Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика және басқару кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: « Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау»
Пән кәсіпкерлік
Мамандық 050506- Экономика
Орындаған:
Курстық жұмыстың қорғалуы
Қостанай, 2011
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері....................5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау....................5
1.2 Қаржылық жағдайды талдау бағалау әдістері......................
2 “Торғай боксит кен басқармасының” экономикалық сипаттамасы.........13
2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама.....................
2.2 “Торғай боксит кен басқармасы” ашық акционерлі қоғамының төлем қабілеттілігін тұрақтылығын талдау........................
3 Кәсіпорынның тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау........... 20
3.1 Кәсіпорынның өтімділігін талдау ..............................
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................
3.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау........................
4 Кәсіпорынның төлем қабілетсіз қаржылық жағдайын талдау..................30
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі........................
Кіріспе
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы – бұл экономикалық категория, айналым процесiндегi капитал жағдайын көрсететiн және берiлген уақытқа субьектiнiң өзi даму қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау өте маңызды үрдiс болып келедi. Өйткенi кәсiпорында бар және мүмкiн болатын қаржы ресурстарын айқындау, оларды тиiмдi қолдану әдiстерiн және кәсiпорынның нақты белгiлi бiр кезеңге қаржылық потенциалын анықтау кәсiпорынның келешектегi қызметiн одан әрi жетiлдiруге немесе тоқтатуға кеңес бередi.
Қаржылық жағдайдың сандық және сапалық параметрлерi кәсiпорынның нарықтағы орын және экономикалық кеңiстiгiнде қызмет ету қабiлетiн анықтайды.
Нарықтық экокномикалық жағдайында қаржы менеджерiнiң қызметi қаржылық талдаумен тығыз байланысты, өйткенi қаржылық жағдайын, баланс өтiмдiлiгiн, қаржылық тәуекелдiлiктерiн есептеу мен талдау әлуеттi банкроттықты бағалау қаржылық талдаудың мақсаты болып табылады.
Мүмкiн болатын тәуекел деңгейiнiң жақдайында кәсiпкерлiк сенiмдiлiгi, кәсiпорынның өмiрлiк iс-әректтерiнiң нәтижелерi көптеген және әр түрлi факторларынан тәуелдi. Олардың iшiнен негiзгi орынды қаржылық стратегияның өңделуiне қаржылық қатынастарының қазiргi деңгейiнде бөлек кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң қаржылық бақылауының жаңа себептерi қалыптасады. Бұл алдымен қаржылық ресурстар мен соңғы қорытындылар, қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерi мен оларды қолдану бағыттары, қолдану тиiмдiлiгiнiң бағалау сәйкестiлiгi бойынша пропорцияның сақталу мен өңделi сұрақтарына байланысты келедi. Мұнда тек қана айналымда бар қаржылық ресурстар туралы ғана емес, сонымен қатар жинақталу және қолдануды жақсарту есебi бойынша айналымға енгiзiлетiн ресурстар жөнiнде де айтылған сөз. Қаржы орбитасына, тиiмдiлiкке қаржылық әсер ету сұрақтары ғана енгiзiледi, бiрақ керiсiнше болуы мүмкiн емес. Қаржы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiк нәтижелерi ретiнде ғана қарастырылған.
Шарауашылықтанулың қазiргi жағдайында қаржылық тұрақсыздықты тоқтату үшiн (нақты жағдайларда банкроттылық) қаржылық жағдайды уақытындағы және перспективтi түрдегi жорамалау қажет. Оның негiзiнде ағымдағы және инвистицияланған қаржылық ресурстардың көлемiн анықтау ғана қажет емес , сонымен қатар олармен мүмкiндi қамтамасыз етiлудi бейнелеу, қаржылық жағдайдың тұрақтылығын, кәсiпорынның тиiмдiлiгiн, өтiмдiлiк дәрежесiн талдауда аса мәнi зор.
Шаруашылық факторлардың барлық жиынтығы мен анықталатын қаржылық жағдай, кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгi мен сенiмдiлiгiнiң негiзгi сипаттамасы болып саналады. Ол кәсiпорынның бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн және оның бiрлескен iскерлiк қызмет етудегi потенциалын анықтайды, шаруашылық iс-iрекеттiң қатысушыларының экономикалық мүдделерiн тиiмдi өткiзу кепiлi болып саналады. Ең қажеттi мәселелердiң бiрi менiмше ол-кәсiпорынның тұрақтылығына талдау жасау. Жеткiлiксiз қаржыландыру кәсiпорынның төмен төлем қабiлетiне әкеледi, ағымдағы және инвестициялық қызметтi қаржыландыруға арналған ақшалай қорлардың болмауына, ал қаржылық жағдайдың терең деңгейiнде банкроттылыққа әкеледi.
Қаржылық талдау кәсiпорынның болашақ потенциалын бағалау мақсатымен, оның өткен және талдау кезiндегi қызметiнiң есеп беруде көрсетiлген қаржылық жағдайы мәлiметтерiн зерттеуде негiзделген процесс болып табылады.
Талдау объектiсi болып “Қазақстан алюминийi” Ашық Акционерлiк Қоғамының филиалы “Торғай боксит кен басқармасы” болып табылады.
1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мәселесі туралы әр түрлі авторлардың өз көзқарасы бар. Соларға тоқталып кететін болсақ Савицкая Г.В. көз қарасы бойынша, шаруашылық қызметін талдау - жалпы теориялық экономикалық талдау [7]. Ол экономикалық процестерді және құбылыстарды макродеңгейде зерттейді және микродеңгейді нақтылы экономикалық талдау. Ол бөлек кәсіпорындар экономикасын тану үшін қолданады. Бұл талдаудың туындауы келесі де жатыр, өндірістік күштердің өсуі, өндірістік қатынастардың жетілдіруі, қызмет көлемінің өсуі. Жалпылама әр қилы шаруашылықтың қызметін талдаусыз күрделі экономикалық процестермен басқару, оптималдық шешімдер қабылдау мүмкін емес. Қаржылық жағдайы дегеніміз кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеттілігін айтамыз. Қаржылық жағдай тұрақты есем немесе тұрақты бола алады. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді жүргізу, кеңейтілген негізде қызметін қаржыландыру қабіллеттілігі оның жақсы қаржылық жағдайы туралы мінездейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызметінің нәтижесімен байланысты.
Егер өндірістік немесе қаржылық жоспары ойдағыдай орындалса ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді және керісінше. Жоспар орындалмаған жағдайда өндірілген өнімнің өзіндік құны өседі, түсім азаяды, пайда кемиді нәтижесінде кәсіпорынның қаржылы жағдайы және төлем қабілеттілігі төмендейді.
Қазіргі нарықтық жағдайға бейімделу үшін кәсіпорын қаржымен қалай жұмыс істейтінің білу керек, капитал құрлымы және пайда болу көзі қандай болу керек екенін білу керек.
Ришар Ж. пікірі бойынша кіріс, сенімділік, жойылымдылық, қауып - қатер деңгейі көз қарастарынан қызметтің талдауы нарықтық экономика жағдайында және бәсекелестік ортада өте қажет [16]. Кірісті максималды көбейткенде және шығынды азайтқандағы ұсыныстар жасағанда нақты талданған аналитикалық негізге сүйену қажет. Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау экономикалық саясатта нақты бағыттар қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның кемшіліктерін анықтауға, және оларды жоюға бағытталған ұсыныстар жасау. Талдаудың нәтижелері ұзақ мерзімге немесе жақындағы болашаққа даму жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жұмысын жетілдіру жєне жақсарту туралы ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесі бизнес - жоспар және ағымдағы жоспарлау жасағанда пайдаланады. Талдаудың болмауы немесе жетілдірмеген талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс нәтиже әкелуі мүмкін.
Н.Н. Русак, В.А. Русак "Қаржылық жағдай" түсінігіне мынандай сипаттама береді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы өндірістік, коммерциялық, және басқа қызметтің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды мақсатты және тиімді орналастыру және пайдалану, қаржылық қарым - қатынас және төлем қабілеттіліқ, қаржылық тұрақтылық [18].
В.В Ковалев пікірі бойынша кәсіпорынның жағдайы қаржы ресурстарын қалыптастыруда, үлестіруде және пайдалануда көрініс табады [12].
И.Т. Балабанов айтқандай, шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайы - оның қаржылық бәсеке қабілеттілігінің сипаттамасы (яғни төлем қабілеттілігінің, несие қабілеттлігінің), капиталды және қаржы ресурстарды пайдалану, мемлекет және басқа шаруашылық субъектілер алдында міндеттемелерді орындау [5]. Шаруашылық субъектінің қаржылық талдауы келесі талдауларды кіргізеді: кірістің және тиімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың несие қабілеттіліктің, капиталды пайдалану, валюталық өзін -өзі өтеуліктің.
М.С. Абрюкина өз көзқарасын былай дейді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бір қатар көрсеткіштермен сипатталатын оның денсаулығын және өмір қабілеттілігінің кешендік бағасы[1].
К.Ж Жапаровпікірі бойынша, жақсы қаржылық жағдай – бұл тұрақты төлем қабілеттілік, абсолютті қаражатпен толық қамтамасыздануы және оларды тиімді пайдалануы, есептеулерді қатаң ұйымдастыру және де тұрақты қаржылық базаның болуы[10].
Кәзіргі экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектінің қызметінде О.В. Ефимованың айтуы бойынша, оның қаржыландыру нәтижесінде қызыққан көптеген нарықтық қатынастар қатысушыларының ықпалының объектісі болып табылады.
В.В. Ковалев айтуы бойынша талдау қаржылық мінезі бар мәліметтердің жинау, біріктіру және пайдалану әдісі болып табылады, оның келесі мақсаттары бар:
- кәсіпорынның ағымдағы және болашақ қаржылық жағдайын бағалау;
- қаржымен қамтамасыз етілген позициясында кәсіпорынның мүмкін және мақсатты даму қарқынын бағалау;
- қаражаттың мүмкін көзін табу және олардың мүмкіндігін бағалау;
капитал нарығындағы кәсіпорынның жағдайын болжау[12].
Бланк келесіге тоқталады, қаржылық жағдай – қаржы ресурстарының болуын, орналасуын және пайдалануын бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығы [7].
Ал Дюсембаев К.Ш. келесіге тоқталады, көптеген басқару шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның алынған пайда мөлшерін бөліп қана қоймай, оның кірістігін де білу керек. Ол оның қызметінің тиімділігін сипаттайды, және де инвестициялармен басқаруды көрсетеді. Қазіргі күнге пайдамен қатар үлкен маңызды басқа эмитенттерден алынатын бағалы қағаздардан алынатын дивиденттер алады. Осымен байланысты оның қаржышаруашылық қызметінің соңғы дамуын баланстық пайда деп атамайды, ал баланс бойынша пайда дейді. Көрсеткіштін атауы оның экономикалық мәнін көрсету керек[9].
Барлық көрсетілген анықтамалар қаралып жатқан түсініктің мағынасын ашпайды, бірақ әр қайсысы өзінше дұрыс. Сөзсіз: қаржылық жағдай әр түрлі көрсеткіштерді есептегенде табылады. Нәтижесінде қаржылық жағдай кәсіпорынның сенімділігін, тұрақтылығын және болашақтылығын сипаттайды. Сенімділік дегеніміз кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуі және төлеу міндеттемелерін орындау қабілеттілігі. Осыдан К.Ш.Дюсембаева, С.К.Егибердиева, З.К.Дюсембаева осы түсініктің келесі анықтамаларын ұсынады, қаржылық жағдай анықталған бір уақытқа кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді және оның тоқтаусыз шаруашылық қызметін жүргізуге қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін және уақытында қарыз міндеттемелерін орындау[9].
Ал қаржылық тұрақтылық дегеніміз әр әдебиеттерде әр түрлі жазылады. Бір авторлар қаржылық тұрақтылық деп қызмет процессінің тоқтаусыз қаржылық қамтамасыздылығын айтады.
Басқалары қаржы тұрақты болып меншікті қаражат арқылы активтерге салынған қаражатты жабатын, аяқталмаған дебиторлық және кредиторлық қарызды жібермейтін және өз міндеттемелерін дер кезінде есептейтін субъектіні айтады.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты Риноль айтқандай – қажетті бірнеше параметрлерді алу, олар кәсіпорынның қаржылық жағдайына объективті баға береді: оның кірісі мен шығысы, актив және пассив құрылымның өзгеруі туралы, дебиторлар және кредиторлармен есептеуінде [15].
К.Ш.Дюсембаев қаржылық талдаудың негізгі функциялары анықтаған:
- қаржылық жағдайдың, қаржылық нәтиженің, талдау объектінің, іскерлік белсенділігінің және тиімділігінің объективті бағалауы;
- алынған нәтиже және жеткен жағдайдың себептері және факторларын анықтау;
Қаржы жүйесінде қабылданатын басқару шешімдерді дайындау және негіздеу[9].
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жағдайды талдаудың рөлі кәсіпорынның өзіндік қызмет етуімен, өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметімен меншік иелер, коммерциялық тұлғалар алдындағы жауапкершілігімен байланысты.
Өндірісітік қызмет үшін әр бір кәсіпорын немесе акционерлік қоғам қажетті негізгі құралдармен бөлінген. Оларды қалыптасытру мен пайдалану кәсіпорын жұмысының қаржылық қырын сипаттайды. Төлемдерді уақытылы төлеудегі кәсіпорындардың қабілеті оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін дәлелдейді.
Қаржылық жағдайына талдау жасау барысында:
1) қаржы жағдайына;
2) оларды қалыптасыру құралдары мен көздері арасындағы сәйкестікке;
3) қаржылық, есеп айырысу және несие тәртібінің сақталуына;
4) тауарлар мен дайын өнімдер қорының жай-күйіне;
5) меншікті қаржы мен банк несиелерінің болуына;
6) дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жай-күйіне;
7) қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін айқындауға жалпы баға беріледі.
1.2 Қаржалық жағдайды талдау бағалау әдістері.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таң-дағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр[12]. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақса-тында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндері, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік клемдеріменсалыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдааудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есепті берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктерін орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кңәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы тралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шарашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыс-тырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін тадаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі (17).
О.В. Ефимов өзінің “Қаржылық жағдайды қалай талдау керек” деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды (18).
И.М. Лоханина мен З. К. Золкина (19) алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көдеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өз-герісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төле қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А. Андреев (20) және В. В. Ковалев (21) кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.

- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы