Бағалы қағаздар нарығы
ЖОСПАР
КIРIСПЕ ..........................……….
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
ЖӘНЕ ОНЫҢ РЫНОГЫ ..............................
- Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның жіктелуі ............................5
- Бағалы қағаздардар рыногы жән
е оның экономикадағы қызметі … ...............9
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ …..........……….12
2.1 Мемлекеттік бағалы
қағаздар рыногының қалыптасуы және
олардың екінші деңгейлі банктердегі
айналымы ......……......................
2.2 Екінші деңгейлі банктерде бағалы қағаздар
нарығын құру және оның даму барысы ..............................
ІІІ ЕЛІМІЗДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ АЙНАЛЫМЫ ……………………………………………………………………21
3.1 Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар есебі …………………….
ҚОРЫТЫНДЫ ..……….........................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......…............
КIРIСПЕ
Қазақстан Президентiнiң халыққа бiрден-бiр ұзақ мерзiмдi басты Жолдауы – “Қазақстан-2030” – мұнда “экономикалық өсу, ашық нарықтық экономикада жоғары деңгейде шетелдiк инвесторлар және iшкi ақша жинағын” тартуға негiзделген.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзкдiң жаңа нысандары пайда болады: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа нарықтармен үнемi байланыста болады.
БҚН еркiн ақша
қаражаттары қозғалысын қамтамасыз
етуде бiр саладан басқа салаға
қаржының қайта құйылуын, меншiк
құқығын беретiн қаржы
ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады.
1-шi, жаңа экономикалық құрылымның бiр бөлiгi.
2-шi, инвестиция айналымының тиiмдi механизмi, қор активтерiнiң жоғары өнiмдiлiгiнiн қамтамасыз ету, капиталды қайта бөлудi жинақтау және оңтайландыру.
3-шi, қаржылық тұрақтылықты
және экономикалық өсудi, нарықтық
экономиканың субъектiлерiн
4-шi, экономиканың қаржы саласындағы айналыстағы артық ақшаларды азайту немесе экономика салаларына қолма-қол ақша қажеттiгi туындағанда керiсiнше бағалы қағаздарды сату немесе эмиссиялау.
Сонымен БҚН бұл ұлттық шаруашылықта экономикалық жағдайлардың “барометрi” болып табылады.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Олар меншiк қатынастары; шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiнiң дәрежесi. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, рынокқа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады. Сонымен қатар бағалы қағаздар қаржы айналымы ретінде ол қаржы жүйесінің негізі болып табылатын екінші деңгейлі банктер қызметі үшін де өте маңызды болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Рсепубликасының екінші деңгейлі банктерінде бағалы қағаздар нарығын құру” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қ.Р-ның Президентi Назарбаев Қазақстандық Қаржылық Конгресте өз жолдауында экономикалық секторлардың нақты дамығандығын көрсететiн құнды қағаздар рыногының айрықша маңызы барлығын, соның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздардың ерекшелігін және қаржы жүйесіндегі олаодың тиімді қолданысын қамтамасыз етуді атап көрсеттi.
Өзiнiң ұйымдық және
құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы
қағаздардар қаржы
90-шы жылдардан бастап
осы уақытқа дейiнгi экономикалық
тәжiрибе дәлелдегенiндей
Бұл тақырыпты орындаудағы негiзiгi мiндеттерiм келесiдей:
- Құнды қағаздардың жалпы экономикадағы қызмет етуi мен орнын анықтау;
- Бүгiнде жас буын алдында жаңа, тiптi ерекше бағыт, яғни құнды қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздарды жан-жақты талдап, олардың еліміздің ұлттық экономикасындағы айналыстағы барысын талдау;
- Құнды қағаздар рыноктарының қызмет ету механизмiн және құнды қағаздардың операциялық орталығы болып табылатын қор биржасының қызметтерiн талдау;
- Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен оларды құру жолдарын талдау;
- Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар есебін құрастыру болып табылады.
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ РЫНОГЫ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның жіктелуі
Қазақстан республикасының “Азаматтық кодексiнiң” 1-шi бөлiмiнде 129 - бабында бағалы қағаздарға құқықтық анықтама келесiдей мағынада берiледi:
Белгiленген нысан
мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып,
жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде
ғана мүмкiн болатын мүлiктiк
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар. Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы “Жалпы экономикалық теория” кiтабында бағалы қағаздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Камаев В.Д. бағалы
қағздарды қаржылық құжатпен байланыстырады.
Ол қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне
меншiктiк құқық беретiн
Клешев Н.Т. және Федулов А.А. бағалы қағаздарға үш түрлi сипаттама бередi:
- Айналымдылық;
- Өтiмдiлiк;
- Тәуекелдiк;
Сонымен, бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай құны бар құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өзiнiң жекелеген қор рыногы бар. Жалпы бағалы қағаздардың қарыз капиталы және құқық берушi ретiндегi түрлерiн келесi суреттен көре алмыз:
Бағалы қағаздар ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:
- Айналымдық – нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға болады. Стандартты құқық, қатысушылардың мерзiм уақытын белгiлеуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп айырысу шаралары.
- Бағалы қағаздар тек қана сату және сатып алу емес, азаматтық қатынастың объектiсi бола отырып, әр түрлi мәмiле бола алады (қарыз, сыйақы, сақтаушы, тексерушi, жүктеушi).
- Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi (стандартты құқық, мерзiмнiң белгiленуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп және басқа да шарттар).
- Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi бұл құжат. Ол қағаздық сертификат немесе қолма-қол түрдегi формада болады. құжаттылық бағалы қағаздар аталуына материалды негiз болған.
- Бағалы қағаздар бiрден-бiр мемлекеттiң қор нарығын реттейтiн және оны қадағалап отыратын құрылым.
- Бағалы қағаздар ерекше тауар ретiнде өз нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы бар.
- Өтiмдiлiк – БҚ-дың немесе басқа активтердiң қолма-қол ақшаға айырбасталуы. Жоғары өтiмдiлiк компанияның немесе инвесторлардың жұмысына үлкен икемдiлiк бередi.
- Тәуекелдiк – күрделi қаржы салымының қайтарылым деңгейiнiң өзгермелiлiгi. Егер тұрақсыздық деңгейi жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiкте жоғары болады.
Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.
Сурет-1 – Бағалы қағаздың құқық берушi ретiндегi түрлерi
Бағалы қағаздар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi – Бағалы қағаздарды ұстаушы тұлға, ордерлi Бағалы қағаздар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы (индосамент) болады.
Бағалы қағаздар функционалды мақсатына қарай үлестi (капиталды) және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық бағалы қағаздар заимның қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық бағалы қағазда көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық бағалы қғаздар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды бағалы қағаз капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға: облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi сыныпқа бөлiнедi:
- Негiзгi бағалы қағаздар;
- Туынды бағалы қағаздар;
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не тауар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және қайталама бағалы қағаздар.
Бастапқы бағалы қағаздар активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б. бағалы қағаздар жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның анықтайтын бағалы қағаздар. Мәселен, “опцион” туынды бағалы қағаз болып саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан алады.
Бағалы қағаздардың негiзгi қызметтерi олардың екiншi нарықта белсендi түрде айналысқа түсетiн қарыз мiндеттемесi ретiнде көрiнедi. Бағалы қағаздардың көбi арнаулы тiркеуден өтедi. Тiркеу инвесторларға бағалы қағаз туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседi. Сол арқылы инвестор (салым иесi) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкiндiк алады.
Бағалы қағаздар бiрнеше түрлi болып жiктеледi: бiрiншiден түсiретiн кiрiсiне, екiншiден эмитенттiң сипатына, үшiншiден айналым мезгiлi мен айналым жерiне байланысты.
- Кiрiс төлеу жөнiнен қарызды және үлестi болып бөлiнедi. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кiрiс нақты процентпен төленiп, ал қарыздың күрделi негiзгi бөлiгiн келешекте белгiленген уақытта өтеу көзделедi үлестi БҚ-дар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушiнiң корпорацияның мүлiгiндегi үлесiн көрсетедi және иемденушiге шектеусiз уақыт бойы дивиденд түрiнде кiрiс түсiредi. Ал БҚ-дың басқа түрлерi қарызды және үлестi түрлерiнен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитентi) жөнiнен де жiктеледi. Олардың эмитенттерi мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б. заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұрақ бойынша да жiктеледi. Сатылу жерiне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы болып бөлiнедi.
1.2 Бағалы қағаздардар
рыногы және оның
Экономикада қаржы рыногының құрамдас бөлiгi ретiндегi бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол жеткiзiледi.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнң өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және алудың жолдарын жеңiлдетедi.
Көптеген экономистер бағалы қағаздар рыногына инвесторларға байланысты көзқараста болып отыр. Мысалы Тарканов В.С. бағалы қағаздар рыногы – бұл нарық капиталының қарыз бөлiгi, яғни бағалы қағаздарды сатып алу және сату жүзеге асырылатын және эмитент пен инвесторлардың арасындағы қаржы айналымы.
Бағалы қағаздар рыногында сатып алушылыр мен сатушылар басты ойынға қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып алушылар – бұл еркiн ақша қаржылары бар және оны үлестiруде олардың максималды кiрiс әкелуiн қалайды.
Қ.Р-ның “Бағалы қағаздардар туралы” Заңында бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi: инвесторлар және эмитенттер болып табылады деп көрсетiлген.
Бағалы қағаздар
рыногы басқа рыноктардан өзiнiң
айрықша тауарымен өзгешеленедi
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретiн «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструментi немесе құралы» болып та есептеледi. Себебi, тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткiзуге немесе сол құндылықтар бiр субъектiден екiншiге ауысуына болады.
Бағалы қағаздар рыногы өз кезегiнде капитал рыногының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметiн көрсетедi. Бағалы қағаздар рыногы рыноктық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердi реттеушi қызмет атқарады. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесiне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған жағдайда сол саладан қайта алынады. Мысалы: кейбiр тауарларға немесе қызмет түрлерiне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндiруден пайда да өседi, сондықтан басқа салалардың өнiмдерiне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиiмдiлiгi кемiп, ондағы капитал өнiмiне сұраныс өсiп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздардың осы механизмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрал. Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиiмдi өндiрiске бағыттап отырады.
Кәсiпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары – негiзгi қорды құру және ескi қорларды жаңарту болып табылады. Бұл мәселе әсiресе бiздiң елiмiз үшiн өте маңызды болып табылады. Өйткенi елiмiз өндiрiсiндегi негiзгi капиталдардың 80% дерлiк моралдық және физикалық жағынан тозығы жеткен. Ал осы капиталдарды инвестициялауда бағалы қағаздар рыногының қызмет етуi өте маңызды екенi белгiлi.
Сонымен бағалы қағаздар рыногының басты қызметтерiн келесiдей топтастыруға болады:
Жалпы нарықтық қызметi:
- Коммерциялық функция, яғни осы нарықта пайда табу.
- Баға қызметiн, нарықтық бағаны және оның үздiксiз қозғалысын қамтамасыз етедi.
- Ақпараттық қызмет, нарық өзiнiң қатысушыларын ақпаратпен қамтамасыз етедi.
- Реттеушi қызмет, нарықтық құқықтар белгiлейдi, яғни саудада және оған қатысушылар арасындағы дауларды реттейдi.
Айрықша қызметiне:
- қайта бөлу, тарату функциясы.
- Баға және қаржы тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi.
Қайта бөлу және тарату қызметi үш түрге бөлiнедi:
- Нарықтық қызметте ақша қаржыларын салалары бойынша қайта бөлу.
- Жинақ ақшаны ауыстыру, барлық халыққа өндiрiстiк немесе өндiрiстiк емес формасында.
- Инфляциялық емес негiзде республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру.
Қаржы және баға тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi немесе хеджерлеу. Бұған туынды бағалы қағаздар фьючерстiк және опциондық контрактiлер жатады. Бұл қызмет пайданы немесе бағаны сақтандыру үшiн жасалынған мерзiмдiк мәмiле.
Қоғамдық өндiрiс нарық жүйесiнде дамиды: оларға тауар және қызмет көрсету нарығы, жұмыс күшi, несиелiк капитал, шикiзат және Бағалы қағаздар рыногы жатады. Осы жүйелер iшiнде бағалы қағаздар рыногы басты рольде ойнайды.
Бағалы қағаздар рыногының құрамды бөлiктерiне келесiлер жатады:
- Алғашқы және екiншi нарық;
- Ұйымдасқан және ұйымдаспаан нарық;
- Биржалық және биржадан тыс нарық;
- Дәстүрлi және кампьютерленген;
- Кассалық және мерзiмдi нарық;
Алғашқы нарық – БҚ-дың жаңа шығарылымы сатылатын нарық. Алғашқы нарықтан акция және облигация сатып алушы инвесторлар, әдетте сыйақы төлемейдi, себебi эмиссияны сатуға кеткен сыйақы жаңа шығарылған БҚ-дың құнына кiрiп, оны эмитент төлейдi.
Екiншi нарық – шығарылған БҚ-ды инвесторлардың делдал арқылы сатып алу нарығы.
Ұйымдасқан бұл БҚ-ды сатып алу және сату жүргiзiлетiн қор биржалары болып табылады.
Биржалық нарық – бұл БҚ-ды қор биржасында саудаға түсуi.
Биржадан тыс – биржалық ережелермен өтетiн, бiрақ биржадан тыс тек қана биржалық делдалдар арқылы жүредi.
Кассалық БҚН – мәмiлелердi 1-2 күн iшiнде дереу орындайтын нарық.
Мерзiмдi – мәмiлелердi орындауда мерзiмi көрсетiлген, яғни 2 күннен 3 айға дейiнгi аралық нарығы.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Мемлекеттік
бағалы қағаздар рыногының
Қазiргi егемен Қазақстанда
бағалы қағаздар рыногының алғашқы
нұсқалары Кеңес Одағы
- Сұраныс пен ұсыныс;
- Делдалдар мен басқа қатысушылар;
- Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және т.б.
- Нарықты реттейтiн және өзiн-өзi реттейтiн жүйе.
Нарықтың осы құрамдас
бөлiктерi қазiргi уақытта негiзiнен
құрылып болды. Бұл жөнiнде елiмiзде
экономикалық жүйенi реформалауды тереңдету
жолында қабылданған
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды БҚН болуы мүмкiн емес. БҚН-ның даму деңгейi көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебi БҚ-ға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуi – Қазақстанда БҚН дамуының басты шарты.
Елiмiздегi БҚН-ның құрылымы және БҚ-дың өтiмдiсi қандай деген сұраққа келесiдей жауап беруге болады:
Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай БҚ-дың ең көлемдiсi және ең өтiмдiсi мемлекеттiк қарыз мiндеттемелерi (МҚМ). МҚМ нарығының ерекшелiгi оған қатысушыларға байланысты:
Бiрiншiден, мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi – Қаржы Министрлiгi;
Екiншiден, Ұлттық банк – оның (Қаржы Министрлiгiнiң) Қаржы агентi (уәкiлi), сонымен бiрге мемлекеттiк бағалы қағаздарының дилерi. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсiру шартарын анықтаушылар. Мемлекеттiк бағалы қағаздар:
- мемлекеттiк қазыналық векселдер;
- мемлекеттiк қазыналық облигациялар;
- Қазақстан Ұлттық банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары;
- жекешелендiру купондары.
Мемлекеттiк
қазыналық векселдер мен
Мемлекеттiк БҚ-дар келесi мақсаттар үшiн шығарылады: ағымдық бюджет тапшылығын қаржыландыру, бұрын орын тепкен заемдардың орнын толтыру, коммерциялық бланкiлер мен басқа да инвесторларды ликвидтiк, резервтiк активтерiмен қамтамасыз ету, әлеуметтiк маңызы бар мекемелермен ұйымдарды қолдауды атқарушы өкiметтiң органдары атқаратын мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру.
Қазiргi кезеңде әлемнiң барлық елдерiнiң, әсiресе, бұрынғы Одақ республикаларының үкiметтерi алдында мемлекеттiк шығындардың кiрiстерден асып кету мәселесi тұр. Мұнда бюджет толтырудың негiзгi тәсiлi – сыртқы заемдар және Орталық (Ұлттық) банкiден несиелiк ресурстарды қарызға алу. Қазақстанның бюджетi қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан тиiмдiрек әдiсiне – iшкi инвесторлардың мемлекеттiк БҚ-ры (МБҚ) шығару және олардың арасына жайғастыру арқылы бос қаражатын тарту. Мұнда, бiрiншiден, айналымда ақша массасы көлемi ұлғаймалы, екiншiден, инвесторлардың бос ақша қаражаттары байланысады да экономикада елiмiздiң ақша жүйесiнде инфляциялық процестер туындамайды.
Қазақстанда 94-шi жылдан берi заңды және жеке тұлғаларға арналған мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер (МҚМ) шығарылып, оларды инвесторлар белсендi түрде сатып алуда. Осы уақытқа дейiн МҚМ нарығы тиiмдiлiгiн көрсеттi. Өйткенi, МҚМ-дi сатып алу бағасы (олар жеңiлдiкпен сатылады) және тиiсiнше сол бойынша кiрiстiлiгi аукциондық негiзде немесе нарық жолымен анықталады.
Қ-да МҚМ-дi шығарғандағы маңызды мақсаттардың бiрi – коммерциялық банктер мен басқа да инвесторларды бос қаражаттарды салудың жоғары ликвидтi объектiлерiмен қамтамасыз ету.
Қазақстан үкiметiнiң жүргiзiп отырған экономикалық реформалаоры және ұлттық банкiнiң инфляция қарқынын төмендету шараларын мемлекетке ұзақ мерзiмдiк негiзде iштей қарыз алу саясатын жүргiзуде де және МҚМ нарығын олардың айналым мерзiмi бойынша түрлендiрумен бiрге осы нарықтық туындыларын кеңейтуiне мүмкiндiк бередi.
ҚР-сы үкiметi мемлекеттiк iшкi жинақ заем бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттiң ағымдық тапшылығын қаржыландыруға арналған ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығару iске асты.
ҰЖО-ның ерекшелiгi
кiрiстiң проценттiк
ҰЖО-ның тағы
бiр ерекшелiгi – оның айналымдылығы.
ҰЖО-ның белгiлi бiр ликвидтiгiн
қолданған кезде инвесторлар
кез-келген уақытта өздерiнiң
БҚН реттеу мемлекеттiң
ең маңызды мiндетi. Ондағы мақсаты
– БҚ-мен келiсiмге
Республикада ондай органдар болып бағалы қағаздар жөнiдегi ұлттық комисия (БҚЖҰК), Қаржы Министрлiгi, Ұлттық банк, Мүлiктi басқару жөнiндегi Мемелекеттiк комитет комитет саналады. Осы БҚН реттейтiн мемлекеттiк органдардың ең негiзгiсi – Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуiрдiң 21-дегi Республика Президентiнiң «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметi және өкiлеттiгi бекiтiлдi.
БҚЖҰК оның төрағасы
және төрт комиссия мүшелерiнен құрылады.
Олар республика заңдарымен мiндеттелген
жауапкершiлiкпен толық өкiлеттiлiктi
атқарады. Комиссия төрағасы мен оның
мүшелерiн Премьер-Министрдiң

- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері
- Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер
- Бағалы қағаздардың түсініктемесі
- Бағалы қағаздардың түсініктемесі
- Бағалы қағаздар есебі
- Бағалы қағаздар есебі
- Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны
- Бағалы қағаздар және олардың түрлері
- Бағалы қағаздар нарығы