Инфляцияның теориялық аспетілері
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Инфляцияның теориялық
аспектілері...................
1.1 Инфляция түсінігі
және пайда болу себептері.....................
1.2 Инфляцияның
түрлері мен факторлары........
1.3 Инфляция әлеуметтік-
2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау........................
2.1 Әлемдегі инфляцияны
талдау........................
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері.................
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау........................
3 Инфляциямен күресу
шараларын жетілдіру жолдары.......................
3.1 Инфляцияға қарсы
осы замаңғы саясат шаралары......................
3.2 Қазақстан
Республикасының инфляциямен
және оны тиімді іске асыру жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың барлығы дерлік рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қай салада болмасын нарықтық қатынастардың алғышарттары қалыптасып, оның даму жолы айқындалуда. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен қатар елде экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық және инфляцияның орын алғаны белгілі. Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, болашаққа дұрыс бағыт-бағдарды нұсқап, жөн сілтеген, шығатын биіктерін, асатын асуларын көрсеткен Елбасымыздың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді жолдауы еді. Экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тағы да бір құжат бұл – 2003 ж. 17 маусымда Елбасының №1096 жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы". Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдай дайындау. Стратегияда алға қойылған басты міндеттердің бірі – еңбек өнімділігін жыл сайын 3 есе арттыру, ал бұл өз кезегінде инфляцияның 2-4%-ға дейін төмендеуіне алып келеді.
Тақырыптың өзектілігі. Инфляция – бұл макроэкономикада жұмыссыздық сияқты іргелі де өзекті мәселе Қазақстан Республикасы әкімшіл-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында алғашқы қадамдарының әлеуметтік-экономикалық салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әсіресе инфляция ел экономикасын қиын жағдайға соқтырды. Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық жағдайымен сипатталады. Инфляция кезінде тауарлар мен қызметтер бағалары өседі де, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен байланысты. Өсіп келе жатқан инфляция – бұл үкіметтің экономикаға бақылауын жоғалтуының белгісі. Сондықтан ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі инфляциямен күрес шараларын жүзеге асырады. Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасының өтпелі экономика кезеңіндегі инфляциялық жағдаймен және онымен күресу мақсатында инфляцияға қарсы тиімді саясатты құрумен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның теориялық негіздерін қарастыру;
- Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары; Қазақстан Республикасы экономикасының өтпелі кезең жағдайы, оған инфляцияның тигізетін әсері және ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі жүргізетін инфляцияға қарсы саясат.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Курстық жұмысты жазу, яғни инфляция және инфляцияға қарсы саясат шараларын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының экономикасы зерттелді.
Ақпараттық
негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында
Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы,
статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан
Республикасында инфляция және инфляцияға
қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына
байланысты мерзімді басылымдар, сонымен
қатар шетелдік және отандық әдебиеттер,
үкіметтік ресми сайттар ақпараттары
қолданылды.
1 Инфляцияның
теориялық аспектілері
1.1 Инфляция
түсінігі, пайда болу себептері
Инфляция – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің тұрақты түрде өсіп отыруына байланысты ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі [8].
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, себебі ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранысты арттырады. Артық сұраныс, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Жалпы сұраныс ұсыныстан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық қойылымдарына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма-олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраныс мен ұсыныс арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, «инфляциялық күтім» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляциялық күтім» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. «Инфляциялық күтімдер» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранысты одан әрі арттыра түседі [5].
Инфляцияның
себептері сан қилы, бірақ әр кезде
олардың белгілі бір
1.2
Инфляцияның түрлері мен
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраныс) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляциянын мынадай түрлері болады: баяу немесе жылжымалы, секірмелі немесе «латындық», гиперинфляция [8, 10 т.].
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Қарқынды (секірмелі, латындық) инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді .
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (Кэган бойынша айына 50%) артқан жағдаймен сипатталады [4, 555 б.]. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады. Экономика гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алыпсату (спекуляция) түрі тез дамиды [1, 105 б.].
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тереңдігіне, инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін.
Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляцияның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:
π = Р – Р-1 / Р-1
мұнда Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі [3, 56б.].
Баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кезде басылған-бүркемеленген (тұқыртылған) инфляция орын алады.
Зерттеу объектісіне байланысты инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.
Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді. Инфляцияның теңдестірілген түрінде бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес пайыздық қойылым да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңдестірілмеген инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Бағаның
болашақтағы өсу қарқыны және
оған үйлесімді бейімделу дәрежесі
туралы болжамның дәлме-дәл болуына-
Күтілетін инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Күтілмеген инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық күтім» психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.
ЖҰӨ-нің
көрсеткішінің өзгеруіне
Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты импортталған және экспортталған инфляция болады [8, 10т].
Импортталатын инфляцияда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде, дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады.
«Сұраныс инфляциясы» — бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген болатын. білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұраныстың қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болады. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынысына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраныс инфляциясын график түрінде 1-суретте көрсетілген.
Жоғарыда
келтірілген себептерге байланысты
ақша массасының өсуі жалпы сұраным
сызығын солдан оңға қарай жылжытады
(AD1-AD2) және экономика жалпы
ұсыным қисығының аралық немесе классикалық
үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін
арттырады (Р1-Р2), яғни инфляция
қалыптасады.
P AS
P2
P1 AD2
AD1
Сурет 1. Сұраныс инфляциясы
Сұраныс
инфляциясының пайда болуы
Сұраныс инфляциясының монетарлық факторлары:
- ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы кезінде өндіріс көлемінің өсуіне қарағанда атаулы ақша массасының өсуі;
- экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдерінен туындайтын ақша айналымы жылдамдығының артуы.
Сұраныс инфляциясының монетарлық емес факторлары:
- экономикалық субъектілердің жиынтық шығындарының өзгеруі (үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының, фирмалардың жоспарланған инвестицияларының, мемлекеттік шығындар мен таза экспорттың өзгеруі);
- жиынтық сұраныстағы құрылымдық өзгерістер. Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты;
- экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);
- аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады; экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді [2, 218-219б.].
«Шығындар» немесе «ұсыныс» инфляциясы
– бұл өндіріс шығындарының және ресурстар
бағаларының күрт өсуіне байланысты орын
алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі
мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін
сатушылар тарапынан болатын инфляцияның
түрі. Инфляцияның бұл түрінің тәжірибе
жүзінде пайда болуының себебі кейнстік
бағыттың инфляция тек толық жұмысбастылық
жағдайында ғана орын алады деген қағидасының
дұрыс болмағанымен тығыз байланысты
болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде
инфляцияның көріністері жұмыссыздықпен
және өндірістің құлдырауымен ұштастырылды.
Шығындар инфляциясы график түрінде 2-суретте
көрсетілген.
P AS1 AS0
P2
P1
AD
Сурет 2. Ұсыныс инфляциясы
Түрлі себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыныс қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Y2 – Y1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.
«Ұсыныс»
инфляциясының негізгі
- еңбек өнімділігінің өсуіне қарағанда жалақының артуы;
- ұсыныстың сілкіністері – жиынтық сұраныстың өзгеруіне қатысы жоқ сыртқы жағдайлар (шикізатқа, энергия көздеріне, отынға, арендалық төлемдерге бағалардың күрт өсуі). Дәлірек айтсақ, осындай инфляция түрі, мысалы, ХХ-ғасырдың 70-ші жылдары орын алған мұнай дүрбелеңінен болған энергетикалық дағдарыстан пайда болды. Сол уақытта, мұнайдың әлемдік бағалары барреліне 1,8 $-дан 32 $-ға дейін күрт артқан;
- олигополиялық фирмалар мен кәсіподақтардың «баға жамылғысын» қолдануы, яғни кәсіподақтар жалақыны әрдайым көтермелеуге үмітті және фирмалар өз өнімдерінің бағасына күні бұрын үстеме құн ретіндегі үлесін қосады [220-221б.].
Ұсыныс инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда аса қауіпті және ол стагфляция құбылысын туындатады, яғни стагфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал сламфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең ауыр жағдайы [8, 10т.].
Инфляцияның бір түрін оның басқа түрінен
ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты
түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының
өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде
көрінуі мүмкін.
1.3
Инфляцияның әлеуметтік-
Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыстарының арасындағы айырмашылықпен анықталады. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты (тіркелген) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.
Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады.
Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді.
Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмендетеді.
Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады.

- Инфляцияның теориялық негіздері
- Инфляцияның экономикадағы мәні
- Инфляцияны тежеу жолдары
- Инфляция: общая характеристика
- Инфляция: ооссийские и мировые тенденции
- Инфляция: определение, виды и причины
- Инфляция: основные виды и методы регулирования
- Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
- Инфляцияның пайда болуы
- Инфляцияның пайда болуы және себептері
- Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері
- Инфляцияның теориялық аспектілері
- Инфляцияның теориялық аспектілері
- Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары