Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
1 Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
1.1 Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау ұшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілген қызмет бірліктерін орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің, бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті
нәтижесі – калькуляцияны ұсыну.
Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің
өзіндік құнын
Жоспарлы калькуляция
еңбек шығындарының озық және одан
әрі техникалық өрлеуді, өндіріс
пен еңбекті ұйымдастыруды
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері
кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының
өндірістегі мүмкіндіктеріне
Өнімнің өзіндік құнының есепті калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты және оған байланысты емес себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті)
калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың
бір түрі болып табылады, шығындар
есебінің және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың
Жобалық калькуляция – келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа технологияның және техниканың тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Шамаланған тоғыз ай немесе
басқаша кезең ішіндегі нақты
шығын мен алынған өнім, төртінші
тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі
шығындар мен күтілетін бұл өндіру
бойынша есептер негізінде
Өнімнің өзіндік құнын
калькуляцияланғанда
Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас бірліктері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.
Заттай бірліктер бұл
өнім жоспарланатын, есептелетін және
тұтынушыларға өткізілетін
Ірілендірілген заттай бірліктер біртекті өнім жиынтығын раралық калькуляциялау үшін қолданылады өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер қолданылады.
Шартты-заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін .
Құндық бірліктер – көтерме бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.
Еңбекті бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады.
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте көрсетіледі.
Техникалық экономикалық
көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде
біртекті бұйымдардың пайдалы
Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте сапалық нұсқаларда келтіріледі.
Калькуляциялауға ең алдымен
қатысы бар өндірістік шығындар есебі,
калькуляциялаудың алғышарты
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарын болжауға мүмкіндік береді:
- өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
- өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
- шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
- жұмыс істеп тұрған
технология мен станок паркын
жаңартудың мақсатқа
- басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.
Калькуляциялау трасферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік баға бір кәсіпорының бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Өндірістік есеп пен калькуляциялау
өнімнің өзіндік құны ғана емес,
тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің
негізгі элементтері болып
1.2 Өнімнің және алынған
пайданың өзіндік құнын
Кәсіпорынның өндірістік
қызметіндегі мақсаты – өнім шығару,
оны өткізу мен пайда алу. Барлық
кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің
өндіріс тиімділігін
Өндіріс шығындарының басқару
есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын
орындауға бейімделген
Шығындар – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
7 «Тауарлы материалдық
қорлардың есебі » атты
- пайда болу орны бойынша
- өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық
бөлімшелері бойынша. Мұндай
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет
- өнімнің өзіндік құнына
жатқызу тәсілі немесе шығын
түрлері бойынша экономикалық
элементтер мен калькуляция
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС ке сәйкес бұған мынадай экономикалық мәндер жатады:
- материалдық шығындар
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар
- ақша аударулар
- құралдардың тозуы
б) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
- материалдар
- еңбекті өтеу
- аударымдар
- қосымша шығыстар.
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін.
Негізгілер- өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар – өндірісті
ұйымдастыру мен оған қызмет
етуге, оны басқаруға
Тікелейлер – өнімнің
белгілі бір түрін өндіруге
байланысты, оның өзіндік құнына
тура және тікелей кіруі
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар деп аталады.
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар.
Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар.
Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сай өзгеретіндер және осы кезеңдегі өнім өндіруге сай бөлінеді.
Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік. Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзіндік
құнын есептеу, қорлар мен
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу
Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.
Кез келген шығындарды жіктеу басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былай жіктеледі:
- кіретін және өтіп кеткен
- тікелей және жанама
- негізгілер мен қосымшалар
- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс
- бірэлементті және кешенді
Кіретін шығындар алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде және актив ретінде көрсетіледі.
Өтіп кеткен шығындар
осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған
және болашақта кіріс әкелу
Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Өнімнің нақты түрін өндіру мен нақты жұмысты орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын шығындар тікелей деп аталады.
Өнімнің бірнеше түрін
өндіру үшін жалпы сипат атқаратын
және жасаған кезде нақты өнімге
жатқызу мүмкін болмайтын шығындар
жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің
жекелеген түрлері арасында жанама
жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына
байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға
жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты
ұстау мен пайдалануға
Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады, кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.
Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады. Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
а) Қосымша шығыстар. Бухгалтерлік есепте олар жайлы ақпарат 93 бөлімшесінің 93 «Қосымша шығыстар» шотында жинақталады және одан әрі таңдалған қайсы бір бөлу базасына сай бөліну үшін 930 «Қосымша шығыстар» шотында шоғырланады.
б) Қосымша (өндірістік емес) шығыстар кезең шығыстары.
Қосымша өндірістік шығыстарға майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспорттық құралдардың амортизациясына жабдыққа қызмет ететін жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары.
Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде жайылдырма, бір шектен шығармауға, кәсіпорын қызметі бойынша шығындардың мазмұнын ашуға мүмкіндік береді және оларды өнім түрлеріне де, өндірістік шығыстарға да, жұмыс күшін ұстауға да және т.б. бөлу мен қайта бөлу мүмкіндіктерін жасайды.
Шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі:
а) өндірістік (өнімнің өзіндік құнына кіретін);
б) өндірістен тыс (есепті кезең шығындары);
Өнімнің өзіндік құнына кіретін
шығындарға тек қана өндірістік шығындар
жатқызылады, яғни өткізілген сәтке
дейінгі дайын өнім өндірісіне және
бітпеген өндіріске байланысты: тікелей
материалдық шығындар, әлеуметтік салық
аударымдары мен бірге
Өндіріске жұмсалған біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл белгі бойынша өнімнің, өзіндік құнын құрайтын шығыстар мынадай элементтер бойынша топтастырылады: материалдық шығындар, еңбекті өтеу шығындары, аударымдар, қосымша шығыстар.
Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлық элементтер кіретін цехтық шығыстар үлгі болады. Шығындарды шешім қабылдау үшін және жоспарлау үшін жіктеу.
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:
- өзгермелі, тұрақты, шартты
тұрақты өндіріс көлемінің
- бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар
- қайтарымсыз шығындар
- жүктелген шығындар
- жоспарланатын және
- өсетін және шекті шығындар мен кірістер.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта болады.
Өндірістік емес шығындарға мыналар жатады:
а) дайын өнімді тұтынушыға тиеу үшін буып түю, орау шығыстары;
б) сатып алушы орнын толтырмайтын көлік шығыстары;
в) делдалға тауарды сатқаны үшін комиссиялық сыйақы.
Бұл шығындар тікелей сатылым көлеміне байланысты.
Өндірістік тікелей шығындар
іскерлік белсенділікке байланысты
емес, сондықтан оны тұрақты деп
атайды. Бұл шығыстар жарнамаға, жал
төлемдеріне негізгі құрал
Жартылай өзгермелі шығындар. Бұған тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Шынайы өмірде тек тұрақты немесе өзгермелі шығындарды кезіктіру сирек.
Шығындарды өзгермелі және тұрақты құрамдастар негізінде ұйымның іскерлік деңгейін өзгертуге байланысты тәртібі жатады. Осындай бөлу негізінде шығындар, пайда мен өндіріс көлемі арақатынасының талдауы орындалады. Мұндайда өндіріс көлемі өндірістік қуаттың көрсеткіші ретінде, яғни өндірістік ресурстардың бар көлеміндегі өндірістің шекті көлемімен сипатталады. Өндірістік қуатты төрт түрге бөледі: теориялық, тәжірибелік, қалыпты және нормативті.
Теориялық қуат - егер барлық
машиналар мен жабдықтар
Тәжірибелік қуат - қалыпты жұмыс іркілістерін шегеретін теориялық қуат. Тәжірибелік қуат теориялық сияқты, ұйымдарда сирек қолданылады, өйткені олар негізгі жабдықты жөндеуде немесе нарықтық жағдайды жандандырғанда ғана қолданылатын қосымша жабдық. Осыдан кейін ұйым көбіне қалыпты қуатқа бейімделеді.
Қалыпты қуат - күтілетін сатылым талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті өндірістік қуаттың орташа жылдық деңгейі. Бұл шама іскерлік белсенділіктің маусымдық ауытқуларымен нақтыланады.
Нормативті қуат - ұйым шығара алатын көлемі емес, шығаруы ықтимал өнім көлемінің шынайы мөлшері. Шығындар тәртібін зерттегенде біз ұйымның нақ қалыпты өндірістік қуатына сүйенеміз.
Пайданы бағалағанда немесе өзіндік құнды қалыптастырғанда есепке алынатын және алынбайтын шығындарды ажыратады.
Шаруашылық қызметі процесінде әрбір кәсіпорын кіріс түрінде түсетін қолма қол ақша өсімін алу үшін өткізу көлемін ұлғайтуға тырысады. Болашақта ақшалай қолда бар түсімнің ең көп шамасын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорынның басқару құрамы кірістер мен шығыстардың белгілі бір тәртібін қолдануы тиіс. Қысқа мерзімді шешімдер үшін шамасы қабылданатын шешімге байланысты шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер маңызды болады, сондықтан олар шамасы қаралатын, баламаға байланысты, қолма қол ақшаның өсу болашағы туралы анық түсінік береді. Қолма қол ақшаның өсу қозғаласын айқындайтын шығыстар мен кірістер орынды деп аталады. Бір баламаны екіншісінен айыратын шығындар көбіне басқару есебінде орынды деп аталады. Шамасы қабылданатын шешімдерден байланысты емес шығындар иррелевантты (орынсыз).
Қайтарылмайтын шығындар
- бұрын қабылданған шешім
Жүктелген (оларды басқаша болжанған, баламалы деп те атайды) шығындар - бұлар шешім қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығыстар, бірақ олардың болашақта болмауы да мүмкін. Мойынға жүктелген шығындар жайлы сөз ресурстар шектелген жағдайда ғана болады, егер ресурстар шектелмесе, онда есептелінетін шығындар нөлге тең.
Жоспарланатын шығындар - мөлшерлеу, норматив, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.
Жоспарланбайтындар - қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына ғана әсер етеді.
Өсетін және шекті шығындар мен табыстар - өнімнің қосымша партиясын дайындау мен сату нәтижесінде пайда болған қосымша шығындар. Бұларға тұрақты шығындар кіруі де, кірмеуі де мүмкін. Егер тұрақты шығындар қабылданған шешімдер негізінде өзгерсе, онда олардың өсуі өсетін шығындар ретінде қарастырылады, егер олар өзгермесе, онда өсетін шығындар нөлге тең болады.
1.3 Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу
Шығындарды реттеу мен бақылау мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:
- реттелетін және реттелмейтін
- тиімді және тиімді емес
- мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар
- бақыланатын және бақыланбайтын
Жауапкершілік орталықтары
бойынша тіркелетін шығындар мен
табыс жауапкершілік
Реттеліндер - сомасы менеджер
тарапынан болатын ықпалға
Тиімділер - бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар, өткізу нәтижесінде табыс алады.
Тиімсіздер - өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын шығындар. Бұлар - негізінде ақаудан, ірілістерден , материалдарды бүлдіруден және т.б. болған шығындар.
Шығындарды мөлшер (норма) және мөлшерден ауытқыған шығындар деп бөлуді бөлімшенің жұмыс тиімділігін анықтау үшін ағымдағы есепте нақты болған шығындарды нормативтілермен жалғастыру жолмен қолдандады.
Бақыланатындарға кәсіпорында
жұмыс істейтін адамдар бақылайтын
шығындарды жатқызады. Олар құрамы бойынша
реттелетіндерден айрықшаланады, өйткені
мақсатты сипаты бар және жеке шығыстармен
шектелуі мүмкін. Бақылынбайтын шығыстар
- кәсіпорын қызметкерлеріне
2 Шығындарды есепке алудың және калькуляциялаудың әдістері
2.1 Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері
Калькуляция өнімнің сапасы
мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды
жүзеге асыру үшін маңызды роль атқарады.
Калькуляцияны кәсіпорында
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есеб мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің өзіндік құнын есептеу. Ол есепті алғаннан кейін есептеледі.
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі-өзіндік құн.
Өнімнің өзіндік құны –
оның шығару мен өткізуге арналған,
ақшалай түрде бейнеленген
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
- кәсіпорында өнім өндіруге
шығатын еңбек, қаржы және
- өнімді өткізуге: буып-түю,
орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға;
делдалдық қызметке төлеу,
- өнімді осы кәсіпорында
өндіру мен өткізуге
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндіг болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:
- цехтық – тікелей шығындар мен жалпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
- өндірістік – цехтық өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;
- толық өзіндік құн – коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріс пен де, өнім өткізу мен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау, қызмет түріне, меншік мөлшері мен пішініне қарамастан, белгілі бір принциптерге сәйкес ұйымдастырылады.
Шығын есебінің объектісі - өзіндік құнды басқару мақсаты үшін өндірістік шығыстарды топтастыратын белгі.
Көпмақсатты есеп жүйесінде
есеп объектісінің екі тобын бөледі:
жауапкершілік орталықтары мен
өнім бірліктері. Бұл жағдайда шығын
есебі объектілеріне: шығын пайда
болған орындар, жауапкершілік орталықтары,
шығын баптары, өндірістік қызмет факторлары,
біртекті өнім түрлері немесе топтары
жатады.Шығын есебі
Калькуляциялау объектілерінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляциялық объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды. Кез келген кәсіпорында калькуляциялау мынадай принциптерді ескере отырып ұйымдастырылады: шығын есебі объектілерін, калькуляциялау объектілері мен клькуляция бірліктерін белгілеу. Көп жағдайларда шығын объектілері мен калькуляциялау объектілері сәйкес келмейді.
Қосымша шығындардың бөлу тәсілін таңдау өнім бірліктерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін өте маңызды. Оны кәсіпорын дербес жасайды, есеп саясатында жазылады және барлық есепті кезең бойы өзгеріссіз қалады.

- Басқару есебінің әдістері мен тәсілдер және ұйымдастырылуы,
- Басқару есебінің мәні мен мағынасы
- Басқару есебі туралы жалпы түсінік
- Басқару есебі түсінігі
- Басқару жүйелерінің микропроцессорлық кешендері
- Басқару жүйелерінің теориясы.
- Басқару жүйесінің қағидалары, басты тұжырымдамалары
- Басқаруға қарсы қылмыстар
- Басқарудағы жоспарлау функциясы
- Басқарудағы жоспарлау функциясы
- Басқарудағы коммуникация
- Басқарудағы коммуникация процесі
- Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері
- Басқару есебі