Бағалы қағаздар нарығы. 7



Жоспар:

 

Кіріспе.

I.                               Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Бағалы қағаздар түсінігі

Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны

Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары

 

II.                            Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.

Негізгі және туынды бағалы қағаздар

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар

Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау

 

III.                         Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы.  Елдегі  бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері

Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

 

Қорытынды

 

Қосымшалар

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.

    Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

    Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

    Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай – ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзгеде құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

    Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді және оның өзінің нарығы болуы тиіс.

    Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді.Құжатсыз бағалы қағаздың  өмір сүруінің классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжатсыз өмір сүреді.

    Инвестициялық бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және т.б)

    Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда есеп – қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

    Бағалы қағаздар түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды , меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат, лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

    Курстық жұмыс мақсаты – бағалы қағаздар түсінігі мен олардың түрлерін жіктеп, біздің еліміздегі бағалы қағаз нарығын реттеу жолдарын талдап түсіндіру.

    Курстық жұмыс міндеті:

1)                 бағалы қағаздар туралы  түсінік қалыптастыру;

2)                 бағалы қағаздар түрлерін жіктеп көрсету;

3)                 бағалы қағаздар нарығының қатысушылары жөнінде мағлұмат беру;

4)                 ҚР- дағы бағалы қағаз түрлерін көрсетіп, оларды мемлекеттік реттеу жөнінде талдау жасау.

    Курстық жұмыс құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім III тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

    I тарауда жалпы бағалы қағаздар туралы түсінік, олардың атқаратын қызметтері және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, соның ішінде, қор биржасы және өзге де қатысушылар жөнінде баянлдалды.

    II тарауда бағалы қағаз түрлері қарастырылып, олардың қасиеттерін рейтингтік бағалауға арналды.

    III тарауда ҚР- дағы қолданылып жүрген бағалы қағаз түрлері, бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуге тоқталдық.

    Курстық жұмысты жазу барысында  оқулықтар, газет – журналдар мақалалары, интернет сайттары қолданылды.

   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

1.1 Бағалы қағаздар түсінігі

    Бағалы қағаз -  бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б танылады.Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай – ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. Сонымен қоса, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. ҚР Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз - бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату - сатып алуға,эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.

    Бағалы қағаздар нарық субъектілерінің қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаз арқылы субъектілер ақша-қаражаттарға деген сұранысын, ал осы құралдарға инвестицияланған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауға бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына жатқызылады.

    Бағалы қағаздар келесідей қызметтер атқарады:

1)          экономика салалары және аялары арасында, мемлекеттер арасында, мемлекет пен халық арасында, әр түрлі халық топтары арасында ақшаны қайта бөледі;

2)          иелеріне қосымша құқық береді (капиталға құқық,басқаруға құқық, ақпаратқа құқық және т.б.);

3)          капиталға табыстың алуын және (немесе) сол капиталдың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.

     Бағалы қағаздар келесідей жіктеледі:

-экономикалық белгісіне қарай бағалы қағаздар үлестік, қарыздық,тауарлық және туынды бағалы қағаздар;

-құқықты беру әдісіне қарай олар атаулы, ұсынушылық және ордерлік бағалы қағаздар;

-шығару формасына қарай құжаттық және құжатсыз бағалы қағаздар;

-капиталды тарту мерзіміне қарай олар қысқа,орта, ұзақ және мерзімсіз бағалы қағаздар;

-айналыс территориясына қарай бағалы қағаздар аймақтық, ұлттық және халықаралық қағаздар;

-эмитент бойынша олар мемлекеттік,корпоративтік және шетелдік бағалы қағаздар;

-табыс бойынша бағалы қағаздар тұрақты табысты, бір  реттік табыс,бекітілген процент бойынша табысты,өзгермелі процент бойынша табысты бағалы қағаздар.

    Бағалы қағаздар нарығы-бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеу бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы 2 үлкен топтан тұрады-қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Сонымен қоса, инвестициялау процесіндегі орнына байланысты бағалы қағаздар нарығы алғашқы және қайталамалы бағалы қағаздар нарығына бөлінеді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары- бұл эмитенттер (бағалы қағаздарды шығарушылар-мемлекет, кәсіпорындар, банктер), инвесторлар (бағалы қағаздарды сатып алушылар), кәсіби қатысушылар(бағалы қағаздар нарығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар-брокер, дилер, кастодиан,депозитарий т.б.) және өзін-өзі реттеу ұйымдары жатқызылады.

1.2  Қор биржасының орны мен қызметі.

    Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Дәлірек айтсақ, биржа – бұл анықталған орында, көрсетілген уақытта және белгілі бір ережелерге сүйенетін жариялық сауданы жүргізетін ұйымдастырылған  бағалы қағаздар нарығының негізгі ұйымы. Биржа бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына жатқызады.

    Ең бірінші рет биржа XVI ғасырда Еуропада пайда болды. Антверпеньде (Нидерланды) – 1531 жылы, Лион, Тулузада (Франция) – 1549 жылы, Лондонда – 1.556 жылы, ал Ресейде 1703 – 05 жылдары құрылды. АҚШ – тың Чикаго қаласында 1848 жылы бірінші тауар биржасы қызмет атқара бастады.

    Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып екі топқа бөлінеді.

    Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазда алады.

    Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мезгілде жүргізіледі: ол айдың ортасы немес аяғы болуы, болмаса үш, алты  ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін  қағаздардың  бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде, мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның бағалы қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды.Биржаның жіктелімі өзінің алуан түрлілігімен сипатталады. Оны келесі кестеден көруге болады. (1- кесте)

    Қазақстандағы негізгі биржа бұл – Қазақстан қор биржасы немесе  KASE  (Kazakh asset stock exchange). KASE құрылу уақытын – 1993 жылы деп бекітілді. Оның негізгі эволюциясы:

-                     1993 жылы Қазақстан банкаралық валюта биржасы құрылды, ол тек қана шетел валютасымен сауда жүргізеді;

-                     1994 жылы Қазақстан Банкаралық валюта биржасында бағалы қағаздармен сауда – саттық жүргізді;

-                     1995 жылы биржа атауын өзгертіп “Қазақстан банкаралық валюта – қор биржасы ” деп аталды.

-                     1996 жылы “Қазақстан қор биржасы” деген атауына өзгертілді;

-                     1997 жылы биржада мемлекеттік емес бағалы қағаздармен сауда жүргізілді;

-                     1997 жылы KASE- ден Алматылық қаржылық құралдар биржасы (AFINEX) бөлініп шықты.

-                     1999 жылдан бастап аталған биржалар қайта қосылып, KASE атауын бекітті.

    KASE – нің  айналыс объектілері ретінде келесі активтер танылады:

-                     отандық мемлекеттік бағалы қағаздар;

-                     эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздар;

-                     Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары;

-                     ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР – да айналысуға құқықтары бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары;

-                     Вексельдер

-                     Базалық активтері KASE айналысатын туынды бағалы қағаздар;

-                     Шетел валюталары.

Қор биржада листинг және делистинг процедураларына тоқталайық.

Листинг – бұл эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржа айналысын енгізу операциясы. Листингтік компания – бұл биржа айналысына бағалы қағаздарын жоспарлайтын эмитент.

Листинг операциясы келесідей кезеңдерден өтеді:

-Алдын ала кезең, мұнда эмитент пен оның бағалы қағаздарына талаптарды анықтайды;

-Сараптау, эмитенттің қаржылық жағдайын анықтау арқылы  бағалы қағаздарды биржа айналысына жіберу туралы шешім қабылдайды., листингтік компнияға шешім шешім қорытындысын айтады, егер бағалы қағазды айналысқа жібермесе онда оның себебін түсіндіреді.

- листинг бойынша келісу, яғни тараптар арасында міндеттемелер анықталады.

Листинг эмитентке келесідей артықшылықтар береді:

1)                             компания имиджін көтереді;

2)                             жеке және институционалды инвесторларды тарту;

3)                             қосымша эмиссия кезінде жеңілдіктердің болуы;

4)                             қаржы нарығында танымал болуы.

Ал, инвесторға да листингтен өткен бағалы қағадарды сатып алуда тәуекел деңгейінің төмендігі, активтің өтімділігі секілді артықшылықтар болады.

    Листингпен қатар қор биржасы делистинг процедурасын атқарады. Делистинг- бұл қор биржа айналысынан белгілі бір себептермен бағалы қағаздарды шығару операциясы. Делистингті келесі жағдайларда жүргізеді:

-                     эмитенттің өтініші бойынша;

-                     эмитент қызметінің тоқтатылуы бойынша;

-                     листингтік компанияның листингтік талаптардан ауытқуы, сай келмеуі:

-                     толық емес және жалған мәліметтерді беруі.

Бағалы қағаздармен сауданың ұйымдастырылуы негізі екі тәсілі бар, ал олардың өзі бірнеше түрге жіктеледі.

    Жаңадан пайда болған , нарықта сатып алушылар мен сатушылар саны аз кезінде, сондай –ақ бағалы қағаздар көлемі аз кезінде  жай аукционның түрі қолданылуы мүмкін. Ал дамыған қор нарықтарды бағалы қағаздармен сауда қос аукцион арқылы жүзеге асуы мүмкін.

    Жай аукционның ағылшын, голландық және жабық түрлері бар.

    Ағылшын аукционында нарықта бағалы қағаздарды сатуға ұсынылатын сатушылардың шектелген санының болуы және бір – бірімен бәсекелес сатып алушылар тарапынан жоғары сұраныстың болуы сипат алады.

    Голландық аукционда нарықта сатушылар көп, сатып алушылар аз болады. Баға төмендейді.

    Жабық аукцион кезінде  сатушы бағалы қағаздардың белгілі бір санын бекітілген уақытта сататыны туралы жариялайды.

    Қос аукцион кезінде бәсекелестік сатушылар тарпынан да сипат алады. Онкольдық аукцион кезінде сатып алуға және сатуға өтініштер жинақталады және белгілі бір уақытта өтініштер сәйкестендіріледі., мәміле жасалады.Үзіліссіз аукцион кезінде бағалы қағаздармен күніне мыңдаған мәмілелер жүргізіледі.

    Аукционды жүргізуіне қарай келесідей формалары қолданылады:

-                     ауызша

-                     ауызша, жазбаша

-                     жазбаша

Аукционды жүргізу кезінде  биржалық табло, кітаптық, компьютерлік жазулар, жест қолданылады.

1.3 Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары.

    Барлық мемлекеттерде дерлік Үкімет тарапынан бағалы қағаздар нарығының айналысы бойынша сұрақтар маңызды орын алады және ерекше механизм болып табылады.

    Бағалы қағаздар нарығы ерекше механизм бола отырып, өзінің күрделілігімен сипат алады. Қандай да болмасын нарыққа тән өзінің объектілерінен, қатысушыларынан тұрады. Бағалы қағаздар  нарығының қатысушылары – бұл нарықтағы бағалы қағаздарға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын , сонымен қоса нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бір – бірімен байланысты өндірістік, қаржылық институттар жиынтығы деп тұжырымдауға болады. Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына эмитентті, инвесторларды және бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жатқызамыз.Эмитент- бұл бағалы қағаздарды шығару арқылы қаржы ресурстарына қажеттілік танытқан өндірістік және қаржылық ұйым. Ал, инвестор белгілі бір тәуекелге бара отырып, қаржы қорларын беруді ұйғаратын өндірістік, қаржылық ұйым немесе жеке тұлға.

    Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушыларына келесілерді жатқызамыз:

1)                             эмитент ретінде (кәсіпорындар, қаржылық ұйымдар, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар);

2)                             инвестолар – жеке және институционалды инвесторлар. Жеке инвесторлар деп өз қаражаттары есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын жеке және заңды тұлғалар. Ал, институционалды инвесторлар тек тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын заңды тұлғалар;

3)                             сауданы ұйымдастырушылар (қор биржа және биржадан тыс баға кесу ұйымдары);

4)                             кәсіби қатысушылар.

Мұнда кәсіби қатысушылар мен сауданы ұйымдастырушылар бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы деп атайды және олардың мақсаты бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

              ҚР кәсіби қатысушылардың келесідей түрлері бекітілген: брокерлік, дилерлік, депозитарлық, кастодиандық, зейнетақы  активтерін басқару қызметі, инвестициялық портфельді басқару қызметі, клирингтік қызмет, ббағалы қағаз ұстаушылар тізімін жүргізу қызметі және трансфер агенттік қызмет.

    Брокер- бұл клиент есебінен және оның атынан бағалы және оның атынан бағалы қағаздармен мәміле жүргізетін делдал. Дилер- өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәміле жүргізетін қатысушы. ҚР – да бұл қызметтер қосарланады және сәйкесінше лицензия түрлері бар: 1-ші санатты брокер- дилер, 2- ші санатты брокер-дилер. Айырмашылығы -1-ші санатты брокер-дилерлер бірқатар атықшылықтарға ие. Мысалға мәмілені тіркеу бойынша.Брокерлік- дтлерлік лицензияны банктік және банктік емес ұйымдар ала алады. Тек оларға алғашқы нарықтағы шектеулер қойылады.

    Банктік типтегі брокер компанияның алғашқы эмиссиясын шығаруға , орналастыруға құқы жоқ. Яғни, андеррайтер қызметін атқара алмайды. Ал, бірақ мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруда тек коммерциялық банктердің ғана құқығы бар.

    Клирингтік және депозитарлық қызметтерді тек жалғыз институт атқарады. – ол ҚР Орталық депозитарийі. Орталық депозитарий 1997 жыы құрылды. Орталық депозитарий бағалы қағаздардың құжатсыздандыруын жүргізетін және мәмленің өзара есеп айырысуын қамтамасыз ететін ұйым. Ол ҚҚБ бірге қызмет етеді. ҚҚБ мәміле жүргізу үшін Орталық депозитарийде “депо” шотын ашу қажет. Ол шотта бағалы қағаздар немесе ақша-қаражаттар сақталады. Тіркеуші – бұл бағалы қағаз ұстаушылар тізім жүйесін қалыптастыратын, сақтайтын және бағалы қағазға меншік құқығын куәландыратын кәсіби қатысушы. Бағалы қағаз ұстаушылар тізімінде келесідей мәліметтер бар:

              1-эмитент туралы;

              2-эмитенттің шығарған бағалы қағаздары туралы;

              3-бағалы қағаздар ұстаушылар туралы;

              4-тіркелген мәмілелер туралы.

              Орталық депозитарий тіркеушілермен де өзара байланысы бар.              Тіркелген нақты мәмілелері туралы Орталық депозитарий нақты эмитенттің тіркеушісіне ақпарат береді. Заңға сәйкес, әрбір акция не облигация шығарушы эмитент белгілі бір тіркеушімен келісімшартқа отыру тиіс.Тіркеушіні инвестор мен эмитент арасындағы буын деп атайды. Ол сондай-ақ акционерлер жиналысын ұйымдастыруға эмитентке көмектеседі. Кастодиан – бұл клиенттің қаржылық құралдарын және ақша қаражатын есепке алатын, сақтайтын кәсіби қатысушы. Осы қызметке қажеттілік ҚР- да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен кезде туындады. Қазіргі кезде олардың негізі клиенттері  ретінде ЖЗҚ  және инвестициялық қорлар табылады.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі де 1997-98 жылдары пайда болды.

    Инвестициялық портфельді басқаушылар – клиенттің мақсатына, қағидасына сай портфельді қалыптастыру және сәйкесінше ақша-қаражаттарды қаржылық құралдарға инвестициялайттын қатысушы.

    Трансфер - агент- бағалы қағаздарнарығы субъектілердің арасында құжаттарды немесе ақпараттарды қабылдау және оларды жіберу бойынша қызметті атқаратын кәсіби қатысушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Бағалы қағаз түрлері және олардың рейтингтік қасиетін бағалау.

    Нарықтық экономиканың негізгі мақсаты - пайда табу болғандықтан, әрбір қызмет түрі капиталдың көбею саласы болып табылады. Сондықтан осы тұрғыдан қарайтын болсақ,әрбір нарық түрі қаржы салымының нарығы болып саналады. Қызметтің қаржы саласы деп қаржы құралдарының жиналу, көбею процесіндегі қайта құйылу сферасын сату-сатып алу мен ерекше тауар-капиталдың айналымына байланысты қатынастар жиынтығын айтамыз.

  Қаржы нарығын қаржы құралдарын қайта бөлуіне байланысты екі бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлім - банктік несие нарығы болып табылады. Банктер жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың уақытша бос қаржы құралдарын белгілі бір процент төлеу арқылы тартып, кейіннен банк несие алушыларға одан да жоғары процентпен несие береді. Бұл жағдайда ақша қозғалыс үрдісі ақшаның өз иелерінен қарыз алушыға берілуі банк арқылы жүргізіледі.

  Бағалы қағаздардың экономикалық мәніне қарыз міндеттемесіне өтуін талдау және ресурстардың ерекше түрлеріне (жылжымайтын мүлік,жер, тауарлар, ақша және т.б.) мүліктік құқықтарды құжатты түрде рәсімдеу мәселелері жататындықтан бағалы қағаздар нақты меншік объектілерінен бөлінуі мүмкін. Бағалы қағаздардың бірнеше ерекшеліктері бар.

   Бағалы қағаздар өтімділік қасиетін иеленеді, яғни  оны сату арқылы ақша құралдарына ауысу қабілеттігіне ие.

    Бағалы қағаздарды шығару сериямен жүргізіледі.

    Бір типті бағалы қағаздар стандартты мазмұнды болуы тиіс. Стандарттылық бағалы қағаздарды жаппай бір типтес тауарға айналдырады. Бағалы қағаздардың көптүрлілігі олардың классификациялануындағы критерийлердің көптілігін қажет етеді.Бағалы қағаздар келесі түрге жіктеледі:

1)          Иелену құқығы белгілері бойынша:

-атаулы бағалы қағаздар (белгілі бір тұлға атына жазылады);

-ордерлі бағалы қағаздар (бірінші иемденуші атына жазылады);

-ұсыну үшін бағалы қағаз (иемденушінің сәйкестендіру құқығының орындалуын талап етпейді);

2) Арналу немесе шығару мақсаты бойынша:

-қысқа мерзімді қаржы нарығының бағалы қағаздары (айналыс мерзімі 1 күннен бір жылға дейін);

-капитал нарығының қағаздары (орта мерзімді және ұзақ мерзімді сипаттағы қағаздар).

  Сонымен бірге капиталды бағалы қағаздарды бағалы қарыз (қарыз қатынастарына негізделген) және меншік қатынастарын білдіретін бағалы қағаздар деп 2-ге  бөлуге болады.

2)          Эмитент түрі бойынша:

-мемлекеттік бағалы қағаздар (эмитент болып орталық үкімет немесе жергілікті атқарушы органдар табылады);

-корпоративті бағалы қағаздар (эмитент болып әр түрлі сферадағы  кәсіпорындар табылады). Корпоративті бағалы қағаздардың эмитенті акционерлік қоғам, меншіктің басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық формадағфы кәсіпорындар табылады. Бағалы қағаздар несиелік қатынастар арқылы жүргізіледі,яғни қаржылық құралдары белгілі бір мерзімге пайдалануға беріліп,қарызды пайдаланғаны үшін алдын-ала белгіленген процентті төлеумен қайтарылады. Берілген қаржы құралдарын тарту формасына сәйкес облигациялар, вексельдер,банктердің депозит және жинақтық сертификаттар сияқты корпоративті бағалы қағаздар қолданылады.

    Үлесті бағалы қағаздарды иемдену барысында олардың иеленушісі сол кәсіпорынның үлесті иеленушісі болып табылады. Мұндай бағалы қағаздар акция иеленушіге акционерлік қоғамның  нақты үлесін иелену құқығын береді.

    Қосымша туынды бағалы қағаздар-опциондар,варранттар, фьючерстік келісім-шарттар болады. Туынды бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына да  қызмет көрсетеді. Корпоративті бағалы қағаздар акционерлік қоғам құрылу кезінде шығарылып, ол тек құрылтайшылар арасында орналастырылады. Облигациялар шығару арқылы қарыз ақша тартылып,қоғамның жарғылық капиталы өсіріледі.

2.1 Негізгі және туынды бағалы қағаздар.

    Акция - бұл акционерлік қоғам шығаратын және оның иемденушісіне  акционерлік қоғамның дивиденттер түрінде пайдасының бір бөлігіне,оны басқаруға қатысуға және оның жабылуынан кейін мүліктерінің белгілі бір бөлігіне құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Акция деп-акционерлік қоғам құрылған кезде, екі не одан да көп акционерлік қоғамдардың қосылу кезінде, сонымен қоса жарғылық капиталдың өсуі кезінде қаржы құралдарының мобилизациясы үшін шығарылатын бағалы қағазды атаймыз. Акцияны иеленуші акционер деп аталады.Акция оны шығараған қоғам жұмыс істегенше болады. Осы уақыт ішінде акцияны иемденушілер бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Оның ағымдағы құны тек нарықпен анықталады. Эмиссиялық және нарықтық құнын, дивиденд құнын анықтау кезінде акцияның атаулы құны бағдар ретінде алынады.

    Акцияларға келесі сипаттамалар тән:

-акция-меншік титулы;

-оның өмір сүру мерзімі жоқ;

-оған шектеулі жауапкершілік тән;

- оны бөлуге болмайды;

    Акцияларды құқық көлеміне байланысты жай және артықшылықты деп бөлінеді. Жай акциялар оның иеленушісіне барлық сұрақтар бойынша дауыс беру құқымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға,дивиденттер алуға, қоғамның жабылу кезінде иемденудегі акциялар құнының мөлшерінде мүліктерді алуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция оның иемденушісіне акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқық бермейді, бірақ бұл акцияның артықшылығы болып, жарлықта оның дивиденттері және нақты қаржы сомасы ретінде немесе атаулы құнының проценті түріндегі, қоғам жабылатын кезде төленетін құн мөлшері анықталған.

    Акциялар бойынша дивиденттер ақша формасында төленеді. Сонымен қоса дивиденттерді төлеу акционердің қолдағы бар акцияларынан басқа пропорцианалды түрде басқа акцияларын шығару арқылы жүргізілуі мүмкін немесе мүліктік құқықтағы табысты бөлу арқылы (дивиденттерді төлеудің мұндай түрі қоғамның жабылуы кезінде жүргізіледі).

    Артықшылығы бар акциялар бірнеше түрге бөлінеді. Артықшылығы бар акциялар ішінде кең тарағаны кумулятивті артықшылығы бар акциялар. Оларды шығару кезінде жарғыда көрсетілген дивидент мөлшері төленбейтін немесе толығымен төленбейтін дивиденттер жиналып, нәтижеден кейін төленетіндігі көрсетіледі. Дивиденттердің төленбеуі мұндай акциялар бойынша эмитент жағынан тәртіп бұзушылыққа жатпайды. Эмитент мұндай кцияларды шығару кезінде дивиденттердің жинақтау мерзімін белгілеу қажет. Осы көрсетілген мерзім ішінде бұл акция түрі бойынша дивиденттер төленбейді. Бұл мерзім бойы акция иеленуші дауыс беру құқығына ие болмайды. Кумулятивті емес артықшылығы бар акциялар төленбеген дивиденттерді жинауға мүмкіндік бермейді.

    Бұл акцияның иеленушілері ешқандай компенсациясыз өз дивиденттерінен айырылады. Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда  (егер олар корпорация жарғысында көрсетілген болса) осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауға мүмкіндік береді. Конвертабельді емес артықшылықты акцияның мұндай артықшылықтары жоқ.

    Дивиденд төлеуі кейінге қалдырылған акциялар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Мұнда дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп болғасын беріледі. Қайтарылатын артықшылықты акциялар ашық нарықта немесе тікелей акция иемденушіден қосымша сыйақы сомасын төлеу арқылы сатып алынады. Құбылмалы бағамды артықшылықты акциялар дивиденттерді банктердің проценттік нормасының өзгеруіне тәуелді болып келеді. Ерекше акцияның түрі болып “алтын акция” табылады. Ол мемлекеттік келісіммен шығарылады және оның иемденушісіне акционерлік қоғамның шешіміне вето салу (тыйым салу) құқығы беріледі.