Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру



Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру.

 

Мазмұны

 

 

 

бет

 

Кіріспе

6

 

 

 

1.

Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы

9

1.1

Кәсіпкерлік  ұғымы, теориясы

9

1.2

Дамыған  елдерде  кластерлердің  қалыптасу  нәтижелері  және  ерекшеліктері

 

16

2.

Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау

25

2.1

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау

25

2.2

Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау

29

3.

Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар

55

3.1

Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру

55

3.2

Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау

 

58

 

Қорытынды

 

68

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі

70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар, рыноктың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерлердің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.

Қазақстан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған және қоғамды одан әрі демократияландырып, аса маңызды экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған бастамалары арқасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез – келген тұлғаның кез – келген экономикалық тұрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асырылуға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр.

Дүние жүзі тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, нарықты экономикаға өту жеке меншік қатынасының дамуымен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын демократияландыру қазіргі таңда жалпы теориялық мәселелерді ғылыми түрде зерттеуді талап етеді және де рынокты қатынастарға  оңтайлы жолмен өтудің өзі де, соның ішінде жаңаша жеке меншік қатынасының қалыптасуының өз сатысы бар екендігін көрсетеді. Сондықтан да меншік көптүрлілігінің болмысын зерттей отырып, оларға шынайы теориялық тұжырым жасау – теориялық экономика ғылымының басты міндеттері болып есептеледі. Дәлірек айтсақ, жеке кәсіпкерліктің теориялық негізін, оның еліміздегі, қазіргі жағдайын, мәселелерін және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Нарықты экономикасына өтпелі кезеңдегі алуан түрлі меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, кәсіпкерліктің даму жолдарын объективті тұрғыдан зерделеу негізгі ғылыми мәселеге айналып отыр.

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жеке кәсіпкерлік мәселелері жалпы әлемдік дамудың бағыты ретінде республикамызда орын алған нарықты экономиканың басты ерекшелігімен айқындалады. Осыған орай, жеке кәсіпкерліктің ерекше бір түрі боп табылатын жеке – дара кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы ұстанымдары (принциптері) мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша түседі.

Қазақстанның ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі қоғам экономикалық реформа шартында жеке кәсіпкерліктің қалыптасып даму мәселелері әлде болса толыққанды шешімін тапқан жоқ. Бұған себеп жеке кәсіпкерлік біздің елімізде біраз уақыт зерттеліп қаралған жоқ. Жеке меншік және кәсіпкерлік категориялары капиталистік қоғамға тән және оның идеологиялық сарапталуы арқылы анықталған. Өткен ғасырдың   90 - шы жылдары қазақстандық қоғамда жүргізілген реформа тұрғындарға елеулі әсер етіп, оның тіршілік әркетіне терең өзгерістер әкелді. Соңғы он жылдағы өзгерістер нәтижесінде жоғарыда аталған категориялардың құрамдас бір бөлігі жеке-дара кәсіпкерліктің ғылыми теориялық және практикалық маңыздылығы баяндама тақырыбы ретінде таңдап алынуы арқылы өзінің өзектілігін айшықтай түседі. Және де оның мақсат – міндеті Республикамыздағы жеке-дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтарды болдырмау шараларын қалыптастыруға бағышталған. Сондай-ақ, оның ғылыми-зерттеу мақсатын, міндеттері мен ұстанымдарын да ғылыми тұрғыдан жете зерттеудің қажеттілігі мен маңызы арта түсті.

Кәсіпкерлік жайлы ғалымдар мен зерттеушілер әр уақытта өздерінің әр-алуан түсініктерін ұсынды, ол әртүрлі қоғамда түрліше талқыланды.

Кәсіпкерлікті кешенді зерттеуге өздерінің классикалық еңбектерін арнаған авторлар мыналар: Ибн-Хальдун, Р. Контильон, А. Смит, Ф. Кенэ, Ж. Тюрго, Ж. Б. Сэй, К. Маркс, А. Маршалл, Л. Вальрас, К. Менгер, Ф. Визер, Ф. Найт,  Й. Шумпетер, И. Тюнен, П. Дракер, Р. Хизрич.

Кәсіпкерліктің отандық нұсқасы классикалық кәсіпкерлік теориясы мен рыноктық зерттеушілерге әдістемелік жағынан жақындалуына ТМД елдерінің мынандай ғалымдарының еңбегі сіңді: А.А. Агеев, М.Г. Лапуста, А.А. Крупанин, А.В. Бусыгин, А.О. Блинов.

Кәсіпкерліктің әртүрлі нышандарының (формаларының) орын алуына байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің әр алуан тұжырымдарын ұсынады. Жалпы кәсіпкерлік туралы Т.Ә. Әшімбаевтың,       А.Қ. Қошановтың, М.Б. Кенжегузиннің, Р.А. Алшановтың, О.Ж. Әлиевтің, Т.Ә. Есіркеповтың, Н.Қ. Мамыровтың, Р.Е. Елемесовтың, Б.Т. Болсанбектің, К. Сағадиевтің, К.О. Оқаевың, С.Г. Борисованың, З.А. Болатханованың,       А.С. Шайнұровтың және тағы басқалардың еңбектерінде қаралды.

Ал кәсіпкерліктің жеке нышанының рөлі, қалыптасу көздері және орны туралы ой-пікірлер Е.Б. Жатқанбаев, А.А. Әлімбаев, О. С. Сәбден,              А.Е. Есентүгелов, Р.Ә. Байжолова, Б.Г. Мұхамеджановтардың жұмыстарынан көруге болады. Қоғамның өмір сүру жағдайына немесе дамуына байланысты жеке – дара кәсіпкерлік ұғымы түрліше талқыланады. Яғни, бұрынғы Одақ кезінде зерттеуші экономистер, атап айтсақ,        Корятина Т.И., Лушина Н.Л., Осипенко, Савченко П.В., Шмелев Г.И., Федорова М.Н. және тағы басқалары жеке-дара кәсіпкерлікті социалистік заманға сай етіп қарастырса, ал қазіргі уақытта рынокты экономикаға тән жеке кәсіпкерліктің орны алуына байланысты іскерліктің осы нышанына байланысты қалам тербелген отандас ғалымдар еңбектерінен де көруге болады. Олардың қатарына Көшербаева А.Б., Смағұлова Н.Т.,                 Бектемісова С.Т., Алталиева А.А., және басқалары жатады.

Дегенмен, осы  күнгі кәсіпкерліктің кейбір мәселелеріне қатысты еңбектердің барлығына қарамастан, бұл тақырып бір жүйеге келіп, кешенді түрде әлі зерттелген жоқ. Ал, кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы туралы республикамызда бүгінге дейін жүргізілген арнайы зерттеулер кездеспейді. Сондықтан нарықты экономиканың талаптарына жауап беретін кластерлік кәсіпкерлік шаруашылық түрін теориялық тұрғыдан тереңірек зерттеудің қажеттілігі туындайды.

Бұл мәселенің зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан қазіргі талапқа сай емес және тақырып арнайы зерттелмеген. Осыған орай, диплом  жұмысының  мақсаты – теориялық жеке кәсіпкерліктің жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде Қазақстандағы кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен шешілмек мәселелерін теориялық экономика тұғысынан зерделеп  кластерлік кәсіпкерлікті республикамызда нақты жүзеге асыру шарттарын құрастыру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет деп таптық:

-           кластерлік  кәсіпкерліктің теориялық негіздерінің қарастырылуы және қалыптасуының қажеттілігі (орны, мақсаты) және де оның дамуының шетелдік тәжірибесін зерделей отырып, Қазақстан экономикасына оны қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

-           кластерлік  кәсіпкерліктің экономикалық және құқықтық табиғатын айқындауға байланысты мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы кластерлік  кәсіпкерліктің алғашқы даму кезеңінен қазіргі кезге дейінгі жағдайларына салыстырмалы талдау жасау;

-           шағын кәсіпкерліктің, оның ішінде кластерлік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау және шешілмек мәселелерін анықтау;

-           экономикада жеке-дара кәсіпкерліктің тиімді әрекет етуіне байланысты жағдайларды айқындау, яғни жеке-дара кәсіпкерліктің дамуына негіз болатын ішкі қайшылықтарын - әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-басқару қатынастарын, заңды құқықтарының ерекшелігі мен қауқарын өзара тәуелді тұрғыдан байланысын ашып көрсету. Басқаша айтсақ, жеке-дара кәсіпкерлікті Қазақстан экономикасының елеулі аялы және де қазіргі экономиканың маңызды субъектісі ретінде қарастыру.

  Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының және Жамбыл облысының экономикасында қызмет етіеп отырған кластерлік кәсіпкерлік пен кәсіпорындар.

Зерттеу пәні – қазіргі таңда республикамызда орын алған кластерлік  кәсіпкерліктің іс-әрекетіне байланысты туындайтын   әлеуметтік- экономикалық, ұйымдық-басқару, құқықтық-экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының кластерлік кәсіпкерлікке қатысты заңдарды, жеке меншік қатынасы туралы шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылады және де деректік және айғақтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің, сонымен бірге Жамбыл облыстық статистика басқармасы және облыстық әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері мен материалдары  алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кәсіпкерлік теориясы және даму  кезеңдері,осы  күнгі  концепциясы.

 

1.1 Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы

 

 

Жалпы “кәсіпкерлік” ұғымы туралы экономикалық  әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанымен олар бірін – бірі толықтырады және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып дамуы (эволюциясы) оның атқаратын нақты қызметтерінде көрсетіледі. “Кәсіпкер” туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін қандай, теориялар мен тұжырымдамалар қалыптасқаны жөнінде біздің отандасымыз О. Ж. Әлиев ғылыми маңызды зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсеткен.

Алғашқы кезеңде көрсетілген “кәсіпкерлік – адамның қандай да бір іс - әрекетпен айналысуы,” – деген түсінігі бүгінгі күнгі “кәсіпкерлікке” берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән –   мазмұнға ие екендігі айқын. Кәсіпкерлік туралы алғашқыдан кейінгі екі кезең ІХ – Х ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық араб ойшылдарының еншісінде.

Екінші кезең біздің дәуіріміздің ІХ – Х ғасырда өмір сүрген Аль-Ашари (873-935 жж.) атымен байланысты. Яғни, ашариттер (Аль-Ашариге қатысты), жәбраиттер (жәбр – арабша - еріксіз), кадариттер (кадар – арабша – қабілеттілік, құдіреттілік), мутазалиттер (арабша –айрықша, яғни еркін ойлайтын адамдар) кәсіпкерлік туралы Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып “Касб” тұжырымының негізін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Үшінші кезеңде аталған тұжырымды кеңейтілген түрде әйгілі орта ғасырлық араб ойшылы, оқымыстысы және мемлекет қайраткері Ибн – Хальдун (1332-1406 жж.) өз еңбектерінде “касб” (“касабун”) ұғымын одан әрі зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның еңбекқорлығымен байланыстырады. Осыған орай, кәсіпкерлікті өмір сүру құралы (“мааш”), баю құралы (“райаш”) ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оның кәсіакерлік теориясы өзі қалыптастырған меншік (“мульк”), тауар өндірісі және айырбас, қажетті және қосымша еңбек және өнім қағидаларымен тығыз байланыста болады.

Келесі, төртінші кезең ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында өмір сүрген Р. Контильон атымен байланысты. Яғни, ол берілген анықтамада кәсіпкер – тәуекелге бара білетін адам, ал байлық көзі – экономикалық игіліктердің дәл бағасын анықтайтын жер мен еңбекте, - деп көрсеткен. Бұдан соң ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ басында француз экономисі Ж. Б. Сэй кәсіпкерлікті үш өндіріс факторының (жер, капитал, еңбек) бірігуінен тұрады деп қарастырады. Және сонымен қатар ол ағылшын кәсіпкерлерінің ерекшеліктерін Англия өнеркәсібінің жеткен жетістіктерінен көруге болатынын да айта кетті. Сэйдің негізгі тұжырымы кәсіпкерлердің өнім өндіруге қатысқан зор үлестерін айқындауында. Сэй “кәсіпкерлік табысты  - кәсіпкердің еңбегі үшін алынатын сыйлығы”, - деп есептеді, ал “кәсіпкердің өзі – қандай да бір өнімді өндіру үшін пайда табу мақсатында өз атынан тәуекелге бара алатын адам ”, - деп ұғынды.

Кәсіпкерліктің бесінші кезеңі И. А. Шумпетер (1883-1950 жж.) атымен байланысты. Ол “кәсіпкер” ұғымын жаңалық ашушыретінде қарастырды. Оның негізгі қызметі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын жаңашылдықты іске асыру деп түсінді. Яғни, жаңа бағыттарды ойлап тауып, іске асыратын шаруашылық субъектілерін кәсіпкерлер, - деп атады.

Ал, алтыншы кезең Л. Мизес, Ф. А. Хайек, И. Карцнерлермен байланысты. Бұл кезеңде, кәсіпкерді өзіндік ерекшеленген белгісімен іскерлік жүргізетін адам, ал кәсіпкерлік – экономикалық мүмкіндіктерді іздену мен зерттеу арқылы жүзеге асыру, - деп қарастырылған.

Соңғы, жетінші кезеңде кәсіпкерлікті қазіргі уақытта кең орын алған “менеджментпен” ұштастырады.

Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан “батыстық дәстүр” тұрғысынан алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл – ой, зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып табылады. Ал, кәсіпкерлік қызмет – бұл меншік қатынасының әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.

Сонымен “кәсіпкерлік” ұғымының мәні мен ол туралы әр кезеңде қалыптасқан тұжырымдамаларға қысқаша тарихи шолу жасай келе біз “кәсіпкерліктің” мазмұны неғұрлым кең тұрғыдан түсінуді ұстанамыз. Басқаша айтсақ, кәсіпкерлікпен кез – келген халық, кез – келген адам, кез – келген уақытта (хайуанаттар дүниесінен бөлініп шыққаннан бастап) айналысады. Солай бола тұра, әдебиеттерде, әр заманда, әр халықта, тіпті әр адамның кәсіпкерлік іс - әрекетінің ішкі сипаты мен мазмұны әр түрлі болуы хақ. Баса айтатын нәрсе, “кәсіпкерлік” туралы осы уақытқа дейін қалыптасып, сіресіп қалған “дәстүрлі”, яғни “батыстық” көзқарастан түбегейлі бөлекше кең тұрғылы тұжырымдама Қазақстан зерттеушілерінің еншісінде.

Кәсіпкерлік туралы аталмыш кең көлемді тұжырымдама шеңберінде оны ғылыми тұрғыдан жіктеп, жүйелі түрде қарастыруға да мол мүмкіншілік туады. Мысалы, О. Ж. Әлиев негіздеген “меншік – кәсіпорын – кәсіпкерлік” экономикалық “формуласын” негізге ала отырып, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында орын алып отырған кәсіпкерлік тәжірибені терең зерттеп түсінуге болады. Әңгіме меншік, кәсіпорын, кәсіпкерлік тектерінің (түрлерінің, нышандарының) өзара сапалық байланысы мен өзара тәуелділігі туралы турала болып отыр.

Осы “формулаға” сүйене отырып, республикамызда кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің қалыптасу ахуалын зерттеп ұғыну методологиялық тұрғыдан біршама оңайға түседі. Нақты айтсақ, кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің үш классикалық тегінен (түрінен, нышанынан), яғни “мемлекеттік”, “жеке”, “дара”, және екі бейклассикалық (классикалық емес) “ұжымдық” және “аралас” тектерінен (түрлерінен, нышандарынан) тұратынын айту керек.

Дипломдық жұмыста жеке кәсіпкерліктің бір тармағы болып келетін кластерлік кәсіпкерлікке “меншік – кәсіпорын – кәсіпкерлік” экономикалық формуласына сәйкес олардың мәнін құрайтын ұғымдар анықталады. Яғни, жеке меншік және осы меншік негізінде құрылған кәсіпорын: а) белгілі бір топтың меншігіне негізделіп құрылған жеке – топтық меншік (заңды тұлға меншігі), кәсіпорын және кәсіпкерлік. Бұл жеке кооперативтік, жеке ационерлік, жеке бірлескен, жеке шағын кәсіпорындар. Жеке тектегі кәсіпорындардың бұл нышанының қызметі меншікті жекешендірумен байланысты; ә) дара тұлғаның немесе отбасы меншігіне негізделіп құрылған жеке – дара меншік (жеке тұлға меншігі), жеке – дара кәсіпорын және жеке – дара кәсіпкерлік. Бұл – кластерлік еңбек және жеке отбасы еңбек шаруашылығы арқылы жүзеге асырылады.

Жеке топтың меншігі, сәйкесінше кәсіпорыны заңды тұлғалардың іс - әрекетін жүзеге асырады. Яғни, жеке - топтық меншік субъектілеріне осы топты ұйымдастырушы меншік иелері жатады. Ал кластерлік меншік субъектісі ретінде заңды тұлға болып табылмайтын дара бір тұлға, ерлі – зайыпты адамдар (екі адам) немесе отбасы толығымен бола алады.

Жеке меншіктің кластерлік нышанын нысандарына (объектілеріне) байланысты екі топқа бөлуге болады: а) жеке – дара тұтынушы, яғни меншік нысандарына тұрғын үй, көлік, үй шаруашылық заттары, қарапайым өндіріс құралдары және киім - кешек жатады; ә) кластерлік өндіруші, яғни меншік нысандарына жек шаруашылық қожалықтары, акциялар, облигациялар тағы да басқа бағалы қағаздар, олардан түскен табыстар мен басқа да табыстар және өндіріс құралдары жатады.

Дипломдық жұмыста кластерлік кәсіпкерлік негіздерінің бірі болып табылатын дара меншікке (индивидуальная собственность), өзіндік меншікке сипаттама беріледі. Дара меншік туралы пікірді біз К. Маркстің “Капитал” еңбегінен көре аламыз. Маркс дара меншіктің екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі, өз еңбегіне негізделген дара меншік. Екіншісі – кооперацияға және жер мен құрал – жабдықтарды ортақтасып иеленуге негізделген дара меншік. Өз еңбегіне негізделген дара меншік жеке (немесе дербес) меншіктің қарапайым және дамымаған түрі болып табылады. Дара меншіктің осы түріне негізделген өндіріс негізінен капиталистік қоғамға дейінгі және оның кезеңдерінде ұсақ тауарлы өндіріс түрінде орын алды. Қазіргі заманда бұндай меншік және соған сәйкес өндіріс нышаны тоталитарлық – жоспарлы экономикадан рынокты экономикаға көшіп жатқан елдерде кеңінен орын алып отыр. Ал дара меншіктің екінші түрін, яғни жер мен құрал – жабдықтарды ортақтасып  иеленуі арқылы орын алуы капиталистік өндірістің шарықтап даму кезеңінде орын алатындығын, олай болса буржуазиялық қоғамның өзі жеке меншікті қайта орнататындығы объективті заңдылық деп көрсетті К. Маркс. Бірақ ол осы дара меншік туралы ой пікірлерін барынша терең де, жан – жақты қарастыра алмады. Дегенмен, К. Маркстің “жеке” меншік пен “дара” меншікті әр түрлі меншік болып табылады деген тұжырымы көңілге қонымды.

Жер мен құрал – жабдықтарды ортақтасып  иеленуге негізделген дара меншіктің нышаны, біздің ойымызша, жалпы дара меншіктің классикалық түрі болып табылады және ол әлемнің кейбір елдерінде, мысалы, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Эмиратында және тағы басқа елдерде орын алып отыр (мұндайдан түскен табыстан сол ел азаматтарының әрқайсысының дара үлесінің болуы).

Социализм қоғамында Маркстің идеяларын басшылыққа ала отыры, дара меншіктің орын алу мүмікдігін, оның саясы, экономикалық ерекшелігін талдаған экономистердің алғашқысы В. Т. Кондрашов. Бірақ, ол өз еңбектерінде дара меншік пен қоғамдық меншіктің арақатынасын дөп басып ажырата алмады, осыдан кейін дара меншіктің жүзеге асу нысандарын, нақты экономикалық көріністерін айшықтай алмады. Ал оған қарсы пікір айтқан экономистер, керісінше, дара меншік пен өзіндік меншікті (личная собственность) бір – бірімен шатастырды. Осылардың нәтижесі ретінде соңғы кезге дейін “дара меншік” туралы біртұтас теорияның қалыптаспауы объективті шындық.

Дара меншік дегеніміз – қоғамның барлық мүшелерінің (әр пенденің) қоғамның байлығының бір бөлігін үлестік пайы түрінде иемденуі. Яғни, дара меншіктің жеке меншіктен айырмашылығы қоғамның әрбір мүшесінің әрқайсысының қоғамдық байлыққа дара (пенделік) иелік ететін өз үлестерінің қалыптасуында. Ал, олардың үлестік жарнасы қоғамдық байлықтың (мысалы, ұлттық қордың) әрбір адамға тиесілі бөлігі арқылы құрылады. Демек, дара меншіктің әрбір адамдүниеге келгеннен бастап қалыптасуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамда (дүниеде) қанша адам болса, сонша дара меншік бар болады. Дара меншік мемлекеттік меншікті дараландыру (индивидуализация) және оны жүзеге асыру арқылы қалыптасады.

Енді “өзіндік меншік” туралы айтатын болсақ, ол адамдардың өз бастарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттары және дербес тұтынуды жүзеге асыратын өндіріс құралдары ғана емес, сонымен қатар пайда, табыс әкелетін барлық қарапайым өндіріс құралдары және өндіріс заттары. Яғни, өзіндік меншік материалдық игіліктерді өзіндік тұтыну және оларды сатуға байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Жеке – дара меншік, дара меншік бір – бірімен тығыз байланысты. Олардың әрқайсысының қалыптасу тарихын бұл жерде қарастырмаймыз. Олардың иемдену объектілерінің өндіруші, тұтынушы нышандарының өзара байланысы  бар.                                            

Өзіндік меншік нысанының өндіруші нысаны кластерлік, дара меншіктердің өндіруші нышанының нысандарынан, ал тұтынушы нышаны, сәйкесінше, аталған меншіктердің тұтынушы нышанының нысандарынан тұратындығын байқаймыз.

Иемдену субъектілеріне қарай дара, кластерлік, өзіндік меншіктердің бір – біріне ұқсастығы бар. Жеке – дара меншік те, дара меншік те, өзіндік меншік те бір тұлғаға немесе отбасы мүшелеріне тиесілі. Олар басқа тұлғалардан, мысалы, мемлекеттен экономикалық жағынан тәуелсіз. Мемлекет тек қана осы меншік түрлерінің толыққанды орын алуына, жүзеге асуына ықпалын тигізеді. Сөйтіп меншіктерді институциональды (мысалы, ұйымдастырушылық, құқықтық) заңмен реттеу орын алады. Меншік субъектілері өздерінің меншіктік әрекеттерін заңда белгіленген ережелерге байланысты шектейді, ал қалған шаруашылық әркеттерін өз еркінше жүргізеді.

Жеке – дара меншік пен дара меншік негізінде құрылған жеке – дара, дара кәсіпорындар, сәйкесінше, жеке – дара кәсіпкерлік пен дара кәсіпкерлікті жүзеге асырады. Бұл кәсіпкерлік нышандарының өзіндік меншікпен байланысын және жеке – дара кәсіпкерлік түрлерін 1–суреттен көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

                                                                     

 

 

 

             

 

 

 

Сурет 1. Кластерлік кәсіпкерліктердің меншікке қатысты құрылымы

 

 

Өзіндік меншікке кіретін “тұлға меншігі” дегеніміз – қазіргі құқықтық құжаттарда айтылып жүрген жеке тұлғаның (бір ғана адамның) иелігіндегі барлық тұтыну заттары мен барлық өндіріс құралдары. Демек жеке тұлға меншігіне негізделіп құрылған жеке дара кәсіпорын бір адамның, жеке тұлғаның иелігінде болады. Ал отбасы меншігі дегеніміз – ерлі – зайыпты адамдардың немесе олардың балаларының иелігіндегі барлық тұтыну заттары мен барлық өндіріс құралдары. Демек, жеке – дара меншік субъектісі болып жеке тұлға немесе отбасы толығымен бола алады.

Өзіндік меншікке кіретін дара (әрбір пенде) меншігі дегеніміз – қоғамның барлық мүшелерінің әрқайсысына, әрбіреуіне бірдей, кейбір жағдайда бір мөлшерде тиесілі меншігі. Классикалық дара (пенде) меншігі қоғамдық меншіктен, ұжымдық меншіктен, жеке меншіктен дараланып бөлінеді.

Жұмыста Қазақстан Республикасының 1997 жылы 19 маусымда қабылданған “Жеке кәсіпкерлік туралы” (“Об индивидуальном предпринимательстве”) заңының атауына және оның баптарында қарастырылып отырған ұғымдарға жоғарыда көрсетілген анықтамалар негізінде мазмұн – мағынасына сәйкес жаңа түсініктер мен ұғымдар ұсынылған.

Зерттеу жұмысында жеке меншік қатынасын дүние жүзінде елдер басқару жүйесіне байланысты үш тобы: дамыған капиталистік елдердегі, социалистік елдердегі, дамушы елдердегі жеке меншік қатынастары қарастырылды. Дамыған капиталистік елдерде  жеке және мемлекеттік меншік қатынастары өндірістік, коммерциялық және қаржы іскерлігі бойынша бір – бірімен тығыз байланыста. Индустриясы дамыған елдерде жеке меншік қатынасы осы уақытқа дейін жетіліп, қазіргі таңда меншік көптүрлілігінің қарекеті жоғары деңгейге жетті. Дамыған шет елдерде кәсіпорынның негізінен үш түрі қалыптасқан: мемелекеттік, ұжымдық (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия) және жеке. Жеке кәсіпорындарды ұйымдық құрылымына және меншікті иеленуге байланысты жалғыз адам иеленетін кәсіпорын, серіктестік немесе сыбайлас компаниялар деп бөледі, мемлекет меншігіне ірі корпорациялар, ал ұжымдық меншікке негізінен орташа кәсіпорындар жатады. Социализм мен жеке меншік қатынасының бірдей әркет етуі мүмкін емес деген пікірге сүйенсек, соцалистік жүйеде жеке меншік қатынасының мүлдем болмайтындығын көрсетеді. Бірақ, жеке меншік қатынасы социализм тұсында да әрекет етіп, “астыртын” дамиды.

Жекешелендіру саясатын ұстанған көптеген социалистік елдерде жеке сектор қызметінің дамуы екі бағытта әрекет етеді: кәсіпкерлік қызметті өздерінің бұрынғы (кейбір жағдайда “жасырын”,  “астыртын” түрінде орын алған) жеке меншік иелігіндегі өндіріс құралдары қазіргі жағдайда ашық түрде жүзеге асыратын кәсіпорындар жекешелендіру нәтижесінде пайда болған кәсіпорындардың және дараландыру арқылы қызмет жасайтын шаруашылықтың іс - әрекеті. Яғни, бірінші және екінші бағытта кәсіпкерлікті жүзеге асыратын кәсіпорын жеке – дара нышанға (бұл жерде жеке – топтық түрін қарастырмаймыз) жатады да, үшінші бағытта әрекет ететін кәсіпорындар классикалық дара кәсіпкерлікті жүзеге асырады.

Дамушы елдердегі жеке меншік қатынасына тоқталатын болсақ, дамушы елдерде рынокты дамыған елдердегідей, жеке және мемелекеттік меншік қатынастары бірдей әрекет етіп ел экономикасының барлық салаларында қажеттерін жүзеге асырып жатыр.

Жеке меншік қатынасының тиімді әрект етіп дамуы осы меншік негізінде өз іскерлігін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің тұрмыс деңгейлерін, яғни олардың табыстарының жоғарылауына мүмкіндік береді. Кез келген кәсіпкер өзінің еңбекқорлығы арқылы қандай да бір іс – әрекетпен айналасу нәтижесінде барынша тұрақты табыс табуға мүдделі болғандықтан, олар өздерінің кәсіпкерлік өсу деңгейін көтеру үшін барлық күш жігерін жұмсауға тырысады. Осылардың нәтижесінде олар өздерінің тұрмыс жағдайын жақсартып, төлем қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алады.

Тұрмыс жағдайының жақсару мен төлем қабілеттерінің жоғарылауы кәсіпкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің білім деңгейін көтеруге, олардың көптеген ақылы қызметтерді, соның ішінде ақылы жоғары сапалы білім алу, медициналық қызметтерді пайдалануларына мүмкіндік береді. Ал бұл адамдардың қоғамда өздерін тұлға ретінде сезініп, ары қарай кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға кең жол ашады. Кәсіпкерлердің тұрмыс дәрежесінің және өмір сүру салтының сапалы өзгеру нәтижесінен олардың патриоттық сезімінің оянуы орын алады. Яғни, кәсіпкерлер өздерінің іскерлігін жарнамалау есебінен өз кәсіпорындары атынан демеушілік жасауға, қайырымдылық қорларға қатысуға, садақалар беруге тырысады. Демеушілік пен қайырымдылық қорлары қоғамымызға, яғни елдегі тұрғындардың өмір сүруіне, әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған адамдарға қажетті көмектердің бірі болып есептеледі, ал садақа беру біздің ата – дәстүрімізде қалыптасқан қасиеттердің бірі болып саналады. Сайып келгенде, салауатты кәсіпкерлікті жүзеге асыру – қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық қатынастарының неғұрлым мазмұнды да өркениетті, салиқалы да иманжүзді сипатқа ие бола білуіне оң әсерін тигізері хақ. Сондықтан да кәсіпкерлікті оның ішінде жеке – дара кәсіпкерлікті тек жалаң экономикалық тұрғыдан талдау сыңаржақтықты көрсетеді. Оған әлеуметтік, рухани, мәдени шараларды жүзеге асыру, қала берді, этникалық генофондты сақтау тән міндет. Олай болса жеке – дара кәсіпкерлікті одан әрі шыңдау оны тағы басқа тұрғылардан қарап зерттеу, дамыту шынайы ғылыми әдіснама деп түсінеміз.Осы тұрғыдан алғанда жеке – дара кәсіпкерліктің өндірістік қатынаста аймақтық ресурстарды тиімді пайдаланып қызмет жасауы кәсіпкерлердің тұрмыс жағдайларын жақсартумен қатар, республикамыздағы басы бос еңбек күшін жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады, басқаша айтқанда, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады. Ал тұрғындардың бір кәсіпорында қалыптасып еңбек етуі олардың сол жерде тұрғылықтануына мүмкіндік береді. Яғни, жеке – дара кәсіпкерлік бей – берекет миграцияны азайтуға да өз үлесін қосады.

Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру