Дебиторлық берешекті басқару

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

Бөлім 1. Дебиторлық  берешекті  басқарудың теориялық негіздері

1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.............................5

1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні...................9

1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.........................................................11                                                       

 

Бөлім 2. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму  тарихы және оның экономикалық  сипаттамасы......14

2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық  жағдайына сипаттама........................................21

 

Бөлім 3.«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру

3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары...................................................................................27

 

 

Қорытынды............................................................................................................30

Қолданылатын әдебиеттер....................................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.    

Дебиторлық берешекті  талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.

Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық  тиімділік.

Курстық жұмыстың мақсаты -дебиторлық берешекті басқару қажеттілігін анықтау.

Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмысқа мына міндеттері қойылды: 
         · дебиторлық қарыздың кәсіпорын қызметіндегі рөлі;

          · дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлерін;

          ·дебиторлық қарызының басқару әдістерін зертеу;

· «ӨТМК» АҚ-да дебиторлық қарызды басқаруды бағалау және талдау

Қурстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде дебиторлық  берешекті  басқарудың теориялық негіздері қарастырылған.

  Екінші бөлімде  «ӨТМК» АҚ туралы оның даму  тарихы және оның қаржылық  жағдайын қарастырылған. Қазіргі  заман – технологияның қарқынды  дамып отырған заманы. Қай салада  болмасын, озық технология басты орында тұр. Осыған орай оң қасиеттерімен алдыңғылардың қатарынан табылатын титанға деген сұраныс соңғы жылдары еселеп артқан. Сондықтан да бүгінде титан өндірісін жандандырудың жөні бөлек. Осы орайда еліміздің мақтанышы – «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-тың алар орны ерекше.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бөлім. Дебиторлық  қарызды басқарудың теориялық негіздері

1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері

Дебиторлық берешек  – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші  субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.

Дебиторлық берешек - жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы. Дебиторлық берешекте тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада берешектің болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет. Дебиторлық берешектің уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық берешек – соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады; несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін берешегі; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өз қызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі. Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу – ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.

Дебиторлық  берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

1) алынуға тиісті шоттар;

2) алынған вексельдер;

3) басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке,  субъектілердің  ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары  мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.    

Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген  мәселелері №39 «Қаржылық құралдар:  тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.

Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы  мерзімді өтімді активтерінің маңызды  түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға  тиісті шоттар)  және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге  сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).

Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне  сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне  қарай келесі түрлерге бөлінеді:

  • ұзақ мерзімді;
  • қысқа мерзімді (ағымдағы);

     Қысқа мерзімді  қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі  қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып  саналады.

Дебиторлық борышты  қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып  табылады, бұл мерзімнен асып кесте  дебиторлық борыштың өтелу мерзімі  өтіп кеткен болып саналады.

Қазақстандық және халықаралық  стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш  тек өзімен байланысты кіріспен бірге  танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш  бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді  талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне,  сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Дебиторлық борыш есебі  бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші  бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома,  кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын  болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы  барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

                                  

1.2. Кәсіпорын   қызметіндегі  дебиторлық қарыздың рөлі мен  мәні

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» даму Стратегиясында көрсетілгендей, дамудың  соңғы мақсаты біздің еліміз үшін экономикалық өсу болып табылады, себебі экономикалық өсудің шарты «бүгінгі мен ертеңгі кунде және соңғы отыз жылдың ішіндегі ең маңыздысы».

Нарықтық қатыныстарды қалыптастыру кезінде экономикалық ақпаратты дер кезінде бермесе шаруашылық субъектілердің  экономикалық механизмін басқару мүмкін емес, оның негізгі бөлігін нақты қарастырылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық шаруашылық әрекеттің талдауы береді. Бухгалтерлік есеп және қаржылық шаруашылық әрекеттің талдау мәліметтері шаруашылық субъектінің жұмысын жедел жүргізу үшін және олардың бөлімдеріне ағымдық жоспар мен экономикалық болжамдар жасау үшін, сонымен қатар, елдің экономикалық дамуының заңдылықтарын зерттеу мен оқу үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасында  соңғы 5-6 жылдар аралығында бухгалтерлік есепке алудың жетілдіруі мен болашақ дамуы, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мен өңдеу, нарықтық экономикаға лайықты болатыыыыын жаңа жүйеге    алмасуын тездету бойынша улкен жұмыс жүргізіліп жатыр, 2001 жылдың 1 қаңтарында іске асырылған салық алудың жаңа заңы өңделген болатын. Ауыспалы кезеңде  өндірістің   апаттық төмендеуі, Қазақстан халық шаруашылығының кейбір салаларының тоқталуы – жұмыссыздық пен ақшаның құнсыздануының өсуін, сонымен қатар, ең бастысы, ол шаруашылық субъектілері арасындығы нарықтық қатынастардың  тұрақсыздығын, олардың қаржылық күйлерінің  нашарлауына әкеледі.

Қазіргі уақытта, шаруа  адамдардың арасындағы өзекті мәселенің  бірі  жалпы шаруашылық субъектінің  жұмысын үйлестіру рөлін атқаратын, есептеу-төлемдік операциялармен тікелей байланысты болатын сұрақ – бұл дебиторлық қарыз.

Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер қорларының маңызды  бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кез келген кәсіпорын балансының қазіргі қазақстандық құрылымы бойынша  ол бірінші және екінші  бөлімдерінде бола алады.

Кәсіпкерлік қызметті атқара отырып, мүліктік айналымның қатысушылары келесі болжам жасайды, олар шаруашылық операцияларды іске асыру кезінде  шығындарын қайтарып алғанымен бірге, табысқа ие бола алатындарын болжамдайды. Бірақ тәжірибе жүзінде, әсіресе нарықтық қатынастарға ауысумен бірге өндірістің төмендеуінен тұрақты турде келесі жағдайлар туындай береді: онда белгілі бір себептерге байланысты кәсіпорын контагенттерден қарыздарын ала алмайды. Дебиторлық қарыз көптеген айларға, кейбір жағдайларда жылдарға да созылады. Дебиторлық    қарыздың өсуі  кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатып, кейде банкроттыққа ұшыратады. Айналым құралдарының бір бөлігі болып, нақты айтқанда қатынастық  қорлардың бөлігі бола отырып, дебиторлық қарыз, әсіресе ақталмаған түрі, төленбей   «тұрып қалған» түрі,  айналым құралдарының айналымдығын  қысқартады, яғни   кәсіпорынның табысын азайтады.

Сондықтан қазіргі таңда, шаруашылық субъектілердің қаржылық күйін  жақсарту мақсатындағы маңызды мәселелерді шешу басты мәселе болып табылады, оларға біз төменде көрсетілген   мәселерді жатқызамыз:

Бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесінде және есептеулердің  жаңа жоспарына алмасуға, сонымен  қатар шаруашылықтың әкімшілік-басқарушылық жүйесінің құлдырауынан кейін барлық шаруашылық қатынастардың жойылуына байланысты дебиторлық қарыздың дұрыс есептерін ұйымдастыру.

Дебиторлық қарыздың талдануы, ол «тұрып қалған» , ақталмаған қарызды жоюға және оның өсуін  азайтуға бағытталған қорларды анықтауға  және дебиторлық қарыздың өсуіне әсер ететін факторларды табуға бағытталған болу қажет.

 

1.3. Дебиторлық қарызды   басқару әдістері

 

Барлық фирмалар тауарды  қолма-қол төлем қабылдау арқылы сатуға ұмтылады, алайда бәсекелестік талаптары төлемдердің мерзімін ұзартуға келісім беруге мәжбүрлейді, осының нәтижәсінде дебиторлық   қарыз пайда болады. Дебиторлық қарыз – бұл фирмадан қандай да бір өнімдерді немесе қызметтерді несиеге алатын сатып алушылардың фирмаға қарыз ақша сомасы. Дебиторлық қарыз – бұл айналым активтерінің манызды бөлігі, оны дебиторлардың шоты деп те атайды, және ол қолма-қол ақша қаражаттары мен төлемдерге тікелей ықпал етеді.

Фирманың дебиторлық қарызын басқару жуйесінің маңызды  құрамдас бөлігі әдістер болып табылады. Тек қаржылық әдістерге мыналар  жатады: Э. Альтманның әдісі, пайда болған мерзімдері бойынша дебиторлық қарызды реттеу, дебиторлардың шоттарының «ескіру» реестрін құру, күдер узген дебиторлық қарыздың мумкіндікті сомасын болжау, дебиторлардың шоттарының ойластырылған «ескіруін» анықтау, қаржылық коэффициенттерді есептеу және бағалау.

Басқарушылық әдістерге: «шешімдер  ағашы», «3С» несиеге қабілеттілікті талдау әдістері, фирманың несиелік саясаты  стратегиясының матрицасы, ақпараттық базаны қалыптастыру, сыйақы жүйесін  пайдалану, несиелік қарызды төлеу мерзімін «созу» жатады.

Айналым активтерінің циклі. Дебиторлық қарызды жою мәселес  (активтің бағасында аса маңызды шығынсыз ақшалай қаражатқа айналу қабілеті) – әрбір дерлік ұйымның негізгі  мәселесіне айналды. Ол өз кезегінде, бірнеше  мәселелерге бөлінеді: ұтымды көлем, айналымдылық, дебиторлық қарыздың сапасы.

Бұл мәселердің шешімі дебиторлық қарызды  білікті басқаруды талап етеді, бұл фирманың қаржылық жағдайын нығайтудың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынды  реформалау тәжірибесі дебиторлық қарызды қайтару жөніндегі шаралар кәсіпорынның іщкі қоры есебінен тиімділікті арттырудың анағұрлым әсерлі шаралары тобына енетіндігін және жедел түрде оң нәтиже әкеле алатындығын көрсетті. Қысқа мерзімде қарызды  қайтару – тапшы айналым қаражатын толықтырудың шынайы мүмкіндігі. Дебиторлық қарызды басқару ерекше басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру үдеріс ретінде жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау сияқты кез келген басқа басқару түрімен теңестіріле алады.

Жоспарлау – бұл алдын ала  қаржылық шешімдер. Ол тиімді болуы үшін ұйымның ұзақ мерзімді ммақсатын анықтау, ұйымның стратегиясын құру, қызмет ету саясатын анықтау, қызметтің тиімді рәсімдерін таңдау  қажет.

Басқаруды ұйымдастыру мынадай  кезекпен әрекеттеді уйлестіруді білдіреді: барлық әрекет ету саласы таңдалған қызметтері бойынша топтастырылуы қажет; өз қызметіне жауапты тұлғаларға бірдей құқықтар берілуі тиіс.

Ынталандыру дегеніміз – жалпы  адамның мінез-құлқы анықталатын  психологиялық сәттердің жиынтығы.

Бақылау жөніндегі әрекеттер –  бұл:. Әрекеттер стандарттарын әзірлеу, фактілік нәтижелерді стандарттық нәтижелермен салыстыру.

Осылайша, дебиторлық қарызды басқару  кәсіпорынның айналым активтерін және өнімді сату көлемін ұлғайтуға бағытталған, осы қарыздың жалпы мөлшерін оңтайландыруды, оны уақытында инкассациялауды қамтамасыз етуді қамтитын маркетингтік саясатын жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Фирманың  дебиторлық қарызын білікті басқару негізінде келесі іргелі мәселелер бойынша қаржыылық шешімдер қабылдау жатыр:

  • әрбір есеп беру күніне дебиторлық қарызды есептеу;
  • фирмада дебиторлық қарызды жоюға байланысты жағымсыз жағдай қалыптасқан жағдайлар мен себептерді диагностикалық талдау;
  • барабар саясатты әзірлеу және фирманың тәжірибесіне дебиторлық қарызды басқарудың қазіргі әдістерін енгізу;
  • дебиторлық қарыздың ағымдағы жағдайын бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – Бөлім. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму тарихы  және   экономикалық сипаттамасы

 

Еліміздегі индустриялық даму деңгейі жоғары өнеркәсіптік дамыған өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Бүгінде өнеркәсіп өндірісі облыстың жалпы өңірлік өнімін (ЖӨӨ) құруға маңызды үлесін қосып отыр. Ал облыста орналасқан «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – дүниежүзіндегі титан өндірушілердің арасынан ойып тұрып орын алатын әлемдік көшбасшылардың бірі.

          Ел экономикасының қарқынды дамуына  барынша үлесін қосып отырған  бұл кәсіпорынның тарихы тереңде  жатыр. Отандық брендке айналған  «Өскемен титан-магний комбинаты»  АҚ – іске қосылғалы бері  тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі іргелі өндіріс орны. 1965 жылдан бері жұмысын тоқтатпаған кәсіпорын бастапқыда Ресей және Украина кәсіпорындарының ғылыми-зерттеу, техникалық жұмыстарының соңғы іс-тәжірибесі мен жетістіктерінің негізінде титан-магний комбинаты болып құрылған. Комбинаттың негізгі тауарлық өнімі – кеуекті титан. Кеуек титан – өнімнің алғашқы сатысы және ең қарапайым әрі арзан түрі. Ол теңіз маржанына ұқсас келеді

1963 жылы комбинаттың  тәжірибе цехында қазақстандық  бірінші кеуекті титан алынды. Титан кеуегін шығаратын №3 цех өз тарихын 1965 жылдан бастады. Қалпына келтіру бөлімшесінде 13 ақпанда бірінші технологиялық үдеріс басталды және титан кеуегінің алғашқы өнеркәсіптік блогы алынды. Цехтың бірінші бастығы болып И. Самуйлов тағайындалды..

         Бүгінгі таңда «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ әлемдегі ең ірі түрлі маркалы кеуек титан, қорытпа және ұнтақ магний, чушкалардағы алғашқы магний, ұнтақты ванадий тотығын өндірушілердің бірі болып саналады. Титан-магний шикізаты болмағандықтан Өскемен титан-магний комбинаты рутил мен титан қожын Австриядан, Африкадан, Америкадан әкеліп, әртүрлі шикізат түрлерінің өндіру технологиясына бейімдеді.

           «Өскемен  титан-магний комбинаты» АҚ шығаратын  сирек металл – титанға авиация,  зымыран-ғарыш өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында сұраныс өте жоғары. Осыған орай жыл өткен сайын өндіретін өнімнің сапасымен қоса санын да арттырып отырған өндіріс ауқымын да барынша кеңейтіп келеді. Шетелдік әріптестерімен сан түрлі бірлескен жобаларды қолға алып, әлдеқашан әлемдік нарықтағы өз орнын тапқан «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ қазақ жерінде өндірілген титан өнімдерін заманауи технология өндірісінің көшбасшылары – Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада сынды елдерге экспорттап келеді. Осы орайда аталған кәсіпорынның өнімдері тек экспортқа арналғанын айта кеткен жөн.

           1994 жылдан бастап титан нарыққа  шығып, өндірісі кеңінен дамыған  елдерге жөнелтіліп келеді. Жапония  мен АҚШ-та, сондай-ақ Қытайда  өндірілетін титан кеуегінің негізгі бөлігін аталған елдер өздеріндегі өндірісте қолданады. Сондықтан да өнімнің осы түрін экспорттауда нарықтағы негізгі ойыншы, титан кеуегін өндіру саласында әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының орны ерекше. «ӨТМК» АҚ-тың титан кеуегі бүгінде әлемдік нарықтың 14 пайызын алып отыр. Өнімнің 20 пайызы аэроғарыш саласында қолданылады.

            «Өскемен титан-магний комбинаты»  АҚ 2006 жылы Сәтбаев ильменит кенішін  игеру жобасын іске асырды. Көкпекті ауданында 1 млн тонна құм және 15 мың тонна ильменит концентратын өндіретін тау-кен байыту комбинатын салды. Сонымен қатар, кәсіпорын стандартты емес балқытып құйылған отқа төзімді бұйым шығаратын өндірісті құрды. Жоба өз қаражаты есебінен іске асырылды. Жобаның жалпы құны 99,9 млн теңге шамасында болды.

         2011 жылы  ӨТМК титан құймалары мен балқымаларын  өндіру жөніндегі жаңа ірі  зауытты өндіріске қосты.

          Ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлесін тигізіп, ерекше серпін беріп отырған «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ бүгінде шикізатты игеріп, оны түбегейлі өңдеп, титан өнімінің бірнеше түрін өндіріп қана қоймай, әуе-ғарыштық өнеркәсібін титан кеуегімен қамтамасыз етіп, әлемдік рыноктағы ең ірі өндірушіге айналып отыр. Еліміздегі бұл үлкен кәсіпорынның бүгінгі жағдайы мен жай-жапсарын Елбасы ешқашан назардан шығармаған. Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамына арнайы барып, елдің ұлттық үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының инновациялық жобалары қатарына кіретін титан құймалары мен қорытпаларын өнідретін жаңа зауыттың құрылысымен танысқан-ды.

        Биыл 19 қыркүйекте Франция Президенті Николя Саркозидің шақыруымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға жұмыс сапары өтті. Келіссөздерде мемлекеттер басшылары «Назарбаев-Саркози» президенттік комиссияның жұмысын, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестіктің жағдайы мен болашағын, сол сияқты, өңірлік және халықаралық көкейкесті проблемаларды талқылады. Сондағы екі ел экономикасына да тиімді жасалған, екіжақты ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайта түсетін үлкен жоба – француздың «Обер э Дюваль» компаниясы мен «Өскемен титан-магний комбинаты» бірлесе отырып ашқан зауыт іске қосылды. Бұл – француз аэробустары үшін титаннан жоғары технологиялы өнімдер өндіретін бірлескен зауыт. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Обер э Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дювальмен кездесіп, кездесу барысында бірлескен жобаларды алға жылжыту мәселесі талқыланған. Қазіргі күні Өскемен титан-магний комбинаты «Обер э Дюваль» компаниясымен бірлесіп авиация өнеркәсібі үшін өнімдер шығаратын екі зауыт ашқан.

        Әуе-ғарыш және қорғаныс саласының, сонымен қатар оларға қызмет көрсететін құрылымдардың әлемдік жетекші компаниясы – «EADS» және «ӨТМК» АҚ-ның титан құймаларын жартылай фабрикаттар ретінде қайта өңдеу мақсатында 2008 жылы құрылған «UKAD» бірлескен кәсіпорны «ERAMET» тобына кіретін «Aubert&Duval» компаниясы бірлесе отырып және «ӨТМК» АҚ арасында «EADS» компаниясы жүзеге асырып жатқан бағдарлама бойынша, оның ішінде «Airbus» ұшақтары үшін бекіту бұйымдарын және металдарды қақтау үшін титанның жартылай фабрикаттарын жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды.

2011 жылғы 24 маусымда  Париждегі Ля Бурже әуе-шоуында  қол қойылған бұл келісім «ӨТМК»  АҚ-тың титан өнімдерін 2022 жылға  дейін жеткізіп тұруды қарастырады.

     2010 жылы қол қойылған «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қосымша бұл жаңа келісім «Өскемен Титан-магний комбинаты» мен «Aubert&Duval», «EADS» компаниялары арасында толықтай интеграцияланған титан жеткізу жүйесін құруға бағытталған. Осы ретте «UKAD» компаниясы ӨТМК шығарған титан құймаларынан жартылай фабрикаттар шығаруға жауапты болса, «Aubert&Duval» компаниясы әуе кемелерінің компоненттерін шығару үшін аса қажетті қақталған бұйымдар дайындауға жауапты.

          «EADS» компаниясы ӨТМК-нің титан құймалары мен балқымаларын шығару жөніндегі жаңа зауыттың тиімді жұмыс істеуіне ерекше мүдделі болып отыр. Қол қойылған бұл келісімдер Өскемен Титан-магний комбинатының «EADS» компаниялар тобының барлығы үшін титан шикізатын жеткізетін шешуші кәсіпорын жөніндегі беделін арттыра түседі.

         «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жан-жақты қарым-қатынасты нығайта отырып, өз ауқымын кеңейтіп келеді. Жоғарыда Фанциямен арадағы бірлескен жобаларды атап өтсек, кәсіпорын жақында ғана оңтүстіккореялық «РОSСО» компаниясымен бірлесе «ПОСУК Титаниум» деп аталатын Қазақстан-Корей бірлескен кәсіпорнының жаңа зауытын салуды қолға алды.

          Бірлескен жаңа өндірістің шетелдік құрылтайшысы болып отырған «РОSСО» компаниясы – құрыш өндірумен айналысатын әлемдегі екінші ірі компания.

Оңтүстік Корея мен  өзге де елдерден бірнеше еншілес  кәсіпорындарын ашып отырған бұл  компания Кореядағы екі бірдей металлургиялық зауыттың иесі екен.

        Бұл электронды-сәулелі әдіспен титан құймасын өндіретін жаңа өндіріс орны 2013 жылы пайдалануға берілмек. Аталған жобаның тұсаукесер салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстандағы Корея Республикасының консулы Хан Сонг Джин, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов, «ӨТМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер, «ӨТМК» АҚ президенті Бағдат Шаяхметов және «РОSСО», «ПОСУК Титаниум» ЖШС басшылары қатысып, өндіріс орнының құрылысы басталғандығын ресми түрде хабарлады. 50 миллион АҚШ доллары тұратын инновациялық жоба іске қосылғанда өндіріс орнында жылына 5 мың тонна титан құймалары шығарылмақ.

Өндірістің белгіленген  уақытта еш кедергісіз пайдалануға  берілуіне облыс әкімдігі тарапынан, Үкімет тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізген облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев: «Өскемен титан-магний комбинаты – дүние жүзіндегі осы саладағы ең ірі металлургиялық өнеркәсіп орны.

Еліміздің титан өндірісі қанатын кеңге жайып, комбинат Франция, Корея елдерімен бірлескен кәсіпорындар құрып, экономикалық-қаржылық дағдарыстарға  қарамастан өркендеп, даму үстінде.

Дебиторлық берешекті басқару