Касипкерлик-бул новаторлык
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы....................
1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және
бағыттары.....................
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасындағы көп деңгейлі
кәсіпкерлікті дамыту жағдаймен талдау........................
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
бағыттарының ерекше түрі..........................
ІІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу негіздері
3.1 Мемлекеттегі кәсіпкерлікті реттеу
мен оны дамыту шаралары......................
3.2 Кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауда
дамыту мен жетілдіру жолдары.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қосымша
Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Қазақстан экономикасы
әкімшілік-әміршілдіктен
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік атап айтқанда американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалынған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударады. Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болады. Осыған байланысты елімізде меншіктің әртүрлі нысандарының қалыптасуы мен соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субьектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды роль атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өз үлесін қосып келеді. Осыдан келіп тақырыптың өзектілігі туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты экономикамызды әрі қарай индустриялық жағынан дамыту мәселесі, монополияның төңірегінде жүрген бизнестің бәрін кәсіпкерлікке беру, қабылданған бағдарламалардың бәрін орындау әрі оларды аяғына дейін жеткізу мәселесі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-экономикамыздың,
- кәсіпкерлікті барынша дамытуға барлық мүмкіндіктер туғызуды талап ету;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда жетілдіруді дамыту;
Бұл курстық жұмыс негізінен екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлікті басқарудың жүйелік бағыттары қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы мен оны қазіргі тұрғыдан толықтай қарастыру мәселесі қойылған.
І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасрылардан бастау алса, кәсіпкерлер түсініктерін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Контильон ХVІІІ ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше кәсіпкер ол тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейін оны атақты фарнцуз экономисі Ж.Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді.
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да олар бірте-бірте кәсіпкерлік бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда кәсіпкерлік
термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің
өзі тауарды өндіру мен өткізуде
белгілі бір тәуекел мен
Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Квинсей сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ
дін қызметшісі Николас Бауде
өндірушілер мен фермерлер
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осныдай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті.
1776 жылы Адам Смит
өзінің «Халық байлығының
* Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
* Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу.
* Өз бойына әділеттілік пен бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты басқа да моральдық қасиеттерді қалыптастыру.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып керекті қызметкерлерді тарта білулері, қажетті материалдарды ала білулері және де сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек.
Субьективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл Менеджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен роль ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер өте сирек кездесетін және эпизодтық сипаты бар құбылыс. Менеджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу және өнімді өндіру түрін таңдау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі сатыларын жасады:
а) экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;
б) экономикалық есеп;
в) кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;
г) негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс жоспарларының орындалуын басқару.
1890 жылы кәсіиби менеджмент
салыстырмалы түрде құбылыс
Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шмуптерді қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп те жиі атайды. Өзінің ілмдерінде Шмуптер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер роліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс циклының тездетілуіне және жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шмуптер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:
- Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
- Жаңа өндіріс әдістері;
- Жаңа өткізу нарықтары;
- Жаңа жабдықталу көздері;
- Жаңа ұйымдастыру түрлері.
Шумпетер кәсіпкерлерді жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік экономикалық жаңашылдар деп те атайды. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен әртүрлі материалдардың жай ғана жиынтығынан тұрмайтындығын, ол таура мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жалпы әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түріне іздеп енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбектерімен осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады. Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
- Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
- Жігерлік және іскерлік белсенділік;
- Жек дербес жауапкершілік;
- Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
- қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі болжай білу;
- Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу
- Ұйымдастыру шеберлігі
Питер Друкер алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізді. Жаңа кәсіпорын үшін қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдалы жолын айтуда. негізінде, сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда кәсіпкредің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік ізденіп тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәісіпкерлік қызметтің ерекшелігі тиімділіг жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін атап көрсетеді.
Харви Либенстейн кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін сипататйды: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті операцияларды орындаумне байланысты, екінші түрі жаңартпашылық. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет жаңа нарықтар жағдайындағы жұмыс істеу, қызмет көсрету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру. Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс жасай білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы материал немесе еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қаарстырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетуге болады.
Кәсіпкерлік феномені жер,
еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын
жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қорғаушы
күш болып табылады. Бірінші кезекте,
сөз кәсіпкердің фирманы
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіірс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады. (қосымша 1) [1.35]
1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары
Отандық және шетелдік әдебиеттерде кәсіпкерлікті жіктеудің нақты анықталған жүйесі жоқ. Оны әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, және ірі болып табылады. (қосымша №1) Мұндағы негізгі критерий қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Меншік нысаны бойынша мемлекеттік жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады.
Ұйымдық құқықтық нысандары бойынша:
Дара кәсіпкерлік
Өндірістік кооператив
Толық серіктестік
Командиттік серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Акционерлік қоғам
Мемлекекеттік кәсіпорындар
Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.
Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінеді.
Кәсіпкерлік процесін қозғаылсқа келтіретін іргелі күштерге біріші кезекте, фирманы құруды және негізіні салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі және бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады. (қосымша 2)
Тағы да ескеретін маңызды фактор ол кәсіпорынның болжамсыздығымен қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипаталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс бұл технологиядағы маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестциялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулар қажет. Кәсіпкер жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде қалай жүзеге асыра білетін жаттықан пікірлер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге баста уүшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру жеткілікті қорларға ие болулары керек. [2.24-25]
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:
-масштабы бойынша
шағын, орта және ірі кәсіпкерл
-кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әртүрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппеттердің (1883-1950жылдар) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы не басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуекелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі
жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет
Кәсіпкерлік дамытудың басты сті
нарық экономиғкасында
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі
Альфред Маршалл атап көрсеткендей,
нарық экономикасының негізгі қасиеті
– «кәсіпкерлік пен
Нарық экономикасына өтуеркін кәсіпкерлікке жол ашты, біақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет.
Нарықтық орта жағдайында кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтанда барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
-өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды
қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен
қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
-алынған табысты бөлу мен
мақсатты қолдану қызметі,
-жаңа жағдайда кәсіпорын
-жаңа жағдайда кәсіпорын иығынан мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі.
Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде де дәстүрлі түрде шағын бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырылады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
- нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;
-өзінің меншікті табысын
Сондай-ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді:
-нарықтық ортаның жағдайында
кәсіпорынның бәсекелестік
-менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;
-қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны басқару қызметі.
Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық ортадағы мінез-құлқының сипатын анықтауға көмектеседі.
Нарықтық экономикада
Кәсіпкерлікті қоғамның экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі ретінде қарастыратын экономикалық дамудың секторындағы басқару жүйесінің обьективтік бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және әдістемелік база құруды талап етеді. Бұл зерттеудің концепциялық негізі оны кәсіпкерлік жүйелік тәсілдің принциптері негізінде басқарылатын күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес кез келген жүйе, соның ішінде кәсіпкерлікті басқару жүйесі де бір қатар белгілермен сипатталады.
Жүйені қалыптастырушы маңызды қасиеттердің бірі байланыстылық пен тұтастық. Байланыстылық дегеніміз жүйені физикалық немесе концепциялық түрде бір-біріне өзара тәуелді көптеген элементтердің тұтастығы ретінде қарастыру. Тұтастық дегеніміз әрбір элементтің, оның қасиететрі мен қатынастарының жүйедегі орнына тәуелді болуын ғана емес, сонымен бірге тұтастай бірыңғай мақсаттың бар екендігінде білдіреді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесін құра отырып басқарудың барлық деңгейлеріне кәсіпкерлікті қолдайтын тиісті инфрақұрылым құру арқылы кәсіпкерлік қызметті жандандыруды мақсат етіп аламыз. Шағын кәсіпкерлікті басқаруда жүйені құраушы элементтер ретінде кәсіпкердің өзін және басқару обьтектісі ретінде кәсіпорында құруға және жұмыс істетуге қажетті қорларды айтуға болады.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесінің тұтастығы дегеніміз жүйе қасиеттерінің барлық уақытта тек қана оның элементтерінің қасиеттерінен тұруын білдірмейді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі біртұтас жүйе ретінде, оны құрайтын элементтерінің қасиеттерінен ерекше жаңа қасиеттермен сипаталады. Барлық элементтер тікелей немесе жанама түрде жойылуы немесе бір эелменттің қосылуы жалпы алғанда жүйенің қалған элементтері арасныдағы қарым-қатынастың өзгеруіне алып келеді. Әрбір жүйені жүйенің анағұрлым жоғары ретті элементі ретінде қарастыруға болады. Кез келген жүйенің эелменттері өз кезегінде анағұрлым төменгі жүйе де бола алады. Кәсіпкерлікті басқару жүйесіндегі жергілікті басқару жүйесі аймақтық басқару жүйесінің элементі болып табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесі құрамына техникалық қосалқы жүйелермен бірге, адамдар да жататындықтан ұйымдық тапқа жатады. Олардың қатарына мыналар жатады: жүйенің нысаналы сипатта жұмыс істеуі сатылы тәртіптілігі.
Жүйелер теориясына сәйкес жүйелер жабық және ашық болады, күрделі және үлкен құрылымдар мен ықтимал сипаттары бар күрделі жүйелер. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі эелменттерінің көбісі, мысалы, кәсіпкерлікті аймақтық басқару жүйесі өз алдына бір жүйе, сондықтан кәсіпкерлікті басқару жүйелерінің барлығы да күрделі жүйелер категориясына жатады Кәсіпкерлікті басқару жүйесі, ұдайы даму үстінде болатындықтан және барған сайын эаңа элементтермен толықтырылып отырғандықтаны үлкен болып табылады.

- Касипкерлик кызметти салыктык реттеу
- Касипкерлик қызмет
- Касипорын каржысын баскару
- Касипорыннфн каржылык жагдвйын талдау
- Касипорыннын акша
- Касипорыннын каржылык жагдайын талдау
- Касипорыннын каржысы
- Карьерный рост менеджеров на примере торгово-производственного холдинга «Мустанг Ингредиентс» (Москва)
- Карьерный рост сорудников на производстве
- Карьерный рост с точки зрения гуманистического подхода
- Карьерный транспорт
- Касательные к эллипсу, гиперболе, параболе. Диаметры линии второго порядка
- Касетная установка
- Касипкерлик