Бухгалтерлік есеп. 3



 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

           

«ТҰРАН-АСТАНА»  УНИВЕРСИТЕТІ

 

«ИНЖЕНЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ»  ФАКУЛЬТЕТ

 

 

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Инженерлік- экономикалық факультетінің

ОӘБ төрағасы э.ғ.д., доцент 

____________________ Б.Г. Мұқан

«____»___________2009 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1»

 

ПӘНІНІҢ  ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

 

 

 

 

 

Кредит  саны:    3 кредит

Тәжікенова С.Қ.

Кафедра «Қаржы, есеп және аудит»

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2009



 



 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қойылатын талаптар

 

1.1.           Пәндер бойынша ОӘК-нің құрылымы

 

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:

- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);

- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;

- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

- пән бойынша тапсырмалардың тапсыруын және кестенің орындалуын;

- пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуін;

- лекциялық кешенді (лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар; қолданылған әдебиеттердің тізімі);

- семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспарын;

- пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысын;

- курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулардың орындалуын;

- білім алушылар үшін өзіндік жұмыстар материалдарында: үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрінің тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқа да үй тапсырмаларымен әдебиеттердің еңбек көлемі көрсетілген;

- құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқауларын;

- білім алушылардың оқу бағасын бақылау және бағалау жетістігі бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілеу тапсырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихандық билеттер және т.б.);

- оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы);

- аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Пәннің оқу типтік бағдарламасы

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

           

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ  экономикалық  университеті

 

Жоғары кәсіптік білім

 

Бакалавриат

 

 

 

 

050508 «Есеп  және  аудит»

мамандығы   бойынша 

 

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1

 

пәнінен  жоғары оқу

  орындарында  оқитын  студенттерге  арналған 

 

2  кредит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ

2006

 

1.       Т.Рыскулов  атындағы  Қазақ   экономикалық   университетінде   жасалған  және  енгізілген

2.       ҚР  білім   және   ғылым  Министрлігінің  «   » тамыз  2006 ж       бұйрығымен  бекітіліп   қолданысқа  енгізілген.

3.       Типтік  оқу  бағдарламасы  050508 «Есеп  және  Аудит»  мамандығы  бойынша   Мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес   жасалды. 

4.       Бағдарламаны   жариялауға  Т.Рысқұлов  атындағы  Қазақ    экономикалық  университеті  ұсынған.

 

 

ТҮСІНДІРМЕ   ХАТ

Қаржылық  есептілікті   қолданушылардың  әр түрлі  топтарының   болуы,  ішкі  және  сыртқы   қолданушылардың  ақпараттық  талаптарына   байланысты   бухгалтерлік   есеп  ақпараттық   жүйе  ретінде  қаржылық  есеп  және   басқару   есебі   болып  бөлінеді.  Қаржылық  есептің   мақсаты  мен  міндеті  инвесторлардың,  акционерлердің,  кредиторлардың   қаржылық  ресурстарын  тиімді  пайдалану  мақсатында  тиімді де,  оптималды  шешімдерді  қабылдауы  үшін  сыртқы  пайдаланушыларға, сол  сияқты  мемлекеттік,  статистикалық,  салық  қызметкерлерінің,  сол сияқты   басқа да  қолданушылардың  ақпараттық  қажеттіліктерін   қанағаттандыру  үшін  анық та, объективті  қаржылық  есептілікті  ұсыну  болып  табылады. 

 



Пәннің  мазмұны 

Кіріспе

              Қаржылық есеп – 1  пәнін оқытудың  мақсаты мен  міндеті  жоғары  талаптарға  сай  келесідей  кәсіби  білімі  мен  дағдысы: басқару  шешімдерін  талдау  және  қабылдау,  ішкі   бақылаудың  тиімді   жүйесін  ұйымдастыру,  қаржылық есеп  стандарттарына   сай  қаржылық есептілікті   қалыптастыру және   ұсыну  болатын,  бухгалтерлік  есеп  және  аудит  саласында  жоғары   білікті  мамандар  дайындау  болып  табылады.

              «Есеп  және  аудит»  мамандығы  бойынша  оқитын  студенттер  «Қаржылық есеп – 1»  курсын  сәтті   аяқтағаннан  кейін,  келесі   салалардан  теориялық  білім және  тәжірибелік  дағды  алып  шығуы  тиіс:  қаржылық  есептің   тұжырымдамасы  мен  негізгі принциптері;  қысқамерзімді  және  ұзақмерзімді  активтер   есебі; қысқамерзімді және  ұзақмерзімді   міндеттемелер  есебі;  серіктестердегі  капитал  есебі;  табыстар мен  шығыстар  есебі;  сол сияқты  қаржылық  есеп  стандарттарына   сәйкес   қаржылық  есептіліктің   барлық  нысандарын   дайындау. 

  

 

1 – тақырып. Ақшалай  қаржылар мен  олардың 

эквиваленттерінің   есебі

Ақшалай   қаржылар мен ақшалық   эквиваленттердің   есебі. Кассадағы   ақшалардың есебі. Банктегі   ақшалай  қаржылар   есебі.  Аккредитивтердегі,  чектік  кітапшалардағы   ақшалай   қаражаттардың  есебі.  Банктегі  валюталық  шоттағы   ақшалар. Ағымдағы  шоттар  бойынша   банк   көшірмелері,  оларды   тексеру  және   өңдеу.  Ақша   қаражаттарына,  ақшалық  құжаттарға   және   қатаң   есептегі   банктерге   түгендеу   жүргізу  тәртібі   және   олардың   нәтижелерін   бухгалтерлік   есеп  шотарында   бейнелеу.  Ақшалық   эквиваленттері.  Банктік   овердрафт.  Ақпараттарды   ұсыну   және  ашу.

 

2 – тақырып.  Дебиторлық  борыштар есебі

              Дебиторлық   борыштар, оның  түрлері:  қысқа  және   ұзақ   мерзімді,  саудалық  және   саудалық   емес  дебиторлық  борыштар  есебі.   Дебиторлық  борыштарды   тану  және   бағалау.  Берілген  жеңілдіктер  есебі.  Сатылған   тауарлардың   қайтарылуының   және  сату   мен   баға  жеңілдігінің   есебі.  Күмәнді   борыштарды   бағалау.  Күмәнді   борыштарды   бағалаудың  әдістері. Алынуға  тиісті  вексельдер.  Алынуға   тиісті  вексельдерді   бағалау   және   мойындау.  Басқа да  дебиторлық   борыштар  есебі.   Ақпараттарды   ұсыну   және   ашып  көрсету.

   

3 – тақырып.  Қорлардың    есебі

              2  ХҚЕС  «Қорлар».  Қорлардың   жіктелуі. Өзіндік   құн мен  нарықтық  құнның  төменгісі  бойынша   бағалау.  Қорлардың  қозғалысын  құжаттық   рәсімдеу.  Қорлардың  есебін   ұйымдастыру  жүйесі:  мерзімді   түгендеу  және  ағымдағы  түгендеу.  Есептің   үздіксіз  жүйесіндегі  қорлар  есебі.  Есептің   үздіксіз  жүйесіндегі  қорларды  бағалау   әдістері  (орташа   есептік  құны  бойынша,  ФИФО, арнайы   ұқсастыру).  Әдістерді   салыстыру.

              Қорларды   ішкі   бағалаудың  тиімді   жүйесі: қорлардың  бухгалтериядағы  және   қоймадағы  есебі. Қоймадағы   материалдарды   түгендеу,  оның   нәтижелерін  есепте  бейнелеу   тәртібі.  Қорларды   қайта   бағалаудың  есебі. Қайта  бағалауды   жүргізу  тәртібі  мен  оның   нәтижесінен  болған  бағаның   төмендегенін  немесе   жоғарылағанын  реттеу. Ақпараттарды   ашып  көрсету.  

 

4 – тақырып.   Негізгі   құралдар   есебі:

бастапқы  тану,  бағалау  және  олардың   тозуы

              16  ХҚЕС  «Негізгі   құралдар». Негізгі   құралдарды   жіктеу,  оларды   бағалау. Бастапқы  тану   және  нақты   құны   бойынша   бағалау.  Негізгі   құралдарғы   ие  болу   есебі. Негізгі  құралдар   объектілеріне   ақшалай   емес   активтерге    айырбас   жолымен ие   болу.   Ұқсас   активтерге   айырбастау.  Табиғи   ресурстарды   есепке   алу   ерекшеліктері.   20   ХҚЕС: Мемлекеттік   субсидиялар  есебі.  Негізгі   құралдарды   тегін  беру. 

              Кейінгі   күрделі   шығындар.  Негізгі   құралдарды  жөндеу. Жетілдіру  және    ауыстыру,  қайта   құру   және  қайта   орнату, салу.  Негізгі   құралдардың   жойылуы    мен   басқадай   шығыс  етілуі.  Негізгі   құралдарға   түгендеу   жүргізу   тәртібі   және   оның   нәтижелерін   есепте   бейнелеу. 

              Негізгі   құралдардың   тозуы,   тозу   есептеу   әдістері:  тіксызықты,   өндірістік,  кумулятивті,  азаюшы   қалдықтар.  Негізгі  құралдарды   қайта   бағалау   есебі.   Активтердің    қымбаттауы  мен    арзандауының    есебі.  Активтерді    қайта   бағалау   бойынша    резервтер.  36  ХҚЕС  «Активтердің   құнсыздануы».  Ақпараттарды  ашып   көрсету.

 

5 – тақырып.  Материалдық   емес   активтер  есебі

              38 «Материалдық   емес  активтер». Материалдық  емес   активтерді   тану  критерилары. Материалдық   емес    активтердің   жіктелуі  және  олардың   сипаттамасы.  Бастапқы   тану  және  бағалау.  Материалдық   емес   активтерге  ие   болу  есебі.   Кәсіпорында   жасалған   сауда   маркалары,  іскерлік   мәртебе. Айырбас нәтижесінде   алынған  материалдық   емес   активтерді   бағалау.   Материалдық   емес   активтерді  қайта   бағалау.  Зерттеу   шығындары.  Материалдық   емес   активтердің   есебін   ұйымдастыру. Матриалдық  емес   активтердің   амортизациясы.  Материалдық  емес   активтерді   есептен  шығарудың   есебі.   Ақпараттарды  ашып   көрсету.

 

6 – тақырып.  Міндеттемелер  есебі

              Міндеттемелер  түсінігі   және  олардың    жіктелуі.  Қаржылық   міндеттемелер  есебі.   Салықтық   міндеттемелер   есебі.   Міндетті  және   ерікті   төлемдер   бойынша   міндеттемелер   есебі.   Кредиторлық   борыштар   есебі.  Бағаланушы   міндеттемелер.  Басқа  да  міндеттемелер   есебі.  Міндеттемелерді   бағалау   және тану.   Қаржылық   есептілікті   ашып   көрсету. 

7 – тақырып.  Кірістер   мен   шығыстардың   танылуы

18  ХҚЕС  «Түсім».  Кірістер   мен  шығыстар   жайлы   түсінік.  Кірістер   мен   шығыстарды   танудың   критерилері.  Өнімді  сату  барысында   кірісті   тану.   Өнімді    сатқанға   дейін   тану.  Өнімді   сатқаннан    кейін   кірісті   тану.   Ұзақ    мерзімді   келісім  шарттар.

Кезең   шығындары:  сатып-өткізу   бойынша   шығыстар, әкімшілік   шығыстар,   сыйақылар   бойынша  шығыстар.  Тауарларды,  жұмыстар  мен  қызметтерді   сатып-өткізу   бойынша   шығындар   есебі.  Қызмет   көрсету   бойынша   табыстар  есебі. Шығыстарды   тану.  Әкімшілік   шығыстар,  олардың   құрамын  және   ұйымдастырылуын   есептеудің   тәртібі.  Табыстар   мен  зияндардың   танылуы.  Төтенше   жағдайлардың   нәтижесінен    болатын   табыстар  мен   зияндар.   Бухгалтерлік   жазулардың   жабылуы.  Табыс   және  шығыс   жөніндегі   есеп  беру.  Ақпараттарды   ұсыну.

8 – тақырып.  Меншікті   капиталдың  есебі

Субъектілердің   шаруашылық   қызметінің    түрлеріне   байланысты   жарғылық  капиталдың   қалыптасу   тәртібі   және  оның   көлемі.   Серіктестердегі    жарғылық    капиталдың  есебі.   Акционерлік   қоғам.  Төленбеген   капиталдың  есебі.  Жарияланған   капитал  есебі.   Акциялар   эмиссиясы.  Акциялар   типтері.   Артықшылығы   бар  акциялардың   қарыздық  сипаттамалары.  Эмиссиондық   табыс.   Акционерлік   капиталдың   алынуы.  Акциядан  дивидендтер,  акциялардың  бөлшектенуі.   Дивидендтер    есебі.  Акциядан   кіріс.  Резервтік  капитал.  Алынған   капитал  жайлы   түсінік   және  оның   есебі. Таза  табыс.  Есепті   жылдың   бөлінбейтін   табысы.   Өткен  жылдар    пайдасы   және  оның   қолданылуы.  Бөлінбейтін   пайда   жөніндегі   есеп  беру.   Ақпараттарды   ашып  көрсету.

 

9 – тақырып.   Қаржылық   есеп  беруді   ұсыну

1 ХҚЕС  «Қаржылық   есептілікті   ұсыну».  Кіріс  және  шығыс   жөніндегі   есеп  беруді  ұсыну.  Төтенше   жағдайлардан   алынған   пайдалар   мен  зияндар.  Бухгалтерлік  балансты   ұсыну.   Түсіндірме   жазбалар. 7 ХҚЕС «Ақша  қаражаттарының   қозғалысы  жөніндегі  есептілік». Ақша   қаражаттарының   қозғалысы   жөніндегі   есептілікті   дайындау:  тікелей   және  жанама   әдістер.  Меншікті   капиталдағы   өзгерістер   жөніндегі  есеп. Компанияның  есеп   саясаты.

 

Тәжірибелік  сабақтардың   тақырыптары

1.       Бухгалтерлік  есептің   концепциялары,  стандарттары  мен  принциптері

2.       Ақша  қаражаттары  мен  олардың   эквиваленттерінің   есебі

3.       Қорлардың   есебі  мен   бағалануы

4.       Дебиторлық   борыштар   есебі  және  күмәнді   қарыздар   бойынша   резервтер құру

5.       Негізгі   құралдар  есебі

6.       Негізгі   құралдардың   тозу  есебі

7.       Міндеттемелер  есебі

8.       Банк   займдарының  есебі

9.       Негізгі   құралдарға   кейінгі   қаржы   салу   және  оларды  жөндеу  есебі

10.   Материалдық   емес   активтердің   және  олардың   амортизациясының  есебі

11.   Еңбекақы  есебі

12.   Меншікті   капитал   есебі

13.   Серіктестердегі  меншікті   капитал  қозғалысының   есебі

14.   Табыстар  мен  шығыстарды   тану

 

Қолданылған   әдебиеттер   тізім

1.       2002-жылғы  24-маусымдағы  №329-II   Қазақстан  Республикасының   «Бухгалтерлік  есеп   және   қаржылық  есеп  беру  туралы»  заңы. (өзгерістермен  және  толықтырулармен)

2.       Қаржылық  есеп  берудің   халықаралық   стандарттарын  қолдану   бойынша   әдістемелік   ұсыныстар  жинағы.  Бико  баспа  үйі, Алматы, 2006 ж.

3.       Қаржылық   есеп  берудің   халықаралық   стандарттарына   сәйкес   қаржылық   есептілікті   құрастыратын    ұйымдарға   арналған   бухгалтерлік   есеп  шоттарының   жұмыс   жоспарын   дайындау   бойынша   нұсқау. Бико  баспа  үйі, Алматы, 2006 ж.

4.       Нурсейтов Э.О. Ұйымдардағы  бухгалтерлік   есеп. ЛЕМ  баспасы, Алматы, 2006 ж.

5.       Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю., «Бухгалтерский   учет  на  предприятии».  Алматы, 2006 г.

6.       Нидлз Б., Андерсен Х.,Колдуэлл Н., «Принципы   бухгалтерского  учета». Москва, 1996 г.

7.       Энтони Р., Рис  Д.Ж., «Учет:  ситуации  и примеры», Москва, 1996г.

8.       Тулешова  Г.К. «Дамытылған  қаржылық  есеп»  Алматы  2005 ж.

9.       Халықаралық   қаржылық   есеп   стандарты. 1 қаңтар  2005 ж жағдай   бойынша   толық   ресми   аудармасы.

 

 

 

Құрастырушылар:  э.ғ.к., доцент  Міржакыпова  С.Т.

э.ғ.к., доцент  Салина  А.П

аға   оқытушы  Сапарбаева   С.Т.

аға   оқытушы  Евескина   Ж..Ж..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасын

 

2.1 Оқу жоспары бойынша белгіленген сағат саны

 

Жалпы сағат саны

Семестр  4

Семестр

Аптасына

Барлығы

Аптасына

Барлығы

Дәрістер

15

1

15

 

 

Практ. сабақтар (семинар),

лабораториялық

15

1

15

 

 

Курстық жоба  (КЖ)

8,25

-

8,25

 

 

Емтихан (Е)

СӨЖ

5

15

 

1

5

15

 

 

 

 


2.2 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті

 

Мемлекеттік стандартқа сәйкес мамандық бойынша пәнді оқытудың нәтижесі ______050508________студент міндетті:

                               (шифры)

 

ҰСЫНЫСЫ БОЛУЫ   нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп бойынша теориялық әзiрлiгiн қалыптастыруға,  курсты тереңдетiп оқуға және аталған салада бiлiмiн жетiлдiруге бағытталған.

 

БІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ болашақ мамандарды шаруашылықтағы  қаржылық есепті Халық аралық қаржылық есептілік стандартарына сәйкес ұйымдастыруын оқып білуі қажет.

 

БІЛУІ   маңызды экономикалық ғылым ретіндегі қаржылық есептің мәнін  және оның шаруашылық субъект қызметін басқару жүйесіндегі орнын білуге;

       кәсіпорынның есеп саясатын құруды, бухгалтерлік объектілерді есепке алуды, бухгалтерлік ақпараттарды оқуды менгеруге;

       қаржылық есеп беру нысандарын құруға және ұсына алуға міндетті.

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ бухгалтерлік есеп негізгі концепциялары мен қағидаларын қаржылық есепе пайдалануын, есеп әдiстерiнiң қолданылуын жете меңгеру; кәсiпорында іс жүзінде қаржылық енсепті жүргізу, бухгалтерлі есеп регистрларын толтыруды игеру бойынша тәжірибелік дағдылары болуы қажет.

 

Берілген пәндерді оқытудың қажеттілігі қамтылған бөлімдері (тақырыптары) көрсетілген

 

 

2.3 Пәндер тізімі

 

Пәндер атауы

Бөлімдер (тақырыптар) атауы

"Экономикалық теория"

Экономикалық теорияның негізгі теоретикалық аспектілері

Микроэкономика

Барлық бөлімдері

Маркоэкономика

Барлық бөлімдері

"Бухгалтерлік есеп принциптері"

Бухгалтерлік есеп концепциялары мен қағидалары, шаруащылық операцияларды екі жақты жазу  әдісіменшоттарда өрнектеу, түгендеу жүргізу, басқа да есеп әдістері қолдануы, ағымдағы  активтер, міндеттемелер, капитал есебі жүргізу, есеп саясатың құрастыру, пайдалану, қаржылық есептілік жасау сұрақтары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Тақырыптар мазмұны

және оны әдістемелік қамтылуы

(Дәрістік курс – семестр бойынша)

 

Бөлімдер (тақырыптар) атауы, сағ.

Практикалық

Көрнекті құралдарды пайдалану

СОӨЖ

Білімді бақылау формасы

1

2

3

4

5

1.      Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі  - 2 сағат

Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі  - 2 сағат

Слайд-шоу

Таратпа материалдар ұсыну

Жазба түрінде әдебиеттер және Интернет материалда-рына шолу жасау

Ұсынылған тақырып бойынша  реферат жазу

Глоссарий Ауызша сұрау,

реферат

2.      Дебиторлық қарыздар есебі –2сағат

Дебиторлық қарыздар есебі –2 сағат

Слайд-шоу

Таратпа материалдар ұсыну

Тақырып бойынша  глоссарий дайындау

Есептер шығару

Ұсынылған тақырып бойынша  реферат жазу

 

Глоссарий Ауызша сұрау,

реферат

3.      Қорлар есебі

(ХҚЕС 2) – 2 сағат

Қорлар есебі

(ХҚЕС 2) – 2 сағат

СД-проектор қолдану

Таратпа материалдар ұсыну

Логикалық сызбалар

 

ХҚЕС 2 «Қорлар»-танысып, конспект жазу

Тақырып бойынша  глоссарий дайындау

Есептер шығару

Ұсынылған тақырып бойынша  реферат жазу

Есептер тексеру Ауызша сұрау

Тестілеу, конспект тексеру

4.Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация ( ХҚЕС 16, ХҚЕС 36)- 3 сағат

Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация ( ХҚЕС 16, ХҚЕС 36)- 3 сағат

СД-проектор қолдану

Логикалық сызбалар

Таратпа материалдар ұсыну

 

ХҚЕС 16, ХҚЕС 36 –танысу, қысқаша  негізгі ұғымдарға конспект

GKT- Glossary of key terms- дайындау;

Реферат жазу; Case study жазба түрінде дайындау; Есептер шығару

Есептер тексеру Ауызша сұрау,

конспект тексеру,

реферат

Тестілеу

5.Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38) - 1 сағат

Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38) - 1 сағат

Логикалық сызбалар

Таратпа материалдар ұсыну

 

ХҚЕС 38–танысу, қысқаша  негізгі ұғымдарға конспект

GKT- Glossary of key terms- дайындау;

Реферат жазу; Есептер шығару

Есептер тексеру Ауызша сұрау,

конспект тексеру,

реферат

6.Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)– 2 сағат

Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)– 2 сағат

Шоттар корреспонденциясы Логикалық сызбалар

Таратпа материалдар ұсыну

Тақырып бойынша  глоссарий дайындау

Есептер шығару

Ұсынылған тақырып бойынша  реферат жазу

ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37 –оқып танысу

Есептер тексеру Ауызша сұрау,

конспект тексеру,

реферат

1

2

3

4

5

7.Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)– 2 сағат

Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)– 2 сағат

Слайд-шоу

Таратпа материалдар ұсыну

СД-проектор қолдану

 

ХҚЕС 18-танысу, қысқаша  негізгі ұғымдарға конспект

GKT- Glossary of key terms- дайындау; Реферат жазу; Case study жазба түрінде дайындау; Есептер шығару

Есептер тексеру Ауызша сұрау,

конспект тексеру,

реферат

8.Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)– 1 сағат

Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)– 1 сағат

Кәсіпорынның жылдық балансы,

Ақша қаражаты қозғалысы есебі,

Пайда мен шығындар бойынша есебі

GKT- Glossary of key terms- дайындау; Есептер шығару

Есептер тексеру Ауызша сұрау

 

Барлығы  - 15 сағат

15 сағат

 

30 сағат

 

 

 

2.5 Сөж тақырыбы

СӨЖ көлемі -30 сағат

 

1.     Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі  - 4 сағат

2.Дебиторлық қарыздар есебі –4 сағат

3.Қорлар есебі (ХҚЕС 2) – 4 сағат

4.Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация ( ХҚЕС 16, ХҚЕС 36)- 4 сағат

5.Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38) - 3 сағат

6.Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)– 4 сағат

7.Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)– 4 сағат

8.Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)– 3 сағат

 

2.6 Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету

Оқулықтар, оқу-құралдары

 

Авторы, атауы, шыққан жылы

Барлары (дана)

Кітапханада

Кафедрада

1.«Бухгалтерлік есеппен қаржыдық есеп беру туралы» ҚР Заңы, 28.02.2007ж №234-III

50

5

2.ҚР Кодексі "Салық және басқада міндетті түрдегі төлемдер бойынша»О налогах и других обязательных платежах в бюджет". - Алматы: БИКО,

50

-

3.Международные стандарты финансовой отчетности.  Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1января  2005 года М. : Аскери, 2006 г.

5

2

4.Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы.- Алматы, Экономик, С, 2003.-360 бет.

30

-

5.Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н.,т.б. Қаржылық есеп: Оқу құралы.- Алматы, Экономика, 2001.-330 бет.

30

-

6.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005

15

-

9 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Изд.   3-е доп. и перераб. - Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002. -728с.

50

-

10.Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие. В 2-х частях. Ч.1 - Алматы: «Экономика», 2000.-336с.

75

10

11.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство «Экономика» 2005.- 254 с.

25

-

12.Шуванова В.И., Абдиманапов А.А. Организация бухгалтерского учета и формирование учетной политики предприятия: Учебное пособие.  – Алматы: 2001. -400с.

5

-

Всего

315

17

Бухгалтерлік есеп. 3