Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы......................
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі..........................
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері.................
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.......................
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы.......................
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау..................15
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау....................16
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы..................
3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... ..............................
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күйімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту. Осы орайдағы индустриалдық-инновациялық стратегияға сәйкес ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары биотехнология, ядролық технология, космостың технологиялар және жаңа материалдарды жасау болып табылады.
Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – инновациялық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, кәсіпорынның инновация және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті – кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметіне және инновациялық қызметінің тиімділігіне талдау жасап, инновациялық қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмысымның тақырыбын кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігі мәселесіне арнап отырмын. Бұл тақырыпты алу себебім тәуелсіз еліміздің болашағына апарар жол осы инновациямен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану процесінде әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Ал ұлттық экономиканы көтеретін мемлекеттік саясат пен отандық кәсіпорындардар. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытпен келеді, ал отандық кәсіпорындардың саясаты дәстүрлі сипат алған. Саясаттың дәстүрлі емес жолы да бар, ол – жаңашылдық, яғни ғылыми тілмен айтқанда инновация. Міне, осы инновация дегеніміз не, кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен мазмұны неде, кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері қандай, инновациялық тиімділікті арттыру жолдары деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы
Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді.
Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы.
Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс және т.б.
Инновация – қандай да бір тиімділікке қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық.
«Инновация» термині латынның «innovate» деген сөзінен бастау алады, негізгі мағынасы жаңарту және жақсарту дегенді білдіреді.
ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сәйкес «инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми – техникалық қызметтің нәтижесі» деп түсіндіріледі.
Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми – техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Оның «пайдалы инновациялық тиімділігін» анықтау пайдалы функциясы арқылы жүзеге асырылады – ол инновацияның жаңашылдықтан, белгілі бір ашудан ерекшелігі. Егер өнертабыстар инновацияларға айналмаса, олардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды. Инновация XIX ғасырда пайда болды деп саналады. Бастапқы кезеңінде ол кейбір элементтердің бір жүйеден екінші жүйеге ену түрінде болды. Инновация заңдылықтарын үйрену тек XX ғасырдың басында ғана қолға алынды.
1911 жылы австрия, кейін американ ғалымы болған Йозеф Шумпетер «Экономика теориясының дамуы» еңбегінде инновация туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізді.
Инновациялардың атқаратын функциялары мыналар:
- адамзат ақыл – ойынан туындаған ғылыми нәтижелерді қолданысқа енгізу;
- қызметтің, еңбектің ғылыми сыйымдылығын арттыру;
- тұтынудағы өзгерістерге өндірістің құрылымын сәйкестендіру;
- қоғамның жалпы қажеттіліктері мен қоғамдағы әрбір адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру сапасын арттыру;
- өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа өндіргіш күштерді тарту;
- бәсекелі нарыққа төтеп беретін жаңа және тиімді өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды жасау.
Инновациялардың жіктелуіне келетін болсақ, олар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі.
Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар келесі категорияларға бөлінеді:
- базистік инновациялар – нарықта бұрын болмаған өнімдердің, қызметтердің, жұмыстардың пайда болуына мүмкіндік береді;
- жақсартылған инновациялар – нарықта бар тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың параметрлерін жетілдіруге бағытталған;
- кешенді инновациялар - әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен жетістіктерді жинақтай отырып, әртүрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге пайдалануға ықпал етеді (мысалы, ұялы телефондарды сөйлесу құралынан басқа фотоаппарат, радио, есептегін құрал, плеер және басқа да мақсаттарда пайдалануға болады);
- радикалды инновациялар – жаңа ғылыми идеялар мен ізденістерге негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуына алып келеді (ғылымдағы жаңа бағыттар - гендік инжинерия, биотехнология, нанотехнология, жәндіктерді клондау және т.б.).
Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен кешенді инновацияларға көбірек мән береді. Ал радикалды инновациялар терең ғылыми зерттеулерді қажет етеді және ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді, сонымен қатар, бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханалардың, тәжірибелік, өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір нәтижеге қол жетуі мүмкін.
Инновациялар пайдалану аясына байланысты келесідей жіктеледі:
- ғылыми инновациялар – жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қандай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
- ұйымдастырушылық – басқарушылық инновациялар – ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару әдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
- әлеуметтік инновациялар - әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым – қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолданумен және осы бағыттағы басқа да іс - әрекеттерді жақсартумен байланысты;
- технологиялық (өндірістік) – ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық әдістер мен тәсілдерді өзгертуге және жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үрдіске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
- экологиялық - қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;
- саяси – мемлекеттің әлеуметтік, халықаралық, сыртқы, ішкі бағыттағы іс – әрекеттерін жетілдірумен және оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;
- мемлекеттік – құқықтық – жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тәсілдері, әділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;
- рухани саладағы инновациялар – білімде, мәдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.
Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей жіктейді:
- жаһандық – бірнеше мемлекеттерде немесе әлем деңгейінде өзгерістердің пайда болуына алып келетін инновациялар;
- ұлттық – бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс және т.б. инновациялар;
- аймақтық – белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы бар инновациялар;
- нақты – қандай да бір кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын инновациялар.
Инновациялардың пайда болуы инновациялық қызметтің қалыптасуы мен жетілуіне негіз болады. Инновациялық қызметтің мазмұны ғылыми зерттеулерде әртүрлі сипатталады. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында «инновациялық қызмет – инновацияларды өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану» деп көрсетілген.
Инновациялық қызметке келесідей қызмет түрлерін жатқызады:
- қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;
- экономикалық айналымда жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісті дайындауға бағытталған ғылыми – ізденушілік, жобалық, тәжірибелік – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға қызмет ету және орындау;
- инновациялық өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізу нарықтарын ұйымдастыру;
- технологиялық жарақтану мен өндірісті дайындауды жүзеге асыру;
- жаңа технологиялық процестерді, тауарларды сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
- жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты) өндіру және инновациялық жоба нормативтік ақталу мерзімі жеткенге дейінгі оның бастапқы кезеңінде жаңа немесе жетілдірілген технологияны қолдану;
- инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
- инновациялық қызмет нәтижелерін дәріптеу және инновацияларды тарату;
- игеру және іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беру, иемдену және қорғау;
инновацияларды дайындауға бағытталған басқа қызмет түрлері
1 – сурет. Инновациялық қызметтің негізгі түрлері
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі
Қазіргі заман жағдайында кәсіпорынның табысты қызмет етуін инвестиция мен инновациясыз елестету мүмкін емес. Экономика дамуының нарықтық жағдайы әрқашан өзгерістердің тек сандық жағынан емес, сапалық жағынан да даму міндеттерін алға қояды. Бұл өзгерістерді іске асыру үшін ең озық үлгідегі техниканы, технологияны қолдану керек, жаңашылдықтың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми – зерттеу базаларын үздіксіз дамытып отыру қажет. Ол үшін технологиялық инновацияларды, өнім – инновацияларды, үрдіс - инновацияларды қолдануға болады. Технологиялық инновацияларды қолдана отырып, кәсіпорын өзінің қызметін жаңа технологиялық үрдістерді өңдеу және игерумен байланыстырады. Өнім – инновацияларды қолданғанда, кәсіпорын жаңа өнімдер өндіріп, енгізеді немесе бұрыннан шығарылатын өнімдерді жетілдіреді. Сонымен қатар кәсіпорын болжалды қолданыс аумағы, функционалдық сипаттамалары, конструктивтік орындау, қосымша қызмет белгілері, және де қолданылатын материалдар мен құрауыштары жаңа немесе бұрын шығарылған өнімнен айтарлықтай ерекшеленетін мүлдем жаңа өнім өндіруге ұмтылады. Үрдіс – инновацияларды қолданғанда жаңа немесе айтарлықтай көлемде өзгерген өндірістік үрдістерді өңдеу және игеру талап етіледі. Үрдіс – инновация басқа кәсіпорындардың өндірістік тәжірибесінде бұрын іске асырылған, жаңа немесе жетілдірілген өндіріс тәсілдерін қарастырады.
Кез – келген басқа ұйымдар сияқты кәсіпорын да өзінің қызметінде үздіксіз дамуды қажет етеді. Егер кәсіпорынның экономикалық саясаты туралы сұрақтарды қарастыратын болсақ, онда ҒТП дамуын кәсіпорын дамуының ең негізгі мәселелерінің бірі деп санау керек. Кәсіпорынның техникалық дамуы – бұл кәсіпорынның нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті ұйымдастыруды, техниканы, технологияны жетілдіру арқылы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қызметі.
Өндірістің техникалық деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталады: жаңа техникаларды өңдеу және енгізу; өндірісте еңбек құралдарын(құрал – жабдықтар, тетіктер) қолдану; негізгі және көмекші жұмыстарды механизациялау және автоматизациялау; жаңа технологияларды енгізу, соның ішінде шикізат, материал, отынды максималды үнемдейтін, қоршаған орта қауіпсіздігін және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технологиялар.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі ең алдымен шығарылатын тауардың (қызметтің) бәсекеқабілеттілігіне бағытталады. Бәсекеқабілеттілік – бұл тауардың (қызметтің) бәсекелес тауардан нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі бойынша және де оны қанағаттандыруға кететін шығындар бойынша ерекшелігін көрсететін мінездемесі. Екі негізгі элемент, тұтынушылық қасиеттер мен баға – тауардың (қызметтің) бәсекеқабілеттілігінің негізгі құраушылары болып табылады. Алайда тауарлардың нарықтық келешегі тек өндірістің шығындары мен сапасына байланысты емес. Тауар жетістігінің немесе сәтсіздігінің себебі жарнамалық қызмет, фирма беделі, ұсынылатын қызмет көрсету деңгейі сияқты басқа да (тауарлық емес) факторлар болуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары деңгейлі қызмет көрсету үлкен тартымдылық туғызады. Осыған сүйене отырып, бәсекеқабілеттілік формуласын келесі түрде көрсетуге болады:
Бәсекеқабілеттілік = Сапа + Баға + Қызмет көрсету
Бәсекеқабілеттілікті басқару дегеніміз - аталған құрауыштардың ең ұтымды байланысын қамтамасыз ету, негізгі күшті келесі мәселелерді шешуге бағыттау: тауар сапасын арттыру, өндіріс шығындарын азайту, қызмет көрсетудің үнемділігі мен деңгейін көтеру. Негізінде, қазіргі кездегі «табыс философиясының» негізі - фирма назарын бәсекеқабілетті өнімді өңдеу, өндіру және өткізу мақсаттарына аударуда болып табылады. Бірінші кезекке ұзақмерзімді жетістік пен тұтынушыға бейімделу қойылады. Компаниялардың жетекшілері табыстылық мәселелерін сапа, өнімнің тұтынушылық қасиеттері және бәсекеқабілеттілік тұрғысынан қарастырады.
Өнімнің нарықтағы орнын, оның өтімділік келешегін, сату стратегиясын таңдауды талдау үшін «тауардың өмірлік циклы» тұжырымдамасы қолданылады.
Өмірлік циклдың әр түрлі кезеңдерінде тұрған тауарлармен бір мезгілде жұмыс істеу тек ірі компаниялардың қолынан келеді. Шағын фирмалар мамандану жолымен жүруге мәжбүр, яғни өздеріне келесі «ампулалардың» бірін таңдайды:
Новатор – фирма, көбінесе жаңашылдық мәселелерімен айналысады;
Инжинирингтік, тауарлардың басқаларға ұқсамайтын модификациясын және дизайнын шығаратын фирма;
Тар шеңберлі мамандандырылған даярлаушы фирма, көбінесе оңай өнімдердің жаппай шығарылымының субжабдықтаушысы;
Жоғары сапалы дәстүрлі өнімдер (қызмет) шығарушы.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын фирмалар нарыққа кіру және одан шығу кезеңдерінен өтетін тауарлар шығарылымында белсенді жұмыс жасайды. Мәселе әдетте үлкен фирмалардың жаңа өнімдер шығарылымына алғаш болып бара бермеуінде. Себебі, мүмкін болатын сәтсіздіктің салдары қайтадан пайда болған шағын фирмаларға қарағанда, үлкен фирмаларға ауыр тиеді. Тауар бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету, негізгі мазмұны инновацияларды іздеу және іске асыру болып табылатын новаторлық, кәсіпкерлік тәсілдерді талап етеді.
Осы тұрғыда атап өту керек, экономикалық теория классиктерінің бірі А. Маршалл кәсіпкерлікті нарықтық экономиканың түпкі қасиеті, негізгі белгісі деп есептеген.
Инновациялық стратегияның негізгі алғышарты болып шығарылатын өнімнің және технологияның моральды тозуы табылады. Осыған байланысты әр үш жыл сайын кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің, технологияның, құрал – жабдықтар мен жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіліп отырылуы тиіс, тауарды өткізу каналдары мен нарық талдануы керек. Басқаша айтқанда, бизнестің рентгенограммасы жүргізілуі керек.
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Инновациялық қызмет тиімділігін бағалау әдістері мен тәсілдері шығындар мен соңғы нәтиженің өлшемдестігіне негізделеді. Бірақ соңғы нәтиже кәсіпорыннң инновациялық қызметін жан – жақты бағалау арқылы алынуы мүмкін. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау экономикада жалпы қабылданған бағыттар бойынша жүргізіледі:
- кәсіпорынның ғылыми – ақпараттық деңгейі;
- кәсіпорынның техникалық деңгейі;
- инновациялық жобалардың технико – экономикалық тиімділігі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау белгілері деп мыналарды санауға болады:
- кәсіпорынның ғылыми деңгейі;
- ақпаратпен қамсыздандырылу деңгейі;
- кәсіпорын мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өңдеулердің бәсекеқабілеттігі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі шығындық көрсеткіштермен, инновациялық үрдістің динамикасын сипаттайтын жаңару көрсеткіштерімен және де құрылымдық көрсеткіштермен сипатталады. Шығындық көрсеткіштерге кәсіпорын шығаратын өнімнің ғылыми сыйымдылығын сипаттайтын, сату көлемінде ҒЗТКЖ – на жұмсалатын салыстырмалы шығындарды, лицензияларды, патенттерді, ноу – хауды алуға кететін салыстырмалы шығындарды, бастамашыл өңдеу жұмыстарының дамуы үшін фондтардың болуын жатқызуға болады. Инновациялық процестің динамикасын сипаттайтын көрсеткіштерге ТАТ (Turn – Around - Time) инновациялылығының көрсеткішін, жаңа өнімді(жаңа технологияны) өңдеу үрдісінің ұзақтығын, жаңа өнім өндірісі дайындығының ұзақтығын, жаңа өнім өндірістік циклының ұзақтығын жатқызамыз. Жаңару көрсеткіштеріне жаңашылдық - өнімдер мен жаңашылдық – үрдістердің өңдеу мен енгізудің санын, өнім портфелінің(2, 3, 5, 10 жылда шығарылатын өнімдердің салыстырмалы салмағы) жаңару динамикасының көрсеткіштерін, алынған жаңа технологиялар(технологиялық жетістіктер) санын, экспортталатын инновациялық өнім көлемін, ұсынылатын жаңа қызметтер көлемін жатқызамыз. Құрылымдық көрсеткіштерге зерттеуші, өңдеуші және басқа да ғылыми – техникалық құрылымдық бөлімшелердің(бұған сынаушы және эксперименталды зертханаларды қоса) құрамы және саны, ҒЗТКЖ – мен айналысатын қызметкерлердің құрылымы мен саны, уақытша бастамашылдық шығармашылық бригадалардың құрамы мен саны.
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы
Жалпы конъюктура. 2010 жылғы ІI жартыжылдықтағы зерттеу нәтижелері жауап берген 846 кәсіпорынның 106-сы ғана инновациялық қызметті жүзеге асырғандығын көрсетеді.
Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың үлесі кен өндіру өнеркәсібінде сұралған 99 кәсіпорыннан 9% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде осы үлес – тиісінше, 593-тен 15%, электр және су жабдықтау саласында – сұралған 154 кәсіпорыннан 7% құрады.
Аса жоғары инновациялық белсенділік жұмыспен қамтылғандардың саны 250 адамнан асатын ірі өнеркәсіп компанияларына тән, олардың төрттен бірінен астамы жаңа енгізімді жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындар меншікті қаржы ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген, оларда аса жоғары ғылыми -техникалық әлеует, меншікті зерттеу базасы және жоғары білікті персоналы бар.
2010 жылғы ІІ жартыжылдықта өз кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту келешектеріне қатысты респонденттерді бағалауды талдау олардың техникалық және технологиялық жабдықталуын жақсартуға және жетілдіруге аса мүдделі екенін көрсетеді.
Инновациялық циклдің бағыты кәсіпорындардың өз ғылыми техникалық әлеуетін, олардың зерттеу базасын және персоналының біліктілігін ғана емес, сонымен қатар қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Сонымен, іргелі зерттеулер және ғылыми-техникалық дайындық іргелі ғылымға үлкен шығындардың шығуын, ғылыми кадрларды даярлауға едәуір уақытты талап етеді, бұл 2010 жылғы ІI жартыжылдықтағы инновациялық циклдің қазіргі заманғы фазасын – тиісінше, инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 19% және 20% -ында анықтады. Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың көпшілігі (61%) өзінің инновациялық қызметінің қазіргі заманғы фазасын “жаңа өнімді (технологияны) игеру” деп анықтады.
Нарықтық экономикаға өту процесінде көптеген сұралған кәсіпорындарда өнімнің негізгі түрлерін өндіру қайта қаралып, жаңа бағытқа ие болды. Сол үшін олар жаңа немесе едәуір жетілдірілген өнім түрлері мен технологияларды әзірлеп, енгізуге мәжбүр болды. Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, 2010 жылғы IІ жартыжылдықта инновацияны енгізудің негізгі мақсаты:
дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (бұл жайында инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 70% -ы хабарлады);
сұранысты, айналымның өсуін және өнім өткізуді арттыру (52%);
пайданы өсіру (36%);
кәсіпорынның беделін өсіру (32%);
ұжымға және қоғамға қатысты әлеуметтік жауапкершілік (17%);
бәсекелестік нарықта өміршеңдігін қамтамасыз ету (10%) болып табылды.
Отандық тауар өндірушілер нарығындағы жоғары бәсеке кәсіпорынды инновация енгізуге мәжбүр етеді. Сонымен, респонденттердің пікірі бойынша, инновация жүргізу уәждемесі өнеркәсіп кәсіпорындарының 76%-ы үшін 2010 жылғы ІI жартыжылдықта сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру, 41%-ы үшін - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және 19%-ы үшін – импортты алмастыратын және экспорттық бағытталған өндіріс құру болып табылады.
Саланы технологиялық дамыту деңгейі, біршама дәрежеде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін шығыстардың көлемі бойынша бағаланады. Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 35%-ы 2010 жылғы IІ жартыжылдықта инновацияға 5%-ға дейін қаржы қаражатын, 58%-дан астамы - 5%-дан 25%-ға және 7%-ы - 25%-дан жоғары бөлді.
Мұның өзінде, зерттеу деректері бойынша шығыстардың көп көлемі кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында (пайданың 19%-ы) және тамақ өнімі өндірісінде (36%) байқалады.
Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың көбі (90%) инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі олардың меншікті қаржы ресурстары болып табылатынын, 4%-ы республикалық және жергілікті бюджет қаражатын, 3%-ы инновациялық қорлар қаражатын және 9%-ы - өзге қаражат көздерін пайдаланғаны туралы хабарлады.
Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 44%-ы үшін инновациялық қызметтің негізгі бағыты 2010 жылғы ІI жартыжылдықта қолданыстағы технологияларды жетілдіру болып табылады, сонда 37% және 34%-ы үшін – бұл тиісінше өнімнің (қызмет көрсетулердің) қолданыстағы түрлерін кеңейту және өнімнің (қызмет көрсетулердің) жаңа түрін жасау болды.
2 – сурет. 2010 жылғы II жартыжылдықта инновациялық қызметтің бағыттары(инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың жалпы санына пайызбен)
| Бұрын шығарылған өнімді жетілдіру | бұрын шығарылмаған өнімді игеру | ||
аталған кәсіпорындарда | салаларда | Қазақстанда | ||
Өнімнің негізгі түрлері | 55 | 57 | 3 | 14 |
Өнімнің басқа түрлері | 23 | 77 | 5 | 14 |

- Кәсіпорынның кредиторлық қарызын басқару
- Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық есептілігі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
- Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы: құрастыру мәселелері
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- Кәсіпорынның инновациялық қызметі