Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы
Мазмұны
Кіріспе
Бөлім I Коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқарудың теориялық тұжырымдамалары
1.2 Банктің активі мен пассивін
кешенді басқару
Бөлім II Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін жетілдіру жолдары
2.1 Банктің активі және пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
2.2 Банк табыстарын басқару әдістерін жетілдірудің банк активтері мен пассивтерін басқаруға ықпалы
2.3 Активтер мен пассивтерді басқару жүйесінің қызметін жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
2010 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауының тоғызыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. 2006 жылы 15 қарашада өткен Қаржыгерлердің VI Конгрессінде 2003-2006 жылдардағы қаржы секторының даму тұжырымдамасының іске асырылу нәтижелері талқыланып, Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының 2007-2009 жж арналған тұжырымдамасы жасалған болатын. Тұжырымдамада ең бастысы банктік сектордың бәсекелестік қабілеттігін арттыру, соның ішінде банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестікті күшейту мақсатында қаржы секторын ырықтандыру, банктік мекемелердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың капиталдану деңгейін көтеру және тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту міндеті белгіленді.
Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активі мен пассивін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активі мен пассивін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.
1. Коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқарудың теориялық тұжырымдамалары
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару тұжырымдамалары мен теорияларын қаржылық менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуымен байланыстырған дұрыс. Белгілі американдық ғалым Ю. Бригхемның еңбектеріне сүйенетін болсақ, онда қаржылық менеджменттің өзі дербес ғылым ретінде ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасқандығын айтады.
Қаржылық менеджмент ғылымның
негізгі өзегіне «Қоржын
«Қоржын теориясының» негізін
қалаушы экономика бойынша
Банк менеджерлері үшін
бұл жерде екі нәрсе маңызды:
біріншіден, инвесторларға қатысты
тәуекелді төмендету үшін барлық
тәуекелді активтерді қоржынға біріктіру;
екіншіден әрбір жеклеген активтер
бойынша тәуекелдің деңгейін жалпы
қоржынға шаға отырып өлшеуге болатындығы.
Осы теориялық тұжырымдама
Банктің активі және пассивін басқаруда «Қоржын теориясының» орыны ерекше, себебі банктің ресурстарының басым бөлігі тартылған қаражаттардан тұрады. Сондықтан тиімді несиелік, валюталық, инвестициялық және өзге де қоржындарды қалыптастыру банктегі қаржылық менеджменттің ғылыми және тәжірибелік міндеттерін шешуде өте маңызды.
Банктегі қаржы менеджментінің теорияларының біріне «Өтімділікті басқару теориясы» жатады. «Өтімділікті басқару теориясы» іс-жүзінде коммерциялық банктердің пайда болуымен және дамуымен бірге пайда болған. Бастапқыда банк өтімділігіне қатысты екі көзқарас қалыптасады.
Бірінші
көзқарас бойынша активтердің құрылымы
өздерінің мерзімдеріне қарай пассивтердің
құрылымына сәйкес келу қажет және
ол өз кезегінде банктердің өтімділігі
үшін белсенді саясат жүргізуге тиістігін
талап етеді. Осы бір теориялық
тұжырым негізінде банктің
Екінші көзқарас бұл банктің балансының активтері мен пассивтерінің шынымен сәйкес келмейтіндігін тұжырымдады. Бұл көзқарас бойынша кез келген ірі коммерциялық банк қаржы-несие құбылыстарының салдарынан сақтандырылмаған, нақтырақ айтқанда экономикалық дағдарыстардан, банкроттықтан, ссудалар бойынша төлемсіздіктен, несие нарығындағы сұраныс пен ұсыныс конъюнктураларынан және өзге де теңгерімсіз нарықтық қатынастардан.
Қазіргі
кезде банк активтерді басқару үш
әдістемелік бағытқа
Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса.
Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.
Үшіншісі – коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.
Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: «коммерциялық ссудалар», «ауысымдылық» және «күтілетін табыс теориялары». Бұл үш теорияда банктің активін басқарумен тікелей байланысты.
Қазіргі кезде біздің елімізде мұндай бағалы қағаздарға мемлекеттің бағалы қағаздары мен агенттік бағалы қағаздарды жатқызуға болады. Мемлекеттің бағалы қағаздары ретінде тез іске асатын активтерге ҚР Үкіметінің бағалы қағаздары мен ҚР ҚҰБ қысқа мерзімді нотасы жатады. Ал агенттік бағалы қағазға «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» (ҚИК) АҚ-ның облигацияларын жатқызамыз.
2001 жылдарға
дейін ҚР екінші деңгейдегі
банктердің жоғары өтімді
Біздің
елімізде вексель бағалы қазаз ретінде
заңда көрсетілмесе де, 2000 жылдан бастап
енгізіліп отырған бірінші
Банктегі қаржы менеджментінің қағидаттарын ғылыми негіздеуде банктің тұрақтылық теориясының маңызы ерекше. Ол теорияның көмегімен банктің тұрақтылығын бағалау және басқару әдістері негізделеді.
Банктегі
қаржы менеджменті мынадай
- Стратегиялық және ағымдағы жоспарлау;
- Банктің саясатын қалыптастыру;
- Банк активін басқару;
- Пассивтерді басқару;
- Өтімділікті басқару;
- Табыстылықты басқару;
- Активтер мен пассивтерді басқару;
- Меншікті капиталды басқару;
- Несиелік қоржынды басқару;
- Инвестициялық қоржынды басқару;
- Тәуекелдерді басқару.
Банктік қаржылық менеджменті бұл
банктегі ақшалай ресурстарды
Бүгінгі күні банктер өздерінің
активтер мен пассивтер балансын
біртұтас қарастырады және оны басқарудың
мақсатына жоғары пайда алу және
қолайлы тәуекел деңгейін қамтамасыз
етуді жатқызады. Банктің активтері
мен пассивтерін кешенді
Коммерциялық банктің активтер мен пассивтерін кешенді басқарудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің қысқа және ұзақ мерзімді өтімділігін басқару;
- банктің табыстылығы мен рентабельділігін ұстап отыру және арттыру;
- банк капиталының жеткіліктігін және құрылымын басқару;
- банктің пайызсыз шығыстарын басқару;
- салық ауыртпалығын ықшамдау және азайту;
- банктің нарықтық құнын тұрақтандыру немесе арттыру.
Жоғарыда белгіленген
Тұжырымдама негізінде, банк активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың құрылымының қазіргі үлгісін 1-суретпен беруге болады.
Сурет 1. Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін кешенді басқару үлгісі
Банктің активі мен пассивін басқару қызметі тиісті құрылыммен жүзеге асырылуға тиіс екендігі белгілі. Ондай қызметті отандық банктер тәжірибесінде активтер мен пассивтерді басқаруды Активтер және пассивтерді басқару комитеті (АПБК) жүзеге асырады. Комитет мынадай қызметтерді атқарады [3, 367б.]:
- Банк активтері мен пассивтерін басқару қызметін атқаратын әдістемелерді және регламенттерді даярлайды;
- Қаражаттарды тарту және орналастыру өлшемдері туралы шешімдер қабылдау;
- Бекітілген стратегиялық жоспарларға банк балансы құрылымының сай келуін бақылау;
- Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты әдістемелерді жасау;
- Банк балансының өтімділігіне және өтімділік ұстанымын болжауға; бақылау жасау, өтімді қаржаттарға деген қажеттілікті анықтау және балама қаражат көздерін таңдау;
- Қаражаттардың көздері және бағыттары бойынша қысқамерзімді болжамдар жасау;
- Банктің баға саясатын жасау;
- Нарықтық пайыз мөлшерлерлемелерінің өзгерісінен туындайтын тәуекелге қатысты банк балансын бағалау;
- Банк жұмысының рентабельдігін талдау және мониторинг жүргізу;
- Қаражаттарды тартатын және орналастырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер арасындағы жұмысты үйлестіру;
- Банк капиталын басқару;
- Тәуекелдерге қатысты реттеуші ұйымдардың заңи және нормативтік актілерінің орындалуын бақылау.
Активтер мен пассивтерді
Сурет 2. Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің құрылымы
Банк активтерін және пассивтерін басқару жүйесінде ең маңызды тәуекелдерді басқаруға өтімділік тәуекелін басқару, несиелік тәуекелді, пайыздық тәуекелді және нарықтық тәуекелдерді басқару, сондай төлемсіздік тәуекелін басқарулар жатады. Тәуекел айнасына банктің қаржылық нәтижесін жатқызатын болсақ, онда банктің табыстылығын немесе рентабельдігін басқару, жалпы оның құрылымдық бөлімшелерін, өнімдерін және клиенттерін басқарулар да банктің активі және пассивін басқару жүйесінің маңызды элементтеріне кіреді.
Банк активтері мен
Банк активтер мен пассивтерін кешенді басқару үдерісін келесі бетте сызбамен беруге болады (3-сурет).
Сурет 3. Активтер мен пассивтерді кешенді басқару үдерісі
Банк активтер мен пассивтерін басқару банктің меншікті және тартылған ақша қаражаттарын, олардың көздері мен орналастырылу бағыттарын және банк қызметіне байланысты туындайтын тәуекелдерді талдаудан басталады.
Активтер
мен пассивтерді басқару сыртқы
және ішкі тура немесе нақты ақпараттардың
болуын талап етеді. Бұл жерде
сыртқы ақпарат банктің экономикалық
даму және даму стратегиясын жасау
үшін қажет болса, ал ішкі ақпарат
банктің активтері мен
1.2 Банктің активін мен
пассивін кешенді басқару
Банктің активтері мен пассивтерін
кешенді басқару стратегияларын
қалыптастырудың және іске асырудың
банктің тұрақтылығы мен
Кез келген банктің тұрақтылығы
ең бастысы банктің менеджментіне
тікелей тәуелді. Банктің менеджментінің
тиімділігі, оның құрамдас бөлігіне үнемі
өзгермелі бәсекелестік ортада стратегияны
дұрыс таңдауына тікелей
Стратегия сөзі ерте уақыттан бері әскери салада қолданылып келген, оның мағынасы жауды жеңуге арналған жоспарды жасау дегенді білдірді. Стратегия сөзі «стратегос» деген грек сөзінен шыққан түсіндермесі «генерал» деген түсінікті береді [12, 54б.].
Банкке қатысты алсақ, стратегия
бұл бәсекелестік артықшылықтарға
қол жеткізуге бағытталған
Банк стратегиясының басты мақсаты
бұл банктің құнын барынша
арттыру, банктік өнімдер мен
банктік қызметтерді
Банктік өнімдер мен қызметтерді тұтынушы клиенттердің талаптарын ескеру банктің тұрақты дамуының негізі. Банктің құнының ағымдағы жағдайын айқындау негізінде банктің стратегиясы жасалады.
Банктің құны қоршаған ортадағы үнемі
өзгерістер жағдайында оның активтерінің
табыс әкелу қабілетімен
Банк құнын анықтауға
Банк құнын талдау Корпоративтік стратегиясы
Нарықты талдау Бизнес стратегиясы Банк қызметін басқару
4-сурет - Банк құнын анықтауға негізделген банк стратегиясын жасау кезеңдері
Суреттен көріп отырғанымыздай ұзақ мерзімде банк құнын ұлғайтудың негізгі көрсеткішіне банктің корпоративтік және бизнес стратегиясы жатады.
Корпоративтік стратегия жаңа банк өнімдері мен қызмет түрлерінің есебінен активтерді түрлендіру және жаңа нарықтарға, соның ішінде халықаралық нарықтарға қызмет көрсетуге байланысты банктің мүмкіндіктерін сипаттайды. Корпоративтік стратегияның іске асырылу нәтижесі бизнесті дамыту болуға тиіс.
Бизнес стратегиясы бұл
Банк стратегиясының нақтылығы мен іске асырылу жетістіктері банктің қоршаған ортасына және сыртқы және ішкі қауіптерді тура бағалауына тікелей байланысты. Мұндағы банкті қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне макроэкономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар, ақша-несие саясатының басты бағыттары, қаржылық қадағалау ұйымының талаптары және т.б жатады. Басқаша айтқанда, жақын және алыс қоршаған орталардың банк қызметіне тигізетін ықпалы ескерілуге тиіс.
Қоршаған ортаның үнемі
Ұзақ мерзім ішінде банктің құнының өсуіне кедергі жасайтын факторларды төмендегідей сызбамен беруге болады (5-сурет).
Сурет 5. Банк құнының өсуіне кедергі жасайтын қауіп-қатерлер
Сыртқы қауіп ұлттық және халықаралық
нарықтардағы бәсекелестікке, пайыз
мөлшерлемесіндегі, валюта және бағалы
қағаздар бағамындағы ауытқуларға,
клиенттерді қызметтерді
Ішкі қауіп бірінші кезекте
клиенттердің тұтынуына негізделеді.
Банктер көбіне нақты клиенттерге
арналған банк өнімдерін шығаруға бағытталады,
бір жағынан бұл нарыққа жаңа
ұсынысты ұлғайтса, екінші жағынан
банктің шығындарына басқару
тарапынан қатаң бақылау
Бәсекелестік стратегиясын жасау барысында ішкі және сыртқы қауіп-қатерлермен бірге, оның сыртқы және ішкі мүмкіндіктерін ескеру қажет (6-сурет).
Сурет 6. Банк құнының өсуіне ықпал ететін банктің сырттай
және іштей мүмкіндіктері
Сыртқы мүмкіндіктеріне
Банктің бәсекелестік стратегиясын бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банктің ұзақ мерзімді даму тұжырымы ретінде қарастыруға болады. Мұндай артықшылықтарға банктің жекелеген клиенттерге қолайлы пайызбен жекелеген өнім түрлерін ұсынуға мамандануын және т.с.с. жатқызуға болады. Коммерциялық қызмет барысында банк өзінің клиенттеріне құнды қызмет түрлерін көрсетеуге тиісті. Банк өнімдері мен қызметтерінің құндылығы негізінен қанша клиенттің банк сол қызметтер мен өнімдерді сатып алуға дайын екендігімен сипатталады. Егер банктің ұсынатын қызметтерінің құны банк қызметі үшін қажетті жиынтық шығындар сомасынан асатын болса, онды банк қызмет рентабелді болып табылады. Бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бағасы, бәсекелестерінің сондай қызметке белгілейтін бағасынан жоғары болмауға тиіс.
Қазақстандық банктік жүйенің
дамуының бастапқы кезеңінде бәсекелестік
стратегияның басты элементі ретінде
баға белгілеу стратегиясы қолданылды.
Ол уақытта банктер бір ғана өнімге
мамандану арқылы клиенттер тартуға
өз қызметтерін бағыттады. Мысалға
қызметтерінің басымдық бағыттары
ретінде жеке тұлғалардан салымдарға
қаражат тарту қарастырды. Ең бастысы
олар баға белгілеу стратегиясына мән
берген болатын, яғни тартылған қаражаттар
үшін өте жоғары пайыздық мөлшерлерлеме
белгілейді. Агрессивтік пайыз саясаты
есебінен өздерінің ресурстық базаларын
нығайтуға байланысты мәселелерін
шешкенімен, бірқатар коммерциялық банктер
тартылған қаржаттарды
Бәсекелестік стратегияны екі
түрге орнын алмастыру
90 жылдардың ортасына бастап, банктер
орнын алмастыру стратегиясына
мән бере бастады. Сөйтіп, банктер
қайта ұйымдастырылу формасына,
Жалпы банктің
даму стратегиясы мынадай
- маркетингтік стратегиясы;
- тәуекелді басқару стратегиясы;
- қызметкерлерді басқару стратегиясы.
Маркетингтік
стратегия жасауда банктің
- бұрынғы клиенттерге банкте бар қызметтерді көрсету;
- белгілі бір нарық сегментінде қызмет көрсетуді қысқарту немесе тоқтату;
- жаңадан жаулап алған нарықтың сегменттерінде жаңа клиенттерге ескі банктік өнімдерді ұсыну;
- жаңадан жасаған қызмет түрлерін жаңа нарыққа ұсыну;
- жаңа қызмет пен өнім түрлерін бұрынғы нарықтарда ұсыну.
Тәуекелді басқару стратегиясы бұл банк өнімдерін сатуға байланысты туындайтын зияндарды азайтуға бағытталған банк қызметін басқару бағдарламасы.
Банк тәуекелдерін басқару стратегиясын жасау ситуациялық талдау нәтижелеріндегі банк қызметінің қауіпті жақтарын ескеруге негізделеді. Банк тәуекелдерін басқару стратегиясын жасау барысында мыналарды ескеру қажет:
- әрбір тәуекелдің жоғары шекті дейгейін анықтау;
- өткен жоспарлау мерзімінде болған тәуекелдердің шамасын бағалай отырып, жоспарлау мерзімінде болатын тәуекелдердің ықималдығын болжау;
- банктің тәуекелдердің ағымдағы деңгейіне бақылау жасауды қамтамасыз ететін банкті басқару механизмін жасау;
- форс-можорлық жағдайларда туындайтын әр түрлі тәукелдерді бейтараптандыру ға арналған шаралардың жоспарын жасау.

- Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы
- Компаниядағы пиар қызметін ұйымдастыру
- Компания капиталының құрылымы мен құрамы
- Компания «МГТС»
- Компания МТС – оценка внешней и внутренней среды, инновации в сфере мобильной связи
- Компания МТС – оценка внешней и внутренней среды, инновации в сфере мобильной связи
- Компанияның ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары
- Компания Facebook
- Компания Ford Motor
- Компания IKEA
- Компания Philips
- Компания Rational Software
- Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру
- Компаниядағы дивидендтік саясатты басқару