Дебиторлық қарыздар есебі
Жоспар
Кіріспе.
I. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі.
1.1. Дебиторлық қарыздарға
1.2. Дебиторлық қарыздарды
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздарының есебі.
2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес
(тәуелді) серіктестіктердің
2.2. Болашақ кезең шығындары мен берілген аванстар есебі.
III. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
3.1. Аудит барысындағы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу.
Қорытынды мен ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Дебиторлық қарыз – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.
Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық қарыздарды бөліп көрсетеді.
Саудалық дебитор қарызы –
негізгі іс әрекеттер
Саудалық емес дебиторлық қарыздар іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне және филиалдарына аванстар, шығынды жобуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, үкімет орындарына салықтарды қайтару жөніндегі тілектер және басқалар) пайда болады.
Дебиторлық қарыздар 3 топқа бөлінеді:
- алынуға тиісті шоттар
- алынған вексельдер
- басқалар
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық қарыз алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық қарыз шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады.
Дебиторлық қарыз пайда болу сипатына қарай бөлінеді:
- қалыпты;
- ақталмайтын.
Мерзімінде төленбеген қарыз аяқталмаған болып саналады.
Дебиторлық қарыздар құрылымы бойынша активті шоттар тізіміне кіреді. Дебиторлық қарыз бөлімінің шоттарының ай басындағы және ай соңындағы айналымдары дебеті жағында жазылады да, қалдығы дебеттік болып келеді.
Дебиторлық қарыздарды есептеуге 3-бөлім шоттары арналған.
3
I. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
нөмірі 7 – Журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қарызы» деп аталатын шотының кредиты бойынша;
нөмірі 8 – Журнал-ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы, « Есептелген пайыздар», «Басқадай дебиторлық қарыздар» және «берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиты бойынша;
нөмірі
9 – Журнал-ордерге қосымша
нөмірі 10 – Журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 – Журнал-ордер – «сатып алушылар және тапсырыс берушілер қарызы» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырылысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық қарыздардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді. Дебиторлық қарыздар шоттарында есептелген сомалардың дұрыстығы мен олардың толығымен бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық қарызды есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұиыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алуға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
4
1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық қарыздар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек қарыздар бар заңды және жеке тулғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы алынуға тиісті қарыздар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті қарыздар болып екіге бөлінеді. Бұл қарыздардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдығы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген)шоттар бойынша алынуға тиісті қарыздар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті қарыздар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық қарыздар;
- үйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық қарызы;
- басқадай дебиторлық қарыздар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытынның арасындағы мерзім кұндерінің саны. Ұйымның дебиторлық қарызы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнына баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытаның арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдырдың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки)
5
пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер
етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдікьерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
1.2.
Дебиторлық қарыздарды
Кейбір
жағдайларда сапасының
Дт: Баға шегерімі- шоты
Кт: Алынуға тиісті қарыздар – шоты
Түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: Сатылған тауарлардың қайтарымы- шоты
Кт: Алынуға тиісті қарыздар – шоты.
Дебиторлық
қөарыздар келесідей
- «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарызы».
- «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».
- «Еншілес (тәуелді ) серіктестіктердің дебиторлық қарызы».
- «Басқадай дебиторлық қарыздар».
- «Алдағы кезең шығындары».
- «Берілген аванстар».
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорынбар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық қарыз болып табылады.
6
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарызының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты
302 «Алынған вексельдер» шоты
303
«Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің басқадай
Бұлар
активті шот болып табылады. Сондықтанда
бұл шоттардың дебитынде
301
«Алынуға тиісті қарыздар»
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтаерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Сатылған
өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың
және көрсетілген қызметтердің нақты
өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей
шоттардың корреспонденциясы
Дт: 801 «Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты,
802 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны» шоты.
Кт: 221 «Дайын өнімдер» шоты,
222 «Алынған тауарлар» шоты
900 «негізгі өндіріс» шоты
910
«Өз өндірісінің шала өнімдері»
920 «Қосалқы өндіріс» шоты
Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі ( 121-125, 101-103, 106, 141-144, 401-403).
Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына.
Дт: 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты
7
Кт: 701 «Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) тускен табыс»
702 «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» шоттары.
Осыған
ұқсас шоттардың
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне қарай 431 «Валюталық шотындағы нақты ақша», 441 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 451 «Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де, 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі.
302
«Алынған вексель» шотында
Пайыздық емес вексель (марапаттау сомасы жеке көрсетілмегендіктен, вексель номиналдық құны бойынша есептелінеді) бойынша 2 қосымша шоты ашылуы мүмкін.
2 «Вексельдің алынған сомасынан марапаттау сомасы шегерілген ( дисконт)»
3 «Вексель бойынша марапаттау сомасы ( дисконт)»
Алынған вексель бойынша марапаттау сомасы толық көлемде, оларды алған кезінде келесі қалыпта көрініс табады:
Алғашқыда марапаттау сомасы толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді.
- 332 шоттың дебеті мен 611 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі
- 302 шоттың 3-ші субшотының дебетінде және 611 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Содан соң есепті кезең барысында үлесіне сай есептелген пайыз сомасы табысқа жатқызылады.
- 611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.
- Пайыздық вексельде де 611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.
Өтелу мерзімі өтіп кеткен барлық дебиторлық қарыздар және де сот шешімдері бойынша үмітсіз деп танылған сомасы 821 шоттың дебиті бойынша және 302 шоттың кредиті бойынша есептен шығарылады. Вексель бойынша өтеу мерзімі өтіп кеткен болып мына деңгейдегілер жатады:
8
- төлем күнінен бастап санағанда акцептантқа қарсы аудармалы вексельден шығатын талп ету мерзімі 3 жылдан асса;
- қарсылық білдіру күнінен бастап санағанда индоссанттарға қарсы вексель ұстаушылардың талап ету мерзімі 1 жылдан асса;
- индоссант вексельге төлеген күнінен бастап санағанда индоссонттар бір-біріне қарсы болған жағдайда олардың талап ету мерзімі 6 айдан асса.
303
«Басқа да» шоты бойынша
301
шоты бойынша талдау есебі
сатып алушыларға берілген шот-
2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі.
Сатып
алушылар мен тапсырыс беруші заңды
және жеке тұлғалардың төлем
Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудырытын
борыштарды есептен шығарудың
екі тәсілі бар. Біріншісі –
тікелей есептен шығару әдісі,
мұнда шығындар нақты шоттарды
үмітсіз деп танығаннан кейін
ғана тікелей
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген
9
немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі.
Егер де сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады:
Дт: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты
Кт: Алынуға тиісті қарыздар шоты.
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:
Дт: Ақшалар шоты
Кт: Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі № 10 журнал-ордерде жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық қарыздар бабында, кәсіпорынның дебиторлық қарыздары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталынып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
Күмәнді
қарыз болып белгіленген
Егерде
шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша
бағаланса және солармен байланысты
шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде
жатқызылса, онда күдікті қарыздар
болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен
жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде
анықталуы мүмкін және ол 311 «Күмәнді
қарыздар бойынша резервтері» деген
пассивтік шотында көрініс
Егер де күмәнді қарыздар бойынша резервтер бірінші рет қалыптастырылса, онда ол қаржылық есеп беруде кезеңдік шығыстар ретінде көрсетіледі, яғни есепті кезең шығыстарын өсіреді. Демек:
Дт: 821 шоты
Кт: 311 шоты.
Ал егер де дебиторлық қарыздар күмәнді қарыздардың есебінен есептен шығарылса, онда:
Дт: 311 шоты
Кт: 301, 302, 303, 321-323 шоттары.
Бірақ бұл жерде ҚҚС есепке алынбайды, яғни қарыздың таза сомасы ғана алынады. Ал салық сомасы:
10
Дт: 633 шоты
Кт: 301-303, 321-323 шоттарында көрініс табады.
Егер
де төлем сатып алушылардан
Дт: 441, 451 шоттары
Кт: 727 шоты арқылы көрінеді.
Олардың ҚҚС сомасы да:
Дт: 441, 451 шоттары
Кт: 633 шотында көрініс табады.
Егер де күдікті қарыздарды іздеу мерзімі өтіп кетсе де есептен шығаруға рұқсат етілмесе, онда олар баланстан тыс 007 шотында көрініс табады.
311
шоты бойынша аналитикалық
Еншілес (тәуәлді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарын есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары деген бөлімшесі қарастырылған.
Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді:
- 321 «Еншілес серіктердің қарызы»;
- 322 «Тәуелді серіктестіктердің қарызы»;
- 323 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың қарызы».
Аталған бөлімше шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Еншілес кәсіпорындардың дебиторлық қарызы 321-323 шоттарында көрсетілсе, ал олардың кредиторлық қарызы 641-643 шоттарында көрсетіледі.
Бас және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің арасында жасалған есеп айырысулар 641-643 және 321-323 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздары жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыздар сомасына:
Дт: 641-643 шоттары
Кт: 321-323 шоттары.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктер арқылы операциялар жүргізу кезінде мына шоттар корреспонденциясы қарастырылады:
- Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге накладнойлар мен шот-фактуралардың негізінде материалдар мен сатып алынған тауарлар босатылды:
Дт: 321, 322, 323 шоттары
Кт: 702, 709 шоттары.
- Еншілес (тәуелді) серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар көрсеткен қызметі мен атқарған жұмысы:
Дт: 321, 322, 323
Кт: 709
11
- Еншілес ( тәуелді ) серіктестіктердің дайын өнімдерді негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді босатты:
Дт: 321, 322, 323
Кт: 701, 722, 721.
ҚҚС сомасына:
Дт: 321, 322, 323
Кт: 633.
Егер субъект басқа субъекттің 50 пайыздан асатын дауыс беруші акцияларына тікелей немесе жанама ие болса, инвестор бұл субъектіге бақылау қояды және негізгі шаруашылық серіктестігі болып танылады, негізгі серіктестік пен оның еншілес серіктестіктері топ құрады. Аналитикалық есеп әрбір еншілес серіктестік бойынша жүргізіледі. Егер инвестор басқа субъекттің 50-ден кем дауыс беруші акциясына ие болса, мұндай жағдай да инвестелетін объект тәуелді субъектке айналады.
Негізгі
серіктестік еншілес
а) негізгі серіктестікке:
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома |
1 |
Еншілес серіктестікке материал босатылды |
321-323 |
727 |
236000 |
2 |
ҚҚС сомасына 15% |
321-323 |
633 |
35400 |
3 |
Босатылған материалдардың өзіндік құны есептен шығарылды |
845 |
201 |
86300 |
4 |
Есеп шотқа түскен төлемдер |
441 |
321-323 |
271400 |
5 |
Бюджетке ҚҚС аударылды |
633 |
441 |
35400 |
6 |
Есепті кезең соңында есептен шығарылады: а) жиынтық табысты азайтатын шығындар ә) жиынтық табысты көбейтетін шығындар |
571
727 |
845
571 |
86730
236000 |
ә) еншілес серіктестікке:
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома |
1 |
Негізгі серіктестіктен материалдар алынды |
201 |
641-643 |
236000 |
2 |
ҚҚС сомасына |
331 |
641-643 |
35400 |
3 |
Негізгі серіктестіктің шотынан борышты өтеу шотына аударылды |
641-643 |
441 |
271400 |
4 |
Түскен құндылықтар бойынша |
633 |
331 |
35400 |
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін, мына төмендегі синтетикалықшоттары пайдаланылады:
641
«Еншілес серіктестіктерге
642 «Тәуелді серіктестікке қарыз»;
643 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз».
2.2. Болашақ кезең шығындары мен берілген аванстар есебі.
«Болашақ кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Шаруашылық қызметінің барысында кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; тау-кен жұмыстарын жүргізуге даярлық жасау бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; жалға алушының қаржысының есебінен жасалатын жалға бнрген негізгі құралдарды күрделі жөңдеуден өткізген кезде; техникалық әдебиеттерде, газеттерге және журналға жазылған кезде; алдағы еспті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады.
Болашақ кезең шығындарын есепке алу 34 «Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. оларға мына шоттар кіреді:

- Дебиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық қарызды басқарудың теориялық негіздері
- Дебиторлық қарызды басқарудың теориялық негіздері”
- Дебиторлық қарыз есебі
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
- ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ