Кассадағы ұлттық және шетелдік ақша қаражаттарының есебі

    ЖОСПАР 
 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 
 

І . АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК------------------------------10

1.1 Ақша қаражаттарының есебі-------------------------------------------------------- 10

1.2 Касса және оның жүргізілу тәртібі------------------------------------------------12

1.3 Касса операцияларының құжаттарда қозғалысының рәсімделуі -----------14

1.4 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------17 

ІІ. КАССАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ---------------------19

2.1  Касса операциясының синтетикалық есебі -------------------------------------19

2.2  Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі---------24 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------27

ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------28-37 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ

        Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік  есепті жүргізу жүйесін анықтайды,  қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

              Кез келген ұйымда бухгалтерлік  есеп жұмысын жүргізу экономикалық  мәселелердің негізгі және басты  қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік  есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.

        Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі қазынашылық департаментінің 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді: 
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті    

          бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп

          жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 

  1. Қаржы министрлігі 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 40 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы қол жойылған деп есептелсін. 
 

      Ауыл шаруашылық өндірісін басқаруда Бухгалтерлік қызметтің басшылары өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 216 Заңдық күші бар Жарлығын, белгіленген тәртіп бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармалары туралы Ережелерді және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

    Облыстық  және қалалық қаржы басқармаларының  бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі төмен тұрған қаржы органдарында, лимиттерге басыт билік етушілердің орталықтандырылған бухгалтерияларда және бухгалтерлік есепті дербес жүргізетін оларға бағынышты бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі және есеп беруді жасау мәселелері бойынша нұсқау береді және бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп және есеп берудің жай күйін жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, қалалық әкімдердің және тиісті қаржы органдары басшыларының шешімдері бойынша облыстық, калалық, қаржы басқармаларының аудандық, қалалық каржы  бөлімдерінің  басқа да қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,  селолық, ауылдық және поселкелік әкімшіліктер және жергілікті бюджетте тұратын бюджеттік сметасының атқарылуына тексеріс жүргізуге қатысады.

    Қаржы органының бас бухгалтері қаржы  органдарының барлық бюджетті атқару жөніндегі жүзеге асыратын операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуді және бақылау жасауды, жедел ақпараттарды беруді, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасауды қамтамасыз етеді.

    Бас бухгалтерге жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін оған бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті барлық құжаттар уақыты берілуі тиіс.

   Әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың кассасы жұмысшы қызметкерлерге  есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағармайға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш (сургуч) басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып  кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындармен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорын мен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасауы қажет. Кәсіпорындармен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және  бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады.Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек.Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні,айы,жылы) жазылып, кассирмен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.

    Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ  кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және т.б. құжаттар бойынша беріледі.Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөр таңба (штамп) басылуы керек.  Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде  касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатының немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап ету керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі  бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындармен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырылулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге, олардағы сандар мен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық  кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.  Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық  кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек.Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында  санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады.Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса операцияларымен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады.Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған, яғни келіп түскен және шығыс етілген, кассадан төленген ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға  (тенгеге) айналдырылып жазылады.

     Курстық жұмыстың өзектілігі:  Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта нарығы пайда болды. Валюта нарығы – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюталық-экономикалық қатынастар. Тарихи үш түрлі: ұлттық, шетелдік  және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.          

    Қазіргі валюталық жүйе – жан жақты  валюталық  нарықтық стандарт.

Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық  қатынасты реттейді. Валюталық қатынастың негізгі мәні мынада:

  • валюталық өлшем алтынмен тікелей  байланысын үзіп, оның алтынға қатаң бағасы жойылды;
  • алтын ел ішіндегі айналымда ғана емес, дүниежүзілік нарықта да жалпы төлем құралы қызметін тоқтатады;
  • алтын ерекше өтімді тауар ретінде ақшада сатылады, ал ол ақшалар халықаралық  есептесулерде қолданылады;
  • елдер арасындағы валюталық қатынастар ендігі жерде  ұлттық  валютаның өзгермелі курсына  негізделеді. Курстың бұл құбылысы екі фактормен:
    1. біріншіден, дүниежүзілік қауымдастықтағы елдердің ішкі нарықтағы валютаны сатып алу қабілеттілігін нақты құнының арақатынасымен;

        б)  екіншіден, халықаралық нарықта  ұлттық валютаға деген сұраным  мен ұсынымға байланысты.

    Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының  өзге де  нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шартта  осы Заңдағыдан   өзгеше   ережелер   белгіленген   болса,   онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

    Қазақстан Республикасында шетелдік валюталық  операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс. 

    Ұлттық  банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы  салалық  мамандандырылған  банктерді  қайта  қалыптастыру  мен одан  әрі  дамыту   бойынша бүгінгі күнге дейін   күрделі жұмыс жасады.  

    Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Кассадағы нақты ұлттық және шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын ұйымдастыру.

    Курс  жұмысының міндеттері:

  • Кассадағы шетелдік валюта  есебін анықтау;
  • Кассадағы ұлттық валюта есебінің қозғалысын ұйымдастыру және қатынастарын зерттеу;
  • Шетелдік валюталық операцияларды қарастыру т.б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

    1.1 Ақша қаражаттарының есебі

    Барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілер  өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің  тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем акшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

    Ақша  қаражаттарын сақтау үшін және занды  тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк пен клиентгер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

    Корреспонденттік  шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

    Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

    Шетелдік  валютадағы қаражаттардың қолда  бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын окшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

    Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға соттың мемлекетгік салық кызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

    Субъектілердің  шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

    Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді қолданамыз:

  • Қолма-қол ақшаны аударуды;
  • төлем тапсырманы ұсынуды;
  • чектерді беруді;
  • вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
  • төлем карточкасын пайдалануды;
  • тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
  • тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
  • инкассалық жарлығын ұсынудың республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерді.

      Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:

  • төлем тапсырма;
  • чек- вексель-тапсырма-талап төлемдері;
  • кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

    Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.  
 

1.2  Касса және оның жүргізілу тәртібі

   Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік мекемелердің де  қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы  нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, ауызы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорынның, субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқұрайлық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандық немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектісімен кассир арасында материалдық   жауапкершілікке   келісім-шарт жасалуы керек. Кәсіпорын, мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Толтырылған чекке кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің бас бухгалтериясы және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (біреуінің қолы қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорынның, ұйымның яғни қандай да болмасын шаруашылық субъектінің касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның субъектінің кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазуы керек. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 - "Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша" және 1010/1- "Кассадағы шетел валютасы түріндегі нақты ақша» - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражатының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның, субъектінің кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты  ақшаны  кассаға  қабылдау  барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің ақша төлеуші адамның немесе субъектінің аты, ақша төлеуші адамның немесе субъектінің аты-жөні, қандай  мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақша төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.  
 
 
 

    1.3 Касса операцияларының құжаттарда қозғалысының рәсімделуі

   Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің, мемлекеттік мекемелердің  кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу ведомостары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бухгалтері мен басшысының қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шотқа және тағы басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің реквизиті көрсетілген штамп басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда шаруашылық субъектінің басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды, кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары керек. Бұл құжаттарды өзгертуге, олардағы сандар мен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы-қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомоста тіркеу журналына еңбекақы,  жәрдемақы және сыйақы төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдауға немесе төлеуге тек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері(кассир) кассалық кіріс ету   және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын, бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорынның бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отыруы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кіріс етілген немесе кәсіпорынның, ұйымның кассасынан  төленген, яғни шығыс етілген ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операциялар толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған немесе шығыс етілген операциялар кассалық кітапқа жазылуы тиіс.  Күн сайын кәсіпорынның, ұйымның касса қызметкері кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығын жұмыс күнінің соңында санап оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және де касса операциялары мен ондағы жүргізілетін,   толтырылатын   құжаттардың   дұрыстығына   субъектінің бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның немесе  мекемелердің кассадағы шетелдік валюта түріндегі  нақты  ақшаларының есебі  үшін  өз алдына бөлек кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда салық  операциялары бойынша толтырылатын барлық  құжаттарда   кіріске алынған, яғни келіп түскен және де кассадан шығыс етілген, төленген   ақша қаражаттарының сомасы шетел валютасымен де және сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып та жазылады.

    Жалпы кәсіпорынның мекемелерінің  кассасындағы шетел валютасы түріндегі қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.                                                                                                                                            

    1010 - "Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша» және 1010/1 -"Кассадағы шетел валютасы түріндегі нақты ақша" аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялары №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялары №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.4 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу

    Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес кұнды қағаздар ретінде шығарылған баска да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

    Түгендеу  актісінде ақша қаржысының бар болуы  түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

    Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен  жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың  жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

    Жол үстіндегі ақша каражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге  түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    Банктерде есеп айырысу (ағымдағы) валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    Ақша  қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру  арқылы жасалады.

    Ақша  қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1030, 1071, 1010, 1010/1 шоттары дебеттеліп, 6130 шоты кредиттеледі.

    Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

    1260 шоты дебеттеліп, 1030, 1071,1010,1010/1 шоттары кредиттеледі.

    Егер  де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1260 шоты кредиттеліп, 2150 шоты дебеттеледі, яғни 2150 шоты жабылады.

    Егер  де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем  шыққан сомасы 2150 кредитінен 7210 шоттың дебетіне есептен шығарылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. КАССАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ 

    1. Касса операциясының синтетикалық есебі

    Ақша  қаражаттарын сақтау, қабылдау мен  беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші  субъектінің кассасы болады.

    Кассир  — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу  тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық  жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы  мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық, жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

    Кассадағы операциялар есебі 1000 - "Ақша қаражаты" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

    1010 - "Кассадағы ұлттық валюта  түріндегі қолма-қол ақша" және 1010/1 — "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі.

    "Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақшаның" есебі Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

    Кассадан  ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер  қол қойған тиісінше рәсімделген  төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді.

    Сенімхат  бойынша берілген ақша жағдайында касса  шығыс ордерінде ақшаны алуға  сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

    Кіріс және шығыс касса ордерлері мен  оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия  дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның  бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол кояды.

    Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен  соң, кассир төлем тізімдемесіне  еңбек ақысы бойынша тиесілі  сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің  тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке  салынды" деп қолымен жазып  белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Касса ордерлеріндегі мәліметтерді өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

    Жазылған  касса ордерлері немесе олардың  орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Кассадағы ұлттық және шетелдік ақша қаражаттарының есебі