Касипорыннын каржысы
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ.
- «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы
- Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын бағалау
- «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
- Қаржылық жағдайдың экономикалық мәні және оны талдаудың мақсат
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі-қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептеді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,басқарушылық,қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Талдау обьектісі негізінде «АБС-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынды. Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
БАҒАЛАУ.
- «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы
«АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» жаупкершілігі шектеулі серіктестік (осыдан ірі серіктестік) өз қызметін 27.12.1994жылдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі),22.04.1998 жылдан Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік-құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырыды және шағын кәсіпкерлік нысаны болып табылады.Серіктестіктің жұмыс істеу мерзімі шектелмеген.
Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінді табыс шығару болып табылады.Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:
- Өртке қарсы
автоматикалар және өртке қарсы дабыл
құралдарына техникалық қызмет және жобалау,монтаждау,
эксплуатациялық,сату және жөндеу қызметтерін көрсету; - Күзет сигнализациялары мониторингшілік және ақпараттық мониторингшілік;
- Автоматикалар
және күзет сигнализациялары құралдарына
техникалық қызмет және жобалау,монтаждау,
эксплуатациялық,сату және жөндеу қызметтерін көрсету; - Электрондық,механикалық және химиялық күзет жүйелерін жөндеу,дайындау және орналастыру:
- Элетромеханикалық және радиотехникалық күзет жүйесін жөндеу,қалпына келтіру қызметі;
- Күзеттеуге арналған радиоэлектрондық байланыс құралдарына сату;
- Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 99000 (тоқсан тоғыз мың)теңгеден тұрады.Серіктестіктің жарғылық капиталының толық қалыптасуының серіктестіктің қатысушыларының қосымша ақшалай және мүліктік салымдары арқылы құралады.Серіктестіктің жарғылық капиталдан 10 пайыз мөлшеріндегі сақтық капиталды құрайды.Сақтық кпитал серіктестіктің жылма-жылғы түсірген таза табысынан 5 пайыз мөлшерінде ақша аудару арқылы іске асырылады.
Серіктестік мүліктің меншік иесі болады,қалыптастыру есебі:
- Қатысушылардың жарғылық капитаоға салымдары
- Алынған табыстар және де басқа мүлік,басқа негіздермен алынған,заңнамамен рұқсат етілген.
1.2 Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын
бағалау.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысы осы үйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары баскарады. Кәсіпорындардың қаржы бөлімдері несие және есеп айырысу операцияларының жаңа нысандарын пайдалана отырып оперативті қаржылық жоспарлауды, кәсіпорынның қаржы ресурстарын икемді жүмсауды жүзеге асырады. Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері де қатысады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуді, ақшалай қаражаттарға деген уақытылы қажеттілікті несиелейді. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы қызметтерінің де рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорынды дамьпудың қаржы көздерін, қаржы расурстарын неғүрлым тиімді инвестициялаудың бағьггтарын іздестіру, бағалы қағаздар мен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорьшдардың қаржы қызметтерінің негізгі мәселелері бола бастады.
Кәсіпорын дамуының маңызды принципінің бірі өнеркәсіп кәсіпорындағы инновациялық қызмет болып табылады, ол үзақ мерзімді перспективаны ескере отырып жаңа өнім шығару, материалдар мен энергия түрлерін өңдеу құралдарын сонымен қатар өндіріс әдістерін қарастырады.
Техника экономикалық көрсеткіш кәсіпорынның есепті мерзімін өткен кезеңдермен немесе басқа кәсіпорындармен салыстыра отырып даму деңгейін обьективті сипаттауға толық мүмкіндік береді.
1 ші кесте мәліметтеріне сүйене отырып «АБС-Қызылорда» ЖШС-ң 2009-2010 жылдар арасындағы қаржылық қызмет нәтижесіне талдау жүргіземіз.2010 жылды 2009жылмен салыстырғанда қызмет көрсетуден түскен табыс 1523806,05 теңгеге азайғанын көреміз,бұл соңғы жылы қызмет көрсету көлемінің азайғанын көрсктеді.
Кәсіпорынның кезең шығындары 2010жылы 2009жылға қарағанда 3486367 теңгеге төмендеген,ал дебиторлық қарыз көлемі 186127,29 теңгеге өскен.Бұл кәсіпорынның кредиторлық қарызын жабу мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Еңбек ресурсы 2 адамға және айлық орташа еңбекақысының 747 теңгеге өсуіне қарай еңбек ақы қоры 1093044 теңгеге өсіп отыр.
Шаруашылық зерттеу жылдары кәсіпорын таза табыспен аяқтады. Алдағы уақытта кәсіпорыннын қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында нақты іс шаралар жүргізу қажет. Атап айтқанда:
1 Міндетті төлемдерді уақытылы төлеу
2 Еңбек жағдайын қалыптастыру
3 Әкімшілік персаналдарының жұмысын үйлестіру
4
Нарықтық сұранысқа сәйкес қызмет көрсету
түрлерімен айналысу.
«АБС-Қызылорда»
ЖШС-ның техника-экономикалық көрсеткіші.
| № | Көрсеткіштер | 2009жыл | 2010жыл | Өзгерісі +;- |
| 1 | Қызмет көрсетуден түскен табыс | 45868736,65 | 44344930,60 | -1523806,05 |
| 2 | Қызмет көрсетудің өзіндік құны | - | - | - |
| 3 | Жалпы табыс | 45868736,65 | 44344930,60 | -15238806,05 |
| 4 | Кезең шығындары | 35080406,28 | 31594039,14 | -3486367,14 |
| 5 | Дебиторлық қарыздар | 2574644,11 | 2760771,40 | +186127,29 |
| 6 | Кредиторлық қарыздар | - | - | - |
| 7 | Негізгі құралдардың құны | 2237837,64 | 3502816,47 | +1264978,83 |
| 8 | Еңбек ресурсы | 31 | 33 | +2 |
| 9 | Еңбекақы қоры | 12357096 | 13450140 | +1093044 |
| 10 | Орташа айлық еңбекақы | 33218 | 33965 | +747 |
| 11 | Қор қайтарымдылығы | 20,5 | 12,7 | -7,8 |
| 12 | Қор сыйымдылығы | 0,05 | 0,08 | +0,03 |
| 13 | Еңбек өнімділігі | 1479636,67 | 1304262,67 | -175374 |
| 14 | Салыққа дейінгі табыс | 10788330,37 | 12750891,46 | +1962561 |
| 15 | Пайда | 8630664,296 | 10200713,168 | +1570048,87 |
| 16 | Рентабельділік деңгей % | |||
| Ақпарат көзі: «АБС- Қызылорда» ЖШС-ның 2009-2010 жылғы бухгалтерлік балансының мәліметтері | ||||
2 «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
2.1Қаржылық жағдайдың эконмикалық мәні және оны талдаудың
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның
қалыпты өндірістік, коммерциялық және
басқа да қызмет түрлері үшін қажетті
қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен
және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық
субъектілерімен қаржылық қарым- қатынаста
болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның
уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді. Кәсіпорынның
қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі
бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын
және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін
уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытын-да есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын
ұйымдастыруына байланысты болады, ал
сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты
емес. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды
факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының
құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы
мен такти-касының дұрыс таңдалып алынуы.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса,
соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің
экономикалық жағдайының әсері, қоғамда
үстемдік етуші техника мен технология,
төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар
табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық
және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін
бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар
жатады.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс
активінің құрылу көздерін талдау болады.
Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі,
оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның
өзінің де, қарызға алынған капиталдың
да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін
есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы
қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті,), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:
Ктс = Мк:Ак (1)
Мұндағы:
Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк
- меншікті капитал;
Ак
- авансталған капитал (баланс валютасы
жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:
Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс (2)
Мұндағы:
Кт - тәуелділік коэффициенті;
Қк
- қатыстырылған капитал;
Ак
- авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Ктс-
тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл
коэффициент авансталған капиталдың
жалпы сомасындағы қа рыздың үлесін
сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кқ = Мк:Қк (3)
Мұндағы:
Кқ - қаржыландыру коэффициенті;
Мк
- меншікті капитал;
Қк
- қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Кқт=( Мк + ҰМ ) / Ак (4)
Мұндағы:
Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол-данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықта-лады.
Ки=Мк / Нк
(5)
Мұндағы:
Ки - инвестициялық коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Нк - негізгі капитал
2-кесте. Кәсіпорынның қаржыландыру
көздерінің өзгерісін талдау
| Көрсеткіштер | 2009жыл | 2010жыл | Құрылымының өзгерісі +;- | ||
| Сомасы | Үлсі% | Сомасы | Үлесі% | ||
| Барлық активтер | 10225335,8 | 100 | 13181273,49 | 100 | - |
| 1.Қысқа
мерзімді міндеттемелер
Оның ішінде: |
3053 | 33,5 | 430382,03 | 30,2 | -3,3 |
| - қысқа мерзімді қаржылық міндеттеме | - | - | - | - | - |
| -салықтық міндеттеме | - | - | 367953,03 | 2,7 | +2,7 |
| -қысқа мерзімді кредиторлық берешек | - | - | - | - | - |
| -басқа да ерікті және міндетті төлемдер | 3053 | 33,5 | 62429 | 0,5 | -33 |
| 2.Ұзақ мерзімді активтер | - | - | - | - | - |
| 3.Капитал
Оның ішінде: |
10222282,17 | 66,5 | 12750891,46 | 96,8 | +30,3 |
| -жарғылық капитал | - | - | - | - | - |
| -бөлінбеген капитал(жабылмаған зиян) | 10222282,17 | 66,5 | 12750891,46 | 96,8 | +30,3 |
| Ақпарат көзі: бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша есептелген | |||||
2-кестеде кәсіпорынның балансының қаржыландыру көздерінің құрылымы берілген.Барлық пассивтер 2009жылы 10225335,8 теңгені құраса,оның ішінде қысқа мерзімді міндеттемелер 33,5% ,яғни 3053 теңгені құрады.Бұл көрсеткіш басқа да ерікті және міндетті төлемдер негізінде жасалған.Ал 2010 жылы барлық пассивтер 2955937,7 теңгеге өсіп,яғни 13181273,49 теңгені көрсетті.
Кәсіпорынның капиталы 2010жылды 2009 жылмен салыстырғанда 2528608,7 теңгеге өскен,яғни 30,3% құраған.
Кәсіпорын
жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы
мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына
әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың
ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді
жабуға арналған оңай өткізілетін де,
қиын өткізілетін де қаражаттар болады.
3-кесте.«АБС-Қызылорда»ЖШС-ң 2009-2010 жылғы баланс активтерінін
| Көрсеткіштер | 2009жыл | 2010жыл | Жыл бойындағы өзгеріс + ;- | Құрылымының өзгерісі | ||
| Сомасы | Үлесі
% |
Сомасы | Үлесі
% | |||
| 1.Активтер
құны,барлығы
Оның ішінде |
10225335,17 | 100 | 13181273,49 | 100 | + 2955937,7 | - |
| 1.1Ұзақ мерзімді активтер | 2237837,64 | 21,8 | 3502816,47 | 26,6 | 1264978,83 | +4,8 |
| -негізгі құралдар | 2237837,64 | 3502816,47 | 1264978,83 | - | ||
| -қаржылық салымдар | - | - | - | - | - | - |
| 1.2Ағымдағы активтер | 7987497,53 | 78,2 | 9678457,02 | 73,4 | +2690959,49 | -4,8 |
| -өндірістік қорлар | 2574644,11 | 25,2 | 6167332,7 | 46,7 | +3592688,6 | +21,5 |
| -қысқа мерзімді дебиторлық берешек | 2283626,18 | 22,3 | 2760771 | 20,9 | +477145,22 | -1,4 |
| 2.Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны | 4812471,75 | 47 | 9670149,17 | 73,3 | 4857677,42 | +26,3 |

- Касипорын табысын талдау
- Касіп орын экономикасы
- Каскадная стрижка
- Каскадные таблицы стилей
- Касові операції
- Касові операції банку
- Касові операціїї в комерційному банку
- Касипкерлик-бул новаторлык
- Касипкерлик кызметти салыктык реттеу
- Касипкерлик қызмет
- Касипорын каржысын баскару
- Касипорыннфн каржылык жагдвйын талдау
- Касипорыннын акша
- Касипорыннын каржылык жагдайын талдау