Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

ЖОСПАРЫ: 
 

Кіріспе 

І. ҚР-ның инвестициялық  стратегиясы және оның теориялары

1.1. Инвестицияның  мәні, мазмұны мен пішіндері 

1.2. Инвестицияның  көздері және оның нарықтық  экономикада атқаратын рөлі 

1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе 

ІІ. ҚР-ның инвестициялық  саясаты және оның  нарықтық экономика  шартындағы жүзеге асырылуы 

2.1. «Қазақстан-2030»  стратегиясындағы инвестиция мәселелері 

2.2. ҚР-ның  инвестицияны игерудің басталуы  мен қалыптасу сатыларына талдау

2.3. ҚР-ның  нарықтық экономика шартындағы инвестициялық құрылымын талдау және жүзеге асырылуы (ҚР-ның шетел инвестициялары) 

ІІІ. ҚР-дағы корпорацияның  инвестициялық саясаты 

3.1. Қазақстандағы  біріктірілген корпорациялық құрылымдардың  инвестициялық саясаты 

 «Қазына», «Самрұқ»

3.2. Қазақстандағы  біріктірілген корпорациялық құрылымдардың  инвестициялық қорларды қалыптастыру  және жетілдіру жолдары  

Қорытынды  

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша А

Қосымша Б  
 

Кіріспе 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі:  Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.

    Кейбір  кезде инвестицияға қатысты «Қарыз – несиені үсті – үстіне алып жатырмыз. Ертең оны қайтару қиын болмай ма?» - деген пікірлердің айтылып қалатыны жасырын емес. Бірақ, инвестицияның көмегінсіз, соның ішінде шетел инвестициясынсыз экономикамыз өрге баспайтынын білеміз. Бүгінгі күні өзіміз үлгі тұтатын Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия сияқты мемлекеттер шетел инвестициясын пайдаланудың нәтижесінде экономикасын түзеп, бүкіл әлемді таңдандырып отыр.

    Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтады.  

    Инвестиция  тиімділігінің артуы дегеніміз - ең аз  инвестиция салым мөлшерімен  нәтижесі  бір  өнімге деген салымның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті  өнімді шығаруды айтамыз.

    Инвестиция тиімділігін арттыруға былай  қол жеткізіледі:

  • салымның техникалық  құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
  • жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық  қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
  • жаңа объектілерін салу мерзімін  қысқарту.

    Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қатынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.                   Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:  инвестицияның негізгі мақсаты – инвестор тарту мен инвестицияны өз орнына есептен жұмсай білу.

    Президент Жолдауындағы «Қазақстанға тартылған  шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге ерік-жігер мен  нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға тиіспіз» - деп атап көрсетті. Инвестицияның негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • материалдық-заттай;
  • қаржылық;
  • ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау.

    Дж  М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, процент және ақша туралы жалпы теория»  атты еңбегінде салымды «бағалы  капиталды мүліктің негізгі, айналмалы өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі» - деп анықтайды.

    Э. Дж Долан және Д. Е Лендсей өздерінің «Рыноктың микроэкономикалық үлгісі деген кітабында» инвестиция – экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдың, өндіріс құрал-жабдықтарының көбеюі деген анықтама береді.

    В. Фельзенбаумның айтуынша «инвестиция – күрделі қаржы салу» болып табылады.

    Сондықтан мен осы курстық жұмысымда инвестицияның анықтамасын былайша бергенді дұрыс деп есептеймін: инвестиция дегеніміз - материалдық игіліктерді жасау және көбейту, сол секілді қоғамдық молшылықты ұлғайту арқылы пайда немесе табыс табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жинау.

    Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. 

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және оның теориялары

    1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері 

    Инвестиция   теориясын  ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Жалақы, пайыз және  ақшаның  жалпы теориясы» /1936 ж/ еңбегінде қарастырған, онда ол салымның өндіріске жан  бітіретін  және тиімді сұранымның  басты  факторы  ретінде  қарастырады. Салымның өсуі - ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни  жұмыссыздықты жояды.

    Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей  нәтижесі болып, негізгі қорды іске қосу болады. Ал, салымның  түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.

    Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз - ең аз салым мөлшерімен нәтижесі бар өнімге деген салымның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.

    Инвестиция  тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:

  • салымның  техникалық  құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
  • жұмыс жасап тұрған  кәсіпорында  техникалық  қаруландыру  мен  реконструкциялауға және  құрылыстың салынбауында күрделі қаржының  үлесінің артуы;
  • жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.

    Инвестиция  тиімділігін арттырудың  басты құралы - техникалық  прогресс болып табылады. Жаңа техниканы өндіру оны экономикалық  тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның  пайдалы  проектісін  ескісімен салыстырғанда мына параметрлермен   айқындалмақ:  машина, станоктың қуаты  мен өнімділігі, ондағы деталдарды еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.

            «Инвестиция» ағылшынның «investision» деген сөзі және  бұл кәсіпорынға /фирма/ пайда табу  мақсатында  ұзақ мерзімге  салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға  қарағанда кең мағына білдіреді.

    Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай  түсінген: кез келген  қаржыны  жұмсаудың  мақсаты - табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция,  облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және  басқаларға жұмсалған шығындар да жатады

           Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтады.  

            Инвестициялар деп - қаражаттарды  ұзақ мерзімге  белгілі  бір салаға  пайда  табу мақсатында  салуды білдіреді. Инвестициялық  қызметке  банктер  делдал ретінде  қатысады. Банктер  өздерінің  инвестициялық қызметінде  тиімді  инвестициялық саясат  жасай отырып  жүзеге  асырады.  Банктердің  инвестициялық  саясаты  инвестиция  портфелін  басқару  бойынша  стратегияны  құру  және  іске  асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты  арттыру, банк  балансының  өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және  тура  инвестициялардың оптималды құрылымына  жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың   басқармасымен  жасалады. Инвестициялық саясаттың  басты  элементтерінің бірі – банктің  валюта  - қаржылық портфелін, соның  ішінде  инвестициялық  портфелін басқарудың   тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

          Инвестиция  дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бар өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз /процент/ түріндей немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Бұл жоғарыда айтылған  процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт,  ал екіншісі – тәуекелдік /тәукелге бару/. Сонымен қатар салым экономикалық өсудің  негізі бола отырып, елдің әлеуметтік  дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен  қатар салым экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқын қалыптастырудың,  ғылыми – техникалық прогресс  жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.   
 

1.2 Инвестиция көздері  және оның нарықтық экономикада

атқаратын рөлі 

           Инвестицияның  қайнар  көзіне  - өнеркәсіп кәсіпорнының /фирма/ көптеген пайдасы,  ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың  жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық  шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген барлық  ресурстар – жинақталған  ресурстар болады. Олар салым ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және  жұмыс  атқаратын тұрғындарын  жабдықтауға, сондай – ақ  жол құрылысына,  денсаулық сақтау, оқу – ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни  капиталдың қорлануына  жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс «Капиталдың» бірінші томында қарастырған, онда капиталдың қорлануының мәні мен  механизмін ашады, ел өз кезегінде оның органикалық  құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.

           Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасының нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.   

                    Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.      

            Нақтылық инвестиция  дегеніміз шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалу үшін салынатын салымдар болып табылады.

            Қаржылық инвестиция дегенімізакционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

            Қандай да бір кәсіпкер  құрылысты салу үшін  қаржы керек етеді.  Мұндай жағдайда  құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін  өзінің  акцияларын  шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің  құрылысқа салған салымы  нақты инвестиция, ал қатысушының  акцияны сатып алуға  жұмсаған шығыны  қаржылық  инвестиция болып саналады.

            Жоғарыда аталған  инвестицияның   қай түрінің болмасын  алдына  қойған мақсаты  салым салған  саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін  өнімдердің, дайындалатын  бұйымдардың   сапасын барынша  жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа  сай етіп  сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске  жаңа техникалар мен  технологияны  қолдану  арқылы  табыс табу болып табылады.

            Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне   қарай мынадай   категорияларға жіктеледі: 

                       а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі 1 жылға дейін;

                       ә)  ұзақ  мерзімдік – иелену  мерзімі 1 жылдан  артық.

            Жылжымайтын мүліктерге салынған  ивестицияларды  иеленуші  субъектілер   ұзақ мерзімдік  ретінде   есептейді.  
 

1.3. Инвестиция  қолданып  экономиканы көтерудегі  дүниежүзілік тәжірибе

           

    Еліміздің  нарықтық  экономикалық  жолымен  дамуы  барысында қаржылық  салымдардың   маңызы зор. Ал біздің  еліміздің  экономикасын   көтеру үшін   қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі  күні аса  қажетті болып отыр.  Қазақстан Республикасының  қаржы нарығы  әлемдік деңгейде  жаңадан бой көтеріп келе жатқан  қаржы нарықтарының  қатарына  жатады, ал қаржы нарығы келесі  нарықтардан пайда болады:

  • валюталық нарық;
  • құнды қағаздар нарығы;
  • несие капиталы  нарығы /ақша нарығы/;
  • асыл металдар нарығы /алтын нарығы/.

            Қаржы нарығының айрықша  бөлігі  ол құнды қағаздар нарығы және де  бұл бойынша  осы кезде  қалыптастыру процесі  аяқ басып келеді. Ал қаржылық  салымымен осы  құнды қағаздар  нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған  акционерлік қоғамдар  мен басқа  да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық  және  мемлекеттік  емес зейнетақы  қорлары тіркелген. Осы жоғарыда  аталған субъектілер барлық құнды  қағаздар  нарығының потенциалды  қатысушылары  қатарына жатады. Олардың кейбіреулері  эмитент, яғни  айналымға  құнды қағаздар  шығарушылар болса,  ал екіншісі  инвестор ретінде  қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне  жаңа технология енгізу,  өндірісті модернизациялау, реконструкциялау  әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты  атқару үшін  өндірушілерде  әр уақытта  капитал бола  бермейді.  Бұл шаруашылық  субъектілері  қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының  қаражаттарын,  айналымға  акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде  бағалы қағаздар  нарығы пайда болады.

            Іс жүзінде  акция, облигация және басқа да  бағалы қағаздарын  шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін  заңды тұлғалар  эмитент – деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда  борышты болып табылады.

            Эмитент ретінде кім болғанына байланысты  бағалы  қағаздар  мемлекеттік, муниципалдық  және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.

            Мемлекеттік  құнды қағаздар -  бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына  байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы   қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен  эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет  өз атынан  бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк  мекемесі айналымдағы  ақша қаражаттарының қозғалысын  реттеуді  көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың  мынадай  түрлері бар:

  • Ұлттық жинақ облигациялары.
  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ).   
  • Мемлекеттік орта  мерзімді қазынашылық  міндеттеме (МЕОКАМ).   

           Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар  шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы  басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала - бақшалар  мен мектептер,  тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың  әлеуметтік мәселелерін  шешу  және тағы  басқалар болып табылады.

           Кооперативтік құнды қағаздар – шаруашылық  субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе  шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың  бұл түрін көп  жағдайларда  акционерлік  қоғамдар  шығарып  және олар  эмитент ретінде тіркеледі.

           Бағалы қағаздарды  жалпы мына  төменде  аталғандай  екі топқа  бөлуге болады:

                а) ақшалай;

                б) капиталды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ.  Қазақстан Республикасының  инвестициялық саясаты және оның нарықтық экономика шартындағы жүзеге асырылуы

2.1. «Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы»  инвестиция мәселелері 

    Аса маңызды әлемдік проблемаларға  соғыс және бейбітшілік, экономиканы халық тұтынатын азаматтық өнімдерді өндіруге көшу проблемалары жатады.

    Адамзаттың  әлемдік проблемаларын шешу үшін, әлемдік деңгейдегі барлық күш –  жігерді біріктіру қажет. Әлемдік  экономикада аса ірі материалдық  қаржы, ғылыми – техникалық күш – қуат және маман кадрлар бар. Қолда бар мүмкіндікті білімділікпен, парасаттылықпен, іскерлікпен және үлкен жауапкершілікпен адам игілігіне пайдалану қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесі. Міне, сондықтан да барлық елдердің, оның халықтарының ынтымақтастығын нығайту, халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету, халық шаруашылықтық байланыстарды интернационалдандыру, жер бетінде баянды бейбітшілік орнатудың, әлемдік проблемаларды шешудің нақты жолы.

          Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев     «Қазақстан - 2030» стратегиясында дамуымыздың сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктеріне назар аударды. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен еліміздің георафиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады, – деді.

           Қалың бұқараға «географиялық» деген термин түсінікті, ал «геосаяси» туралы да әдебиеттерде көп айтылып, жазылып жүрсе «геоэкономика» деген ұғым құлаққа да, көңілге де әлі етене таныс емес. Шынында, бұл мүмкіндік әлемдік қоғамдастықты, соған жетудің, сондай кеңістікке өмір сүрудің 2030 - жылдардағы мұраты. Ол мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздің балаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Сөз жоқ келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші – қоны ұлғая түседі», - делінген «Қазақстан - 2030» стратегиясында].

           Геоэкономикалық процестің Қазақстан үшін тағы бір пайдалы    жағы  - әлемдік рыноктық қатынастарға қатысып, табиғи және интеллектуалдық күш-қуатты іске асыру мүмкіндігі. бұл жөнінде                  Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «...тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекаралымыздың өң бойында өз елімізді өткізудің аса ірі нарықтың орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның бәсекелестік қабілеттілігі болып және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда, жұтып қоюға қабілетті», - деді. Әңгіме Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа шығуы туралы болып отыр. Ол үшін ішкі өндірісті қалпына келтіріп, оны рынок сұнанысына бейімдеп, сапасы жоғары тауар мен қызмет көрсетуді көбейту, жалпы инфрақұрылым да қажет болып отыр. Бірақ Қазақстан қазір қаржыға мұқтаж, ақша жеткіліксіз. Өркениетті шетелдік экономикалық ұйымдар – Халықаралық валюта қоры, Еуропалық одақтар республикасының экономикалық реформаларын қолдап, қаржы несиені аямай беруде.  
 

    2.2. Қазақстан Республикасының инвестицияларды игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау 

      Қазақстан Республикасына  шетел инвестициясын   тарту             1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттық несиені Австрия мен Германия үкіметтері берді. 1993 - 1995 жылдары республика экономикасын жүйелі қайта құруды жүргізу (STF) және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету (Stand by) бағдарламалары бойынша халықаралық валюта қорымен келісім жасалды.   

    1992-1995 жылдары Қазақстан шетелдерден  техникалық көмек түрінде 270 млн. доллар алды. Мұның ішінде МБРР (ХДККБ) – 6 млн. доллар, БҰҰ бөлімшелерінен – 4 млн., ЕС (ЕО) – 80 млн., ЕБРР (ЕДККБ) – 3 млн., USAID жобасы (Арал, Қызылорда) – 4 млн. доллар бөлді. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін Еуропа банкісі 77,5 млн. доллар беруге әзір. Жалпы республика экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға      9 млрд. АҚШ доллары қажет.       

         Қазақстанның әлемдік, экономикалық рынокқа шығуының айқын көрінісі ірі тарнсұлттық корпорациялардың, біріккен кәсіпорындардың қанат жаюы. Айталық САМСУНГ корпорациясы біздің экономикаға 1 млрд. доллар инвестиция жұмсады. «Теңіз - Шевройл» жөнінде әрбір республика тұрғыны хабардар. Әлемнің назары – Каспий теңізі мұнайын, Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ газын игеру. Қытай халық республикасы мұнай құбырын 60 айда бітіруге, оны салуға 3,5 млрд. доллар жұмсауға әзір. Ал АҚШ-тың қызығушылығын туғызған мәселе – Қарашығанақты игеру. Мұндағы акционерлік қоғам бақылау пакетіндегі Ресей Лукойл компаниясының үлесі – 15%, «Аджип Бритиш газ» - әрқайсысы 32,5, Техас үлесі – 20%.        

         Сөйтіп, Қазақстан  халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне шыңдап ене бастады. 2030 - жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы барысында біздің республика өзінің сыртқы экономикалық қатынастарын Ресеймен, Қытаймен және Ислам, Орта Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдерімен де тереңдетеді. «2030 - жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстанда Еуразия орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресей және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.»      

    Сондықтан да стратегиядағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың алғашқысы – ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізудің басты факторы – «көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз». Ал ұзақ мерзімді жеті басымдықтың үшіншісі – «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу».          Халықаралық экономикалық қатынастардың қанат жаюы – объективті процесс. Мұның басты негіздері – қоғамдағы еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауарлардың көп өндірілуі және қажеттіктердің ұлғаюында жатыр. Әсіресе тауар өндірісі мен әлемдік рыноктың мүмкіндігі, экономикалық кеңістік пен инфрақұрылымдардың өркендеуі халықаралық байланысытрға кең жол ашады. Адамзат қоғамының дамуы барысында біздің республиканың да сыртқы қатынастары өрістеп келеді, оларға өндіргіш күштердің өсуі, меншіктің көп түрлілігі оңды ықпал жасауда. Көшпелі халықтар үшін ақша - тауар қатынастары өте ыңғайлы, сондықтан Қазақстан әр кезде сыртқы саудаға мән берген. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан республикасы шетелдермен қарым-қатынасқа, дамыған мемлекеттердің инвестициясын пайдалануға ерекше назар аударуда.

    Мемлекет  қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

    Әлемдік банктің Қазақстанда салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.

    Қазақстанның  бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып салымның рейтингісіне ие болды.