Керамикалық кірпіш өндіру технологиясы
Жоспар
- Кіріспе ..............................
.............................. .............................. ........2 - Өндіріс цехы орналасқан қала туралы қысқаша мәлімет.................4
- Шығарылатын өнімнің сипаттамасы …………………….…………5
- Техникалық талаптар ………………………………………...………6
- Технологиялық бөлім …………………………………………....…. 8
- Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау … … …… …… …...12
- Қабылданған технологиялық схеманың жазбасы…….……….…..15
- Цехтың жұмыс режимі, өнімділігінің есесбі ……………….…....16
- Цехқа қажет шикізат пен жартылай фабрикат мөлшері қажеттілігінің есебі ……………………………………………… 18
- Керекті технологиялық құрылғылардың саны………………..…..19
- Қабылданған технологиялық құрылғыларға сипаттама ……..... 20
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау…………………………... 21
- Керамикалық кірпіш өндірісінде технологиялық процестердің қауіптілік дәрежесінің анализі ……………………….………..... 23
- Қорытынды ……………………………………………………….. 25
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………... 27
КІРІСПЕ
Керамика (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.
Керамикалық өндірістің Қазақстанда пайда болуынан бастап өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалды. Жұмыс қолының арзан болуы механикалық құрылғыларды керек етпеді. Осылайша кірпіш өндіру процесі ұзақ уақыт бойы былай болды: сазды қазу қолмен жүргізілді; сазды аяқпен араластырған немесе жылқының көмегімен; қалыптауды ағаш қалыптарға қолмен салу арқылы жасаған, ал кептіру ашық аудандарға қою арқылы, күйдіруді қарапайым пештерде жүргізген.
Құрылыстық керамикалық кірпіш дефицитті металдардың, цементтің, сонымен қатар тасымалдаудың да шығынын азайтатын жергілікті кең тараған қабырға материалдарының бірі. Өндіріс және қабырға материалдарын қолданудың жалпы балансы бойынша керамикалық кірпішке 30℅-дай тиесілі. Өзіне күннің энергиясын сіңіре отырып, жылуды қалыпты және жай береді, бұл жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыста салқындап кетуден сақтайды. Кірпіштен тұрғызылған қабырға «демалып тұрады», нәтижесінде бөлмеде ылғалдылық тепе-теңдік дәрежеде болады.
Қазіргі кезде керамикалық кірпіш өндірісінде мыналарға көп назар аударуда:
- технологиясын әрі қарай дамыту;
- шығарылатын өнімнің сапасын арттыру;
- түрлерін көбейту.
Жаңа өнеркәсіптер салу кезінде автоматталған және механикалық технологиялық құрылғыларды қондыру көзделуде. Дәстүрлі толық денелі кірпіштің орнын болашақта толықтай басатын, тиімді қуыс денелі кірпішті шығару көбеюде. Бұл тек қана шикізаттың шығынын азайтып қоймайды, сонымен қатар сыртқы қабырғалардың қалыңдығы мен массасын азайтады, осы кезде оның жылуұстағыштығы төмендемей, бұрынғыдай сақталып қалады.
Түрлерінің көбеюі, атап айтқанда, бұйымдардың
өлшемдерін ұлғайта отырып, орташа тығыздығын
қуыстарын көбейту арқылы 1250-1350 кг/м3-ке дейін төмендету – 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдың
шығынын 20-30℅-ға қысқартады.Құрылыстық керамик
Кірпішті бұйымдарды дайындау үшін шикізат есебінде иілімді материалдар (саздар, каолиндер) және иілімді емес материалдар (жанатын қоспалар) қоданылады. Саздар мен каолиндердің жалпы атауы сазды материалдар болып аталады. Кейбір жасанды күйдірілген материалдар өндірісінде диатомит, трепел, сонымен қатар қождар, күлдер, сланецтер қосымша ретінде қолданылады.
Өндіріс цехы орналасқан қала туралы қысқаша мәлімет
Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласы. Ол Қазақстан Республикасының солтүстік- батыс аумағында орналасқан. Ол Ресейдің Астрахань, Саратов, Волгоград, Орынбор облыстарымен және өзіміздің Ақтөбе, Атырау облыстарымен шектеседі. Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Орал қаласы қасындағы ауылдарды қоса есептегенде 7000 шаршы шақырымнан астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен оңтүстікке қарай - 8 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай -12 шақырым жерді алып жатыр. Орал қаласында тұратын халықтың жалпы саны - 240 мың адамға жуық. Қалада тату-тәтті 100-ден аса ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.
Климаты. Батыс Қазақстан облысының климаты континентальды. Климаттық жағдайдың күрт өзгеруі, күні және түні, қысы мен жазы кезінде табиғи құбылыстың тез ауысуы байқалады. Өлкенің түгел аудандарында климаттың тұрақсыздығы мен жауын-шашынның аз жаууы тән болып келеді.
Облысымыздың барлық аумағы үшін орташа жылдық температуралық көрсеткіш +5,9°С-ға сәйкес келеді.
Қыс кезінде ауаның ең төменгі температурасы -30-35°С-қа жететін аязды күндер болады. Кей кездерде сынап бағанасы -40-45°С-қа дейін жетеді. Ал қардың биіктігі облысымыздың солтүстігінде 25-30 см болса, оңтүстік аудандарында 10-20 смден көп болмайды.
Жаз айы облысымыздың ыссы, әрі құрғақ, жауын-шашынсыз болып келеді. Солтүстік аудандарда орташа жоғары температура 27°С болса, ал оңтүстік аудандарда 34°С-ға дейін ысиды. Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері: солтүстік аудандарда 300 мм, ал оңтүстік жақта 140 мм-ге тең болып келеді. Атмосфералық ылғалдылықтың облысқа тән мәні 263 мм шамасындай.
Жер құрамына келсек, Батыс Қазақстан облысының топырағы қоңыр қызғылт топырақтан, оңтүстік қара топырақтан, қызғылт, ашық қызғылт және сұр топырақтан тұрады. Облыс топырағының өзіне тән бір қасиеті құрамында тұздың болуы.
Шығарылатын өнімнің сипаттамасы.
Жартылай құрғақтай престелген сазды кірпіш – көп қолданысқа ие қабырғалы керамикалық материалдардың бірі. Көбіне заводтар кірпішпен бірге тиімді және өлшемдері ірі келетін тастар, беттік (лицевые) кірпіш пен тастар шығарады. Кірпіштер мен тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземдық жыныстардан (трепел, диатомит), көмір өндірісінің қалдықтарынан, сонымен қатар күлдердерден, минералдық және органикалық қоспалардан (оларды қоспауы да мүмкін) дайындайды. Кірпішті толық денелі немесе қуыс денелі етіп шығарады, ал тастарды тек қуыс денелі түрінде шығарады.
1.1. Негізгі параметрлері мен өлшемдері.
Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне байланысты 1.1.кестеде көрсетілген түрлерге бөлінеді.
Кесте 1.1.
Бұйымның түрлері |
Ұзындығы |
Ені |
Қалыңдығы |
Кірпіш |
250 |
120 |
65 |
Кірпіш қалыңдатылған |
250 |
120 |
88 |
Модульді өлшемді кірпіш |
288 |
138 |
63 |
Тас |
250 |
120 |
138 |
Модульді өлшемді тас |
288 |
138 |
138 |
Іріленген тас |
250 |
250 |
138 |
Қуыстары горизонталь орналасқан тастар |
250 |
250 |
120 |
Техникалық қасиеттері мен тығыздығына байланысты (көлемдік массасын) тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіш үш топқа бөлінеді:
- тиімді, қарапайым кірпіштен жасалған, қабырғаның техникалық қасиеттерін жақсартады және қабырғаның қалыңдығына қарағанда жіңішке келеді.Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес кірпіш және тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес тастар жатады;
- қатысты тиімді, жабын конструкциялардың жылу-техникалық қасиеттерін жақсартады. Бұл топқа тығыздықтары 1400 кг/м3 жоғары кірпіштер мен тығыздығы 1450-ден 1600 кг/м3 –ге дейінгі тастар;
- тығыздығы 1600 кг/м3-ден жоғары болатын қарапайым кірпіш;
Кірпіштер мен тастардың массасы МЕСТ 22951-78 талаптарына сай болу керек. Тығыздығы бойынша кірпіштер мен тастар мынадай маркаларға бөлінеді: 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.
Аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 и Мрз 50 маркаларына бөлінеді.
2 . Техникалық талаптар.
Кесте 2.
Кірпіш пен тастың маркалары |
Беріктік шегі , Мпа (кгс/см2) | |||||||||
Қысқандағы |
Игендегі | |||||||||
Кірпіштер мен тастардың барлық түрлері үшін |
Созымталдықта қалыпталынған толық денелі кірпіш үшін |
Шала құрғақтай қалыпталынған толық және қуыс денелі кірпіштер үшін |
Шликерлік әдіспен жасалған кірпіш үшін | |||||||
Бес үлгі үшін орташасы |
Әрбір үлгі үшін ең кішісі |
Бес үлгі үшін орта-шасы |
Әрбір үлгі үшін ең кішісі |
Бес үлгі үшін орта-шасы |
Әрбір үлгі үшін ең кішісі |
Бес үлгі үшін орта-шасы |
Әрбір үлгі үшін ең кішісі | |||
300 |
30(300) |
25(250) |
4,4(44) |
2,2(22) |
3,4(34) |
1,7(17) |
2,9(29) |
1,5(15) | ||
250 |
25(250) |
20(200) |
3,9(39) |
2,0(20) |
2,9(29) |
1,5(15) |
2,5(25) |
1,3(13) | ||
200 |
20(200) |
17,5(175) |
3,4(34) |
1,7(17) |
2,5(25) |
1,3(13) |
2,3(23) |
1,1(11) | ||
175 |
17,5(175) |
15(150) |
3,1(31) |
1,5(15) |
2,3(23) |
1,1(11) |
2,1(21) |
1,0(10) | ||
150 |
15(150) |
12,5(125) |
2,8(28) |
1,4(14) |
2,1(21) |
1,0(10) |
1,8(18) |
0,9(9) | ||
125 |
12,5(125) |
10(100) |
2,5(25) |
1,2(12) |
1,9(19) |
0,9(9) |
1,6(16) |
0,8(8) | ||
100 |
10(100) |
7,5(75) |
2,2(22) |
1,1(11) |
1,6(16) |
0,8(8) |
1,4(14) |
0,7(7) | ||
75 |
7,5(75) |
5(50) |
1,8(18) |
0,9(9) |
1,4(14) |
0,7(7) |
1,2(12) |
0,6(6) | ||
Қуыстары горизонталь орналасқан кірпіштер мен тастар үшін | ||||||||||
50 |
5(50) |
3,5(35) |
- |
- |
- |
- |
- |
- | ||
35 |
3,5(35) |
2,5(25) |
- |
- |
- |
- |
- |
- | ||
25 |
2,5(25) |
1,5(15) |
- |
- |
- |
- |
- |
- | ||
Кірпіштер мен тастар стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек және дайындалуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі қажет.
Кірпіш пен тастардың қысқандағы және игендегі беріктік шегі 1.2-кестеде берілгеннен аз болмауы керек.
Қарапайым кірпіштің пішіні параллелепипед тәріздес, тік қабырғалы және бұрышты, беткі жағы тегіс және өлшемдері 250×120×65 немесе 250×120×88 болуы қажет. Беткі жағы бұдыр болуы да мүмкін. Радиусы 15мм -ге дейін дөңгелектелінген бұрышты кірпіш пен тастарды өндіруге рұқсат етіледі.кірпіштер мен тастардағы қуыстар жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналасу керек және олар түбіне дейін тесік (сквозные) не тек ойық болуы мүмкін. Түбіне дейін тесік цилиндрлік қуыстардың диаметрі 16 мм-ден артық болмауы керек, ал ойық қуыстардың диаметрі – 12 мм-ден артық болмауы керек. Диаметр несквозных пустот не регламентируется. Размер горизонтальных пустот не регламентируется. Сыртқы қабырға кірпіштері мен тастарының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмауы керек.
Практика жүзінде өлшемдері дәл болатын кірпішті алу мүмкін емес, сондықтан да мемлекеттік стандартқа сай белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштерден ауытқу келесілерден аспау керек:
Өлшемдерден ауытқуы, мм:
- ұзындығы бойынша ________ ±7
- ені бойынша ________ ±5
- қалыңдығы бойынша:
кірпіштің ________ ±3
тастың ________ ±4
- Қабырғалары мен шекараларының түзу болмауы, мм, артық емес:
- жазықтығынан ________ 4
- жанынан ________ 6
Кірпіштің аяғына дейін күйдірілмеуі және күйіп кетуі жарамсыз болып табылады, ондай бұйымдарды тұтынушыға ұсынуға болмайды.
Әктік қоспалар сынақтан өткізгеннен кейін бұйымдардың бетінде жарықшақтардың пайда болуына әкеледі, сондықтан кірпіш бетіндегі жарықшақ ұзындығы 5-10 мм-ден болатын саны үштен артық болмауы керек.
Тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіштер мен тастардың су жұтымдылығы толық денелі кірпіштер үшін 8% аз болмауы керек, ал қуыс денелі бұйымдар үшін – 6% кем емес.
Сумен қаныққан күйдегі кірпіштер мен тастар қандай да болмасын ақауларсыз (жарықшақтың пайда болуы, үгітілуі, түсінің өзгеруі) аязға төзімділігі бойынша маркаларына байланысты кезектесіп қатыру мен ерітудің 15, 25, 35, және 50 цикліне шыдау керек.
Сапа жағынан жоғары катергориялы кірпіштер мен тастар мына талаптарды қанағаттандыруы керек:
- қуыс денелілер эффективті не қатысты эффективті және беріктігі бойынша 100ден кем емес маркалы болуы керек;
- толық денелі кірпіштің маркасы беріктігі бойынша 150ден кем болмау керек;
- бұйымның аязға төзімділігі Мрз 25-тен кем болмау керек;
кірпіш пен тас жалпы көлемі бойынша сынықтары 3% артық болмау керек.
Берілген курстық жұмысымда есептеулер толық денелі кірпіш шығару бойынша жүргізілді. Өлшемдері:
- ұзындығы 250 ± 5 мм;
- ені 120 ± 4 мм;
- қалыңдығы 65 ± 13 мм.
Сурет 1.
Кірпіш құрылыста ғимаратардың сыртқы және ішкі қабырғаларын және т.б.элементерін тұрғызу үшін, сонымен қатар қабырғалық панельдер мен блоктар жасауда қолданылады.
- Технологиялық бөлім.
Кірпішті таза саздан немесе созымталдығы жоқ төмен қоспалары бар саздардан жасайды. Көбіне шихта құрамына күйген қоспалар қосады.
Кірпіш дайындау үшін жеңіл балқымалы саздар негізгі шикізат болып табылады. Бұл таулы жыныстар сумен араластырғанда созымталды қамырға айналып, 800-1000°С температурада күйдіргенде тас тәрізді материал пайда болады.
Жеңіл балқымалы саздар жауын-шашын жыныстарына жатады. Кірпіш өндірісінде көп қолданысқа ие болған: элювиалды, гумидті, аллювиалды, теңізді және т.б. саздар.
Саз карьерін ашу жұмыстары
Қабырға материалдарын өндіруге қажет саздың қолдану мүмкіндігін анықтау үшін оның түйіршікті, химиялық және минералогиялық құрамын, созымталдығын және технологиялық қасиетін білу керек.
Кірпіш өндірісінде сазды фракция құнды болып саналады, олардың құрамы 20℅-дан артық болмауы тиіс.
Саздың құрамында шикізаттың технологиялық қасиеттерін арттыратын Al2O3 глиноземнің болуы маңызды: жеңіл балқымалы саздарда оның мөлшері 10-нан 15% дейін болады. SiO2 кремнеземнің құрамы 60-75% мөлшерінде болады.
Сазды кремнеземнің бөлігі сазды түзетін минералды байланыстыратын күйде және байланыстырылмаған күйде қалдық материалдар қасиетіне ие болатын қоспа ретінде болады.
Кальций саздардың құрамында карбонат және сульфат күйінде, ал магний доломит күйінде болады. Саздың кейбір сорттарында кальций мен магний оксидтерде (СаО және MgO) 25%-ға жетеді, бірақ олардың жалпы құрамы 5-10%-дан аспайды. Көбіне кальций мен магнийдің қосындысы керамикалық бұйымдардың пісірілуіне және беріктігіне қарсы әсер етеді. Сазды құрамның 20% көп карбонатты қоспаларда олар сәйкес өңдеусіз немесе байытусыз қолданыла алмайды. Темірдің, титанның, марганецтің және басқа да металдардың саздарда 10-12% мөлшерінде болады және керамикалық бұйымдардың маңызды қасиеттеріне қатты әсер етеді. Ең көп әсерді саздардың құрамында Fe2O3 оксиді және Fe(OН)3 гидроксиді түрінде болатын темірдің оксидтері және MnO2 марганец оксидтері тигізеді. Олар бұйымдардың пісу қабілетін жақсартып, түсін өзгертеді.
Калий және натрий саз құрамына қышқыл оксиді ретінде енеді және оның құрамы 3,5-5% мөлшерінде болады.
Күкірт сазда әртүрлі қосынды түрінде болады, оның құрамы қабырға керамикалық бұйымдардың сапасына әсер етпейді.
Органикалық заттар көбінесе саздардың құрамына 5-10%-дай болады. Бұйымдардың күюі кезінде олар жанып кетіп, қаңқалардың кеуектілігін арттырады. Саздардың құрамында органикалық заттардың, сулардың және карбонаттардың (СаСО3, МgCO3) болуына байланысты қамырға айналу кезінде жою көрсеткіші болады.
3.1. Құрылыстық шыны жəне оның құрамы мен өндірілуі
Шыны деп – балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық денелерді айтады. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний тотығының негізінде алынады. Балқыған силикаттық шыныларды тез суытқанда олар тез қоюланып микро бөлшектері (иодтары, атомдары, молекулалары) өзара дұрыс орналаса алмай негізінде кристалды емес – аморфтық құрылым түзеді.
Құрылыстық шынының химиялық құрамы шамамен мынадай салмақтық процент бойынша: 71...73SiO2 ; 13...15 Na 2O ; 8...10,5CaO ; 1...4MgO; қалған 1...2,8%− ті калий, алюминий, күкірт жəне темір оксидтері құрайды. Химиялық формуласы Na2 O⋅CaO ⋅ 6SiO2 жақын. Құрылысты шыныны өндіру үшін негізгі шикізаттар ретінде кварцты құм, сон--, əктас, ал қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, т.б. заттар пайдаланылады. Мысалы, мөлдір шыны алу үшін құрамында бояғыш темір, хром, т.б. оксидтері жоқ таза мөлдіреткш зат (натрий, аммоний сульфаттарын немесе балқытқышшпатты) қосу қажет. Шыны өндіру технологиясы мынадай операциялардан (процестерден) құралады; шикізаттардан шыны шихтасын дайындау: шихтаны 800...15000С-та пісіру-балқыту жəне балқыған шихтаны суытып, жазық келген парақ нұсқалы немесе басқа кескінді бұйымдар өндіру. Шикізаттар керек емес табиғи қоспалардан ажыратылады; керек жағдайда, мысалы əктас бөлшектелінеді; шихта құрайтын заттардың əрқайсысы өлшеніледі, өзара араластырылады; осылай шыны шихтасы дайындалынады. Шихтаны пісіру-балқыту көбінесе ванна тəрізді пештерде өткізіледі. Бұл процесс үш кезеңнен тұрады: 800...9000С шихтаның сілтілі компоненттері мен кремний оксидінің бөлімі байланысуынан силикаттар түзіледі (масса-шихта піскен, қатты); 1150...12000С кремний оксидінің қалған бөлімі силикаттарда еруінен шыны түзіледі (масса балқыған, тұтқыр, мөлдір емес – газдар көбіктері көп); 1400...15000С шыны мөлдірленеді (масса газдар көбіктерінен ажыратылады), біркелкі – гомогенді құрам түзілінеді (тұтқырлығы 100пуаз шамасында). Осындай мөлдірлендірілген, гомогенді шыныдан парақ нұсқалы немесе басқа кескінді бұйымдар өндіру үшін алдымен оның температурасы 200...3000С-қа төмендетіледі. Бұл жағдайда массаның тұтқырлығы мың мен миллиярд пуаз (П) аралығында болады. Тұтқырлығы одан да жоғарыласа, мысалы 1013П болса, масса морт (қатты) материалға айналады. Балқыған массадан тез суыту арқылы парақша шыны өндірудің көп тараған əдісінің бірі – қайықша қолдану. Қайықша деп отқа төзімді материалдан жасалынған ұзын өсінде парақша шынының енінен (1600мм-ге дейін) сəл ұзынырақ (250мм-ге) қуысы бар брусты атайды. Осындай қайықша, балқыған массаға жартылай батыра, шыныны лента түрлі етіп тік тартатын машинаның астына орнатылады. Бұд жағдайда қайықшаның түбіндегі қуысы арқылы жоғары қарай ығысқан масса арнаулы көп білікті машинамен режимді суытылып, лента түрінде тік тартылып шығарылады. Массаны ленталап тарту жылдамдығы 2м/мин шамасында; бұл жылдамдылық шынының (лентаның) қалыңдығына байланысты; жұқа шыны тез тартылынады.
Кесте 3.1.
Кірпішті саздың шамамен химиялық құрамы, %.
SiO2 |
Al2O3 |
Fe2O3 |
CaO |
MgO |
Na2O+K2O |
60-75 |
10-15 |
2-12 |
2-15 |
1-6 |
2-6 |
Саздың негізгі қасиетін анықтайтын саз түзуші минералдар көбінесе құрамында кремнезем және темір оксидтері, сонымен қатар, карбонаттар және суда еритін металдардың әртүрлі тұздары болатын аллюминийдің гидросиликаты ретінде келеді.
Саздардың ең маңызды қасиеті болып созымталдығы табылады, яғни оған су қосқан кезде сыртқы күш әсерінен әртүрлі пішінді қабылдай алатын және сыртқы күшті тоқтату кезінде оны сақтай алу қабілеті.
Пластикалық емес материалдар ретінде ірі түйіршікті құм, шлак, дегидратталған саз, шамотты қолданады, жанып кететін қоспа ретінде – ұсақталған көмір, торф және ағаш үгінділері қолданылады. Сонымен қатар саздардың табиғи қасиетін жақсартатын қоспаларды қолданады.
- Шикізатқа сипаттама
Керамикалық кірпіш өндірісінде негізгі компонент ретінде Шаған сазын (90 %) және шыны(10%) қолданамыз. Бұл саз кептіруге орташа созымтал, орташа дисперсті, орташа сезімтал болып келеді.
Кесте 3.2.
Саздың химиялық құрамы, %
SiO2 |
Al2O3 |
TiO2 |
Fe2O3 |
CaO |
MgO |
SO3 |
Na2O+K2O |
п.п.п. |
58,65 |
19,16 |
1,22 |
9,16 |
1,28 |
1,28 |
0,10 |
2,66 |
6,94 |
Саздың карьерлік ылғалдығы – 19 % артық емес.
Созымталдық саны – 20.
Кептіруге сезімталдық коэффициенті – 1,55.
Жалпы отыруы – 11,4%.
Ауалық отыру – 7%.
Саз кептіруге орташа созымтал және орташа сезімтал болғандықтан, созымталдықты, отыру коэффициентін және кептіруге сезімтал коэффициентін азайтатын қоспаларды қосу керек. Саз кірпіштің жоғары беріктігін қамтамасыз ететіндіктен, түзейтін қоспаларды – ағаш үгінділерін қосу ұсынылады. Ұсақталған ағаш үгінділері пішіндеу кезінде созымталдықты төмендетуге көмектеседі, ылғал беруді жақсартып және ауалық отыруды азайтатын болғандықтан, өнімнің және кептіргеннен кейін жартылай фабрикаттың беріктігін арттырады, талшықтарымен салмақты шегендеу арқылы кептіру кезіндегі отыру коэффициентін төмендетеді.
Күйдіру процесі кезінде олар жанып кететін қоспаретінде қолданылады. Солай олар бұйымдардың бірқалыпты жылуын қамтамасыз етеді, және дайын бұйымның кеуектілігін арттырады. Кеуектіліктің артуы кірпіштің салмағын азайтады, жылу- және дыбысоқшаулағыш қасиетін төмендетеді және бұйымның беріктігін біраз төмендетеді.
Жанып кететін қоспа ретінде ағаш үгінділері қолданылады(ТУ-313-64). Үгінділердің ылғалдылығы 30% артық емес, гранулометриялық құрамы: фракция құрамы 5 мм-ден артық жіберілмейді; 1-ден 5 мм-ге дейін – 85%; 1 мм-ден аз – 15%.
Қалдықты қоспа ретінде шамот қолданылады. Оның ылғалдылығы – 5-9%. Гранулометриялық құрамы: түйіршіктің ірілігі 1-ден 5 мм-ге дейін – 85%; 1 мм-ден аз – 15%. Фракциялық құрамы 5мм-ден артық жіберілмейді. Шамотты қосу пішіндеу кезінде созымталдығын төмендетіп, кептіру кезінде отыру коэффициентін азайтуға және бұйымның беріктігін арттыруға көмектеседі.
- Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау
Шикізатты зауыттық жағдайда сынау үшін учасканың ортасында орналасқан шурфтан массасы 5-20 т жалпы сынама алады. Әдетте, мұндай зерттеуді ғылыми институтының эксперименталдық цехында немесе зауыттық жағдайда, тек бұрынғы лабораториялық зерттеу нәтижелерінде негізделініп, берілген өндіріс параметрлерін тиянақты бақылаумен жүргізіледі. Сынау жұмысын орталық және зауыттық лабораториялар мамандарын қатыстыра жүргізген дұрыс болады.
Егер зауыттық жағдайда

- Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндіру
- Керамика,основные свойства и методы контроля качества
- Керамика технологиясы
- Керамичекая плитка
- Керамическая и фарфоровая посуда
- Керамическая плитка для внутренней отделки стен
- Керамическая посуда
- Керамзитобетонные панели
- Керамзит способы производства
- Керамика
- Керамика в эпоху нанотехнологии
- Керамика как вид художественного творчества и особенности работы с глиной в учреждениях дополнительного образования
- Керамикалық еден плиткалары
- Керамикалық кеуекті кірпіш