Бюджет жүйесі
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері……..……4
1.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы……………………………………….4
1.2 Республикалық бюджет……………………………………………………..6
1.3 Жергілікті бюджеттер
және олардың аумақтық құрылымдардың
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні…………………………………..8
2. Республикалық бюджеттің құрылымы…………………………………..11
2.1 Бюджеттің кірістері………………………………………………………
2.2 Бюджеттің шығыстары…………………………………………………….
3. Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарындағы салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………...20
3.1 Қазақстан
Республикасын дамытудың
3.2 Салық-бюджет
саясатының негізгі бағыттары……
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы жеке тәуелсіз мемлекет ретінде дамыған осы жылдар ішінде атап айтарлықтай жетістіктерге жетті, сондай – ақ бізге белгілі мемлекеттің өзіндік дербес орталықтандырылған ақша қоры - мемлекеттік бюджеті бар. Міне, осындай мемлекеттік бюджет құрылымын құрайтын бюджет - бұл жергілікті бюджет болып табылады.
Мемлекеттік
бюджет – араларындағы өтелетін операцияларды
есепке алмағанда, республикалық және
жергілікті бюджеттерді біріктіретін
таңдамалы ақпарат ретінде
Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Негізінен жергілікті бюджет туралы әңгіме қозғағанда, ең алдымен мемлекеттік бюджет туралы айтып кеткен жөн. Себебі, жергігілікті бюджет мәні мен оның экономикадағы алатын ролі, мемлекеттік бюджет мазмұнын баяндай келе ғана ашылады.
Мемлекеттік бюджет арқылы
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
1. Қазақстан
Республикасындағы бюджет
1.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы
Бюджет
– мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруды қаржылық
қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған
ақшалай қор
Бюджеттің
экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық
ұдайы өндірудегі орны мен рөлі,
сондай-ақ Конституцияда белгіленетін
Қазақстан Республикасының
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік,
дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.
Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі республикалық
және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық
қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын
білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
1.2 Республикалық бюджет
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.
Республикалық
бюджеттің қаражаты экономиканы
құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың,
өндіріс саласындағы
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
-
республикалық бюджеттің
- алынған бюджеттік алымдар;
-
республикалық бюджеттен
Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен кірістердің есебінен толықтырылады.
Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т.б.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.
Мемлекетте
әр түрлі уақытта қандай да бір
қажеттіліктерге арнап
Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету);
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
-
өнеркәсіп, жер қойнауын
-
агроөнеркәсіптік кешен, су, орман,
балық шаруашылығы, ерекше
-
елдің инфрақұрылымы (көлік
- өзге де бағыттар.
Республикалық бюджеттен сондай-ақ:
-
кадрларды қайта даярлау мен
қызметкерлердің біліктілігін
-
Бюджет кодексінде белгіленген
бағыттар бойынша бюджеттік
Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.
Мемлекеттік бюджет:
1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
2.
Мемлекетке елдегі
3.
Бюджеттік ресурстарды
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні
Елдің
мемлекеттік құрылысында
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
-
елдің жалпы экономикалық
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
-
жергілікті билік және басқару
органдарының құқықтары мен
-
жергілікті билік және басқару
органдарының өздеріне
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың
бюджеті олардың арасындағы өзара
өтемелі операцияларды
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті
бюджеттерді қалыптастырудың
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;
-
республикалық бюджеттен
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.
Мыналардың:
- облыстың;
-
республикалық маңызы бар
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып табылады.
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық
деңгейдегі жергілікті өкілдік және
атқарушы органдардың жұмыс істеуіне;
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын
стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде
бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің
орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық
меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді
қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.
2. Республикалық бюджеттің құрылымы
2.1 Бюджеттің кірістері
Қазақстан
Республикасы бюджетінің кірістері
әр түрлі құрауыштардан
Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік болып табылады.
Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін өнімнің бір бөлігін жинайды, және содан соң оны мемлекеттік шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында бір жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған) нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың басты индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму қарқыны әсер алуға тұрарлық.
Бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дамыған елдердің көпшілігінен артта қалып тұрғанымен, алайда Қытай мен Бразилияны қоса алғанда, көптеген дамушы елдерді басып озады.
Экономикаға
іс жүзіндегі салық жүктемесі
деп мемлекеттің пайдасына
Қазақстан
Республикасының кеңейтілген
Кеңейтілген
үкімет бюджетінің кірістері,
ЖІӨ-нің %-ы, 2009 жыл
Қазақстан
Республикасының
2008
жылдан бастап шоғырландырылған бюджеттің
кірістері елеулі түрде ұлғайды: 3 375,8 млрд
теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге
дейін (ЖІӨ-нің 37,3%-ы).
Шоғырландырылған
бюджеттің кірістері

- Бюджет жүйесі
- Бюджет жүйесі
- Бюджет жүйесі
- Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- Бюджет затрат на оплату труда
- Бюджет затрат на оплату труда в торговой организации на примере ЗАО "Тандер"
- Бюджет, его роль в развитии экономики и социальной сферы
- Бюджет, его роль в развитии экономики и социальной сферы
- Бюджет, его роль в развитии экономики и социальной сферы
- Бюджет, его составные части, особенности составления
- Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері
- Бюджет және оның экономикадағы рөлі
- Бюджет жуйеси