Бюджет жүйесі. 2

  МАЗМҰНЫ  
  КІРІСПЕ 3
1 БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  
1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі 5
1.2 Бюджет жүйесі мен бюджет құрылысы 7
1.3 Шет елдердегі  бюджет жүйесінің ерекшелігі 11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРЫНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ  
2.1 Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі қызметінің құқықтық негізделуі 15
2.2 Бюджет түсімдері  мен шығыстарын іске асыру жұмыстарын талдау 17
2.3 Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы бюджеттің экономикаға  әсерін талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ  МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ  
3.1 Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесін ұйымдастырудағы  кемшіліктер 24
3.2 Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесін жетілдіру бағыттары 26
  ҚОРЫТЫНДЫ 29
  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
  КОСЫМША 33

 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 
 

     Бюджет  – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі болып табылады. Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрады. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалды құрылымдардың ақша қорлары құрылады және бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. 

     Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің  табыстары мен шығындары арқылы болып отырады. Категориялардың  екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады. Бюджеттік шығындар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге  бөлінсе, бюджеттік түсімдер осы  бөлінетін орталықтандырылған ресуртардың  құрылуын қамтамасыз етеді.

     Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4- бабында бюджетке келесідей түсінік  берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің  міндеттері мен функцияларын іске асыруын  қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің  формасы-қаржылық жоспар, материалдық  негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым - қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

     « Бюджет » деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден  қалыптасады деп айтуға болады:

   -  ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;

   - ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;

   -  ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);

   -  ол мемлекеттің негізгі қаржы  жоспары;

   - ол барлық бюджеттік қарым-  қатынасқа қатысушылар міндетті  түрде орындайтын заң.

     1991 жылы қабылданған « Бюджет  жүйесі туралы »  Қазақстан  Республикасының заңы  республикамыздың  бюджет жүйесін қайта ұйымдастырудағы  аса маңызды  құжат болды  деп білеміз. 

     1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының  екінші Конституциясын қабылдау, экономикалық және саяси жағдайлардағы  өзгерістер, нарықтық экономикаға  көшу, 1995 жылы Салық кодексінің  қабылдануы, Қазынашылық органдардың  құрылуы 1996 жылғы 24 желтоқсанда  « Бюджеттік жүйе туралы »  Қазақстан Республикасының екінші  заңын әзірлеу және қабылдауға себепші болды. Бюджет жүйесінің негізгі реформалары осы Заңмен енгізілді.

     Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың  жиынтығы ретінде объективті сипатта  болады. Мемлекет шарушылықтың басым  слаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам  масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін  шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы  шығындарын жабуға керекті орталықтанған  ресурстарды қажет етеді. Сондықтан, құнды үлестірудің ерекше бөлігі рнтінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандырады.

     Мемлекет  өз бюджетін қалайда болса, анағұрлым  максималды толтыруға тырысады. Мемлекеттік  бюджет, қаржы облысындағы негізгі  жоспар және ақша ресурсын шоғарландырудың  негізгі қоры болғандықтан, саяси  үкіметке билік өктемдіктерін нақты  жүзеге асыру үшін, ал мемлекетке –  нақты саяси және экономикалық билік  жүргізуіне мүмкіндік береді.

     Жағарыда  айтылғандардан бюджеттің ұлттық экономикалық жүйеде алатын рөлінің маңызды екенін көреміз.

     Осыған  байланысты курстық жұмастың негізгі  мақсаты болып мемлекеттік бюджеттің  экономикадығы маңызы, оның қаржы  жүйесіндегі ролін қарастыру  болып табылады. Жұмыстың мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
  • Бюджет жүйесі мен бюджет құрылысы
  • Шет елдердегі бюджет жүйесінің ерекшелігі
  • Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қызметінің құқықтық негізделуі
  • Бюджет түсімдері мен шығыстарын іске асыру жұмыстарын талдау
  • Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы бюджеттің экономикаға әсерін талдау
  • Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудағы кемшіліктер, оларды шешу жолдары.

      Курыстық  жұмысты жазған кезде жетекші  мамандардың ғылыми еңбектері мен  монографиялары, кейбір оқу құралдарары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа  материалдары және статистикалық материалдар  пайдаланылды. 
 
 
 
 
 
 
 

    1 БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
    1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

 
 

      Бюджет  мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің  көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары  құрылады, бұл қорлар олардың жалпы  маңызды міндеттерін орындауды  қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік  пен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде  мемлекеттің қаржы ресурстарының  аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай асыру үшін қажет.

        Экономика дамуының қазіргі кезеңіде  орталықтандырылған қаржы ресурстары  мемлекетке қоғамдық өндірістің  қажетті қарқындары мен үйлесімдерін  қамтамасыз етуге, оның салалық  және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге  жетуге, экономика салаларын дамудың  бірінші кезектегі бағдарламалары  үшін қажетті мөлшерде қаражаттарды  қалыптастыруға, ірі әлеуметтік  өзгертулер жүргізуге жағдай  жасайды.

      Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың  шешуші учаскілеріне шоғырландырылады.

      Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде  мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды  орындайды – жалпықоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік  бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория  ретінде болады.

           Қаржылық қатынастардың  белгілі бір жиынтығы ретіндегі  мемлекеттік бюджетке еі алдымен  оны жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік  қатынастардың бөлгіштік қатынастары  бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен  және пайдаланумен қоса жүреді. Сонымен  бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі  бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің  шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік  бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады [30, 341б]

  • Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  • Құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттстыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттіңайырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
  • Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

     Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетің  нақты материалдық -заттай түрде  болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорында –  бюджеттік қорда затталынады. Мұнын  нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық үдерістер мемлекеттің  жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның  ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл құндық бөліністің белгілі стадияларын  өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі  қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен  ұлттық табыстын бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған, экономикалық нысан. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен  және қайта бөлумен байланысты оның қозғалысы үдерісін білдіреді. [16, 30б]

     Мемлекеттік бюджет экономикалақ категория ретінде  мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұлғаймалы  ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану  жолымен қоғамдық өнімнің құнын  бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылардың алдыңда пайда алатын ақшалай  қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың  бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет»  ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

     Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың  іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс- әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арсында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: орналастыру, қайтабөлгіштік, тұрақтандыру сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

     Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын  ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен  бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік- экономикалық үдерістерді  реттеу механизімінің жиынтық ұғымы  ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік  бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнелейтіндіктен, сондай- ақ барлық қаржы институттары –  салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік  кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін  табатындықтан бюджет мемлекеттің  негізгі қаржы жоспары ретінде  сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің  кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің  қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі  қаржы жоспарының көрсеткіштері  республика Парламентінің жыл сайын  қабылдайтын бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. [14, 247б]

     Мемлекеттік бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға  мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен  салықтар арқылы бюджет экономика мен  инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін  арттырудың маңызды құралы болып  табылады. Жалпы экономикаға ықпал  етудің құралы ретіндегі бюджеттің  рөлі осыдан көрінеді. Экономиканы  реттеу орталықтандырылған ақша қорының  сандық көлемін анықтау, оны жасау  мен бөлудің нысандары мен  әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үдерісінде қаржы ресурстарын қайта  бөлу жолымен жүзеге асады. 
 

    1.2 Бюджет жүйесі мен бюджет құрылысы

 
 

      Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындау үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір  әкімшілік- аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы биліктң, басқару аппаратын  ұстауды және басқа шараларды  қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын  жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер  тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері  мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара  қарым- қатынастарпайда болады. Осы  элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың  қағидаттары, оынң буындарының өзара  қатынастары мен байланысының ұйымдық  нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.[18, 220б]

      Дүниежүзінің  әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық- әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің  басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

      Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономиклық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген  түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын  білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан  түрліше болып келеді, өйткені  олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

      Бюджет  жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлы құрылымы болуы мүмкін.

        Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесінің құрылым унитарлық  типімен анықталады, өйткені Қазақстан  мемлекеті – федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын  Парламенті бар унитарлық мемлекет.

      Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік  бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын  және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (ҚОСЫМША А).[30, 345б]

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

      Қазақстанда төтенше немесі соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің  әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы  мүмкін.

      Бюджет  кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – бұл араларындағы өзара өтелетін опреацияларды есепке алмағанда, республикалық  және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет, ол тек талдамалық ақпарат ретінде  пайдаланылады.

      Мемлекеттік (республикалық) және жерілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің  орталық буыны болып табылады.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғыланған. Республикалық бюджет –  бұл салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық  мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік  саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. [17, 30б]

      Жергілікті  бюджет (әкімшілі- аумақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

      Бюджет  кодексімен айқындалған салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және облыстық деңгей мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, ауданның оларға ведомстволық бағынысы мемлекеттік  мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік- аумақтық бірлікте мемлекеттік  саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық  маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып  табылады.

      Мемлекеттік бюджет пен республикалық бюджет ұғымдарымен ұқсастық бойынша облыс  бюджеті мен облыстық бюджетті де ажырата білген жөн: болыс бюджеті  – бұл аралаындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда  облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін  біріктіретін, талдамалы ақпарат  ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюжет.

      Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет Қазақстан Республикасы заңымен, жергілікі бюджеттер мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.

      Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық  және жергілкті бюджеттердің негізінде  қалыптастыылады және енгізілгн  мерзім ішінде қолданыста болады.[16, 432б]

      Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеті жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті  орган әзірлейді және ол Қазақстан  Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында  төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға  негіз болып табылады.

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының  Парламенті дереу хабардар етіледі.

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолдану  уақытында тиісті қаржы ылына  арналған республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқарылуы  тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджеттуралы заңға және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Шоғырландырылған  бюджет республикалық бюжеттен, облыс  бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін және Үкметтің Ұлттық банкіндегі шоттарына аударылатын, тлдамалық  ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жапайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

      1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  бюджет жұйесі түбірлі өзгерістерге  ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның  мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас  республикалардың мемлекеттік бюджеттері  сияқты, КСРО- ның мемлекеттік бюджетіне  кірді, онда ел аумағының барлық  бюджеттері, соның ішінде ауыдық  және поселкалық бюджеттер де  қамтылып көрсетілді. Ол одақтас  бюджеттен, 15 одақтас республиканың  мемлекеттік бюджеттерінен және  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  бюджеттерінен тұрды. Одақтас  бюджетке 1970-1990жж. мемлекеттік бюджет  ресурстарының жалп ақымының 52-50%  тиді, оның 35% республикалардың респуликалық бюджеттерінің және 15%  жергіліті бюджеттер қараағында болды. [17,257б]

      Қазақстан Респуликасы бюджет жүйесі мемлекеттік  бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы, транспаренттілігі, жауапкершілігі және т.б. қағидаттарына  негзделеді.

      Бюджеттің бірлік қағидаты Қазақстан Республикасының  аумағында бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуының бюджетпроцесінің жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерді жүзеге асырулуын амтамасыз ету.

      Бюджеттердің  дербестік қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты  түрде бөлуді белгілейді және олардың  жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

      Бюджеттің толытығы бюджетке үкметтің барлық қаржы  операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық  және бюджет заңнамаларында белгілентін  барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорында міндетті және толық  көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік билік пен басқару  органдарының барлық кірістері мен  шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді.

      Реалистік қағидаты – бекітілген бюджеттік  көрсеткіштердің орта мерзімді фискалдық  саясатқа және Қазақстан Республиксы  мен өңірлерді әлеуметтік- экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына  сәйкестігі.

      Транспаренттік  қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы  нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы  туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық  саясатына қатысты басқа ақпараты міндетті түрде жариялау; бюджет үдерісінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды  жүргізу.

      Дәйектілік  қағидаты деп бюджеттік қатынастар сферасында бұрын абылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын айтады.

      Тиімділік пен нәтижелілік қағидаты – бұл  бюджеттік бағдарламала паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтжелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаржаттарының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қаетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражаттарының бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қмтамасыз ету.

      Басымдық  қағидаты – бюджеттік үдрісті  республиканың немесе өңірдің әлеуметтік- эконоикалық дамуының басым бағыттарына  сәйкес жүзеге асыру.

      Жауапкершілік қағидаты – бюджеттік үдеріске қатысушыларды  бюджет заңнамасын бұзған үшін жауапка  тарту.

      Бюджеттердің  жариялық қағидаты бекітілген бюджеттер  мен алдағы қаржы жылына арнлған  бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі  олардың атқарылуы туралы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.[12, 54б]

      Бюджеттердің  дербестігін меншікті және бюджет жүйесінің  барлық буындары кірістерінің заңмен бекітілген көздері және бюджет қаражаттарын ел заңдарымен анықталған құзырлар шеңберінде биліктің тиісті органының қарап  шешу бойынша пайдалану құқығы қамтамасыз етеді.

     Қазіргі уақытта Қазақстан Рсепубликасының  бюджет жүйесі 3 мыңға жуық жергілікті бюджет, оның ішінде 21 облыстық, облыс  қарамағындағы 50 қалалық, аудандар қарамағындағы 38 қалалық, қалалар қарамағындағылар 42 аудандық, 2396 ауылдық бюджеттерден тұрады 
 

    1.3 Шет елдердегі  бюджет жүйесінің ерекшелігі

 
 

     Дүниежүзінің  әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық- әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің  басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

     Бюджет  жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Ресей Федерациясының Конституциясына (71 және 31 баптар) және Бюджеттік кодексіне (10-бап) сәйкес бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады:

  • федералдық бюджет мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
  • Ресей Федерациясы субъектілердің бюджеті мен аймақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
  • жергілікті бюджет.

     Ресейдің  бюджеттік жүйесі федералдық бюджет, 21 республикалық бюджет, 55 аймақтық және облыстық бюджет, Мәскеу және Санкт-Петербург  қалаларының бюджеті, автономды  облыстардың 1облыстық бюджеті, 10 округтік және бюджет және 29 мыңға жуық жергілікті бюджеттен тұрады

     Ресей Федерациясының бюджеттік кодексіне  сәйкес (48 бап) салықтық түсімдерді бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бөлгенде Ресей Федерациясы субъектілерінің бюджетінің түсімдері жалпы бюджеттің 50 процентінен кем болмауы керек. Бюджет жүйесінің буындарының арасында негізгі бюджеттік салықтардың бөлінуін келесі кестеден көруге болады      (кесте 1) [22, 35б.].

Бюджет жүйесі. 2