Бухгалтерлік есеп. 2

Мазмұны 

I  Тарау Ағымдағы  банк шотындағы теңге және  валюталық әрекеттер есебі бойынша                        шоттар корреспонденциясын құру және осы әрекеттерді есеп тіркегіштерінде бейнелеуін талдау 

Кіріспе.....................................................................................................................................3 

1.1 Ағымдағы банктік  шоттар............................................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I  Тарау  Ағымдағы банк шотындағы теңге  және валюталық әрекеттер есебі  бойынша шоттар корреспонденциясын  құру және осы әрекеттерді  есеп тіркегіштерінде бейнелеуін  талдау 
 
 

    1. Ағымдағы  банктік шоттар
 

    Кәсіпорындар  өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуларға негізделген қарым-қатынас орнатады. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма-қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындармен төлемдік және келісім шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Кәсіпорындар қолма-қол есеп айырысуларды акцептік нысан бойынша, аккредитивтермен, төлемдік тапсырыстар мен, пошталық және телеграфтық аударулармен, вексельдермен, чектермен жүргізіледі.

    Кәсіпорындардың барлық уақытша бос қаражаты банк бөлімдерінде ашылатын ағымдаңы шотында  сақталады. Ағымдағы шот бекітілген нысандағы өтініш пен оған мына қосымшалар – жарғысы мен құрылтай шартының көшірімдері, тіркеу куәлігі, басқарушы  мен бас бухгалтер қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсе растаған кәсіпорынның мөрінің бейнесі, сонымен қатар, зейнетақы қорына төлеуші ретінде тіркелгені туралы құжаттар көшірмесі, кәсіпорынның салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы салық инспекциясының анықтамасы, бас бухгалтер лауазымының тағайындалуы туралы бұйрық көшірмесі мен кәсіпорын басқарушысының өкілеттілігін куәландыратын құжат көшірмесі негізінде ашылады.Кәсіпорынның ағымдағы шоттарын бірнеше банктерге ашуға құқығы бар,мұндай жағдайда кәсіпорын барлық ашылған шоттар туралы салық инспекциясына хабарлауға міндетті. Есеп айрысу бойынша операциялар банкпен дер мезгілде және дұрыс толтырылған төлем құжаттары: төлемақы аударымы, төлемақының талап ету құжаты, чектер, шотқа қолма-қол ақша салуға хабарландырулар және тағы басқалар негізінд жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны банк шотқа қолма-қол ақша салуға хабарландыру негізінде салады. Ағымдағы шоттар қолма-қол ақша кәсіпорынға чектер негізінде беріледі. Ақша чегі кәсіпорынның банкке ондағы көрсетілген соманы ағымдағы шотынан берілуі туралы үкімін білдіреді. Чек кітапшаларын кәсіпорын банктен алады. Чектер атауы және ұсынушыға жазылған болуы мүмкін. Атаулы чек нақты бір тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен төлқұжат мәліметтері көрсетіліп жазылады, ал ұсынушыға жазылған чекте мұндай мәліметтер болмайды. Чектер қандайда бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Чектерге кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорын мөрімен расталады. Төлем тапсырыстары негізінде банк төлеуші кәсіпорынның ағымдағы шотына ақша қаражатын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін сомалар алуға жабдықтаушы кәсіпорын төлемдік талап тапсырысты жазып, оны қызмет көрсететін банкіге инкассаға өткізеді. Бұл құжаттарды жабдықтаушы банкісіне төлеуші  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ШОТТАР  КОРРЕСПОНДЕНЦИЯСЫ – шаруашылық операцияларды тіркеу кезінде талдамалы  шоттар арасында туындайтын ақпараттық байланыс; операцияларды екі қайтара  жазу‚ бухгалтерлік шоттарды жүргізу  тәсілі. Ол операцияның бір шамада екі шотта жазылуынан көрініс табады: бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде жазылады. Мұндай жазбада екі жақты өзара байланыс пайда болады‚ оны Шоттар корреспонденциясы деп атайды. Шоттар корреспонденциясы бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы ақпараттық байланысты және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы құқықтық қатынастарды қатар көрсетеді әрі хронологиялық немесе ұдайы жазбалар түсіру арқылы көрініс табады. [1] 
 

      Банктік   шот  не үшін  қажет 
 

      Банктік  ағымдық  шот  деген не? Бұл банк пен клиенттердің ақшалары және олардың қозғалысы тіркелетін  шот .  Шотты  аша отырып, банктер  банктік   шот  шартына сәйкес клиенттің –  шоттың  иесінің атына келіп түскен ақша қаражаттарын қабылдауға, клиенттің тиісті сомаларды аудару және беру ту- ралы тапсырмаларын орындауға және шартқа қатысты басқа да операцияларды жүзеге асыруға міндеттенеді. Басқаша айтқанда,  шот  – бұл клиенттің осы банктегі ақшаларына қатысты барлық операциялардың жазбасы. 

    Банктегі  шот  не үшін қажет? Банк клиенттің тапсырма- сы бойынша ақшаларды оған қажет орынға жібереді. Қазіргі заманның адамы көптеген қызмет түрлерін қолданады. Мәселен, ай сайын оған пәтерге, телефонға, домофонға, гаражаға, Интернетке, ұялы байланысқа және т.б. төлеу қажет. Бұл жағдайда, тұтынушы осы қызметтермен пайдаланғаннан кейін осы қызметтерді көрсететін ұйымдармен оның тиісті шарттары болады, ал әрбір ұйымның кез келген банкте есептік  шоты  (заңнама бойынша болуы міндетті) болады. Тұтынушы кез келген банкте  шот  аша алады (себебі ақшаларды кез кел- ген банктен келесі банкке аударуға болады) және өзінің банк- тік  шотынан  қолма-қолсыз ақшаларды аудару арқылы қажет ұйымның төлемін жүргізе алады, осы операциядан кейін оның шотындағы ақшалар банкпен сол ұйымның  шотына  аудары- лады. Сондай-ақ, ақшаларды жеке тұлғалардың – достардың, таныстардың, әріптестердің, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің  шотына  аударуға да болады. 

    Өзіңнің  ағымдағы  шотыңның көмегімен қандай нақты операцияларды орындауға  болады? Қазақстандық банктер  ағымдағы   шот  бойынша келесі қызметтерді ұсынады: 

    ● клиенттің  шотына  қолма-қол ақшалай  немесе басқа  шоттардан  аудару арқылы түсетін ақшаларды  шотқа  есептейді; 

    ● клиенттің  шотынан  ақшаларды  оның нұсқауы бойынша басқа  шоттарға  аударады. Клиенттің тапсырмасымен немесе клиенттің нотариалды куәландырылған тиісті сенімхатына ие басқа адамның тапсырмасы бойын- ша клиенттің шотындағы төлемдер жүргізіледі және ақшалар аударылады; 

    ●  шоттан  клиентке қолма-қол ақша береді; 

    ● клиенттің талабы бойынша  шоттан  үзінділер (қаржы операциялары туралы есептер) береді; 

    ● клиенттің шотындағы сома шегінде  оның өтініші бойын- ша қолма-қол  және қолма-қолсыз валютаны сатып алады  және сатады. 

    Әрине, бұл қызметтердің барлығына ақы  алынады. Банк тиісті тарифтерге сәйкес  ағымдағы   шот бойынша банктік опе- рацияларды жүзеге асырғаны үшін клиенттен комиссиялық сыйақы алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Ағымдағы   шот  - клиенттің банктен түрлі  операциялар жүргізу үшін, мәселен, салым ашу, ақша аудару немесе ақша алу үшін, басқа да операциялар үшін ашатын  банктік   шоты . 

      Ағымдағы   шот  бойынша   Банк мынадай операция түрлерін  жүзеге асырады:

      Шотқа  ақша салу және қолма-қол  ақша алу;

      Шотқа  және  шоттан  ақша  аудару;

    Салымды толықтыру;

    Қолма-қол  ақшасыз валюта айырбастау. 
 
 
 
 
 

    Негізгі єдебиеттер : 

    1)    Банковское дело. Под ред. Лаврушина  О.И. – Москва, «Банковский и  биржевой научно-консультативный  центр», 1992г. 

    2)    Давыдова Л., Райманов Д. Банковское  право Республики Казахстан. Учебное  пособие. – Алматы, «Жеті жарғы», 2004г. 

    3)    Ерпылева Н.Ю.. Международное банковское  право. Учебное пособие. – Москва, 1998г. 

    4)    Ефимова Л.Г. Банковское право.  Учебное и практическое пособие.  – Москва, изд-во «Бек», 1994г. 

    5)    Олейник О.М. Основы банковского  права. Курс лекций. – Москва, Юристъ,1997г. 

    6)    Тосунян Г.А.  Банковское право  Российской Федераций. Общая часть.  – Москва, Юристъ, 1999г. 

    7)    Найманбаев С.М.  Банктік  қ±қық.  Алматы, 2005  

    8)    Эриашвили Н.Д.  Банковское право.  Учебник для студентов вузов.  – Москва, Закон и право, 1999г. 

    9)    История банковского дела //Банки  Казахстана. - 2001. - N7. - С.46-49. 

    10)                      Алимжанов К.    О некоторых  противоречиях банковского законодательства  Республики Казахстан. //Правовая  реформа в Казахстане. - 1999. - N4. - С.23-26. 

    11)                      Братко А.Г.         Банковское право и система  нормативных актов. //Бизнес и  банки. - 2003. - N19. 

    12)                      Братко А.Г.         Банковское законодательство и  акты банка России. //Бизнес и  банки. - 2003.  

    13)                      Братко А.Г.         Проблемы толкования банковской  нормы. //Бизнес и банки. - 2001. - N46 

    14)                      Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко  Е.Г.  Банковское право. М.: Юристь, 2003. (Раздел 2. Функциональная составляющая банковской деятельности. С. 245-478). 

    15)                      Банковское право. (Отв. ред. А.А.  Травкин). М.: Юристь, 2005. (81-459-б). 

    16)                      Банковское дело. (Под ред. Г.Н.  Белоглазовой, Л.П. Кроливецой). М., Финансы  и статистика, 2004. 

    17)                      Банковское дело. (Под ред. В.И.  Колесникова, Л.П. Кроливецой). М., Финансы и статистика, 2000. 

    18)                      Белых В.С., Виниченко С.И. Биржевое  право. М., Издательство Норма  (изд. Группа НОРМА-ИНФРА-М), 2001 

    19)                      Бердникова Т.Б. Рынок ценных  бумаг и биржевое дело. М., ИНФРА-М, 200. 

    20)                      БраткоА.Г. Банковское право (теория  и практика). М., Издательство ПРИОР, 2000. 

    21)                      Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право. М.: Дело, 2004. 

      

      

    Тақырып 5.  Банктік   шот  шарты негізінде  банктер жүргізетін операциялар. 

      

    1.      Банктік   шот  шарты негізінде  банктер жүргізетін операциялар  түсінігі 

    2.      Ағымдағы   банктік   шот   шартының негізінде банктер жүргізетін операциялар 

    3.      Банктік  депозит (салым)шартының  негізінде банктер жүргізетін  операциялар 

    4.     Корреспонденттік  шот  ұғымы 

    5.     Коммерциялық банкпен өзге банктердің  өзара жасалған корреспонденттік  шот  шарты 

    6.      Банктік   шоттар  бойынша  операциялардың тоқтатыла тұруы  және тоқтатылуы.  

      

    Банк  шот  шарты бойынша банктер  орындайтын міндеттіліктер (операциялар)  ағымдағы   банктік   шот  шартының, жинақ  шоты  –  банктік  депозит шартының, карт-шот шартының және корреспонденттік  шот  шартының негізінде жүзеге асырылады.  

      Ағымдағы   банктік   шот   шартының негізінде банк: 

    1)    банктегі клиенттің ақшасының  ол талап еткенде немесе ол  тапсырма бергенде қажетті мөлшерде  болуын (сақталуын) қамтамасыз етеді; 

    2)    клиенттің  банктік  шотындағы ақша қаражатының белгілі көлемін  банктік  кредиттеу процесінде пайдаланады; 

    3)    клиенттің атына (пайдасына) түскен  ақшаны оның  банктік   шотына  есептейді (қабылдайды); 

    4)    аталған шартта белгілеген тәртіппен  клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;  

    5)    клиентіне аталған шартта көзделген  тәртіппен қажетті мөлшерде қолма-қол  ақша сомасын береді; 

    6)    клиенттің  банктік  шотындағы  ақшасын пайдаланғаны үшін  банктік   шот  шартында айқындалған  мөлшерде және көзделген тәртіппен клиентке сыйақы төлейді;  

    7)    клиенттің талап етуіне орай  шартта кһзделген тәртіппен оның  банктегі ( банктік  шоттағы) ақшасының  сомасы және  банктік   шоты  бойынша жасалған операциялар  туралы клиентке ақпарат береді; 

    8)    шартты көзделген тәртіппен клиенттің өз  банктік   шотынан  үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару жөніндегі өкімін орындайды; 

    9)    тиісті заңнамалық актілерде  немесе шартта көзделген негіздер  бойынша клиенттің  банктік   шотынан  өздеріне тиесілі  ақша сомасын алып қою туралы үшінше тұлғалардың өкімін орындайды; 

    10)                      клиентке шартта, тиісті заңнамалық  актілерде көзделген және  банктік   тәжірибеде қолданылатын іскерлік  айналымы дағдыларынаорай өзге  де  банктік  қызметтер көрсетеді. 

      Банктік  депозит (салым) шартының негізінде банк: 

    1)    клиенттің жинақ шотындағы оған  тиесілі ақшаның (депозиттің/ салымның) болуын қамтамасыз етеді; 

    2)    клиенттің аталған  банктік   шотындағы ақша қаражатын пайдаланады; 

    3)    клиенттен немесе үшінші тұлғадан  клиенттің жинақ  шотына  қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен ақша қабылдайды; 

    4)    клиенттің ақша қаражатын өз  мүддесіне орай пайдаоанғаны  үшін оған осы шартта көзделге  тәртіппен және айқындалған мөлшерде  сыйақы төлейді; 

    5)    клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды. 

      Банктік  карт-шот шарты негізінде  банк: 

    1)    клиенттің шоттағы ақшасының  ұдайы болуын қамтамасыз етеді; 

    2)    клиенттің атына (пайдасына) түсетін  ақшаны осы  шотқа  есептейді; 

    3)    шартта көзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді; 

    4)    заңнамалық актілерде немесе  аталған шартта көзделген негіздерге  орай шоттағы клиент ақшасының  өздеріне тиесілі сомасын алып  қою жөніндегі үшінші тұлғалардың  өкімін орындайды; 

    5)    заңнамалық актілерде немесе  шартта айқындалған тәртіппен  клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды; 

    6)    клиенттің төлемдік карточкасын  пайдалана отырып оған қолма-қол  ақша береді. 

    Коммерциялық  банкті алғашқы рет құру және оның жарғылық қорын қалыптастыру барысында  Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған  корреспонденттік  шот , сондай-ақ басқа коммерциялық банкпен (банктермен) өзара жасалған корреспонденттік  шот  шарты негізінде көбінесе есеп айырысу, банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік  шотқа  есептеу, корреспонденттік  шотты  кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік  шот  арқылы жүргізілуге тиіс  банктік  операцияларды жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік банк пен респондет банктің (керісінше респондент банк пен корреспондент банктің)  банктік  операциялық қызметі болып табылады. 

    Корреспондент банктің респондет банкке ашатын корреспонденттік  шоты  “ЛОРО”, ал респондент банкте “НОСТРО” деп  аталады.  

    Банк  клиенттері заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің корреспонденттік  шоттарын  есепке алмағанда басқа  банктік   шоттары  бойынша тиісті операцияларды тоқтата тұру: 

    1)    салық есептілігін табыс ету  мерзімі аяқталғаннан кейінгі  он жұмыс күні ішінде салық  төлеуші өзіне қатысты салық  есептілігін табыс етпеген болса; 

    2)    салық төлеуші өзіне тиесілі  салық берешегін өтемеген жағдайда; 

    3)    салық салу объектілері мен  салық салуға байланысты объектілерді  салықтық тексеруге, қарауға жол  бермеген жағдайда заңнамалық  актілерде белгіленген тәртіппен  жүргізіледі. 

    Банк  клиенті салық төлеушінің (заңды  тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің)  банктік   шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол (өкім) банкке табыс етілген күннен бастап күшіне енеді. 

    Осы өкім банктер тұрғысынан сөзсіз орындауға  тиіс.  

    Осындай өкімді шығарған салық органы  банктік   шоттар  бойынша шығыс операцияларын  тоқтата тұру себебі жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның (өкімнің) күшін жояды.  

    Клиенттің  банктік   шоттары  бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тек салық берешегін өтеу жөніндегі операцияларға ғана емес сонымен бірге оның барлық шығыс операцияларына да қолданылады. 

    Тиісті  заңнамаларда немесе  банктік  шартта нақтылы мән-жайлар көзделмеген  болса, клиенттің өтініші бойынша  банктік   шот  шарты кез келген уақытта бұзылады. 

      Банктік   шот  шартын тоқтату  негіздері ретінде: 

    1)     банктік   шот  шартын бұзу  және  шотты  жабу туралы  клиенттің жазбаша өтініші; 

    2)    банк клиенті заңды тұлғаны  құрған органның шешімі; 

    3)     банктік   шот  шартының бір  тарапы болып табылатын заңды  тұлғаның таратылуы; 

    4)     банктік  қызмет сипатының  өзгеруіне орай шарт бойынша   шотқа  қатысты нақты бір  белгінің жойылуы көрініс табады. 

    Заңды тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына немесе заңды тұлғаның  шотында  бір жылдан астам, ал жеке тұлғаның  шотында  үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы  шотқа  қойылған талаптардың орныдалмауы орын алған кезде  банктік   шотты  жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты  шотты  жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған (клиент орындамаған не орындай алмаған) талаптар болған кезде  ағымдағы   банктік   шотты  жабуға тыйым салынады. 

    Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның  банктік  шоты  жабылғаннан кейін банк он күндік мерзімде осындай мән-жай туралы тиісті салық қызметі органдарына жазбаша түрде хабарлауға міндетті. 

    Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекеменің  банктік   шотын  банк Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі осы мемлекеттік мекеменің  банктік   шотын  ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады. 

      

    Валюталық  жүйе және оның түрлері 

    Халықаралық  валюталық  қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен  өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. 

      Валюталық  қатынастардың жекелеген  элементгері ерте Грецияда және  Ертедегі Римде вексель түрінде  пайда болған. Келесі даму кезеңіне  Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті. 

    Халықаралық  валюталық  қатынастар халықаралық  экономикалық қатынастарды жалғастырады.  Валюталық  қатынастардың жағдайы  ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы  валюталық  қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді. 

    Капиталдың  шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде  ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай  капиталының бір белігі шетел  валютасына айналады неме- се керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады. 

    Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл  валюталық  қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. 

    Халықаралық  валюталық  қатынастар тұрақсыздығы мен  валюталық  дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді. 

    Шаруашылық  байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық  валюталық  қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады. 

      Валюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны. 

      Валюталық  жүйелер үш түрге  бөлінеді:

    Ұлттық  валюталық  жүйе;

    Дуниежүзілік  валюталық  жүйе;

    Аймақтық  немесе мемлекетаралық  валюталық  жүйе. 

    Тарихта, ұлттық  валюталық  жүйе ең бірінші  қалыптаскан. 

    Ұлттық  валюталық  жүйе—халықаралық төлем  айналымын жүзеге асыратын, ұдайы  өндіріс үдерісіне қажетті  валюталық  ресурсты құрайтын және оны пайдалануға  көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. 

    Ұлттық  валюталық  жүйе - елдің ақша жүйесінің  бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің  құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. 

    Ұлттық  валюталық  жүйе дүниежүзілік  валюталық  жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік  валюталық  жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған. 

    Дүниежузілік  валюталық  жүйе — бұл халықаралық  несие-қаржы институттары мен  валюталық  құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды. 

    Дүниежүзілік  валюталық  жүйелердің қызмет ету  сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының  сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы  қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді. 

    Ұлттық  және дүниежүзілік валюталык жүйелер  арасындағы байланыс пен айырмашылықтары  олардың негізгі элементтерінен көрінеді. 
 
 

    Валюталық  реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi  

          1.  Валюталық  реттеудiң мақсаты  тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң саясатына жәрдемдесу болып табылады.  

           2.  Валюталық  реттеудiң мiндеттерi:  

           1) Қазақстан Республикасында   валюталық  құндылықтардың айналысының  тәртiбiн белгiлеу;  

           2) Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк  экономикаға одан әрi кiрiгуi үшiн  жағдайлар жасау;  

           3)  валюталық  операциялар мен  капитал легi жөнiндегi ақпараттық  базаны қамтамасыз ету болып  табылады.  

          5-бап.  Валюталық  реттеу органдары  

          1. Қазақстан Республикасында   валюталық  реттеудiң негiзгi органы  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi болып табылады.

           2. Қазақстан Республикасының Үкiметi  және өзге де мемлекеттiк органдар  валюталық  реттеудi өз құзыретi  шегiнде жүзеге асырады.

           3. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi және Қазақстан Республикасының  Үкiметi осы Заңға сәйкес өз  құзыретi шегiнде резиденттер  мен резидент еместер үшiн мiндеттi  нормативтiк құқықтық актiлер  шығарады.

            Валюталық  реттеу органдары әзiрлеген  валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.

           4. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi  валюталық  реттеудiң  негiзгi органы ретiнде:

           1) шетел валютасымен айырбастау  операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн  және оған қойылатын талаптарды;

           2) резиденттер мен резидент еместердiң   валюталық  операцияларды жүзеге  асыру тәртiбiн, соның iшiнде   валюталық  реттеу режимдерiн:

           РҚАО-ның ескертпесi!

          2) тармақшаның екiншi абзацы 2006.12.31 дейiн  қолданылады.

Бухгалтерлік есеп. 2