЕККАМ болды.Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткі-зудің мерзімдері тұрақсыз, шамамен айына 1рет болды, жыл соңына қарай олар апта сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ-ларын орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.

1998 жылы қайта қаржыландыру  мөлшерлемесі бойынша бюджет  тап-шылығын жабуға Үкіметке Ұлттық  банк беретін кредиттер доғарылған  бола-тын және Ұлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы онжылдық облигацияларға- МЕАКАМ-ға қайта рәсімделді.

1999 жылы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режі-міне көшуі инвесторлардың МБҚ-ға деген ынтасын төмендетті.1999 жылы МЕККАМ-ның эмиссиясы 38,5 млн. теңгені құрады, бұл 1998 жылға қараған-да 1,8 есе төмен болды. 2010 жылдың қыркүйек айында оның көлемі 184896 млн. теңгеге тең болып, тиімді кірістілігі 2,79%-ды құрады.МБҚ рыногын қолдау үшін Қаржы министрлігі қысқа мерзімді валюталық бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай-ақ арнаулы валюталық облигацималар- ды АВМЕКАМ-ды шығаруды жүзеге асырды.

МБҚ рыногының дамуы сандық өсуімен ғана емес, сонымен брге терең саапалы өзгерістерге де ұшырады. Мемлекеттік бағалы қағаздар спектрінің кеңейуі қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың айналыс мерзімдерінің артуымен де қосарланып отырды. 1994-1995 жылдары тек қысқа мерзімді дисконтталған 3, 6, 12 айлық бағалы қағаздар шығарыл-ды, 1997 жылдан бастап орта мерзімді, купондық және инфляция бойынша немесе айырбастау бағамы бойынша индекстелген бағалы қағаздар шығарыл-ды. Соның ішінде 1997 жылдан бастап Қаржы министрлігінің екіжылдық дисконтталған бағалы қағаздары-МОЕКАМ-24, 2000 жылдан 18-айлық инде-кстелген МЕИКАМ-18 және үшжылдық дисконтталған МЕОКАМ-36 бағалы қағаздары шығарылды. 2001 жылы Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 36, 48 және 84 айлық бірқатар жаңа мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), айналыс мерзімі 48және 60 айлық мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. 2010 жылы МЕОКАМ- ның көлемі 475670 млн. теңгеге тең болып, тиімді кірістілігі 6,3%- ды құрады.

2002жылы еврооблигацияларды және жергілікті атқарушы органдар-дың бағалы қағаздарын есепке алғанда мемлекеттік бағалы қағаздар шығары-лымының көлемі номиналдық құны бойынша 266 млрд. теңгені құрады, бұл 2001 жылға қарағанда 81,8%-ға көп (146,3 млрд. тг).

2002 жылы теңге бағамының тұрақтануы, қайта қаржыландыру мөл-шерлемелерінің бір жылда 9%- дан 7,5%- ға дейін төмендеуі теңгеге номи-

налданған мемлекеттік  қазынашылық  бағалы қағаздар шығарылымының өсуіне жағдай жасайды. Орта мерзімді бағалы қағаздар нарығының спектрі едәуір кеңіді: МЕОКАМ шығарылымының жиынтық көлемі бір жылда 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсті. Бір жылда сомасы 5,1 млрд. тг мемле-кеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысқа шығарылды, оның 41,9%  айналыс мерзімі 24 айды құрайтын МЕИКАМ алады.

Сыртқы борышқа қызмет етуі үшін Қаржы министрлігі еврооблигация-ларды айналысқа шығарады, олардың айналысы  2003жылдың 1қаңтарына 101,1 млрд. теңгені құрады.