Керамика технологиясы
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 |
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы |
5 |
2 |
Технологиялық бөлім |
6 |
2.1 |
Шикізат, өндіру әдісін талдау |
6 |
2.2 |
Цехтің тәртібі және есебі |
9 |
2.3 |
Техникалық сұлба, негізгі техниканың құралдарды таңдау және есептеу |
11 |
3 |
Сапаны бақылау |
14 |
4 |
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау |
22 |
Қорытынды |
24 | |
Қолданған әдебиеттер тізімі |
26 |
Кіріспе
Керамика өндірісі халық шаруашылығының ең маңызды саласы.
Керамика қазіргі күнге шейін өзектілігін жоғалтпаған ең ежелгі құрылыс материалы болып табылады.
Керамика-деп keramike грек сөзі (keramos- сөз деген сөзден шыққан)-қыш өнері деген мағынада. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалапталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.
Керамикалық материалдардың
әртүрлі өндіріс салаларында
кеңінен қолданылуы, оның ұзақ мерзімділігі
мен жоғары көркемдік-безендіру
және эксплуатациялық сапалылығымен,
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құрылыста ерекше орынды құрылыстық керамика алады, оған қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар, қасбеттік (плиткалар, беттік кірпіш), жабындық (черепица), канализациялық және дренаж құбырлары, санитарлық-техникалық (жуыну үстелдері, ванна және т.б.), еденге арналған қаптағыш плиткалар, қышқылға төзімді бұйымдар жатады. Сонымен қатар, құрылыстық керамикалық материалдарға бетонға арналған толтырғыштар да кіреді (керамзит, аглопорит).
Керамика біздің ерте
заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық
өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы
дамуы орыс ғылымдарының еңбектерімен
байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе
акдемик В.И.Вернадскийдің және проф. А.П.
Земятченскийдің керамика өндірісіне
керекті шикізат қасиеттерін зерттеу
жұмыстары, академик П.П.Будниковтың Д.Н.
Полубояриновтың, А.К.Киптенко және т.б.
ғылымдардың крамикалық материал өндірісін
жетілудіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық
өнеркәсіптің жан-жақты дамуына,
сан-алуан құрылыстық керамиканы жергілікті
шикізаттар негізінде қалыптасқан технологиясымен
жасап шығаруға және санын көбейтіп, сапасын
жақсартуға ғылыми-өндірістік әсер етеді.
Керамикалық өнеркәсіпте қолданатын негізгі шейкі заттар-саздар мен каолиндер.
Дегенмен, металлургия, электротехника, радиотехника өндірістерінде қолданатын аспаптар жасау қажеттігі және т.б. өндірістерінің қатандау және жеке талаптары таза тотықтар, карбидтер, нитридтер, боридтер және т.б. с.с. қосындылар негізінде отқа тұрақты, электроайырушы және т.б. техникалық керамика материалдарын өндіруге сабепкер болды. Олардың кейбіреулерінің балқу температурасы 3500-40000 С дейін жетеді.
Әсіресе, металл мен керамикадан тұратын керамет деп аталатын бұйымдарының практикалық маңызы орасан зор. Ауыспалы құрамдағы отқа берік материалдар тамаша қасиеттері бойынша теңі жоқ қазіргі өндірістерде қолданатын жаңа материалдар өкілі. Бұл материалдардың бір беті қиын балқитын таза металдан тұрады да, екінші беті-отқа берік керамикалық материалдардан, мысалы, бериллий оксидінен жасалынады. Осы аталған екі қабат аралығындағы материалдар құрамы кілт өзгермей біртіндеп жұмсақ өзгеретіндіктен, материалдардың жылулық соққыға тұрақтылығы басым болады.
Әдістемелік нұсқаулықта сазды шикізат пен қоспаны, беттік, қасбеттік әрлеу, еденге арналған плиталарды зерттеудегі заманауи әдістер мен құрылыстық керамика өнеркәсібіндегі механикалық жабдықтар қолданылған.
Курстық жұмыстың мақсаты – құрылыстық керамика технологиясы.
Жұмыстың міндеттері:
- шығарылатың өнімнің номенклатурасы ашу;
- технологиялық бөлім есептеу;
- сапаны бақылау ашу;
- еңбек және қоршаған ортаны қорғау көрсету.
1 Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
Фасадты керамикалық
бұйымдар ғимараттардың қасбеттік
бөлігін өңдеу кезінде
Фасадты плиткалар, сондай-ақ, сатылы торлар қабырғаларын, йехтардың ішкі көріністерін, асхана қабырғаларын қаптауда қолданылады. Әйнекеймен (глазурьмен) қапталған плиткалар да кең тараған. Сонымен бірге фасадты керамикалық материалдарды терезе астын төсеуші, ернеуді өңдеуде жиі қолданады.
Фасадты қаптамалық керамикалық материалдарды шартты түрде келесідей негізгі үш топқа жіктейміз:
- беттік кірпіш және беттік тастар;
- қаптамалық фасадты плиталар (плиткалар);
- архитектуралық-көркемдік детальдар.
Беттік кірпіш пен тастар бетінің жазықтығы түріне байланысты жазық немесе профильді, фактураланған, тегіс немесе рельефті суреті бар, арнайы қабатпен (ангоб, глазурь) қапталған немесе қапталмаған болып өндіріледі. Арнайы қабатпен қапталмаған бұйымдарды көбінесе терракота, қалың глазурьмен қапталғандарды – майолика деп атайды.
Терракотты бұйымдар - суреті мен түсін келтіріп болған соң, глазурьланбаған қаптағыш материалдардың күйдірілген түрі.
Майоликті бұйымдар – күйдіру кезінде табиғи түсті қабылдайтын немесе түсті глазурьмен жабылған қаптағыш керамикалық бұйымдар. Ондай плиткалармен қапталған ғимараттар қасбеттері кілемге ұқсас болып келеді. Өндірілетін бұйымдардың түсі әр түрлі болуы мүмкін: ақ түс пен ашық түстерден қара түске дейін (түрлі түсті бұйымдар).
Фасадты қамтамалық плиталар (ГОСТ 6664-59) қабырғамен жанасу әдісінің конструкциясы түріне байланысты келесідей жіктеледі:
- бекітілмейтін,оларды қалау
- бекітілетін, арнайы бөлшегі бар,қабырғаны көтеру кезінде оған қоса қаланады.
Әдетте плиталар (плиткалар) цемент
араласпасымен қабырғаға
ГОСТ 6664-59 талаптарына сай плиталардың биіктігі, ұзындығы және ені бойынша өлшемдері ауытқуларының рұқсат етілген шегі келесіден артпауы керек:
215 х250 мм-ден үлкен өлшемдегі плиталар үшін сәйкесінше;
- +3; +5 және +3 мм;
- 215 х250 мм-ден кіші өлшемдегі плиталар үшін сәйкесінше:+2;
+3 және +3 мм.
2 Технологиялық бөлім
2.1 Шикізат, өндіру әдісін талдау
Керамикалық бұйымдар жасайтын шикізат массасы әдетте пластикалық (саз, каолин) және пластикалы емес материалдардан (азайып немесе күйіп кететін үстемелер, балқитындар) құрайды. Саздар мен каолиндерді сазды материалдар деген бір атпен біріктіреді. Бір қатар қолтума күйдірме материалдарды өндіруге диатомиттерді, трепелдерді, сондай-ақ таза немесе саз қосылған сланцыларды, енін өзгертуші және т.б. үстемелерді пайдаланады.
Сазды материалдар және олардың керамикалық қасиеттері. Саздар жұқа жерлік құрылымдағы шөгінді тау жынысы болып табылады. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және беріктік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпаты жыныстарын желдетудің нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдардың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең таралғандарды каолиниттілер (каолинит және галлуазит ), монтмориллониттілер (монтмориллонит- ), бейделлит - (және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі) болып табылады.
Саз түзуші материалдарымен қатар саздарда кварц, дала шпаты, күкіртті колчедан, темір тотығының гидраттары, кальций мен магний карбонаттары, титанның, ванадий құрамалары, сондай-ақ органикалық қоспалар кездеседі. Аталмыш қоспалар керамикалық бұйымдардың технологиясына да, қасиетттеріне де әсер етеді. Мәселен, ұнтақтап таратылған көмір қышқыл кальций мен темір тотықтары саздың отқа төзімділігін төмендетеді. Егер сазда көмір қышқылды кальцийдің ірі түйірлері болса, күйдіру кезінде олардан ауада аумағының ұлғаюымен («үрнемелер») гидраттанатын әк қоспасы пайда болады да, ол бұйымда жарықшақ пайда болуына немесе оның бұзылуына әкеліп соғады.
Негізінен каолиниттен тұратын барынша таза саздарды каолиндер деп атайды.
Саздың құрамына көлемі әр түрлі түйірлер енеді, бірақ сазға тән жоғары майысқақтық пен байланыстырғыш қабілет оның құрамында көлемі 0,005 мм-ден аспайтын пластинка тәріздес өте майда бөлшектердің болуына байланысты. Бұл бөлшектер сазды заттар деп аталады. Бөлшектердің көлемінің шағындығы, сондықтан да жиынтық бетінің үлкендігі, әрі пластинка тәріздес түрлі бөлшектердің байланысуын қамтамасыз етеді, олардың бір-біріне қатысты байланысты жоғалтпастан жылжуына мүмкіндік береді. Саз құрамындағы сазды заттар қаншалықты көп болса, олардың иілгіштігі да соншалықты жоғары болады. Көптеген сазда иілгіштік қасиеті жоқ барынша ірі бөлшектерде де бар. Түйіршіктердің көлемі 0,005-тен 0,05мм-ге дейін болса – тозаң, 0,005-ден 2 мм-ге дейін – құм, ал 2 мм-ден жоғары болса – қоспалар деп аталады.
Саздардың керамикалық қасиеттері, иілгіштігі мен байланысқандығымен және байланыстырғыш қабілетімен, кептіру мен жоғары температура әсеріне қатынасымен сипатталады.
Саздың иілгіштігі деп саз қамырының сыртқы механикалық күштерінің әсерінен тұтастығын бұзбай (үзілмей және жарықшақсыз) деформациялануға және бұл күштердің әсері тоқтаған соң, түскен қалпын сақтауға қабілеттілігін айтады. Саз бұйымдарын қалыптау мүмкіндігі міне осы қасиетіне негізделген.
Иілгіштікті түрлі тәсілдермен айқындайды. Иілгіштікті ыңғайлы қалыптасатын масса алуға қажетті су мөлшері және сазды қамырдың кебініп азаюы мәні бойынша анықтау тәсілі кеңінен таралған. Саздың иілгіштігі жоғары болған сайын ол ыңғайлы қалыптасатын масса алуға қажетті суды соғұрлым көп қажет етеді және ауада кебініп тұлғасының азаюы соғұрлым жоғары болады. Жоғары иілгіштікті саздардың су қажеттілігі 28%- тен жоғары, ауа шөгінуі – 10-15%. Орташа иілгіштікті саздар 20-28% су қажеттілігімен және 7-10% ауада шөгілуімен сипатталады. Иілгіштігі төмен саздардың су жұту қажеттігі 20%- тен аз, ал ауада шөгілуі 5-7%- ке тең.
Өте иілгіш саздан жасалған бұйымдар кепкен кезде аумағы жағынан көп кішірейеді де жарылады. Бұл өндірісте жол беруге болмайтын нәрсе. Иілгіштігі төмен саздар және одан жасалған қамыр қиындықпен қалыптасатындықтан жұмысқа қолайсыз, сондықтан саздың иілгіштігін жиі реттеуге тура келеді. Саздың шамадан тыс иілгіштігін оған азайтатын қоспа енігізумен немесе иілгіштігі төмен саз қосумен жоюға болады. Ал иілгіштік жеткіліксіз болғанда сазды құмнан арылтып елейді, ашық аспан астында ұстайды, арнайы машинамен майдалайды, бумен өңдейді, ауасыздық жағдайда ұстайды, сондай- ақ иілгіш саз қосады. Осы процестердің нәтижесінде саздың дисперстілігі артады, ісінуі жақсарады және иілгіштігі мен қалыптасу қабілеті артады.
Байланыстылық және байланыстыру қабілеті. Саз бөлшектерін ажыратуға қажетті күш оның байланыстылығын сипаттайды. Жоғарыда атап көрсетілгендей саздың байланыстылығы сазды зат бөлшектерінің шағын көлемі мен пластинкалы түріне негізделген. Құрамында сазды фракция аса көп саздардың байланыстылығы жоғары болады.
Саздың байланыстыру қабілеті оның иілгіш емес материалдарының бөлшектерін /құм, шамот. т.б./ байланыстырып, кепкенде барынша берік бұйым / күймеген қыш/ түзуімен бейнеленеді.
Ауадағы шөгінуі. Қалыптау массасының қажетті иілгіштігіне қол жеткізу үшін оған саздың аумағын ұлғайтатын /ісінуі/ су енгізеді. Кептіру барысында су буланып кетеді де шикі бұйымның көлемі мен аумағы кішірейеді. Бұл құбылыс оның ауадағы шөгінуі деп аталады. Саздың ылғалдылығы жоғары болғандаға шөгіну деформациясында ішінара сумен толтырылған капиллярдағы күш тепе- теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де капиллярлық қысым күштері ерекше мәнге ие болады деп есептеуге негіз бар. Ылғалдылық азайған сайын, отыру деформациясының пайда болуына да сазды минералдардың бетіндегі су қабыршығы қалыңдығының кішірейюіне орай, өсетін осмотикалық қысым мен молекула аралық тартылыс күштері барған сайын басты роль атқара бастайды. Ауада шөгіну шикі бұйымның бастапқы өлшемінің процеттік қатынасымен бейнеленеді.
Саздың отты шөгінуі. Саздың неғұрлым тез балқитын құрамасы күйдіру кезінде сұйық қалыпқа өтеді де балқымай қалған бөлшектерін қамтиды және олардың сұйық фазадағы беттік тартылыс күштерінің әсері күйдірілетін саздың қатты бөлшектерінің жақындасуын тудырады, оның аумағы кішірейеді, яғни отты шөгіну болады. Саздың құрамында кварцты құм көп болған жағдайда шөгу болмауы да мүмкін немесе тіпті материалдың ісінуі байқалады, ол кварцтың қыздырғанда аумағы ұлғайып, өзге кристалдық формаға көшуімен байланысты. Саздың отты шөгінуі оның түріне байланысты да 2- ден 6% - ке дейін болуы мүмкін. Саздың толық шөгінуі деп ауа және от шөгіндісінің жиынтығын айтады. Толық шөгіну әдетте 5- 18% - ке дейінгі аралықта болады. Белгілі өлшемдегі бұйымдар алу үшін толық шөгінді қалыптау кезінде, тиісінше қалып өлшемін ұлғайта отырып ескереді.
Отқа төзімділік. Құрамының әр түрлі болуы себепті саздардың белгілі бір балқу температурасы болмайды. Жоғары температураның әсері кезінде олар жұмсарады да, біртіндеп деформацияға ұшырайды. Саздың жоғары температура әсеріне деформацияланбай төзу қасиетін отқа төзімділік деп атайды. Отқа төзімділігі бойынша саздың үш тобын ажыратады: отқа төзімді /отқа төзімділігі 1580°С- ден жоғары/, баяу балқитын /1350 - 1580°С/ және тез балқитын /1350°С- ден төмен/. Отқа төзімділер қатарына құрамында қоспасы аз каолинитті саздарды жатқызады. Мұндай саздарды фарфор, фаянс және отқа төзімді бұйымдар жасауға қолданады. Баяу балқитын саздардың құрамындағы темір тотықтары, кварцты құм және басқа да қоспалар отқа төзімділігіне қарағанда елеулі көп болады да, олар баяу балқитын, қаптама және беттік кірпіштер, еден мен канализация құбырларына арналған плиталар жасауға пайдаланылады. Тез балқитын саздар минералогиялық құрамы жағынан алуан түрлі, құрамында елеулі дәрежеде қоспалар болады. Оларды кірпіш пен черепица өндіруде, жеңіл толтырғыштар жасауда, т.б. қолданады.
Иілгіш емес материалдар. Сазға да, одан жасалған бұйымдарға да қажетті қасиеттер беру үшін сазға түрлі қоспалар енгізеді.Жүдеулеткіш материалдарды иілгіш саздарға кептіру және күйдіру кезіндегі шөгінуді азайтып, бұйымда жарықшақтар мен деформацияларды болдырмау үшін қосады. Бұл мақсатта сусыздалған сазды, шамот, шлактарды, күлді, сондай- ақ бірқатар табиғи материалдарды пайдаланады /кварцты құм, тозан тектес кварц/. Сусызданған сазды кәдімгі сазды шамамен 500 -700°С- ге дейін /бұл температурада ол иілгіштігін жоғалтады/. Қыздыру арқылы алады. Шамотты негізінен отқа төзімді немесе баяу балқитын саздарды 1000- 1400°С- де күйдіріп, уату арқылы алады. Қуыс түзуші материалдарды шикізат массасына бос қуыстылығы жоғары, жылу өткізгіштігі төмен жеңіл керамикалық бұйым алу үшін енгізеді. Ол үшін күйдіргенде газ бөлінуімен ыдырайтын, мәселен, /ұстатылған бор, доломит, т.б./ заттар пайдаланылады. Мұндай қоспалар сонымен бірге жүдеулеткіш болып та табылады.
Балқытатындарды сазға оның /дала шпаты, темір рудасы доломит, магнезит, тальк, т.б./ пісу температурасын төмендету қажет болғанда қосады.
Түрлі-түсті керамиканың бірқатар түрін алу үшін шикізат массасына металл тотықтарын /темір, кобальт, хром, т.б./ қосады.
Әйнекейлер мен ангобтар. Сыртқы әсерлерге төзімділік, су өткізбеушілік қасиеттерін және белгілі бір сәнді түр беру үшін бірқатар керамикалық бұйымдардың бетіне әйнекей немесе ангоб жағылады.
Керамикалық материалдардың бетіне жағылған шыны түріндегі әйнекей қабатын жоғары температурада күйдіру арқылы бекітеді. Олар түрлі- түсті мөлдір және мөлдір емес күңгірт солғын болуы мүмкін.
Ангобты ақ немесе түрлі-
түсті саздан жасап, жұқа етіп шикі
бұйым бетіне жағады. Әйнекейден айырмашылығы,
ангоб күйдіргенде балқыма
2.2 Цехтің тәртібі және есебі
Цехтың орналастыруы өндiрiстiк, көтергiш-көлiк тағы басқа жабдықты орналастырылу, өндiрiстiк жиhаздың жоспары, жұмыс орыны, жүрiп өтулер, өтулер болады. Орналастыруларды жобалаудың жанында келесi негiзгi талаптар ескеруi керек:
- жабдық және жұмыс орыны технологиялық үдерiс, бақылау және шикiзаттардың өткiзуiнiң операцияларының орындауы немесе дайын өнiмнiң тiзбегiмен сәйкес орналастыру керек;
- орналастыру машиналар және олардың қызмет көрсетуiнде жұмыс iстегенденiң ыңғайлылық және қауiпсiздiк, материалдар және шикiзаттардың жабдығына монтаж, бұзу және жабдықтың жөндеуiн мүмкiндiк, берудiң оралымдылық және өнiмнiң шығарылымы жұмыс орынындағы НОТтың талабы есепке ала қамтамасыз етуi керек;
- орналастыру қолданылатын
көлiк құралдарымен
- орналастыру солқылдақ болуы керек, яғни қайта жоспарлауды мүмкiндiк жабдықтың алмастыруы, технология немесе өндiрiстiк процесстi ұйымның өзгерiсiнде қамтамасыз ету.
Орналастырудың үстiнде жұмыс көрcетiлген талаптармен сәйкес цехтың құрастыру жоспарында жабдықтың габариттерi және жұмыс орындарының өте тиiмдi орналастыруына апарады. Жұмыс орыны және машиналардың арасындағы қашықтық, ғимарат, сонымен бiрге жүрiп өтулер және өтулердi ен олармен және ең жақын құрастырымдық элементтердiң арасындағы технологиялық жобалаудың нормаларымен бекiтiледi. Бас өтулер кемiнде 1, 5 метрдiң енiн алуы керек, қосалқы - кемiнде кемiнде 1 метр. Өту және жүрiп өтулер түзу болуы керек, шұғыл бұрылуларсыз.
Мысалы № 1 цех өңдеуге шикізат кіріске алды 5000кг., оның 4375кг. өңдеуге №2 цех босатты, № 2 цех 4000кг. №3 цехқа босатты, дайын өнім 3750кг. шығарылды. Осы қозғалыстар барысында өндірісте ешқандай қоқыс және ақау шығындар болған жоқ (1кг. шикізат 1кг. дайын өнім шығарылды).
Сонда, 8000бөлімнің шоттарында болды:
- Шикізат 5000кг. 375тг. 1 кг. болады 1875000тг.- өңдеу жұмыстардың шығындары - №1 цех бойынша - 98750тг.;
- № 2 цех бойынша - 64500тг.;
- № 3 цех бойынша - 97500тг.
Барлығы:
- 260750тг., осыдан №2 цехқа босатылған 4375кг. х 375тг. = 1640625тг.;
- өңдеу шығындары – 98750тг.
Барлығы 1739375тг., сонда № 1 цехтың жасаған өнімінің өзіндік құны болады (1739375 : 4375) = 397,57тг., бухгалтерлік жазба болады
Д 8010 К 8020 1739375тг.
Енді № 2 цех бойынша, оның өзіндік құны 4000 х 397,57 = 1590280тг.
Және өңдеу шығындары 64500тг., барлығы болады 1654780тг.: 4000 = 413,70тг., бухгалтерлік жазба болады Д 8010 К 8020 1654780тг.
Енді шығарылған дайын өнімнің 3750кг. өзіндік құны болады:
3750кг. х 413,70тг. = 1551375тг., өңдеу шығындары 97500тг., барлығы болады 1648875тг. бухгалтерлік жазба болады Д 8000 К 8010,8020 және дайын өнім Д 1320 К 8000,8010 1648875тг., сонда № 1цехта қалды қалдық (1973500 – 1739375) = 234125тг., өзіндік құн 625кг. 375теңгеден;
№2 цех бойынша қалдық қалады 149095тг. (1803875 – 1654780), 375кг. жартылай фабрикат 397,57теңгеден;
№ 3 цех бойынша 103408тг. (1750280 – 1648875), 250кг.жартылай фабрикат 413,70теңгеден.
1- кесте - Цехтың шығындары
№1 цехтың шығындары | |
Шикізат 5000кг. 375теңгеден = 1875000тг. Өңдеу бойынша шығындар 5000кг. 98750тг. Барлығы |
Жартылай фабрикаттың өзіндік құны 4375кг. 1739375тг. |
№2 цехтың шығындары | |
№ 1 цехтың жартылай фабрикаттары 4375кг. 397,57теңгеден = 1739375тг. Өңдеу бойынша шығындар №1 цехтың 4375кг. 64500тг. Барлығы |
Жартылай фабрикаттың өзіндік құны 4000кг. 1679780тг. |
№3 цехтың шығындары |
1320 «Дайын өнім» шоты |
№ 2 цехтың жартылай фабрикаттары 4000кг. 413,70теңгеден = 1654780тг. Өңдеу бойынша шығындар №2 цехтың 4000кг. 97500тг. Барлығы |
3750кг. дайын өнімнің өзіндік құны 1648875тг. |
2.3 Техникалық сұлба, негізгі техниканың құралдарды таңдау және есептеу
Керамика кiрпiшiн өндiрiстiң технологиялық сұлбасы 1 суретте көрсетілген.
Нәзiк ұнтақтың вальцтерi
Пресс шүмектiк вакуум
Көп iшектi кесудi сызық
Вагонетка кептiргiш
Итергiш арған
Арба Электропередаточная
Туннелдi кептiргiштердiң блогi
Арба Электропередаточная
Итергiш шынжырлы штанга
Автомат - садчик
Өртейтiн вагонетка
Итергiш шынжырлы штанга
Арба Электропередаточная
Итергiш бұрандалы механикалық
Туннелдi пеш
Итергiш шынжырлы штанга
Арба Электропередаточная
Итергiш шынжырлы штанга
Маневрлiк құрылым
Байлағыш автомат
Ораушы
Дайын өнiм қоймасы
1 сурет - Керамика кiрпiшiн өндiрiстiң технологиялық сұлбасы
Шихта оның (8-10 мм Валкалардың арасындағы саңылау) ұсақтауында болған нәзiк ұнтақтың вальцтерiнде тасиды. Осыдан кейiн қайта өңдеген массаны шүмектiк вакуум прессiне майысқақ қалыптауларға әпередi. Онда тап қалған көлденең қиманың үздiксiз лентасының түрiндегi массаның тығыздауы және сығуда болады. Толық денелi кiрпiш үшiн сығуды қысым болуы керек0, 9 МПа. Вакуум-камераға ыдырау 0, 084 МПаны құрайды.
Үздiксiз лента кептiргiш вагонеткаларға көп ағымды кесу және кiрпiш-шикiзаттың қалауын сызыққа әпередi. Сызық бұл ары қарай тасымалдау және тоқаш үшiн кептiргiш вагонеткаларға кiрпiш және қалауға үздiксiз брустiң кесуiнде болады. Кептiргiш шеңберде кiрпiштi сан 9-11 даналарды құрайды. 972 даналардың консолды вагонеткасында толық денелi кiрпiш-шикiзаттың жалпы саны. Толық денелi кiрпiштi шикiзаттың жуандығы 67-69 мм болуы керек. Кептiргiш вагонеткаларға кiрпiш-шикiзаттың қалауларынан кейiн ол арқандық итергiш және берiлiс арба көмегiмен туннелдi кептiргiштерде тоқаштарға әпередi. Тоқашпен буланудың материалдарының ылғалды жоюды процессi деп аталады. Керамика бұйымдарының тоқашының жанында сазды бөлшектердiң гидрат қабықтарының жуандығы кiшiрейту оларды көлемi кiшiрейту есебiнен болады, сонымен бiрге шикiзаттың берiктiгi жоғарылайды. Кiрпiштi тоқаштың процессi 3 мерзiмде жiктеледi: тоқаштар және тоқаштың баяулатылған жылдамдығының бұйымдардың қыздыруы, тұрақты жылдамдығы.
Бұйымдардың қыздыруын мерзiмге материал тұжырымдалатын жылу жылу шығаратын заттың температурасына бастапқы температурасынан материалдың жылытуына шығын шығарады. Шикiзат бұл дымқылдықта азын-аулақ өзгередi. Бұйымның iшкi жiк түсетiн ылғалдың тоқаштың тұрақты жылдамдығының мерзiмiне беттi олардан буға айналады. Болғанша, бұйымдардың бетiндегi дымқылдығы тоқаштың жылдамдығы тұрақты азаймаюға болып қалады. Бұйымдардың дымқылдықтың тоқаштың баяулатылған жылдамдығының мерзiмiне ең төменгi қалдық санға дейiн бiртiндеп азаяды. Кiрпiш-шикiзаттың тоқашы туннелдi кептiргiштерде iске асады.
Тоқаштардан кейiн берiлiс арба және шынжырлы штангiлiк итергiш, автоматпен құрғатылған шикiзат көмегiмен кептiргiш вагонеткалармен жүк түсiредi және өртейтiн вагонеткаларға артық тиейдi. Өртейтiн вагонеткаларға кiрпiштi саны 4320 даналарды құрайды. Вагонетканың алдыңғы өлкесiнен қашықтық 270-420 мм отырғыш.
Вагонетканың өлкесiнен бiр бүйiрденнiң қашықтық кемiнде 165 мм отырғыш. Кiрпiш осыдан кейiн туннелдi пешке күйдiрулерге әпередi. Кiрпiштi күйдiру қорытынды және өндiрiстiң технологиялық үдерiсiн барлық мүмкiншiлiк физикалық-механикалық және дайын бұйымдардың химиялық қасиет анықтайтын өте маңызды кезең болып табылады. Кiрпiш жымдасудың нәтижесiнде нығызданып қатайтады.
Өндiрiс қуаты - бұл барынша номенклатураға және ассортимент тап қалған күйiнде уақыт бiрлiгi етiптiң өнiм өндiру өндiрiстiк жабдықты толық қолдануда болуы мүмкiн және аудандар, алдынғы технологияның қолдануы, өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыруды жақсартуды есепке алумен, биiк өнiм сапасының қамтамасыз етуi.
Кәсiпорынның өндiрiс қуаты.
M = Tm * П = 1360 * 330 = 448800
Tm = 330 дн қайда – барынша бот жабдықтардың уақытының жылғы қоры болуы мүмкiн;
П = 1360 т/сут - жабдықтың бiр бiрлiгiнiң өнiмдiлiгi, табиғи өрнекте.
Аналогтiң нақты өндiрiс көлемiн құрайды 250 000 м2
Q =250 000 м2
Уақыттың нақтылы аралығына қуаттардың қолдануының деңгейi:
Кфакт = Q / M = 250 000 / 448 800 = 55,7%
3 Сапаны бақылау
Керамикалық кірпіш пен тасты саздан, сонымен қатар диатомит, лесс және өндіріс қалдықтарынан минералды, органикалық қоспалармен немесе қоспасыз дайындайды. Оларды ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғалары мен басқа да элементтерін қалауға және қабырғалық панель (екі- және үш қабатты) және блоктар дайындау үшін пайдаланады.
Кілемдік жұқа қабатты плиткаларды өлшемдері 464х722 мм-ге дейін, ені бойынша саны 9 бен ұзындығы бойынша саны 14 плиткаға жететін тік төртбұрышты кілемшелер ретінде қағазға жабыстырылған күйде шығарады. Өлшемдері бойынша ауытқулардың рұқсат етілетін шегі - +1мм, кілемге жиналған плиткалар арасындағы тігісі бойынша - 4мм+1мм, кілемнің өлмемдерден ауытқуы - +3мм.
Плиткаларды қабырғалық панельдер және ірі қабырғалық блоктарды қаптауда қолданады.
Плиталардың қысу және майысу кезіндегі брутто қимасы бойынша беріктік шегі келесі кестеде көрсетілген мәндерден төмен болмау керек.

- Керамичекая плитка
- Керамическая и фарфоровая посуда
- Керамическая плитка для внутренней отделки стен
- Керамическая посуда
- Керамическая посуда
- Керамическая посуда
- Керамическая посуда
- Керамика в эпоху нанотехнологии
- Керамика как вид художественного творчества и особенности работы с глиной в учреждениях дополнительного образования
- Керамикалық еден плиткалары
- Керамикалық кеуекті кірпіш
- Керамикалық кірпіш өндіру технологиясы
- Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндіру
- Керамика,основные свойства и методы контроля качества