Баға жүйесі және оның классификациясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1. Баға жүйесі және оның классификациясы...............
2. Бағаның атқаратын функциялары...................
3. Баға белгілеу әдістері......................
4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс.
Рефераттың басты мақсаты: баға жүйесі және баға белгілеу, оның жіктелуі туралы негізгі теориялық аспектілерді қарастыру, фирмадағы баға саясатын және баға стратегиясын қарастыру.
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Баға құрудың негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
- Баға жүйесі және оның классификациясы
Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады. Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.
Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
- Баға теориясы;
- Баға жүйесі;
- Баға саясаты;
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.
Баға механизмі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты.
Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады. Құн екі жақты сипатталады:
- Сандық;
- Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі. Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:
- Сұраныс және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;
- Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;
- Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;
- Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал, үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өз-ара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
- көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ірі партиялары сатылады;
- бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар индивидуалдық сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;
- тарифтер көрсетілген қызметтер үшін (телефонды пайдаланған үшін, электрқуаты, газ, су үшін, пәтерді жөндеушіге) төленетін баға;
- сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.
Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл –базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын – энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.
Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:
- Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
- Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.
Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.
Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.
А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:
- Көтерме сауда бағасы;
- Бөлшек сауда бағасы;
- Сметалық құн – құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу үшін баға;
- Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері.
Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:
- Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
- Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
- Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ –да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.
В. Бағаның қойылу әдісі бойынша:
- Қатаң (тұрақты) баға - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
- Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
- Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
- Сырғымалы баға - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.
Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:
- Тұрақты- әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі;
- Маусымдық – маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
- Баспалдақты– белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:
- Анықтамалық – каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады;
- Прейскуранттық – сатушы фирмалардың прейскурантарында жарияланатын аныктамалық баға түрі;
- Есеп айырысу бағасы – жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады.
Е. Нарық түрлеріне байланысты:
- Аукциондық— тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашык сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
- Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
- Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.
Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:
- Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.
З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:
- Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.
- Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.
Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:
- Сатып өткізуді қамтамасыз ету;
- Пайданы максималдау;
- Нарықты ұстап тұру.
Бірінші мақсат – нарықта ұқсас тауар өндірушілер көп жағдайда, қатаң бәсекелестікте іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда қажет;
- Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
- Фирма, бір тауарға шығындарды төмендету жолымен,
Пайданың жалпы көлемін жоғарлату және сату көлемін максималдауға бағыт алуға талпынуы;
- Тұтынушылар нарығының кең көлемде болуы.
Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз ету –ену бағасы арқылы жүргізіледі.
Екінші мақсатқа - оның бірнеше вариантары бар:
- Фирманың бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі пайдаға жетуіне талпынуы (сол кезеңде фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты жоғары, дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт алуы)
- Пайданың орташа нормасы негізінде бірқалыпты түсімді бекіту. Бұл, өз өнімдеріне ұзақ уақыттық бірқалыпты және өзгеріске ұшырамайтын сұранымы бар, өндірісі қалыптастырылған алдыңғы қатарлы фирмалар үшін қолданылады.
- Күрделі жұмсалымның өсуіне байланысты бағаның өсуі, яғни, жаңашылдық енгізу сипатында болуы мүмкін. Бұл жоғары немесе өсіп келе жатқан сұранымға ие өнімдер өндірісін кеңейтуді іс-жүзіне саырушы фирмаларға тән.
Баға, бәсекелестік жағдайында
ғана жоғары іс-әрекетке ие бола алады.
Бәсекелестіктің жоғарғы
- Бағаның атқаратын функциялары
Бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
- Есептік өлшемдік;
- Қайта үлестіру;
- Ынталандыру;
- Баланыстық / теңестіру;
- Өндірісті орналастыру.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы
ретінде активті түрде
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
3. Баға белгілеу әдістері
Фирма баға белгілеуде келесі әдістерге жүгінуі мүмкін:
1 Өзіндік құнға негізделіп құрылған баға тауардың өзіндік құнына стандартты үстемені белгілеу арқылы қойылады.
2. Шығынсыз
принципіне жүгінетін баға
Шығынсыз көлем = ------------------------------
Егер компания мақсатты
3. Тауар құндылығы негізінде баға белгілеу. Баға белгілеудің бұл әдісінің негізін сатушының шығыны емес, тұтынушының тауарды қабылдау құндылығы құрайды.
Тауар құндылығы негізінде баға белгілеу өзіндік құнға негізделген баға белгілеумен салыстырғанда кері процесті құрайды.
Өзіндік құнға негізделген баға белгілеу
Құндылықтар негізінде баға белгілеу
4.Бәсекелестердің
Ағымдағы баға деңгейлері негізіндегі баға белгілеу әдісінде компания өз бағасын меншікті шығындар мен сұранымға байланысты емес, бәсекелестердің баға деңгейлеріне қарай қояды. Мұнда компания бағасы бәсекелестермен салыстырғанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Олигополиялы салалрда әдетте баға деңгейлері бірдей болып келсе, шағын фирмалар нарық лидеріне қарай бағытталады.
Жабық сауда негізінде баға белгілеу барысында компания қандай да бір контрактіге қол жеткізу үшін баға деңгейін бәсекелестермен салыстырғанда төменірек етіп қояды.
4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы
Кәсіпорынның баға саясатының мәні
бұл бағаның ұтымды деңгейін және
құрылымын қалыптастыру, қолдау, және
нарық жағдайында мүмкін болатын
мол табысқа қол жеткізу
Баға нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кәсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді.
Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мәселесі – бұл олардың тіршілік және жақсы тұрмыс халінің көзі. Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кәсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кәсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады. Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.
Кәсіпорындарда белсенді және пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын және неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бәсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады. Сондықтан, бағаның көмегімен, кәсіпорын бәсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады.
Пассивті баға саясатын ұстанған кәсіпорындар, нарықтағы үлесіне ұзақ мерзімде келіседі және баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады. Пассивті баға белгілеу – бұл баға деңгейін дәлме – дәл шығынға негізделген әдістер негізінде әлде бәсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.
Құндылыққа негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін жасалынған құндылықпен компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан, құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.
Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кәсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кәсіпорынның қандай да бір мақсатының нәтижесіне әр түрлі әсер етеді, мысалы: пайда шамасына, айналым көлеміне және т.б.. Төтенше жағдайларда ғана кәсіпкерлік қызметтің бір мақсаты басым болады. Жалпы күнделікті шаруашылық әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
Аталған баға саясаты мақсаттары әр түрлі уақытта, әр деңгейдегі бағамен, жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас әр түрлі болғанымен, олардың барлығы кәсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына қызмет етеді.
Баға белгілеу стратегиясының жіктелуі. Баға белгілеу құрылымы тауардың өмірлік кезеңіне байланысты. Компания бағаларға сұраным мен шығындар деңгейлеріне және нарықтағы әртүрлі ситуацияларға қарай өзгерістер енгізіп отырады.
Жаңа тауарларға
баға белгілеу стратегиялары.
Әдетте иммитатор-тауарға,
Жаңа иммитатор-тауар
шығарып отырған фирманың
- премиялы үстеме стратегиясында компания сапасы өте жоғары тауарына сәйкесінше жоғары баға белгілейді;
- үнемдеу стратегиясында сапасы төменірек және бағасы да арзан етіп қойылады;
- жоғары құндылықты стратегияны қолдануда компания премиялы үстемені қолданып отырған бәсекелес компанияға шабуыл жасайды;
- қымбат баға белгілеу стратегиясында компания тауардың сапсына қарай бағасын да жоғарырақ етіп қояды және бұл әдетте тұтынушыларды жалған сапамен ғана қызықтырады да түбінде тұтынушылар бұл тауардан алшақтай бастайды.
Нарыққа патентпен қорғалған абсолютті жаңа тауар алып шыққан фирманың алдында екі стратегия бар: қаймағын алу стратегиясы мен нарыққа мықтап ену стратегиясы.
Қаймағын алу стратегиясын қолдануда нарықтың барлық сегменттерінен максималды пайдаға жету үшін бастапқы баға жоғары етіп қойылады.
Нарыққа ену стратегиясын қодануда нарыққа алғаш шығарылып отырған жаңа тауарға сатып алушылардың едәуір бөлігін қамтып, үлкен нарықтық үлеске қол жеткізу үшін арзанырақ баға белгіленеді.
Комплектілі тауарларға баға белгілеу – бірнеше тауарларды бірге жинақтап, оларға арзан баға белгілеу.
Бағаның нарықты түзетуі, психологиялық баға белгілеу, бағадан жеңілдік.
Бағаны түзету стратегиялары
Стратегия |
Сипаттамасы |
Шегерімді және зачетты бағалар |
Бағаны тауардың ақысын алдын ала төлнегені немесе ноы коптеп алғаны үшін шегеру |
Дискриминациялы баға белгілеу |
Тұтынушылардың әртүрлі сипаттамалрына және олардың орналасуына қарай баға бекіту |
Тұтынушылардың |
Сатып алушыларға психологиялық ықпал жасау мақсатында қойылатын бағалар. |
Тұтыну құндылықтарына бағытталған баға белгілеу |
Тұтынушыларға жақсы сапалы тауарды жақсы сервистік қызмет көрсетулерді үйлестіре отырып баға белгілеу |
Өтімді ынталандыруға бағытталған баға белгілеу |
Өтімді қысқа мерзім бойы ынталандыру мақсатында бағаны уақытша арзандату |
Бағаны географиялық принципке сай белгілеу. |
Бағаларға тұтынушылардың орналасқан жерлеріне қарай түзету енгізіп отыру. |
Халық аралық нарықтарға бағытталған баға белгілеу |
Бағаларды халық аралық нарықтарда түзетіп отыру. |

- Баға құралуының теориялық аспектілері
- Бағалар индекс
- Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау
- Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
- Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
- Бағалы қағазда
- Бағалы қағаздар
- Багалы кагаздар нарыгы
- Багалы кагаздар нарыгы катысушылары
- Багатофакторні економетричні моделі
- Багатства надр України та їх використання
- Баға және бағаны белгілеу
- Баға және кәсіпорынның баға саясаты
- Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі