Есім сөздердің теориялық негіздері

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазақ елі өз алдына отау тігіп, іргелі мемлекеттердің біріне айнала бастағалы мектептерде қазақ тілін оқыту мәселесі күн тәртібіне қатаң түрде қойылып отыр. Қазақ тілінің жетілдірілген бағдарламасына сай оқулыққа енгізілген тақырыптардың бірі – есім сөздер. Сөз таптарының сыр – сипатын ашпас бұрын, ең алдымен қазақ тілі лексикологиясында сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай үш топқа бөлінетін мәлімет беріледі.

Сөз таптарының лексика-грамматикалық  белгілерін дұрыс аңғару үшін, мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік үш белгісі бірдей қарастырылады. Осы үш принципі бірдей қамтып, оларды түгелдей ескеріп отырған жағдайда ғана әр сөз таптарындағы мағына мен форма нақты ашылып, сөз таптарының бөліну принципі дұрыс аңғартылады. Осындай үш принципті басшылыққа алғанмен, бқлар сөздердің бәрінен табыла бермейді.

Зат есім, сын есім, сан  есім жеке сөз таптары болып танылуында сөздерді топтастырудағы үш түрлі принципке  толық сәйкес келеді. Есім сөздердің үш принципке сай ерекшеліктерінің болуымен қатар, бұлардың одан да басқа өзіндік сипаты бар екендігін мысалдар талдауда нақтыланады. Сондықтан да есім сөздердің алатын орны зор екендігі жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тілінде есім сөздерді оқытуға қатысты зерделенген жайлардың теориялық – әдіснамалық ізденістеріне сүйене отырып, есім сөздерді оқытудың әдіс-тәсілдерін жан-жақты оқыту.

Курстық жұмыстың міндеттері:

    • Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
    • Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
  • Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі;
    • Сан есім: ұғымы, түрлері, жасалу жолдары;
    • Грамматикалық тәсіл арқылы есім сөздерді ұғындыру;
    • Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдарын талдау;
    • Зат есмінің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: сөзге және сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту. Есім сөздердің мағынасына қарай, тұлғасына қарай, құрамына қарай болып келуімен, оқытудың әдіс-тәсілдерін саналы түрде меңгерту.

Курстық жұмыстың нысаны: мектептердегі есім сөздерді оқытудың әдіс – тәсілдерінің процесі.

Зерттеу пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеудің  әдістері: зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес баяндау, жинақтау, талдау, қорыту қолданылды.

Курстық жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық  әдебиеттер, интернет желісінен ақпаратттар қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1. Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал - тәсілдері

 

Есім сөздер - өзінің құрамын  үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын  есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықтан тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте  көп. Бірақ сан есім де – туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір саннан бастап, миллион, милиардқа дейінгі күрделі сан атаулары – сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу – туынды сөзге кедей сөз табы [2].

Бұл есім сөздердің бәрінің  де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді, сонымен бірге олардың сөзжасамдық  қабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол түрлілік әр сөз табының сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің түрлі  қызмет атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің түрлілігіне, олардың құрамына, мағынасына, шындық өмірмен байланысына, т.б. сол сияқты түрлі себептерге байланысты.

Осы жағдай әр сөз табының  сөзжасамын қарайды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамынының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етеді, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Осы байланысты есім сөздердің сөзжасамы етістік сөзжасамымыен салыстырғанда, ортақ қасаиеттері бір топ құрғанымен, іштей ерекшеліктерге де бай.

Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп аталады. Мысалы, көгер, жасар, тыңда, қозға, сөйле, оқыт, сөндір, т.б.

Тілде негіз сөздер жұрнақсыз  да қолданылады. Мысалы, Үлкенмен ақылдас. Ақылы бар бала деген сөйлемдердегі  ақылдас туынды түбірінің негіз  сөзі ақыл екінші сөйлемде дербес сөз қызметінде қолданылып тұр. Бұл – негіз сөз атаулыға тән құбылыс. Бірақ аздаған туынды түбір етістіктердің негіз сөздерінде қазір бұл қасиет жоқ. Мысалы, оян, оят, аңқай, тыңқи, жымпи, семір, жұбат, т.б. сияқты бір топ туынды түбір етістіктердің жұрнақтары анық көрініп тұрады да, негіз сөздері жұрнақсыз жоғарыдағыдай жеке қолданылмайды, бірақ олар туынды түбір етіктік деп аталады. Ал олардың негіз сөзі бір кездері дербес сөз болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз ретінде қолданылмайды. Мұндай түбірлерді орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір деуге болады. Байлаулы туынды түбір етістіктер жұрнақтары арқылы танылады, өйткені ондағы негіз сөздер қазіргі тілде қолданыста жоқ.

Тіліміздегі барлық сөз  өзіне тән грамматикалық белгілеріне  қарай топтарға бөлінеді. Ол топтар сөз таптары деп аталады. Сөз таптарына тіліміздегі сөздер категориялық мағыналарына, морфологиялық белгілеріне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінеді.

Категориялық мағына деп әр сөз  табына қатысты сөздердің жалпы  ортақ мағынасын айтады. Мысалы, зат есімнің категориялық мағынасы – зат ,сын есімдікі – сын, сапа ,белгі, етістіктің мағынасы – қимыл, қозғалыс мағыналары.

Категориялық мағыналардың жалпы  ортақ болып келетіні лексикалық мағынамен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, жақсы, жаман, үлкен, ұзын, қысқа сөздері лексикалық мағыналарына қарағанда 5 түрлі сөз болып тұр.

Ал осы сөздердің жалпы мағынасы – белгіні білдіру. Сондықтан бұл категориялық мағынасымен сын есімге жатады. Немесе жаз,қаз,отыр, шап сөздері қимыл мағынасын беріп,етістікке жатады.

Морфологиялық белгіге қарай сөз  таптарына бөлгенде түрлену не түрленбеуіне (көптелу, тәуелдену, жіктелу т.б.) және грамматикалық категорияларына қарайды [4].

Түрленетін сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер жатады.

Түрленетін сөздер өздеріне тән жүйелерімен ерекшеленеді. Мысалы: зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Ал сын есім, сан есім де сырттай қарағанда көптелетін (жақсылар), септелетін (жақсының жақсылығын айт), тәуелденетін (жақсысын біліп ал) сияқты көрінгенмен, олар субстантивтеніп кетеді.

Әр сөз табының (түрленетін сөз таптарының) өзіне тән грамматикалық категориясы болады. Мысалы, зат есімге көптік, септік, тәуелдік категориясы: етістікке жақ, шақ, етіс, рай категориялары тән. Түрленудің ерекшеліктері басқа сөз таптарынан үстеуге айналған сөздерде де ерекше аңғарылады.

Мысалы, бірге жүр дегендегі  бірге үстеуі түрленбейді, ал бірге  бірді қос дегендегі бірге  зат есімнің барыс септік формасы  болғандықтан бірдің, бірді, бірде, бірден болып өз парадигмасы бойынша септеліп шығады. Бұған себеп үстеуге айналған сөздің о бастағы грамматикалық мағынасынан алыстап кеткендігі.

Синтаксистік ерекшелігіне қарай сөздерді сөз таптарына  бөлуде екі мәселе ескертілуі тиіс: Сөздердің бір-бірімен синтаксистік байланысы және синтаксистік қызметі. Сөз таптарының бір-бірімен байланысы бірдей болып келе бермейді. Мысалы, сан есім мен үстеуді, зат есіммен еліктеуішті байланыстырып қолдануға болмайды [5].

Сөз таптарын жүйелегенде атау сөздер (толық мағыналы сөздер), көмекші  сөздер(толық мағынасы жоқ сөздер), одағай сөздер деп үш топқа бөлу дәстүрі бар.

Атау сөздерге есімдер (зат есім,сын есім, сан есім, есімдік), етістіктер, үстеу, еліктеу сөздер жатады.

Атау сөздер айналадағы шындықты (зат, белгі, сан, процесс т.б.) аңғартып, олардың  атауы ретінде қолданылады және олар сөйлем мүшесі бола алады.

Көмекші сөздерге көмекші есім, шылаулар (септеулік, жалғаулық, демеулік) және көмекші етістіктер жатады. Бұлар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, атау сөз болатындай толық мағынасы жоқ, тек атау сөзбен селбесіп грамматикалық мағынаға ие болады.

Одағай сөздер сөйлемдегі қолданылуымен  де, берер мағынасымен де барлық сөз таптарына ұқсамайтын ерекшелікке ие. Олар басқа сөзбен байланыспайды,синтаксистік байланыста болмағандықтан сөйлем мүшесі қызметін де атқармайды.

Сонымен, сөз таптары дегеніміз  – семантикалық-грамматикалық жағынан  ыңғайлас келетін сөздердің тобы.

Қазақ тілінде сөз таптары мыналар: 1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім , 4) есімдік, 5) етістік, 6) шылау, 7) үстеу, 8) еліктеуіш сөздер, 9) одағай.

 

1.2 Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы

 

Айналамызды қоршаған дүниедегі  зат пен жан-жануар атаулыға, барша  құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің  бәрі - зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.

Зат деген ұғым тек  күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды (А.Ысқақов) [7].

Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі есесі де, еншісі де мол сөз табы – зат есім.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде  кездесетін әдеттегі  жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Жалпы есімдерге мысалы жатады: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдерге мысалы жатады:

  • кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
  • үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
  • өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)
  • газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)
  • географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)
  • қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.) тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады 1.1 суретіне сәйкес көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.1 - Зат есімнің  мағыналық түрлері

 

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер  ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).

Көптік мәнді есімдер  деп затты жеке - даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жеке дара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атаулаырнда ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар.

Мысалы, сол аталған  ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.

Көптік мәнді есімдерге  мынадай зат есімдер жатады:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.

2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.

6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.

Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдерде (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т.б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады [9].

Зат есім құрамындағы  эмоциялы-экспрессиялы сөздерді мынадай 2 топқа бөлуге болады:

1) кісінің көңіл-күйінің  кірбіңін танытатын сөздер: қайғы,  ыза, намыс, зұлымдық, т.б.;

2) кісінің көтеріңкі  көңіл-күйіне байланысты қолданылатын  сөздер: қуаныш, күлкі, достық, құрмет.

Сол сияқты сыни реңі бар  арамза, пәлекет, жексұрын, малғұн тәрізді кісінің біреуге деген кейістігін, наразылығын танытатын сөздер де І топтағы эмоция-экспрессия реңді есімдер қатарына жатады.

Тілімізде өзінен жасы кішілерге, жас балаларға мейірлене, ықыластан  сөйлейтін кезде олардың атына –жан, -тай секілді морфологиялық элементтерді қосып айтатын дәстүр бар. Мысалы: Армантай, Маратжан, т.б.

-жан, -тай дегендердің  бұлардан басқа үлкен кісілерге  айтылатын аға, апа, көке, ата  сияқты есімдерге қосылып, ізет, құрмет, кейде жалыныш мәнін білдіретін реттері көп: ағатай, атажан, апатай, т.б.

Қаратпа мәнінде қолданылатын сөздердің құрамы жиі ұшырайтын  тәуелдіктің І жақ жекеше түріндегі  қарағым, шырағым, айым, күнім, сонымен  бірге –еке қосымшасымен келетін  ағаеке, апеке, атеке дегендер де осы  сияқты.

Есімдердің эмоциялы-экспрессиялы мәнінің айқындала, саралана түсуі  олардың сөйлемде, контексте қалай  қолданылуымен шарттас.

Көмекші есімдер деп  лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз [11].

Көмекші есімдер сан  жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

Құрылымы жағынан зат  есім жалаң да, күрделі де болады. Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер  деп қазіргі кезде тиісті морфемалағра (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

Күрделі зат есімдерге кемінде  екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат  есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

1. Біріккен зат есімдер,

2. Қосарлаған зат есімдер,

3. Тіркес (құрама) зат есімдер,

4. Қысқарған зат есімдер.

Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады 1.2 суретіне сәйкес көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

Сурет 1.2 – Зат есімдер  тәсілі

 

1. Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу ақрылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.

2. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.

3. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.

Мысалы: атшы, басшы деген  туынды зат есімдер ат, бас деген  зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған. Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.

 

1.3 Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі

 

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы – сын есім.

Семантикалық жағынан  зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық  тобы болса, сын есім неше алуан сыр  сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз [14].

Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері  де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып  айқын көрініп отырады.

Морфологиялық сипаттары  жағынан да сын есімнің өзіне  ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері  бар.

Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан  анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш  қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Синтаксистік жағынан  қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға  лайық. Өйткені қандай белгі болса  да, заттың қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ нәрсе – адамның  қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі  тас үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә.Әбішев). 

Зат есім мен сын есімнің  тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық  бар. Мысалы: зат есімге септеулік  шылаулар тіркесе береді. Ал сол  септеулік шылаулардың ішінде тек  сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсағанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен, т.б.) сын есімге еркін, тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркеспеуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімге тіркеспеуі бұл екі сөз табының - зат есім мен сын есімнің синтаксистік жағынан бір-біріне ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.

Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де басқа заттардың қатынастары  арқылы да білдірді. Осындай жалпы  сипаттарымен байланысты, сын есімдер  симатикалық мағыналары мен грамматикалық  ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді 1.1 кестеге сәйкес көрсетілген.

 

Сын есім

Түрлері

Мысалдар

І.Мағынасына қарай

1) сапалық

ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу

2) қатыстық

тұзды, арманды, ақшалы

ІІ.Тұлғасына қарай

1) негізгі

жақсы, әдемі, кең, суық

2) туынды

қысқы, таулы, сынық, өткір

ІІІ.Құрамына қарай

1) дара

кіші, тар, нәзік, мол

2) күрделі

ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман


Кесте 1.1 – Сын есімнің  ерекшеліктері

 

Сапалық сын есімдер  деп мағынасы жағынан заттың әр алуан  сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен  түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т.б.) сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен йісін (ащы, тәтті) білдіретін және заттың басқа да қасиет – белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз [16].

Қатыстық сын есімдер  деп бір заттың белгісі басқа  бір заттың я іс-амалды қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Осы ерекшеліктеріне қарай, қатысытық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдермен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге  және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сандық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді.

Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады.

Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер  тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.

Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі сандар мен туынды сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы т.б.), зат есім мен сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлану арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.

Морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздердің семантикалық жағыан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы мысалы: (басқа, өзге, шала – жансап т.б.) жасалады. Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.

Сын есімдер компоненттерінің құрамдарына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі сатыға бөлінеді [17].

Жалаң сын есімдерге  ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі  сын есім есебінде қызмет ететін түбір  сөздер (ақ, қара, сұр, көк, тік, аласа, тар  т.б.) және жұрнақ арқылы жасалған туынды (малды, шөпті, құнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, ұйқышыл, көтеріңкі, серіппелі т.б.) жатады.

Күрделі сын есімдерге  кемі екі я одан да астам компоненттерден құралып, синтаксистік (аналитикалық) жолмен жасалған сындар жатады. Күрделі сын есімдер негізгі сынардан  да, олардың өзді-өздінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, әредік бірігіп жасалуы арқылы бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді.

Сын есімің шырайы деп  аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Өйткені, біркелкі белгінің осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып табылады. Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынандай төрт түрлі шырайы бар:жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай 1.2 кестеге сәйкес көрсетілген.

 

Шырай түрлері

Жұрнақтары

Мысалдар

І. Жай шырай

 

әдемі, жақсы, ақ, көк

ІІ.Салыстырмалы шырай

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу, қыл,- ғыл, -ғылт, -ғылтым,- қылтым

 

 

-шыл, -шіл,- шылтым, -шілтім, -ілдір, 

 

-ақ, -қай, -ғыш

Жақсырақ, көгірек, жақсылау, ақтау, көктеу, құқыл, бозғылт, сұрғылт, сұрғылтым, ақшылтым, көкшілтім

Көкшіл, көкшілтім, ақшыл, ақшылтым, көкшілтім, көгілдір

бозақ,қартаң, сарғыш, сұрқай.

ІІІ. Күшейтпелі шырай

1)күшейткіш буын арқылы

 

2)өте, тым, аса, бек,  тіпті, нағыз, ең, нақ

Жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары, өте әдемі, тым жақсы, аса биік, тіпті жақын.


Кесте 1.2 – Сын есімнің  шырайлары

 

Жай шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі  сын-сипаттарын білдіретін сапалық  сын есім.

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың санына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді.

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге  күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма.

1.4 Сан есім: ұғымы, түрлері, жасалу жолдары

 

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі сын есімнен  кейінгі есесі де, еншісі де мол  сөз табы – сан есім.

Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша, неше, нешеу, нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау) [19].

Есім сөздердің теориялық негіздері