Конференция туралы мәліметтер базасын құру
27
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 Есептің қойылымы......................
2 Есептің алгоритмі.....................
3 Теориялық бөлім ..............................
3.1 BDE Administrator ..............................
3.2 Database Desktop ..............................
3.3 Компоненттер палитрасы ..............................
4 ……………………………...................
4.1 Жалпы мағлұмат......................
4.2 Функционалдық тағайындалуы ..............................
4.3 Логикалық құрылымның баяндалуы.....................
4.4 Шақыру және жүктеу........................
4.5 Қажетті техникалық жабдықтар ..............................
4.6 Кіріс мәліметтер ..............................
4.7 Шығыс мәліметтер ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Қосымша А.............................
Қосымша Б.............................
Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 – нұсқалары жарық көрді. 5,6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
Delphi программалау ортасы
12-сурет. Delphi ортасы.
Мұндағы:
1 - Delphi 6-ның негізгі терезесі;
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor);
4 - Модуль терезесі (программалық код терезесі);
5 - Негізгі мәзір;
6 - Аспаптар панелі;
7 - Компоненттер палитрасы.
050704 мамандығының әр курста оқитын студенттер тізімі берілген. Осы салада мәліметтер базасын құрып, оған пішіндер, құжаттар, есеп берулер жасау керек.
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ЛОРгшщзшг
«050704 мамандығы студенттерінің оқу жоспарын құру» пәндік облысында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қосымша құру. Берілген мәліметтер базасымен меню режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қолданбалы программаны жасау. Менюде кем дегенде бес бөлім болу керек және әрбір бөлімнің өзіндік ішкі менюі болады.
Менюдегі бірінші бөлім өзіндік ішкі менюі арқылы мәліметтер базасындағы жазбаларға түзетулер енгізу, қосымша мәліметтер енгізу, жоюды жүзеге асырады.
Менюдегі екінші бөлім өзіндік ішкі менюі арқылы осы саладағы құжаттарды басылымға шығарады.
Менюдегі үшінші бөлім өзіндік ішкі менюі арқылы құрылымдық функциялары көмегімен МБ –ның статистикалық мәліметтерін шығарады.
Менюдегі төртінші бөлім өзіндік ішкі менюі арқылы МБ – нің анықтамалық ақпаратын шығарады.
Менюдегі бесінші бөлім өзіндік ішкі менюі арқылы МББЖ – ге немесе ОЖ-ге шығуды ұйымдастырады.
2 ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ
1. Берілген “ Көрсетілген студенттердің оқу жоспарын құру ” атты тақырыбымызды ашатын мәліметтер базасын құру үшін «Студент», «Пән», «Жоспар» деген үш объектілерді таңдаймыз;
2. Үш объектілерді зерттеп оларды ашатын атрибуттарды таңдаймыз. Мысалы, «Студент» объектісін ашатын `Студент коды`, `ФИО`, ‘Курс’, `Группа`, `Мамандық`, `Специализация`, `Оқу формасы`, `Оқу түрі`, `Адрес` деген, «Жоспар» объектісін ашатын `Код`, `Семестр `, `Студент коды`, `Пән шифры`, `Оқытушы `, `Кафедра` деген, ал «Пән» объектісін ашатын `Пән шифры`, `Пән циклы`, `Аты`, `Кредит саны`, `Бір кредит бағасы`, `Экзамен түрі` деген аттрибуттарды таңдаймыз;
3. Зерттеліп отырған ортаны сипаттайтын «Көрсетілген студенттердің жеке жоспары» және «Курстарға жазылу» туралы құжаттарды дайындаймыз;
4. Объектілердің статистикалық мәліметтері бойынша есеп берулерді ұйымдастырамыз;
5. Delphi ортасында зерттелген объектілер бойынша мәлімметтер базасын құрамыз.
3 Теориялық бөлім
3.1 BDE Administrator
Құрылатын мәліметтер базасы компьютердің директориясында болуы керек. Директорияны компьютерде, серверде, түбір каталогта немесе ішкі каталогта құруға болады, мысалы :
1) D:/novaya ;
2) Е :\ практика2().
Paradox, dBase және FoxPro форматында құрылған МБ-сы (немесе МБ кестелері ) МББЖ -нің жергілікті режимінде жұмыс істейді.
МББЖ технологиясында МБ атауына псевдоним беріледі, сонда МББЖ программалары псевдоним арқылы іске асырылады.
BDE Administrator утилиті Delphi – мен байланыста болуы тиісті.
МБ – құруда алғашқы қадам компьютердің С:\ немесе D:\ дискілерінде өзіміздің жұмысымызды сақтау үшін директория құрудан
басталады.
Delphi –де МБ тіркеуі BDE Administrator утилитінің көмегімен іске асырылады. Сондықтан біздің "D :\ PRIMER " BDE Administrator - да іске асырылады.
BDE Administrator екі варианттың қолдауында жүреді :
1. Windows жұмысшы столына тікелей :
Пуск / Программы / Borland Delphi 7 / BDE Administrator
2. Алдымен Delphі-дің негізгі модулі жіберіледі, ол экранның IDE-нің жоғарғы қатарында Delphі-дің басты менюінде орналасқан.
DateBase менюін ашамыз және одан Exproler командасын таңдаймыз.Осы командамен BDE Administrator утилитін жібереміз.Жібергеннен кейін келесі амалдар орындалады:
Негізгі менюден Object | New элементі таңдаймыз. Көрінген терезеде МБ – ның құрылған типін (Standard) өзгеріссіз қалдырып ОК батырмасын басамыз (Сурет 1).
Сурет 1. Мәліметтер базасының драйвер типін таңдау терезесі
Администратормен терезенің сол жағында STANDARD1 терезесін көреміз. Оны novaya атымен өзгертеміз. Ол үшін МБ атына тышқанды шертіп, жаңа мәтін енгіземіз.
Оң жақ терезеде МБ параметрлері келтірілген. Оларды өзгеріссіз қалдырамыз да, тек соңғы параметрін өзгертеміз. Бұл параметр МБ орналасқан катологқа жолды енгізу үшін жол сілтейді. Жолды енгізу үшін PATH өрісін шертіп оң жақта пайда болған батырманы басып, E:\практика2() каталогын таңдап ОК батырмасын басамыз (Сурет 2). Енді псевдонимнің анықталуын есте сақтауымыз керек, ол үшін сол жақ терезеде тышқанның оң жақ батырмасымен псевдоним атын шертеміз және Apply элементін менюден таңдаймыз. Пайда болған диалогты терезеде псевдонимнің өзгертулерін сақтаймыз да, ОК батырмасын басуымыз керек.
Сонымен BDE Administrator утилитінен шығуымыз керек. Содан соң псевдоним құру аяқталады. Енді оған басқа утилиттерден хабарласуға болады. Бірақ МБ псевдонимі бар каталог әлі бос. Сондықтан мәліметтер базасының кестесін құру керек.
Сурет 2 . Мәліметтер базасының псевдоним параметрлерінің терезесі
3.2 Database Desktop
Мәліметтер базасының кестелерін құру үшін Database Desktop (DBD)
(Пуск| Программа | Borland Delphi 7| Database Desktop ) утилитін жіберу қажетті. Утилит жіберілуінен кейін жұмысшы псевдонимі утилитін орнатамыз. Бұл псевдоним автоматты түрде жұмыс істейін утилит. Егер жұмысшы псевдонимі орнатылмаса, онда DBD жұмыс істеген сайын псевдонимді көрсетіп отыру керек, бұл уақытты көп алады.
Жұмысшы псевдонимін орнату үшін бас менюдан File | Working Directory элементін таңдау керек және Aliases түсетін тізімінде псевдоним атын ЛАУ - ды таңдау , одан кейін Ok батырмасын басу керек. Бас менюден File | New | Table таңдаймыз, осыдан кейін МБ кесте структурасының анықтама терезесі пайда болады (3-сурет).
Сурет 3 . Database Desktop утилиті: МБ кестесінің құрылымын анықтау терезесі
Сурет 4. Өріс алаңын таңдау терезесі
«Студент» кестесіне кіруші өрістерді анықтаймыз. Field Name бағанасына `StudID` атты өрісті енгіземіз . Өріс типін анықтау үшін, Type бағанасында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыздар. Бұған жауап ретінде керек өріс типін таңдау үшін өріс типінің тізімі шығады ( сурет-4).
СУБД Paradox барлық мүмкін типтері 8-суретінде келтірілген.
Paradox пішімінің өрістер типі:
Alpha – кез келген басылатын символдан тұратын, ұзындығы 1-255 байттық жол;
Number – мағынасы оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандық өріс. Сандар диапазоны – 10- нен 10- ге дейін;
$ Money - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін сандық өріс. Ондық нүкте мен ақша белгісін бейнелеу үшін келісім бойынша пішімделген болып табылады.
Short – тек қана - 32768- ден 32767- ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 2 байттық сандық өріс.
Long Integer – -2147483648- ден 2147483648- ге дейінгі диапазоныдағы бүтін сандардан тұратын және ұзындығы 4 байт болатын сандық өріс.
# BCD – BCD (Binary Coded Decimal) пішімінің деректерінен тұратын сандық өріс. Басқа сандық өрістерге қарағанда есептеу жылдамдығы аз, бірақ нақтылығы жоғары. Ондық нүктеден кейін 0 мен 32 сандарының аралығындағы сандарды қабылдауы мүмкін.
Date – біздің заманымызға дейінгі 9999- шы жылдың 1- ші қаңтарынан біздің заманымыздың 9999- шы жылының 31- ші желтоқсанына дейінгі даталардан тұратын , ұзындығы төрт байттық даталар өрісі.
Time – миллисекундтан түнжарымына дейінгі уақыттан тұратын және де 24 сағатпен шектелген, ұзындығы төрт байттық уақыт өрісі.
@ Timestamp – уақыт пен даталардан тұратын, ұзындығы 8 байттық жалпылама даталар өрісі.
Memo – ұзындықтарының қосындысы 255 байттан аспайтын және де символдарды сақтау үшін қолданылатын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады.
Formatted Memo – бұл Memo- ға өте ұқсас өріс. Өрістің Memo- дан бір артықшылығы – мәтіннің қарібін беру мүмкіндігі.
Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады. Бұл өріс Inter Base- тегі BLOb өрісіне өте ұқсайды.
Bytes – кез келген деректерден тұратын, ұзындығы 1-255 байттық сандар жолы.
dBase пішімінің кестелер өрісі келесідей өрістерді қабылдауы мүмкін:
Character (Alpha) – кез келген баспалық символдардан тұратын, ұзындығы 1-254 байттық жол;
Float (Numeric) – мәндері оң және теріс болуы мүмкін пішімдегі өлшемі 1-120 байттық сандық өріс. Бұл өте үлкен шамалардан тұрады. Сондықтан бұл өрістермен жұмыс жасаған кезде шамаларды дөңгелектеудің салдарынан болатын қателерді қадағалап отыру керек. Ондық нүктелерден кейінгі цифрлардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;
Number (BCD) – BCD пішіміндегі деректерден тұратын өлшемі 1-20 байттық сандық өріс. Сандық өлшемдерге қарағанда бұл өрістің есептеу жылдамдығы бірнеше төмен болғанымен, нақтылығы біршама жоғары. Ондық нүктелерден кейінгі сандардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;
Date – ұзындығы 8 байттық даталар өрісі. Келісім бойынша қысқа даталар пішімі қолданылады (Short Date Format);
Memo – ұзындықтарының жалпы қосындысы 255 байттан аспайтын және символдарды сақтау үшін қажетті өріс. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл өріс жеке файлдарда сақталады. DateBase Desktop-тың деректерді Memo типті өріске қоюға мүмкіндігі жоқ;
OLE - өзінің өңделуі кезінде өзін құраған қолданбаларды шақыратын дыбыс, бейне, құжаттардан, яғни OLE деректерінен тұратын (Object Linking and Embedding) тұратын өріс. Бұл өріс те жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін;
Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Берілген өріс DBT кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл InterBase-тегі Blob өрісінің толық аналогы;
InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы
мүмкін:
Short – тек қана -32768-ден 32767-ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
Long – -2147483648-ден 2147483648-ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
Float – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі. Сандар диапазоны 3.4*10-нен 1.7*10-не дейінгі мәні 7 символдық сандарды қамтиды;
Double – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандар өрісі. Бұл өрістің ұзындығы пиктограммаға байланысты және сандар диапазоны 1.7*10-нен 1.7*10-не дейінгі мәні 15 символдық сандарды қамтиды;
Array – деректер жиымдарынан тұратын өріс. InterBase 16-лық өлшемдегі жиымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың Array типті өрістерді редакциялауға, сонымен қатар оларды құруға да мүмкіншілігі жоқ;
TextBlob – тек қана мәтіндік мәліметтерден тұратын Blob өрісінің бағыныңқы типті өрісі. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың TextBlob типті өрісті редакциялауға мүмкіншілігі бар.
`Kod_gruppa` өрісінің типін анықтау үшін, Long Integer таңдаймыз және бағанға Size–ға керекті мәнін көрсетеміз. Key бағанына жұлдызшаны қоямыз. Осы өрістің құрамына алғашқы кілттің енетінін білдіреді. Ол үшін клавиатурадан кез келген символды басамыз.
Кесте-мастері алғашқы кілтіпен индекстеледі.
«Топ» кестесінің басқа бағаналарына анықтамалар енгіземіз (Сурет-9).
Есеп шарттарына сәйкес берілген кестенің барлық өрістері толтырылуы тиісті. Бір өрістен екінші өріске өту үшін Required Field ауыстырып-қосқыштарын іске қосамыз. Басқа өрістер мағынасына шек салу үшін қызмет етеді :
Minimum value - өрістің ең аз мәнін анықтайды;
Maximum value - өрістің барынша үлкен мәнін анықтайды;
Default value – өріс мәнін келісім бойынша анықтайды
Picture – өрістің бейнелеу шаблонын анықтайды . Шаблон құру үшін Assist батырмасын басу керек. Бір өрісте мәннің болмауы өрістің шектелген мәнінің қойылмағанын білдіреді.
Кестелерді толтыру және есте сақтау.Кесте құрлымын конструкциялағаннан кейін Database Desktop-та кестені толтыруға болады. Кестені орыс алфавитінде толтыру мүмкін болмауы мүмкін, онда латын алфавитін пайдалануға болатынын атап өтейік.
Содан соң E:\Lau_bd каталогында құрылған кесте (Gruppa) аты анықтағаннан кейін Gruppa файлы құрылады.
Сурет 5. Кестені сақтау терезесі
Құрылған кестенің реструктурлануы. Егер МБ бар кестелерге өзгерістер енгізу керек болса, File|Open|Table меню элементін таңдау керек, пайда болған диалогты терезеден кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек. Кесте мазмұны көрсетіледі. (6-суретте «План» кестесінде жазулары жоқ болады , өйткені біз оған мәліметтерді енгізген жоқпыз ).
Сурет 6 . «План» кестесінің мазмұны – жазбасы әлі көрінбейтін терезе
Біз DBD-дан(бірнеше жазбаға өзгеріс енгізіп немесе өшіргіміз келсе) тура кестені жаңа жазбамен толтырғымыз келсе F9 батырмасын басуымыз керек.
Кесте құрлымын өзгерткіміз келсе Table| Restructure меню элементін таңдаймыз. Ізінше кесте құрлымын анықтайтын диалогты терезе көрсетіледі.
Осылайша «Пән» атты кестені өрістерін толтырып сақтаймыз.
Индексті аты бойынша шертіп , біз оны өшіре аламыз (Erase батырмасы) немесе өзгерте ( Modify батырмасы ) аламыз.
Құрылған кестені «Жоспар» атымен сақтаймыз.
Мәліметтер базасының конструкциялауы. Енді МБ -н кестеден тұтас конструкциялаймыз. Олардың құрлымы кестелерден тұрады. Есептің қойылымынан белгілі болғандай «Студентт» және «Жоспар» кестесі “бірдің-көпке” деген қатынасында, олай дейтініміз «Пән» кестесіндегі бір жазбаға «Жоспар» кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді. Байланыс өрісі болып 2 кестеде бар Materialy өрісі болып табылады. Кесте мәліметтің бүтінділігін анықтайық .
Paradox –те сілтемелік бүтінділік, біріншіден кесте арасындағы байланысты екіншіден каскадты жерді анықтайды.
Prihod кестесін ( элемент File менюі | Table | Open ) ашып және кестені өзгерту құрлымы режіміне ( Table | Restructure ) кіреді. Table Properties түсетін тізімінде Refrential Integrity элементін таңдаймыз және Define пернесін басамыз. Көрінген диалогтық терезеде ( сурет 9) Fields тізімінде «План» кестелерінің өрістері көрсетілген, ал Tables тізімінде –«практика2()» базасының кестелері көрсетілген .
Сурет 9. Сілтемелік бүтіндікті құруға арналған терезе
Tables тізімінде «Студент» кестесін таңдаймыз және сол жақ бағдаршаны басамыз . Parents Key өрісіне «StudID» кестесінің бірінші кілті көрсетілген .
Update rules айырып қосқыштар Materialy кестесінде жазбаларды жою немесе Materialy кестесінде өріс байланыс мәнінің өзгеруін Prihod кестесінің каскады әсерін анықтайды:
Cascade – Prihod кестесінд бағынышты жазуларды жою немесе каскадты өзгеріс;
Prohibit - Materialy кестесінде жазбаны жою немесе байланыс алаңына өзгерісті шектеу. Cascade таңдап ( сурет 10) Ok кнопкасын басамыз.
Сурет 10. Сілтемелік бүтіндік шартын анықтау
Осылайша Fields алаңындағы `SubID` өрісін таңдап оң жақ бағдаршаны басамыз, сәйкесінше Tables тізімінде `Пән` кестесін таңдаймыз және сол жақ бағдаршаны басамыз да байланыс орнатамыз.
«Жоспар»( Save кнопкасын ) кестесіндегі өзгерістерді сақтап, кестенің реструкизациясы режіміне (Table | Restructure ) қайта кіреміз. Table properties тізімінде Secondary Indexes элементін таңдаймыз индекстер тізімінде пайда болған жаңа индексті көреміз .Бұл индекс сілтегіш бүтіндік құрылған кезде автоматты түрде тұрғызылған ( сурет 11).
Сурет 11. Сілтемелік бүтіндікті құрғанан кейінгі «Жоспар» кестесіндегі индекстер тізімі
Осымен МБ процесін құруы аяқталады, реструктуризациялау режимінен жылжыуымызға болады. Осыдан кейін құрылған кестелермен жұмыс істеу үшін қарапайым қосымшаларды өңдеуге көшеміз.
3.3 Компоненттер палитрасы
Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.
Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз – белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады.
Компоненттер палитрасында келесі парақтар болады:
Standard – жиі қолданылатын құраушылардан тұратын стандартты парақ. Standard бетіне енгізілген кейбір компоненттер көрсетілген.
- Frame – Туындау мүмкіндіктері бар панель. Жеке терезе ретінде жобаланады;
- MainMenu - Программа мәзірін құру. Бұл компонент күрделі иерархиялық менюлерді құруға мүмкіндік береді;
- PopupMenu – Көмекші немесе локальдік меню;
- Edit - Жолдық мәнді енгізу, редакциялау (мәтіндік редактор);
- Label - Бір жолдық мәтінді (жазбаны) шығару;
- Memo – Көп жолдық мәтіндерді бейнелеу және енгізу үшін қолданылады;
- Button - Командалық түйме. Оның OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасы бір іс- әрекетті орындайды;

- Конфетные изделия
- Конфетные изделия
- Конфетные изделия
- Конфетные изделия
- Конфетные изделия. Товароведение и экспертиза конфет
- Конфеты ручной работы
- Конфигурация залежей углеводородов
- Конфекционирование материалов для одежды
- Конфекционирование материалов для швейных изделий
- Конфекционирование материалов одежды для женского костюма и блузки.
- Конфекціонування матеріалів і дослідження їх технологічних властивостей для виготовлення сарафану зимового із бавовняної тканини для д
- Конфекціювання матеріалів і дослідження їх властивостей для виготовлення жіночого літнього комплекту (блуза, шорти) із шовкової тканини
- Конфекціювання матеріалів і дослідження їх властивостей для виготовлення жіночого літнього комплекту (блуза, шорти) із шовкової тканини
- Конференции по разоружению при работе Лиги Наций