Казақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі
Негізгі ұғымдар:
Дискетаны форматтау - операциялық жүйе және оның қосымшалары дикіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.
Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.
Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір - біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.
Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнай архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде дәл сол программа қолданылуы қажет.
Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды міселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын программалар қолданылады. Олардың қызметі – компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады
Мәліметтерді компьютерде кестелер түрінде ұйымдастыруға және өңдеуге арналған программалар кестелік процессор немесе электронды кестелер деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы – мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарды орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т.б.
EXCEL программасында құжат болып, .xls кеңеймесі бар файл есептеледі.Бұл файлды EXCEL-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден тұрады. Әрбір жұмыстық бет электрондық кесте түрінде қарастрылады да, онда 65536 жол және 256 баған болады. Жолдар мен бағандардың қиылысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі ұяшық пайда болады. Кестедегі әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, В6, С7, т.б.).
Кестедегі қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты облысты диапазон деп атау келісілген. Диапозонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменгі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1:С6). EXCEL программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оны мына түрде жүргізуге болады:
1.Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады.
2. Мәлімет жазылған диапозон немесе екі ұяшық белгіленеді.
3.Тышқан көрсеткішін
белгіленген диапазон облыстың
оң жақ төменгі бұрышына
Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер.
1. Жұмыстық беттің
атын өзгерту: жұмыстық бетке
сәйкес жарлықтың атына екі
рет шертіледі немесе сол
жұмыстық бетті жою: Правка®Удалить листь немесе бетке сәйкес жарлық контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады.
2.Беттің орнын ауыстыру немесе көшіру: Правка®Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес жарлық контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать листь командаларының бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін Переместить/скопировать листь терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек;
3.Бет қосу: алдына
жаңадан қосылатын бет
Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде “=” белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді. Формула жазудың мысалы: =2*5^3+4 немесе =A1+cos(5.2)
Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады
Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоримт бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-Функция) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі. батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.
Excel программасында күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.
Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:
= СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9, ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді.
=СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.
Функциялардың негізгі категориялары:
«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
ABS (сан) – санның модулі;
COS (сан) – косинусты табу;
EXP (сан) - функциясының мәнін есептеу;
LN (сан)- логарифмді есептеу;
SIN (сан) – синусты есептеу;
TAN (сан) – тангенсті есептеу;
СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;
СУММ(сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді.
«Статические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
МАКС(аргумент1;аргумент2;...) – аргументтің үлкенін анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;...) – аргументтің кішісін анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;...) – аргументтердің кішісін анықтайды;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт;...) – диапозондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды;
Негізгі ұғымдар:
Қорытынды кестелер
үлкен тізімдердегі, мәліметтер қорындағы,
жұмыс кітаптарындағы және т.б. кестелердегі
мәліметтерді талдау, жалпылау және де
басқа мақсаттарға пайдалану үшін қолданылады.
Қорытынды кестелердегі мәліметтер бастапқы
мәліметтермен байланысты болады, бірақ
қорытынды кестелердегі мәліметтер үшін,
мүмкін болған жағдайларда есептеулер
жүргізуге болады. Жалпы қорытынды кестелердегі
мәліметтер өте үлкен мәліметтерге талдау
жасауда өте ыңғайлы құрал. Excel программасында
қорытынды кестелерді мәліметтер қоры
ретінде пайдаланылатын бір немесе бірнеше
үшін кестелердңғ негізінде құрады. Мысалы,
бір өнім түрінің (товардың) түрлі аймақтардағы
сатылу көрсеткішін сипаттау үшін қорытынды
кесте құруға болады.
Негізгі ұғымдар:
Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер базасын жасау, енгізу және өңдеу.
Microsoft Access ақпаратты
сақтау және көрсету үшін
Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен бағандардың қылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттардан тұрады.
Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.
Мысалы, «Құны (Стоймость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон нөмірі» өрісіндегі деректерді телефон нөмірлері санмен жазылса да қосуға болмайды. Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.
Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.
1.Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті - өлшемі.
2.Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін.
3.Күн мен уақытты енгізу өрісі күн/уақыт (Дата/время) типті болады. «Иә немесе жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады.
4.Өрістің ерекше өрісі – Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай деректер сақталатыны атауынан –ақ белгілі. Ақшаның сомаларының көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша бірліктерімен бірге көрсетеді.
5.
Қазіргі кезде деректер
6.Мәтіндік өрістегі бір кемшілік оның өлшемінің шектеулігіне (256 символдан аспайды) байланысты. Егер өріске ұзын мәтін қою керек болса, бұл үшін MEMO типті өріс қолданылады, онда 65 535 символға дейін сақтауға болады.
7.
Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда
бұл қарапайым сандық өріс сияқты, бірақ
оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті
бар. Егер деректер қорында мұндай өріс
болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде,
оған алдыңғы жазбадағы сол өрңстңғ мәнінен
бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі.
Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.
Практика
жүзінде бір-бірімен өзара байланысты
көптеген кестелерден тұратын күрделі
құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді.
Бір – бірімен өзара байланысты кестелерден
тұратын деректер қоры реляциялық деректер
қоры деп те аталады.
Негізгі ұғымдар:
Деректер базасын жасаушы кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізіледі. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.
Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.
Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көрк үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.
Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).
Деректер
базасының кестелеріне
Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:
1)Конструктор – пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.
2) Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.
3) Автопішіндер (Автоформы) – пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.
4) Диаграмма – диаграммасы бар пішінді жасайды.
5) Қорытынды кестесі (сводная таблица) – Excel-дің қорытынды кестесі бар форманы жасайды.
Сұраныс. Сұраныс
бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу
және өзгерту құралы. Сұраныс көмегімен
бірнеше кестелердегі деректерді көруге,
талдауға және өзгертуге болады. Сонымен
қатар сұраныстарды пішіндер мен есеп
берулерге (отчеты) арналған деректер
көзі ретінде қолданылады.
Сұраныстарды жасатудың бірнеше тәсілі бар:
- Конструктор сұратудың кез келген типін өз қалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді
- Қарапайым сұрату. Сұраныс шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұраныстардан таңдама (выборка) жасауға мүмкіндік береді.
- Айқастырылған сұраныс (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұраныс статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде анықтайды.
- Қайталанатын жазбалар
қарапайым кестедегі немесе сұранысдағы
қайталанатын жазбаларды іздетуге сұраныс
жасайды. Ал Записи без подчиненных
пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде
ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды
іздеуге сұраныс жасалынады. Мұндай сұраныс
көп кестелік деректер базасында қолданылады.
Сұраныс типтері
Таңдама
(выборка) Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады
Жаңарту
(Обновление) Бір сұраныстың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.
Қосу
(Добавление) Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады
Жою
(Удаление) Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұранысты жасаудың қағидасы жаңарту сұранысына ұқсас, алайда байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына нұқсан келмеуі керек.
Айқастырылған
(Перекрестный) Айқастырылған сұраныстар – бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel-дің қорытынды (сводная) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұраныстар.
Кесте жасау
(Создание таблицы) Сұраныстың
бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден
керекті деректерді таңдамаға қарапайым
сұраныс жасап, іріктеуге мүмкіндік береді.
Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады.
Жаңа кестенің құрылымы сұраныс нәтижесінде
алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.
Сұранысдағы есептер
Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы кестелерде мұндай өріс жасалынбайды және кестенің қарапайым сұранысында өзгертілмейді. Сұраныс арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.
Негізгі ұғымдар:
Есеп беру – бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.
Есеп беруді өз қалауымыз бойынша Конструктор көмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқауларын қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер көмегімен жасауға болады.
Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:
1) Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді,
алайда бұл тәжірибелі қолданушыға да оңай емес.
2) Есеп беру шебері
(Мастер отчетов) кестеден
3) Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоочет ленточный) – есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны. Қалғанын есеп беру шебері өзі атқарады.
4) Диаграмма шебері.
(Мастер диаграммы) есеп
5) Пошталық жапсырмалар. (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды
Turbo Pascal-ды шақыру жолдары әртүрлі:
Мысалы: С:/ТР/ TURBO немесе С:/ТР7/ TURBO.ЕХЕ (экзейт)
Шығу:
Alt+X (латынша)
Turbo Pascal экраны төрт бөліктен тұрады: басты меню, редакциялау терезесі, шығару терезесі, анықтама жолағы.
Экранды бірнеше бөлікке бөліп қарауға болады.
1. Меню – (главное меню) – бас меню.
File, Edit, Search, RUN, Compile Девид Fools, Options
4. Редактор терезесі – ортаңғы бөлік.
Ол қос қабат сызықтармен қоршалған және программа тексін енгізіп, оны түзетулерге арналған. Жоғарғы жолда программа, тексті оқылған файл атауы келтіріледі. Жаңа файлға NONAMEX.PAS – атауы меншіктеледі. Тышқан сілтегішпен жұмыс жасағанда пайдаланылатын екі алаңқайлар квадрат жақшаларымен ерекшелінген.
[■]и
[ ] 1- терезенің
нөмірі
Turbo Pascal – да бір уақытта бірнеше терезелермен жұмыс жасауға болады. Біруақытта тоғыз терезеге дейін қатар пайдаланылады.
Редактор терезесінен басқа Turbo Pascal-да:
1.Ақпарат терезесі (информационные окна)
2.Сұхбат орнату терезесі (Окна диалога)
3.Менюлер терезесі (Окна меню) жұмыс жасайды.
Қажет жағдайларда,
оларды бірінен соң бірін шақыруға болады,
немесе бір уақытта да экранға шығарыла
алады.
Функциональдық батырмалардың атқаратын қызметтері
Функционалдық батырмалар Turbo Pascal – ортасында басқару жұмыстары үшін пайдаланылады.
Alt (от Alt Ternative – дополнительный) - қосымша
Ctrl (Control - управление) - басқару
Shift (SHIFT - сдвиг) – ығысу пернелері қоса пайдаланылады.
F1- анықтама алу
F2 – редакцияланған текстіні дискілік файлға жазу үшін
F3 – дискілік файлдан
редактор терезесіне тексті
Ғ4 – түзету режимінде пайдаланылады: программаны орындауды бастау немесе жалғастыру немесе курсор тұрған жолды орындау алдында тоқтату
Ғ5 – белсенді (активное окно) терезені толық экранға айналдыруға
Ғ6 – келесі терезені белсенді терезеге айналдырады
Ғ7 – түзету режимінде пайдаланылады:
- программаның келесі жолын орындауға;
Ғ8 – түзету режимінде пайдаланылады:
- программаны келесі жолын орында (егер процедура немесе функцияға сілтеме болса);оны орындап, оның жұмыс режиміне көңіл аудармау
Ғ9 – программаны компиляция жасау
Ғ10 – бас менюге шығу арқылы таңдаудың сұхбат режиміне көшу;
Ctrl
+ Ғ9 – программаны толық
Alt+X - Turbo Pascal – дан шығу
Alt+F5 – арқылы кезкелген уақытта нәтижені қарап, тексеріп отыруларыңа болады
Exit – вернуться – қайта оралу
Курсорды ығыстыру (смещение) командылары:
Pg Up – бір бетке жоғары Pg Dn – бір бетке төмен
Home – жол басына End – жол соңына
Ctrl+PgUp
– текстінің басына Ctrl+PgDn – текстінің
соңына
Стандартты функциялардың берілу түрлері
Математикалық Паскал тілінде
Sqrt(x)
Abs(x)
Sqr(x)
Sinx Sin(x)
Cosx Cos(x)
Exp(x)
Exp(x+ln(a))
Tgx Tan(x)
Lnx Ln(x)
X –тақ болса Odd(x)
А-ны В-ға бөлгендегі қалдық A mod B
Егер шарт онда 1-серия
әйтпесе 2-серия
Мұндағы 1,2-ші операторлардың өзі қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.
Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда THEN (онда) сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады, онда 2-серия операторлары орындалмайды.
IF сөзінен соң жазылатын шартты жазу үшін Паскаль тіліндегі өрнектерді салыстыру:=, >,>=, <, <=,<> белгілерін пайдаланады.
Негізгі ұғымдар:
Көп жағдайларда аргументтердің әртүрлі мәндері бойынша (алгоритмнің белгілі бөліктерін немесе) программаның бірнеше операторлар тобын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін цикл операторлары пайдаланылады. Қайталанушы бөліктер әртүрлі заңдылықтар ережелер бойынша құрастырылады.
Паскаль тілінде қайталау процесін 3 түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:
1. Жалғасу шартымен берілген циклдер
2. Аяқталу шартымен берілген циклдер
3. Параметрлі цикл мәні бойынша қайталауды ұйымдастыру
Бұл қайталаудың қай-қайсысын алсақ та, олар қайталау операторларының көмегімен жүзеге асырылады.
Жалғасу шартымен берілген шарт бойынша қайталау.
Бұл қайталау көп жағдайда қайталаудың саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Құрылымы:
WHILE шарт DО
BEGIN cерия
END;
Аталған операторды жалпы түрде былай да жазуға болады:
WHILE В DО Р;
Мұндағы В- шарт (логикалық өрнек), Р-операторлар.
Келтірілген оператор былай орындалады. Алдымен, шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, онда циклдың денесі орындалады. Содан соң қайтадан шарт тексеріледі және тағы сол сияқты, бұл процесс қашан шарт сақталудан қалғанша қайталанады. Егер шарт сақталмаса, басқару операторлық жақшаның соңында тұрған операторға көшіріледі. Басқаша айтқанда, логикалық өрнектің мәні қашан жалған болғанша циклдің денесі қайталанып орындала береді. Егер қайталаудың денесі бірнеше оператордан құралса, онда олар BEGIN-END қызметші сөздерінің арасына алынып жазылады. Ал, егер циклдің денесі бір ғана оператордан тұратын болса, онда оны операторлық жақшасыз да жазуға болады.
Егер шарт жалған болса, онда цикл денесі бірде-бір рет орындалмайды
Аяқталу шарты бойынша қайталау операторы.
Бұл оператор да
көптеген жағдайларда қайталаудың
саны белгісіз болған кезде
пайдаланылады. Құрылымы:
REPEAT Цикл денесі UNTIL шарт;
Бұл оператор да көптеген жағдайларда қайталаудың саны белгісіз болған кезде пайдаланылады.
Мұндағы REPEAT –қайтала, UNTIL – соған дейін қызметші сөздері.
Оператордың орындалуы: қашан логикалық өрнектің мәні ақиқат болғанша циклдің денесі қайталана береді. Бұл оператордың WHILE …DO циклынан айырмашылығы циклдың денесі кемінде бір рет орындалады. Демек, операторда алдымен циклдың денесі орындалады да, одан соң шарт тексеріледі. Оператордың соңы UNTIL қызметші сөзімен аяқталатын болғандықтан, мұнда BEGIN және END қызметші сөздері жазылмайды. Егер циклдың денесінде шартсыз көшіру операторы болып, ол циклдың сыртындағы оператордың белгісіне басқаруды берсе, онда циклдың орындалуы ары қарай жалғаспайды.
Массив дегеніміз –

- Казақстанның шағын және орта кәсіпорынды дамыту жолдары
- Казақстан республиканын ұлттық банкі
- Казақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
- Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау
- Казақстан тарихының кезеңделуі
- Казақстан топырағы
- Казақстан ұлттық банктің пайыздық саясаты
- Кадры управления и требования к ним предьявляемые
- Кадры управления организацией
- Казакстандагы шагын жане орта бизнес
- Казакстан Республикасынын улттык валютасын ныfайту меселелерi
- Казактардың Оңтүстік Қазақстанға енуі
- Казақ поэзиясы және Сырбай Мәуленов
- Казақстандағы қысқа мерзімді банктік несиелеу