Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.

1.1. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары

1.2. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері

 

ІІ БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.

2.1. Студенттердің дау-дамайді қылықтарын алдын – алу мәселесі

2.2. Дау-дамай жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізі

2.3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік маңызы

2.4. Дау-дамай проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік

       нұсқаулар

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Дау-дамайлар – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға анық.

Дау-дамай (лат.«conflictus») күштердің, пікірлердің, жақтардың қақтығысын білдіреді.[1]

Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі дау-дамайларға толы. Дау-дамайлардың біреулері оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршіді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, дау-дамайсыз бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды дау-дамайлардың алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Қатыгез Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж.ж.) патшаның көне заңдарында дау-дамайлық жағдайларды шешудің оншақты тәсілдері жазылған. Аңыз бойынша патша Соломон (б.э.д. 965-928ж.ж.) дау-дамайларды шешу және кетіп қалу дағдысымен ақылдылығының арқасында әйгілі болған.[2]

Ғасырлар бойы адамзаттың ұлы ойшылдары дау-дамайсыз қоғамның теориялық үлгілерін құрып, кейде оны жүзеге асыруға тырысқан. Өкінішке орай, барлығы сәтсіздікпен аяқталып, бұл одан да қатыгез дау-дамайлар тудыра бастады.

Қазіргі заманда дау-дамайлар – күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр дау-дамайлық ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік – бұл аталған дау-дамайлар ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды».[3] Ішкі саясаттық күрес – көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы дау-дамайлар олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның, мемлекеттің, қоғамның және бүкілдей адамзаттың өміріндегі дау-дамайлардың шешуші рөлін білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша көптеген мемлекеттен құралған Кеңес Одағы дау-дамайларда адамдардан айырылудан басқа, материалды және моральды нәтижелер бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып табылады.

Экономикадағы өзгерістерге және жаңа заң немесе реформалардың бекітілуіне, өндірістің төмендеуінен жоғарылауы, еліміздегі өмірлік деңгейінің төмендеуінен күрт жоғарлауы, құндылықтар мен стереотиптердің ескі жүйесінің құлдырауы – мұның барлығы Қазақстан елінің халқы басынан ауыр түрде кешуде.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дағдарыстық процестер, адамдардың психологиясына кері әсер етіп, олардың бойында кернеулік, ашушаңдық, қатыгездік және т.б. жағымсыз қасиеттер тудырады.

Мұндай қасиеттер қоғамымызды көптеген қиыншылықтарға және көптеген дау-дамайларға әкеп соқтырады. Статистика бойынша мұндай процесс әр түрлі әлеуметтік және демографиялық топтар арасында байқалады. Көбінесе жастар немесе жасөспірімдердің дау-дамайға түскіштігінің көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе мектеп қабырғасындағы студентлар арасындағы дау-дамай мәселесі өзекті болып саналады. Студентлардың, әсіресе жасөспірімдердің жеке адам болып қалыптасуы барысында, бұл өтпелі кезеңді басынан өткізуінде көптеген қиыншылықтарға кездеседі: әлпештеген балалық шақтан өз беттік өмір сүру, ағзаның үйлесімді күрт өзгеруі, т.б. факторлар баланың индивидтік қалыптасуында көптеген қарама-қайшылықтар, түсінбеушіліктер туындап, қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге әр түрлі жауап қайтаруда өзгереді. Соған байланысты жасөспірімдердің қылығы дау-дамайға жақын болады. Жасөспірімдер мен жеткіншектердің дау-дамайлық қылықтарының жаңа түрлері  пайда болуда: олар саяси ұйымдасқан экстремистер құрамында, рэкеттер, мафияның құрамында болып, көптеген қылмыстық әрекет жасауда (соның ішінде, ішімдікке салыну, нашақорлық, бұзықшылық сонымен қатар жезөкшелік, қоғамдық ережелерді бұзу, т.с.с.), міне осындай факторлар көптеген дау-дамайларға әкеп соқтырады.

Зерттеу мақсаты. Дау-дамай жағдайларды ескертудің ғылыми психологиялық негізін айқындау мәселелері.

Зерттеу объектісі. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі дау-дамай мәселесі болып табылады.

Зерттеу болжамы. Дау-дамай жағдайлары барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алған жағдайда, адам қарым-қатынасын жақсартуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.

1.1. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің  теориялық қағидалары.

 

         Бөлмеден  шығып бара жатып есікті ашуланып  қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «дау-дамай» деп аталынатын құбылыспен таныссыз.[4]

Дау-дамайлар – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты дау-дамай деп атайды.

Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара дау-дамайға әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен дау-дамай – бір нәрсе емес және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда дау-дамайға ұласпайды. Дау-дамай туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын  сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік дау-дамайлардың негізі болып табылады.

Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («fligo») етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны  білдіреді.[5]

Сонымен берілген сөздің элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деп аударуға мүмкіндік береді.

Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). Ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, саясаттық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда дау-дамайдың объективті-реалдық негізін тудырады.[6]

Қоғамдық өмірдің барлық сфералары – экономикалық, саясаттық, әлеуметтік рухани жағы – барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі дау-дамайларға орын бар. Дау-дамайға индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі дау-дамай түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар дау-дамайлы әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес, олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер, оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары – профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-қайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту ұзақтығына байланысты дау-дамайлардың әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ дау-дамайлардың әрекеттерінің интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы рөлінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.[7]

Дау-дамайдың объектісі болып әлеуметтік  ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары, жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал дау-дамайдың субъектісі болып әрқашанда адамдар – бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы – жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.

Дау-дамайдың туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:

  • Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған дау-дамайлар өте қарапайым болып саналады. Бірақ бұдан өршіген дау-дамайлар өте күрделі болады.
  • Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың құрамына кіру, табыс.
  • Құндылықтар – біздің сенімдеріміздің жүйесіні негізі.

Бұл себептер кейде аралас, кейде бір өзі дау-дамай туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаған дау-дамайды шешу өте қиын болады, себебі бұл құндылық жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын құрайды.

Басқаша жүйелеу

  • Негізгі (базальді) қажеттіліктер – тіршілік ету үшін - су, тамақ, ауа және т.б.
  • Бөлектендіретін құндылықтар – мысалы, әртүрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.
  • Әртүрлі қабылдау – адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әртүрлі қабылдайды.
  • Әртүрлі қызығушылықтар – мысалы, екі студент кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.
  • Шектелген ресурстар - өмірде әрқашанда бір нәрсе жетпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша – шектелген ресурс.
  • Психологиялық қажеттіліктер – бұл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көру бізге өте қажет.[5]

              Адамзат өркениетінің даму тарихы әртүрлі дау-дамайларға толы. Ежелгі заманнан адамдар дау-дамай түсінігін, пайда болу себебін анықтауға, туындаған қарама-қарсылықтарды шешуге ұмтылған. Дау-дамайлық пікірлердің жинақталу дәстүрінің көпғасырлық тарихы бар.

             Дау-дамайдың ең алғашқы концепциялары 19-20ғ.ғ. аумағында пайда болған, бірақ оған дейінгі ғасырдың ұлы ғұламалары бұл феноменнің өзіндік көрініс табиғатын, алдын-алу жолдарын және шешу жолдарын ұсынған.

Ежелгі философтар дау-дамайды адамзаттың пікіріне тәуелсіз, өзімен не жақсы, не жаман емес құбылыс ретінде қарастырды. Бүкіл ғаламшар табиғаттың, адамзаттың және құдайлардың тіршілігімен қарама-қайшылыққа толы. Бірақ, олар дау-дамай терминін қолданбаса да, дау-дамай адамзат тіршілігінің құрамды бөлігі деп есептеген.[8]

Адамзаттың ең алғашқы топтарының пайда болуымен дау-дамайлар күнделікті құбылыс ретінде қаралып, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеудің объектісі болмады. Бірақ сонда да, дау-дамай туралы бізге жеткен жеке гениальді ойлар ең ежелгі қайнар көздерде көрсетілген. Біртіндеп өмір шарты өзгерген сайын дау-дамайлар да өзгерді. Олардың физикалық, экономикалық және әлеуметтік нәтижелері басқа бола бастады. Дау-дамайға деген қоғамдық пікір де өзгерді. Антикалық заман бізге соғыстардың бейнесін және мұндай дау-дамайларға алғашқы бағалау берген көрсеткіштерін қалдырған. Орта ғасырларда және Жаңа заманда бұл құбылысты түсінуге тырысқан. Көптеген гуманист-ойшылдар дау-дамай туралы көзқарастары, оның адамзат дамуындағы рөлі, қоғамның өмірінен соғысты шектеуі мен шексіз бейбітшілік орнауы туралы көзқарастарын қалдырған.

Б.з.д. 7-6ғ.ғ. Қытайлық ойшылдар тіршіліктің даму көзі әрқашанда күресте болатын жағымды (янь) және жағымсыз (инь) материялардың қарама-қатынастарында деп жазған. Жақсылық пен зұлымдық күрес тақырыбы мәдениет пен өнер туындыларында көрсетілген.[2]

Ежелгі Грекияда қарама-қарсылықтар және олардың заттың пайда болуындағы рөлі туралы философиялық көзқарастар туындады. Анаксимандр (б.э.д. 640-547ж.ж. шамасында) өзімен қарама-қарсылықтар туындататын бүтін материалды бастапқы «апейронның» тоқтамсыз қозғалысынан туындайды деді.

 Гераклит (б.з.д. 6ғ. аяғы-5ғ. басы) қозғалыстың себебін, заттардың және құбылыстардың қозғалысын қарама-қарсылықтың күресінен туындайтын қажетті заңды процесс ретінде себебін анықтауға тырысты. «Күрес бәріне қатысты және барлығы қажетінше күрес арқылы жүреді» деп жазды. Бұл кезеңде соғыс сияқты әлеуметтік дау-дамайларға қатысты ең алғашқы түсініктемелер  берілген.

Гераклит соғысты барлық тіршіліктің әкесі және патшасы деп қарастырса, ал Платон (б.э.д. 428-348ж.ж. шамасында) оны ұлы зұлымдық деп есептеді. Оның пікірінше, бір-біріне «мейіріммен қарап, бір-бірін жақсы көрген» «алтын ғасыр» өмір сүрген.

Гераклит пікіріне Геродот (б.э.д. 490-425ж.ж. шамасында) та қарсы пікір айтқан. Ол «бейбітшілікке соғысты қалайтын ешкім жоқ. Себебі, соғыста әкелер балаларын жерлесе, бейбітшілік уақытында – балалар әкелерін жерлейді» деген.

Философ-материалист Эпикур (б.э.д. 341-270ж.ж.) да қақтығыстардың негативті нәтижелері қашан да болса да адамдарды бейбіт өмір сүруіне алып келеді деп есептеген. Өткен заманның ойшылдары қоғамдық өмірдегі конфронтацияны түсіне, сол кезден бастап-ақ «адал» немесе «адал емес» зорлық-зомбылықтың өлшемдерін анықтауға тырысқан.

Сонымен қатар, Цицерон (б.э.д. 106-43ж.ж.) мемлекетке басып кірген жауды қуу үшін, әкелген зұлымдығы үшін кек қайтаратын «адал соғыс» туралы тезис құрды. Аврелий Августин Гиппонский Блаженный (345-430ж.ж.) Цицеронның шарттарына соғыс жүргізушінің «адал ниетін» қосты.

Орта ғасырларда Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) қоғамның өмірінде соғыстың болу мүмкіндігі туралы ойларын дамыта, «адал соғыстың тағы бір шартын анықтады: оған беделді компетенция қажет», яғни мемлекеттік басшылықтан санкция қажет деді. Бірақ сонда да, оның пікірінше, «соғыс және зорлық-зомбылық әрқашанда күнә» деп санады.

Әлеуметтік дау-дамайларды жүйелеп анализдеуге ең алғашқылардың бірі болып тырысқан Флорентиялық теоретик пен мемлекеттік қызметкер Николо Макиавелли (1469-1527ж.ж.) болды. Оның концепциясының құндылығы қоғамдық дамудың қайнар көзіне сол кезде басшы болған көзқарастардың қайтуында. Ортағасырдың теоретигі дау-дамайды әмбебап құбылыс деп санады. Ол дау-дамайда тек жоюшы қасиет емес, сонымен қатар құрушы қасиетті көрді.

Эрази Роттердамский (1469-1536ж.ж.) «соғыс оны көрмеген, білмейтіндерге тәтті» деп санады және басталған дау-дамай бір-біріне жалғасқан реакция секілді, өзінің әсер ету орбитасына басқа да жаңа тіршілік қабаттарын және мемлекетті қамтып өсетінін айтты.

Гуго Гроций (1548-1645ж.ж.) екі жақ өзінің растығына сенімді, екі суверенді мемлекеттердің арасындағы соғыс мүмкіндігін айтты. Оның пікірлері кейінгі нейтралитет мағынасына негіз салды.

Дау-дамайлардың табиғатына қатысты қызықты пікірлерді ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) айтып кеткен. Ол ең алғашқы болып мемлекет ішіндегі әлеуметтік дау-дамайлардың себеп жүйесін теориялық анализге негіздеді.

Томас Гоббс (1599-1679ж.ж.) «Левиафанда» «барлығына қарсы соғыс» концепциясын табиғи жағдай ретінде негіздеді. Ол дау-дамайдың ең негізгі себебі деп ләззат алу үшін және өзін-өзі сақтап қалу үшін қажетті бір объектілерге иелену мен адамдарда бірдей үміттің пайда болуына әкелетін теңдікке ұмтылыс деп көрсетті. Ал ол өзінде адамдарды дұшпанға дейін айналдырып, араларында бәсекелестік, сенімсіздік тудырады.

Жаңа заманда Жан-Жак Руссоның (1712-1778ж.ж.) дүниелік тарихи процесстің сатылығы туралы идеялары бәріне мәлім болған. Оның пікірінше, алғашында адамдар дербес және тең «табиғи жағдайда» өмір сүреді, содан соң өркениеттің дамуы адамдардың теңдік, бостандық және бақыт жағдайын жоғалтуға әкеп соқтырады. «Қоғамдық келісім шарт» құрып, адамдар қоғамдық қатынастарда жоғалтқан үйлесімін, «мәңгілік бейбіт өмірін» және келісімін қайта иеленеді. Жан-Жак Руссоның пікірінше, қоғамдық келісім халықтың қатыгез қадағалауымен ғана мүмкін, себебі министрлер мейірімді ерік көрсетпейді. Сондықтан да, тірліктің барлығы сұрауда емес, тайынбай қажет етуде.

Алғашқы рет дау-дамай көпдеңгейлі әлеуметтік құбылыс ретінде Адам Смиттің (1723-1790ж.ж.) «Табиғат және халықтың байлығының себебі туралы» еңбегінде қарастырылған. Дау-дамай негізінде қоғамды кластарға бөлу (капиталистер, жер жекеменшіктері, жалдамшы жұмыскерлер) және экономикалық бәсекелестік жатыр деп есептеді.

Неміс ғалымы Георг Гегельдің (1770-1831ж.ж.) пікірінше, дау-дамайдың негізгі себебін, бірінші жағынан «байлықтың жинақталуының» арасындағы, екінші жағынан «еңбекке жақын класс» арасындағы әлеуметтік поляризациясында деп көрсеткен. Мемлекеттік басшылықтың жағында болған Гегель мемлекеттік бірлікті қарастырушы мемлекет ішінде тәртіпсіздікке қарсы шықты. Оның пікірінше, мемлекет бүкіл қоғамның қызығушылығын қарастырып, дау-дамайларды реттеуге міндетті деп санады.

Тіршілік үшін күрес мәселесі ағылшын биологы Чарльз Дарвиннің (1809-1902ж.ж.) ілімінде маңызды орын алды. Оның биологиялық эволюция теориясының мазмұны 1859 жылы басылып шыққан «Тұқым түрлерінің табиғи жолмен сұрыпталу арқылы пайда болуы, немесе тіршілік үшін күресте түрлерін сақтап қалуы» атты еңбегінде берілген. Бұл еңбектің басты идеясы өзінің атауында анық айтылған, яғни бейімделген тұқым түрлерінің сұрыпталуының табиғи механизмін құрайтын, тіршілік үшін күресте жүзеге асырылатын тірі табиғаттың дамуы. Ары қарай Ч.Дарвиннің көзқарастары дау-дамайдың әлеуметтік және психологиялық теорияда дамыды.[8]

Сонымен, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін дау-дамай мәселесіне өзара екі көзқарас қақтығысады.

Бірінші көзқарас ежелгі гректік философиядан (Аристотель мен Платон) бастауын алады: дау-дамай – қарсыластық, зұлымдық, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас дау-дамайлы болмауы қажет. Адалдық пен құқық барлық адамдарға табиғаттан тән.

Екінші көзқарасты қоғам – бұл «барлығының бәріне қарсы соғысы» деп санайтын Томас Гоббс айтқан. Оның пікірінше, «табиғат адамдарды физикалық және ақылдылық қабілеттігі жағынан теңдей қылып жаратты», бірақ адамдардың табиғаттан алған мұндай теңдігі өздігімен жақсы емес деп санаған.

Адамдарды және қоғамды қатыстыру сұрағын түсінудің екі дәстүрін салыстыруды түйіндей келе, аристотельдік позиция адамның бойында табиғаттан берілген қоғамдық бастауды, оның басқа адамдармен бірлесіп әрекет ететіндігін сызып көрсетеді. Табиғи адамдық қасиетке ие бола отырып, ары қарайғы  түсініктеме беруді қажет етпейді. Керісінше, қоғамдық өмірдің белгілі формалары адамдардың бірлесіп әрекет етуімен бірлесіп өмір сүруге деген осы ұмтылысымен түсіндіріледі.

Гоббстың қарастырған қарама-қарсы позициясы адамды индивид ретінде, оны қоршаған басқа адамдар оның өмір сүру ортасы, серігі немесе дұшпаны болып, өзінің идеяларын және мәселелерін өзі құрап, өзінің басқа адамдармен байланысы мен қарым-қатынасын мақсатына жету үшін қолдануға ұмтылатын индивид ретінде қарастырды.

Бақылаушы позицияға байланысты дау-дамайды түсіну әртүрлі жолдармен жүрді. Адамдар бірлесіп әрекет етуге қабілетті деген пікірден, олар зұлымдыққа, жек көрушілікке, зорлық-зомбылыққа қабілетті емес деп түсінуге болмайды. Тарихи тәжірибе кері байланысты көрсетеді. Аристотель мен Платонның еңбектерінде дау-дамайдың маңызды қайнар көздері – адамдардың жекеменшіктік теңсіздіктерінде және оларға көрсететін құрметтің теңсіздігінде деп көрсетілген. Мұндай теңсіздіктер өзара көре алмаушылыққа алып келеді, сонымен қатар Аристотель айтқандай: «дау-дамайдың себептері болып, сонымен бірге қорқыныш, өзімшілдік, жақтырмаушылық, тіптен өзін жоғары ұстау; екінші жағынан жағымсыз қарым-қатынас, беделін төмендетіп кемсіту, мінездерінің әртүрлілігі»-деп көрсеткен.

Ал қоғамды «бәріне қарсы күрес» ретінде түсінігінде, дау-дамайлар адамдардың табиғаты арқылы және ең басты адамдардың табиғи теңдігімен түсіндірілген. Егер де олардың қабілеттіліктері тең болса, онда олардың қажеттіліктері де бірдей. Ал олардың қажеттілік объектілері бір уақытта бәріне тән болмағандықтан, олардың қарым-қатынасына дау-дамай де тән болады. Бұл адамдар бірлесіп әрекет етуге қабілетті дегенді білдірмейді. Бірақ бірлесіп әрекет етуді олар табиғи қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін емес, керісінше қоғамдық келісімнің бұзуына байланысты алатын жазадан қорқуынан жүзеге асырады.[2]

             Дау-дамай мәселесін дамыта зерттеп, маңызды үлесін қосқан неміс әлеуметтанушылар Карл Маркс пен Георг Зиммельдің орны ерекше.[9] Маркстік-лениндік бағыттың ұстанушылары өткір қарама-қарсылықтар коммунизмнің бірінші фазасы социолизмде тоқтатылады деп есептеген.[8]

             Әлеуметтік  өзгерістер мен төңкерісшілдік сатыдағы дау-дамай моделін дамыта келе, Маркс қазіргі заманғы әлеуметтік теорияға әсер ететін әлеуметтік ұйымның бейнесін құрды. Маркс қарапайым мүмкіндік пікірден бастайды: экономикалық ұйым, әсіресе жекеменшік, айналадағы қоғамның ұйымын анықтайды деп түсіндірді. Әлеуметтік жүйеде қалыптасқан әлеуметтік құндылықтар, сенімдер, діндік догмалар мен басқа да пікірлер қоғамның экономикалық базисінің бейнесі болып табылады дей келе, ол қосымша мүмкіндік пікір енгізді: коммунистік қоғамды санамағандағы кезкелген қоғамның экономикалық ұйымы төнкерістік дау-дамай тудыратын күшке ие деп түсіндірді. Мұндай төнкерісшілдік сатыдағы дау-дамай белгілі бір дәуірде пайда болып, диалектикалық ерекшеліктерге ие. Бұдан үшінші мүмкіндік пікір анықталады: мұнда дау-дамайдың екі полюсі бар, анықталған экономикалық жағдайда құрылған эксплуативті саты, өзіндік сатысын басқарушы басшылыққа қарсы шығатын төнкерісшілдік-саяси ұйымдағы өзінің нағыз қызығушылығын сезіне бастайды.

Біздің заманымызда дау-дамайге деген көзқарас аз өзгерген. Бізжің елімізде Алматы қаласында «Конфликтология» орталығы жұмысын атқарады. Олар дау-дамайге түрлі ғылыми түрлі ғылыми проекттер, конференциялар, оқыту семинарларын халықаралық деңгейде өткізіп тұрады. Дау-дамай деген бұл мәселе қазір дербес бір ғылым ретінде (шиеленістану (конфликтология)) бөлінсе де, қоғам туралы ғылым әлеуметтануда зерттелінеді. Бұған деген объективті себептер бар: ересек те дербес жеке тұлға бола отырып, адам өзінің қызығушылықтарының басқа адамдардың қызығушылықтарынан ерекшеленетінін сезінеді. Не болса да ол қоғамға әрқашанда тәуелді болып қалады. Бірақ көптеген маңызды сұрақтарда ол басқа адамдарға қарсы келеді. Сонымен қатар, көбінесе оның қызығушылықтары басқа адамдардың қызығушылықтырына сәйкес келмейді. Олардың қызығушылықтары көбінесе өзгермелі болып келеді. Мысалы, бір топ жасты балаларды белгілі бір уақыт аралығында біріктірген қызығушылық объектісі біріктіретін күш пен ортақ қызығушылық ретінде қасиетін жоғалтуы мүмкін. Олардың араларында бәсекелестік, конкуренция, қарсыластық, позицияларының сыйыспауы, т.б. қарым-қатынастар орнайды. Басқа сөзбен айтқанда дау-дамай пайда болады. Мұны олар нормалы әлеуметтік қарым-қатынас деп түсінуі қажет.

Сонымен, қазіргі заманғы әлеуметтануда дау-дамайдер қоғамдық өмірдің нормалы құбылысы ретінде анықталады; дау-дамайнің дамуы және анықталуы көптеген ғылымдардың мәселесі болып табылады. Қоғам, жеке азаматтар дау-дамайге және дау-дамайдік жағдайларға көзін жұмбай, олардан қорғану және дау-дамайдерді реттеуге бағытталған белгілі бір ережелермен әрекет етсе, эффективті нәтижелерге жете алады.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері  

Дау-дамайдік жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, дау-дамайге түскен басқа адамдардың стильдерін, сонымен бірге дау-дамайнің табиғатын анықтап алу қажет.

Дау-дамайді шешудің бес негізгі стильдері бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған ( 1972 жылы Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға дау-дамай жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Дау-дамай жағдайына байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп дау-дамайдесуші жақтардың қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын кезкелген дау-дамайнің жалпы себебімен тығыз байланысты.[12]

Сіздің белгілі бір дау-дамай жағдайдағы көрсететін мінез-құлық стиліңіз өзіңіздің жеке бастық қызығушылықтарыңызды (белсенді немесе енжарлы әрекет ете) және екінші жақтың қызығушылықтарын (бірігіп немесе жеке әрекет ете) қанағаттандыру шегімен анықталады. Егер де графикалық түрде бейнелейтін болсақ, онда дау-дамайді шешетін бес негізгі стильдердің әрқайсысының атауын және алатын орнын анықтайтын Томас-Килменн торын аламыз.

                                                                                                         3-кесте

Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін анықтайтын Томас-Килменн торы

 

 

Өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысатын іс-әрекетіңіз

Қарсыластық стилі

----------

Бірлестік стилі

 

Белсенді әрекеттер

----------

Компромисс стилі

---------

Дау-дамайнен кетіп қалу стилі

 

-----------

Бейімделу стилі

Енжарлы әрекеттер

Жеке әрекеттесу

 

Бірігіп әрекеттесу

Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі