Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

тақырыбы «Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі»

(жер салығы, мүліктер  салығы мен көлік салығы)

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған :

УА-21к тобының студенті

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карағанды 2011ж

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

1.Салық түрлері, ҚР-ның  салық жүйесі

2.Салық төлеушіде басқа  да салықтар бойынша қаржылық  және салық есебін ұйымдастыру 

3.Жер салығы бойынша  бюджетпен есеп айырысу

4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу

5.Көлік құралдарына  салық салу бойынша бюджетпен  есеп айырысу

6.Басқа да салықтар  бойынша бюджетпен есеп айырысудың  бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 
        КІРІСПЕ

  • Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
  • Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
  • Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
  • Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
  • Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі он жылдан астам уақыт  бойы әрекет етуде және де осы уақытқа  дейін қатаң сынаудың обьектісі  болуын жалғастырып келеді. Еліміздің  жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

    Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы  мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

    Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің  экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

    Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны  нарықтық қатынастардың жаңалықтарына  жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.

    Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат бюджетке төленетін басқа да салықтардың мәнін ашып көрсету, салықтардың қалыптасуы мен дамуы туралы ақпаратты енгізу, аудиттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету. Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер салықтар жөнінде жалпы мағлұмат береді.

     

    1.Салық түрлері, ҚР-ның  салық жүйесі

     

     

    Қазіргі нарықтық экономика  жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

    Ұйымдық-құқықтық жағынан  салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

    Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

    Адамзат дамуының бүкіл  тарихы бойына салық нысандары мен  әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің  қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар –  дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

    Салық салудың мынадай  принциптері бар:

    - салық бар игіліктерге  пропорционалды түрде қоғам мүддесіне  сай алынады; 

    - салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.

    Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады. [2]

    Қандай да бір механизмнің  құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

    Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:

    1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

    2) Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетел азаматтары және  азаматтығы жоқ адамдар болып  жіктеледі. 

    Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.

    Салық көзі – салық  салынатын табыс. Салық салынатын  табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

    Салық ставкасы – бір  өлшем бірлігінен алынатын салық  мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып  бөлінеді.

    Салықты төлеу мерзімі  – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

    Салық төлеу тәртібі  – белгіленген мерзімде салықты  төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі белгілі  бір дәйектілікті белгілейді.

    Салықты төлеуді бақылау  – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.[3]

    Алғашқы салық жүйесінің  көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және тағы да басқалары. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады.[5, 38б]

  • Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
  • Салық– мемлекет бір  жақты тәртіппен заң жүзінде  белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты  сипатта бюджетке төленетін төлемдер. Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.

    Бюджетке салықтардың  толығымен түсуі мен көлемін  бағалау үшін, тбізге мемлекеттік  бюджеттің кіріс бөлігіне талдау жасау мүмкіндігі туды, сонымен бірге  мемлекеттік бюджеттің өзгерістері мен динамикасын зерттеу, қарастыру, салықтардың мемлекеттік бюджетті құрауындағы рөлін анықтауға мүмкіндік бар.

    Қазақстан Республикасында  мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдердің төмендегідей түрлері  бар:

    1. Табыс салығы. Салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

    Қазақстан Республикасындағы  және одан тысқары жерлердегі көздерден  алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық  салынады.

    Төлем көзінен салық  салынатын табыстардың мынадай түрлері: 
    - қызметкердің табысы;

    - жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

    - жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;

    - дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

    - стипендиялар;

    - жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс төлем көзінен салық салынатын табыстарға жатады. Жиынтық жылдық табысқа салықтық жылда алынған ақшалай немесе табиғи формалардағы табыстарының барлық түрлерi жатады. Салық ставкасы (жеке тұлғалар үшін - 5-40%, заңды тұлғалар үшін - 30%) салық салынған табыстың өсімін есептей отырып.

    2. Төлемдер, жерді пайдалану  салығы. Оған геологиялық жұмыстарды  жүргізу құқығына бонус – төлемдер  жатады, Роялти - кен орындарын пайдалану  және жоғарғы пайдаға салықтық  төлем.

    Қ.Қ.С. (қосылған құн салығы). Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады.

    Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық  өткізілген өнім, орындалған жұмыс  немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    Қосылған құнға салынатын  салық мөлшері Қазақстан Республикасының  салық заңында белгіленеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы 100-IV-Заңына сәйкес Қосылған құ салығы 12 %.

    Акциздер. Сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

    Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын  тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.

    3. Мүлік салығы. Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

    Мүлікке салынатын салық  тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%. Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1%;

    Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін  қолданушы заңды тұлғалар салық  салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5%;

    4. Жер салығы. ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.

    Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.

    Жер салығы жер учаскесінің  орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.

    5. Мемлекеттік баж. Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

    Сонымен бірге, "Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық бюджетке -түсетін  кірістер мыналар болып табылады:

    2010 жылдың қорытындысы  бойынша Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорына мұнай секторы  ұйымдарынан 2 256,3 млрд. теңге сомасында тікелей салықтар түсті.

     

    Кесте 1 - Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2010 ж. мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы

     

     

     
             

    мың. тенге

    Төлемнің атауы

    2009 жылғы МБ фактісі

    2010 жылғы МБ жоспары

    2010 жылғы МБ фактісі

    Ауытқу (4-бағ.-3-бағ.)

    % (4-бағ./3-бағ.)

    Ауытқу (4-бағ.-2-бағ.) 

    % (4-бағ./2-бағ.)

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    Салықтық түсімдер

    2 228 681 798

    2 934 080 721

    231 122 970

    108,6

    705 398 922

    131,7

    2 934 080 721

    Корпоративтік табыс салығы

    643 668 527,8

    837 233 485,8

    -10 697 959

    98,7

    193 564 958

    130,1

    837 233 485,8

    Жеке табыс салығы

    268 724 614,1

    312 331 729,7

    11 047 362

    103,7

    43 607 116

    116,2

    312 331 729,7

    Әлеуметтік салық

    232 839 685,8

    253 829 912,8

    10 808 280

    104,4

    20 990 227

    109,0

    253 829 912,8

    Мүлікке салынатын салық

    91 851 110,7

    107 917 342,8

    3 562 108

    103,4

    16 066 232

    117,5

    107 917 342,8

    Жер салығы

    13 022 133,4

    13 467 103,4

    542 281

    104,2

    444 970

    103,4

    13 467 103,4

    Көлік құралдарына салынатын салық

    17 521 354,3

    26 261 779,1

    1 752 821

    107,2

    8 740 425

    149,9

    26 261 779,1

    Бірыңғай жер салығы

    578 140,0

    761 649,3

    155 290

    125,6

    183 509

    131,7

    761 649,3

    Қосылған құн салығы, барлығы 

    515 933 455,6

    677 229 029,1

    86 794 671

    114,7

    161 295 574

    131,3

    677 229 029,1

    1) Ішкі өндіріс тауарларға салынатын ҚҚС

    111 278 726

    241 359 887

    62 346 367

    134,8

    130 081 161

    216,9

    241 359 887

    2) Импортталатын тауарларға салынатын  ҚҚС

    404 654 729

    435 869 142

    24 448 304

    105,9

    31 214 413

    107,7

    435 869 142


     

    Кесте -1 жалғасы

    Акциздер, барлығы

    57 393 428,8

    61 423 118,0

    -3 972 925

    93,9

    4 029 689

    107,0

    61 423 118,0

    1) Ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер

    57 374 851

    47 809 490

    2 966 645

    106,6

    -9 565 361

    83,3

    47 809 490

    2) Импортталатын тауарларға салынатын акциздер

    18 578

    13 613 629

    -6 939 570

    66,2

    13 595 050

    73 277,4

    13 613 629

    Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаннан түсетін түсімдер

    201 185 702,7

    231 272 772,3

    40 653 393

    121,3

    30 087 070

    115,0

    231 272 772,3

    Алымдар

    8 350 382,5

    9 731 076,6

    1 444 699

    117,4

    1 380 694

    116,5

    9 731 076,6

    Ойын бизнесіне салынатын салық

    2 375 030,4

    5 307 296,9

    1 527 787

    140,4

    2 932 267

    223,5

    5 307 296,9

    Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға  салынатын салықтар

    152 226 450,2

    373 799 611,3

    84 869 347

    129,4

    221 573 161

    245,6

    373 799 611,3

    Басқа да салықтар

    14 541,6

    5 551,2

    -7 472

    42,6

    -8 990

    38,2

    5 551,2

    Мемлекеттік баж

    22 997 240,3

    23 509 262,3

    2 643 286

    112,7

    512 022

    102,2

    23 509 262,3

    Салықтық емес түсімдер

    136 175 506,6

    104 398 205,8

    10 989 242

    111,8

    -31 777 301

    76,7

    104 398 205,8

    Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер

    35 887 388,8

    60 653 288,8

    -6 948 285

    89,7

    24 765 900

    169,0

    60 653 288,8

    БАРЛЫҒЫ кірістер (3 санат)

    2 400 744 694

    3 099 132 215

    235 163 927

    108,2

    698 387 522

    129,1

    3 099 132 215

    Трансферттердің түсімі

    1 104 600 000,0

    1 200 000 000,0

    0

    100,0

    95 400 000

    108,6

    1 200 000 000,0

    ЖИЫНЫ

    3 505 344 694

    4 299 132 215

    235 163 927

    105,8

    793 787 522

    122,6

    4 299 132 215

                   

    Кедендік төлемдер мен салықтар

    556 899 758

    823 282 382

    102 378 082

    114,2

    266 382 624

    147,8

    823 282 382

    Е с к е р т  у – Қаржы министрлігінің статистикалық  бюллетені негізінде жасалды


     

    Кестеде көріп  отырғанымыздай, Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2010 жылы кірістерінде оң көрсеткіштерді байқауға болады, 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ішкі өндіріс тауарларына салынатын салық 116,89 % өскен, және де ойын бизнесіне салынатын салық 123,46% өскен, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар 145,5%, ал ең төменгі көрсеткіш ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер - 8,3%, басқа да салықтар -38,24%, салықтық емес түсімдер -76,6, мемлекеттік баж 2,22%, трансферттердің түсімі 8,63%, жер салығы 3,41%, әлеуметтік салық 9,01% төменгі көрсеткіштерді байқауға болады.

     

    Кесте – 2. 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің атқарылуы

     

    Атауы

    Жоспар

    Факті

    Ауытқуы 
    (3-б. - 2-б.)

    Атқарылуы, %

    2009 жылғы факті

    Ауытқуы 
    (3-б. - 6-б.)

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    Салықтық түсімдер, жалпы

    2 703,0

    2 934,1

    231,1

    108,5

    2 228,7

    705,4

    оның ішінде:

               

    КТС

    847,9

    837,2

    -10,7

    98,7

    643,7

    193,5

    ЖТС

    301,3

    312,3

    11,0

    103,7

    264,0

    48,3

    Әлеуметтік салық

    243,0

    253,8

    10,8

    104,4

    232,8

    21,0

    ҚҚС - жалпы

    590,4

    677,2

    86,8

    114,7

    515,9

    161,3

    оның ішінде ІӨТ-ға ҚҚС

    179,0

    241,4

    62,4

    134,9

    111,3

    130,1

    Импортқа салынатын ҚҚС

    411,4

    435,8

    24,4

    105,9

    404,6

    31,2

    Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

    190,6

    231,3

    40,7

    121,3

    201,2

    30,1

    Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға  салынатын салық

    288,9

    373,8

    84,9

    129,4

    152,2

    221,6

    Е с к е р т  у – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы есебінің негізінде жасалды


     

    Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.

    Салықтық  емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.

    Негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады.

    Ресми трансферттердің түсімдері — бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

     

     

    Сурет 1 – 2009-2010 жж. Салықтық төлемдердің құрылымы

     

    Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдерге баға бере келе төмендегідей қорытындылар жасадық:

    - бюджет кірістерінің қөзі салықтар болып табылады.

    - Салық– мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.

    - Салыққа жатпайтын түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспардағы 93, 4 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 104,4 млрд.теңге түсті, жоспардың орындалуы 111,8%-ды құрады.

    - 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ішкі өндіріс тауарларына салынатын салық, халықаралық саудаға салынатын салықтар өскен.

    - ең төменгі көрсеткіш ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер, салықтық емес түсімдер, мемлекеттік баж, трансферттердің түсімі, жер салығы, әлеуметтік салықтардан төменгі көрсеткіштерді байқауға болады.

    Қазақстан Республикасы салық жүйесін  басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы Министрлігіне жүктеледі. Салық қызметі органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады.

     

     

                                                                                                                                           

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2.Салық төлеушіде басқа  да салықтар бойынша қаржылық  және салық есебін ұйымдастыру

     

     

    2009ж. Салық кодексіне  еңгізілген жаңалық – «Салықтық  есеп саясаты» 10баб. – салық  есебін жүргізу тәртібімен ережелері  көрсетілген салықтөлеушінің құжатты, онда ережелермен қоса осы сала (бюджетке міндетті төлемдер, салықтар) бойынша жаңа өзгерістерді еңгізу мақсатында ескі немесе енді керек емес (ставкалар, салыққа салу объектілер) шаралар (әрекеттерді) алып тастаудың жиынтық әрекеттері көрсетіледі.

    Салық есебі (56баб.) - бұл  салық төлеушінің бюджет алдында  салықтар бойынша міндеттемелеріне есеп беру үшін салыққа салынатын объектілердің, салық есептемелердің, төлемдердің жүйелі құжаттық рәсімдеуі. Ал салықтарды дұрыс есептеп, қажет қаржылық ақпараттарды жинақтап, тіркеп (белгілеп жазу), өңдеп және беру үшін салықтөлеушілер «Салық кодексін» жетік білу керек.

    Салық есебінің негізгі  мақсаты – салық міндеттемелерінің  туындау кезі мен мөлшерін дұрыс  анықтау, есепті кезеңдерге кірістер мен шегерімдерді дұрыс жеткізу және ең соңында, заңмен белгіленген мерзімде бюджетке төленуі тиіс соманы алу болып саналады.

    Салық есебінің объектілеріне  салық салынатын көрсеткіштердің  мынадай үш тобын жатқызуға болады:

    • мүлік (ұзақ мерзімді активтер);
    • кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер (барлық түрлері);
    • активтер құнын бағалаудағы айырма.

    Салық есебінің функцияларына  жатады: фискалдық; ақпараттық; бақылау.

    Салық есебі бюджетке бекітілген типтік формалармен тапсырылады.

    Салықтық формалар –  салық есептіліктері, салықтық өтініштер және регистрлер. Есептік құжаттар деген, ол бухгалтерлік құжаттар, салықтық формалар, салықтық есеп саясаты және басқада салықтық объектілерін анықтайтын құжаттар. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негізінде жасалады.

     Бюджетпен салықтар бойынша есеп айрысудың есебі бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының І бөлімнің 1400 «Ағымдағы салық активтері» шоттар (егер бюджетке артық төленсе) және бюджетке берешек бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының ІІІ бөлімнің 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шоттары қарастырылған. Салықтар - ол, кәсіпорынның шығындары болып танылады.

    Салық кодексі бойынша  жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:

    1. Жеке табыс салығы (СК 6 бөлімі 18тарау, 153- 192 бабтар);

    Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)