Компанияның қызметін қаржыландыруда қаржылық лизингті паидалану.
Жоспар
Негізгі бөлім
1.1.Кіріспе
1.2.Қызмет көрсету түсінігі
1.3. Мемлекеттік қызмет түсінігі,стандарттары
1.4.Мемлекеттік қызметтердің классификациясы
1.5. Мемлекеттік қызметтер көрсету түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасының шешіміне және Қазақстан Республикасының шешіміне сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және сыбайластық пен жемқорлықты азайту мақсатында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұған байланысты проблемаларды шешу мақсатында мемлекеттік қызметтердің стандарттары өңделіп және еңгізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтердің сапасын түбегейлі көтеру – Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне мүмкіндік туғызады.
Негізгі мемлекеттік қызметтердің стандарттарының методикалық нұсқаулары “Мемлекеттік қызметтердің стандартталуы. Мемлекеттік стандарт ҚР СТ 1.13-2005. Негізгі талаптар [1” деп аталатын Мемлекеттік Қызмет Істері жөніндегі Агенттігімен өңделген құжатта келтірілген. Бұл құжатта мемлекеттік қызметтерді стандарттау процессінің принциптері, негізгі терминдері, стандарттау объектілері және де басқа компоненттер жайында айтылған. Оларды айқындау және жұмыс тәжірибесіне енгізу үшін әдістемелік және нормативтік құжаттардың кешенін өңдеу қажет.
Осы әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қызмет Істері жөніндегі Агенттігінің 02.03.2006 “Ұлттық жұмысшы тобының жоспарын бекіту” No 02-01-02|23 бұйрығына сәйкес, Еуропалық Комиссияның «Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын өңдеуіне жәрдемдесу» жобасына сүйене өңделген.
Нұсқаулар жобаның алғашқы пилот органдардың ұлттық жұмысшы топ мүшелерінің және осы жобаның эксперттерінің ұсыныстарына қарай өңделген. Бұл жобаға кіретін мекемелер мынадай: Әділет министірлігі , Қаржы министірлігінің Салық Комитеті, Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі, Денсаулық қорғау министірлігі, Алматы қ. Әкімдігі және Оңтүстік - Қазақстан облысынің Әкімдігі.
мемлекеттік органдармен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының заңына сүйене өңделген. Дамыған шет елдердің ең алдымен, Ұлыбританияның, тәжірибелерімен сыналған. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің халыққа көрсетілетін қызметтері бір-бірінен әр түрлі спецификалық ерекшеліктермен ажыратылады. Осыған байланысты қызметтердің барлық түрлеріне арналған әдістемелік нұсқаулардың стандарттарын өңдеу мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл жобаға байланысты өткізілетін жұмыстар бірыңғай ұйымдық методологиялық негізінде жүзеге асуы тиіс. Бұл қазіргі таңдағы сала аралық, модельдік нұсқауларды өңдеу қажеттілігін ескертеді.
Ел басымыздың жыл сайынғы жолдауына сүйене отырып, мүдделес мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметтердің арнайы түрлеріне арналған салалық әдістемелік материалдарды өңдей алады.
Нұсқаулардың мақсаты бірыңғай методологиялық тәсілді құруында, мемлекеттік қызметтердің көрсеткіштерінің мағынасын және құрамын анықтауда: нормативтік (стандарттардың ), ағымдағы және мақсаттылық бойынша.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет :
- негізгі мемлекеттік қызметтердің тізімін іріктеуге арналған талаптардың анықтауы;
- мемлекеттік қызметтердің көрсеткіштерінің құрамын іріктеуге арналған талаптардың анықтауы;
- мемлекеттік қызмет көрсеткіштерінің деңгейін айқындау: ағымдағы, нормативті (стандарттық ) және мақсатты.
Көрсетілген мәселелердің дұрыс шешімі мемлекеттік қызметтердің стандарттарын енгізуіне бірыңғай ұйымдық - әдістемелік негізінде жүзеге асуына мүмкіндік береді , ал ол өз кезегінде жоспарланған нәтижелерге жетуге кепілдік береді .
1. Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету түрлері кеңінен дами бастады, осыған қарай даму кезенін келесідей қарастырамыз:
1 кезенде: мамандар пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтарын өндіруімен байланысты еместің барлығы қызметке жатқызылады.
2 кезенде: қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады. Осы кезде қызмет келесідей анықтамаға ие болды: Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі.
3 кезенде: Қызметтің мәнін толық және нақты ашуға мүмкіндік береді және материалды талабы бар қызметтерді, қасиеттерін тереңірек салыстыру қажеттілігі туындады.
Материалды игілікте қызметтерді ажырататын белгілер:
1. Бөлшекке ұстауға, өлшеуге, химиялық қасиетін білуге болмайды.
2. Қызмет өзінің қайнар көзімен бөлінбейді.
3. Сапаның тұрақсыздығы.
4. Қызметтің сақталмауы.
5. Қызметті көрсетуде меншік құқығын берудің болмауы.
Қызмет бұл- меншікпен байланыссыз тұтынушының сатып алатын, көзге көрінбейтін игілігі. Бұл анықтамаларының авторы Ассэль Г. Қызмет бұл- іс әрекет немесе жұмыстың орындалуы олар көзге көрінбейді. Қызметтер экономикалық іс әрекет түрінде анықталуы мүмкін. Қызмет іс әрекет немесе пайда болуы мүмкін оны сатып алушы, қандай да бір материалдық обьектіге меншік құқығын алмайды.
Ағылшын тілінен аударғанда, сервис бірнеше мағына береді: қызмет, қызмет көрсету,міндетті болуы. Сервис түсінігі кең мағынада қызмет және қызмет көрсетуді білдіреді. Қызмет көрсету – тұтынушылардың күрделі бұйымдарды: машина, құрал жабдық, тұрмыстық техника, көлік құралдары, өткізу және пайдаланумен байланысты қызметтердің кешені. Қызмет көрсету- негізгі қызметтерді жүзеге асырудың құралы ретінде: қонақ үй кешенде қызмет көрсету, мейрамхана бизнесте қызмет көрсету, және ақпарат бизнес көрсету.
Сервистің қызмет көрсету ретінде қазіргі уақытта дамуы 3 себеппен байланысты:
1. Материалды өндіріс өнімінің күрделінуімен.
2. Бәсекелестік орта.
3. Фирманың өз пайдасын арттыру.
Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады?
Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.
Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.
Қызмет көрсету[1]-заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Материалдық Қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету аясының ілгерілеуі үшін іргелі негізі болып табылатын материалдық өндірістің дамуы, сондай-ақ Қызмет көрсету аясындағы еңбек бөлінісі Қызмет көрсету түрлерін кеңейте түседі. Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде Қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т.б.), жаңа бұйымдар жасайтын Қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т.б.), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т.б. жөндеу), зияткерлік Қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т.б.), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы Қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының Қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі. Тұтынушы үшін қоғамдық тұтыну қорларын бөлу тұрғысынан Қызмет көрсету ақылы (Қызмет көрсетуге тұтынушы ақы төлейтін) және ақысыз (бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін) Қызмет көрсету түрлеріне бөлінеді. Қызмет көрсету өндірістік қатынастардың сипатына қарай түрлі әлеум.-экон. нысанда болуы мүмкін. Тауар ретінде Қызмет көрсету екі жақты құрылымға ие болады: арнайы тұтыну құны (нақты еңбектің пайдалы нәтижесі) мен құн (Қызмет көрсетудегі қоғамдық қажетті еңбек) сипатында көрініс табады. Демек, Қызмет көрсету аясы өзінің тіршілік етуі мен дамуына қажетті қорды өзі ғана ұдайы өндіреді, ал осы аяға жұмсалған еңбек Қызмет көрсету өндірісіне қатысушылар табысының көзі болып табылады, бірақ ол материалдық өндірісте жасалған құнды Қызмет көрсету аясының пайдасына қайта бөлу нәтижесі болып табылмайды. Қоғамдық еңбек бөлінісі құрылымында Қызмет көрсету аясы экономиканың “бірінші” секторына жататын ауыл шаруашылығы мен “екінші” секторына жататын өнеркәсіптен өзгеше түрде заттай тауарлар сияқты жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құрамына кіреді. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі Қызмет көрсету аясының үлесі елдің экон. дамуы деңгейінің өзіндік көрсеткіші болып табылады.
2.Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын, тұтынушының заңды құқығын және мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, немесе ұйымдардың қызығушылық білдірткен азаматтармен және мекемелермен бірге істескен жұмыстың нәтижесі
Қолайлық және сапа көрсеткіштері: Көрсетілітін мемлекеттік қызметтерді өлшейтін, қадағалайтын, баға беретін сандық және сапалық жиынтық параметрлері.
Мемлекеттік қызметтердің стандарттары: қағидалар мен талаптар, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік маңызын, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібін белгіленген сападағы мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуға құқығын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт
Мемлекеттік қызметтердің стандарттар көрсеткіштерін өңдеудің негізгі кезеңдері
Стандарттарды (көрсеткіштерді) өңдеу және енгізу саласында Ұлыбритания және басқа мемлекеттердің тәжірибесінің негізінде, мемлекеттік қызметтердің стандарттарын өңдеу келесі жұмыстарды атқару арқылы ұйымдастырған жөн:
- басымдық мемлекеттік қызметтердің тізімін анықтау;
- мемлекеттік қызметтердің көрсеткіштерінің құрамын анықтау;
- мемлекеттік қызметтер көрсеткіштерінің деңгейін анықтау (ағымды, нормативтік (стандарт) және мақсатты);
- мемлекеттік органның басшысы бекіткен нормативтік көрсеткішерді (стандарттарды) ақпаратта жариялау
Әлемдік тәжірибиге қарасақ, мемлекеттік органдар мен мекемелер арқылы көрсетілетін қызметтердің ішінен халық үшін маңызы зор қызметтер үшін стандарттарды өңдеу қажет. Осы басымдық қызметтерді анықтау үшін, олар белгілі талаптарға сәйкес болу керек. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін қойылатын талаптар.
Стандарттарды өңдеу үшін басымдық қызметтердің тізімін анықтау барысында қойылатын негізгі талаптар мынадай:
- көрсетілетін қызметтің әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы;
- көрсетілетін қызметтің бұқаралықтығы;
- мемлекеттің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін міндетті қызметтер
- коррупциогендік қызметтер.
Әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы. Әлеуметтік маңызы зор қызметтер дегеніміз, заңға қайшы келмейтін, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамсыздандыратын қызметтер. Экономикалық маңыздылық әр қызмет үшін жеке сараптама арқылы анықталады.
Бұқаралықтық. Көрсетілетін қызметтердің бұқаралықтығы дегеніміз, біршама айтарлықтай азаматтардың және мекемемлердің осы қызметтерді талап етуі. Бұл топқа басқа да қызметтер кіреді, мысалы қысқа мерзім ішінде (бір айда, бір тоқсанда) көрсетілетін қызметтер.
Міндетті қызметтер. Бұл қызметтерге жеке күәліктерді, салық төлеушінің тіркеу номерін, белгілі қызметке заңда қарастырылған лицензияны алу, азаматтарды тұрақты мекен жайы бойынша тіркеу және басқа да қызметтер жатады.
Коррупциогендік. Коррупциягендік дегеніміз административтік жүйедегі коррупцияға көбінесе шалдығатын қызметтер
Мемлекеттік қызметтердің құрамын анықтау
Көрсетілітін қызметтерді бағалау үшін, белгілі талаптарға сай, мемлекеттік қызметтердің сапа және қолайлық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге койылатын талаптар
Көрсетілетін қызметтердің құрамы мынадай талаптарға сәйкес болу керек:
- релеванттық;
- қарапайым және түсінікті анықталуы;
- өлшемділік.
Релеванттық. Релевантты болу үшін қызмет көрсеткіштері, тұтынушының көзқарасы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде пайда болатын ең проблемалы мәселелердің шешіміне бағытталу керек. Шетелдік және отандық зертеулердің қорытындындылары бойынша, тұтынушылардың (шамамен 40%) мынадай нәрселерге қанағаттанбаған: көрсетілетін қызметтердің мерзімдеріне; көрсетілетін қызметтердің сапасына; қолайлығына; шағымдану тәртібіне; қызметкерлердің сыпайылығына. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтерінің көрсеткіштер құрамы мынадай:
- сапа;
- қолайлық;
- шағымдану тәртібі;
- сыпайылық.
Қарапайым және түсінікті анықталуы. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмысының өлшенетін қорытындылары бойынша, көрсеткіштер, қарапайым және түсінікті тілмен жазылу қажет.
Өлшемділік. Таңдалған көрсеткіштер статистикалық бақылау әдістер бойынша, мәліметтердің өңделуі және тіркелуі өлшемге келу керек, немесе тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер жайында әртүрлі сауалдама өткізу арқылы өлшену керек.
3.Мемлекеттік қызметтердің классификациясы
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер мен халыққа көрсетілетін қызметтерд арасында айырмашылықтары бар. Олар спецификасымен, жұмыстың көлемімен, төлем ақысымен т.б. ерекшеліктермен ажыратылады.
Көрсетілетін қызметтердің тізімін жасау үшін, ең алдымен мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің «инвентаризациясын» жасау керек. Содан соң, әр түрлі объектілерді белгілі бір қасиеттерімен жинақтап, олардың классификациясын жасау керек.
75.11 «Әлеуметтік-экономикалық қауым саясаты және мемлекеттік басқару саласындағы көрсетілетін қызметтер» ГК 04-2003 деп аталатын бөлімде мемлекеттік қызметтердің тізімі өнімдер классификаторы арқылы еңгізілген.
Әлеуметтік маңызы бар қызметтер. Әлеуметтік маңызы зор қызметтер дегеніміз, заңға қайшы келмейтін, азаматтардың әлеуметтік, экономикалық құқықтарын қамсыздандыратын қызметтер. Бұл топқа әл ауқаты нашар адамдарға, немесе жанұяларға, жұмыссыздарға және т.б. жәрдемақы беру қызметтері кіреді. Сондай-ақ бұл категорияға кәсіпкерлерді тіркеу қызметі де кіреді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мұндай қызметтердің ішіне тегін медициналық көмек көрсету кіреді.
Бұқаралық қызметтер. Көрсетілетін қызметтердің бұқаралықтығы дегеніміз, біршама айтарлықтай азаматтардың және мекемемлердің осы қызметтерді талап етуі. Бұл топқа басқа да қызметтер кіреді, мысал үшін қысқа мерзім ішінде (бір айда, бір тоқсанда) көрсетілетін қызметтер.
Сондай-ақ бұл қызметтердің ішіне заңға сәйкес міндетті түрде көрсетілетін қызметтер (мысал үшін төлқұжат алу, куәлік алу, есептік салық нөмірін алу) кіреді.
Міндетті қызметтер. Бұл қызметтерге жеке күәліктерді, салық төлеушінің тіркеу номерін, белгілі қызметке заңда қарастырылған лицензияны алу, азаматтарды тұрақты мекен жайы бойынша тіркеу және басқа да қызметтер жатады.
Коррупциогендік қызметтер. Коррупциогендік дегеніміз административтік жүйедегі сыбайластық пен жемқорлыққа көбінесе шалдығатын қызметтер.
Бұл топқа мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау, рұқсат беру мен фискальдік функциялары кіреді.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету түрлері
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу . |
Мүгедектерге үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мүктаж жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған қүжаттарды рәсімдеу. |
Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық -әлеуметтік мекемелерде |
Мүгедектерді сурдо-тифлоқүралдармен және міндетті гигиеналық күралдармен |
Мүгедектерге протездік- ортопедиялык көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу |
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу |
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұктаж азаматтардың |
Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде түратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау . |
Психонервалогиялық ауытқулары бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету. |
Мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек |
Түрғын үй жәрдемақысы бойынша. |
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу |
Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру бойынша |
Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу |
Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету үшін құжттарды рәсімдеу |
Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу |
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» |
«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» |
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты |
«Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» |
«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» |
«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруі» |
«Патронаттыќ тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер ќабылдау» |
«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» |
Оқушыларды және тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін ұйымдарына тегін жеткізу мен кейін үйіне апарып салуды қамтамасыз ету |
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру» мемлекеттік қызмет стандарты. |
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілер беру» мемлекеттік қызмет стандарты |
«Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына актілер беру» мемлекеттік қызмет стандарты |
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер беру» мемлекеттік қызмет стандар |
Жеке тұлғаларға берілген ветеринариялық анықтамалар |
Жеке тұлғалардың ірі қара малдарына салынған сырғалар саны мен ветеринариялық паспорттар саны |
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу |
Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу |
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету |
Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтерде жеке қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру |
Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтерінде мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.СТ РК 1.13 – 2005 мемлекеттік стандарт. Мемлекеттік қызметтерді стандартизациялау. Негізгі талаптар
2. Мемлекеттік қызметтер: қазіргі жағдай және даму перспективалары: «Мемлекеттік сектордағы реформаларды қолдау» БҰҰ Даму Бағдарламасы жобасы дайындаған Мемлекеттік Қызмет Агенттігінің шолуы. Алматы: ЖШС «LEM», 2004. – 35 б.
3. Әкімшілік тәртіп туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы №107-11 Қазақстан Республикасының заңы.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі
5. Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы заң
7. Қосымша интернет жүйесі
www. Google.kz

- Компанияның қысқаша тарихы
- Компания ОАО «Мегафон Северо-Запад»
- Компания Роснефть как финансово-промышленная группа
- Компания шығындары
- Компановка конструктивной схемы балочной площадки
- Компаративистический анализ конфликтов к комедиях Мизантроп и Горе
- Компаративний аналіз
- Компанияның дивидендтік саясатын басқару
- Компанияның дивидендтік саясатын басқару
- Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
- Компанияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
- Компанияның қаржылық жағдайын талдау
- Компанияның қаржылық жағдайын талдау
- Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары