Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау
Кіріспе
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде, олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр.
Автокөліктін сапасын бағалау жүйесі Әдістемелік әзірлеме негізі көліктің бағасы мен,яғни шыққан жылы,алғашқы бағасы,жұргені және техникалық жағдайымен байланысты.
«Автокөліктердің өзіндік тозу есебі мен техникалық жағдайын көрсету кезіндегі автокөліктің құнын анықтау бойынша әдістемелік басқару» құжаты негізінде автокөліктің бағалауын жүргізеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- Елімізде бұл бағалау түрінің дамып жатқанына байланысты әдіс тәсілдерін тозу құнына байланыстыру. Көліктер мен жабдықтарды бағалаудың қағидаларын, тәсілдерін және олардың сыныпталуын танып білу.
Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді атқаруды алға қойдық:
- Бағалаудың өзіндік ерекшеліктерімен толық танысу
- бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органдарына талдау жасау
- Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістерімен танысу
- Сондай –ақ курстық жұмыстың объектісі – Автокөліктің сапасын бағалау
Әртүрлі жағдай үшін құнды анықтау кезінде ұсынылатын әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі анықталады,яғни:
•Кәсіпорындағы көлік
• Кепіл ретніде көлік құралын қолдану кезінде;
• Мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін;
• Салық салу есебін жүргізу мақсаты үшін;
Берілген әдістеме заңдылықтар
мен құқықтық норма талаптарына
сәйкес міндетті орындалуы керек.Автокөлік
құралдарын бағалау бірнеше кезеңдерден
тұрады.Бағалаукезеңдері.
1 АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау
ҚР Азаматтық кодексінің 117 – бабына сәйкес бекітілген:
«Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен–теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі [1].
Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы болып жолмен адамдарды, жүк пен құрал – жабдықтарды алып жүретін құрылғы табылады. Көлік құралының құрамына механикалық көлік құралдары, тіркемелер, мопедтер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осыған ұқсас сипаттағы басқа да көлік құралдары кіреді. Механикалық көлік құралдары құрамына автокөлік құралдары, мотокөлік құралдары, троллейбустар, трамвайлар, әртүрлі тракторлар, өзі жүретін көлік құралдары. Мем СТ 25 478-91 сәйкес автокөлік құралдарына жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар және автопоездар [10].
Автокөлік құралы – қозғалтқыш
арқылы қозғалатын, жалпы жол жүйесінде
адамдарды, жүк пен құрал –
жабдықтарды алып жүретін, сонымен
қатар жеке өзінің 400 кг-нан астам
салмағы бар құрылғы. Жүктелген
салмағы автокөлік құралының
толық жүктелген (жанармаймен, майлармен,
суытқыш сұйықтармен және т.б.) және
комплектіленген салмағымен (қосымша
дөңгелектерді, құрал – саймандарды
және т.б.) анықталады, оған тек үстіндегі
жүгі, жолаушылар, жүргізуші салмағы
кірмейді. Автакөлік құралдары жолаушы,
жүк және арнайы көлік болып бөлінеді.
Жолаушы көлігінің құрамына жеңіл
автомобильдер және автобустар кіреді.
Жүк автокөлік құралдарына
Жеңіл автомобиль – жүргізуші орнын есептемегенде, отыратын орны
8 –ден аспайтын және
жолаушыларды тасымалдауға
- ерекше кіші (1,2 литрге дейін);
- кіші (1,3-1,8 л);
- орташа (1,9-3,5 л);
- үлкен (3,5 литрден жоғары);
- жоғары (регламентелген).
Автобус – жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны 8–ден астам және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Автобустар қалалық, қала сыртындағы, қалааралық және туристік болып бөлінеді.
Жүк–жолаушы автомобилі –
жүргізуші орнын есепке алмағанда,
отыратын орны 3–тен аспайтын және
жүк тасымалдауға арналған жабдықталған,
платформасы бар автокөлік
Жүк автомобилі – жүкті
тасымалдауға арналған автокөлік құралы.
Жүк автомобилі борттық автомобиль,
сонымен қатар тіркемесі бар
автомобиль (борттық тягач ), жартылай
тіркемесі бар автомобильдік
тягачтар, самосвалдар және арнайы
автомобильдер болып бөлінеді. Жалпы
жүк автомобильдерін толық
- 1,2 тоннаға дейін;
- 1,3-2,0 тонна;
- 2,1-8,0 тонна;
- 9,0-14 тонна;
- 15-20 тонна;
- 21-40 тонна;
- 40 тоннадан жоғары.
Арнайы автомобиль – жартылай тіркеме немесе тіркемесі бар, жүктің белгілі бір түрін ғана тасымалдауға арналған және осыған байланысты арнайы жанағы бар жүк автомобилі. Арнайы автомобильдерге фургоны бар автомобильдер (жалпы мақсаттағы, изотермиялық, рефрижираторлар, нанға, жиһазға, киімге, жануарларға және т.б. арналған) немесе цистернасы бар автомобильдер (сұйық және шашыранды жүкке арналған), контейнеровоздар, ауыстырылатын (алынатын) жанағы бар автомобильдер, ұзын өлшемді жүкті тасымалдауға арналған автомобильдер, ауыр көтергіш автомобильдер, панелевоздар, блоковоздар, фермовоздар, плитовоздар, балковоздар, сантехкабиновоздар, құрылыс қоспаларын және ерітінділерді тасымалдаушы автомобильдер және т.б. жатады.
Жеке қызмет автомобилі – арнайы қызметті орындауға арналған және осыған байланысты арнайы жабдықталған автомобиль. Жеке қызмет автомобильдеріне өрт сөндіру автомобильдері, автокрандар, компрессорлық бекітпелері бар автомобильдер.
Тіркеме – қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тартқыш-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.
Жартылай тіркеме – қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тірек-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.
1.2 Бағалау барысындағы көлік құралдарының жіктелуі
Көлік құралының агрегаты жоюға немесе толық жөндеуден өткізуге бағытталады [11], егер:
-1- базалық және негізгі
бөлшектер агрегатының толық
бөлшектеп, жөндеуді талап
-2- агрегаттың жұмыс
қабілеттілігін техникалық
Ағымдағы жөндеу базалықтан басқа барлық бөлшектерді қалпына келтіру немесе ауыстыру арқылы агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
1-кесте
Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
Р/с |
Агрегаттары |
Базалық бөлшектер |
Негізгі бөлшектер |
Жинақталған тіркеу картері бар қозғалтқыш. |
Цилиндрлер блогы |
Цилиндрлер бастиегі, буынды білік, маховик, қайта бөлетін вал, тіркеу картері | |
Беріліс қарабы |
Беріліс қарабы картеры |
Картердің жоғарғы қақпағы, беріліс қарабының ұзартқышы, бірінші, екінші және аралық білік | |
Гидромиханикалық беріліс |
Механикалық редуктордың картері |
Қос фрикционның корпусы, бірінші, екінші және аралық біліктер, турбиндық және сорғыш дөңгелектер. | |
Кардандық беріліс |
Кардандық біліктің құбыры (құбырлары). |
Фланец-вилка, сырғанау вилкасы | |
Артқы белдік (задний мост) |
Артқы белдік картері |
Жарты ось қаптамасы, редуктор картеры, мойынтірек стаканы, дифференциал чашкалары, дөңгелік күпшегі, тежеуіш барабаны немесе диск, дөңгелек редукторының жетектегіші | |
Алдыңғы ось (передняя ось) |
Алдыңғы ось арқалығы немесе тәуелсіз аспаның көлденең жақтауы |
Бұрылыс цапфа, дөңгелік күпшегі, шкворень, тежеуіш барабан немесе диск. | |
Рульдік басқару (управление) |
Рульдік механизм картері, гидрокүшейткіш золотнигінің картері |
Ілмек білігі, червяк, рейкапіспек, шарикті гайканың бұрамасы, гидрокүшейткіш сорғышы корпусының қақпағы | |
Жук автомобильінің кабинасы және жеңіл автомобильдің жанағы |
Кабина немесе жанақ каркасы |
Есік, қанат, радиатора облицовкасы, капот, багажник қақпағы | |
Автобус жанағы |
Қаңқа негізі |
Еден қаптамасы, шпангаут | |
Жук автомобилінің платформасы |
Платформа негізі (Основание платформы) |
Көлденең жақтаулар, арқалықтар | |
Рама |
Лонжерондар |
Көлденең жақтаулар, кронштейндар, серіппегіш | |
Автомобиль платформасының көтергіші құрылғысы |
Гидравликалық көтергіштің корпусы, қуаттылықты таңдау қорабының картеры |
Қуаттылықты таңдау қорабы сорғышының корпусы |
1.3 Көліктер мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі
Құнды бағалау ғылым ретінде экономикалық теория мен шектес ғылымдардың бірқатар негізгі ережелеріне негізделеді. Құнды бағалағанда міндетті түрде есепке алынатын постулаттар нысанындағы бұл ережелерді бағалаудың жалпы экономикалық қағидалары деп атайды. Бағалаудың жалпы экономикалық қағидалары мазмұнды аспектісінде мүліктің барлық түрлеріне бірыңғай болып табылады, бірақ сол уақытта көліктер, жабдықтар мен көлік құралдарына қолдануға сәйкес олардың тәжірибелік түсіндірілуі жылжымайтын мүліктен өзгеше өзгеріледі.
Бағалау қағидаларын үш топқа бөлуге болады:
- мүлік иесінің көзқарасына негізделген қағидалар;
- объекттің қызмет ету және де мүліктің басқа да объектілерімен байланысына негізделген қағидалар;
- нарықтық ортамен байланысты қағидалар.
Бірінші топқа мүлік иесінің көзқарасына негізделген қағидалар жатады.
Пайдалылық қағидасы объект құнының негізгі критерийсі болып оның пайдалығы табылады, яғни адамдардың қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. Оны қысқаша былай келтіруге болады: пайдалылық бар болса – құн бар, пайдалылық жоқ болса – құн жоқ. Бағаланатын объект пайдалылығын зерттеу — кім үшін, қандай мақсаттарға және қандай қасиеттерге байланысты осы объект қызығушылықты тудыратынын , кім оның мүмкін сатып алушысы (инвестор), болашақта объект пайдалылығы калай өзгеруі және қандай себептерге байланысты екенін анықтау.
Орынбасу қағидасы мүмкін болатын сатып алушы ұсынуға дайын объект бағасы нарықта қалыптасқан арналуы мен тұтынушылық қасиеттері ұқсас объект бағаларынан артпайтын деген тұжырымнан шығады. Осы қағида негізінде бағалау тәжірибесінде кең таралған салыстырмалы тәсіл (ұқсас және пара-пар объектілердің нарықтық бағаларымен салыстыру арқылы құнды анықтағанда) қалыптасқан.
Күту қағидасы сатып алушының (инвестор) болашақта осы объектіні иеленуден табыс (пайда) алуды күтетін өзінің қаражатын объектіні сатып алуға немесе өндіруге жұмсауы. Осы қағида болашақта объектіні қолданудан алатын табыстар және сатып алушы (инвестор) салған капиталынан түсетін табыс нормасына негізделген объект құнын ағымды уақыт аралығында анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы бағалаудың табыс тәсілін іске асыру әдістемелік негізі қалыптасады.
Екінші топқа объекттің қызмет ету және де мүліктің басқа да объектілерімен байланысына негізделген қағидалар жатады.
Өндіріс факторлары әсерінен құнның қалыптасу қағидасы келесіге негізделеді.Бағаланатын көлік кешені , оның көмегімен қандай да бір өнім өндіріледі немесе қандай да бір жұмыс орындалатын кәсіпорын өндіріс жүйесіндегі ішкі жүйе ретінде қарастырылады. Таза табыс — барлық төрт факторлардың әрекеттесу нәтижесі, сондықтан табысты бағалау негізінде барлық өндіріс жүйесінің құны анықталады. Көлік кешенінің құнын бағалау үшін оның барлық жүйені қалыптастырудағы бөлігін (үлес) анықтау арқылы немесе қалдық тәсілін қолдану арқылы, яғни ізделіп отырған кешен құны барлық жүйе құнынан басқа активтер (жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, материалдық емес активтер және гудвилл) құнын алып тастау арқылы анықталады.
Үлес қағидасы көліктер мен жабдықтарға қатысты қолданылады, оның негізі мынада объектінің қызмет теу мүмкіндігін кеңейтетін қосымша құрылғылармен объектіні жабдықтау осы құрылғыларды сатып алу мен орнату шығындар көлемі объект құнын арттыруға әкелмейді. Қосымша құрылғылардың объект құнының өсіміне үлесі осы құрылғыларды пайдаланудан объект қызметінің табысы қаншаға арттатынымен анықталады. Мысалы, егер технологиялық көлікны қосымша операцияларды автоматизациялау үшін роботпен жасақтаса, онда алынған технологиялық кешен құны оның қызмет ету табысына әсер ететін өнімділік, сенімділік, экономикалық және де басқа да көрсеткіштермен анықталады. Сонымен, көлікға кез келген қосымша элементтерді қосу алынған көлік құнының өсімі осы элементтерді сатып алу шығындарынан артық болғанда өзін ақтайды.
Теңгеру (пропорционалды) қағидасы көліктер, жабдықтар мен көлік құралдарына қатысты қолданылады, оны былай түсіну қажет көлік кешеніне кіретін барлық объектілер бір бірімен жіберу қасиетімен және де басқа да сипаттамаларымен келесілген болуы керек. Осы қағиданы сақтамағанда кешенге бір немесе бірнеше объектілерді қосу өндіріс қуаттылығын оң өсімін бермейді, демек көлік кешенінің құнын да арттырмайды.
Ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасы объект құнын бағалауын іске асыру ең жақсы және ең тиімді пайдалану шартын қанағаттандыру міндетті. Көліктер, жабдықтар мен көлік құралдарына қатысты осы қағидаға сәйкес көліктер тікелей бағытталуына сәйкес пайдаланылатыны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ережелері сақталатыны, пайдаланудың оңтайлы тәртібі сақталатыны, жұмыс персоналының сәйкес квалификациясы бар деген жорамалмен кез келген көлік бағалануы тиіс. Бұл қағиданы сақтау қиыншылықтары мына жағдайлар: бірнеше пайдалану шеңбері бар немесе көп функционалды объектілерді бағалағанда туады. Мысалға, трактор құрылыста, ауыл шаруашылық жұмыстарында, өндірістік кәсіпорындарда пайдалануы мүмкін. Трактордың табыстылығы әрбір пайдалану ортасында әр түрлі, соған сәйкес бағаланатын құн да әр түрлі болады. Тракторды бағалау үшін пайдалану ортасының негізі ретінде бағалаушы осы көлікның функционалды мүмкіндіктерінің толық іске асырылатын ортасын алады.[4]
Үшінші топқа нарықтық ортамен тікелей байланысты қағидалар кіреді.
Оған ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасы кіреді.
Ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасы – бұл жоғарыда қарастырылған үш категориялар синтезі. Ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасының анықтамасын келесі түрде беруге болады: тиімді бағалау уақытына объектіні пайдаланудан ең жоғарғы ағымды құн алуды қамтамасыз ету.
Бағалау теориясымен және тәжірибесімен үш әдістемелік негізгі тәсілдемелер жасалған: салыстырмалы, шығындық және табыстық.
Шығындық тәсілдеме — тозуды есепке алғанда объектіні қалпына келтіру не орын басу шығындарын анықтауға негізделген объект құнын бағалау тәсілдерінің жиынтығы. Құнды қалыптастыруда өте маңызды фактор – объектіні жасау мен оны сату шығындары. Шығындық тәсілдеме объектіні жасаудың толық өзіндік құнын және дайындаушы мен сатушының басқа да шығындарын міндетті бағалауын көрсетеді. Бұл тәсілді ашық нарықта кездеспейтін және жеке тапсырыстар бойынша (арнайы және уникалды жабдықтарды) жасалатын объектілер үшін қолданады. Салыстырмалы тәсілдеме — Бағаланатын объектіні ұқсас объектімен (мәмілелерде бағалар туралы ақпараттар бар) салыстыруға негізделген құнды бағалау тәсілдерінің жиынтығы. Салыстырмалы тәсілдеме жоғарыда көрсетілген орын басу қағидасынан шығады, ал оның көмегімен алынатын құн көбінесе орын басу құны деп аталады.
Табысты тәсілдеме — бағаланатын объектіден күтілетін табыстарды анықтауға негізделген объект құнын бағалау тәсілдерінің жиынтығы. Табысты тәсіл тұрғысынан бағалауды жүргізгенде қазіргі объект құнының мөлшерін анықтайтын негізгі фактор ретінде оны пайдалы қолдану мерзіміне сәйкес объектіні пайдаланудан түсетін болашақ табыстар құрайды.
2 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
2.1 БАҒАЛАУ ҚҰНЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Бағалау қызметі ғылымының
негізінде, бағалау бойынша кез
келген тапсырманы орындау үрдісін
қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар.
Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау
кезіндегі қажет негізгі экономикалық
ортақ қағидаларын қарастырайық. Олар
мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар
жүйелеріне келтіруге болады:
- иесінің мүлік туралы көзқарасымен;
- нарықтық ортамен;
- мүлікті эксплуатациялаумен.
Иесінің мүлкі туралы көзқарасымен байланысты
қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға
ие: пайдалылық, орын басу, күту.
Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің
иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың
құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды
меншіктенушіге пайдалы болған кезде
ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың
анықталуы: пайдалылық – берілген уақыт
периодтарында және берілген жерде меншік
объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру
қабілеті.
Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін
қанағаттандыра алатын және табыс әкеле
алатын барлық меншік объектілері, өзінің
әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен
байланысты. Меншік объектісі үшін оны
қалпына келтіруге кететін шығындардың
сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі
меншік объектілерінің қабілеті бірдей
болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың
анықталуы: меншіктің максималды құны
ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады.
Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік
құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік
береді.
Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты
салып, ол меншік объектілерінен болашақта
табыс күтеді. Бағаланатын құн – болашақтағы
барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың
анықталуы: күту – болашақта меншікті
иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы
құнының орнатылуы.
Нарықтық ортамен байланысты қағидалар
– бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік,
бәсеке, құнның өзгеруі.
Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік
қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі
сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне
тәуелді.
Негізгі заңдылықтар:
Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс
ұлғайса, онда бағалар төмендейді;
Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс
төмендесе, онда бағалар көтеріледі;
Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс
өссе, онда бағалар өседі;
Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс
төмендесе, онда бағалар төмендейді.
Егер нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында
сәйкестік орнатылса, бағалар тұрақты
болады. Қағиданың анықталуы: ұсыныс –
құрамындағы белгілі баға бойынша тауарлар
саны, сұраныс – белгілі баға бойынша
қажетті тауарлар саны. Сұраныс пен ұсыныс
арасындағы өзара іс – қимыл бағасын анықтайды.
Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті
сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын
жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен
сатып алушылар арасында, жылжымайтын
мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады.
әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда
бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген
бәсекені ынталандыру тенденциясы бар.
Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды
туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы
пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін
қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген
нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің
төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей
бастайды.
Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері
әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді
пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше
сектордың әсерінен өзгереді және олар
тозады, техника, технология және шикізат
базасы өзгереді. Экономикалық шарттар
жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының
көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды.
Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді.
Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу,
тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді.
Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі
мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне
әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы:
мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты
болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп
тұрады.
Эксплуатациядағы мүлікпен байланысты
қағидасы - берілген топ мынандай факторлар
қағидасын ұсынады: өндірістік, қалдық
өнімділік, салымдық, баластандырылған,
неғұрлым тиімді пайдалану.
Өндіріс факторларының қағидасы. Мүліктік
кешен өндірістік жүйе болып табылады.
Оның табыстылығы төрт фактормен анықталады:
менеджментпен, еңбекпен, капиталмен және
жермен. Таза табыс – осы барлық төрт фактордың
нәтижесі болып табылады. Сондықтан табысты
бағалау негізінде барық жүйелердің құны
анықталады. Мүліктік кешенді бағалау
үшін барлық жүйелердің табысын құрудағы
әрбір фактордың үлесін білу қажет.
Қалдық өнімділіктің қағидасы. Жердің
құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі
жатыр.экономикалық қызметтің кез келген
түрі келесідей факторлардың болуын қажет
етеді: менеджмент, еңбек, капитал және
жер. әрбір фактор берілген қызметпен
жасалатын таза табыстардан төленуі тиіс.
Сөйтіп, қалдық өнімділігі, еңбек және
капитал эксплуатациясына және менеджменттің
шығындары өтелгеннен кейін, жер теліміне
қосылғн таза табыспен анықталады.
Салым қағидасы – кез келген бір жаңа
факторларды ендіру нәтижесінде шаруашылық
объект құнының өсім сомасы. Салымның
анықталуы: шаруашылық объектілерінің
құнының ұлғаймалы немесе төмен сомасы.
Сөйтіп, мүліктік кешенге қосымша активтерді
қосу тиімді болады, егер олар мүліктік
кешеннің нарықтық бағасынан жоғары болса.
Мүліктік кешенге кез келген қосылған
элементтер өтеледі, егер мүліктік кешен
құнының өсімі, бұл элементтерді алуға
кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда.
Баланстандырылған қағидасы. өндіріс
факторлары экономикалық баланстандырылған
болса, онда меншік объектісінің құны
максималды болады немесе сақталады.меншік
объектілерінің құны төрт элементтердің
баланстандырылуына тәуелді: рентаға,
еңбекке, капиталға, басқару координациясына.
Ең жоғарғы табысты қамтамасыз ететін
әрбір меншшік объектісі үшін теоретикалық
тепе-теңдік нүктесі бар. Қағиданың анықталуы:
кез келген меншік объектісіне өндірістің
әр түрлі факторларының оптималды сомасы
сәйкес келеді. Олардың бір – біріне сай
болуы арқылы мүліктің максималды құны
пайда болады. Сөйтіп, әр түрлі мінездеме
бойынша, мүліктік кешенді құрайтын үлестер
бір – бірімен келісуі керек. Мүліктік
кешен кез келген бір элементті қосу, берілген
принципті бұзу, оның құнының өсуіне алып
келмейді.
Неғұрлым тиімді пайдалану қағидасы –
барлық қарастырылған үш қағиданың синтезі
мүмкін болатын варианттардың ішінен
жеткілікті негізделген мүліктік кешеннің
функционалды мүмкіндіктерін неғұрлым
толығымен орындайтын және объектінің
ең жоғарғы құнына алып келетін, мүліктік
кешен неғұрлым тиімді пайдалану варианты
таңдалады. Құнды бағалау үшін осы вариант
қолданылады.
Бағалаудың мақсаты болып
Бағалаушы – бағалау жүргізуге
құқығы бар арнайы лицензяланған
жеке немесе заңды тұлға .Бағалаушы
сақтандыру ұйымымен тікелей келісіммен
жұмыс атқарса онда бағалау компаниясы
Қазақстан Республикасының
Бағалау объектісі –құқығы бар, бағалау объектісі.
Жылжитын мүліктің бағасын анықтау.
Жылжымайтын мүлікті бағалаудағы мәселелерді Нормативті құқықтық актілерге байланысты эксперттер тәжірбие жүзінде келесі мәселелрді шешеді:
- Транспортты бағалау
- Автокөлік апатты жағдайында нақты зақымдалған қосалқы бөлшектердің бағасын анықтау (сонымен қатар ұсақ бөлшектердің бағасын анықтау)
- Транспортқа кеткен шығындарын, соның ішінде автокөлік апаты, стихиялық апатты жағдайындағы шығындарды бағалау
- Автокөліктің әрбір зақым келген бөлшегінің шығынын анықтау
Жылжыйтын мүліктің жағдайын анықтау тапсырыс бойынша келесі ретте жүргізіледі.
Тапсырыс бермей тұрып клиент берілген үлгі бойынша заң органдарына өтініш жазады, соған сәйкес сақтандыру компаниясы мүліктің қандай жағдайда екніне анықтама береді
Автокөлікті бағалауда келесі құжаттар талап етіледі:
- Көліктің техникалық куәлігі
- Агрегатпен байланыстыра отырып техникалық паспорттың номерін салыстыру
- Спидометірлік көрсеткіш
- Бөлшек түйіншіктерінің агрегаттық бұзылу дәрежесін анықтайтын құжат
- Фотосурет материалдары
Фото сурет келесі түрде жасалады
Мысалы; автокөліктің алдыңғы бөлшегіне зақым келген жағдайда оның міндетті түрде алдынғы жағын сол жақ шетін оң жақ шетін және автокөліктің мемлекет ішіндегі номерін фото суретке бейнелеу керек (содан әрбір зақым келген бөлшекті жеке фотосурет жасау керек)
«Автокөлік сатып алу үшін» бағдарламасы «БТА Банк»
Мақсатты пайдалану: |
Заемдар жаңа, сондай-ақ пайдаланылған автокөліктерді сауда ұйымдарынан және арнайы рыноктардан сатып алу үшін беріледі. Осы бағдарламаның шеңберінде берілген заемды мақсатты пайдалану міндетті болып табылады және қадағаланады. |
Мақсатты топ: |
Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері, олардың Банктің жалақы жобасына қатысу /қатыспауына байланысты емес. |
Кредиттеу мерзімі |
3 айдан 7 жылға дейін. |
Сыйақы мөлшерлемесі: |
автосалоннан сатып алынатын автомобиль кепіліне – теңгемен 15,5% СТЖМ 17,1%-дан, доллармен - 13,0%, тиімді 14,2%-дан рынокта сатып алынатын автокөлік немесе жылжымайтын мүлік кепіліне – теңгемен 16,5%, тиімді 18,2%-дан, доллармен - 14,0%, тиімді 15,3%-дан |
Кредит валютасы |
Теңге, АҚШ доллары |
Заем сомасы |
өтініш
берушінің төлеу |
Бастапқы жарна |
автокөлік
құнынан 30%-дан кем емес (автосалондар
желісі және «Astana Motors» мен «Mercur»
компанияларының |
Табысты құжатпен растау |
- өз қаражатымен
50%-дан жоғары қатысу Клиенттерді «Astana-Motors» және «Mercur» автосалондары арқылы автомобильдерді сатып алу үшін кредиттеу кезінде: - өз қаражатымен
50%-дан жоғары қатысу |
Кредит бойынша қамтамасыз ету: |
Банк
талаптарына сәйкес сатып алынатын
автокөлік, сондай-ақ Банк талаптарына
сай қамтамасыз етудің басқа түрлері. |
Сақтандыру |
Мүліктік сақтандыру (кепіл мәнін) қолданыстағы тарифке сәйкес іске асырылады |
Кредит өтінімін қарастыру мерзімі |
3 жұмыс күні. |
Сатып алынатын автокөліктің пайдаланылған мерзімі бойынша шектеулер:
ТМД елдері, Қытай, басқа елдер – 3 жылға дейін.
Корея, АҚШ – 7 жылға дейін.
Жапония, Еуропа – 10 жылға дейін. [6]
2.2 Автокөлік сапасының физикалық тозуды анықтаудың бағалық тәсілдерін талдау
Нарықтық құнды шығындық тәсілмен анықтау үшін қалпына келтіру құнынан барлық тозу түрлерін алып тастайды.
Қалпына келтіру құны (қайта өндіру,
орнын басу, алғашқы құны) дайындаушы
заводтардың бағасы немесе дилерлер
бағасы негізінде алынған
Шығарылатын автомобильдердің ағымды
сатылар бағалары каталогтарда, прайс-қағаздарда,
басқа экспресс-жарнамаларда келтіріледі.
Жаңа шет елдік автомобильдердің
бағаларын немістік фирманың DAT каталогінде
табуға болады.. ТМД мемлекеттерінің
дайындаушы-заводтардың
Дилерлер мен дүкендердің
Жеткізу шығындары қашықтыққа, жеткізу маршруты мен тәсіліне байланысты. Оларды есептеу шығындық немесе салыстырмалы (егер жеткізу теміржол көлігімен болса) тәсілмен жүргізіледі. Көлік шығындарын бағалау үшін сәйкес компьютерлік программалар қолданылады.
Жинақталған тозуды бағалау (Т)
Автотранспорттық құралдар үшін уақытқа байланысты физикалық және моралды тозулар, ал экономикалық тозу ешқандй мәнге ие болмағандықтан, көлік құралдарын бағалау тәжірибесінде жалпы жинақталған тозу есптеледі.
Жинақталған тозуды бағалағанда есептесу тәсілі қолданылады.
Есептесу тәсіліне РД 37.009.015-88 құжатында
отандық автомобильдерді
Т = И1 х Пф + И2 х Дф

- Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
- Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
- Бағалы қағазда
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Багатства надр України та їх використання
- Баға және бағаны белгілеу
- Баға және кәсіпорынның баға саясаты
- Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі
- Баға жүйесі және оның классификациясы
- Баға құралуының теориялық аспектілері
- Бағалар индекс