Кәсіпорынның қаржылық жағдайы. 2
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................
1.3. Қаржылық жағдайды
талдау әдістері...............
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау........................
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
талдау........................
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын
талдау........................
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік
белсенділігін талдау........................
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің
өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
арттыру.......................
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
мен іскерлік белсенділігін арттыру.......................
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын
арттыру.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл ұғымға анықтама әр оқулықтарда әр түрлі беріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық субьектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотованың айтуынша қаржылық тұрақтылық - кәсіпорындарда тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуы.А.Д. Шеремет пен В.С.Сайфуллиннің түсінігі бойынша, қаржылық тұрақтылық қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуіне байланысты.Бұл көрсетілген анықтамалар қаржылық тұрақтылықты әр түрлі мағынада ашады. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тәуекелдіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы деген тұжырым жасауға болады.
Осылайша қаржылық тұрақтылықтың мәні кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі немесе сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қаржылық тұрақтылығының сыртқы көрінісі болып табылады. Төлем қабілеттілігі есеп айырысысу шоттарында, валюталық шоттарда ақша қаражаттарының болуымен, қысқам мерзімді қаржылық салымдардың болуымен, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен қарыздар мен төлемдердің болмауымен сипатталады.
Төлем қабілеттілігінің төмендеуі кездейсоқ, уақытша және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Оның себептеріне қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз етілмеуін, өнімді өткізу жоспарының орындалмауын, келісім-шарттар бойынша төлемдердің уақытында түспеуін жатқызуға болады.
Кәсіпорынның тұрақтылығының жоғары дәрежесі деп оның үздіксіз дамып отыру қабілеттілігін айтамыз. Ол үшін кәсіпорынның қаржылық ресурстары жеткілікті болуы керек және қажет болған жағдайда сырттан қосымша қаражаттар тартуға мүмкіндік беретіндей несиеге қабілетті болуы керек. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі оның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттілік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алынған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.
Сонымен, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі деп банктен алған қарызды пайыздарымен қосып есептегенде толығымен әрі уақытында өз қаражаттарының есебінен қайтара алу мүкіндігін айтамыз. Академик Е.С.Стоянова бастаған ресейлік ғалымдардың ойынша, қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің төрт көрсеткіштерімен сипатталады, олар:
v Жоғары дәрежеде төлем қабілеттілігі
v Жоғары дәрежеде несие қабілеттілігі
v Жоғары дәрежеде баланстың өтімділігі
v Жоғары дәрежеде рентабельділік
Бұл курстық жұмыстың ең өзекті мәселесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні мен кәсіпорынның қызметіне әсер ететін факторлар. Қазіргі өмірде кез келген кәсіпорынның келешектегі кепілі, қаржылық жағдайы мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы кең мағынада болғандықтан, біз сол өндірістің барлық жағынан қарастырамыз. Яғни баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын, олардың құрастырылу көздерінің құрамы динамикасын, баланстың өтімділігін талдаймыз және кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігін қарастырамыз.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа
жету үшін келесідей
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау
І БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, сонц анықтап алған жөн. Сонғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шереметов «Кәсіпорын қаржысы (актитер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер яғыни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Профессор П. А. Русак бұл ғұмыры бойынша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және де басқада қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстары мен қамтамассыз етуімен және олардың мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен,сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».
В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, тарту және пайдаланумен көрсетіледі» деп жазады .
М. Н. Креинина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов (6) қаржы жағдай ұғұмын былай түсіндіреді: «Қаржылық жағдай – қаржылық ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жинағы».Профессор И. Т. Балабанов «шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы –бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттігінің сипаттамасы (яғыни төлем қабілеттігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану,мнмлекет алдында және басқа да шаруасылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабелділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капитал пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» деп жазады.
Жоғары берілген анықтамалар қарастырылып отырылған ұлым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұғым тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірінғай көрсеткіштерге қарғанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді ескеру нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға тигізетін әсенрін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімдіболуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндіруі тиіс.
Менің көзқарасым бойынша, сенімділік кәсіпорынның жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.Осы берілген түсініктемеге сүйене отыра, мен бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамын:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және
оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін
уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен
қамтамассыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы
нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы
оқулықтарда түрліше
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны таратупайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы».
В. А. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамассыз ететін және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтанда қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі роцессінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» (9). Ал кәсіпорынның жалпы қржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстыңшығыннан артуын қамтамассыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайнда ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның әріқарай дамуы үшін барлық есепайрысулар мен барлық міндеттерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту жәнеде әлеументтік клматты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кету керек біз, қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарасын бөле қарастырдық, әйткенмен мен олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймын. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану мен анықталады».
Менің ойымша бұл ұғым А. Д. Шеремет пен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу өздерінен қамтамассыз етілуі деп түсіндіреді.
Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да осындай көзқараста (10). «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі» (4) немесе «Сауда, несие және басқада төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатынкәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады» (9). Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның оның іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түседі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгңі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұқрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.
Жоғарыда айтылғандарды қорта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Нарықтық экономика
жағдайында жұмыс істеуші
кәсіпорынның қаржылық
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігінің және кәсіпорынынң қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Қазіргі кезде бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді, себебі, ҚР - тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.
«Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті» №2 «бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорының капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.
Баланстың пассив бөлімдері мен бабтары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.
Активтер дегеніміз – бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсететді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиіс мүлік); пассивтер – бұл кәсіпорынның біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашанда пассивтер сомасына тең болуы тиіс».
Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықттамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің «бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Баланс
қаржылық есеп беруде үш
Қаржылық
жағдайды талдау барысында тек
бухгалтерлік баланс
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәіспорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оның ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару
- Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
- Кәсіпорынның кредиторлық қарызын басқару
- Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық есептілігі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі