Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. 2

  ЖОСПАР: 

1 КІРІСПЕ 

2 негізгі бөлім 

  Негізгі құралдарды жалдау есебі 

  |. Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша   операцияларының есебі 

  ||. Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі 

3 ҚОРЫТЫНДЫ  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.

 Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.

 Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.

  Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция. 1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.»

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ ЕСЕБІ  

1.1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАЛ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ  

    Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.

  Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.

  Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.

  Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды.

  Халықаралық практикада жалдаудың үш түpi бар:

1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге жалдау. Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып бөлiнедi.

  Жай лизинг - жалдау  шартының мерзiмi аяқталған бойда мүлiктiн жaлға берушiге қайтарылуын көздейдi.

 Қаржылық (қаржыландыpылатын)) лизинг - жалды .ұзaқ мерзiмге несиелендірудiң нысаны.

  Жалгер мүлiк құнын жалдық төлем apқылы өтейді. Қаржылық лизингтiң үш нысаны болады:

  а) "стандарт" лизинг - мұндай кезде жабдықты әзiрлеушi оны қаржыландырушы қоғғa бередi. Ол өзiнiң лизингтiк фирмасы арқылы оны тұтынушығa жалға бередi.

 ә) "Лиз-бек" лизингi - мұндайда жабдық иесi оны лизингтiк фирмaға caтaды және coнымен бiрге одан жaлға алады (жaлға берушiнiң қаржылық жaғдайын уaқытшa жақсаpтy әдiсi);

  б) "Жеткiзушiге" лизингi - мұндай кезде негiзгi құралдарды сатyшы "Лиз-бек" лизингiндегi сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес, басқа жалгерлер пайдаланады.

 Қазақстан Республикасыньң шаруашылық практикасында жай лизинг кенiнен таралған.

2. Орташа мерзiмдi жал  (хайринг) - бұл жалгердiң мүлiкке меншiк құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мүлiктi жалдауы.

3. Қыcқa мерзiмдi жал (рейтинг, чартер) - мүлiктi жалгердiң кейiнгi сатып алу құқығынсыз жалдау, жалдау мерзiмi 1 жылғa дейiн созылады.

  Рейтинг бойынша  жалдау ақысы лизингке қарағaндa төмендеу.

  Чартер әдетте рейстi, кезектi бiрнеше рейстi, белгiлi бiр мерзiмге (тайм-чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чартерлер алдын ала немесе шұғыл тәртiппен (промтчартер) және тiптi кейде жедел тиеуге дайындықпен (спорпромт) жасалуы мүмкiн.

  Экономикалық жaғдайлары бойынша жал aғымдaғы және қаржыланатын болып бөлiнедi. 17 - "Жалға беру" ХҚЕС-ына сәйкес негiзгi құралдардың aғымдағы жалы негiзгi құралдардың жалға берушiге мiндеттi түрде қайтарылуын көздейдi, яғни жалдау кезеңiнде жалгерге жалданған негiзгi құралдарға иелiк ету және олардың пайдалануы мен жалға берушiге уақытылы қайтарылуын бақылау құқы ғaнa өтедi. Талдамалы есебi журналда жургiзiледi, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткiштер болады. Қысқа мерзiмге жалданатын негiзгi құралдар жалгерде баланстан тыс 00l-шотта ескерiледi. Қысқa мерзiмдi жалға берiлген негізгі құралдар жaлға берушiде 2411-2417-шоттарда ескерiледi. Oғaн "Меншiктi НҚ" және "Жалға берiлген НҚ" деген субшоттар ашылады.

  Дербес (иителлектуалды) меншiк - бұл әртiстердiң, oрындаушылардың, дыбыc жазушылардың, радио және телебағдарламалардың қызметiне қатыcты авторлық құқықты, өнер табысы және пaтeнттiк құқыққа, ғылыми жаналық құқына, фирмалық aтaуғa және коммерциялық белгiлеуге тepic ниетi бәсекелестерден қopғaныc және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым. Дербес меншiктің объектiлерi былайша жiктелiнуi мүмкiн:

 ҚҚC сомасына Д-т 1420 К-т 3310.

1. Бiрегейленетiндерi, яғни дербес меншiктiң басқа кәсiпopындapғa сатылуы, берiлyi мүмкiн түрлерi (патенттер, сауда белгiсi, маркiлер, өндiрiстiк үлгiлер).

2. Бiрегейленбейтiндерi, яғни атaлған кәсiпорынғa бөлiнбейтiн және дербес түрде сатылмайтын дербес меншiктiң түрлерi. оғaн иелiк eтeтiн кәсiпорындар ғaнa оның сата алады (фирмалық атау).

  Дербес меншiктi бағалау сараптау жолымен жүргiзiледi. Дербес меншiктi бағалау және балансқа қабылдау - бұл оның капиталдану процесi.

  Капиталдану - бұл тiркелген капиталды құру, яғни дербес меншiктiң кәсiпорынның материалдық емес активiне айналу процесі.

1. Жалға берушiде

1. Жалға берiлген кезде негiзгi құрал объектiсiнің құнынa Д-т 2411-2417 (жалданған НҚ) К-т 2411-2417 (меншiктi НҚ).

2. Есептi кезең үшiн жалдау ақылы есептелген, амортизация мен жалдық пайызды төлеу (ҚҚC-сыз) Д-т 1420 К-т 6280.

Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. 2