Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
Жоспар
Кіріспе
I. Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі, мәні,түрлері
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізі, пәні және әдістемелері
1.3 Кәсіпкерліктің негізгі теориялары
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкеліктің ұйымдық- құқықтық жіктелуі
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау концепциялары
2.3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I.Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Әйгілі ағылшын эко-ті Адам Смиг(1723-1790)кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды.Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.
Ағылшын эк-ті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын э-ті Аллон Маршал берді(1824-1924).Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ э-ті Йозеф Шумпетер берді.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей
маңызды принциптері бар.
1.Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалы.
2.Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.
3.Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.
4.Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5.Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.
6.Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар.
1.Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2.Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3.Шарауашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4.Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5.Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.
Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады.Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады.Кәсіптік қызмет теориясының пәні – кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.
Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып , зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері,тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т.б. жатады.
Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диалектикалық зерттеу тәсілі б.т.жүйелі құрылымының анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.
Жүйелік бағыт дегеніміз – кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.
Логикалық бағыт дегеніміз – кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді.Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.
Анализ тәсілі – жалпы процестің жеке тарауларың анализдеу бағытында анықталып бұдан соң, синтез этапы п.б.
Абстракциялық тәсіл -өмір сүрмейтін әрекеттермен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша | Шаруашылық сипатына қарай | Салалық қызметіне қарай | Меншік нысаны бойынша |
Картелдер, Синдикаттар (консорциумдар), Трестер, Концерндер, Концерн-конгломераттар, Холдинг-компаниялар, Акционерлік қоғамдар (корпорациялар), Кооперативтер, Серіктестіктер. | Өндірістік, Саудалық, Делдалдық, Банктік, Сақтандырушылық Инвестициялық, Инновациялық, Инжирингтік, Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік, Аудиторлық, Трастолық. | Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Байланыс, Көлік Қаржы, Несиелік, Мәдениет, Өнер, Білім, Ғылым, Денсаулық сақтау, Тұрғын үй шаруашылығы. | Мемлекеттік, Қазыналық, Ұжымдық, Жалгерлік, Кооперативтік, Акционерлік, Жекелеген, Аралас (біріккен), Мемлекеттік кооператив- тікпен бірге, Ұжымдық жекемен бірге, Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.
Кәсіподақтың меншігі және оның құқықтық ұйымдастырылған формасы.
1.Меншік формаларының типтері және оның маңызы.
2.Кәсіподақтарды ұйымдастыру негіздері.
3.Кәсіптік қызметтің құқықтық ұйымдастырылған формасы.
Меншік дегеніміз әлемдік категория б.т, яғни , экономикалық ғылымдар, политология, психология, тарих және социология пәндердің жеке бөліктерін үйрететін категория б.т. Меншік сонымен қатар заңды және экономикалық меншіктердің аспектілерінде қарастырады.
Заңды меншік дегеніміз нақты бір класстың әлемдік топтың жеке-меншік қарасты объектілермен құқықтық түрлі құжаттарды дайындауда адамдардың жеке қатынасы ретінде заңды ынталармен нормалардың жеке-меншік құқықтарға еркіндіктің пайда болуын айтамыз.
Экономикалық меншік дегеніміз- қосылу себептері, иелену түрлі экономикалық субъектінің материалды қызметтерді басқару нәтижесінде пайда болатын қатынастар жиынтығын айтамыз.
Жеке меншіктің теориялық қатынасы , оның экономикалық категория жиынтығы негізінде танылады, яғни, құн, өзіндік құн, ақша капитал, еңбек ақы, пайда, салық және т.б.
1.Сандық
2.Сапалық
Сандық аспект- меншікті түрлі объектілермен ұсынады. Заводтар, еңбек құралдар, ақша, потенттер, және лицензиялармен.
Сапалық аспект- Адамдар арасындағы кәсіподақтықтар мен мемлекеттер аралық және басқа да субъектер арасындағы өндірістік құралдар шығарылған өнімдермен құнды қағаздар және т.б. арасындағы қатынас меншік түрін айтамыз.
Кәсіпкерлік – белсенді іскерліктің қоғамның талаптарын қанағаттандыру бағытында коммерциялық жетістіктерге жету үшін, инновацияны пайдалануда новаторлық мінездемеге жеке форма б.т. Нарықтық экономикада жеке формалары әр-түрлі болып табылады.
1.Жеке меншіктік
2.Мемлекеттік
3.Ұжымдық
Мемлекеттік меншік экономикалық талаптардағы кеңінен таралған меншік түрі.б.т. Кәсіпорын дегеніміз - өз алдына қызмет атқаратын субъект б.т.
Кәсіподақ пайда табу және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында кәсіпкерлермен өндірістік өнімдерді шығару оларды ұсыну б.т.
Кәсіпкерлік дегеніміз- қызмет етуші субъектілердің новаторлық инициативалық қызметі. Кәсіпкерлік – экономикалың және ұйымдастырудың жағдайлары, жаңа материалдың қызмет көрсету мақсатында, және тапқан пайданың шығындарын қысқарту бағытына арналған қызмет түрі.
Кәсіпкер - бұл тәуекелден орықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз.
Кәсіпкерлік қызмет процесінде бірнеше субъектлер қатысады.
1.Кәсіпкерлер
2.Тұтынушылар
3.Жалданушы жұмысшылар
4.Бизнес бойынша серіктер
5.Мемлекет
Кәсіпкерліктің негізгі қызығушылығы тұтынушыларға көп мөлшерде товарлар мен қызметтерді ұсына отырып, жоғарғы денгейде максималды пайда табу жатады.
Тұтынушы бизнес товардың қанша көлемде шығарылуын, қызметтердің қай денгейде ұсынылуын , қанша көлемде және қандай сапада, қандай бағамен сатылуын , қандай орындарда орналасуын
шешетін бизнес түрі б.т.
Т-м к-о бұл түрлі меншік формасында жүргізілетін к-о,яғни, м-к , жекеменшік ААҚ,ЖАҚ, және т.б. түрлерде көрсетілетін көпшілікке н-е жекеге т-л товарлармен қыз-ді өндіретін өнеркәсіп к-о б.т. Т-л бизнес тури-дің мақсаттарын кешендік жүйеде қанағаттандырады, ол тек жалғыз отель ғана емес сонымен қатар мейрамханалар, т-к офистер және агенттіктер бола алады. Отель н/е т-к офис туристерге т-к өнімдерді ж -е қыз-ді ұсынылатын орын б.т. Т-к бизнес бірнеше отельдер мен агенттіктердің жұмысынан тұруы мүмкін.Мәселен,Американ қонақ үй фирмалар «Интерконтиненталь Киптон», «Шератон», «Холледей-Ин» және т-к офистер «Американ экспресс» және т.б. әлемнің барлық жерлерінде кеңінен таралған.
Бизнесті енгізуде келесідей формалар түрін көрсетуге болады. 1) Жаңа бизнес-бұл бизнес түрі жеке кәсіпкерге тікелей, яғни, оның жжұмыс істеуін кәсіпкердің өзі жауапкершілікті мойына алады. Мұндағы басты ерекшелік меншік иесі бизнестегі еркіндікпен бақылауға қақылы.Ал оның кемшілігі болып –меншік иесі басқалар үшін де болған қателіктерге өзі жауап береді.
Адамдарды біріктіру, яғни,ұйым –бұл қызмет түрінде екі н-е одан да көп қатысушылар бірлескен қызметті атқару мақсатында ұйымдасады.Ұйымды ұйымдастыру үшін ең бірінші қажеттілік болып, алғашқы капитал саналады.Шығындар мен кірістер,қатысушылар арасында теңдей бөлікке түседі.
II.Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның экономикасын реформалау мүмкін емес.Өтпелі кезеңде ҚР Президентінің "Шаруашылық қызметінің еркіндігімен кәсіпкерлікті дамытудың еркіндігі туралы","Жеке кәсіпкерлік туралы","Акционерлік қоғамдар туралы","Шаруашылық серіктестіктері туралы" және т.б жарлығы және ел басшылығымен бірнеше заңдар қабылданған еді.Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті анықтайды.
Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті сол елдердің дәстүрлі рыноктық экономикасы тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР-дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе,алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйенің нарықтыққа қарай өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама- қайшылықтарға байланысты болды:
1.Кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз қалыптасады.
2.Жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені шаруашылық қызметтеріне, келісімшарттарға және бірлестіктерге бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін шешіммен тоқтатып тастауға болмайтын, шаруашылық ұйымдастырудың дәстүрлі әміршіл экономикалық монополиясы қарсы тұрды.
3.Тауарлық – ақшалай айырбас қаржылық –кредиттік қатынастарының жетілмеуімен қатты қиындатылды, сондай ақ, инфляцияның жоғары қарқыны.
Меншікті мемелекет тарапынан шығару және жекешелендіру елде кәсіпкерліктің әр түрлері мен нысандарының пайда болуына ықпал етті.ҚР-ның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанындағы шаруашылық серіктестігі,командиттік серіктестік,жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік коопераимв тәрізді кәсіпкерлік нысандары айқындалған.Шағын бизнесті қолдау көрсетілуде.
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкеліктің ұйымдық- құқықтық жіктелуі
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жэне қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті);
-акционерлік қогам, бірлестіктер.
Шаруашылық серіктестері мен қоғамдары.
Бұл –коммерциялық қызметпенен шұғылданау туралы өзара келісімге отырады.Олар қоғамның мүлкіне және барлық міндеттеріне жауапты б.т. Шаруашылық қоғамдары 3 түрге бөлінеді.1)ЖШҚ,2)ҚЖҚ, 3)АҚЖШҚ.
Бұл коммерциялық ұйым бір адам н-е бірнеше адамның қатысуымен атқарылады.Жорғы капиталы құжатта көрсетілгендей әрбірінің үлесіне тиесілі.
2.КЖҚ(ОДО).Қызмет негізінде құжаттармен реттеледі ж -е қоғам қызметі регломенттік жағдайларға негізделеді.
3.АҚ.Басқа ұйымдардан өзінің акциясын шығаруға жарғы капиталына сәйкес қызмет атқаруыменен ерекшеленеді.
Акционерлік қоғам 2 формаға бөлінеді.
1.ААҚ(ОАО)
2.ЖАҚ(ЗАО)
4.Кооперативтер құрамына өз еркімен азаматтардың бірлескен өндірісті н-е шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін береді.Коорператив мүлігі коорператив мүшелерінің ақшалай н-е материалды формадағы салым ретінде құрылады.Кооператив мүшелері заңға сәйкес кооператив жарғысында көрсетілген субсидиялық жауапкершілікте болады.
5.Мем-к ж –е муниципалды, унитарлы к-о.Унитарлы к-о –коммерциялық ұйым б.т.Унитарлы к-о мүлігі мем-ң меншігінде болады және ол к-о жұмысшыларының арасында үлес арқылы бөлінбейді.
Унитарлы к-о өз міндеті бойынша барлық өзінің мүлкіне жауап береді,алайда жеке меншік мүлігінің міндетін мойнына алмайды.Унитарлы к –о мемлекет органдары мен өзін-өзі басқару жергілікті органның шешімі бойынша құрылады.
Кәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік" деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:
- басқару істеріне қатысуға;
- серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;
- оның құжаттарымен танысуына;
- несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге;
- тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.
Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:
- негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар);
- айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар);
- ақша қаражаты;
- басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері:
- құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге; .
-алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;
- коммерциялық құпияларды сақтауға;
-құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.
Қазақстандағы қазіргі таңда кіші және орта бизнестің жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен.
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қажаттары көп болғандықтан.
Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ болашақта мемлекеттің жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау юойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы орталық түрлі өзгерістеріне тез бейімделеді.
Жоғарыда жасалған талдау келесі тендецияларды көрсетеді:
1. Белсене жұмыс істейтін кәсәпорындардың аз үлесі кезінде шағын кәсіпкерлік объектілерінің тұрақты сандық өсуі;
2. Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік объектілерінің шоғырлануы;
3. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды, несиелеудің шешілмеген проблемалары;
4. Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;
5. Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың тиімсіздігі;
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы.
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.
ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.
ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық.
Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.
Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз : Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде РФ 23,51 статьясында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады. Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.

- Кәсіпкерлің қызметтегі франчайзенг
- Кәсіпордағы бухгалерлік есеп пен аудит жұмысын ұйымдастырылуы
- Кәсіпорыда персоналды басқару
- Кәсіпорын айналым капиталы
- Кәсіпорын айналым қоры және айналым құралдары
- Кәсіпорын айналым қоры және айналым құралдары
- Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
- Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
- Кәсіпкерліктің шығу тарихы
- Кәсіпкерлік ұғымы
- Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке