Кәсіпорынның инновациялық қызметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ
«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Кәсіпорын экономикасы»
Тақырыбы: «Кәсіпорынның инновациялық қызметі».
Орындаған: ЭП-09-1 тобының
студенті Қаражанова А.
Темирова Г.
Ақтау қаласы, 2012ж
Жоспар.
Кіріспе.......................
I БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері
және түрлері..................
1.2. Инновациялық процестің
негізгі кезеңдері.............
1.3. Инновация әсерлерін
бағалау және өлшеу............
II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық
қызметінің мәні мен
2.2. Ұйым және инновациялық
қызметті қаржыландыру.........
2.3. Нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорынның
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
3.1. ҚР-ның инновациялық
қызметінің маңызы және
3.2. ҚР-ның инновациялық
қызметін сақтандыру ісі.......
3.3. Инновациялық қызметтерді
басқарудағы жаңа тәсілдері...
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе.
Инновация: 1) техникалар
мен технологиялардың
2) ғылыми техникалық прогрестің
жетістігі нәтижесінде жаңа
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржыларына және қарыз қаражаттарынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─
бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың
өзара әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен,
жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек
құралдары мен құрал-
Инновациялық қызмет көпшілік
жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың
жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына
сәйкес нақты өнім мен технологиялардың
өңдеулерімен байланысты болып келеді.
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық
қызметті басқару механизмінің экономикалық
жетілдіруді қалыптастырудың
I Бөлім. Инновацияның
жалпы мазмұны және
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері.
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін, «innovacyon» сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
- техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
- жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық (новизна). Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер.
Сонымен қатар жаңалық деңгейі
белгісіздік дәрежесін
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған
инновация белгілері
Инновацияның мынадай түрлері болады:
- Жаңалығына байланысты:
- базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
- жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
- жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
- Қолданылуына байланысты:
- өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
- технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
- әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
- нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
- Шығу көздеріне байланысты.
- ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
- нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
- Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
- тұтыну инновациялары;
- инвестициялық инновациялар.
- Масштабына байланысты:
- күрделі инновациялар;
- жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.
Инновациялық процесті идеяның
тауарға айналу реттілік процесі
ретінде қарастыруға болады және
іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық
өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен
өтудегі ─ технологияларды
Инновациялық процесс әр түрлі жағдайлардан және әр түрлі дәрежедегі нақтылаудан қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден, ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалықтың, инновациялықтың, өндірістік қызметтің және маркетингтің параллельді-реттілік түрдегі жүзеге асырылуы.
Екіншіден, жаңалықтың өмірлік циклның идеяның пайда болуынан бастап оның өңдеуі мен таратуындағы уақытша кезеңдері ретінде.
Үшіншіден, жаңа өнім түрі мен қызмет көрсетуді өңдеу мен таратудағы қаржыландыру мен инвестициялау процесі ретінде.
Жалпы инновациялық процесс
жаңа табыстарын алудан және коммерциализациялаудан,
жаңа технологиялардан, өнім және қызмет
түрлерінен, өндірістік, қаржылық, әкімшілділік
немесе басқа сипаттағы және басқа
интеллектуалдық қызметтің
«Изменение характера инновационного процесса» атты еңбегінің авторы Рой Росвелл инновациялық процестің бірнеше модель буынын ұсынды.
Инновациялық процестің мәнінің желілік жолын ол 1950 және 1960 жылдардың ортасына жатқызады, яғни инновациялық процестің бірінші буынына, бұл технологиялардың әсерлерінен алға жылжып отырады. (1-сурет).
1-сурет. Инновациялық процестің бірінші буыны.
Росвелл бойынша, инновациялық процестің екінші буыны 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басына жатады деген. Бұл да желілік-тізбектілік модель, бірақ нарық маңыздылығына тіреледі және қажеттіліктерге ҒЗТКЖ әрекет етуді. (2-сурет).
2-сурет. Инновациялық
процестің екінші буыны.
Үшінші буын: 1970 жылдардың басы ─ 1980 жылдардың ортасы. Түйіндес модель. Маңызды түрде бірінші мен екінші буындардың қиыстырылуы технологиялық қабілеттер мен нарық қажеттіліктері мен мүмкіндігіне байланысты. (3-сурет).
3-сурет. Инновациялық
процестің үшінші буыны.
Төртінші буын: 1980 жылдардың ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне және сыртқы көлденең және тік байланыстарға назар аударуымен ерекшеленеді. Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы іс-әрекетті орындау негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта жұмыс жасау қарастырылады. Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.
Бесінші буын: қазіргі уақыт ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар, стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл есептеу техника жүйесін, информатиканы қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу процесі және солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.
Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану мүмкіндігі фундаментальды кезеңде және іздестірушілік зерттеулерінде, қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасау
және меңгеру процесі жаңа ғылыми
білімдерді алуға бағытталған
Теоретикалық зерттеулердің
нәтижелері ғылыми жаңалықтарда , жаңа
түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде,
жаңа теорияларды жасауда көрініс
табады. Іздестірушілікке негізгі міндетті
қамтитын идеялар мен технологиялардың
жаңа прициптерін ашудағы зерттеулер
жатады. Іздестірушілік ФЗ қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандырудың жаңа әдістерін
экспериментальдік тексерумен және
дәлелдеумен аяқталады. Барлық іздестірушілік
ФЗ академиялық мекемелерде, ЖОО-да,
сонымен қатар ірі ғылыми-
Инновациялық процестің келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстар. Олардың орындалуы теріс нәтижелерді алумен байланысты болып келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге құралдарды салу кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер инвестициялар инновацияда тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді инвестициялар деп аталады.
Тәжірибелі-конструкторлық және конструкторлы-жобалау жұмыс кезеңдері жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты. Ол эскизді-техникалық жобалауды, жұмыстық конструкторлық құжаттамалауды шығаруды, тәжірибелі нұсқаларды сынауды және жасауды қарастырады.
Тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстар (ТКЖ) техникалардың, материалдардың,
технологиялардың жаңа нұсқаларын жасау
үшін қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін
қолдануда көрініс табады. ТКЖ
─ бұл ғылыми зерттеулердің қорытынды
сатысы және зертханалық жағдайлар
мен экспериментальдық
Инновациялық жобаның
күрделілігіне байланысты (жаңа өнім
түрін меңгеру және өңдеу) инновациялық
қызметтің бастапқы кезеңінде шешілетін
міндеттер әр түрлі болуы мүмкін.
Көбінесе, ірі инновациялық жобаларды
меңгеру және өңдеу кезінде ғылыми-
Бастапқы кезеңдегі жұмысты атқарушылары болып ғалымдардың шығармашылық ұжымдары, ЖОО-дың, университеттердің, институттардың, мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) инженерлі-техникалық жұмысшылары табылады.
Инновациялық қызметтің
нәтижесінің тәжірибелік
Өндірістің алдын алу сатысында тәжірибелі және экспериментальды жұмыстар жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізуге қажетті экспериментальдық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге, жасауға, жөндеуге бағытталған.
Өнеркәсіптік өндіріс сатысы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі және оны тұтынушыларға жеткізу. Біріншісі ─ бұл тұтынушылардың сұранысымен анықталатын, материалданған жетістіктердің ғылыми-техникалық өңдеудегі тікелей қоғамдық өндірісі. Екіншісі ─ жаңа өнімді тұтынушыға жеткізу.
Инновациялық процестің ҒТП-тен айырмашылығы, ол енгізумен аяқталмайды, яғни жаңа өнімнің нарықта бірінші пайда болуы және қызмет көрсетуі. Бұл процесс енгізуден кейін де тоқтамайды, өйткені тарату (диффузия) шаралары бойынша жаңалық әбден жетіледі, тиімдірек болады, бұрын белгілі болмаған тұтынушылық қасиетті иемденеді. Бұл оған жаңа нарық пен қолдану саласына және жаңа тұтынушыларға жол ашады. Осылайша, бұл процесс нарық талап ететін өнімдерді жасауға, қызмет көрсетулерге бағытталған және тығыз біртұтас ортада жүзеге асатын: оның бағыттылығы, қарқындылығы, мақсаттары әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және онда ол қызмет атқарады, дамиды.
Инновациялық ортаның
әр түрлі деңгейлерінде пайда
болатын диффузды процестердің мәні
жаңалықтар мен жаңалық енгізудің
тепе-теңдік күйде таралуының ғылыми-техникалық,
өндірістік, ұйымдық-экономикалық қызметтердің
іскерлік циклмен және қызмет көрсету
сферасымен анықталады. Соңында диффузды
процестер қоғамдық өндірістегі
жаңа технологиялық тәртіптерге
басымдылық жағдайды алуға мүмкіндік
береді.
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу.
Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және инновациялық процестің басқа нәтижелері жатады.
Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға негізделген:
- инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады және өлшенеді;
- өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. әсер түрлері қарастырылады;
- кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
- әсерлерді өлшеу үшін сапалық және мөлшерлік әдістер қолданылады;
- әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша өлшенеді және бағаланады, инновация идеяларынан бастап коммерциялық іске асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
- инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең бойынша әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
- алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін көлемдердің барлығы қарастырылады.
Инновацияны жүзеге асыру
кезінде пайда болатын
Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде бірнеше техникалық тектес және өзара байланысты синергетикалық әсерлердің жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың өңделу нәтижелері болып табылады.
Тікелей |
Тікелей емес |
Тікелей |
Тікелей емес |
Жүйеліктер |
Индивидуалды |
Объект бірліктері үшін ерекше түрде анықталады |
жаңа технологияларды меңгеру, оқу |
айналысты жоғарлату |
бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі |
экологиялық |
ғылыми қабылдау |
ноу-хау |
табысты көбейту |
әсекелестердегі шығындардың көбеюі |
әлеуметтік |
өзін таныту | |
патенттер,артықшылықтар |
шығындарды төмендету |
басқарушылық |
|||
әлсіз орындарды табу |
нарықтың өсім үлесі |
4-сурет. Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері.
Жоғарыда айтылғандай, инновация процесінің барлық нәтижелер түрлері бағалану және өлшену қажет.
Техникалық әсерлер. Инновациялық
жобалардың әр қайсысына техникалық
әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері
анықталуы керек. Мысалы, техникалық
инновация процесі кезінде
Басқарушылық инновация
сферасындағы техникалық әсерлерге, мысалы,
шығындардың пайда болу орындарына
байланысты олардың дәл есептеулерін
көтеру, құжат айналым уақыттарын
қысқарту және т.б. жатқызуға болады.
Тікелей техникалық әсерлерді объективті
бағалау зерттеушілердің, инженерлердің,
технологтардың және инновацияның объектісі
бойынша басқа мамандардың
Тікелей әсерлермен қатар тікелей емес әсерлер болады. Тіпті егер инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет, әдістер мен амалдарды меңгеру аймағында оқытулық әсерлер пайда болады. Сонымен қатар, бөлек ноу-хау және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу жүзеге асуы мүмкін, сонымен бірге техникадағы әлсіз орындарды, технологияларды, кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.
Экономикалық әсерлер. Шешім
қабылдау сатысында инновацияның экономикалық
тиімділігін бағалау
Экономикалық әсерлерді
техникалық әсерлер сияқты тікелей
және тікелей емес деп бөлуге болады.
Тікелей әсерлерге пайда
Тікелей емес экономикалық әсерлер ең алдымен бәсеке аймағында көрініс табады: бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі, бәсекелестердегі шығындардың жоғарлауы және т.б.
Басқа әсерлер. Жүйелік және
индивидуалды аймақтағы әсерлерді
бағалай және тани білу керек. Инноваторлардың
сәттілігінің индивидуалды аспектілерінде
маңызды орынды жариялауда қабылдау,
беделді премия алу және т.б. алады.
Қазіргі кезде жаңа өнімдерді
және технологияларды жасау
Инновацияның жүзеге асырудың әлеуметтік нәтижелері ретінде жаңа жұмыс орындарын жасауды, жұмыс жағдайын жақсартуды, жаңа басқару әдістерін енгізу арқылы ұжым арасында адамдық қатынастарды жасауды айтуға болады.
«Инновация табысты ма
немесе табысты емес пе?» деген
қорытындының дұрыстығы табыс көрсеткішінің
қандай уақытта өлшенгендігіне байланысты.
Мысалы, инновациялық процестің жүзеге
асырылуындағы тікелей
Инновациялық әсерлерді өлшеу мен бағалауда маңызды орынды бағалау субъектісін таңдау алады. Оның сайма-сайлығы, толықтылығы, аспектілері, әділдік деңгейін бағалауды кім жүргізгеніне байланысты. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері 5-суретте көрсетілген.
5-сурет. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері.
Инновация әсерлерін өлшеу концепциясы инновациялық процестің барлық кезеңдерін реттілік түрде қамтуына негізделген. Осы концепцияға сай өлшеуді процесс алып жүреді, ал нәтижелер басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Кезеңнің аты, аралық нәтижелердің түрлері, сандық өлшеуіш, бағалау субъектілері 1-кестеде көрсетілген.

- Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
- Кәсіпорынның кредиторлық қарызын басқару
- Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық есептілігі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
- Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы: құрастыру мәселелері
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары