Басқарудағы коммуникация процесі

 

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1. Азаматтық  хұқықтық қатынастар

Азаматтық заңдармен  тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпау шылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметінің осы түріне қойылатын  талаптарға біліктілік деңгейі сай  келетін субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді. Лицензиялайтын органның, пайдасына төленетін алым мен патент ақысын салық заңдары белгілейді.

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болуы  мүмкін, олар заңды тұлға құрмайды, тек заңды тұлға мүлкі беріледі және бекітілген ережелердің негізінде жұмыс істейді. Филиал мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілдік берген органы тағайындайды және оның берген сенімхаты негізінде жұмыс істейді.

1.8. Меншік құқығы  және өзге де заттық құқықтар

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары  арқылы танылатын және қорғалатын өзіне  тиесілі мүлікті өз қалауынша  иелену, пайдалану және оған билік  ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткені жөн болар еді.

Меншік иесінің  өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде  иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде  қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пай да табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Азаматтық құқықтың түсінігі. Азаматтық-құқықтық қатынас

  Азаматтық  құқық Қазақстан Республикасындағы  құқықтық-нормативтік құжаттары  жағынан ең ауқымды да күрделі  заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық  талаптарға сай келеді., яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.

         Қазақстан Республикасы азаматтық  құқық жүйесі Жалпы және Ерекше  бөлімдерден тұрады.

         Азаматтық құқық ғылымы азаматтық  құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде – білімнің жиынтығы арқау болады.

         Азаматтық құқық нормаларының  талаптарына сәйкес туындайтын  және бұл нормаларға тәуелді  болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

         Әрбір құқық қатынастарында қатынастың  субъектілері деп аталатын қатысушылары  болады. Азаматтық құқық қатынастарының  субъектілері: жеке тұлға, заңды  тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, мемлекет.

         Құқық қатынастарына қатысушылардың  арасында белгілі бір байланыс  орнайды, сол себепті бұлардың  арасында қатынастарының мазмұнын  құрайтын белгілі бір құқықтар  мен міндеттер пайда болады.

         Сол қатынаста құқықтар мен  міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

         Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей  элементтер тән болады: субъектілер,  мазмұны және объектілер.ъ

         Азаматтық құқық нормалары өздігінен  азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай пайда болғанда ғана пайда болады. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына , өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.

         Кейбір заңдылық фактілер осы  фактілер нәтижесінде туатын  құыққ қатынастарына қатысушы  тұлғалардыңөздерінің қалауы және  ниетінен тыс пайда болады. Мұндай  заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері – осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.

         Заңдылық салдар, яғни белгілі  бір құқық қатынастарын тудыратын  тұлғалардың әрекеттері де заңдылық  факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады.

         Көп жағдайларда құқықтар мен   міндеттер құқық тәртібінде рұқсат  етілген әрекеттердің нәтижесінде  пайда болып өзгеріп немесе  қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, - басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

         Мәмілелермен қатар, тікелей құқық  және міндет тусын деген ниетпен  істелмеген, бірақ құқық қатынастарының  пайда болуына немесе оның  қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.

         Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде  тыйым салынғандықтан ғана , яғни  заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады. 
 

Меншік құқығы және меншіктің түрлері 

Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне  көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.

Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.

Бүгінгі түсінік  бойынша меншік құқығы дегеніміз  — субъектінің заң құжаттары  арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым  қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша  қорғалды Біздің елімізде меншіктің  заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

Меншік құқығын  иемдену тәртібі

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып  заңында бірінші болып жерді  басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім  бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды  суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға  байланысты анықталған.

Меншік құқығың  тоқталуы

Меншік құқығының  тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.

Меншікті иелену, пайдалану, билік ету

Меншік құқығының  мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз 

Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде  иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.

Пайдалану құқығы дегеніміз

Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы  табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа

Билік ету құқығы дегеніміз

Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.

Өзге де заттың құқықтар

Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті  басқа тұлғаның пайдалануына берyі. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген  құқығын басқа тұлғаның меншігіне  өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару

Жерді пайдалану  құқығы

Жерді пайдалану  құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мүлікті иелену меншігіндегі жерді  өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі  белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуі және пайдалануы.

Шаруашылықты  жүргізу құқығы

Шаруашылықты  жүргізу құқығы — мемлекеттен  алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етуді заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.

Оралымды басқару  құқығы

Оралымды басқару  құқығы — меншік иесі мен қазыналық  кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған,және мемлекеттен мүлік алған мекеменің  заттық құқығы.

Өзге де заттық құқықтар

Өзг де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы; кепіл.

Меншік құқығын  қорғау

Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын  қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі  жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.

Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық  талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді. Негаторлық талап— бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы. Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды. Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.

Сонымен, меншік құқығы — белгілі бір тұлғаның заңмен танылған өзіне тиесілі мүлкін өз қалауынша, өз мүддесіне саи кез  келген шаруашылыққа пайдалану құқығы.

Құқықтық жағдайларына байланысты елімізде меншік: мемлекеттік  және жеке меншік деген нысандарға бөлінген. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың меншігі жеке, ал мемлекеттің меншігіндегі мүліктер, т.б, мемлекеттік меншік болып табылады. Елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің ер алуандығыи қажет етеді. Сондықтан да елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру үшін жекешелендіру жүргізілуде.[1] 

       Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және түрлері. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері және объектілері.

       Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны.   Азаматтық құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру жєне тоқтатылу негіздері.

       Азаматтар - (жеке тұлғалар) азаматтық құқық  қатынастары субъектілері ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі  және әрекет қабілеттілігі. Азамат есімініњ, оныњ тұрғылықты жерінің азаматтық  өрісіндегі ұғымы мен рөлі. Азаматты хабар ошарсыз кеткен деп тану және  өлді деп жариялау. Азаматтық айналымдағы азаматтың жағдайы туралы актілердің рөлі. Азаматтардың, заңды тұлға қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысу әрекеттері.

       Заңды тұлға - азаматтық құқық субъектісі ретінде. Заңды тұлға ұғымы мен белгілері. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Заңды  тұлғаны құру және тарату. Заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің сипаттамасы.

       Мемлекет  пен єкімшілік-аумақтық бөліністер - азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде.  

       Бұл тақырыпты оқу кезінде, азаматтық  құқық қатынастарының анықтамасын  білу қажет. Ол азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар. Азаматтық  құқық қатынастарының түрлеріне  мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері  – ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері болады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Жәнеде олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

       Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие берүші) пен міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі -  қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.

       Азаматтық құқық қатынастарының объектісі -  олардың пайда болуына себеп  болатын,  және  субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нысана болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған.

ҚР АК 7 бабында аталған заңдылық фактілер азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа да әрекеттерінен туындауы да мүмкін. Заңдылық 
 

Муликтик

Азаматтық кодекстің 1-ші бабында 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастар реттеледі. Сонымен катар, мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке катынастар да азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке катынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп  отырғанымыздай, азаматтық құқығымен  реттелінетін қоғамдық катынастардын  негізгісі болып табылатыны —  мүліктік катынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, коғамның негізін қалайтын тауар-ақша катынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерініа кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік катынастар.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс кұрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдык қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тғгыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарга байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топка бөлінеді. Азаматтык зандармен реттелетін мүліктік катынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға кұндык, маңызы жок катысушылардың коғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлырын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құкығы пайда болады.

Азаматтық заңдармен  реттелетін мүліктік катынастарға бай-ланысы жокмүліктік емес жеке катынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе занды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтык қатынастарды жаткызуға болады. Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен кадір-қасиетіне кол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ак Ата  Занның 33-бабы «азаматтың жеке өміріне  қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен кадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген'. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеқе қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Азаматтық заңдармен  реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай  келе, бұл қатынастардын субъектілерін  де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар),

'Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, »Жеті жарғы», 1995 ж. «Жеке тұлға» ұғымы алғашқы рет 1994 жылғы Азаматтық Кодексінде көрсетілген.

заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактык бөлініс: 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен  салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтык қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

Басқарудағы коммуникация процесі