Компаниядағы пиар қызметін ұйымдастыру

1.Тақырыбы:Компаниядағы пиар қызметінің ұйымдастырылуы

2.Жоспары:

      1. Пиар маманы туралы жалпы түсінік
      2. Меншікті PR маман және сыртқы консуьлтация

 

2.1.1.PR –ды ұйымдастыруда қолданылатын  коммуникацияның құралдары мен  нысандары

 

3.1.1.Туристік мекемелердің қызметіндегі паблик рилейшнздің ұйымдастырылуы

3.1.2. Туристік қызметтің маркетингі мен менеджменті

3.1.3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді байланыс

3.1.4 Туризмдегі жарнама

3.Қорытынды

4.Пайдаланылғын әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

1.1.1. Пиар маманы туралы жалпы түсінік

 

Паблик рилейшнз (publіc relatіons – көпшілікпен  қарым-қатынас) – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік салласы; қоғам мен  ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке  қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Бастапқыда паблик рилейшнз ұғымы  ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы  әрі тиімді қарым-қатынас орнату, халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар  тарапынан өзіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйым жүзеге асыратын басқару түрі (немесе функциясы) ретінде қолданылды. Паблик рилейшнз еркін баспасөз бен ақпарат еркіндігіне  негізделетін инновац. басқару жүйесі ретінде түрлі кең көлемді  жобаларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның мақсаты – ортақ көзқарастар  мен мүдделерді анықтау және сенімділік ауанын қалыптастыруға негізделген  өзара түсіністікке қол жеткізу  үшін екі жақты қарым-қатынаc орнату. Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі  міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас  жолдарын жақсарту, екі жақты ақпарат  ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, жұртшылықтың мүддесіне  қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, ұйымның имиджін  нығайту, т.б. Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа  негізделеді, адамдарға белгілі  бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды (теріске  шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі  жақты байланыс тетіктерін жолға  қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен  қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.

 

 

 

 

 

 

           1.1.2.  Меншікті PR маман және сыртқы консуьлтации

ПР қызметінің ұйымы өз меншігіндегі мамандар/бөлімшелер және/немесе сыртқы консультацияны пайдалану  арасындағы таңдауды ұйғарады. И. Алешинаның31 тәжрибесіне сүйене отырып, сыртқы консультант келесі жағдайларда  тиімді деп айтуға боады:

  1. Жұмыс көп емес және тұрақты қызметкерлердің наймын толық жұмыс күніне тиімсіз ететіндіктен ол эпизодты түрде жүргізіледі.
  2. Жұмыста «шыңды» тиеу болуы  мүмкін және жаңа азық түліктерді жіберумен, маусымды ықпалмен, көрмелермен байланысты тиеудің болмайтын кезеңдері де  болуы мүмкін. Онда белгілі бір уақыт кезеңінде бір уақытта  2-3 адам талап етіледі, бірақ жылдың қалған бөліктеріне емес.
  3. Штатты қызметкерлердің уақытша ауыстыруын қамтамсыз ету немесе   оған «шыңды» кезеңдерде көмектсу
  4. Сыртқы консультант штатты топта болмайтын спецификалық тәжірибелері болады.
  5. Жаңа географиялық ауданаудандарға көшкеннен кейін ұйым жедел түрде медиа-байланысты қажет етеді. Орын ауыстырғаннан кейінгі арақашықтық және тілді барьер сыртқы кеңес берудің пайдасына тиетін  факторлар болуы мүмкін.
  6. Ұйым күшті саясаттанған және ішкі мамандардың кеңесі тек бір ғана жақтың қызығушылықтарымен байланысады, сондықтан ол дұрыс емес.

Соңғы 3 жағдайда штатты және сыртқы мамандардың  бірігіп жұмыс жасауы ықтимал.

     Америкалық ПР-мамандарының «библиясы»  өзінің ПР бойынша жеке меншігіндегі  бөлімін құрудың мынадай 4 артақшылығын  атап көрсетеді:

  1. Топ ішіндегі жұмыс.
  2. Ұйымның білімі
  3. Үнемшілдік
  4. Қызметкерлер үшін оңтайлығы

Аталған 4 дәлелді  В.Королько33  жұмысының негізінде  қарастыруды ұсынамын.

Бір топқа қатыстылығы – бұл бөгде пиаршы – кеңесшілердің қызметін пайдалануға қарсы тұратын өз меншігіндегі ПР бөлімін құрудың пайдасына келетін ең негізгі аргумент. ПР бөлімінің төрағасының кабинеті ұйымның жетекші төрағасының кабинетімен қатар орналасуы жайдан – жай емес. Бұл әр жұмыс күнін қысқа мәжілістен, пікір алмасудан және ағымдағы істің мән – жайын анықтаудан бастауға мүмкіндік береді. ПР бөлімінің және ұйымның жоғарғы басшылығының жиі жұмыс байланыстары жалпы ережеге алып келеді. Тәжірибеге сүйенсек, осыған сәйкес мәжілістің көп жағдайда әңгіме тақырыбы дәл осы ұйымның қоғаммен байланысы жайындағы сұрақтар болып келеді. Жеке байланыстар құпиялылықтың атмосферасын, сенім мен өзара сүйенішті тудырады. ПР бөлімі мен ұйымның басшысының арасындағы  жеке жақын қатынастары ПР менеджердің басқару тобының мүшесі болуына әкеп соғады.

Ұйымның білімі тек ұжымның мүшелері ғана қол жеткізе алатын ағымдағы сәттің барлық бүге – шігесінің терең түсінігін білдіреді.

Жеке  адамдар мен ұйым ішіндегі бөлімдер арасында қалыптасқан қатынастар жайында  штатты пиаршылар біліп жүреді. Олар ұйым саясатының жасырын пружиналарын және оны құратын адамдарды тани алады, сонымен қатар паблик рилейшнздің  жұмысына кедергі келтіре отырып, жаман оймен арамдық жасайтын адамдарды айнала өтіп, оның іске асуына жол бермейді. Ұйым қызметкерлерінің қабілеттіліктері жайлы біле отырып, кімнің қауым алдында сөз сөйлеп, спикер бола алатынын, камера

алдында өзін еркін сезіне алатынын, баспасөз өкілдерімен  шебер жұмыс істей алатынын, кімнің ұйымды халыққа дұрыс жағынан  көрсете алатынын өте жақсы біледі. Паблик рилейшнз бөлімінің жұмыскерлері керек уақытында кеңес пен  практикалық көмек бере алады, өйткені  олар ұйымның бөлінбес бір бөлігі және  оның тарихымен, салт – дәстүрлерімен  таныс.

. Сонымен  қатар, ПР науқаны немесе ПР  жобаны таратуды жүргізудің бастапқы  құны, өз меншігіңдегі ПР персоналдың  болу кезінде ғана  әлде қайда  аз, өйткені бұл қызметтер құрамы  мән жағдайдың мағынасын толық  біліп, түсініп әкімшілік пен  өз ұйымының құжатамаына оңай  қол жеткізе алады. Мұндай жиі  өткізілетін ПР жұмыстарының  құрамдас бөліктері, олар -  апта  сайынғы баспасөз хабарламалары  мен басылымдар, тоқсандық есеп  берулер және т.б. сияқтылар  ақпарат көзідері, ұйымның қызметкерлері  мен іс әрекетімен таныс адамдармен  тиімдірек жүргізіледі, сонымен  қатар ол ұйымның жалпы шығындарын  азайтуына алып келеді.

Штатты  пиаршылардың әңгімедегі оңтайлы қол жеткізудің көптеген артықшылықтары бар. Мәселен, проблема шыққан кезде мамандар әрқашанда жеке кеңес үшін қол астында.  Ұйым басшысының орындаушысы ретінде шетін мәселелерді талқылаған кезде толығымен сенуге болады. Мысалыға, жауапты жұмыскерлердің біреуі фактілерді бұрмалаған кезде бірінші басқарушы оқиға орнына сұрақтың құпия мәнін білетін, егер де баспасөз бетіне түскен жағдайда оқиғаны ағат түсіндірудің қауіптілігін жете  түсінетін және бұқаралық ақпарат құралдары мен кілт адамдарының сенімімен пайдаланатын ПР маманын тез арада шақыра алатын мүмкіндігі бар.


Қолжеткізушілік сонымен қатар,  ұйымның барлық бөлімдерінде, бөлімшелерінде немесе бөлек филиалдарында әрқашанда  ПР мамандарының керек уақытында  орнында болуын білдіреді. Кейбір аумақтардың  бөлектенген ұйымдарында орталық  офистердің пиаршылары кейде филиалдарға  келіп – кетіп жүреді, бірақ  мұндай жағдайда олар «сырттан келетін  консультант» ретінде саналады. Сондықтан  ұйымның әлдеқайда тиімді жұмысы үшін ПР маманының сол ұйымның  ішінде болғаны жақсы, себебі оқиғаның мән – жайын түсініп, сол жерде  толық құнды ұсыным бере алады.

ПР бойынша  агенттіктер мен қызметкерлердің  бірлескен жұмыстарының оңтайлы  нұсқасы – мақсатты құруда қызметкерлердің  қатысуы, PR бағдарламасына бақылау жүргізу және оның тиімділігін бағалау. Ал, агенттілік бағдарламаның негізгі бөлігін мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудара отырып орндайды.

тырудағы

2.1.1.PR –ды ұйымдастыруда қолданылатын коммуникацияның құралдары мен нысандары

 

Мен ары  қарай коммерциялық ПР қызметінде пайдалынатын коммуникацияның құралдары мен  нысандарын қарастырамын.

  • Жарнама құралдары. Жарнаманың стратегиялық мақсаты – ықылас аудару, тауарларға деген сұраныстың үәжін құру34.

Баспа басылымдарындағы, радио және теледидардағы, интернеттегі жарнама.

Жарнамалық шиттер (билбордтар35) – тауар мен фирманың бейнесін есте сақтауына және құруына ықпал ететін жарнама. Ол жаяу кетіп бара жатқандар мен көлік ішінде кетіп бара жатқандарға есептелуі мүмкін. Осы жарнаманың     бір        түршесі ретінде  көшелер  мен  қоғамдық жерлерде орналасқан электронды таблоларды,  жүгіртпе жол түріндегі жарық жарнамаларды қарастыруға болады.   


Көліктегі жарнама – бұқара сұранысы мен қызметтер сферасындағы тауарларға өте тиімді жарнама.

Метродағы жарнама – вестибюль мен көше өтпелдерінде орналастырылған щиттер мен метро вагондарындағы жабысқақ аппликацияларды жатқызуға болады. Метродағы радиожарнама дүкендер, тауарлар мен бөлек қызметтердің жарнамасына өте тиімді.

Тура пошталық жарнама – азаматтардың мамандықтары, қызығушылықтары және т.б. бойынша мекен-жайлары белгісіз болған жағдайда жүргізілетін, тауарлар мен қызметтердің тарату аймағына өте жақын орналасқан пошталық жәшіктерге  бұқаралық «тастаулар» түріндегі  халық көп тұтынатын тауарлардың жарнамасы. Өндірістік мақсатындағы тауарлардың жіберулері  потенциалды сатып алушыларға әсер етудің ең тиімді құралы.

Халық тұтынуындағы тауарлардың жарнамасы – пакеттердегі, орамалардағы және т.б. жарнама. Бұқара сұрауындағы тауарларды немесе фирманы жарнамалауда өте тиімді.

Ауа шарлары мен әуестаттарындағы жарнама – жарнаманың ерекше түрі. Көрмелер мен халық қыдырулары жүргізіліп жатқан кезде жүргізу өте тиімді (тауарлар мен фирмалардың жарнамасы үшін).

Арнайы бұйымдардың  көмегімен  іске асырылатын жарнама – күнтізбелерде, күл салатындарда, қаламсаптарда, қаламдарда, сіріңке қораптарында, жазу кітапшаларында және басқа да кеңсе немесе текстильді өнімдерде болады.

Ауызша жарнама -  жеке  немесе телефон арқылы әңгімелесу кезіндегі тауарлар мен қызметтердің жарнамасы. Жеке әңгімелесу  (белгілі бір шеберлік бар кезде) адамға әсер етудің ең тиімді түрі.

  • Жарияланымдар.   Жарияланымдардың астарында компанияның жылдық есеп берулері, кітапшалары, мақалалары, ақпараттық бюллетендер және журналдар, мақсатты нарыққа әсер етудің құралы ретіндегі аудиовизуалды материалдар жатыр. Кітапшалар мақсатты тұтынушыларға өнім немесе қызмет туралы жалпы түсінік беруімен қатар, оны қалай іске асыруға болатыны жайлы мәлімет беруде маңызы зор. Төраға қолымен жазылған мақала арқылы кәсіпорын мен оның бұйымдарына назар аударылады. Ақпараттық кітапшалар мен шығарылатын журналдар компанияның бейнесін жасауда жәрдемдеседі және мақсатты нарыққа маңызды жаңалықтарды жеткізуде үлкен рөл атқарады.  Аудиовизуалды және мультимедиалық материалдар – фильмдер, аудио және бейнетаспалар - өткізуді ынталандырады.
  • Жаңалықтар.   Мамандардың қоғаммен байланысы бойынша міндеттерінің ең негізгілерінің бірі – компанияның, оның өнімдері мен қызметкерлері жайындағы   медиа жағымды хабарларды ұсыну. Бірақ қоғаммен байланыс бойынша маманның ісі тек хабарды дайындап қоюуымен ғана шектелмейді. Оған әңгімелесу мен көндіру дарынын баспасөз конференциясына өз өкілдерін жіберетін медианы, баспасөз хабарламасымен қызықтыру мақсатында  иемдену қажет. Редакторлар мен репортерлармен қарым-қатынасын жөнге келтіру керек.
  • Сөз сөйлеулер.  Сөз сөйлеулер компанияға және оның тауарларына паблиситиді құрудың тағы бір жолы. Әр уақытта компания басшыларына медиа өкілдерімен араласуына, келіссөздер жүргізуіне, сауда ассоциацияларында және коммерциялық кездесулерде сөз сөйлеуге тура келеді. Олардың ораторлық өнері компанияның имиджіне елеулі әсерін тигізеді.
  • Қоғамдық қызметтерге қатысу. Компаниялар қайырымдылық акцияларына қаржы аудара отырып, өздерінің репутациясын көтере алады. Әдетте, ірі компаниялардың басшыларын қандай да бір қауымды сүйемелдеуін өтінеді. Ал кей жағдайларда компаниялар қомақты қаржы сомасын нақты мақсаттарға сыйға тартуы мүмкін. Фирма репутациясын құруда мұндай мақсатты маркетинг жиі қолданылады.
  • Идентификацияның құралдары. Қоғам ақпаратпен асыра қамтамасыздандырылған кезде компания тұтынушылардың назарын аудару үшін күресуі міндетті.  Ол бірден тани білетін ерекше бейне құру керек. Бұл үшін компанияның эмблемасы (логотип), және басқа да белгілері бар жазу қағаздары, кітапшалар, мөрлер, визиттік карточкалар, мекеменің стилі мен дизайны, қызметкерлердің униформалары пайдалынады.
  •    Акциялар мен арнайы оқиғалар (іс – шаралар)   PR саласындағы мамандар   PR-ға енетін түрлі іс – шараларды қарастырады. Әрине,  әр фирма, кәсіпкерлек қызметтің әр субьектісі өзіне квалификациялы түрде және өз уақытысында орындалатын, сонымен қатар көп пайда әкелетін түрін ғана таңдайды.   

  Арнайы оқиғалардың құру тәсілдерін қызық және өзінше ерекше талқылауды атақты америкалық тарихшы және әлеуметтанушы Даниель Бурстин ұсынады. Қоғамдық құбылыстарды кең түрлерін талдай келе, ол «біздің тәжірибемізді қалыптастырған иллюзияларды өндіру, Американың уақыт өте келе ең шынайы, керекті және респектабельді бизнесі болған бизнеске»36 алып келген «бұқаралық коммуникациядағы құралдардың төңкерісіне» тоқталады.  Ол егер бұрын аяқ-астынан шығатын оқиғалар жетіп, артылып жатса және не және қай жерде болғаны туралы жай ғана хабарланса, соңғы жүз жылда жағдайлар бірден  өзгерді. Аяқ- астынан пайда болатын оқиғалар ақпаратқа деген өсіп кеткен  сұранысты қанағаттандырмайды, сондықтан ол мына мақұлдаманы ұсынады: егер ақпарат жетіспесе, оларды құру керек, осылайша ұйымдастырыған оқиғалар пайда болады, оларды автор «жалған оқиға» деп атайды.

Дж.Гендрикс айтуынша: «Орталық оқиға бағдарламаны қызығырақ, тиімдірек ете алады және баспасөз өкілдерінің назарын өэіне аудара алады.

Қоғам алдында  клиенттің  имиджін сәтті ұсыну  үшін бұл оқиға маңызды, байсалды және ұйымдасқан болу керек.  Көп  адамдар санын тартқан және аз болса да бір атақтылықтың қатысуын қарастырған кезде ең жоғары тиімділікке  жетеді.

Паблик  рилейшнз тәжірибесіндегі ең кең  қолданатын акциялары мен арнайы оқиғаларына ( шараларына) мыналарды  жатқызуға болады:

көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдер; мәнді күндер; арнайы марапаттар, сәлемдесулер, зейнетке шығарып  салулар;

ашық есік күндері, кәсіпорын бойынша экскурсиялар, аадагерлермен кездесулер;

шерулер, көпшілік алдындағы пікір-сайыстар, ұжымдық  түскі астар, кешкі астар, кофе, шай, банкеттер, фуршеттер;

жарыстар, викториналар, парадтар, сұлулық байқаулары;

жұртшылыққа арнайы демеушілермен ұйымдастырылған  оқиғалар мен шаралар;

демеушілік  сыйлықтары, атаулы стипендиялар, қайырымдылықтар; қайырымдылық және ағартушылық қорларды құру, қабылдаулар, презентациялар, концерттер және театралды турнелер; сапарлар, ерекше қызметі үшін марапат ретіндегі арнайы сапарлар; пикниктер, табиғатқа шығулар; табиғат сыйының, өз бетінше өсірілген нүлдердің көрмелері; жаңа құрылыс алаңдарының ашылу салтанаттары, фундаментке бірінші тасты қалануы; дайын өнімнің демонстрациялауы; еңбегі сінген және аса көрнекті адамдардың келулері;

ресми дәрежедегі адамдардың сайлаулары, қоғам пікірін  сұраудың, әлеуметтік зертеулердің  нәтижесін  хабарлау;

фестивальдердің, спартакиадарардың және  басқа  да масштабты шаралалардың ашылу  салтанаты; ұйымның, жеке тұлғаның қызметі  мен өміріндегі маңызды оқиға  бойынша баспасөз-конференциялары; кинофестивальдер, сән демонстрациялары, үй жануарларының (иттердің, мысықтардың, құстардың) көрмелері; спорттық-сауықтыру  шаралары, туристік жорықтар, шаңғымен серуендеулер, әуесқой жарыстар; атақты спортшылар мен спорт ардагерлерімен кездесулер; музейлерге, көрмелерге, концерттерге, театрлық спектакльдерге, аса көрнекті адамдармен кездесулерге , автографтарды  тарату салтанаттарына  ұжыммен  бару;

қоғам шараларында  қатысулар, саябақтарды, көшелерді, балалар  алаңын және т.б. жақсы жабдықталушылығы; қарт адамдарды күту; жариялаулық  естулер, депутаттармен кездесулер, қоғам пікірінің көшбасшыларының  қатысуымен өтетін кездесулер мен көнференциялар; арнайы білім бағдарламалары: қалай  құнтты, дені сау, т.б. болуға болады; мемлекеттік, ұлттық, діни мейрамдарды тойлау; тематикалық  шаралар мен ұлттық тарихи оқиғаларды тойлау.

Келтірілген арнайы ПР-шаралары мен оқиғаларының тізімі  әлі толық емес. Сонымен  қатар, әр елде, аймақта нақты тарихи немесе саяси әдет-ғұрыптар  қалыптасқандықтан  олардың әрқайсысы ерекше мәнге  ие.  Жалпы алғанда, «еңбегі сінген»  баспасөзбен қамтамасыз етудің көзқарасынан қарағанда, арнайы оқиғалар өте пайдалы. Егер де ұйымдастырылған оқиғалардың  мазмұны, көлемі, оған қатысушылар мен  шақырылған қонақтардың  құрамының өзі жаңалық болуға тұрса, онда күмәнсіз,  бұқаралық ақпарат құралдары бұл жағдайды айналып өтуі мүмкін емес.

Енді,  қоғаммен байланыс тәжірибесінде жиі  қолданылатын  негізгі шараларға  тоқтала кетейік.

Қайырымдылық – көмек алушылардың жағынан ешқандай міндеттемелер күтілмейтін мейірбандық көрсету.

Көрме     (ағыл.exhition)  -  негізгі мақсаты клиент қарамағында болатын, тұтынушының қызметінің немесе болашақ перспективаларының   бір немесе бірнеше салаларындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған құралдарды демонстрациялау арқылы халықты ағарту болатын көрсетілім.Көрмелер – қоғаммен байланыс саласындағы қызметтердің күш

 

салуларының бірігуінің  ең жетекші нысандары  мен құралдарының бірі.Олар

кең қауымға  мекеме туралы мәлімет алуына жағдай жасайды. Көрме -мекеменің тауарлары  мен қызметтеріне деген сұранысты  зерттеуге, ынталандыру нарығын  анықтауға, өзара пайда келтіретін ынтымақтастыққа жаңа серістестіктерді тартуға арналған ең ыңғайлы орын. Ол бәсекелестер қызметімен танысуға мүмкіндік береді. БАҚ өкілдерімен, мамандармен, потенциалды тұтынушылармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен кездесулер еркін жағдайда өз мекемесінің  қызметі, болашақтағы жоспарлары, қайырымдылықтары туралы әңгіме етуге мүмкіндік береді. Көрмелер конференциялармен қоса өткізілуі  мүмкін, бұл шаралар бір-бірін  толықтырады.    Көрме ағымында дайындалған  баспасөздің бейнежазулары, фотосуреттері, материалдарды ары  қарай қатысушылар жарнама қызметінде немесе өз газеттерінде табысты қолдана  алады.

Дебаттар – пікірсайыс, белгілі-бір сұрақтар аймағындағы ойлармен алмасу, таластар. Дебаттар жиналыстарда, конференцияларда, отырыстарда баяндамаларды, хабарламаларды, сөз сөйлеулерді талқылағанда  пайда болады.

 

Ашық есіктер күндері – ұйымның қауыммен нақты жобасын немесе қызметінің барлық бөлімдерінің  барша бағыттарымен қысқаша таныстыру мақсатындағы шаралар кешенін белгіленген күнде өткізуі. Ашық есіктер күндерінің әзірлігі бұл шараны өткізудің сценариін жасауды, жалпы және қызығушылықтары бойынша бөлек жиналыстардың (бөлімшелердің) жүргізушілерін тағайындауды талап етеді. Ашық есіктер күндерінің сценариі  жиналыстар, кездесулерден басқа жұмыс орындарын аралау мен келушілерді қызықтыратын жетістіктермен таныстыруды қарастырады.  

 

        Конференция – тікелей мақсатты аудиторияға бағытталған іс-шаралар. Арнайы баспасөзге арналмаған, бірақ олардың қатысуына тиым салынбайды. Жиналғандардаң өзара қызығушылықтарын бейнелейтін  келесі іс-әрекеттер мен сұрақтарды талқылауға арналған.

     PR үндеуінің мазмұны келесі тақырыптардың  кез-келгенін қамти алады:

  1. Корпорацияның мақсаттары мен міндеттері. Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдері. Жоғарғы басшылық туралы ақпараттар мен қауесеттер.
  2.    Басқару аппаратының құрылымдық қайтақұрылуы.
  3. Жабдықтардың жетілдіруі.
  4. Жаңа өнімді шығаруға көшу.
  5. Қаржылық жетістіктер (табыстар, шығындар).
  6. Вакансиялар, жұмыстан шығарулар, тағайындаулар.
  7. Жалақының өсуі.
  8. Ішкі тәртіптің өзгеруі. Еңбектің шарттары.
  9. Штаттардың қысқартылуы.
  10. Кадрларды қайта дайындау.
  11. Қызметкерлерге жеңілдіктер.
  12. Премиялар, қосымша төлемдер.
  13. Прфессионалды байқауларда қатысулар; осыған байланысты сыйлықтар.
  14. Демалудың шарттары, корпорацияның спорттық командасы.
  15. Корпоративтік қызметтің нәтижелеріне әсер ететін сыртқы шарттар (жаңа заң шығару актілері, кризис алдындағы жағдай, нарықтық конъюктура және т.б.)
  16. Бәсекелестіктің жетістіктері мен кемшіліктері.
  17. Корпорацияның қайырымдылық іс-әрекеттері.
  18. Сауда және престижді (имидждік) жарнаманың жетістіктері  мен кемшіліктері.
  19. Қоғам көзқарасындағы корпорация престижі.
  20. Жаңа жұмысты іздеу.
  21. Корпорацияның тарихы.
  22. Корпоративтік қарым-қатынастардың оптимизациясының PR-бағдарламасы.
  23. Редакциялық мақалалар (корпоратив саясатының ағымдағы сұрақтары).
  24. Басшылардан сұхбат алу (аталған тақырыптардың ішінен немесе қайта ашылған тақырыптардың біреуінің аясында)
  25. Корпорация басшылығының баспасөзіне арналған өтініші.
  26. Баспасөз конференциясының басшылармен ұйымдастырылған есеп берулері.
  27. Фотоочерктер (басшының имиджін құру).
  28. «Сұра – жауап береміз» айдары.
  29. Корпорацияның берілген газеттегі престижді жарнамасы.
  30. Шолушынының бағаны

 

«Дөңгелек үстел»   - жұртшылықтың түрлі топтарына маңызды идеяларды талқылау мен          қарастыру         нысанының бірі. «Дөңгелек үстелде» мекемелердің жоғарғы басшылығының қатысуы, осы шараны демеушілеу мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру ұйымның беделдігін кеңейтуге алып келеді.

Таныстыру (презентация)   (ағыл. presentation) – а)  көбінесе жарнамалық-коммерциялық мақсатта жасалатын жаңа кітаптардың, газеттердің, журналдардың, фильмдердің, телебағдарламалардың және басқа да жаңа тауарлардың, бұйымдардың, қызметтердің жұртшылыққа көрсетілімі;  б)  шақырылған фирма аудиториясын, жаңа енгізулерді, ашылуларды, сыйлықтарды, жаңа қызметтерді, жаңадан  құрылған ұйымдарды (кәсіпорындарды, фирмаларды, мекемелерді және т.б.) көрсетуден құралатын ПР құралы. Негізі, фирманың презентациясы фирманың ашылу салтанаты немесе құрылу кезінде, жаңа жетістіктерді, компанияның жаңа имиджін  демонстрациялауда, сонымен қатар жаңа нарыққа шығу кезінде өткізіледі.Таныстырулық іс – шараларының ішіне өнім мен мәдени бағдарламаны көрсету, сонымен қатар фуршет (түскі ас, кешкі ас және т.б.)  кіреді. Презентациялар ресми қабылдаулармен де үйлесуі мүмкін. Олар тек тілшілерге ғана емес, сонымен қатар потенциалды тұтынушылар, сатып алушылар, инвесторлар, серіктестер мен елеулі шенеуніктерге арнайы ұйымдастырылады. Әдетте, презентациялық іс- шаралардың кешені келесідегідей оқиғалардың тізбегін құрайды: баспасөз-конференциясы, көрсетілімдер, қоштасулар

Еске  түсіру бойынша ұйымдастырылатын презентациялар алдын-ала дайындалған текст бойынша  өткізіледі. Мұндай презентация ұйымды немесе оның өнімін қайталап презентацияланған  кезде тек шағын адамдар тобына ғана арнайы ұйымдастырылады.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы презентация  – сатып алушымен міндетті  түрдегі  өзара қарым – қатынасты қарастыратын және ұйымдастырушының (жүргізушінің) шығармашылық қабілеттілігінің кернеуін талап ететін презентация. Алдымен  потенциалды клиентің қажеттілігі  айқындалады және  оның сұранысын  қанағаттандыратын бұйымдар, тауарлар, қызметтер (олардың мінездемесі) анықталады.  Содан кейін жүргізуші ұсынылатын тауарды (қызметті) көрсетілімге шығарады немесе фирманың нақты кескінін ашып көрсетеді (фирманы презентациялау кезінде). Ары қарай жүргізуші  сұрақтарға (қарсылықтарға) жауап береді және клиенттің жағымды реакциясы  байқалған жағдайда мәміле туралы әңгіме жүргізіледі. Фирманы презентациялау кезіндегі қарсылықтарға жауап бергенде кішігірім фрагменттер бойынша экскурсия жүргізіледі немесе туылған сұрақ бойынша анық және толық мәлімет беретін абыройлы адамға сөз беріледі.

Ұсыныстарды талдау кезіндегі презентация көбінесе күрделі бұйымдар туралы әңгіме болған жағдайда өткізіледі. Презентацияны  жүргізуші маман бұйымға зейін  сала  зерттейді, сауда ұсынысын қалыптастырады. Содан кейін потенциалды  тапсырыс берушінің қажеттілігі  талқыланып, анықталған мәселені шешетін  ұсыныс (жазбаша түрде) дайындалады. Мұндай презентация келесі кесте  түрінде өткізіледі:

а) потенциалды  сатып алушыға мәселенің анализін жүргізу ұсынылады.

ә) презентация  ұйымдастырушысының көмегімен анализ жүзеге асырылады.

б) тапсырыс берушінің қажеттілігі мен мәселесіне қатысты өзара келісімге қол  жеткізіледі.

в) потенциалды  клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру мен мәселесін шешу бойынша ұсыныс дайындалады.

Баспасөз – конференциясы   (ағыл. press-konferens) – ресми тұлғалардың немесе танымал қоғам өкілдерінің тілшілермен «сұрақ-жауап» қалпында өткізілетін кездесуі; онда бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалана алатын  өзекті сұрақтар бойынша ақпараттар беріледі. Ол кейбір үлгілер мен бұйымдарды демонстрациялау кезінде және маңызды тақырыпты қарастыру кезінде қатысып отырған тілшілердің сұрақтары тууы мүмкін болатын жағдайларда жүргізіледі.

Баспасөз  – конференциясы жаңалықтар көздерінің беделдігін және «бірінші қолдан» ақпараттың алуын, сұрақтардың көмегі арқылы алынған  мәліметтің анықтауын және хабарды  тексеру мүмкіндігін ұсынады. Оны  өткізу кезінде келесілерді ескеру қажет: өткізу орны (ол жерге жету ыңғайлы  болу керек); мазмұны (тақырып хабарландыруына  сәйкес және профессионалды түрде ақпаратты  алушыларға жақын болу керек); көз  мөлшерлігі («сөйлеуші бастардан» басқа  конференцияға қатысушылар не көреді); уақыты (тілшілерге маңызды басқа да іс – шаралармен сәйкес келмеуі керек). Баспасөз – конференциясына дайындыққа тек ұйымдастыру бойынша сұрақтар ғана емес,  сонымен қатар баспасөз басылымдарының, ресми тұлғалардың өмірбаяндарын, кітапшалар мен суреттердің  дайындалуы, мүмкін болатын сұрақтар мен жауаптардың тізімін құру сияқты іс – шаралар кіреді.

 

Қабылдау  жүргізіледі:

а) салтанатты күндер, маңызды оқиғалар кезде;

б) ұйымға белгілі  және құрметті қонақ, делегация келген кезде;

в) жүйелі негізде  мекеменің күнделікті жұмысының  тәртібінде.

Қабылдауды  өткізудің мақсаты  компания қызметінің саласындағы байланыстарды кеңейту  мен тереңдету , керек ақпаратты  алу, сыртқы іскер ортада ұйымның  имиджін қалыптастыру болып табылады. Қабылдаудың екі негізгі түрлері  бар – ағымдық және өкілдік, соңғылары  күндізгі және кешкі, формальді және формальді емес болуы мүмкін.

Компаниядағы пиар қызметін ұйымдастыру