ГНП газ айдау үшін жерасты курсавой



 

                                     КІРІСПЕ

                     

Мұнай    және    мұнай   өнімдерін   алыc   қашықтыққа   тасымалдаудың негізгі  түрлеріне  теміржол,    су,    құбыр   өткізгіштер   және    автомобиль транспорты  жатады.  Кейбір  жағдайларда  мұнай  өнімдері тұтынушыларға ұшақ  және  тік  ұшақ  арқылы  жеткізіледі.

              Су  транспортында  (теңіз  және  өзен )  ішкі  мұнай  және  басқада мұнай  өнімдері  (бензин,  керосин,  дизельдік  отын,  мазут  және  т.б.) Өздігінен  жүретін  (танкерлер)  және  өздігінен  жүрмейтін  (мехтерлер, баржалар)  түрдегі  ыдыстарға  тасымалданады.

              Мұнай  өнімдерін  автомобильмен  тасымалдағанда,  оларды  ірі  мұнай базаларынан  ұсақ  мұнай  базаларына, содан  соң  тұтынушыларға жеткізіледі.

              Мұнай  және  мұнай  өнімдерін  құбыр  арқылы  тасымалдау  кез- келген қашықтыққа  көп  мөлшерде  мұнай  және  мұнай  өнімдерін  тасымалдауға мүмкіндік  береді.

              Қазіргі  уаққытта  теміржол  арқылы  мұнай және мұнай өнімдерін цистерналармен тасымалдайды және оларды  кішігірім  ыдыстар  мен контейнерлерде  тасымалдайды.

              Мұнай  ыдыстары  металлдан  (бочкалар, бидондар) немесе  ағаштан (бочкалар)  жасалған  ыдыс,  бұл  ыдысты  толтырғаннан  кейін  қарапайым вагондарға  тиеп,  тасымалдау  ережелерін  сақтап  тасымалдайды.

              Бұндай тасымалға  мұнай  өнімдерін  берік  күйде  тасымалдауды  мысал  етуге  болады.

              Контейнерлер  вагондардың,  цистерна  мен  кішігірім ыдыcтар арасында орташа деңгейде тұрады. Мұнай контейнерлері кішірейтілген пішіндегі цистерналар болып табылады, олар вагондарда бір-бірінен ажыратылып тасымалдана да береді Қабылдау пунктерінде  мұнай өнімдерімен толтырылған контейнерлерді платформадан кран  көмегімен түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

                 1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

                        

               1.1. МАГИСТРАЛЬДІ ҚҰБЫРЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

  

     Қазіргі заманғы транспорт түрлері, яғни теміржол, су, әуе, автомобиль транспорттарының арасында құбыр тасымалы ерекше орын алады. Біріншіден, құбыр транспорты, бұл - газ, мұнай және мұнай өнімдерін магистральді түрде болып табылады.

Мұнай кен орындарында әртүрлі құбырлар кездеседі:

- тағайындалуы бойынша - мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай-газ, су құбырлары және су құбырлары;

- арыны бойынша - арынды және арынсыз;

- жұмыс қысымы бойынша - жоғары, орташа және төменгі қысымды;

- төселу тәсілі бойынша –жерасты, жерүсті және жербеті;

- айдалатын өнімнің құрамы бойынша - мұнай, газ, мұнай-газ су коллекторлары, тауарлық мұнай құбырлары;

- жұмыстың гидравликалық схемасы бойынша - тармақталған қарапайым құбырлар, тармақталған күрделі құбырлар.

Ең алғашқы құбыр - бамбуктан жасалған, арынсыз су құбыры болатын 1878-жылы ең алғашқы мұнай құбыры салынды.

Скважина өнімдерін жинау және дайындаудың барлық элементтері бір-бірімен құбыр арқылы байланысады.

            Қабат қысымын ұстау үшін суды айдау скважиналарына тасымалдауға арналған құбырлар былай бөлінеді:

             - магистральді су құбырлары-қысымды көтеретін сорап станциялардан;

             - жеткізетін су құбырлары-магистральді су құбырынан шоғырлы сорап станциясына дейін;

             - тарататын су құбырлары-айдау ұңғыларына дейін.

Барлық құбырлар сұйыққа толық толтырылған және толық толтырылмаған құбырлар болып бөлінеді. Қимасы сұйыққа толық толған құбырларда арынды деп атайды, ал толық толмаған құбырларды арынды деп те, арынсыз деп те атайды. Лақтыру желілері және мұнай жинау коллекторлары әдетте сұйықтармен толық толмайды. Өйткені олардың қимасының бір бөлігі газбен толтырылады.

              Скважина өнімдері лақтыру желісінен автоматты топтық өлшеу қондырғысына дейін сағадағы және АТӨҚ-дағы қысымдардың айырмашылығы есебінен қозғалады.

              Скважина өнімдеріне байланысты лақтыру желілерінің диаметрі 75-150мм аралығында қабылданып, жерасты арқылы төселеді. Олардың ұзындығы техника экономикалық есептер арқылы анықталады және қашықтығы 4 км-ге  дейін жетеді. АТӨҚ-нан сығымды сорап станциясына (ССС-ДНС) дейін немесе мұнай дайындау қондырғысына (МДҚ-УПН) дейін, әдетте диаметрлері 200-500мм болатын жинау коллекторлары төселеді және қашықтығы 10км-ге дейін жетеді. Мұнай кенорындарында мұнайдан бөлінген газды жинау және дайындау үшін газ құбырлары төселеді.

           

 

              1.2. ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ АРНАЛУЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

 

Теміржол  су тасымалымалына қарағанда құбыр тасымалында құбыр түріндегі арнайы жолдар құрылысы қажет, өйткені осы жол арқылы тек сұйық мұнай өнімдері мен газ тасымалынады.

              Магистральді наз құбыры деп-газ өндіру аймағынан, газ пайдалану аймағына тасымалдау құбырын айтады. Газдың құбыр бойымен қозғалуын компрессор станциялары (КС) қамтамасыз етеді, олар трассаның бойында белгілі бір ара қашықтықта орналасады.

              Территориялық орналасуына, ұзындығына және қасиеттеріне байланысты құбырлар кәсіпшілік, зауыттық, базалық және магистральді болып бөлінеді. Қазіргі таңда магистральді құбырлар кеңінен қолданылады. Магистральді құбырлар деп  - әртүрлі  сұйықтықтар мен газдарды алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған құбырларды айтады.

Магистральді газ құбырлары шикі мұнайды өнеркәсіптен өңдеу зауыттарына айдау үшін қолданылады. Құбырлар диаметріне қарай 4 класқа бөлінеді. 

1)      1200-1000мм аралығында;

2)      1000-500мм аралығында;

3)      500-300мм аралығында;

4)      300мм-ден төмен.

         Магисттральді газ және мұнай құбырлары халық шаруашылығында маңызды рөль атқарады. Қазіргі таңда магистральді құбырларының ең төменгі ұзындығы 50км-ге жетеді.

              Пайдаланып жүрген құбырлардың диаметрі әдетте, 200-800мм аралығында болады. Диаметрі 200мм-ден төмен құбырларды магистральді желіде қолданбайды, өйткені бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Жобаланып жатқан магистральді құбырлардың магистральді диаметрі 1мм-ге жетеді.

              Магистральді құбырлардың ерекше белгілеріне мыналар жатады:

            - үлкен ұзындық;

- жоғары айдау қысымы;

- үлкен диаметрлер;

- аралық станциялардың болуы;

              Айдаудың жоғары қысымына байланысты магистральді құбырлардың беріктігіне және қажетті қондырғылармен жабдықталуына жоғары талаптар қойылады.

Магистральді құбырлар жыл бойы, күндіз-түні жұмыс жасайды. Газды құбыр арқылы айдағанда 5-6,5мПа қысым пайда болады.

Магистральды газ құбыры - құбыр бойындағы қысымға байланысты 2 кл-қа бөлінеді. 1 кл-қа қысымы 2,5-тен 10мПа-ға дейін, 2кл-қа 1,2-ден 2,5мПа-ға дейін, 1,2мПа-дан төмен қысымда пайдаланылатын газ құбырлары магистральдыққа жатпайды, олар өндіріс аралық, заводшілік, қалаларда және тұрғын айматарда т.б. қалаларға жатады.

Магистральді құбырының жерасты объектілеріне компрессорлық және аралық станциялар жатады. компрессорлық станциялардың негізгі құрылыстары:

-компрессорлық цех;

-жөндеу блоктарK;

-шаңа слағыштар алаңы.

 

 

          1.3.МАГИСТРАЛЬДІ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ТӨСЕМДЕРІ

 

         Қазіргі заманғы құрылысы бойынша магистральді мұнай-газ құбырлары үш негізгі конструктивті төсемдерден тұрады:

1.       Жерасты төсем.

2.       Жерүсті төсем.

3.       Жербеті төсем.

Магистральді құбырлардың жерасты төсемі келесі нормалармен сипатталады.

              Диаметрі 1000мм-ге дейінгі құбырларды салу тереңдігі Һ=0,8 метрден төмен болмауы керек және 1м құбырлардың диаметрі 1000мм-ден жоғары болады. Батпақтарда немесе торфты жерлерде Һ=1,1М-ге тең. Құмды бархандарда Һ=0,6м. Жерасты газ құбырлары жерасты және қиыршық тасты жерлерде жұмсақ топырақпен 10см-ге дейін салып оқшаулау, жамылтқыны зақымданудан қорғау үшін үстіне 20см қабатпен жұмсақ топырақ себеді. Магистральді құбырларды су бөгеттерінен, батпақтан, темір және автомобиль жолдарынан өту үшін оларды жерастына салады.

              Жерүсті төсемдері  (негізінен газ құбырлары) көп жылғы тонды және әлсіз тұрақты топырақ батпақтарда және шөлді аймақтарда табиғи бөгеттерден және кішігірім өту жолдарындағы аудандарда қолданады. Жерүстінде орналасқан құбырларда және олардың учаскелерінде компенсаторлар болады. Олардың конструкцияларына мыналар кіреді: жылан тәрізді жерүсті төсем, жай берілген учаскелері бар жерүстінде өтетін газ құбырлар және т.б. Тіреуіштер конструкцияларына байланысты жерүстінде өту жолдары келесі түрлерге бөлінеді:

- біраралық;

- көпаралық;

- компенсаторсыз;

- Г тәрізді компенсаторы бар;

- П тәрізді компенсатор;

- жылан тәрізді компенсатор және т.б.

             Газ құбырының жер бетіндегі төсемі сирек қолданады. Бұл кезде келесі жағдайлар жағдайлар ескеріледі батпақ немесе сулы жерлерде газ құбырды дайындап қойған негізге төсейді және торфпен, минеральді топырақпен үйіп себеді. Минеральді топырақ қабатпен жамылған жерасты жерлерде газ құбырын жобалаған жерге салып, оны минеральді топырақпен (жамылған) үйіп көмеді.

            Жерасты, жерүсті, жербетінен өтетін газ құбырларына арматуралар пісіріп бекітеді. Арматуралар құбырлардың сынау қысымына есептеліп салынады.

          Жобалаған жерлерге төселетін, құбырлардың сапасына және құбырларды жасауға арналған материалдарға жоғары талап қойылады (материал Сапасына, тұрба және жабын өлшемінің дәлдігіне, пісілген тігістердің сапасына).

           Материал сапасы мынадай механикалық ерекшеліктерімен сипатталады:

- уақытша кедергі;

- аққыштық шегі;

- салыстырмалы ұзындық;

- соққылама тұтқырлық.

            Сондай-ақ, созылымдылығы мен пісірілгіштігіне де аса мән беріледі. Агрессивті ортада қолданылатын құбырлар коррозияға төзімді келеді. Бірақ, бұл материалдардың механикалық ерекшеліктері  онша жоғары дәрежеде емес. Бұл материалдардан жасалған құбырларының аз мерзімге қолдануға ғана  жарамды болып келеді. Магистральді газ құбырларын болаттан дайындайды. Болат тиімді, берік жақсы пісірілетін және сенімді материал. Дайындау тәсіліне қарай магистральді құбырлардың тұрбалары тігіссіз, бойлай тігілген және спиральді тігіспен дәнекерленген құбырлар. Диаметрі 426мм-ге дейінгі құбырлар үшін тігіссіз құбырлар үшін қолданады.

            Болат ҚНжЕ талаптарына сай болуы тиіс. Мысалы, көмірсутекті болат үшін аққыштық  шегінің уақытша кедергіге қатынасы 0,75-тен аспауы тиіс. Тұрбалардың металында сызаттар, бұзық жерлер болмауы тиіс.

           Спираль тігісті құбырларды дайындау процесі былайша жүргізіледі: рулондағы болат лента провильдік машинаға жіберіледі, одан соң жиектерді өңдейді, сосын беріліс машинасы лентаны дәнекерлеу қондырғысына енгізеді. Бұл қондырғының қалыпқа келтіру элементі втулка тәріздес болады, втулканың бойлық осі болат лентаның бұрышындағы оське тең келеді. Втулка арқылы өткен лента спиральға оратылады.

Спираль тігісті құбырлардың кемшілігіне мыналар жатады:

- тігістің үлкен бойлығы;

- дәнекерлеу сапасын бақылаудың күрделілігі;

- рулонға оратылған болат сапасының күрделілігі;

Грунтқа төселген құбыр көптеген сынаулардан өткізіледі сақиналық, бойлық және радиальді кернеулер.

Құбырды төсер алдында сым арқанды тексеруден өткізу қажет.

Киржимде орнатылған шығыр киржимнің негізгі конструкциясына берік бекітілуі тиіс. Шығырға түсетін салмақ оның жүк көтергіштігінен аспауы тиіс.

Жұмыс өнімділігінің арттыру үшін және құбырлар берік төселуі және бекітілуі тиіс.

Құбырдың өрілген бөлігі теңізге түсірілгеннен кейін және құбыр киржимге бекітілгеннен кейін ғана құбырлар тұғырықтарға көтерген жөн.

Құбырларды төсеу кезінде бригада құбыр төсеуге қажетті механизмдермен, қондырғылармен қамтамасыз етілуі тиіс. Әр жұмыскер тиісті арнайы киімдермен, қондырғылармен жабдықталу тиіс. 

 

           1.4.ҚҰБЫРЛЫҚ АРМАТУРА

 

              Міндетіне байланысты арматураны келесі топтарға бөледі:

              1.Жапқыш;

              2.Сақтандырушы;

              3.Реттеуші.

              Арматураның негізгі параметрлері - өткізу тесігінің шартты диаметрі (Дш), шартты (Рш) және жұмыстық (Рж) қысымдар.

              Арматураның шартты диаметрі деп – қосылған құбырлардың нақылы өткізу диаметрін айтады.

              Шартты қысым – бұл қолайлы температуралық жағдайдағы бұйымды пайдалану кезінде осы бұйым үшін максимальді мүмкін қысым. Арматураның құжатында (сертификатында) оны пайдаланудың шартты қысымы және температуралық мүмкіндік шегі көрсетіледі.

              Жұмыстық қысым – бұл нақты температуралық жағдайда пайдалану кезіндегі максимальді мүмкін қысым.

              Арматура болаттан (көміртегі, легірленген немесе тот баспайтын), шойыннан, пластмассадан, қоладан, латуннан, алюминийден немесе басқа да материалдардан жасалады.

              Құбырларға және аппараттарға жалғау тәсіліне байланысты арматураны фланецтік, муфталық және шеттері пісіруге арналған деп бөледі.                     

              Жапқыш арматура аппаратураны, аспаптарды және құбырлар желісінің кейбір бөліктерін периодты түрде саңылаусыз жабуға арналған. Жапқыш арматураға крандар, ысырмалар және вентильдер жатады. Жапқыш арматураның наменклатурасы өте кең.

              Крандар - әдетте, төмен қысымдағы құбырлар желісінде қолданылады. Жапқыш кран 900 –қа бұрылу кезінде өткізгіш саңылауды толық жабатын немесе ашатын қиылған конус ретінде жасалады. Тығындардың жоғарғы жағы квадрат түрінде жасалады (кілт үшін) және құбырдың жабылған немесе ашылған көрсететін белгісі болады. Кранның жапқышы конустық немесе сфералық (шарлық деп те атайды) болуы мүмкін. Крандардың көбінде тығын мен ершіктің жанасқан жері майлануы керек. Бұл мақсатта, үйкелетін беттерге майлағыш күштеп енгізіледі.

              Ысырмалар мұнай, газ және су тасымалдаушы құбырлар жүйесінде қолмен және дистанционды (қашықтықтан) басқарылатын, диаметрлері әртүрлі болат және шойын ысырмалар қолданылады, сонымен қатар, қозғалмалы және қозғалмайтын шпинделі бар сыналы және паралельді ысырмалар қолданылады. Ысырмаларды орнату фланецті қосылыстардың көмегімен іске асады. Сыналы ысырмалардағы жапқыш элемент плашка – ол ысырманы ашып-жабу барысында сұйық пен газдың ағынына перпендекуляр бағытта қозғалады.

            Ысырмалар параллельді дискімен және болат немесе шойыннан дайындалады, олардың диаметрі әртүрлі 50-ден 2000 мм-ге дейін, болатты ысырмалардың қысымы 160 кгс/см2 дейін, ал шойын - 16 кгс/см2 дейін. Ысырмаларды құбырмен жалғау үшін фланецті біріктіруді қолданады.                                      

              Вентилдерді – бақылау-өлшеу аспаптарын жалғау үшін, үрлеу желілерінде, реагенттерге арналған құбырларда қолданады.

              Мұнай газын жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау жүйелерінде әдетте сақтандырғыш және реттегіш клапандар қолданылады.

              Сақтандырғыш клапандары қысымның берілген мәнінен асып кетуі немесе жүйенің беріктігіне қауіп төндіретін мәнге дейін көтерілуі кезінде құбырлардан, сыйымдылықтан және аппараттардан өнімнің белгілі бір бөлігін шығаруға арналған. Ол клапандарды 0,07МПа-дан жоғары қысымда жұмыс істейтін барлық аппараттарда орнатады.

              Кері клапандар тасымалданатын өнімнің берілген бағытқа қарама-қарсы кері бағытта қозғалуын болдырмау үшін құбырлардың ішкі қуысын жабуға арналған.

              Реттеуші арналған технологиялық процестің параметрлерін берілген аралықта автоматты түрде ұстап тұруға және өзгертуге арналған. Мұнай өнеркәсібінде, негізінен қысымды және сұйықтық деңгейін реттеуші клапандар қолданылады.

              Деңгей реттегіштерді механикалық және пневматикалық деп бөледі:

            Пневматикалық реттегіштер, өз кезегінде, камералық және фланецтік деп бөлінеді. Соңғы жылдары ''гамма-реле" типті деңгей реттегіштері кең қолданыс тапты, олардың жұмыс істеу принціпі ағын жолында орналасқан өнімнің әсерінен гамма сәулелердің әлсіреуі немесе жұтылуы салдарынан гамма-сәулеленуі ағынның қарқынды өзгерісін тіркеуге негізделген. Гамма-реле бір және екі каналды болуы мүмкін. Гамма сәулелердің ағыны датчикпен тіркеліп, электр импульстеріне түрлендіріледі де, күшейтіліп, атқарушы клапанға беріледі.

 

            1.5.ГАЗДЫ ДАЙЫНДАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ

 

              Газды сапаға қойылатын талаптарға сәйкес дайындау үшін оны дайындау қондырғысында ылғал тамшысынан, көмірсутекті конденсаттан, күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан бөлу және кептіру жұмыстарын жүргізу қажет.                                                         Газды судан кептіру және көмірсутекті конденсаттан бөлу үшін келесі әдістер қолданылады:                                                                                                                                                                        • дроссель – эффект немесе жасанды салқындату есебінен төменгі температурада айыру;                                                                                                                                                                                                    • сұйық сіңіргіштер (абсорбция) және қатты жұтқыштар (адсорбция) қолданылатын сорбциялық әдіс.                                                                                                                                                          Газды дайындау қондырғыларында күрделі және қымбат жабдықтар, аппараттар және аспаптар қолданылады: тамшы қаққыштар, айырғыштар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, булағыштар, сораптар, компрессорлар, абсорберлер, адсорберлер, детандерлер, қысым, температура, сұйық деңгейін реттегіштер және т.б.                                                        Газ дайындаудың барлық қондырғыларында конструкциясы әр түрлі газ айырғыштары қолданылады.                                                                                                                                            Газды айырғыштар жұмыс режимдері және конструктивтік ерекшеліктері бойынша мұнайға арналған айырғыштардан өзгеше болады. Негізгі айырмашылығы мынада, яғни мұнайға арналған айырғыштар тұтқыр сұйықтардың (мұнайдың, эмульсияның) үлкен мөлшерін және салыстырмалы түрде газдың аз мөлшерін өткізуге жобаланса, ал табиғи газдарға арналған айырғыштар газдың үлкен мөлшерін және аз мөлшерде тұтқырлығы төмен сұйықтарды (суды, көмірсутекті конденсатты) өткізуге жобаланады.                                                        Мұнайға арналған айырғыштарды, газ ағысымен ілесіп шығатын мұнай тамшыларының мөлшері бойынша да, және мұнай ағынымен ілесіп кететін газ көбіктерінің мөлшері бойынша да есептейді. Табиғи газдарға арналған айырғыштарды сұйық бойынша есептемейді, тек қана газ бойынша есептейді, оның жылдамдығы тамшылы сұйықты және жыныстардың бөлшектерін айырғыштан тысқары алып кетпеуі керек.                                                        Мұнайды газдан айыру кезінде әр түрлі жиіліктегі және амплитудадағы бүлкілдеу (пульсация) жүреді, ал табиғи газдарды айыру барысында бүлкілдеу болмайды, өйткені айырғыштарға негізінен сығымдалған және тұтқырлығы аз фаза (газ) түседі.                                          Табиғи газдарды айыру үшін тігінен, көлденеңінен және шар тәрізді орындалған айырғыштарды пайдаланады, бұлар жұмыс принципі бойынша гравитациялы, инерциялы, сұғындырмалы болып бөлінеді. Сонымен қатар аралас түрдегі айырғыштар да қолданылады. Осылардың ішінде, сұғындырма түріндегі және аралас түрдегі айырғыштар ең тиімді болып табылады.                                                                                                                                                          Гравитациялы айырғыштар қазіргі кезде қолданылмайды. Өйткені тек ауырлық күшін тудыру үшін үлкен өлшемдер керек, ал бұл үлкен металл шығынының жұмсалуына әкеледі.                                                                                                                                                                                       Газды және газдыконденсатты кен орындарында инерциялы айырғыштарды кеңінен қолданады. Олардағы шөгу тиімділігіне, тангенциальды келте құбырға үлкен жылдамдықпен (10 – 25 м/с) газды сұйық ағынды енгізу кезінде туындайтын, ортадан тепкіш күштерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Ортадан тепкіш күштердің әсерінен сұйықтың ауыр тамшылары айырғыш тұлғасына пленка түрінде шөгеді де төмен қарай ағады, ал газ циклонның ортасына қарай сығымдала отырып, одан әрі газ құбырына беріледі. Осылайша, циклонды және гидроциклонды айырғыштардың жұмыс принципі бір болып табылады.

                                 

              СУРЕТ 1.1. ГАЗДЫ ДАЙЫНДАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ

 

1.6.КОМПРЕССОРЛЫ СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ

      ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

 

Компрессорлық станциялар газ құбырының өткізгіштік қабілетін арттыру мақсатында газ қысымын көтеруге және берілген қашықтыққа дейін газды тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процестерді қамтамасыз етуге арналған. Компрессор станцияларды әдетте табиғи газдың көп жиналған жерінде тұрғызады.

Компрессорлық станциялар құрылымының кешенінде келесі объектілер мен құрылымдар болуы мүмкін:

-          бір немесе бірнеше компрессорлық цехтар;

-          жинау жүйесі, механикалық және сұйық қоспаларды бөліп шығару және залалсыздандыру;

-          электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету; канализация, байланыс, найзағайдан қорғау және электрохимиялық тоттанудан сақтау, автоматты түрде басқару және телемеханизация жүйелері;

-          қосалқы және көмекші объектілер.

Осылайша, компрессорлар орналасатын ғимараттан басқа компрессорлық  станциялар аумағында мыналар тұрғызылады:

-          сумен циркуляцияны қамтамасыз ету үшін сорап орналасатын орын;

-          суды салқындатуға арналған құрылғы;

-          газды сұйықтан және механикалық қоспалардан алдын ала тазартуға арналған айырғыштар тобы;

-          майды ажыратқыштар, мұздатқыштар, мұздатқышта тұрып қалған конденсатты бөлуге арналған ажыратқыштар;

-          газды өлшеу пункті;

-          мұздатқыштардан және айырғыштардан бөлінген конденсатты айдап шығаруға арналған сораптың орналасатын орны;

-          механикалық шеберхана;

-          құбырлық жүйесі;

-          қосалқы ғимараттар.

Компрессорлық цех – компрессорлы станцияның негізгі кешені. Оған бір топ компрессорлық агрегаттар, сонымен қатар цехтың функциялануын  қамтамасыз ететін қондырғылар мен құрылымдар жүйесі кіреді.

Газ жинау коллекторынан – 1 газ айыру қондырғысына – 3 келіп түседі, онда сұйық және механикалық қоспалардан тазартылады. Одан әрі газ бірінші сатылы компрессорға – 7 берілу үшін қабылдау коллекторына – 5 келіп түседі және 1МПа қысымға дейін сығылады. Желі 2 бойынша майлы газ мұнайды дайындау қондырғысынан алдын ала тазалану үшін айырғышқа – 3 келіп түседі.

Бірінші  сатылы компрессордан айдалған газ май айырғыштардан өтеді, онда компрессордың цилиндрінен газбен бірге кеткен компрессорлық майдан босатылады да мұздатқышқа - барып түседі. Мұздатқышта май 30-40оС  дейін салқындатылады, нәтижесінде одан көмірсутектік конденсат бөлініп шығады. Газды конденсатты қоспаны бөлу үшін оны орташа қысымдағы айырғыштан – 14 өткізеді. Одан соң газ компрессорлардың – 7 екінші сатылы сығуының қабылдауына барады, онда қысым 7,84МПа  дейін жеткізіледі.

Екінші сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан конденсатты бөлу үшін май ажыратқыш – 11 арқылы мұздатқышқа – 12 бағытталады. Газдан конденсатты бөлу үшін газ мұздатқыштан – 13 жоғарғы қысымдағы айырғышқа – 15 бағытталады. 10ГКН Газдымоторлық компрессорларымен жабдықталған компрессорлық станцияда қабылдау коллекторындағы – 5 газдың бір бөлігі қысым реттегіш – 4 арқылы газдымоторкомпрессорлардың отындық желісіне келіп түседі. Бөлініп шыққан конденсат, конденсат жинағыштарға – 16,17,18 бағытталады, ол жақтан сораптар орналасқан алаңдағы – 19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.

 

             

 

          СУРЕТ 1.2. КОМПРЕССОРЛЫ СТАНЦИЯНЫҢ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

                               СҰЛБАСЫ

              1- КӘСІПШІЛІКТЕН КЕЛЕТІН ГАЗЖИНАУ КОЛЛЕКТОРЫ;

                           2- МДҚ-НАН КЕЛЕТІН ГАЗ ЖИНАУ КОЛЛЕКТОРЫ;

                           3- СҰЙЫҚТАРДАН ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОСПАЛАРДАН

                             ГАЗДЫ АЛДЫН АЛА БӨЛУГЕ АРНАЛҒАН АЙЫРҒЫШТАР;

                           4- «ӨЗІНЕН КЕЙІН» ҚЫСЫМ РЕТТЕГІШІ;

                           5- І-ШІ САТЫЛЫ ҚАБЫЛДАУ КОЛЛЕКТОРЫ;

                           6- ЖАНАР ОТЫН ЖЕЛІСІ;

                           7- 10ГК ТҮРІНДЕГІ ПОРШЕНДІ КОМПРЕССОРЛАР;

                           8- ІІ-ШІ САТЫЛЫ ҚАБЫЛДАУ КОЛЛЕКТОРЫ;

                           9- І-ШІ САТЫЛЫ АРЫНДЫ КОЛЛЕКТОР;

                           10- ІІ-ШІ САТЫЛЫ АРЫНДЫ КОЛЛЕКТОР;

                           11- МАЙ АЙЫРҒЫШТАР;

                           12- І-ШІ САТЫЛЫ МҰЗДАТҚЫШТАР;

                           13- ІІ-ШІ САТЫЛЫ МҰЗДАТҚЫШТАР;

                           14- ОРТАША ҚЫСЫМДАҒЫ АЙЫРҒЫШТАР;

                           15- ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДАҒЫ АЙЫРҒЫШТАР;

                           16,17,18- КОНДЕНСАТҚА АРНАЛҒАН СЫЙЫМДЫЛЫҚТАР;

                           19- СОРАПТАР ОРНАЛАСАТЫН ОРЫН;

                           20- ГАЗӨЛШЕУ ПУНКТІ.

 

Осылайша, газды көп сатылы сығу кезінде, әрбір сатыдан кейін газ салқындатылады, бұл кезде одан конденсат түріндегі біршама мөлшерде ауыр көмірсутектері бөлініп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлінуі газды дайындау әдістерінің – адсорбция, майлық абсорбция және төменгі температуралы айырғыш көмегімен жүзеге асырылады.

 

  1.7. КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАБДЫҚТАРЫ

 

 

Компрессорлық цехтың негізгі жабдығы – компрессорлар, олар поршендік, ортадан тепкіш және бұрандалы болады; беріліс жетегі газдық қозғалтқыштан, электроқозғалтқыштан және авиациялық турбинадан тұруы мүмкін.

Компрессорлар бір сатылы немесе көп сатылы болады.

Поршендік компрессорлардың қызметі компрессорлық цилиндрдің жұмысшы көлемінің өзгеруі нәтижесінде газды ығыстырып шығару принципіне негізделген; көлем ұлғайған кезде жұмыстық қуыстар газбен толтырылады, ал жұмыстық қуыстардың көлемі азайған кезде онда тұрған газ сығылады да, айдау құбырларына ығыстырылып шығарылады.

Ортадан тепкіш компрессорлардағы қысымның жоғарылауына, оған үлкен жылдамдықты беру арқылы және ағынның кинетикалық энергиясын біртіндеп диффузордағы қысымның потенциялдық энергиясына айналдыру жолымен қол жеткізуге болады.

Бұрандалы компрессорларда, сығылған газдың қысымы компрессор тұрқысында жанасқан бұрандалар тәріздес екі ротордың айналуы нәтижесінде компрессордың жұмыстық қуыс көлемінің азаюы салдарынан ұлғаяды. Бұрандалы компрессорлар соңғы айыру сатысындағы мұнай-газын жинау үшін кеңінен қолданылады.

Олар ықшамдылығымен ерекшеленеді, тығыздығы әр түрлі газ үшін қолданыла береді және де күрделі фундамент құрылымдарынсыз ашық алаңқайларда бекітіледі, монтаждау мен қызмет көрсету қарапайым.

Газдымотор компрессорлары деп, компрессорлық бөлік пен газды қозғалтқыш бір тұлғада бірге орналасқан поршенді компрессорлық агрегатты айтады. Қозғалтқыш цилиндрлерінің саны 8-ден 12-ге дейін болады, агрегаттар үлкен металл шығындарымен сипатталады. Іс жүзінде поршендік компрессорлардың қабылдауындағы қысым жеткілікті жоғары болғанда және салыстырмалы газ шығыны онша көп болмаған жағдайда газды сығу дәрежесі 2 үлкен болғанда қолдану тиімді.

Компрессорлардың негізгі параметрлері – сору және айдау кезіндегі оның бергіштігі мен қысымы болып табылады. Айдау қысымының сору қысымына қатынасы компрессордың сығу дәрежесі деп аталады.

Газды-мұнайлы және мұнайлы кенорындарында жоғары қысымдағы газ скважиналары болған кезде, сонымен қатар айырғыштардағы қысымдардың үлкен айырмашылығы кезінде ағысты аппараттар немесе эжекторлар қолданылады.

Жоғары қысымдағы жұмысшы газ эжектор  соплосы арқылы өткен кезде оның жылдамдығы тез артады. Жұмысшы газдың шапшыма ағысының маңында төменгі қысымды аймақ пайда болады, оған қабылдау камерасынан төменгі қысымдағы газ сорылады. Араластыру камерасында, содан кейін диффузорда жоғарғы және төменгі қысымдағы газдар араласады, және де аппараттан шығар жолда олардың температуралары, ағыс жылдамдықтары мен қысымдары теңеседі.

ГНП газ айдау үшін жерасты курсавой