Басқадай кредиторлық қарыздар есебі

Қазақста Республикасының білім және ғылым министірлігі

 

 

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

 

 

 

Курстық жұмыс

тақырыпқа: «Басқадай кредиторлық қарыздар есебі»

 

Пән: Қаржылық есеп 1

      

 Мамандық:

Орындаған:                                                   

 

 

Жетекші:                                                      

 

 

 

 

___ _______20__ж.

курстық жұмыстың қорғалуы

баға_________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2013

 

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………..…..............

4

1 Кредиторлық қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері…….

6

1.1

Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері ………………………..

7

2 «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС кредиторлық қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері ......……………………………...

 

30

2.1

Кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ...

35

 3

«ШЫМКЕН ҚҰС» ЖШС кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну .......…….…….....................

 

40

   3.1

Кредиторлық қарыздар айналымын  талдау ..….…………………….

45

Қорытынды ...…………………………………………………………….............

75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....……………………………………...........

80

Приложения ………………………………………………………………...........

85


 

 

КІРІСПЕ

 

Ауыл шаруашылығының дамуына үлкен  көңіл бөлініп, елімізде оның дамуына  жағдай жасалынып, жыл сайын елбасымыздың Жолдауында назардан тыс қалып отырған жоқ. Осы ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан құралады. оның бірі мал шаруашылығы болса, екіншісі өсімдік шаруашылығы.

Аталған мал шаруашылығындағы оңтүстікте жақсы жолға қойылған сала бұл құс шаруашылығы. Оңтүстікті ғана емес, республикамыздың көптеген аймақтарын құс етімен, жұмыртқамен қамтамасыз етіп отырған бұл саланың қызметін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Шикізаттық емес секторды дамыту аса маңызды екені алға міндет болып қойылып отырған жағдайда бұл кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде оның есебі мен аудитін дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Кәсіпорын балансындағы негізгі баптары кредиторлық  қарыздар есебін  дұрыс жүргізіп, қажетті көрсеткіштерге қажетті  талдау жасап, оның нәтижелерін кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін пайдалану үлкен маңызға ие. Кредиторлық қарыздар есебін дұрыс ұйымдастыру арқылы біз қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштерге талдау жасап, кемшіліктер мен олқылықтардың алдын алу мүмкіндігіне ие бола аламыз. Осы аталған жағдайлар тақырыптың өзектілігін анықтап отыр.

Жұмыстың мақсаты құс шаруашылығындағы кредиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеп, көрсеткіштерге талдау жасап, тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Тақырыпты ашу үшін алға келесідей міндеттер қойылады:

    • кредиторлық қарыздардың түсінігін ашу;
    • кәсіпорында кредиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу;
    • кредиторлық қарыздар есебінің дұрыс ұйымдастырылуын тексерудің қажеттілігін ашып көрсету;
    • кредиторлық қарыздардың айналымдылығын талдап, оларды тиімділігін арттыру бойынша үұсыныстар жасау.

Зерттеу обьектісі «Шымкент құс» ЖШС. Аталған кәсіпорын құс шаруашылығы саласында тәжірибесі мол. Сапа менеджменті талаптарына сай жұмыс атқаратын кәсіпорындардың бірі.

Дипломдық жұмыс  құрылымы.  Жұмыс кіріспеден,  үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.   Бірінші бөлімде кредиторлық қарыздар теориялық тұрғыдан зерттелініп, түсінігі, түрлері мен тану және бағалау ерекшеліктері қарастырылды. Екінші бөлімде «Шымкент құс» ЖШС кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысулар ерекшілігі қарастырылды. Үшінші бөлімде кредиторлық қарыздар қозғалысына талдау жасалынып, кәсіпорын қызметінінің тиімділігін арттыру бойынша бизнес жоспар жасалынады. Қорытындыда негігі нәтижелер туралы жазылады.

Тақырыпты зерттеу барысында  заң актілері, нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ережесі, Ұлттық қаржылық есеп стандарттары мен  Халықаралық қаржылық есеп стандарты, отандық және Ресей ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

 

  1. КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері

 

Кредитордың қарыз – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).

Пайда болу сипатына қарай кредиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық  қарыз пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын  санаған жөн.

Бұларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға қарыз және бюджетке төлемдері өтіп кеткен қарыз және т.б.

Ақталмаған кредиторлық  қарыз болып бюджетпен есеп айырысу  бойынша - қаржы органдарына, еңбекті  өтеу бойынша-кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша - жабдықтаушыларға және т.б мерзімі өткен қарызтер саналады.

Кредиторлық қарызті  тексерудің басты міндеттері мыналар:

1) Төлем тәртібін сақтауды тексеру.

  1. Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру.
  2. Кредиторлық қарыз сомасының шынайылығын тексеру.
  3. Есептеулерді реттеу мен кредиторлық қарызті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық қарызті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мерзімі бойынша кредиторлық  қарыздар екіге бөлінеді:

  1. Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз.
  2. Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.

Сондай ақ  арнайы әдебиеттерде кредиторлық қарыз міндеттеме ретіндеде

қарыстырылады.

Міндеттеме - бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына  әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның  қолданыстағы міндеті. Міндеттеменің  келесідей түрлері бар (Сызба 2 көрсетілген ):

  1. Шартты міндеттеме
  2. Қаржылық міндеттеме
  3. Бағалау міндеттемесі

 

 

Сызба 1. Міндеттеменің жіктелінуі.

 

Шарты міндеттеме - бұл: өткен  жағдайлардың нәтижесінде туындайтын және оның болуы бір немесе бірнеше  белгіленбеген, субъектінің толық  бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалардың болуымен не болмауымен ғана расталатын ықтимал міндеттеме;

өткен жағдайлардың нәтижесінде  туындайтын, бірақ: міндеттемелерді  реттеу үшін экономикалық пайдасы бар  ресурстардың шығуын талап ететін ықтималдықтың  жоқтығынан; немесе міндеттеменің шамасы сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын қолданыстағы міндеттеме;

Қаржылық міндеттеме - мынадай: шартпен: ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті басқа субъектіге беру;

субъект үшін ықтимал  тиімсіз жағдайларда басқа субъектімен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасу белгіленген міндеттеме;

есеп айырысу субъектінің  меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және мынадай:

кәсіпорынның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын субъект беретін және беруге міндетті болатын;

ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің белгіленген  сомасын алмастыруға қарағанда  есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарының белгіленген  санына өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін ұйымның меншікті үлестік құралдарына болашақта субъектінің меншікті үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге шарт болып табылатын құралдар қосылмайтын шарт болып табылатын кез келген міндеттеме;

Міндеттеменің ажырамас сипаттамасы субъектіде нені болмасын қандай да болмасын белгілі бір түрде  әрекет ететін немесе қолданатын міндеттеменің  бар болуы болып табылады. Міндеттеме қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты практикадан алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттеме міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Практикадан шығатын міндеттеме - мынадай жағдайларда субъектінің іс-әрекетінен туындайтын міндеттеме:

1) саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан практикасында субъект басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе; және

2) нәтижесінде субъект  осы тараптарда өзіне қабылдаған  міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.

21. Қолданыстағы міндеттемені  реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді,  өзге де активтерді беруді, қызметтер  көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені  басқа міндеттемемен ауыстыруды  немесе міндеттемені жеке капиталға  ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.

Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген  орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді. Кейде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді қарыздар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды. 

Бастапқы тану

Субъект бағалау міндеттемелерін:

1) субъектіде өткен  оқиғаның нәтижесінде әрекет  ететін міндеттеме болғанда; және

2) міндеттемені жабу  үшін экономикалық пайданы беру  талап етілуі мүмкін болса;  және

3) міндеттеме сомасы  сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда ғана тануға тиіс.

Сирек жағдайда әрекет ететін міндеттеменің бар-жоғы түсініксіз болады. Мұндай жағдайда, егер есепті күні барлық бар куәліктерді ескере отырып, әрекет ететін міндеттеме бар болса, өткен оқиға әрекет ететін міндеттеменің туындауына алып келуші болып саналады.

 Субъект бағалау  міндеттемесін баланстағы міндеттеме  ретінде тануға, егер:

1) ол қорлардың өзіндік  құнына енгізілетін шығындардың  бір бөлігі болып табылмаса,  немесе

2) негізгі құралдардың  өзіндік құнында танылмаса, сондай-ақ шығысты пайданың немесе залалдың құрамында бағалау міндеттемесінің мөлшеріне тең сомаға тануға тиіс.

Бастапқы өлшеу

   Субъект есепті күнге міндеттемені жабу үшін қажетті соманы ең үздік есептік бағалау негізінде бағалау міндеттемелерін өлшейді.

1) Өлшенетін бағалау  міндеттемелері баптардың ірі  жиынтығын қамтитын жерде есептік  бағалау тиісті ықтималдықтарды  ескере отырып, ықтимал нәтижелердің  барлық салмақтап көру жолымен  жүргізіледі.

2) Бағалау міндеттемесі жалғыз  міндеттеме бойынша туындағанда, жеке, неғұрлым ықтимал нәтиже міндеттеменің ең үздік есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда осындай жағдайдың өзінде субъект басқа да ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен неғұрлым ықтимал нәтижеден жоғары немесе төмен болса, онда ең үздік есептік бағалау неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен шамада болады.

Ақшаның уақытша құнының әсері  елеулі болған кезде бағалау міндеттемелерінің  сомасы соманың келтірілген құнын  білдіруге тиіс, ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етіледі. Дисконттау ставкасы (немесе ставкалары) ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін салыққа дейінгі ставка (немесе ставкалар) болуға тиіс. Міндеттеменің өзіне тән тәуекелдер дисконттау ставкасында не міндеттемені жабу үшін қажетті сомада, бірақ осы көрсеткіштің екеуінде де емес, көрсетілуге тиіс.

Бағалау міндеттемелерін  жабу үшін қажетті шығындардың бір  бөлігін немесе барлығын басқа тарап  өтейді деп күтілетін кезде (мысалы, сақтандыру талабы бойынша) міндеттемені жапқан субъектінің өтемақы алуы шартымен субъект өтемді жеке актив ретінде таниды. Алуға жататын өтемақы баланста актив ретінде ұсынылуға тиіс және әрекет ететін бағалау міндеттемесінің орнына қарсы есептелмейді. Пайда мен залал туралы есептерде субъект тиісті бағалау міндеттемесіне жататын шығыстардың орнына басқа тараптан алынған өтемді есептей алады. Субъект бағалау резервтерін өлшеу кезінде активтердің күтілетін істен шығуынан түсетін басқа да кірістерді алып тастауға тиіс. 

Кейіннен өлшеу 

Субъект шығындардың тек олар бастапқыда танылған бағалау міндеттемелерінің орнына ғана есептен шығарады.

Субъект әрбір есепті күнге бағалау міндеттемелерін  қайта қарауға және қаралып отырған  есепті күнгі жағдай бойынша ағымдағы міндеттемені жабу үшін қажетті соманың  ең үздік есептік бағалауын көрсету үшін оларды түзетуді жүргізген жөн. Бұрын танылған соманы кез келген түзету бағалау міндеттемелері бастапқы қорлардың немесе негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі ретінде танылған жағдайларды қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс. Егер бағалау міндеттемелері ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етілетін келтірілген соманың құны негізінде өлшенетін болса, онда дисконттауды реверсиялау қарыздар бойынша шығындар ретінде көрсетілуге тиіс.

Бағалау міндеттемелері жөніндегі ақпаратты ашу 

Бағалау міндеттемелерінің  әрбір сыныбы үшін субъект мынаны ашады:

1) кезеңнің басы мен  соңындағы баланстық құнды;

2) әрекет ететін бағалау міндеттемелерін  ұлғайтуды қоса алғанда, кезең үшін құралған қосымша бағалау міндеттемелерін;

3) кезең ішінде соманың пайдаланылуын  (яғни бағалау міндеттемелерінің  орнына шеккен немесе есептен  шығарылған);

4) кезең ішінде реверсияланған  пайдаланылмаған соманы;

5) уақыт өткеннен кейін туындайтын  кезең ішінде дисконтталған соманың ұлғаюын және дисконттау ставкасының кез келген өзгерісінің әсерін;

6) міндеттеменің сипатын қысқаша  сипаттауды және осы міндеттеме  бойынша туындайтын экономикалық  пайда істен шығатын күтілетін  уақытты;

7) осындай істен шығу сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктерді көрсету;

8) осы күтілетін өтемге қатысты  танылған кез келген активтің  сомасын көрсете отырып, кез келген  күтілетін өтемнің сомасын.

Салыстырмалы ақпарат талап  етілмейді. 

                                     Қолдану 

Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген  орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді.

Осы бөлімде айтылған талаптар осы Стандарттың басқа  бөлімдерінде қаралатын бағалау  резервтеріне қолданылмайды, мынаны қамтиды:

1) жалға алуды;

2) құрылысқа арналған  шарттарды;

3) жұмыскерлерге сыйақы  беру жөніндегі міндеттемелер;  және

4) пайдаға салынатын  салық.

Кейде «бағалау міндеттемелері»  термині амортизация, активтердің  құнсыздануы және күмәнді қарыздар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды. 

  Қортындылай келген  де міндеттеме бұл  – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).

Пайда болу сипатына қарай кредиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық  қарыз пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын  санаған жөн.

 

2. «ШЫМКЕНТ  ҚҰС» ЖШС КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             2.1. Кредиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

      Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қарастырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алын, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.

Банк және банктен  тыс мекемелер несиелерінің есебі.

        Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

      Нарықтық  экономика жағдайында несие коммерциялық  және банктік болып екіге бөлінеді.

      Коммерциялық несие – бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

      Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

      Несие  беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес  және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін (қайтарылу) мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі және тағы да басқалар көрсетіледі.

      Кәсіпорындар  банк мекемесінен несие сұрамастан  бұрын несие алудың қажеттілігін, оның уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып, алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері, әдетте несие сұраушы ұйымның төлем қабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы жағдайын тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.

      Несиенің  объективті қажеттілігі – бұл  кәсіпорынның өндірістік және  сауда айналымы капиталының заңдылықтарына  негізделген.

      Банк  мекемелері несиелерінің есебі.

      Банк  несиесі есебі қысқа және ұзақ  мерзімді несие беру туралы  Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.

      Несиелер  қайтарымдылық, төлем және мерзімділік  шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.

      Несие  алу үшін кәсіпорындар банк  мекемесі басшысының атына өтініш  береді. Бұл өтінішке қосымша  өзіне қажетті несие сомасы  мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты  мен бағытын, өтелу яғни қайтару  мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар, тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.

      Кәсіпорындар  мен ұйымдар банктен бірінші  рет несие алуы барысында жоғарыда  аталған құжаттармен қоса банкке  өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі тиіс.

      Жалпы  кәсіпорындарға берілетін несие  сомасы, банк мекемесінің жауапты  мамандары ұйымның өткізген құжаттарын  тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.

      Банк  мекемесі мен несие алушы кәсіпорын  арасындағы несиелік қызмет көрсету  бойынша келісімшарт бір жылға  немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік келісімшарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым үшін жеке-жеке жасалады.

      Қысқа  мерзімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.

      Банк  несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

      Кәсіпорын  банк мекемесінен несие алған  уақытында:

      Д-т:  «Ақшалар немесе жабдықтаушы  мердігерлермен есеп айырысу»  және тағы басқа шоттар,

      К-т:  «Банк мекемесінің қарызы» шоты  түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Ал бұл  алынған несие қайтарылған уақытта:

      Д-т:  «Банк мекемесінің қарызы» шоты,

      К-т:  «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік  жазуы жазылады.

      Осы  алынған несие үшін есептелген  пайыз сомасына:

      Д-т:  «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

      К-т:  «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Кәсіпорын  бұл міндеттемені төлеген уақытында:

      Д-т:  «Төленетін сыйақы» шоты,

      К-т:  «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік  жазуы жазылады.

    Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі

      Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де несие алынады. Соның ішінде есептелетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне берілетін «СТЭД-БАЙ» несиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына, кедендіт төлемдерін төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.

      Шетелдік  банктерден немесе басқалардан  шетелдік валюта түрінде несие  алған ұйымның бухгалтериясында:

      Д-т:  «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы  ақшалар» немесе «Шетелдердегі  валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі,

      К-т:  «Банк мекемесінің қарызы» шоты  түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

      Ал ұйым  бұл несиені қайтарған уақытында:

      Д-т:  «Банк мекемесінің қарызы» шоты

      К-т:  «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы  ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

         Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі

      Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру  туралы заңға сәйкес барлық  кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі ақшаларының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни өзінің бос тұрған ақшаларын кәсіпорын басқа кәсіпорындарға инвестиция ретінде салуға немесе несиеге беруіне болады. Міне, сондықтан да ұйымдар өзіне қажет ақшаны тек қана банк мекемелерінен емес, басқа заңды немесе жеке тұлғалардан да несиеге, қарызға алуларына болады. Ұйымдардың басқа кәсіпорындардан алған несиесіне бухгалтерияда жазылатын екі жақты жазу банк мекемелерінен алынатын несиеге жазылатын жазуға ұқсас болып келеді.

      Ұйым  банктен тыс мекемеден несие  алған уақытында:

      Д-т:  «Ақшалар» шоты,

      К-т:  «Банктен тыс мекемелердің қарызы»  шоты түрінде бухгалтерлік жазуы  жазылады.

      Ал бұл  алынған несие қайтарылған уақытта:

      Д-т:  «Банктен тыс мекемелердің қарызы» шоты,

      К-т:  «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік  жазуы жазылады.

      Осы  алынған несие үшін есептелген  пайыз сомасына:

      Д-т:  «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

      К-т:  «Төленетін сыйақы» шоты түрінде  бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Кәсіпорындар  бұл міндеттемені төлеген уақытында:

      Д-т:  «Төленетін сыйақы» шоты,

      К-т:  «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік  жазуы жазылады.

   Басқадай  несиелік операциялар есебі.

      Коммерциялық  банктер іс жүзінде көбінесе  несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді. Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.

Басқадай кредиторлық қарыздар есебі