Инфляцияның пайда болуы және себептері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ
1.1. Инфляцияның пайда болуы
және себептері.....................
1.2. Инфляцияның түрлері және
заңы ..............................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
2.1. Қазақстан Республикасындағы
инфляция деңгейі және оны жоспарлау.....................
2.2. Инфляцияны алдын алу және
оған қарсы күрес.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
КІРІСПЕ
Қазақстанның бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеніне қадам басқалы тұр. Қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты мен хақындағы экономикалық өркендеу үлкен әсер ететіні айғақ.
Экономиканың өз заңдылығы бар. Ол адам тәрізді; қалыпты жағдайда тыныс алады, аршындап алға басады, тірлік ретті болады. Адамның қызуы көтерілген сияқты экономиканың да қызуы көтерген кезі болады. Адам ағзасы әлсіреген уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір екі түшкірік денсаулығы мықты организге соншалықты қатты әсер ете қоймайды. Түшкірік басылмаса, дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе кез келген дерттің алдын алуда. Кейінгі кезде инфляция туралы сөз жиі бола бастады. Бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов экономиканы «қызып кетуден» сақтандыру мәслені ерте бастан қолға алу қажеттігі жөнінде әлденеше рет айтқан болатын.
Алдымен бұл дерттін пайда болған ошағы, жанданған кезі, түрлері және оны емдеу әдістеріне көз жүгіртейік. Қазіргі таңдағы егемен Қазақстан бұл қауіпті дертке қарсы тұра ала ма?
Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция сөзі тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген, Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Соңғы екі үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторларына айналды. Осыған сәйкес инфляция әр түрлі түрлерге бөліне бастады. Олар: бояу инфляция, қарқынды инфляция, гиперинфляция, теңгермелі емес инфляция, тосын, кенеттен болатын инфляция.
Ал Қазақстан Республикасының қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептері бұрынғы Кеңес Одағының тарихи экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздеген дұрыс болар. Ал қазіргі таңда Қазақстан материалдық қаржы саясатын Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыты бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
1.БӨЛІМ ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ
1.1. Инфляцияның пайда болуы және себептері
Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуы негізінен, ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырылады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылы азамат соғысы кезнде пайда болып, айналымдағы ақшаның тым көп көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады.Экономикалық әдебиеттерде Инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, Кеңес үкіметі әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезіңде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғырлым өсуіне әкелді. Алайда инфляцияны айналым процессін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беруін айтады. Бұл әрине жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсумен көрінгенмен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-құрылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі.
Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс бұзылу процесімен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Ол бағалардың жалпы өсуі, тауарлардың жалпы құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар роногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ бұндай жекеленген нарық деңгейі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтын монополизациялауына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына, сыртқы экономикалық жағдайларға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі инфляция емес.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтын белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі ақша күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау белгісін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар құнды заттар алуға тырысады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранысты арттырады. Артық сұраным, өз кезегіңде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қарап құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама экивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсынысты сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның өсуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да мұнай мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 90%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық талқылауларға, ұдайы өзгерістердегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополия мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықты және ставкаларды енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюнктурасына өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері тиеді.
Инфляция экономикада, әсіресе нарық экомикасында көп сәкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап отыру қажет.
Инфляцияның қалыптасу себептері.
Инфляция қалыптасуының, оның қатарында ең басты баға өсуінің ең басты себептері мыналар:
Біріншіден, мемлекеттік
шығыстар мен кірістердің тепе-
Екінші, осындай жолмен, әдеспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да инфляцияның өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инвестицияны өршітеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгеінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде оптималдық рынок.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қауіпі туады. 1979 жылы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі.Әрине, өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы, мұнай импортын арзандатуға болады. бірақ ревальвация отандық экспорттың бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Бесіншіден, инфляция өзінен
өзі дем беретін құбылыс
Инфляцияның әлемдегі балама көздері.
Батыс экономистері жасаған
теорияларды инфляцияның
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, толық жұмыспен қамьылған кездегі өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толылқ жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы т.б. Осының алдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыс пен қамту толық болғанымен, өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. басқаша айтқанша, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысынан тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі. График түрінде сұраным инфляциясын былай көрсетуге болады:
Q Q
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 -AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 - Р5) яғни инфляция қалыптасады.
Шығындар инфляциясы бағаларының өсуі, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі: баға белгілеудің олигопиалық тәжірбесінен мемлекетінің экономикалық және фискалдық саясатынан, шикізат бағасының өсуіне кәсіподақтық жалақыны көтеру талабына және тағы басқа болады. Тәжірибесінде инфляцияны бір түрінен екіншісінен айыру оңай емес, олар бір бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде көрінуі мүмкін. Шығындар инфляциясын график түрінде суреттеп көрсетуге болады
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды, (AS2 – AS1), баға деңгейі өседі (Р1 – Р2), өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбек ақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орның толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өнідіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан жоғары көтерілуіне себеп болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияның оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығвз түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбек ақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы әлемнің бірде бір елінде қалыптаспағаның айту қажет. Бұл кезеңде баға тоқтаусыз өсіп отырады, ал 60-шы жылдардың сонынан бастап экономиканың құлдырауы жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай Бұл құбылыс экономиканың “стагфляциясы” деп аталады.
1.2. Инфляцияның түрлері және заңы
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықтар инфляциясы, әдетте төртінші жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соңғы жылдарда мемлекеттер ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өсудің тұрақты факторына айналады.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 пайыздан аспайды. Экономикалық теория негізінде, дамуы үшін ондай жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағалары түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20 пайыздан -200 пайызға дейін жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Көптеген контракт, көлемдер бағаның мұндай өсуін есептей алады. Аса зор шексіз инфляция (гиперинфляциясы) айналымдағы ақша өлшемі мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуадағы азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300% жетеді. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамдық ауқатты тобына да зиян шегеді. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляциясыны басынан өткізген бір қатар елдерде бағалардың өсі қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінен өсіу қарқынынан әлде қайда жоғары болады. Мұндай құбалыс мысалы, 1945 – 1946 жылдары Венгрияда байқалады. Шаруашылық субъеілері ұлттық валютаға деген сенім жасалған кезде, қолдағы құнсыз ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санынан көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляциясының басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығының атап өту орынды. басыңқы инфляция кезіңде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60-шы жылдардында
көптеген әлем елдерінде
Инфляция балансталған, тепе-теңдікте болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка прценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезіңдегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжауды күтпеген инфляция кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляция мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды, мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген жерде болатын өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысынң құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға тырысады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтын қалыпты жағадайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтайы инфляцияның күтілуі одан арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы басқаша болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынакқа сатып алу қабілеті бар ақшаны ғана жұмсайды, оны көбірек сақтап жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз роноктық шаруашылық қызметінің әсерінен онды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эфектісі деп атайды. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, “Пигу эфектісі” экономикада нақты болатын жағдай емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
Инфляцияның зардаптары күрделі және түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгеуі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіңдегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілік бұзылып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мындай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті «таудан аққан тасқынға айналдырып», тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие қызметінің жүйісін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екінші елге аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік жағдайлары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салықтың үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады. Инфляция зардабын барлық жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер және т.б. басынан өткізеді.
«1981-1982 жылдардағы құлдырау – күтпеген жағдай еді. Расында, ұзаққа созылған тоқырауды ешкім күткен жоқ. Оның инфляция тудыру мүмкін екендігі де кімнің қалайына жаға қойсын»,- бұл біздің еліміздің президентінің 1985 жылғы экономика туралы баяндамасы.
Қысқа мерзімді инфляцияның төмендетілуі аз, ол ұзақ мерзімді инфляция мен жұмыссыздық аралығында үйлесім, ымыраға келушілік болмайды.
Филлипс қисығы. Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисті О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1961-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы кесімдері және жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англия жұмыссыздықтың 2,5-3% -тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күр тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанды, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филлипс есептеулерінің
теориялық негізін Р.Липси
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U1 (Р1 - инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша-несие және қаржы-бюджет іс шараларынң жүргізілуі қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады. ЖҰӨ-нің өсуі жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларынң деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келгенде ЖҰӘ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U2 -ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны Р2 -ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың “қызуын” арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, “қымбат” ақша-несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгейі U3 -ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей,
Филлипс сызығын қысқа
Осы жағдайлардың арасында
сұранымды ынталандыру
Айталық, номиналды еңбек ақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес иняфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі өсы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайн инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтері талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азыйтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатвды, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады. Бұл 60-шы жылдары американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударған еді. Рның айтуынша, жұмыссыздық пен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.
Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге яғни, Яғни Филлипс сызығының солдан оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филлипс қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар қалыптасады.
Филлипс қисығы жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек бояу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы 70- ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезегіндей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық заңдылықты көрсетпейді.
Филлипс қисығының орнына 1979 ж бастап АҚШ-та және Ангияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның онды дамуына әсер ететін одны фактор болады.
Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлеріне құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетіге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсуі жалғаса береді. Бұған қоса соңғыонжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отырады. Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары 4% -ке тең болса, 80-ші жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.
2. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ
2.1. Қазақстан Республикасында инфляция деңгейі және оны жоспарлау
Осы күнде Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және олардың негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйілерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс
құрылымы қаржы баға жүйелерін
анықтайды. Өндірісте
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бес жылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып
тереңдеп отырған. Кеңес
экономикасында тарихи түрде қалыптасқан
диспропорцияларды бірнеше
- өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтылық;
- ауыл өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік
- шикізат өндірісі мен дайын өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция
- әскери өндіріс пе азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздіктер
- материалдық өндіріспен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар
Кеңес экономикасының өзінде бағалардың
инфляциялық өсуін тұрақты
Қазақстанда қалыптасқан
өндірісаралық, оның ішінде шикізат
өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі
арасындағы диспропорция тіпті бұрынғы
Одақтас Республикаларға

- Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері
- Инфляцияның теориялық аспектілері
- Инфляцияның теориялық аспектілері
- Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары
- Инфляцияның теориялық аспетілері
- Инфляцияның теориялық негіздері
- Инфляцияның экономикадағы мәні
- Инфляцияның мәні
- Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
- Инфляцияның мәні, себептері мен салдары
- Инфляцияның мәні, себептері мен салдары
- Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептер
- Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
- Инфляцияның пайда болуы