Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары

 

  1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

         1.1 Бағалы қағаздардың нарығының мәні  және олардың   қызметтерімен түрлері

 

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз  кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі тұрған жіктеу жоғарғы тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.

Уақытша сипаттамасы: 

- қызмет ету мерзімі: айналысқа  қай уақытта шығарылған, қай уақыт  кезеңіне немесе мерзімсіз;

- пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

Кеңестік сипаттамасы:

-  қызмет ету нысаны: қағазды  немесе заңды түрде айтқанда  құжатты нысан немесе қағассыз, құжатсыз нысан;

-  ұлттық белгісі: отандық немесе  басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;

аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.

Нарықтық сипаттамасы:

- бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);

- иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар  – онда көрсетілген тұлғаның  құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар – құқық онда аталған адамға тиесілі.

- шығару нысаны: эмиссионды, яғни  ішінде барлық бағалы қағаздар  өздерінің сипаттары бойынша  бірдей болып келетін бөлек  сериялар бойынша шығарылады  немесе эмиссиялық емес;                                       

- меншік нысаны немесе бағалы  қағаздарды нарыққа шығарушы  эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;

- айналыс сипаты: нарықта еркін  немесе шектеулі айналады;

- бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;

тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және т.б.;

- табыс көзі: бағалы қағаздар  бойынша табыстың қандай да  болса бөлігін төлей ме, жоқ  әлде төлемей ме;

- қаражат салымының нысаны: ақша  қарызға немесе меншік құқығын  иемденуге қаржылана ма.

Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді:

- қысқа мерзімді, айналымда бір  жылға дейін жүретін;

- ұзақ мерзімді, айналымда бір  жылдан жоғары мерзімде жүреді.

Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.

Инвистициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін обьекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).

Инвистициялық емес – тауар  немесе басқа  нарықта ақшалай есеп  айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).

Эмитенттің  құқықтық мәртебесін , инвистициялық  және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың  қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы  үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік;

- муниципалдық;

- мемлекеттік емес.

Мемлекеттік  бағалы қағаздар – мемлекеттің  ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті  мемлекет  болып табылатын  қарыздық  бағалы қағаздар . Мемлекеттік  бағалы қағаздар  ішінде  қазынашылық  вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.

Муниципалдық  бағалы қағаздарға жергілікті  өкімет органдарының қарыздық  міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік  емес бағалы қағаздар корпорациялық  және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық  міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға  жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық  (айналымды) және  нарықтық емес (айналымсыз)  деп бөледі.

Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық  және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін  эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар  бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды , яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.

Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу – сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.

Бағалы қағаздардың  борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:

- әр түрлі активті меншікке  алуға;

- уақытша пайдалануға.

Егер бағалы қағаздар  салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады.

Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдер және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар  активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.

Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл – акция және облигация.

Эмиссиялық  емес бағалы қағаздар  аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.

Қазіргі  әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар  екі үлкен сыныпқа бөлінеді.

          1 –  сынып – негізгі;

2 – сынып – туынды.

Негізгі  бағалы қағаздар – қандай да болса  бір активті (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі  бағалы қағаздарға  акциялар мен облигациялар жатады.

«Қазақстан  Республикасындағы  бағалы қағаздар  нарығы туралы» Заңында  туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар  арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған . Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік  жағдайға  негізделген ерекше әмбебап тауар , оны  сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімге кәсіпкерлік  табыс алуға  деген құқығын  жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, депозитарийлік  куәліктер  және тағы басқалар  жатады.

«Қазақстан  Республикасындағы  акционерлік қоғам туралы»  Заң  негізінде акционерлік қоғам  акционерлердің  жалпы  жиналысының  немесе  қоғамның  директорлар  кеңесінің  шешімімен  туынды бағалы  қағаздарды,соның  ішінде бағалы  қағаздар нарығы  туралы заңдылықтарға

сәйкес  варранттарды  да  шығаруға  құқығы бар. Қоғам   Қазақстан  Республикасының  сыртында да туынды  бағалы  қағаздарды  шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық  емес ұйым болып  табылатын қоғам туынды  бағалы қағаздар шығаруға  құқығы жоқ.

Варрант    акционерлік қоғам  шығаратын  және варрантта бекітілген  баға бойынша  бағалы қағаздардың  белгілі бір көлемін  одан  сатып алу үшін ұстаушы  құқығын куәландыратын  туынды  бағалы қағаздар  болып табылады. Қоғам акция және облигация  эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан  оларды шығарғаннан кейін бөлінеді  және оларда  көрсетілген бағалы қағаздарды  сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше  айналыста жүреді. Варранттар бөлініп  шыққаннан  кейін  бағалы қағаздардың  сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның  болашақтағы бағалы қағаздар   эмиссиясымен шығаруға  құқығы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын  варрантта келісілген баға бойынша  белгіленген кезең шегінде , кез келген  уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын  бермейді  және олар бойынша  дивидент есептелінбейді.

Қоғам  басқару  органының  шешімі бойынша  опцион жағына  шығарылатын  бағалы қағаздардың  белгілі бір  көлемін сатып алуға және сатуға  артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы  және тәртібі  және олардың  айналысы  бағалы қағаздар  нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.

Туынды бағалы қағаздар   санатына ең алдымен депозитарийлік  қолхаттар жатады. Депозитарийлік    қолхат – бұл шетел  эмитентінің   бағалы қағаздар   бойынша  шығарылған және елде еркін айналыста  жүретін туынды бағалы қағаз.                                                       

Бұл инвесторлардың  шетел  эмитенттерінің   бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады.   Эмитенттердің депозитарийлік    қолхаттарын шығару шетел  капиталының  инвестициясының  өсуімен, оларды тіркеу қажеттілігінің  болмауымен, оларды  жергілікті  салықты  төлеуден босатумен  және барлық  инвесторлар үшін қол жеткізілуімен  байланысты.  Депозитарийлік    қолхаттардың  келесі түрлерін  бөліп қарастыруға  болады:

- американдық  (ADR);

- ғаламдық (GDR);

- халықаралық (IDR).

ADR  АҚШ  нарығында  айналады  және доллардың  номиналы  болады, ал  ` GDR  американдық  нарықтан  басқа бірнеше  нарықта сатылуы  мүмкін  және сонымен бірге  эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын  жаулап алуға  мүмкіндік береді. Әдетте американдық банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын  елдерде  кастодиандық қызмет көрсетуді  ұсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарылады. Америка  Құрама Штатында  осындай  депозитарийлік қолхаттың  біршама ірі  депозитарийлік  эмитент – банктері  «City  Bank  New  York»,   «The  Bank of  New  York » , « Morgan  Bank» болып  табылады.  Ғаламдық  депозитарийлік қолхаттар  тіркелуі, шығарылуы  мүмкін, олармен  АҚШ  ашық  нарығында  мәміле  жасауға  болады, сонымен  қатар олар  АҚШ – тың негізгі  қор биржаларында, сондай-ақ сол  елдің  шегінде  бағаланады. GDR –ді  шығарғанға  дейін  банктер мен компаниялар  алдымен   АҚШ-та  ADR  шығаруы тиіс, одан кейін  Батыс  Еуропада  осы екі нарыққа  шығарудың  алғашқы  қадамы  ретінде  IDR   шығаруы керек.

Ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығару, бүкіләлемдік эмиссияны жақсы бағдарлап отырудың,  потенциалды акционерлердің көбеюімен, өтімділіктің жоғарылауымен ұтады.

Шетелдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, коорпарацияны қаржыландырудағы сыртқы көздердің құрылымындағы маңызды орында бағалы қағаздарды, атап айтар болсақ акция мен облигацияны эмиссиялау алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде, корпоративтік облигациялар, банктік сектордың несиелік ресурстарына бағаланатын инвестициялау көзі болып табылады. Англосаксондық елдерде және Оңтүстік – Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінде мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, экономиканың нақты секторын қарыз қаражаттарымен бірден – бір жабдықтаушы болып табылады.

Бірақта, корпоративтік облигациялар нарығының ең дамыған елі  АҚШ, корпорациялар, 80% дейінгі қарыз қаражаттарын қорлық нарықтан  алады.

Банк өзінің +қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:

- акциялар;

- депозиттік сертификаттар;

- облигациялар:

- бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Акция – бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.

Акциямен құқықтар байланысты:

- белгілі жағдайда пайдаға қатысу(дивидентке  құқық);

- акционердің жалпы жиналысына  қатысу;

- акционердің жалпы жиналысында  дауыс беру құқығы;

- капиталдың көбеюі кезінде  жаңа акцияларды алуға артықшылық  құқығы. 

Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстанушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.

Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады.  Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі. 

Банктік сертификаттар – ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленген салым туралы аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық жеке тұлғаларға  беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.

Депозиттік   сертификат  бойынша  пайыз түріндегі  алынған табыстар белгіленген  тәртіпте  осы табыс  көзіне салық салынады. Банктердің  ҚР                                                 

Ұлттық  банк лицензиясы   негізінде  сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар  сатылған  тауарлар  немесе көрсетілген  қызмет үшін  есеп айырысу  немесе  төлем құралы  бола алмайды. Ол кепіл затты, сатып алу-сату  обьектісі бола алады. Сертификаттарды  сатып алу- сату бойынша  есеп айырысуларды  қолма – қол  және қолма – қолсыз түрде заңды және жеке  тұлғалар  жүзеге  асырады. Депозитті  талап ету  мерзімі  келгенде  банк сертификатты иемденушінің  алғашқы талабы  бойынша  сертификатты  ұсыну кезіндегі  төлемді  жүргізеді. Өтеу  үш  әдіс  бойынша  жүзеге  асырылады:

- жаңа  шығарылған  сертификаттарды  иемдену  жолы;

- салымның  басқа  түрлеріне  қолма – қолсыз  аударымдар;

- қолма – қол ақша.

1996  жылы  19 қыркүйектегі  «ҚР  депозиттік  (банктік)  сертификаттардың  шығарылуы  мен  айналымының»  жалпы Ережесіне  сәйкес  сертификаттар  уақытына  өтелмеген болса, банк депозиторға  айыппұл  төлейді, олардың  көлемі мен  төлену  тәртібі  эмитент – банктің  бақылау  кеңесі бекітетін  сертификаттардың шығарылуы , айналуы  мен  өтелуі  Шартында  көрсетілуі қажет. Банк  пайыздарды  төлеудің  келесі  жағдайларын  қарастыра  алады:

- сертификатты  өтеу мерзімі  аяқталғанға  дейін  кезең  бойынша;

- сертификатты  өтеу  күнінде.

Банктік  сертификаттық  міндетті  деректемелері  келесілер  болып  табылады:

-  «депозиттік сертификат» атауы;

-  депозитті енгізу күні;

-  сертификатты өтеу күні;

- эмитент – банктің депозит  сомасы және ол бойынша тиісті  пайызды қайтару туралы міндеттемесі;

- депозит бойынша жылдық пайыздық  мөлшерлеме;

- тиесілі пайыз сомасы,  эмитент  – банктің атауы және орналасқан  жері;

э- митент – банктің сертификаты уақытында өтеу  туралы міндетін  орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;

- банк мөрімен бекітілген, эмитент  – банктің екі уәкілеті тұлғаларының  қолдары.

Сертификат бланкісінің  мәтінінде  қандай  да болса  міндетті  деректемелердің  біреуінің  болмауы  сол  сертификатты  жарамсыз деп  танытады. Сертификаттар  бланкісі  қатаң есептілік  бланкі болып  табылады  және банктегі  бухгалтерлік  есептің  шоттар  жоспарына  сәйкес  баланстан тыс  шотта  есептеледі. Депозиттік сертификаттар  бланкісі  ақша  қоймаларында   немесе  өртенбейтін  шкафтарда  сақталады.  Шығару  жағдайында  сертификаттарды  тиімді  орналастыруды  қамтамасыз  ету  үшін, сертификаттардың  айналымы мен өтелуі кезінде келесі  сәттер  ескерілуі  мүмкін:

-  жылдық  пайыздық мөлшерлеме  деңгейі;

-  шығарудың  стандартты  шарттары (эмиссия және  өтеу  күні, қысқа  номинал);

-  номиналды  төлеу  және пайыздарды  есептеу кепілі .

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  сәйкес  облигация  - бұл  облигацияның  немесе басқа да мүліктік  баламаның  онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстанушының  иемденуге  құқын  растайтын  бағалы  қағаз. Облигация  оны  ұстаушы  облигацияның  атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты  алуға  құқық береді. Облигация келесі  іргелі  қасиеттерге ие:

-  бұл эмитент мүлкіне меншік  титулы емес, бұл қарыз куәлігі;

- акцияға  қарағанда облигацияда  ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін  бағалы қағаз );

-  пайыздарды  төлеу кезінде акция (дивиденд төлеумен салыстырғанда)  және басқа да міндеттемелерді  қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде ) алдында жоғары;

-  эмитентті  басқаруды  қатысуға  құқық бермейді.

Облигацияларды  шығару тәртібі:

- Эмитент қосымша қорларды  тарту үшін жарғылық капитал  көлемінен аспайтын облигация  шығаруға құқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал  толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем  емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;

-   Құқықты бекіту  әдісі  бойынша  облигациялар атаулы болу керек;

-  Эмитенттің  активі облигацияны  шығаруды  қамтамасыз  ететін  құрал болып  табылады, яғни оларға  жылжымайтын  мүліктер, эмитентке  тиісті бағалы қағаздар, ақша  қаражаттары, басқа да қозғалмайтын  мүліктер жатады (материалдық емес активтер қамтамасыз ету қызметін атқармайды);

-  Облигацияны шығару шарты  эмитенттің өзінің акцияларын  айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;

-  Акцияның атаулы құнының  көлемі шектелмейді;

-  Облигациялар бойынша пайыздар  эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.                                            

Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон – бұл онда купондық  мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон. Облигацияның  нарықтық және атаулы құны болады. Облигацияның атаулы құны облигация   бетінде белгіленіп және қарызға беріліп, облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома көрсетіледі. Атаулы  құнға қарағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен сатылған деп аталады. Егер оны жоғары бағамен сататын болса, сатушы сыйақы алады. Эмиссиялау және өтеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта белгіленген баға бойынша сатылады және сатып алынады. Оның номиналына байланысты пайызбен көрсетілген нарықтық  бағасы облигацияның  курсы деп аталады.

Табыс  арнайы  айналатын  тираждағы  ұтыс немесе купонды  төлеу жолымен  беріледі.

Облигацияны  айналысқа  шығару  бағалы қағаздар нарығы туралы  заңдылықта белгіленген тәртіп  бойынша мемлекеттік  тіркеуден өтуі тиіс. Облигацияны  мемлекет , акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар  бір  жылдан кем емес уақытқа  шығара алады. Қоғам, мезгіл сайын  облигацияның атаулы құнынан пайыз  түрінде  табыс төленетін, купонды облигациялар және өтеу кезінде сатып алу құны мен номиналды құнының арасындағы айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтты облигация шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:

- белгілі бір мүлік кепілімен  қамтылған;

- үшінші жақтың кепілдігімен  қамтылған;

- заңды тәртіпте қамтамассыз етілмеген.

Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар:

- мемлекеттік;

- муниципалды;

- корпорациялық;

- шетелдік.

  Номиналды өтеу әдісі бойынша:

- бір жолғы төлем;

- уақыт бойынша бөлу;

- жалпы облигация көлемінің  тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.  

Төлеу түріне байланысты:

- тек пайыздар;

-нөлдік купон;

-атаулы құн және жиынтық табыс;                                              

- атаулы құн;

- кезендік тіркелген табыс және  атаулы құн.

Купонды төлеу әдісі бойынша:

- тұрақты купондық мөлшерлеме;

- қалқымалы купондық мөлшерлеме;

- біркелкі өсетін купондық мөлшерлеме (индекстелетін);

- ең төмен  немесе нөлдік купон;

- таңдап төлеу;

- аралас түрде.

Банктер  облигацияларды  және бағалы қағаздардың   басқа да түрлерін эмиссиялау кезінде Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкісіне  бағалы қағаздардың  эмиссия анықтамалығының сараптамасынан өтеулері қажет.

Бағалы қағаздарды  шығару екі жақ ішінде де тиімді, біріншіден, банк бағалы қағаздарды онда көрсетілген мерзімде өтейді, ол банк үшін ақша қаражаттарын өзінің жобаларына салуға мүмкіндік береді. Сатып алушы – клиент үшін тиімділік бағалы қағаздарды қажет уақытында есептелген пайызды жоғалтпай сатуында.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар көлемінің ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаздардың  түрлері алып отыр. Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар. 

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияның ішінде ең көп қолданылатын түрі Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу – сату операциялары болып табылады. Қысқа мерзімді ноталар аукцион негізінде Ұлттық банк белгілейтін бағалы қағаздар нарығының маманданған қатысушылары – алғашқы агенттер арқылы орналастырылады.

Алғашқы агент бағалы қағаздар нарығында диллерлік және немесе брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясынан алған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға коммерциялық банктер арыз жазады. Қысқа мерзімді ноталар айналымға түсетін  бағалы қағаздар болып табылады. Оны  иемденуші  оны кепілге беруге, РЕПО  және кері РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатып алу – сатуға құқығы бар. Екінші нарықтағы Ұлттық банктердің қысқа мерзімді ноталармен жасалынатын мәмілелері өтеу мерзімі белгіленген  күнге дейін бір жұмыс күнінде  аяқталады. Сонымен бірге , барлық операцияларды инвесторалр алғашқы агенттермен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталарды жасалынатын шаттарға қызмет етуге келісімге арқылы жүзеге асырады.                                                   

Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталары мемлекеттік бағалы қағаздарға теңестіріледі, сондықтан да олар жоғары өтімді және сенімді болып табылады. Сонымен қатар, банктік ноталарға салық салынбайды. Егер олардың артықшылығы туралы айтатын болсақ, онда Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталарды  қысқа мерзім ішінде бос ақша қаражаттарын реттеуге мүмкіндік береді.

Инвесторлар  үшін мемлекеттік  бағалы қағаздар операцияларының тағы бір тиімді түрі, мемлекеттік  қысқа мерзімді  қазынашылық міндеттемелерді  сатып алу – сату келісімшартымен рәсімделетін, мемлекеттік  қысқа мерзімді   міндеттемелерді  сатып алу – сату  операциялары  (МЕККАМ)  болып табылады.

МЕККАМ – мемлекеттік  қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан  Республикасының  Қаржы министрлігі шығарады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар  болып табылады және орнатылған заңдылықтарға  сәйкес  Қазақстанның  екінші бағалы қағаздар  нарығында  еркін айналысқа  түседі. Материалдық емес нысанда мерзімі үш, алты , он екі айға шығарылады, қаржылық агенттің депозитариндегі немесе алғашқы диллерлердің суб депозитариндегі оларды ұстанушылардың депо-шотына сәйкес жазуларды жүргізу жолымен  орналастырылады  және айналысқа  түседі. МЕККАМ  ұстаушылары  Қазақстан  Республикасының  резидент және бейрезиденттік заңды және жеке тұлғалары болып табылады. МЕККАМ иелері  оны кепілге беруге, РЕПО операцияларын  жүргізуге , екінші нарықта  сатып алуға  және сатуға құқығы бар.  Мемлекеттік  қысқа мерзімді  қазыналық міндеттерді есептеу, жүргізу  және сақтау Ұлттық банктің  депозитариінде  және алғашқы  диллердің суб депозитариінде, олардың инвесторларына тікелей тиесілі   мемлекеттік  қысқа мерзімді  қазынашылық  вексельдер бойынша  депо шоты бойынша  жүзеге асырылады.

РЕПО – алдын ала келісілген бағамен белгіленген мерзімнен кейін, оның қайтып сатып алу міндеттемесін бағалы қағаздар пакетін бір жақтың  екінші жаққа сату операциясы.

Мемлекеттік  қысқа мерзімді  міндеттемелерді  (МҚМ) тарту көптеген факторлармен  қамтамасыз етіледі. Оның негізгілеріне  темендегілер жатады:

Сенімділіктің жоғары деңгейі. Эмитентті  Қаржы министрлігі болып

табылатын облигацияларды өтеу, мемлекет Үкіметімен кепілденеді. Сонымен қатар, осы қағаздардың  қызмет еткен 1994 ж сәуір айынан бастап  Қаржы министрлігінің  МҚМ  өтемеуі болған емес. Алдындағы облигация сериясын өтеу бөлшектеніп немесе жаңа қарызды орналастыру есебінен  толық жүзеге асырылады.  Бірақ мемлекет  үшін оң мезеті  қарызға қызмет көрсету Қаржы министрлігі үшін, инфлияцияның  жоғары типінің                                                                                                           

арқасында  арзанға түсетіндігінде  болып табылады.  Әрине, ішкі мемлекеттік  қарыз – уақытша ысырылған  эмиссия екенін ұмытпау керек. Бірақ, инвесторлардың көз қарасы бойынша бұл қағаздар тиімді болып табылады.

Абсолюттік өтімділік. Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  мүше

мемлекеттер шығаратын  мемлекеттік бағалы қағаздар арасында, Қазақстанның  мемлекеттік  қысқа мерзімді   қазынашылық  міндеттемелері жетекші орынға келеді. Қазіргі уақыттағы олардың  төмен инвестициялық  тартылуына қарамастан , МҚМ нарығы шетелдік  қаржыландыру  аймағында зерттелініп отыр. Қазақстанда  мемлекеттік  бағалы қағаздар  нарығы 1994 жылдың  сәуірінен бастап қалыптасты. Осы кезеңде  Қазақстан  Республикасы Қаржы  министрлігі  Үкімет атынан 3 айлық айналым мерзімі бар дисконтталған  қысқа мерзімді   қазынашылық   вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы мен тамыз айларының аралығында үш айлық  МҚМ – ге сұраныс ұсыныстан 4,8 – 5,4 есе көп болды. Осы жағдайға  сүйене отырып, Қазақстан  Республикасының  Үкіметі айналысқа алты айлық МҚМ  шығару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар  1996 жылы әр кезеңінде оларға деген сұраныс ұсыныстан 4,5 – 3,5 есе көп болды. Бұл жағдай айналым мерзімі ұзақырақ – 12 айлық мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемін арттыруға қажетті жағдай туғызуға мүмкіндік берді. Одан басқа республикалық бюджет тапшылығын жабу мақсатында 1996 жылдың  қыркүйегінде  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мемлекеттік  бағалы қағаздардың жаңа түрін – мемлекеттік ішкі қарыздың ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы  Қазақстанның  қор нарығында басымдық жағдайға ие болды. 1997 жылдың маусымында айналым мерзімі  2 жылға тең алғашқы мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық  міндеттемелер – МЕОКАМ айналысқа шығарды.

Осылайша , мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының интенсивті үрдісі көрсетіп отырғандай , оған әлемдік нарықтың кәсіби мамандарының толықтай қатысуына мол мүмкіндігі бар.

Мәмілені рәсімдеудің қарапайымдылығы. Қорларды мемлекеттік

қазынашылық облигацияларға орналастыру кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігін  талдаудың  қажеттілігі жоқ, ал сол тәртіптің арқасында 2-3 жұмыс күні үнемделеді. Сондықтан бос кативтерді қысқа мерзімге және қайтарылуының жүз пайыз кепіл болуына МҚМ пайдаланған өте тиімді. Сонымен бірге міндеттемелер кейбір қысқа  мерзімді қаржылық операцияларды хеджерлеу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

Салық жеңілдіктері. Қазақстанның  мемлекеттік  бағалы қағаздарының танымал факторлардың  бірі салық  кодексіне сәйкес келетін,

Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары