Мақал мәтел аудармасы
Кіріспе
Көркем сөз өнерінің тілдік және әдеби бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер (ММ) мән-мазмұнының дәйектілігімен, тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен айырықша ерекшеленеді. Көлем-құрылымының ықшамдығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп-салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы, сан саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Әр ұлттың философиясы оның ММ-де десек, қателесе қоймаспыз. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып отырғаны сөзсіз, алайда ММ тұлғалық және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік бірліктер ретінде белгілі.
Курстық жұмысымыздың тақырыбы: Ағылшын мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аудару мәселесі.
Біз зерттегелі отырған тақырыптың өзектілігі ММ-дің табиғатын тіл білімі және аударма теориясымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге антропоцентристік бағытты басшылыққа ала отырып, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика аясында зерттеп, өзара сабақтас салалардың тұрғысынан жете түсінудің қажеттілігінде. Аударма ісінде ММ-ді басқа бір тілде жеткізу үлкен қиындық туғызады. Олардың басты ерекшелігі ұлттық болмыс пен сананың бірден-бір көрсеткіші екендігінде. Сондықтан ММ-дің мән-мазмұны мен түр-тұрпатын анық білмеген аудармашы келеңсіз жағдайғаларға өзі ұшырап қана қоймай, кабылдаушы жақты да адастыруы еш таң қалдырарлық жайт емес..
Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде біздің алға қойған мақсатымыз ағылшынша ММ-ді қазақшаға аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру болды.
Мақсатымызға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
- ММ-ді лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастыру;
- Ағылшын және қазақ ММ-нің этимологиясын және этнолингвистикалық сипатын белгілеу;
- ММ-ді лингвистикалық тұрғыдан саралап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
Зерттеу жұмысының пәні:
- ММ-дің лингвомәдени бірліктері;
- ММ-дің этнолингвистикалық сипаты;
- Ағылшын және қазақ ММ-дің аудару жолдары;
Зерттеу жұмысырың әдістері:
- Сипттама аудару арқылы;
- Талдау әдісі арқылы;
- Түсіндірме әдіс арқылы;
Зерттеу жұмысының нысаны:
- Ағылшын тілінен қазақ тіліне ММ-ді аудару;
- Қазақ тілінен ағылшын тіліне ММ-ді аудару;
- Екі тілдегі аударманы салыстыру;
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы:
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі ММ-дің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсу;
- ММ-дің лингвомәдени негіздерін ашу;
- ММ-дің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ескеру;
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
- ММ-ді аударудағы ғылыми-теориялық жағынан өз үлесін қосу;
- Көркем әдебиет шығармасынан ММ-ді аудару түрі;
- ММ-ді аударудағы практикалық жағынан өз үлесін қосу;
Зерттеу жұмысының дерек көздері:
- Ж.А. Жақыпов, С. Смағұлова, Қ. Ғабитханұлы сияқты қазақ аударматанушыларының еңбектерін қолдандық;
- Macmillan English Dictionary for Advanced Leaners, International student edition,2006 және т.б. сөздіктерді қолдандық;
- Көптеген орыс аудаматанушыларының еңбектері және ғаламтор желісі;
Курстық жұмысымыздың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ: ЛИНГВОМӘДЕНИ, ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1 Мақал-мәтел – лингвомәдени бірліктер. ХХІ ғасырдың ғылыми парадигмасына зер сала қарасақ, антропоцентристік бағыттың басым сипатқа ие бола бастағаны байқалады. Аталмыш бағыттың тіл ғылымындағы көрінісі ретінде құрылымдық лингвистикадан өзгеше психолингвистика, этнолингвистика, лингвоелтану, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты салалардың зерттеу нысаны, әдіс-тәсілдері мен принциптері, теориялық негіздері өткен жүзжылдықтың соңғы онжылдықтарында айқындала түсті.
Жоғарыда аталған пәндердің тіл мен мәдениет арақатынасын, өзара байланысын зерттеудегі әдіс-тәсілдері, теориялық принциптері мен қағидалары ұқсас болып келеді. Аталмыш мәселе Г. Д. Томахин, В. Б. Дубичинский, В. В. Воробьев, т. б. еңбектерінде арнайы қарастырылған. Бұл тақырыпшада ұлттық менталитетті, ұлт дүниесінің тілдік бейнесін сипаттайтын, тіл, мәдениет және өркениет уәждерінің өзара байланыстылығын көрсететін лингвомәдениеттану саласына және дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы лингвомәдени көрсеткіштердің бірі де бірегейі – ММ-ге тоқталмақпыз.
Лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет –өркениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөнінде мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Зейін қойып карасақ, адамға рухани. интеллектуалдық, әлеуметтік қажеттіліктерден туындайтын аса мол, алуан түрлі ақпарат лингвистикалық арналар арқылы беріледі екен, яғни адам концепт әлемінде өмір сүреді деген сөз. Осы жерде өзара ұқсас тұстары мен өзіндік дара белгілерімен ерекшеленетін когнитивтік сананың бір түрі «концепт» пен «ұғым» бір немесе тең емес деген принципті ұстанатынымызды айта кеткеніміз жөн болар. С. К. Сәтенованың айтуынша, концепт түрлерін, оның ұлттық ерекшеліктерін түбегейлі зерттеген А. П. Бабушкина: «... концепт бір зат не құбылыс жайлы мағлұматтар болып табылады. Сондықган да ол нысанның мазмұнды белгілерін ғана бейнелеп қоймай, нақты тілдік ұжымда мән жайлы деректермен толығып отыратын белгілерді де суреттейді», – дейді [1].
Демек, «ұғым» белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі, ал «концепт» объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен. Концепт мәселесін арнайы қарастырған зерттеулерде С. Жапақов оның ойсурет, схема, фрейм, сценарий, ойдерек сынды концепт түрлері анықталып, мол тілдік деректердің негізінде дәйекті түрде дәлелденген. Ал, адам, тіл, концепт, мәдениет, өркениеттен тұратын күрделі жиынтық тұтастық арасындағы байланыс айтпаса да түсінікті. Алайда, тіл мәдениетпен байланысты ғана емес, рухани мәдениетті жасаушы да, дамытушы да, сақтаушы да тіл, демек, тіл мәдениеттің тілдік көрінісі, сипаттамасы.
Лингвомөдениеттану ғылымының зерттеу нысанын, қалыптасу кезеңдерін, әдістемесін, линтвомәдени бірліктердің түрлерін арнайы зерттеген ғалым В. А. Маслова оның динамикалык даму кезендерін былайша белгілейді:
- тіл мен мәдениеттің арақатынасын, астарластығын бағамдайтын лингвомәдени көзқарастардың, лингвомәдениеттанымдық ізденістердің бастау алу кезеңі;
- лингвомәдениеттанудың жеке сала ретінде қалыптасу кезеңі;
- іргелі пәнаралық саланың зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары мен межелері, теориялық тұжырымдары нақтыланған, лингвомәдениеттану ғылымының пайда болу кезеңі [2].
Лингвистикалық бағыттың жоғарыда аталған тарихи даму кезендеріне шолу жасар болсақ, тіл біліміндегі антропоцентристік идея бұдан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Антропоцентризмге тән көзқарас орта ғасырлардағы Ибн Мухани тәрізді араб лингвистерінің зерттеулерінде ұшырасады екен. XIX ғасырда бұл идея ағайынды Гриммдердің, осы ғасырдың 60-70 жылдарында Ф. И. Буслаевтың, А. Н. Афанасьевтің, А. А. Потебняның еңбектерінен бастау алады. Әсіресе, В. Гумбольдтың антропоцентристік идеясын осы бағыттағы зерттеулер ғылыми теориялық концепция ретінде басшылыққа алатындығы байқалды. Одан бергі аралықта тіл мен мәдениеттің өзара тығыз байланыстылығы, тұтастығы мен бірлігі, мәдениетті тіл арқылы тану, тіл білімі салаларында мәдениеттанымдық бағыттың маңыздылығы тәрізді мәселелер «Worter und Sachen» («Сөздер мен заттар») атты австриялық мектеп пен белгілі Сепир-Уорф мектебі өкілдерінің және А. Брюкнер, В. Иванов, В. Топоров, Н. Толстой, В. Телия, В. Воробьев, В. Маслова, т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, Ресей лингвистерінің бұл бағытта біршама жетістіктерге жеткені, лингвомәдениеттану саласының зерттеу нысаны, әдіс-тәсілдері, мақсат-міндеттері, бағыт-бағдары, т. б. теориялық мәселелері айқындалғаны байқалды. Оның бірден-бір көрсеткіші ретінде XX ғасырдың аяқ шенінде Мәскеуде лингвомәдениеттанымдық мәселелермен шұғылданатын төрт арнаулы мектептің іргесі қаланғанын атауымызға болады:
- Әр дәуірге қатысты мәтіндердегі мәдени түпдеректерді тарихи аспектіде қарастыратын Ю. С. Степанов мектебі;
- Әр уақыт кезеңіне қатысты халықаралық терминдерді лингвомәдени тұрғыдан зерттейтін Н. Д. Арутюнова мектебі;
- Фразеологиялық бірліктерді лингвомәдениеттанымдық аспектіде қарастыратын В. Н. Телия мектебі;
- Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров концепциясын дамытуға негізделген Ресей халықтар достығы университетінің лингвокультурология мектебі [2;30].
«Тіл мен мәдениет»
мәселесі қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы,
Қ. Жұбанов, Ә. Қайдаров, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов,
О. Нақысбеков, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев,
Ж. Манкеева, Г. Смағүлова, Қ. Рысбергенова,
т. б. еңбектерінде қарастырылған. Осы
тұрғыдан алғанда, лингвомәдениеттану
ғылымының негізгі бағыттары, тіл-тілдерге
қатысты лингвомәдени ерекшеліктер, олардың
аудармада берілу тәсілдері жөнінде теориялық
тұжырымдар жасаған А. Алдашеваның монографиялық
еңбегін атап өткеніміз жөн. Сондай-ақ
кейінгі зерттеулер легіне жататын А.
Сейілханның «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырлары бойынша жазылған
зерттеуінде қазақ тіліндегі этнографизмдер лингвомәдениетт
Сонымен, лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану мәселелерінің ұштасуы негізінде қалыптасқан және тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін, өзіндік мақсат-мүддесімен, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің саласы. С. К. Сәтенова сүйенгендей, лингвомәдениеттануды антропологиялық парадигма тұрғысынан қарастыра келіп, ғалым В. И. Постовалова «...лингвомәдениеттану ғылымының дамуы философиялық антропологияның, мәдениеттану мен лингвистиканың негізгі принциптерінің, идеяларының экспликациясы мен синтезі ретінде көрінуі мүмкін», – дейді [1;25].
Лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны – белгілі бір халық жөніндегі мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ұлттық материалдық-рухани мәдениет және адамзат арасындағы өзара байланыс, қарым-қатынас болып табылады. Осы «үштік» арасын байланыстырып, кумулятивтік қызмет атқаратын тілдік бірліктер кез келген тілде кездеседі: фразеологизмдер, ММ-дер, лакундар және ұлттық рәсімдерді бейнелейтін тілдік бірліктер. Мұндай тілдік бірліктер «ұлттық мәдениетті тұтас қалпымен, яғни барлық компоненттері арқылы немесе бөлшек қалпымен, яғни қандай да бір салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тұрмыс-тіршілікті, тарихи оқиғаны сипаттайтын сөз тіркестері сияқты құрамдас бөліктері арқылы көрсетеді» [3]. Аталмыш бағыттың теориялық қағидалары мен ұстанымдары, әдістемесі жөнінде нақты ғылыми тұжырымдар жасаған ғалымдар В. Н. Телия мен В. А. Маслова лингвокультуремалар қатарын символ сөздермен, образ эталондар жүйесімен, стереотип және мифтендірілген тілдік бірліктермен (архетип, мифологема) толықтырады.
Осылардың ішінде халықтың тарихи қалыптасу, даму кезеңдеріндегі күллі тіршілік-тынысын танытатын, дүниенің тілдік көрінісі саналатын ММ-дер ұлттың материалдық және рухани өмірінің айнасы іспеттес. Өзінің біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты мен мән-мағынасын сақтап қалған әрбір осындай тілдік тұрақты орамның ішкі формасынан ұлттық белгі, ұлттық ерекшелік, дағдылы қалыптасқан ұлттық менталитет, мәдени-ұлттық колорит айқын аңғарылады.
ММ-дің шығу төркіні белгілі бір жағдаймен, наным-сеніммен немесе ұлттық реалиямен сабақтас болуы мүмкін, яғни тілдік бірліктің пайда болуының прототип негізі бар, оған мазмұн тән.
Академик Ә. Т.
Қайдаровтың «...Бүгінгі
Өзегінде ұлттық тарихи даму, өзіндік менталитет, ұлттық реалия, ұлттық бітім-болмыс, ұлттық стереотип, эталондар жүйесінің ізі бар ММ белгілі бір халықтың бүкіл өмірі, тұрмыс-тіршілігі мен өмір тәжірибесінен мол мағлұмат берер мәдени ақпарат көзі саналады. ММ-де ұлттық-мәдени колорит анық байқалады. Мысалы:
A good name is better than a golden girdle;
Бұл ағылшынша мақалда ұлттық мәдени элемент «a golden girdle» («алтын белбеу») ұғымынан көрінеді. Аталмыш ұғым баяғыда Британияда белбеуге ақшаны салып жүру ғұрпына байланысты соверен немесе жарты соверен (алтын тиын) салынған шағын дорбасы не қалтасы бар белбеуді білдірген. Келесі мысалды қарастырайық:
More kicks than halfpence.
Бұл мәтелдің түп-тамырында мынадай тарихи фактор бар: бұрынырақта Англияда бишілер көшеде тер төгіп өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөлінген, соған қарамастан аз ақша жиналатын болған. Содан осы ұғым қалыптасқан.
ММ арқылы тіл тарихының тұңғиығына ғана емес, сонымен бірге сол тілде сөйлеуші халықтың мәдени тарихына да шолу жасауға болады. Мысалы,
As well be hung for a sheep as for a lamb.
Бұл мәтелдің пайда болуы көне ағылшын қоғамында қой ұрлығы үшін дарға асу сияқты заңмен байланысты.
Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде тілдің өз алдына бөлек қоғамдық құбылыс екені белгілі. Тілде мәдениеттің жалпы адамзатқа да ортақ, жеке ұлтқа да тән белгілері көрініс табады. Мұндай белгілерді қамтитын аялық білімнің ішіне жалпыға ортақ білім, аймақ туралы ақпарат және қандай да бір этникалық-тілдік қауымға танылған белгілі мәліметтер кіреді. Бұл туралы Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров елтану бойынша еңбектерінде айтып кетеді.
Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаровтың пайымына сүйенсек, сөз семантикасы лексикалық ұғым (затты танып білу үшін қажет белгілер) мен лексикалық аядан (қосымша ұғымдық емес) тұрады. Мұндағы лексикалық аяның семантикалық үлестері, бір жағынан ұлттық-мәдени сипатқа ие болып, белгілі бір этномәдени қауым мүшелерінің басынан өткен қайталанбас тәжірибенің ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан көпмәдениетті сипат алып, кемінде екі ұлттың түсінігінен хабар бере алады [3].
С. К. Сәтенованың айтуынша, белгілі ғалым Н. Уәлиев «аялық білім» деп атаған, тілдің кумулятивтік қызметінің айқын көрсеткіші болып табылатын тұрақты тілдік орамдардың бейнелік, фондық негізі де танымдық ақпарат көзі санатына жатады. Ол архетиптік мағына мен фразеологиялық мағынаның қалыптасу процесін, астарластығын және жалғаса туатын мағынаның имплицитті себеп-салдарының айқындалуына септігін тигізеді [1; 28].
Зерттеуші Г. И. Исинаның айтуынша, тіл білімінде фразеология ұлттық мәдени элементтің кең көлемде, ашық және өзіндік формада көрініс беретін ең бай сала болып табылады. Г. И. Исина фразеология аясында қарастырылатын тілдік бірліктерді «қандай да бір ұлттың тіліне тән тілдік образдар, яғни өзіндік ұлттық образдар» деп атайды [5;126]. Зерттеушінің бұл ойы толығымен құптауға тұрарлық. Шын мәнісінде фразеологиялық бірліктер тілдік табиғатымен ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Соны байқаған ғалым І. Кеңесбаев фразеологиялық бірліктерді зерттейтін жеке саланың қажеттігін ескеріп, оның фразеология болатынын атап өткен [6].
Г. И. Исина ағылшын тіліндегі фразеологиялық теңеулерді терең зерттеп, экстралингвистикалық құбылыстардың аймақтық таралуының дәрежесіне қарай фразеологизмдерді 3-ке топтайды [5;27]:
- Жалпы адамзат мәдениетін бейнелейтін фразеологизмдер; Бұл топқа салыстыру қасиеті бар мақалдар да кіреді. Мысалы:
Two heads are the better than one
- Аймақ мәдениетін бейнелейтін фразеологизмдер; Бұл топтың құрамында мәтелдер жиі кездеседі. Мысалы:
Like priest, like people
- Жеке ел, бір ғана мемлекет мәдениетін бейнелейтін фразеологизмдер. Бұл топқа Г. И. Исина абсолютті ерекше ұлттық-мәдени компоненті бар фразеологизмдерді жатқызады. Олардың құрамында белгілі бір елді айшықтайтын компонент – жалқы есім, жер-су атауы немесе ақша атауының болуы шарт. Мысалы:
Take care of pence and the pounds will take care of themselves.
Қорыта айтқанда, ғасырлар бойы жинақталып, атадан балаға мұра ретінде қалдырылған ММ сынды тұрақты орамдар тілдік және тілден тыс шындықты бейнелеуге ат салысады. Ұлт тарихы мен мәдениеті, менталитеті, бітім-болмысы, күллі философиясы жөнінде жан-жақты ақпарат беретін лингвокультуремалардың санатындағы ММ ұлт тілі мен мәдениетінің өзара байланыстылығын, тұтастығын айқындайтын ерекше қабат болып табылады. Әрбір ММ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу кезінде халықтың сан ғасырлық тәжірибесін жинақтап, сол халықтың тілінде сөйлеуші адам, қоғам мүшесіне белгілі алуан түрлі образдардың қорын өз бойына сіңіреді. Ұлттық мәдениеттен хабаршы ақпарат көзі ретінде ММ лингвомәдени бірліктер болып табылады да, ұлттық-мәдени нышан олардың басым көпшілігінде имплицитті түрде көрінетіндігі байқалады. Тілдік бірліктегі тасаланған мәдени түпдеректер ішкі форма, аялық білім, эталон, стереотиптер арқылы айқындалады.
1.2 Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этимологиясы.
Ағылшын ММ-нің зерттелінуіне тоқталсақ, ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары, сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне ММ тізбегін қамтитын алғашқы «Book of Proverbs in the Old Testament» атты топтама осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы «Collectanea» (818 ММ), 1508 жылы Венецияда «Chiliades» (3260 ММ) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы «A Dialogue Containing the Number in Effect of All the English Tongue» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ 1610-1680 жылдары аралығында бірқатар ММ жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes», 1639 жылы пастор Дж. Кларктың (John Clarke) «Paroemiologia Anglo-Latina», 1640 жылы Дж. Херберттің «Outlandish Proverbs», 1659 жылы Дж. Хауэльдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің «English Proverbs» атты еңбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта батырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі ММ-ін жинаққа енгізу үрдсімен шектелгенін көреміз.
Ағылшын тілі ММ-ін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, Л. И. Селянинаның диссертациялық жұмысында ағылшын мақалдарының варианттылығы, варианттардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары және сөйлеу тіліндегі окказионалді өзгерістер сипатталады. Д. В. Швыдкоянның ғылыми зертеуінде мақалдар мен афоризмдер «клише» деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С. И. Вяльцеваның кандидаттық жұмысы ағылшын ММ-ін стильдік, ал Э. Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А. В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің «Курс английского языка», «Курс фразеологии современного английского языка» тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен «Англо-русский фразеологический словарь» сөздігі, т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл біліміне елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар береді.
ММ-дің басқа тілдік бірліктермен
салыстыра алғанда өзіндік
Ағылшын тіліндегі ММ-дің ауқымды бір тобы қасиетті кітап Інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы:
You cannot serve God and mammon (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонға бірдей қызмет ете алмайсың);
A soft answer turneth away wrath (Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады); т.б.
Түп-төркіні Інжілге барып саятын ММ-дің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі. Мысалы:
Saw the wind and reap the whirlwind;
Spare the red and spoil the child;
You cannot make bricks without straw.
Ағылшын паремиологиялық жүйесінің Шекспир шығармаларындағы цитаталар арқылы едәуір байығандығы жөнінде мағлұматтар бар, алайда олардың Шекспир дәуіріне дейін де қолданыста болуы мүмкін екендігін де естен шығармаған абзал. Десек те, бұл ММ Шекспир туындыларына дейін ауызша таралып, кейінгі ұрпаққа Шекспир шығармалары арқылы жеткен. Әлі күнге дейін ғалымдар қай мақалдың Шекспир дәуіріне дейін қолданыста болғаны, қайсысы оның өз туындысы, жазушының данышпандығы мен тапқырлығының жемісі деген сұраққа жауап іздеуде.
Дүние жүзі тілдерінің сөздік қоры тәрізді ағылшын паремиологиялық жүйесі де басқа тілдерден, мысалы, латын, француз, испан тілдерінен енген ММ-мен толығып отырғаны мәлім. Олардың бір бөлігі ағылшын тіліне кірігіп кетсе, келесі бөлігі басқа тілге енген бастапқы қалпын сақтап қалған.
Зерттеу барысында басқа тілдерден енген, ішкі формасы көмескіленген қолдану жиілігі өте жоғары тілдік орамдардың ауқымды тобы бар екендігі анықталды.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұтымды, үйлесімді айтылған қысқа әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы:
The customer is always right (Әрқашан тұтынушынікі дұрыс); Бұл сөздердің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі – «Сэлфриджезді» (Selfridges’s) ашқан Г. Селфриджге тиесілі екені жөнінде деректер бар. Себебі оның барлық дүкендерінде «The customer is always right», яғни «Әрқашан тұтынушынікі дұрыс» деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыққан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданысқа енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы «авторлы» тіркестердің мол қоры бар.
Сонымен, ағылшын
тіліндегі ММ-дің ауқымды
1.3Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты.
Адамға қатысты ММ-дің этнолингвистиқалық уәжі. Зерттеу барысында екі тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан әлдеқайда көптігі байқалады. Мұның сыры адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Manners makes a man», «Manners make the man» (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида тұр дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударып мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық ММ-ге айналып кеңінен қолданыс тапты. Мысалы,
«Good manners makes a man» (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі);
If thou sit by a worthier man than thyselfs art one, Suffer him first to touch the meat (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш), т.б.
«Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қыздардың, тіпті, әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және қазақ тілдерінде наным-сенімге байланысты ММ де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі «God helps those who help themselves» (өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінін біздің жыл санауымызға дейін 570 жылы жазылған «Геракл және күймеші» атты Эзоптың (Aesop) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдыретті де күшті Гераклды шақырады. Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл: «күйменің доңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда», – дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVII ғасырға дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж. Барэт «An Alvearie» (1580 жыл) атты еңбегінде: «God doth helps those in their affairs, which are industrious» (с.с.а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт «Jacula Ptudentum» деген шығармасында «Help thyself, and God will help thee» (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда құдай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие «God helps those, who help themselves» мақалы алғаш рет 1736 жылы Б. Франклиннің «Poor Richard’s Almanack» атты еңбегінде қолданылды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла-тағалаға қатысты ММ-ді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталады. ММ арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

- Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні
- Мақта компаниясының бағдарламалық жабдықтамасын құру
- Мақта шаруашылығы
- Малi підприємства i їхня роль у ринкових умовах господарюванная
- Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар
- Малайский архипелаг
- Малая архитектурная форма
- Максимизация прибыли фирмы
- Максимизация прибыли фирмы
- Максимизация роста продаж
- Максимизация стоимости предприятия как главная цель финансового менеджмента
- Максимилизация прибыли
- Максимізація прибутку фірми монополіста в короткостроковому та довгостроковому періодах
- Максимович Максимович-Амбодик- автор первого русского оригинального учебника по акушерству «Искусство повивания или наука о бабичьем дел