Инфляцияны тежеу жолдары



 

Жоспар:

 

 

 

   Кіріспе.................................................................................................................2

 

   1.         Инфляция экономикалық категория ретінде.

   1.1.      Инфляция мәні, экономикадағы ролі...................................................4

   1.2       Инфляцияның түрлері мен даму факторлары.....................................6

  

 

   2.    2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы  инфляция: дамуы, ерекшеліктері мен салдары

   2.1. 2008-2009  жылдардағы инфляцияның  даму себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................11

   2.2.      2008-2009   жылдардағы инфляцияның салдары...............................17

 

   3.    Қазақстандағы инфляцияны тежеу жолдары.....................................25

 

   Қорытынды.......................................................................................................36

 

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Қазіргі таңда инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады және оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады.

Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілуде және ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылуда, инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда.

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі.  Дағдарыс  жағдайында  осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Инфляцияны және оның салдарын әлемдік деңгейде зерттей отырып, еліміздегі инфляцияның деңгейін ұштастыра отырып зерттеу, оның Қазақстанның экономикасына тигізген салдарын анықтау қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі болып табылады.

         Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы инфляцияның мәні мен экономикадығы ролін көрсете отырып, дағдарыс жылдарындағы   инфляция себептерін, оны дамыту факторларын анықтау. Соған байланысты мемлекеттің жүргізіп жатқан антиинфляциялық саясатын талдап,жүйелі әрі нәтижелі үлгіде көрсету.

Курстық жұмыстың негізгі міндеті – жалпы инфляцияның экономикалық категория ретіндегі сипаттамасын ғана анықтап қоймай, инфляцияның елміздің ақша – несие жүйесіне, банк жүйесіне тигізетін әсерін анықтау, сонымен қатар қалыптасып отарған мәселерді шешуге ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыстың  пәні: Баға өсуі және факторлары Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары бағаның қозғалысы көптеген факторлармен айқындалды, олардың басымдары мыналар болды: азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия ресурстарына арналған бағаны ырықтандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы.

Бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс.

Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы инфляция қарқыны, оның пайда болу себептері мен алдын алу шаралары. Антиинфляциялық саясат пен инфляцияның әкелетін зардаптарын қарастыру – курстық жұмыстың басты объектілері болып табылады.

Курстық жұмыс кіріспеден, инфляция түсінігін жан – жақты қарастырған, сонымен қатар инфляцияны дүниежүзілік деңгейде қарастыра отырып, Қазақстандағы  инфляцияға әсер ету факторлары мен салдарын анықтайтын 3 бөлімнен, жұмыстың тобықтай түйіні – қорытындыдан , жұмысты жазғанда қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Инфляция экономикалық категория ретінде.

1.1.Инфляция мәні, экономикадағы ролі.

 

Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салалары бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі саясатынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

[1]Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы. оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.   Инфляция – қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субьектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

     « Инфляция » - қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда ( мысалы, соғыс, революция және с.с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландру ақша айналымының күрт « көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдердегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жж. соғысы және 1861-1865 жж. Азамат соғысы ( оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60 процентке дейін төмендеген); ХІХ ғ. бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жж. Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 ж. күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион[2] рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданды{ 23;120} . Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен (  айрықша құбылыс) екенін дәлелдейді.

      Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:

-         егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;

-         егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;

-         егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және тағы басқа факторларға байланысты болады.

       Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.

       Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар – ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығарылған байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.

      Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалық емес факторлар жатады. Олар : қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылық механизімінің  шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с.с. факторлар.

      Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.

      Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі американдық ғалым және публист Дж.Гелбрейт « ақшаның тауарды қууы» деп сипаттады.

Инфляцияның дәстүрі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Демек, инфляция – бұл тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы және әркелкі өсуінде көрінетін ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінің ақша алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші бола алады:

    айналысқа артық ақшаның шығарылуы

    қолайсыз төлем балансы

    үкіметке сенімнің жоғалуы

Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мұндай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

    белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;

    инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

    мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

    мемлекеттік берешектің көлемі.

Жалпы қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігі, оның институттары жұмысының жөнге салынғандығы ақша айналымының жылдамдығына, ақша айналысының жай-күйіне ықпал етуі мүмкін.

 

 

1.2.Инфляция түрлері және даму факторлары

 

 

     [3]Инфляция келесідей факторларға байланысты болып келеді:

1) Ақша айналысының факторларына : бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінің айналыс аясының артық ақша массасының толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

2) Ақшалай емес факторларға : қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

     Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады:

1) Сұраныс инфляциясы.

2) Шығын инфляциясы.

     Сұраныс инфляциясы келесідей факторлардың әсерінен туындайды:

-         әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттілігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

-         мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қымқа және орта мерзімде міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады:

-         импортталған инфляция, яғни шетел валбталарын сатып алу барысында тауар айналымында қажеттіліктің үстін ұлттық валютаның эмиссиялануы;

-         несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банкеттер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

-         ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шығын инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

-         еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

-         көрсетілетін қвзметтің маңызының артуы;

-         бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетуі, әсіресе жалақының өсуі;

-         энергетикалық дағдарыс.

      Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

-         алтынға;

-         тауарға;

-         шетел валютасына.

      Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасының қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

      Инфляцияны келесідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

1) Инфляциялық процестің сипатына қарай :

     -    ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

     -    жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады;

     -    инфляциялық шошыну, яғни бір мезетте баға бірден өсіп кетеді.

2) Таралу орнына қарай:

     -    локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

     -    дүниежүзілік инфляция, яғни  кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

gn:justify"> 3) Бағаның өсу қарқынына қарай:

     ­-    баяу инфляция – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%- ға өседі;

-         орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200 % - ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

-         Ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі.Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

    Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін

инфляциялық импульстарға байланысты:

a)     Импортталған;

b)    Экспортталған.

Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.

           Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты инфляция:

a)     Балансталған (теңестірілген);

b)    Баланстандырылмаған (теңдестірілмеген).

Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды

Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция:

a)     Бақылаудан шықпаған;

b)    Бақылауға көнбейтін.

ЖҮӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында:

a)     Ақиқат инфляция;

b)    Жалған инфляция.

Бағананың болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты:

a)     болжауға болатын инфляция;

b)    болжауға келмейтін инфляция;

Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты:

a)     «сұраныс» инфляциясы;

b)    «шығын» инфляциясы;

     Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін.Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүрген жағдайда бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканың миллитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табыс әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық юайлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне алып келеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттіа бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигополист   (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Желілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады.Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигопия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олиполистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір  елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.                                                                                                                         Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. «Инфляция» ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады: инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық тұжырымдамадан; төтенше шығындардың теориясынан. Бесіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында « импорттық » инфляцияның қаупі туады. « Импорттық » инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокты бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Алтыншыдан, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол « инфляцияны күту »  нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономисттері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясатын ең басты міндеті.  

       Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.

Қазіргі кезде инфляция мынадай факторларға байланысты:

1)         Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

2)         Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның «сұраныс» инфляция және «шығын» инфляция түрлерін қарастырайық.

«Сұраныс» инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:

      әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

      мемлекеттік бюджет тапшылығыжәне ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

      несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

      импортталған инфляция, яғни валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

      ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

«Шығын» инфляциясы мынандай факторлардың болуымен сипатталады:

      еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

      көрсетілген қызметтің маңызының артуы;

      бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

      энергетикалық дағдарыс.

Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы  инфляция: дамуы, ерекшеліктері және тежеу жолдары

2.1. 2008-2009  жылдардағы инфляцияның даму себептері мен ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  жәнге  осыған  байланысты  мемлекет  кірістерінің  құнсыздануынан туады. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталып отыр.

                   Одан басқа ішкі нарыққа шетел валюталарының келуіне банк жэне корпорациялық секторлардың сыртқы қарыздары да өз үлесін қосты. Қазақстан экономисті Н. Нұрсейіттің зерттеулері бойынша: «2008 ж. жеке меншік секторының сыртқы қарызы 1,824 млрд АҚШ долларына жетті, ал 2008 жылы маусымда ол - 5,096 млрд АКШ долларын құрады немесе 2,8 есе өсті». Қарыздың орташа өсу қарқыны жылына 34%-дан жоғары болса, оның көлемі әрбір екі жылда екі есеге өсуі мүмкін. Сырттан қарызды (кредитті) көп алудың негізгі себебі — шетелден алған кредиттерге мөлшерлеме (ставка) өте төмен. 2008-2009 жж. батыс нарығындағы жылдық молшерлеме 2% деңгейінде болды. 2008 жылы ¥лттық банк деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер 6,3 млрд доллар сомасында сырттан қарыз тартты ( 2003 жылы 3,7 млрд), ол откен жылғыдан 1,7 есе көп.

Г.Марченконың пікірінше, отандық банкілер және ұлттық компаниялар кредиттерді доллармен бір жылға шаққанда 4% есебінде алды. Теңгенің бағамы өсіп келе жатқан жағдайда бұл өте пайдалы кредит. Компания қаражаттарды валютамен (доллармен) қарызға алады да, ел ішінде теңгемен инвестицияға тартады. Ішкі нарықтағы доллар айырбастау орындары биржалар арқылы тенгеге сатылып, айнальымда шетел валютасын көбейтеді. Қазір ішкі нарықгағы доллардың көбеюі осымен түсіндіріледі.

      Компаниялардың, банкілердің төлемдер жүргізу үшін шетел валюталарын сатуы ішкі нарықта кредиттер беруі айналымдағы ақша массасының колемін арттырады, ұлтгық валютаның бағамын нығайтуга әкеледі. Осылай­ша 2008 жылы қаңтарда АҚШ долларына шаққанда теңгенің ревальвациясы (нығаюы) басталды. Теңгенің атаулы бағасы (номиналы) 8,03%-ға нығайды.

              Валюталық нарықтағы Орталық банкі басқыншылығы (ин­тервенция) оның ақша базасын көбейтеді, ал ол инфляцияның өсуіне эәеліп соғады. Осылайша күшпен ұсталып отырған инфляцияның 2008ж. бірінші жартысында болжанған «дәлізден» шығуы (7,3%) ақша базасының өсуінің айғағы болды

       Ішкі нарыққа көп мөлшердегі шетел валютасының қүйылуы 2006 жылы ақша массасын 62%-ға, яғни 1 634,7 млрд теңгеге үлғаюына алып келді. Айналыстағы қолма-қол ақша 59%-ға өсті, ол 379,3 млрд теңгені қүрады. Ақша массасының мұндай өсу көрсеткіштері соңғы 5 жылда (1999 жылдан), ал қолма-қол ақшаның өсуі 9 жылда (1998 жылдан) болған емес. Қаржы нарығы мүндай валюта қысымына болашақта төтеп бере ала ма, оны уақыт көрсетер. Бір айта кететін жайт, нарықтағы жағдайдың тек жарты­сы ғана монетарлық факторларға байланысты.

       Айналыстағы ақша массасының өсу факторларының бірі - екінші деңгейдегі банкілердің кредиттік экспансиясы болып табылады. Экономикаға кредиттік құйылымдар 2007-2008жж. жыл сайын орта есеппен 50%-дан артық (52,5%) көбейген, оның ішінде қысқа мерзімділері 38%-ға, ұзақ мерзімділері - 65%-ға өскен. Сонымен қатар мұнай, тау-кен секторлары жэне көптеген ұлттық компаниялар кредиттерді шетелдерден алады. Егер осы қаражаттарды есепке алса, онда экономиканың нақты секторларына түсетін қаржы көлемі жыл сайын 60%-дан жоғары ұлғайып отырады, Бүл өте жоғарғы қарқынды өсім. Ол экономиканың шектен тыс қызуына («голландиялық сырқат»), оның өсу қарқынының төмендеуіне жэне т.б. жағымсыз нәтижелерге алып келуі мүмкін.

       Монетарлық инфляцияның өсуіне халықтың еңбекақы төлемдері мен ақшалай табысының үлғаюы нақты әсер етеді. Нақты орташа айлық еңбекақы ин­дексі де осы уақыттағы ЖІӨ өсімінен жоғары. 2008 жылы ¥лттық банк деректері бойынша нақты орташа айлық еңбекақыны 13,9%-ға өскенде өндірістегі еңбек өнімділігінің өсу қарқыны 6,6%-ды құрайды. Еңбек өнімділігінің төмендігі, ал табыстың жогары деңгейі оз кезегінде бағаның жалпы жоғарылауына әкеледі

              Басқа монетарлық факторлардың әсері. Соңғы жылдары инфляцияға үкіметтің бюджеттік шығыстары үлкен әсер етуде, оның өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсуінен жоғары болып отыр Әсіресе мемлекеттік бюджеттің қүрылымындағы күрделі шығыстар 2004-2008 жж. 7 есе өскен, ал ағымдағы шығындар осы уақыттың ішінде 2 есеге жақын ғана өскен. Бұл үкіметтің фискалдық саясатының айқын экспансиялық сипат алғанын, оның инвестициялық процеске қатысуға бағытталғанын көрсетеді. Мүндай саясатэкономикалық өсуді ынталандырғанымен экономикаға инфляциялық қысымды сақтайды.

Қорыта келе Қазақстандағы қазіргі кездегі 2008-2009  жылдардағы инфляцияның негізгі көздерін былай деп түжырымдауға болады:

1. Экономиканың шикізаттық бағыты, осыған байланысты шикізат тауарларын сатудан түсетін шетел валютасының ішкі нарыққа шектен тыс ағымы. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында тек тау-кен еөдірісінің (мұнай жэне т.б. шикізат тауарлары) үлесі 50%-дан артық, соның себебінен шикізат пен сауда-сатгық операцияларының сальдосы жыл сайын өсіп келеді

2. Экономиканың корпорациялы жэне банк секторларының сырттан (шет елден) көп қарыз алуы жэне екінші деңгейдегі банкілердің ішкі нарықтағы кредиттік экспансиясы. Корпорациялык сектордың сыртқы қарыздарының өсу қарқыны жылына 30%-дан асады; банк секторы қарыз алуда да осы қарқынмен өсіп келеді.

3. Тауарларға және көрсетілетін қызметтерге бағаның жоғарылау көзі еңбекақының жэне халыктың ақшалай табысының қарқындап өсуі. 2008-2009 жж. орташа айлық табыс (атаулы табыс) 70%-ға өсті, ал ЖІӨ өсімі осы уақытта 42%-ды құрады. Табыстың өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсуінен асып тусті. Бұл ез кезегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаның жоғарылауына алып келеді.

4. Соңғы бірнеше жылда үкіметтің бюджет шығыстарының ұдайы өсуі байқалады, олардың өсу қарқыны ЖІӨ өсуінен артып отыр. Бюджет шығындарының ішінде күрделі жұмыстарға кеткен шығындардың үлесі өте жоғары. Үкіметтің инвестициялық процеске қатысуы оның фискалдық саясатының экспансиялық сипат алғанын көрсетеді. Мүндай саясат елді экономикалық өрлеуге бастағанмен, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге инфляциялық қысымды күшейтеді.

Тауарлар мен қызмет көрсету нарыгында бәсекелестіктін жеткіліксіздігі, отандық өндірісте түтыну тауарларының тапшылыгы монетарлық емес инфляцияның негізгі көздері болып саналады. ҚР Статистика жөніндегі агентгігінің деректері бойынша азық-түлік нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесі орташа есеппен 60,7%-ды қүрайды.Бұл, әрине, тұтыну нарығындағы бағаны түрақтандыруға жеткіліксіз. Сонымен қатар ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2008 ж. желтоқсанында жүргізген тексерулері бойынша Ресей тамақ өнімдерінің бағасы отандық азық-түлік бағаларынан 37%-ға қымбат, қырғыз елінікі — 15%-ға қымбат, ал өзбек елінің та­уарлары 1%-ға арзан тұрады. Алыс шетелдерден келетін тамақ өнімдсрі отандық өнімдерден орта есеппен 2,3 есе қымбат. Соныменен, отандық азық-түлік тауарларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі жэне сырттан әкелінетін осы тауарлардың қымбатгылығы азық-түлік тауарлар нарыгында бағаның ұдайы өсу қаупін тудырады.

Инфляцияны тежеу жолдары